Посткейнсиандық ілім сипаттамасы - солшыл кейнсиандықтар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Экономика және бизнес факультеті

К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С

ТАҚЫРЫБЫ: Посткейнсиандық ілім-солшыл
кейнсиандықтар (Д.Робинсон, П.Сраффаның
экономикалық теория ерекшеліктері
(80-90 жылдар))

Орындаған:Оразбаева С.
Тексерген: Табеев Т.П

Алматы-2004

ЖОСПАР
К і р і с п е 3
Ι.Посткейнсиандық ілім сипаттамасы-солшыл кейнсиандықтар 5
1.1 Д. Робинсон көзқарастары 5
1.2 Монополия әлемi: Д.Робинсон теориясы. 11
ΙΙ. Сраффанндық революцияның концептуалды өзектілігі 13
2.1.Тауарлар өндірісі тауарлар жәрдемімен 13
2.2 Сұраныс және ұсыныс негiзiндегi жалпы тепе-теңдiктi талдаудан бас
тартуы. 17
2.3 Сраффа және бәсекелестiк теорияның сәтсiздiкке ұшырауы. 19
Қорытынды. 22

К і р і с п е

50-60-шы жылдар кейнсиандық ілімнің “шарықтаған” жылдары еді, оған
ортодоксальдық нұсқаның қалыптасуы мен кейнсиандық ілімнің батыстың
экономикалық ойларында басымдау бағыт алуы ықпал етті.
40-шы жылдардың екінші жартысынан бастап, 60-шы жылдардың ортасына
дейін Батыс Европа елдері мен АҚШ-та аса терең экономикалық дағдарыстың
болмауы кейнсиандық бағыттың күшеюіне әсері болды. 60-шы жылдары АҚШ
экономикасының деңгейі ұзақ уақыт өзгеріссіз қалды, ол 8 жылға созылды,
кейнсианшылдар бұл кезді кейнсиандық экономикалық саясаттың салтанат құрған
жылдары деп жариялады. Дәл сол кезде мемлекеттік реттеу орнына келіп,
теория нақты және дұрыс жолға түсіп, жоғары ғылыми беделге ие болған сияқты
еді. Алайда, өмір өз өзгерісін енгізбей қоймады. 70-ші жылдардағы
құрылымдық және циклдық дағдарыстар, әсіресе 1974-1975-ші жылдардағы
дағдарыс пен инфляция созылмалы сипатқа ие болды, осының барлығы
экономикалық қиындықтарды шешудің нақты қандай амалын пайдаланудың жолын
таба алмай экономикалық саясат дағдарып қалды.
Әдетте, өрлеу кезеңіне сәйкес келіп қалған кезде сұранысты шектеу
арқылы инфляцияны тоқтатуға тырысты, ал керісінше сұранысты кеңейте отырып
дағдарысты болдырмауға ұмтылды, алайда циклдық саясатқа қарсы схеманың осы
бір кейнсиандық стандарттары күйреуге ұшырады. Инфляцияның одан әрі дамуы
өрлеу кезеңіндегі үкіметтің саясатын да күрделендіріп жіберді; өрлеуде
әдеттегі әдістермен ынталадыруға тырысушылық үдерiстердi одан әрі ұшықтырып
жiберді және ынталандырушы құралдарды аса сақтықпен қолдануды талап етті.
Кейнсианшілдіктің күйреуі, сонымен бірге барлық жаңаклассикалық
синтез де мемлекеттік реттеудегі ресми доктриналық қасиетінен айырылды,
олар әдеттегі өзінің қарсыластары мен неоклассиктердің сынына ұшырады. 60-
шы жылдардың ортасынан бастап кейнсиандық экономикалық теория Кейнс
теориясын жақтаушылардың тарапынан да сынға ұшырады, олар ортодоксальдық
болжамды қайта қарауға байланысты жаңа бағытты ұсынады. Осы жағдай
экономикалық ойларда посткейнсианшілдік (біздің уақыттағы кейнсиандық) ілім
деген атауға ие болды.

Ι.Посткейнсиандық ілім сипаттамасы-солшыл кейнсиандықтар

1.1 Д. Робинсон көзқарастары

Посткейнсианшілдік өз қатарына әртүрлі әдістемелік және идеологиялық
көзқарастағы экономистерді тартты. Тарихи тұрғыда ол екі ағымның бірігуінен
туады. Бір жағынан алғанда олар солшыл кейнсианшылар, орталығы
Ұлыбританияның Кембридж қаласында орналасқан мұнда ұзақ жылдар бойы өмір
сүріп, қызмет еткен Дж.М. Кейнстің шәкірттері мен серіктері - Н.Калдор,
П.Сраффа мен атақты Джоан Робинсондар тұрады. Бұлар осы бағыттың көпке
танымал жетекшілері.
Басқа қырынан қарасақ кейнсианшілдік 60-шы жылдардың ортасынан-ақ АҚШ-та
да қайта бағалау сынына ұшырады. Қайта қарау ісі Р.Клаэр, А.Леонхуфвуд,
П.Давидсон, С. Вайнтрауб, Х.Мински және т.б. экономистердің басталысымен
жүзеге асты бұл авторлар “толық жұмыспен қамтылмаудың тепе-теңдігі”
ортодоксальдық кейнсиандық теориясына қарсы шықты, олардың тұжырымдауынша
аға буын өкілдері Э.Хансеннің, П.Самуэльсон мен Дж.Хикстің кейнсиандық
болжамдары Кейнс теориясының негізгі мәнін бұрмалайды деп санайды. Олардың
пікірі бойынша Кейнс теориясы мен жаңа классикалық теория бір-бірімен
мүлдем ұйқаспайды, Кейнсиандық “қайта құрудың” осы бағытын монетарлық
кейнсианшілдік деп атайды, себебі мұнда қаржы үдерiсiнiң тұрлаусыздығы мен
тұрақсыздығына аса қатты мән береді.
70-ші жылдары осы екі ағым да көпке танымал бола бастады. Олар кейнсиан
теориясын ауыстырып қана қоймай “неоклассикалық синтез” формасындағы билік
етуші ортодоксияның басқа үлгісін жасап, көзқарастардың анағұрлым кең
жүйесін құруды ұсынады.
Американдық экономист – осы бағыттың аса көрнекті идеологтарының бірі
А.Эйхнер – жаңа экономикалық одақты былайша сипаттайды: ”Лиганың мүшелері
экономикалық теориядағы әртүрлі бағыттағы түрліше көзқарастарды біріктіруді
көздейді: -американдық институционалистер мен еуропалық марксистерді
Кейнстің әріптестерімен теңестіреді. Олардың жұмысы, тұтастай алғанда
ортодоксияның экономикалық теориясында үстемдік ететін баламасының
логикалық мүсінін қайта жасауда үлкен әлеуметтік мүмкіндік береді.
Ортодоксия өзінің күшінің нақты іске аспауынан тұрлаулы экономикалық
саясатқа кедергі болатын бағыт”.
Алайда, өздерінен кейнсианшілдерміз деп санайтындардың ішінде де бұл
бағытты насихаттауда ауызбірлік жоқ. “Посткейнсиандық” атауын
экономистердің басым көпшілігінде қолдануға болады, олардың Кейнстің
алдындағы сіңірген интеллектуалдық борышын есептемегенде, олардың бір-
біріне ұқсамауы, ортодоксальдық теорияға көңіл бөлмеуі әрқилы” – деп
санайды американдық Ш.Доу мен П.Эрл посткейнсиандықты керісінше тар
мағынада дәріптейді. Олар посткейнсиандықтарға тек қана капиталистік
экономиканы тұрлаусыздық ролі тұрғысында және оның ақша-қаржы
инфрақұрылымына ықпалын талдайтын экономистерді жатқызады, ондай талдау
экономикада қаржы тұрақсыздығын тұғызады. Олардың пікірінше
посткейнсиандықтар тек қана “монетарлық кейнсианшілдер”. Ал Кембридждік
солшыл кейнсианшілдерді олар “неорикардиандық кейнсианшілдер” деп атайды,
өйтекені оның өкілдері тұрлаусыздық жағдайындағы ақшаның ролін талдау мен
айналыспайды.
Қалай айтсақ та аталған екі ағымның өкілдері экономикалық теорияға ықпалы
бар кейбір жалпы тәсілдемелерді біріктіреді. Ортодоксальды емес
кейнсианшілдердің қос тобы неоклассикалық жүйені түбірімен жойып, Кейнс
бастаған экономикалық теорияда “революция” жасап, макро және
микроэкономикада жаңа синтез құруды өздерінің басты мақсаты етіп қойды.
Алайда, “радикалдық” посткейнсиандықтың осы кінәрат – талабы оның аса
көрнекті өкілдері өмірден кеткеннен соң (Ю.Робинсон, Н. Калдора, П.
Сраффа, С. Вайнтраубтар) қандайда бір мақсатты, ең бастысы – жалпы
көпшілікке танымал теоретикалық жүйені құруға ықпал ете алған жоқ. 80-ші
жылдарға тән идеология мен саясаттағы консервативтік ілгерілеу рыноктық
экономиканы радикалды “қайта құру” идеясының әлсіреуіне байланысты
“радикалдық посткейнсиандық” өзінің бұрынғы беделін жоғалтты, алайда өмір
сүруін тоқтатқан жоқ.
80-ші жылдың соңында, 90-шы жылдың басында оның қайта тіріле бастағаны
байқалды (қазір “жаңа” кейнсианшілдік деген атпен көріне бастады).
Ағылшын экономисті Д.Коулендер өзінің “Кейнсиандық теория эволюциясы:
Кейнсианшілдіктен Жаңа Классикаға және Жаңа Кейнсиандыққа” атты мағынасы
мол тақырыптағы мақаласында 60-80 жылдардағы экономикалық теорияның даму
үдерісін былайша сипаттайды: “60-шы жылдардың ортасында кейнсиандық
революция өте бастады, ал 70-ші жылдардың ортасында мүлдем құри бастады;
35 жастағы кейнсианшілді таппайсыз; ал 50-ден асқан кейнсиандықтар өз
кабинетінен басын алып шыға алмады.
Ал 35-жасқа толмағандардың жағдайы мүлдем ауыр еді, Жаңа классикалық
экономия пайда болды, 80-ші жылдың басында баспасөзде Кейнсиандықтың
күйреп, қазіргі кездегі басты бағыт Жаңа классика туралы хабарландырулар
жариялана бастады. Алайда Жаңа классиканың үстемдік құруы ұзаққа созылған
жоқ. 80-ші жылдардың ортасында Жаңа классиканы жақтаушыларды-
кейнсианшілдіктің – Жаңа кенсиандық теория өз қыспағына ала бастады,
оларды жаңа классика вирусына қарсы тұратын иммунитеті бар болып шықты.
Посткейнсиандықтың дамуындағы осы бір жаңа өрмек Кейнс теориясының одан
әрі дамуымен сипатталады, оның қазіргі замандағы рыноктық жағдайдағы
макроэкономикалық саясат талаптарына бейімділігі экономиканы
интернационалдандыру мен инфляция үдерісінде үлкен рөлге ие.
Посткейнсиандықтың көрнекті өкілдерін – М. Калецкий, Д.Робинсон, П.Сраффа
мен С.Вайнтраубтарға арналған естелік кітабында А.Эйхнер былай деп жазады:
“Жалпы танылған теорияның басты мақсаты (яғни неоклассикалық -Авт.)
рыноктық экономиканың өзін-өзі реттеуші механизм екендігін көрсету, сонымен
қатар мемлекеттік реттеуге аса қатты мұқтаждық жоқ екендігін көрсету.
Керісінше, посткейнсиандықтар оны мойындамайды.
Көптеген жағдайларда олардың болжауынша мемлекеттің үнемі іске арласуы
өндірістің орталықтандырылған жүйесінде кездесетін зардаптарды жоюда аса
маңызды рөл атқарады”.
Алайда, посткейнсиандықтың әртүрлі өкілдерінің экономикалық саясат
мәселсіндегі бағыты олардың теориялық құрылысы сияқты әрқилы.
Джоан Вайолет Робинсон жүз жылдықтың өте мықты экономистердің қатарына
жатады , ол “Кембридж мектебінің” түлегі, Маршалдың 1936-шы жылға дейінгі
және одан кейінгі басушы, кенсиандық ілімінің ең алғашқы және өте қызу
қанды жақтаушыларының бірі, ең соңында неорикардиандық және посткейнсиандық
мектептің көшбасшыларының бірі емес бірігейі болды.
Джоан Вайолет Морис Surey графтығында Англияда өмірге келген.
Робинсонның экономикаға қосқан үлесі өте зор. Басқа экономистерге
қарағанда ол “бір ғана идеяның” адамы болған емес, Джоан экономиканың түрлі
салаларында көптеген фундаментальдық жаңалықтар ашты. Оның ең алғашқы
еңбектері неоклассикалық теорияның фундаментальдық дамуына арналады.Оның
құн теориясы туралы зерттеулері жалпы тепе-теңдіктегі жаңа классикалық
теорияға көмегі тиеді, сөйтіп П. Сраффаның сынына ұшырамай (1926),
Вайнерден біршама мадақтау, қолдау көрді. Робинсонның неоклассикалық
теорияға қатысты өнімділікті шектеуден түскен табысты болу туралы
түсіндірме мақаласы көпшілік қолдауына ие болды.
Алайда Джоан Робинсон басынан-ақ тыныштықты қаламайтынын көрсетті. Ол
өзінің 1933 жылғы кітабында, одан кейін 1934 жылы өз жарияланымдарында
жетілдірілмеген бәсеке туралы теориясын дәлелдеумен болды. Осы теорияға
ұқсас еңбегін жариялап Эдвард Чемберлин Робинсонмен келіспейтіндігімен
дәлелдемек болған еді. Бірақ ол ойы жүзеге аспады. Робинсон өзінің
теориясынан тез алшақтап кетті, бірақ жетілдірмеген бәсеке теориясы сол
кездегі барлық оқулықтарда жазылып, үлкен жетістікке жетті.
Оның өз көзқарасын аяқ астынан өзгертуіне Кейнстің “Жалпы Теориясы”
ықпал етті. Кембридждегі кейнсиандық “үйірменің” мүшесі бола жүріп, осы
жұмыс жазылып жатқан кезде-ақ Робинсон Кейнстің теориясына толық дәлелді
рецензия жасады (1936,1937)
Калецкидің ұсынуымен Робинсон Карл Марктің еңбектерімен таныса
бастады. Ол құнның еңбек теориясын қолдағысы келмесе де 1942 жылы “Маркстік
экономика туралы эссе” атты мақаласын жариялады. Робинсонның бұл еңбегі
өзінің негізділігімен, жаңа идеясымен, өткірлігімен, сынға қатыстылығымен,
сонымен қатар, Марксті шынайы экономист ретінде қабылдағандығымен
ерекшеленеді. Бұл жұмыс маркстік экономиканы саяси тайталастарада өлтірмей,
сол күйінде алып шығуда үлкен көмегі тиді.
1956 жылы Д.Робинсон өзінің “Капиталдық қорлануы” атты атақты еңбегін
жариялады. Ол еңбек Кейнстің капиталдық қорлануымен ұзақ мерзімді өсуі
проблемасы туралы теориясын толықтыратын еңбек етеді. Бұл проблеманың дамуы
өсу теориясын нақты бейнелеуге (1962), қабылданған Алтын ережені ескере
отырып өсудің түрліше жолдарын белгілеуге ықпал етті. Робинсонның өсу
туралы тұжырымдамасын Николас Калдордың жұмысына сәйкес келді және оны
толықтыра түсті. Кейін екеуі бірігіп атышулы “Өсудің Кембридждік теориясы”
атты еңбектерін жазып шықты.
Робинсонның капитал теориясын зерттеу туралы жұмысы (1995) капиталдың
шоғырлану проблемасын зерттеуден басталған еді.
Өмірінің соңына қарай Робинсон экономикадағы әдістемелік
проблемаларды зерттей бастады (әсіресе, өзінің “тепе-теңдік”теорисымен
келіспеушілігін алсақ). Ол Кейнстің Жалпы Теориясының бастапқы мәнін қайта
жаңғыртуға тырысты. Робинсон сонымен қатар нашар дамыған және дамыған
елдердің проблемаларын зерттеуде айтарлықтай үлес қосты. Бұл әрине, оның
өсу теориясы туралы еңбегінің жемісті нәтижесі еді. Алайда, біраз уақыттан
кейінгі Қытайдың мәдени революциясын мақтаған түсініктемелерімен Робинсон
өзіне жақын достары мен қарсыластарымен таңқалдырды.
Ол Кембриджде 1931 жылдан бастап сабақ бере бастаған еді, алайда
Робинсон профессор атағын 1965 жылы иемденді. Робинсонның Нобель сыйлығын
алмауы экономика ғылымындағы өте қайғылы “түсінбеушілік” болды. Оны
қасақана марапаттауға ұсынбағандығы белгілі еді. Джоан Нобель сыйлығынан да
қымбат “сыйлыққа” ие болды. Оған дәлел Робинсон еңбектерінің экономикаға
ықпалы қазіргі кезде де өте зор екендігі оның шығармаларының сан алуандығы
мен көлемі Робинсонның экономикалық теория саласында өте мықты экономист
екендігін көрсетті.

1.2 Монополия әлемi: Д.Робинсон теориясы.

Джоан Робинсон Кембридж университетіне 1922 жылы түсті. Ол кезде
Маршаллдық экономикалық теориясы басты орында тұрған еді. Одан кейінгі 10-
15 жылдан соң Маршалл теориясы өзінің күшін жойды. Оған Джоан Робинсонның
бәсекелестігі жоқ әлемі туралы ерекше зерттеулері көп әсер етті. Бірнеше
жылдардан кейін Кейнстің “Жалпы Теориясы” салыстырмалы баға мен тепе-
теңдіктен де маңызды проблеманың алда тұрғандығын көрсетті. Ол проблема
табыс пен жұмыспен қамтылуды айқындайтын фактор еді. Кейнстің Робинсон
көзқарасын кеңейтуге әсері айрықша болды. Робинсон экономикалық өсу мен
қорланудың аса қысқа мерзімдік құбылысын ұзақ уақытта жүру процессін
талдауға көшті. Оның “Жұмыспен қамтылуы теориясына кіріспе”, “Жұмыспен
қамтылу теориясы очерктері” - түсініктемелерін оқыған адам, жаңа
экономикалық теория Джоанды қаншалықты баурап алғанын түсінер еді. Алайда,
тез арада-ақ Робинсонның Маркстің теориясына қызығушылығы айқан болды. Джон
Стрэчидің мақаласының ізімен ол “Маркстің экономикалық теориясына”- атты
тамаша жұмысын жариялады. Екеуінің де еңбектерінде басты орын Маркс
теориясына бөлінген болатын. Бұл еңбекте маркстің капиталдың қорлануы мен
айнымалы проблемасына талдау жасайды. Робинсон “Капиталдың шоғырлануы”
еңбегін жазған кезде Маркстің бұл процесте технологиялық факторлардың ролі
туралы ережесіне сүйенетiндігі байқалады.
Маркс пен Кейнстің көзқарастарының өте жоғары деңгейдегі жақындығын
мойындаған зерттеушілердің бірі Робинсон еді. Екеуіде капиталдың
шоғырлануын пайда табуды көздеген процесс деп санайды. Олардың жұмыстарына
өндірістік мүмкіндіктер мен тұтыну мүмкіндіктері арасындағы ұдайы қарама-
қайшылық дағдарысқа ұшыраудың басты себептерінің бірі екендігі жазылған.
“Жетілдірілмеген бәсеке экономикасы” еңбегінде Дж. Робинсон тұрақты талдау
жасайды. Онда дамудың серпінділігімен экономикалық өсудің жекелеген
элементтерін талдаған. “Жетілдірілмеген бәсеке” кітабында Дж. Робинсон
былай дейді: “егер бәсекелес - өндірушілер түрлі тауарлар шығарып,
әрқайсысы өз тауарларына монополия кұрса, онда бәсеке теориясы іске
аспайды”.
Дж. Робинсонның талдау әдісі ішінара тепе-теңдікке құрылған. Оның
болжамы бойынша саланың фирмалары, біреуінен басқасы тепе-тең жағдайда
тұрады, ал оның серпінділігі зерттеуді қажет етеді. Маржиналистік
тұжырымдамаларға сәйкес өндіріс өзіне тиісті деңгейге шекті шығын мен
шекті ақшалай түсім тең болған кезде жетеді. Жетілдірілген бәсеке
жағдайында өндірушіге ішкі экономикалық факторлар әсер етпейді (себебі
жеке өндіруші тауардың бағасына өзгеріс енгізе алмайды ғой), ол өндіріс
көлемін шекті шығын мен баға теңдескенше ұлғайта түседі. Бірақ баға
дегеніміз сол орташа ақшалай түсім ғана. Басқа жағынан алғанда,
жетілдірілмеген бәсеке кезеңінде әрбір өндіруші монополист болып табылады,
оларға тек қана тұтынушының зиян келтіруі мүмкін, сатып алушы онымен
бәсекелес фирманың тауарын алуға көңілі соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда
аутқымалы сұраныстың сипаты оның икемделу дәрежесіне тәуелді, немесе
тауарды шығаратын жерде қаралатын өлшемнен төмен болса, пайданың шегі нөлге
тең болады немесе нөлден төмен болады. Бұл кезде өндіріс көлемін қысқарту
тиімді болады.
Дж. Робинсон олигополия саясатын, олардың өзара тәуелдігін, өндіріс
шығынымен, тауарды сатып алушылардың тауардың сапасына, транспорт шығынына,
қызмет көрсету сапасына жан-жақты талдау жасаған.
Өнімді саралау проблемасын толық зерттемесе де Дж. Робинсонның бұл
кітабы экономикалық талдау тарихында аса ірі оқиғалардың бірі ретінде орын
алады. Оның “Жетілдірілмеген бәсеке” және Чемберлиннің “Монополисттік
бәсеке” атты еңбектері барлық экономистерді летаргиялық ұйқыдан оятты. Дж.
Робинсонның кітабында монополияға қатты көңіл бөлінеді. Біздің
байқағанымызша монополия әлеміндегі табысты бөлу түбірімен өзгереді. Оң
экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша бағаны реттеу ісі оң жолға
қойылды, осы арқылы ауытқымалы ұсыныстың икемділігін қамтамасыз етуге
болады. Еркін рынок экономикалық жоспарлаудың арқасында өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ілімдер тарихы
Экономика ілімдерінің тарихы
Неолиберализм: бастау көздері мен әр түрлі мектептері
Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері
Неолиберализм теориясы өкілдерінің экономикалық көзқарастары
Экономикалық ілімнің пәні және зерттеу әдістері
Басқарудың негізгі принциптері, әдістері. Еңбек ұжымының жетекшісі
Ақша - несие саясатын жүзеге асырудың құралдары
Ақша - несие саяасатының теориялық негізі
Экономикалық теорияның ғылым саласы ретінде қалыптасуы
Пәндер