МИКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3

1. МИКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ..4

1. Өндiрiс теориясы: оның құрамы мен маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Микроэкономикадағы өндiрiс функция және оның негізгі
қасиеттерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2. ӨНДIРIСТIК ФУНКЦИЯ ТҮРЛЕРІ МЕН ӨНДІРІСТЕГІ ӨНIМ ТҮРЛЕРIНІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ... ...10

2.1 Өндiрiстiк функцияның түрлерi мен ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ...10
2. Жалпы орташа және шекті өнімнің түсінігі және олардың арасындағы
өзара
байланыстығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...14

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

КIРIСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Бүгiнгi таңда елiмiз ұлттық
экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсартып, макроэкономикалық
көрсеткiштерiн тұрақты дамуын қамтамасыз ету үстiнде. Ал мұның бәрi осы
елдегi адамдардың қызметiне, шаруашылықтарына, жалпы айтқанда
микроэкономика саласынан бастау алады.
Микроэкономика пәнi адамдардың экономикалық iс-әрекетiн зерттеп,
олардың жалпы негiзгi заңдылықтарын белгiлейдi. Адамдардың iс-әрекетi өз
қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын:
қажеттiлiк, ресурстар, технологиялар, өнiмдер және оларды пайдалану. Бұлар
бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады.
Микроэкономикадағы өндіріс функциясы тарауы өндiрiсте қолданылатын
өндiрiс факторлары мен осы ресурстарды пайдалану арқылы өндiрiлетiн
тауарлардың мөлшерi арасындағы байланысты зерттейдi. Өндiрiлетiн
тауарлардың саны өндiрiстегi технологиялық әдiстердiң ерекшелiктерiне
байланысты. Себебі ең негiзгi шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалануымыз
керек. Бұл әсiресе өндiрiс саласында маңызды мәселенiң бiрi, өйткенi қызмет
көрсетудiң шектеулi ресурс деген ұғым сирек кездеседi. Бұл тақырып мемлекет
дамуындағы беталысында үлкен үлес алады. Сол себепті де шектеулі
ресурстарды тиімді пайдалануымыз керек. Ал бұл мәселенің шешудің жолдарын
қарастыру үшін алдымен өндіріс функциясымен жақын танысу қажет. Сол себепті
де микроэкономика пәнінен курстық жұмыс тақырыбы Микроэкономикағы
өндірістік фунция деп алынды.
Курстық жұмыс міндеті мен мақсаттары. Жұмыс барысындағы негізгі
мақсаттарға өндiрiс теориясы туралы жалпы түсiнiк, өндiрiстiк функцияның
қасиеттерi мен түрлерiн, өнiмнiң түрлерiн және олардың арасындағы өзара
байланысты қарастырмақшымыз.
Осы аталған мақсатты толық ашу үшін келесідей міндеттер қарастырылады:

• Өндіріс функциясын және оның қасиеттерін жан-жақты талдау;
• Өндіріс және өнім түрлерінң, олардың экономикалық мазмұнын ашу,
микроэкономикалық талдау жасау;
• Отандық өндірістің жағдайын және оны жетілдіру жолдарын ұсыну болып
табылады.
Курстық көлемі мен құрылымы. Біздің курстық жұмысымыз үш бөлімнен
тұрады.
Бірінші бөлім – кіріспе үш бөліктен тұрады:

1. МИКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ

1. Өндіріс процестері сипаттамасы

Өндiрiс теориясы ең алдымен өндiрiсте қолданылатын факторлардың және
өндiрiстiк өнiмнiң ара қатынасын анықтайды. Сұраныс теориясына қарағанда
ұсыныс (өндiрiс) теориясы белгiлi бiрлiктердiң объективтi табиғатын және
олардың өзгерiсiн анықтайды.
Микроэкономика курсының бұл тарауы өндiрiсте қолданылатын өндiрiс
факторлары мен осы ресурстарды пайдалану арқылы өндiрiлетiн тауарлардың
мөлшерi арасындағы байланысты зерттейдi. Өндiрiлетiн тауарлардың саны
өндiрiстегi технологиялық әдiстердiң ерекшелiктерiне байланысты.
Тұтынушылардың шексiз сұранысын қанағаттандыратын бұл өндiрiс болып
табылады. Өндiрiс теориясы бұл қызметтер мен өнiмдер өндiру барысы болып
табылады. Өндiрiс теориясының тұтыну теориясынан басты еркшелiгi тұтыну
теориясы экономиканың күрделi субъективтi жағы болса, ал өндiрiс теориясы
бұл нақы қолда бар игiлiктермен белгiлi шығындар жұмсап тауарлар өндiретiн
экономиканың объективтi жағы болып табылады.
Сондай-ақ өндiрiсте фирмалар белгiлi бiр тауарлар өндiрiп, оны
нарықта тұтынушыларға сатады. Өндiрiстi жалпы келенде нарықтағы ұсыныс деп
те айтсақ болады. Өйткенi ол ұсыныс заңына сәйкес егер тауар бағасы өссе
өндiрiстi ұлғайтады, ал тұтыну теориясы сұраныс заңына сәйкес баға өссе
түтыну көлемiн кемiтедi немесе екi жағдайда да керiсiнше болуы мүмкiн.
Өндiрiс теорисында келесi сұрақтар туындайды:
“Қажеттiлiк” бойынша – не өндiремiз?
“Ресурстар мен технология” бойынша – қалай өндiремiз?
“Өнiмдер” бойынша – кiм үшiн өндiремiз? 4, 7 бет .
Осы сұрақтарға жауап беру үшiн өндiрiс теориясында өндiрiсте
қолданылатын өндiрiс факторлары мен осы ресурстарды пайдалану арқылы
өндiрiлетiн тауарлардың мөлшерi арасындағы байланысты зерттейдi.
Өндiрiлетiн тауарлардың саны өндiрiстегi технологиялық әдiстердiң
ерекшелiктерiне байланысты.
Өндiрiстегi технологиялық әдiс деп өндiрiстiк факторлардың, яғни
шикiзаттар мен ресурстарды, белгiлi бiр өңдеу процестерi арқылы дайын
өнiмге айналдыруды айтамыз. Өндiрiстiк процесте қолданылатын факторларды
негiзгi төрт түрге бөледi:
1. шикiзаттар мен материалдар;
2. басқа өнеркәсiптiң өндiрген өнiмдерi;
3. еңбек күшi;
4. капитал.
Өндiрiстегi игiлiк дегенде тек қана материалдық игiлiктiң өндiрiсi
емес, оны бөлу, айырбастау және тұтыну үрдiсiн бiрге қарастыруымыз керек.
Нақты өмiрде өндiрiстiк процестi зерттеу үшiн көптеген өндiрiс
факторларын пайдаланады. Өндiрiстiк процесте n өндiрiстiк факторлары
қатысады деп қарастырсақ, бұл төмендегiдей шығын векторы түрiнде көрсетiлуi
мүмкiн: 4, 241 бет .
X = ( x1, x2 , ... , xn ) (1)
Мұнда, xi -i – факторларының саны. Бұл факторлар n – түрлi дайын
өнiмдер өндiру үшiн қолданылады, ол келесi вектор түрiнде болады:
Y = ( y1, y2,..., yn ) (2)
Мұнда, yj - j - өнiмнiң саны. Енгiзiлген белгiлеулр арқылы өндiрiстiк
процестi былай жазуға болады.
V = ( X, Y ) (3)
Егер барлық өндiрiс факторлары тек қана бiр өнiм түрiн өндiру үшiн
қолданылса, онда осы өндiрiстiк процестi шартты түрдi келесi өндiрiстiк
функция түрiнде көрсетуге болады:
y = f ( x1, x2 , ... , xn ) (4)
Өндiрiстi ұйымдастыру кезiнде, әдетте, өндiрiстiк процесс тиiмдi
болуын қалайды, сондықтан өндiрiс функциясы, өндiрiстiк шығындар құрылымы
тұрақты деп ұйғарғандағы шығаратын өнiм көлемiнiң ең жоғары деңгейiн
көрсетедi деп айтады. Өндiрiс функциясы белгiлi технология үшiн жасалады.
Бұларды түсiндiру үшiн, өндiрiс шығындары тек қана L – еңбек және K –
капиталдан тұрады деп қарастырайық. Осы жағдайда өндiрiстiк функцияны
келесi жағдайда қарастыруға болады:
Q = F ( K, L ) (5)
Мұнда, Q - өндiрiлетiн өнiмнiң ең жоғары көлемi.
F – функциялық тәуелдiлiгi қолданылатын технология.
Фирма бiртектi өнiм шығарады деп есептейiк. Аталған технология үшiн
өндiрiс мүмкiндiктерi өндiрiстiк функция көмегiмен берiледi. Өндiрiстiк
функцияны кесте түрiнде беруге болады ( Кесте-1 ) 5, 98 бет .

Кесте 1- Еңбек және капитал шығынының өндiрiстiк функция кестесi

Капитал Еңбек шығыны, L
шығыны, K
10 20 30 40 50
5 8 16 22 26 30
10 16 24 30 34 36
15 22 30 36 40 42
20 26 34 40 44 46
25 30 36 42 46 48

Кестеден көретiнiмiз еңбек шығыны 10 ( L=10), капитал шығыны (K=15)
болған жағдайда өнiм шығару көлемi Q=22 бiрлiк болып табылады. Изокванта
деп шығарылатын өнiм көлемiнiң бiр деңгейiн қамтамасыз ететiн , өндiрiс
факторларының әр түрлi үйлесiмдiлiктерi орналасқан қисығын айтамыз. Q
=22, 30, 36 өндiрiс көлемiнiң изоквантасын 1-шi суреттен көруге болады.

K

25
20
15 Q=36
10
5 Q=22 Q=30
0 10 20 30 40 50 L

Сурет-1 – Изокванталар

Изокванта терiс ылдилы екенiн айтып өтейiк, себебi бiр фактор
шығындары азайғанда өнiм шығарылуын өзгерiссiз сақтап қалу үшiн басқа
факторлардың шығынын көбейту қажет. Изокванталар қиылыспайды, себебi
олардың қиылысу нүктелерiнде әр түрлi көлемдi өнiм шығарылуы керек едi.
Өндiрiстiк функцияны формула түрiнде көрсету мүмкiндiктерi бар. Кобба-
Дуглас функциясы: 6, 206 бет .
Q = AK α * L β (6)
Мұндағы: А, α, β – оң сандар.
Ендi осы өндiрiстiк функцияларға, олардың қасиеттерiне және өнiм
түрлерiне кеңiнен тоқталсақ.

2. Микроэкономикадағы өндiрiс функция және оның негізгі
қасиеттерi
Фирма белгiлi ресурстарды қолданып өнiм өндiрген кезде белгiлi
шығындармен iске асырады. Яғни фирманың өндiрiсi мен шығындары арасында
тiкелей байланыс орын алады. Мысалы: нан заводын алатын болсақ, яғни нан
өнiмдерiнiң өзгерiсi тек қана жұмыс күшiнiң өзгерiсiне байланысты. Мұнда 1
жұмысшы 50 бөлке пiсiрсе, ал 2 жұмысшы қосылып 90 бөлке пiсiре алады. Егер
5 жұмысшы қызмет етсе деп алсақ олардың өндiрiс көлемi келесi кесте мен
графиктен көруге болады. 7, 281 бет .

Кесте 2 Өндiрiс функциясы және жиынтық шығындар

Жұмысшылар Шығарылған Еңбектiң Құрал – Жұмыс күшiн Ресурстардың
саны бөлке саны шектi жабдықтарға жалдау жиынтық
өнiмдiлiгкеткен шығындары шығыны
i шығындар
0 0 0 30 0 30
1 50 50 30 10 40
2 90 40 30 20 50
3 120 30 30 30 60
4 140 20 30 40 70
5 150 10 30 50 80

Кестеден көрiп отырғанымыздай жұмысшы саны өсуiне байланысты нақты
шығарылған бөлкенiң саны өскенiмен еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаяды. Мысалы
кете бойынша 1-шi жұмысшынiң шектi өнiмдiлiгi 50 болса, ал соңғы 5-шi
жұмысшыныкi 10 ғана бөлкенi құрайды. Мұнда құрал-жабдықтардың шығыны
тұрақты, өзгеретiн жұмыс күшiн жалдау шығындары өсiп отыр, сондықтан жалпы
жиынтық шығындарда өседi.
Бұл график қолданылған ресурстың көлемi өсуiне байланысты өнiм
көлемiнiң өсуiн көрсетiп тұр. Бiрақ бұл функция шексiз өсе бермейдi,
өйткенi еңбектiң шектi өнiмдiлiгi азаюына байланысты бiр мезеттен кейiн
кемуi мүмкiн. Бұл дегенiмiз егер фирма өндiрiстi қайта ұйымдастырмаса
банкротқа алып баратын жағдай. Себебi жұмысшы көбейген сайын олар бiр-
бiрiне кедергi жасайды, қосымша құрал-жабдық қажет етедi. Графиктен
өндiрiстiк функцияның қисығынан шектi өнiмдiлiктiң кемуiн анық көруге
болады.
Жалпы өндiрiстiк функция белгiлi өндiрiс факторларын қолдана отырып
максималды өнiм өндiрiсiн сипаттайды. Әдетте өндiрiс теориясында үлгi
бойынша екi факторлы өндiрiстiк функция қарастырылады. Яғни капитал (К)
және еңбек (L) 3, 169 бет .

Q = f (L K) (5)
Шығару көлемi

150 Өндiрiстiк
функция

100

50

0 1 2 3 4 5
Жұмысшы саны

Сурет-2 – Нан заводының өндiрiстiк функциясы.

Бұл функцияны алдындағы мысалдың функциясы деп айтсақ болады. Әрбiр
технологияға арналған осы тәрiздi өндiрiстiк функциялар әрқалай
белгiленедi. Егер технология өзгерсе өндiрiс көлемiде өзгередi, сондықтан
өндiрiстiк функцияларда қайтадан жасалады. Алайда осыншама өндiрiстiк
функциялардың түрлерi көп болғанымен олардың барлығына тән қасиеттерi бар.
Өндiрiс функциясының жалпы қасиеттерiн төмендегiдей топтастыруға болады:
1. Фирмалар өндiрiс факторларын барынша көп тиiмдiлiкпен қолданылуы
мүмкiн, яғни қолданылып фактордың санының көбеюi шығару көлемiнiң
төмендеуiне әкелiп соқтырмайды. Оны математика бойынша былай көрсетуге
болады:
dy dL ≥ 0; dy dK ≥ 0.
2. Басқа факторлар тұрақты болып, тек қана бiр фактордың санын көбейту
арқылы өнiм шығару көлемiн ұлғайтқан уақыт оның жоғарылау шегi болады,
яғни айнымалы фактордың өнiмдiлiгiнiң төмендеу заңы орын алады.
d2 y d L2 ≤ 0; d2 y d K2 ≤ 0.
Бұл екi қасиет өндiрiстiк функцияның бiр факторлық графигiн
алуға мүмкiндiк бередi. Зерттелiп отырған тәуелдiлiк төмендегiдей болған
уақытта, Y=f(x), оның жазықтықтағы графигi 3-шi суретте көрсетiлгендей
болуы мүмкiн.

Y

Y=f(x)

X
Сурет-3 - Өндiрiстiк функция.

3. Өндiрiс факторлары бiрiн-бiрi өзара алмастырады және толықтырады.
Өндiрiстiк процестi зерттеген кезде уақыт мерзiмi 2 түрге бөлiнедi:
қысқа және ұзақ мерзiмдi кезең 9, 171 бет .

2. ӨНДIРIСТIК ФУНКЦИЯ ТҮРЛЕРІ МЕН ӨНДІРІСТЕГІ ӨНIМ ТҮРЛЕРIНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТЫ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ

2.1 Өндiрiстiк функцияның түрлерi мен ерекшеліктері

1. Тұрақты коэффиценттi функция.
Коэффиценттерi тұрақты өндiрiс функциясын тұрғызуды қарастырғанда,
өнiмдi шығаруға қажеттi еңбектiң және капиталдың белгiлi бiр санын алдын
ала жорамалдау қажет. Осы кезде:
L = a * Y; K = b * Y (7)
Мұнда, a, b – параметрлер.
Осыны өндiрiстiк функцияның бiркелкi (стандартты) түрiне келтiру үшiн,
былай белгiлейiк: 3, 180 бет .
y = min La; Kb немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроэкономикадағы өндiрiстiк функция туралы
Өндіріс түсінігі және экономикалық мәні
Микроэкономикадағы сұраныс және ұсыныс моделі
Микроэкономикадағы өндiрiстiк функция
Өндірістік функция
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы
Экономикалық заңдар
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Сұраныс қисығы
Пәндер