Шағын кәсіпкерлікке қатысатын субъектілер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

1-бөлім. Кәсіпкерліктің теориялық негіздері4

1. 1 Кәсіпкерлік мәні, түсінігі және түрлері4

1. 2 Шағын кәсіпкерліктің құрылуы және дамуының ғылыми негізделуі11

1. 3 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің құрылуының ерекшеліктері13

ІI-бөлім. Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің ерекшелігі21

2. 1 Шағын кәсіпкерлікке қатысатын субъектілер21

2. 2 Қысқа мерзімді несие беру мен өшіру тәртібінің операциялық есебі23

2. 3 Несиелік ресурстарды пайдаланғаны үшін сый ақылар есептеу және есепте көрсету тәртібі26

ІІІ-бөлім. Өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары29

3. 1 Шағын кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдау тетіктері29

Қорытынды34

Қолданылған әдебиеттер тізімі36

Кіріспе

Шағын кәсіпкерліктің дамуына көптеген теориялық жұмыстар арналған. Онда шағын кәсіпкерліктің дамуының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгінгі нарықтық экономикаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазакстанда мүлде басқа жағдай.

Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті осы жылдағы жолдауында Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес, олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайызын құрағандығын және көптеген дамыған елдерде олар жалпы өнімінің 50 пайыздан астамын беретіндігін айта келіп, біздің шағын кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен идеологиясын бұзу қажеттігін баса айтты. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.

1990 жылдардың басында жаңа экономикалық жүйеге өтуге байланысты кәсіпкерліктің жаңа түрлеріне жол беріліп, шағын кәсіпорындарға ерекше ынта қойылып оларды ұйымдастырудың құқықтық нысанына, критерийлеріне, есеп және есеп беру жүйесінің нормативтік заңдық базасы қамтылды.

Қазақстанда шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы мынадай:

• шағын кәсіпорындардың және онда жұмыс істейтіндердің санының тұрақты өсуі;

• өнеркәсібі дамыған аудандардағы шағын кәсіпорындардың шоғырландыруы;

• шағын кәсіпкерліктің сауда мен қызмет көрсетудегі үлесінің көптігі;

• осы уақытқа дейін шағын кәсіпорындардың салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен арадағы мәселенің шешілмей келе жатқандығы шағын кәсіпорындардың маңыздылығын мемлекетіміз ғана емес нарықты экономикасы бар елдердің барлығы мойындап отыр. Оның экономикадағы үлес салмағынан көруге болады.

Шағын кәсіпкерлік - бәсекелестік ортаны қалыптастыратын, нарықты отандық тауарлармен толтыратын, халықты жұмыспен қамтитын, ірі және орта бизнестің «ауқаттану» ортасы, орта топты қалыптастыратын қоғамның тұрақтылық негізі.

Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікті қолдауға Қазақстан Республикасы жыл сайын 159, 2 млрд. тг. бөлінеді. Елбасы өзінің жолдауында биылғы жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. тг. бөлінетіндігін, сонымен бірге, банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыру ісін жүзеге асыруды қолға алу керектігін ескертті. Мұның өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ.

Курстық жұмысымыздың мақсаты - өнеркәсіпте шағын кәсіпорындарды дамыту мен оның артықшылықтарын дәлелдеу.

Курстық жұмыстың мақсатына байланысты мынадай мәселелер қаралады:

• өнеркәсіп пен шағын кәсіпорындардың ролі;

• бүгінгі күнгі өнеркәсіптегі шағын кәсіпорындардың жағдайын талдау, тиімділіктерін анықтау;

• осы салада шағын кәсіпорын болашағы.

1-бөлім. Кәсіпкерліктің теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпкерлік мәні, түсінігі және түрлері

Транзиттік экономика жағдайында нарықтық орта құрудың басты факторы болып кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту табылады. Кәсіпкерлік қызмет - шаруашылық индустриалдық жүйелердің типтік сипаты. Кәсіпкерліктің көмегімен қоғам тауарлар мен қызметтер алады, жаңа нарықтар құрады, жаңа жұмыс орындар ұсынады және қазіргі уақытта бар жұмыс орындарын қолдайды, осылайша, халықтың өмір сүру деңгейі жоғарылайды.

Кәсіпкерліктің және кәсіпкердің мәнін анықтауға атақты шетел ғалымдары ерте уақытта өте көп көңіл бөлді. Ғылыми әдебиетте кәсіпкерліктің мәнін анықтаудың белгілі бір нақты анықтамасы жоқ. Бұл түсінікті де: білімнің түрлі салаларының өкілдері (экономисттер, философтар, құқықтанушылар, әлеуметтанушылар және т. б. ) бұл терминнің мазмұнын әртүрліше талқылайды. “Кәсіпкерлік” терминінің мазмұнын талқылауда әртүрлі ойлардың болуы нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік қызметтің экономикалық, әлеуметтік, қаржылық рөлінің бір мәнді еместігін ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерліктің шаруашылық жүйесі ретіндегі ашықтылығын куәландырады.

“Кәсіпкерлік” түсінігін қазіргі кездегі мәнінде XVII ғасырдың аяғы -XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті Ричард Кантильон қолданды. Оның ойынша, кәсіпкер - тәуекел жағдайында жұмыс істейтін адам. 1

Кейіннен Адам Смит (1723-1790) кәсіпкердің сипаттамасына көңіл аударды. А. Смиттің ойынша, кәсіпкер капиталдың иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық идеяны жүзеге асыру үшін және табыс алу үшін тәуекелге барады, себебі капиталды қандай да бір іске салу әрқашан да тәуекел элементін қамтиды. Кәсіпкерлік табыс меншік иесі үшін сол тәуекел үшін өтеу болып табылады. Кәсіпкер өзі өндірісті жоспарлайды, ұйымдастырады, еңбекті бөлумен байланысты тиімділікті жүзеге асырады, сондай-ақ өндірістік қызметтің нәтижелерін басқарады.

Давид Рикардо (1772-1823) кәсіпкерлік қызметті тиімді шаруашылық жүргізудің міндетті элементі ретінде қарастырады.

Йозеф Шумпетер (1883-1950) 1911 жылы алғаш рет шыққан “Теория экономического развития” кітабында “кәсіпкер” түсінігін новатор ретінде түсіндіреді. Автордың ойынша, кәсіпкердің негізгі функциясы - капиталисттік экономиканың дамуында, экономикалық өсуді қамтамасыз етуде негізгі рөлді ойнайтын жаңашылдықтарды жүзеге асыру. 2

Осы проблемаға ағылшын экономисті Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих фон Хайек (1899-1984) жаңаша қарады. Оның ойынша, кәсіпкерліктің мәні - бұл жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеу және зерттеу.

“Кәсіпкер” және “кәсіпкерлік” терминдерінің эволюциясын қарастыру қызық болар. 3

  • 1725 жыл. Ричард Кантильон: кәсіпкер - тәуекел жағдайында қызмет ететін адам.
  • 1797 жыл. А. Бодо: кәсіпкер - кәсіпкерлік іс үшін жауапты, кәсіпорынды жоспарлайтын, бақылайтын, ұйымдастыратын және иеленетін адам.
  • 1876 жыл. Ф. Уокер: капиталды ұсынып, сол үшін пайыз алатындар мен өзінің ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасында табыс табатындарды айыра білу керек.
  • 1934 жыл. Й. Шумпетер: кәсіпкер - жаңа технологияларды жасайтын жаңашыл.
  • 1961 жыл. Д. Макклеланд: кәсіпкер - бір қалыпты тәуекел жағдайында қызмет ететін жігерлі адам.
  • 1964 жыл. П. Друкер: кәсіпкер - бұл ынта білдіретін, әлеуметтік-экономикалық механизмдер ұйымдастыратын адам. Тәуекел жағдайында қызмет ете отырып, ол мүмкін болатын сәтсіздік үшін жауапкершілікте болады.
  • 1965 жыл. Р. Хизрич: кәсіпкерлік - құны бар қандай да бір нәрсені құру процесі, ал кәсіпкер - осыған бар қажетті уақыты мен күшін жұмсайтын, бар қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді өзіне алатын және осы үшін ақша алатын, жетістігінен қуаныш алатын адам.

Біздің күндеріміздің американдық ғалымдарының түсінігі бойынша, кәсіпкер - азаматтардың (олардың бірлестіктерінің) өзіне тәуекел және жауапкершілік ала отырып, жүзеге асыратын тәуекелді ісі. Кәсіпкерлік жаңа бір нәрсені жасауға және бар нәрсені жетілдіруге ұмтылыспен ассоциацияланады. Кәсіпкерлік “динамизм”, “бастама”, “жігерлік” сияқты түсініктермен тығыз байланысты.

Батыс елдерде осы замандық кәсіпкерлік шаруашылықтың ерекше, жаңашыл, антибюрократиялық стилі ретінде сипатталады. Бұл стиль негізінде әрқашан жаңа мүмкіндіктерді іздеу, инновацияға бағыт алу, алға қойылған міндетті шешу үшін әртүрлі көздерден ресурстарды тарта және оларды қолдана білу қабілеттілігі жатыр. Менің ойымша, мұндай әдістеме біздің еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына да маңызы зор. Бірақ осы жерде айтатын жәйт, кәсіпкер өзінің кәсіпкерлігін құру және дамыту үшін ресурстар көздерін заңдылық негізінде “іздеу” керек.

Америка ғалымы Р. С. Ронстадтың ойынша, кәсіпкерлік - бұл байлықты өсірудің динамикалық процесі. Байлық өзінің ақшасын, мүлкін, карьерасын басқалардан көп тәуекел ететін, өзінің жеке ісін ашуға уақытын аямайтын, сатып алушыларға жаңа тауар немесе қызмет ұсынатын адамдармен құрылады. Бұл тауар немесе қызмет мүлде жаңа болуы міндетті емес, ең негізгісі кәсіпкер оларға жаңа қасиеттер келтіре алуы, олардың құндылығын өсіре алуы керек.

Өз кезегінде, белгілі американ ғалымдары профессорлар Р. Хизрич пен М. Питерс кәсіпкерлік мінез-құлықтың барлық типтерін қамтитын кәсіпкерліктің анықтамасын ұсынды: “Кәсіпкерлік - құндылығы бар жаңа бір нәрсені жасау процесі, уақыт пен күшті қажет ететін, өзіне қаржылық, моральдық және әлеуметтік жауапкершілікті қабылдауды көздейтін процесс, ақшалай табыс әкелетін процесс”.

Ресейлік ғалым-экэномист А. О. Бусыгиннің ойынша, кәсіпкерлік - іскерлік белсенділікті жүргізу өнері, іскерлік жобалау формасында жүзеге асырылатын ойшыл процесс. Кәсіби мағынада, оның ойынша, кәсіпкер өз бизнесін ұйымдастыруды сәтті жүзеге асыра алу қабілеті ретінде қарастырылады.

Көрнекті экономисттердің ұсынған анықтамаларынан қорытынды жасай отырып, айтарым:

Кәсіпкерлік - кәсіпорын иелерінің инновациялық мінез-құлқына, идеяларды табу және пайдалана алу қабілетіне, сол идеяларды нақты кәсіпкерлік жобаларға айналдыра алу қабілетіне негізделген шаруашылық жүргізудің жаңа типі. Бұл, негізінен, тәуекелді іс, бірақ тәуекелге бармаған адам, табысқа жете алмайды. Кәсіпкер өз ісін бастамас бұрын, мұқият есептеулер жүргізу керек, өткізудің болжанған нарығын және бәсекелестерді жақсылап зерттеу керек. Кәсіпкерлік бірінші кезекте экономикалық өсу мен жеке азаматтардың және бүкіл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндірістің барлық факторларын тиімді пайдаланумен байланысты.

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі фукнциясы - нақты тұтынушыларға тауарлар (қызметтер, жұмыстар) өндіру, “жеткізу” және осы үшін материалды және моральды марапат алу. В. И. Даль жазғандай, кәсіпкерлікпен айналысу қандай да бір жаңа істі жүзеге асыруға кірісуді білдіреді.

Кәсіпкерліктің ең маңызды белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • шаруашылық субъектілерінің дербестігі мен тәуелсіздігі. Кез-келген кәсіпкер қандай да бір мәселе бойынша шешім қабылдауды өзі және тек құқықтық нормалар шегінде жүргізе алады.
  • экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - мүмкіндігінше максималды табыс алу. Сонымен қатар, кәсіпкер өзінің жоғары табыс алу мүддесімен бірге қоғамдық мүдденің жетістігін де қамтамасыз ету керек.
  • шаруашылық тәуекел мен жауапкершілік. Ең нақты деген есептеулердің өзінде де қандай да белгісіздік, тәуекел қалады.

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары 4 .

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасын дұрыс таңдау көптеген факторларға, атап айтқанда, меншікті капиталдың болуы немесе оны тарту бойынша мүмкіндіктердің болуы, кәсіпкерлік қызметтің сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабелеттері, нарық жағдайы және басталып жатқан бизнестің басқа да көптеген ерекшеліктеріне, сондай-ақ кәсіпорынның қандай да бір формасының басымдылықтарына байланысты болады.

Кәсіпкерлік қызметтің алуан түрлілігін көптеген белгілері бойынша: қызмет түрі бойынша, меншік формалары бойынша, меншік иелерінің саны бойынша, ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-экономикалық формалары бойынша, жалдамалы еңбекті пайдалану дәрежесіне және тағы басқа бойынша сыныптауға болады.

Түрі немесе арналымы бойынша кәсіпкерлік қызметті өндірістік, коммерциялық, қаржылық, консультациялық және тағы басқа деп бөлуге болады.

Меншік формаларына байланысты кәсіпорын мүлігі жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды болуы мүмкін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (ұйымдардың) меншігінде болуы мүмкін.

Кәсіпкерлік формалары.

Кәсіпкерлікті мүше-меншік иелерінің санына байланысты келесі формаларға: индивидуалды және ұжымдық деп бөлуге болады. Кәсіпкерліктің бұл формалары өз кезегінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен реттелетін кәсіпорынның белгілі бір ұйымдық-құқықтық формасының шегінде жүзеге асырылады.

Кәсіпкерліктің индивидуалды формасы артықшылықтарға ие, бұл артықшылықтар минималды регламенттілікте және тәуелділікте, мобильділікте, материалдық қызығушылықта және т. б. тұжырымдалады. Айта кететін жәйт, индивидуалды кәсіпкерлік өндірістік секторда айтарлықтай орын алады. Индивидуалды кәсіпкер өзінің кәсіпорнының барлық міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауапкершілікте болады.

Бірақ қаржылық ресурстардың көп бөлігін иеленуге ұмтылыс, сонымен қатар жоғары материалдық жауапкершілік және жоғары тәуекелді, масштабты жобаларды жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің ұжымдық формасын құруға итермелейді. Кәсіпкерліктің бұл формасының негізінде “меншік иелерінің саны” деген белгі жатыр. Ұжымдық кәсіпкерлікте меншік әрқайсысының үлестерін анықтай отырып немесе үлестері анықталмай (ортақ меншік), бірнеше субъектілерге тиесілі болады.

Кәсіпкерліктің формаларын өз кезегінде ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-экономикалық деп бөлеміз. Ұйымдық-құқықтық формалар қатарына серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен кооперативтерді жатқызуға болады.

Серіктестік - бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылған тұлғалар бірлестігі. Серіктестіктер екі немесе одан көп серіктес кәсіпорын ұйымдастыруға шешім қабылдаған жағдайда құрылады. Серіктестіктің маңызды ерекшелігі болып қосымша капитал тарту мүмкіндігі табылады. Бұған қоса, бірнеше иелердің болуы кәсіпорын ішінде серіктестіктердің әрқайсысының білімі мен біліктілігі негізінде мамандандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметтің бұл ұйымдық-құқықтық формасының кемшілігі: қатысушылардың әрқайсысы өзінің қосқан үлесіне байланыссыз бірдей жауапкершілікте болады. Сондай-ақ, серіктестіктердің біреуінің әрекеті басқалары үшін келіспесе де, міндетті болады.

Серіктестіктердің қатысушылары 2 топқа бөлінеді: толық серіктестер (жауапкершілігі шектелмеген серіктестік) және коммандиттік серіктестер (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) . Коммандиттік серіктестіктерде серіктестердің бір бөлігінің жауапкершілігі - шектелмеген, ал қалған бөлігінің жауапкершілігі шектеулі болуы мүмкін.

Қоғам шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында екіден кем емес азамат немесе заңды тұлғалардың жұмсалымдарын (ақшалай да, натуралды да) біріктіру арқылы солардың келісімі бойынша құрылады. Жауапкершілігі шектеулі қоғам мүшелері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Олар өздерінің салған жұмсалымдарының құны шегінде ғана жауапкершілікте болады. Олардың қосымша жауапкершілікті қоғам қатысушыларынан айырмашылығы - өзінің бүкіл мүлкімен жауапкершілікте болуы.

Ең кең тараған болып акционерлік қоғамдар табылады. Айырмашылығы - оларға бағалы қағаздар - акциялар шығару арқылы қажетті қаражаттар тартуға құқық беріледі. Сонымен қатар, акционерлік қоғамның қатысушылары қоғамның нәтижесі үшін өздеріне тиесілі акциялар құнының шегінде жауапты болады.

Біріккен өндірістік немесе басқа шаруашылық қызмет үшін тұлғалар тобымен құрылған кәсіпорын кооперативтік деп аталады. Кооперативте оның мүшелерінің кооператив қызметінде еңбектей немесе басқалай қатысуы, сондай-ақ оның қатысушыларының мүліктік пай салымдарын біріктіру міндетті болып табылады.

Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-экономикалық формаларына мыналарды жатқызуға болады: концерндер, ассоциациялар, консорциумдер, синдикаттар, картелдер және қаржы-өнеркәсіптік топтар.

Концерн - бұл кәсіпорынды қатысу жүйесі арқылы бақыланатын көп салалық акционерлік қоғам. Концерн өзіне қатысты еншілес болып табылатын әртүрлі компаниялардың акцияларының бақылау пакетін сатып алады. Өз кезегінде еншілес компаниялар басқа елдерде орналасқан акицонерлік қоғамдардың акцияларының бақылау пакетін иеленуі мүмкін.

Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың, ұйымдардың ерікті бірігуінің формасы. Сонымен қатар бұл кәсіпорындар мен ұйымдар басқа бірлестіктер құрамында болуы мүмкін. Ассоциациялар құрамына, негізінен, белгілі бір территорияда орналасқан бір салаға маманданған кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. Ассоциациялар құрудың негізгі мақсаты - ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа да міндеттерді бірігіп шешу.

Консорциум - ірі қаржылық операцияларды (мысалы ірі өнеркәсіптік жобаға айтарлықтай инвестицияларды жүзеге асыру) бірігіп жүргізу мақсатында кәсіпкерлердің бірігуі. Кәсіпкерлердің мұндай бірігуінің ірі жобаға қаражаттар салу мүмкіндігі бар. Сонымен қоса, мұнда ірі жамсалымдар кезінде туындайтын тәуекел айтарлықтай төмендейді, өйткені жауапкершілік көптеген қатысушылар арасында бөлінеді. Ғылыми-техникалық революция жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және әртүрлі салалар тоғыспасында пайда болуда және бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізуді көздейді.

Синдикат - бір сала кәсіпкерлерінің олардың өздерінің арасындағы артықша бәсекелестікті жою мақсатында бірігіп өнімдерін өткізуі.

Картель - бір сала кәсіпорындарының өнім, қызметтердің бағалары туралы, өткізу нарықтарын бөлу туралы, өндірістің жалпы көлеміндегі үлестері және тағы басқа туралы келісімі.

Кәсіпкерліктің жаңа ұйымдық-экономикалық формасы болып қаржылық-өнеркәсіптік топтар табылады. Бұл - өнеркәсіптік, банктік, сақтандыру және сауда капиталдарының, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың интеллектуалды әлеуетінің бірігуі.

Кәсіпкерлік түрлері. 5

Кәсіпкерлік қызмет алуан түрлі болады. Кез-келген бизнес белгілі бір дәрежеде қайта өндіру циклінің негізгі фазаларымен - тауарлар мен қызметтер өндірумен, тауарларды айырбастау және бөлумен, оларды тұтынумен байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметінің келесідей түрлерін бөлуге болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық. Сонымен қатар, кейінгі он жылда барлық экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерліктің консультациялық (консалтинг) сияқты дербес түрі ерекшеленді.

Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп айтсақ та болады. Мұнда тауар, өнім, жұмыс өндіру жүзеге асырылады, қызметтер көрсетіледі, белгілі бір рухани құндылықтар құрылады. Бірақ қызметтің дәл осы сферасы нарықтық экономикаға көшуде ең үлкен негативті өзгерістерге ұшырады: шаруашылық байланыстар құлады, материалды-техникалық қамтамасыздық етулер бұзылды, тауар өткізу көлемі төмендеді, кәсіпорындардың қаржылық жағдайы нашарлады.

Коммерциялық кәсіпкерлік қызметінің өрісі болып тауар биржалары мен сауда ұйымдары қызмет етеді.

Коомерциялық кәсіпкерліктің негізгі мазмұнын сатып алу-сату, басқа сөзбен айтқанда, тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операциялар мен мәмілелер құрайды. Өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы коммерциялық кәсіпкерлікте материалдық ресурстардың орнына дайын өнім алынады, содан кейін бұл өнім тұтынушыға сатылады. Осылайша, өнім өндірудің орнына мұнда дайын өнімді алу орын алады.

Қаржылық кәсіпкерліктің қызмет етуінің негізгі өрісі болып коммерциялық банктер мен қор биржалары табылады.

Коммерциялық банк - бұл ақылы негізде несиелеуді, ақша салымдары (депозиттер) қабылдауды және клиенттердің тапсырысы бойынша басқа да есептеу операцияларын жүзеге асыратын акционерлік типтегі қаржы-несиелік мекеме. Коммерциялық банктердің табыстарының көзі болып депозиттік (тартылған) және қарыздық қаражаттардың пайыздық ставкаларының арасындағы айырма табылады.

Қор биржасы ретінде капиталдың шоғырлануын жоғарылату және активтердің нақты құнын анықтауға себебін тигізетін ұйымдастырушылық рәсімделген, үнемі қызмет ететін бағалы қағаздар нарығы түсіндіріледі. Қор биржасының қызмет етуінің принципі сұраныс пен ұсынысты шұғыл реттеуге негізделеді. Қор биржасында бағалы қағаздардың котировкасы, яғни биржаның котировкалық бөлімінің мамандарымен биржа арқылы өтетін барлық бағалы қағаздар бойынша сатып алу және сату курстарын үнемі бағалау жүргізіледі.

Консультациялық кәсіпкерлік . “Консультант” сөзі латын тілінен аударғанда, кеңес беруші деп аударылады. Бұл сөзбен белгілі облыстағы өзінің мамандығының мәселелері бойынша кеңес беретін маман түсіндіріледі. Шетел тәжірибесінде басқару мәселелері бойынша коммерциялық, ақылы кеңес беру “консалтинг” деген атқа ие болды. Консалтингтік қызметтер бір реттік ауызша кеңестер формасында жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда олар консалтингтік жобалар түрінде ұсынылады және келесідей негізгі кезеңдерді қамтиды:

  1. проблемаларды анықтау (диагностика) ;
  2. жоба шешімін жасау;
  3. жоба шешімін жүзеге асыру.

Соңғы кезең жоба объектісіне қарай бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылуы, кейде клиенттермен байланыс көп жылдық болуы мүмкін.

Қазіргі кезде Қазақстанда кәсіпкерлік әртүрлі түрлерінде дамуда. Қызмет түріне байланысты - өндірістік, коммерциялық, қаржылық; меншік сипатына қарай - жеке, біріккен, ұйымдық; ұйымдастырушылық формасына байланысты - индивидуалды және ұжымдық, шаруашылық субъектілерінің санына қарай - шағын, орта, ірі. Дәл осы соңғы түрлері қазіргі нарықтық экономиканың ең табысты, ең қарқынды дамушы секторы болып табылады.

1. 2 Шағын кәсіпкерліктің құрылуы және дамуының ғылыми негізделуі

Бүгінгі күні экономикалық өсудегі негізгі бағыт шағын кәсіпкерліктің ынталандырып, оны ұлттық экономикадағы рөлін өсіру. Шағын кәсіпкерлік шаруашылық іс-әрекеттің негізгі әдісі ретінде шаруашылық нысандардың көптеген түрлерін ынталандыруға, халықтың жұмысбастылығын өсіруге және Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі салыстырмалы артықшылықтарын көрсететін болады.

Шағын кәсіпкерлік ескі мәдениеттің барлық кезеңінде болған. Соның арқасында өркениет сол кездегі елдің барлығына таралған. Ірі бизнестің пайда болуына дейін шағын кәсіпкерлікке қойылатын мәселе болмаған. Классикалық экономика өкілдерінің барлығының зерттеуі бүгінгі шағын кәсіпкерліктің сол кездегі жағдайы болған. Мұның барлығы бізге микроэкономика мен экономикалық ілімдер тарихынан белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес менеджментін дамыту тиімділігі
Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің пайда болуы мен қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы ақпарат
Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару және шағын бизнестің дамуы
Шағын кәсіпкерліктің даму кезеңдері
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің даму проблемалары және шешу жолдары
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz