Несие беруші - несие келісімнің қарыз ұсынатын жағы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Несие саясаты және оның элементі
Мазмұны
Кіріспе
1. Бөлім. Несиенің қажеттілігі және оның мәні.
1.1. Несиенің мәні
1.2. Несие қажеттілігі. Несие капиталы
2.Бөлім. Несиенің экономикадағы ролі және шектері
2.1. Несие формалары мен түрлері
2.2. Несие қызметі мен заңдары
3.Бөлім. Несие саясаты және оның элементтері
3.1. Қазақстандағы несие саясаты
3.2. Несие саясатының элементтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Қаржы түрлі қоғамдық-экономикалық құрылыста, әр түрлі мемлекеттерде
өзіне тән қаржы жүйесі қалыптасып, әрекет етеді. Солай болса да қаржы
әрқашан бөлістік, бақылаушылық рөл атқарады. Өмір талабына сай мұндай өріс
алу жетілдіріле түседі.
Мемлекет өзінің экономиканы өркендету бағдарламасында қаржы қорын
ұдайы толықтыру мәселелеріне айрықша маңыз беріп отырады. Өйткені қаржы қай
елдің болмасын өмірлік саласында үлкен рөл атқарады.
Өндірісті, атап айтқанда, мемлекеттік, жеке меншіктік өндірісті
өркендету, ең алдымен, ақша-тауар қатынастарына тікелей қатысты екені
айқын. Сөйтіп, қолдағы материалдық, қаржы қорларын ұтымды пайдалану -
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді түбегейлі шешудің, халықтың өскелең
тұтыну талаптарын толық қанағаттандырудың кепілі.
Елдің экономикасы нарық қатынастарына көшкен жағдайда шаруашылықтың
қайсы саласы болсын ақша табу ісін бірінші кезекке қояды. Бұл
субъектілердің ақша қорын тұрақты қалыпта ұстауына, тауар айналымын,
әсіресе қаржы нарқын жолға қойып, молырақ пайда табуына жол ашады. Осы
орайда бүгінде қаржы экономикалық қатынастардың жиынтығы делінген теория
қалыптасқан. Ал теория практикалық істерге бағыт-бағдар бере отырып,
дамудың күнделікті өрісін де, болашағын да айқын ұғына түседі, сонымен
қатар зор сенімділікпен алға басудың сындарлы кепілі бола алады.
Қаржы - қоғамның қорлануы саласының бір негізі. Қаржымен басқару
нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстары қозғалысында бір
жүйеліліктің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржы қорларын бөлу және
пайдалану ісінде қаржылық қызметтің жаңа нышандары мен әдістерінің
экономикалық практикада терең бойлай түсуіне, шаруашылық жүргізу
тиімділігін арттыруға барынша күшті ықпал жасайды.
Қаржымен басқару әдістері өмірде әмбебап ғылымға айнала отырып, қаржы
проблемасымен тікелей айналысатын мамандардың теориялық білімі мен
біліктілігін ұштай түседі. Олардың қызметінің нәтижелілігін арттырады.
Менеджерлер ісінде экономикалық ойлау машығының шешуші ықпалын күшейтеді.
Экономикалық байланыстарда акша, несие күрделі қызметімен дараланады.
Солардың әрекеті негізінде экономикадағы өзгерістерді дәлме-дәл талдауға,
анықтауға, шаруашылық қатынастарда ұрымтал тұстарын айқындауға болады.
Ақша, несие туралы ғылым - экономикалық қатынастардың өрісін
саралайтын экономикалық білімдердің іргетасы. Несиенің шаруашылык
саласында қаржы-қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай
қанағаттандыруда ерекше маңызы бар. Несиенің өріс алуын өнім өндіру
саласынан қарастырмай, тауар айырмасымен шұғылданушылар қызметімен анықтау
керек. Сондықтан қаржыгерлер, менеджерлер, экономикалық ілімді басшылыққа
алып отыратын түрлі мамандар үшін тауар-ақша, валюта-несие қатынастары
әрекетінің қыр-сырын меңгеру абзал борыш болмақ.
Экономикалық өмір тіршілігінде ақша-несие, қаржыландыру, қорлану
саласында бағалы қағаздардың мәні мен маңызы зор. Бағалы қағаздар өз
иеленушісіне кіріс әкеледі, капиталды сақтау, капитал өсімін қамтамасыз
ету, қаржыға деген тапшылықты азайту ретіндегі әрекеті арқылы экономикалық
даму процесінде елеулі рөл атқарады. Бағалы қағаздардың әрбір түрінің
әрекет ету ықпалы өзіндік ерекшелігі, ақша-несие жүйесінде, қаржыландыру
қызметі жағдайында айқындалады.
Бағалы қағаздар экономиканың барлық саласында қажетті каржы алуға
мүмкіндік беретін әдіске айналған. Бағалы қағаздар нарқы қаржы нарқының бір
бөлігі болып отыр. Осы тұрғыда бағалы қағаздар өзіндік сипаты бар айрықша
тауар. Бұл, бір жағынан, меншікке иелікті, екінші жағынан, қарыз ретіндегі
міндетті бейнелей отырып, пайда табу құқығын білдіреді. Осы қасиетімен
бағалы қағаздар өзінің номиналдық құнымен қатар, нақты, шынайы капиталдың
белгілі бір өлшемін бейнелейді.
Экономикалық қатынастардың өзіндік бір жүйесі - сақтандыру қызметі.
Бұл жүйе бойынша құрылатын қор түрліше апатты жағдайда болған кездейсоқ
шығынның орнын толтыру үшін пайдаланылады. Ал қордың өзі шаруашылық
жүргізушілердің, кәсіпорындардың, халықтың өз құрал-жабдықтарын, мал-мүлкін
сақтандыру үшін бөлінетін ақша қаражаты есебінен жасалады. Сақтандыруға
әрбір шаруашылық жүргізуші, кәсіпорындар өздері ұйғарған мүліктерін арнауы
мүмкін. Ал жеке адамдар өз меншігінде мүліктерін сақтандыру мүддесін
ойластыра алады. Сақтандыру шартында түрліше ескертпелер мен ұсыныстар
енгізіледі.

Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады.
Несие деген сөз, қарыз, несие деген кredo - сенемін деген мағына
беретін латрнша kreditum деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория
ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің
пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей
қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму
үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары
және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге
тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша
қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді
ұстану керек, несиенің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі
керек:
несие келісімі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір
келісімде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатынын білдіреді;
несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің
негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт - құрылым. Өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несие
қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл
субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және
бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несие
мәнін анықтауға болады.
Несие беруші - несие келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру
үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі
болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несиенің бірі беруші —
банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың
уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша
пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несие тек
қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға,
халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада
банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып
көрінеді.
Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай
қарызға алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен
банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың
меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз
қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни
шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып,
пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие
беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде
қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие
беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және
депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға
алушы өзара іс әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді.
Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында
тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық
несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша
қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы
құрылымының элементі - алыс-берістің объектісі - несиеленге құн (ссуженная
стоимостъ) болып табылады.
1. сурет. Несиенің құрылымы.
Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие.
Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және
болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ.
Сондықтан, бүл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.
Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының
үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді
жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен
пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын
осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін
сақтайды.
Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол
элементтерінің бірлігін болжайды.
Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей
көрсетіледі:
мүндағы: К0- несиені орналастыру;
Қак- қарызға алушының несиені алуы;
Кп - несиенің пайдаланылуы;
Рб - ресурстарды босату;
Кқ - несиенің қайтарылуы;
Бқ - банктің аталмыш қарызды қайтаруы.
Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) К0 - несие
қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы
(аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші
қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған
кезде ғана несие бере алады.
Несие алу (Қак) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін
қанағаттандырады, өйткені несие қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір
уақытқа ғана береді.
Несиені пайдалану (Кп) қарыз алушының оны өз шаруашылығында
пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін
білдіреді. Ресурстардың босатылуы (Бр) қарыз алушының шаруашылығында құнның
ауыспалы айналымның аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдаланылу процесін сипаттайды. Несие
қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база
болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (Кқ) уақытша пайдаланылған құнның қарыз алушыдан
несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір
ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие
берушіге өтеді.
Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Кп) құнды несие берушінің алу актісі
несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің
қайтарылуы (Кқ) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге бергені) Қак
сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол бір құнның
сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие
берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.
Осы қарастырылған кезеңдер несиеленген құнның толық айналымының бір
бөлігі болып саналатын несие қозғалысын көруге болады, ол тек несиеге ғана
қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым
шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие берушіден қарыз алушыға
қүнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн.
Несиенің мәнін тану үшін оның негізін ашу керек, яғни несиелік
қатынастар туындайтын базаны қарау керек. Несиенің мәнін ашып көрсететін,
несиенің негізін құрайтын негізі (база) неден түрады? О.И. Лаврушкин ондай
негіз несиенің қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола
тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды.
Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану - қайтарым
негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы
ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық — несиелік қатынасқа тән
белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.
Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие
берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы
айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді. Алайда, бұл тек
қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты
қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана
несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып
табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінгі қалдыруға
болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол
заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің
қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол
алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория
сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.
Несиенің әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән
екендігінде.
Банкке, несие берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы соңғысына кез
келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос қаражаттарын
депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға) талап етуі бойынша
мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылу сияқты.
Несиенің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау
нәтижесінде несиенің мәнін толық анықтамасы дей отырып, былайша айтуға
болады: несие беруші мен қарыз алушының несиелік құнның төлем мен
жеделдікке негізделген қозғалысынан туатын экономикалық қатынастар - деп.
Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие - бұл несие
капиталының қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен пайызбен
төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал -
бұл өз-өзінен өсетін құн. Оның басқа ақшалардан сапалы ерекшелігі сол. Ал,
капитал - өзінен-өзі өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы - несие
капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі
өсім бере алмайды.
Несие сөзіне толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие
-кеңейтілген қайта өндіру мақсатында экономиканың, халықтың бос ақшалай
қаражаттарын жұмылдырып қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті
экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.
Несиелік қатынастардың мәні несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік,
қамтамасыз етілу, мақсатты сипат сияқты маңызды прициптерімеп анықталады.
Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты,
ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
Несиенің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдаланғаннан
кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол
банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен
өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының
қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген
соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында
қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді
пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта
емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін
көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп
алынатын пайызды көбейтілген түрде несиезі пайызбен мерзімінен бұрын
өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып
табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз
алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие
берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін
көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті
мәселе болып табйлады.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа
сай пайдалану қажетгілігін білдіреді. Несие келісімшартындағы сәйкес
бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау
процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.
Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың
бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі
бүзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық
категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады. Принциптермен қоса несиенің
мәні олардың орындалатын қызметтерінде көрініс табады.
2.2. Несие қажеттілігі. Несие капиталы
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге
асатын кеңейтілген өндірістің ерекшеліктерінен туындайды. Несие капитал,
түрлері үнемі ауысып түрады. Меншіктің ақшалы түрі тауар түріне, тауарлы
өндірістік түрге, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне
ауысып түрады, яғни А-Т-Ө-Т1-А1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді.
Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар,
шикізат жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс
процесінде - дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарларға айналады.
Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың
осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы
халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек
ауыспалы айналымы емес (кругооборот), сондай-ақ оның айналымы да.
Капиталдың айналымы (оборот) дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы
айналымы түсіндіріледі.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша
қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде
ақшаға деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық
субъектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі
сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар
болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы,
ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшадай болуын талап етеді.
Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша
босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі
өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі
қорлар өздерінің қүндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын
өнімдерге бірте-бірте аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап
жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі
құрал-жабдықтарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсалатыны
себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы қалыптасады. Бірақ, бұл сәтте
жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажеттілік
туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым
қорларын пайдалануда да үнемі болып түрады. Мысалы, дайын өнімді сатудан
түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу
үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың
уақытша босауы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік
маусымдарда нақты айналым қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат,
материалдар, жанар-жағармай) өндіріс пен тауар айналымының уақыты сәйкес
келмеуінен және т.б. туындауы мүмкін.
Капитал айналымында және ауыспалы айналым процесінде ақшалай
қаражаттың босауын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен былайша
көрсетуге болады.
1. сурет. Қаражаттың босауы және оларға деген қосымша қажеттілік.
Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай
қаражаттың құйылуы (қажеттілік кезде) мен қайтуы (босатылу кезеңінде)
болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар
сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін.
Ақшалай қаражаттың уақытша босауы және оларға деген қажеттілік тек
материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетге,
бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықта да болуы мүмкін.
Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары, ұзақ
пайдаланатын заттарды сатып алумен халықтың ақша қоры бірдей сәйкес келе
бермейді.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босауы арасында туындаған қарама-
қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет
материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің
жәрдемімен ғана шешіледі.
Несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын
капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен ғана
түсіндірілмейді.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар
бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары - несие беруші мен қарызға
алушы - экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын
өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды
субъектілер болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының
мүдделері бір жерден шықса, онда бүл жағдайда несие өте қажет болады. Несие
келісімін жүзеге асыру үшін оның қатысушалары міндетті түрде несиеге өзара
қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс: Әрбір қоғамның экономика
мүддесі, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек деп жазды.
Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған
кезде, бір жағынан, несие ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан - оны
алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды.
Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда
болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және
оның эволюциясын түсіндіріп береді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымынан
туындайтын несиеге қажеттілік несиенің объективті жүзеге асуын төлем
қаражаттарын жасау және жаңадан пайда болған құнды қайта бөлу процесінде
оның рөліне жете назар аудармай, оны толық дәрежеде анықтамайды. Ақша
эммиссиясының процесі (қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз) оқулықтың
алдыңғы бөлімінде анықтағанымыздай, несие капиталының бір көзі болып
табылатын несие операцияларының нәтижесі.
Түрліше несие қарым-қатынастарындағы несиенің мән-маңызы сол немесе
басқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен
анықталады.
Құндық қатынастың ерекше формасы ретінде несиенің пайда болуы
шаруашылық жүргізуші бір субъектіден босаған құн шаруашылық келісімде
қолданысқа түсіп, белгілі уақыттарда жаңа қайта өндіру цикліне әлі ене
алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша
қаражатқа уақытша қажеттілігі туып отырған басқа субъектіге өтеді және
қайта өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірақ,
несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын
меншік иелері сияқты бір-біріне қарсы тұралатын тауар иеленушілер
арасындағы айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан-қолға өткізу
сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелік қатынастардан
туындаған экономикалық жеміс.
Несие қатынастары пайда болатын және дамитын нақты экономикалық
негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың
материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несие кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті
қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық
шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Сонымен, несие объективті өмір сүруінің негізгі талаптары
төмендегідей тізбектеледі:
жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қорлар
айналымы мен жеке ауыспалы айналым-дардың уақыт бойынша сэйкес келмеуі;
несие беруші мен қарызға алушының заңды түрғыдан дербестігі;
несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс
процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға
трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға
алушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіреді.
Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың
табыстары мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша
пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.

2.1. Несие формалары мен несие түрлері
Несие формасы – бүл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол
несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының
формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртүтас болады.
Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.
Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды
формаларын бөліп көрсетуге болады (2. сурет):
- қызмет ету саласына қарай - ұлтгық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінің объектісіне қарай - ақшалай және тауарлық несие;
- несие қатынасының субъектісіне қарай - банктік, коммерциялық,
халықаралық, тұтынушылық несиелер.
2.сурет. Несиенің негізгі формалары
Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай
формасынан бүрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар
түтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері және т.б.) бір-біріне
өсім алумен қарызға берген.
Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің
мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық
тауарлар, саймандар лизингісінде қол-данылады. Қазақстанда тауарлық несие
фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым
түрінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде астықты
жиғаннан кейін қайтарып отырады.
Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда
болып, дамиды. Ол осы заманғы нарықтық астықты жинағаннан шаруашылықта
артықшылықтарға ие, типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені
ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебеп құралы болып
табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық
айналымдардың шегінде пайдаланылады.
Несиенің тауарлық және ақшалай формаларымен қатар олардың аралас формасы
да қолданылады.
Несие түрлері
Жорғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады.
Несие түрлері - бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық-
ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни,
несиенің іс-тәжірибедеге нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелеу
объектінің экономикалық белгілері бойынша:
* айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
* негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
* ТМҚ аясында шүғыл қажеттілікке, сондай-ақ, нормативтен тыс қорлардың
аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
* өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
* жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу қүжаттары аясында берілетін
несие, аккредитивтер;
* төлем несиелері.
ә) несиенің қамтамасыз етілуі бойынша:
* жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ-пен, кепілділікпен,
сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz