Холдингтің еншілес компаниялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Халықаралық Бизнес Академиясы

Курстық жұмыс тақырыбы:

Самұрық мемлекеттік холдингі АҚ

Тексерген: Исахова Ф.Б
Орындаған:Чегимбаева А.А
2-курс студенті, Қ-0602

Алматы 2008ж.

Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-бет
I бөлім. Самұрық мемлекеттік холдингі туралы жалпы мәлімет
1.1 Холдинг
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4-5-бет
1.2 Холдингтің еншілес компаниялары және Басқармасы ... ... 5-7-бет
II Негізгі бөлім.
2.1 Холдинг компанияларының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары
туралы есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-9-бет
2.2 Холдингтің
жобалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-
15-бет
2.3 Даму институттарына мәлімделген жобалар ... ... ... ... ... ... ..15 -19
2.4 Холдинг құрамына кіретін топтардың қызметі ... ... ... ... 19-28
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..29-бет
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30-бет

Кіріспе
Нарықты экономика негізінде, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
ететін, елімізді дамыған елдер қатарына бір қадам болса да жақындататын
маңызды құралдардың бірі – мемлекеттік компанияларда корпоративтік
басқаруды жетілдіру мақсатында құрылатын мемлекеттік холдингтер болып
табылады.
Қазіргі таңда, көптеген мемлекеттер мемлекеттік холдингтер құру жолын
таңдауда. 2002-2003 жылдары бірнеше мұндай құрылымдар – Малайзияда,
Норвегияда, Ұлыбританияда және Қытайда пайда болды.
     Мұндай мемхолдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
перспективаларда мемлекеттік мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты
секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді
құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін
бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы
жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік
инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын
арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.
Біздің мемлекетімізде, мұндай мемхолдингтің бірі 2006 жылдан бастап
жұмыс атқарып келеді. Ол - ТМД кеңістігінде бірінші пайда болған Самұрық
холдингі АҚ болып табылады. Самұрық холдингі АҚ -ның бірегейлігі -
мемлекет экономикасының тұрақтылығын бағдарланған компанияның серпінді
бизнесімен үйлестіруінен құралады

I бөлім. Самұрық мемлекеттік холдингі туралы жалпы мәлімет
1.1 Холдинг туралы
Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық
холдингі АҚ Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің
мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығымен және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысы
құрылды.
Мемлекеттік холдинг құру идеясын Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылғы Сингапурға сапарынан кейін
ұсынды. Президент сапары барысында Temasec сингапур холдингі қызметімен
танысты, ол – индустрияландыру компаниясының шеңберінде 1960-шы жылдары
жүзеге асырылған барлық мемлекеттік инвестицияларды басқару үшін Сингапур
үкіметі 1974 жылы іргетасын қалаған дүниежүзіндегі мемхолдингтердің
неғұрлым танымалдарының бірі. Бүгінгі таңда құны 60 млрд. доллар портфелді
басқаратын Temasec компаниясы компаниялардың қолданыстағы портфелін
оңтайландыруға, халықаралық компанияларды және өсуі ықтимал компанияларды
қалыптастыруға тырыса отырып, белсенді рөл атқарады.
Мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды жетілдіру үшін
біршама елдер мемлекеттік холдингтер құру жолын таңдады. 2002-2003 жылдары
іле-шала бірнеше мұндай құрылымдар – Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда
және Қытайда пайда болды.
     Самұрық мемлекеттік холдингін құру жөніндегі жоспарды әзірлеуге
McKinsey компаниясы тартылған болатын, ол – тәуелсіз шетелдік консалтиг
компаниясы, мемлекеттік активтерді басқарумен айналысатын компанияларды
құру жөнінде үкіметтерге арналған 6 жобаны іске асыруда практикалық
тәжірибесі бар консалтрейтингтің әлемдік жетекшісі. Қазақстан тарапынан
жобаға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жанындағы
Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы АҚ қатысты.
     Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
перспективаларда мемлекеттік мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты
секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді
құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін
бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы
жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік
инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын
арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.
     ТМД кеңістігінде бірінші пайда болған Самұрық холдингі АҚ-ның
бірегейлігі - мемлекет экономикасының тұрақтылығын бағдарланған компанияның
серпінді бизнесімен үйлестіруінен құралады.
     Осы мақсатта тәуелсіз директорлар институты құрылды, бухгалтерлік
есептілік және аудиттің халықаралық стандарттары енгізілуде, озық
тәжірибеге және үздік халықаралық стандарттарға сәйкес корпоративтік
басқару үлгісі өзгереді.
     Белсенді акционер ретінде әрекет жасай отырып, корпоративтік басқару
жүйесін жетілдіру, компанияның бюджеттерінің ашықтығын арттыру міндеттерін
шешеді деп танылған Самұрық холдингі АҚ компанияның жедел қызметіне
араласпай, директорлар кеңесі арқылы компанияның қызметін басқарады.
1.2 Холдингтің еншілес компаниялары
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы №117
қаулысына сәйкес Самұрық холдингі АҚ-ның жарғылық капиталына 5
компанияның акцияларының мемлекеттік пакеттері берілді:
рс Компания Акциялардың
№ мемлекеттік пакетi
(%)
1 ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы акционерлік 100,00
қоғамы
2 Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы 100,00
акционерлік қоғамы
3 Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан 100,00
компаниясы KEGOC (Kazakhstan Electricity
Grid Operating Company) акционерлік қоғамы
4 Қазпочта акционерлік қоғамы 100,00
5 Қазақтелеком акционерлік қоғамы 51%

    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы №1020
қаулысына сәйкес Самұрық холдингі АҚ-ның жарғылық капиталына 14
компанияның акцияларының мемлекеттік пакеттері берілді:
рс Компания Акциялардың
№ мемлекеттік пакетi (%)
1 ҚазҚуат акционерлік қоғамы 100,00
2 Екібастұз энергия орталығы акционерлік 100,00
қоғамы
3 Академик Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ 50,00
энергетика ғылыми-зерттеу институты
акционерлік қоғамы
4 Бұқтырма су электр станциясы акционерлік 90,00
қоғамы
5 Электр энергиясы мен қуаты рыногының 100,00
қазақстандық операторы акционерлік қоғамы
6 Шүлбі СЭС-сі акционерлік қоғамы 92,13
7 Өскемен су электр станциясы акционерлік 89,99
қоғамы
8 Эйр Астана акционерлік қоғамы 51,00
9 Маңғыстау таратушы электр желісі 94,25
компаниясы акционерлік қоғамы
10 Қазтеңізкөлікфлоты ұлттық теңіз кеме 50,00
қатынасы компаниясы акционерлік қоғамы
11 Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan 100,00
engineering) ұлттық компаниясы акционерлік
қоғамы
12 Майқайыңалтын акционерлік қоғамы 25,00
13 Павлодар әуежайы акционерлік қоғамы 100,00
14 Ақтөбе халықаралық әуежайы акционерлік
қоғамы 100,00

Холдингтің Директорлар Кеңесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі № 829
қаулысына сәйкес Директорлар кеңесінің мынадай құрамы белгіленді:
Ричард Эванс -Тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің
төрағасы;
    
Павлов Александр -Тәуелсіз директор;
Сергеевич
    
Сұлтанов Бақыт -Қазақстан Республикасының Экономика және
Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі;
    
Мыңбаев Сауат -Қазақстан Республикасының Энергетика және
Мұхаметбайұлы минералдық ресурстар министрі;
    
Бозымбаев Қанат -Басқарма төрағасы.
Алдабергенұлы

Холдинг Басқармасы
Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық
холдингі АҚ Басқармасының құрамы
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы – Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің
мүшесі
Қабылдин Қайыргелді Мақсұтұлы – Басқарма төрағасының орынбасары
Вокурка Ульф – Басқарма төрағасының орынбасары
Қанешев Біржан Бисекенұлы – Басқарушы директор, Басқарма мүшесі
Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы – Басқарушы директор, Басқарма мүшесі

2.1 Холдинг компанияларының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары
туралы есеп
ҚазМұнайГаз ҰК АҚ
ҚазМұнайГаз еншілес ұйымдарының пайда жөніндегі қорытынды нәтижесі
2005 жылдың деңгейіне қарағанда 2 есеге дерлік өсті және 248 млрд. теңгені
құрады. Өсімге өндіріс көлемдерін ұлғайту жөніндегі іс-шаралардың, қолайлы
баға конъюнктурасының және өндірістік қызметтің негізгі бағыттары бойынша
үлес шығындарын азайту мен өндірістік емес шығындарды қысқарту жөніндегі
жүргізілген саясаттың негізінде қол жеткізілді.
      Қазақстан темір жолы ҰК АҚ
     2006 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан темір жолы ҰК АҚ
бойынша 32 млрд. теңге деңгейінде қорытынды пайда күтілуде, бұл 2006 жылға
арналып бастапқыда жоспарланған таза шығынның теріс нәтижесі – 38 млрд.
теңгеден 70 млрд. теңгеге артық. Компания 2006 жылы ҚЕХС-ға сәйкес жолдар
мен локомотивтерді күрделі жөндеу жөніндегі шығындарды 26 млрд. теңге
мөлшерінде капиталдандырды. Қаржы көрсеткіштерін елеулі түрде жақсарту
жөнінде қол жеткізілген нәтижелер өндіріс көлемдерін ұлғайтудың және
шығыстардың өсу қарқынын ұстау жөніндегі шаралардың арқасында қамтамасыз
етілді.
     Қазақтелеком АҚ
     Компанияның 2006 жылғы қорытынды пайдасы 34,4 млрд. теңгені құрады,
2005 жылғы деңгейге қарағандағы өсім өндіріс көлемдерін арттырудың және
шығындар өсімін шектеудің арқасында 5%-ды құрады. Қаржы нәтижелерін
жақсарту және телекоммуникациялық қызметтердің бәсекелі нарығындағы үлесті
ұстау үшін Компания өндірістік қызмет бағыттарын әртараптандыру жөніндегі
саясатты жүргізеді.
     KEGOC АҚ
     2006 жылдың қорытындылары бойынша қорытынды пайда 1 млрд. теңге
деңгейінде күтілуде, бұл 2005 жылғы деңгейге қарағанда 23 млн. теңгеге
елеулі өсім болып табылады. Көрсетілген өсімге негізінен электр энергиясын
ішкі тұтыну көлемін ұлғайтудың және бағам айырмашылығының арқасында қол
жеткізілді. Компания электр энергиясын нормативтік лимиттерден аспайтын
деңгейде беру кезінде технологиялық шығындарға жұмсалатын шығындар деңгейін
ұстауға ұмтылады.
    
Қазпочта АҚ
     Компанияның 2006 жылғы қорытынды пайдасы 2005 жылғы деңгейден 14 %-ға
өсті және 197 млн. теңгені құрады. Қаржы нәтижесінің өсімі көрсетілетін
қызметтер көлемі артуының және ауылдық және облыстық бөлімшелердегі
персоналдың жалақысын орташа республикалық деңгейге дейін ұлғайту
қажеттілігіне қарамастан шығындар өсімін ұстау жөніндегі іс-шаралардың
арқасында қамтамасыз етілді.
2.2 Холдингтің жобалары
Мұнай-газ активтерін басқару тобы жетекшілік ететін жобалар
     Самұрық холдингі және Мамандандырылған кеңес мақұлдаған мұнай-газ
саласындағы инвестициялық ниеттердің жобалары
     1. Жаңа жол – КС-13 газ құбырын салуды ескере отырып, Ұрықтау кен
орнында көмірсутек шикізатын өндіру
     2. Хвалынское кен орнын игеру
     3. Орталық құрылымын геологиялық барлау және игеру
     4. Н жобасы
     5. Дархан құрылымын геологиялық барлау және игеру
     6. Абай құрылымын геологиялық барлау және игеру
     7. Исатай құрылымын геологиялық барлау және игеру
     8. Атырау облысындағы Р-9 барлау блогы шегінде көмірсутегі шикізатын
барлау
     9. Атырау облысындағы Р-24 барлау блогы шегінде көмірсутегі шикізатын
барлау
     10. Өлі Құлтық барлау блогы шегінде көмірсутегі шикізатын барлау
     11. Атырау облысындағы Қаратон-Сарықамыс (ТШО аумағы) барлау блогы
шегінде көмірсутегі шикізатын барлау
     12. Атырау МӨЗ-да вакуумдық газойлдың резервуар паркін сала отырып,
ЭЛОУ-АВТ-3 вакуумдық блок қондырғысын қайта жаңарту
     13. Өзен-Атырау-Самара мұнай құбырының өткізу қабілеттілігін 25-30
млн. тоннаға дейін кеңейту
     14. Орта Азия – Орталық газ өткізу жүйесін жаңғырту
     15. Бұхара газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы магистралдық газ
құбырының жаңа учаскелерін салу
     16. Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырын салу
     17. Атырау МӨЗ-інде бензол өндіру
     18. Атырау әуежайында жолаушылар және жүк терминалдарын салу
     19. Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі Солтүстік-Каспий базасын салу
     20. Бейнеу – Бозой және Шалқар – Самсоновка магистралдық газ
құбырларын салу
     21. Бұрғас-Александрополис мұнай құбырын салу
     22. Наукоград жобасы
     Самұрық холдингі және Мамандандырылған кеңес мақұлдаған мұнай-газ
активтерін дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар
     1. Өзен кен орнының 3-А блогын оңалту
     2. Жамбай Южный – Южное Забурунье учаскесін геологиялық барлау және
игеру
     3. Түп-Қараған учаскесін геологиялық барлау және игеру
     4. Аташ учаскесін геологиялық барлау
     5. Прибрежный блок С-1 учаскесін геологиялық барлау және игеру
     6. Прибрежный блок С-2 учаскесін геологиялық барлау және игеру
     7. Арал учаскесін геологиялық барлау және игеру
     8. Жамбыл учаскесін геологиялық барлау
     9. Жемчужины құрылымын геологиялық барлау және игеру
     10. Құрманғазы құрылымын геологиялық барлау және игеру
     11. Солтүстік Каспий жобасы бойынша СРП шеңберінде перспективалық
учаскелерді геологиялық барлау және игеру
     12. Амангелді газ кен орындары тобын игеру
     13. Атырау МӨЗ қайта жаңарту
     14. Атасу – Алашонкоу мұнай құбырын салу
     15. Мұнай құю танкерлерін сатып алу, салу және пайдалану
     16. Орта Азия – Орталық-4 магистралдық газ құбыры лупингінің және
Тірек компрессор станциясы №4 турбокомпрессор цехының учаскелерін салу
     17. Теңіз кемелеріне жанар май құю станциясын салу
     18. Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру мақсатында тікұшақ
паркін қайта жарақтандыру
     19. Теңіз операцияларын қолдау флотын салу және сатып алу
     20. Маңғыстау облысының Баутино кентінде Теңіз операцияларын қолдау
базасын салу
     21. Мұнайы бар қалдықтарды кәдеге жарату қондырғысымен уытты өнеркәсіп
қалдықтарын көмуге арналған полигон салу
     22. ЦППН Солтүстік Бозашы – Қаражанбас НПС бұрушы мұнай құбырын салу
     23. Өздігінен көтеретін бұрғылау қондырғысын салу
     24. 2003-2006 жж. мұнай мен газды қайта өңдеу өнімдерін сатудың бөлшек
сауда желісін дамыту
     25. Мұнай мен газды қайта өңдеу өнімдерін сатудың 2006-2010 жылдарға
арналған бөлшек сауда желісін дамыту
     26. Тбилгази газ тасымалдау және газ бөлу жүйесін жаңғырту
    
Мұнай-газ активтерін басқару тобы жетекшілік ететін негізгі жобалар
     Акционер ретінде Самұрық холдингі шешуге қатысатын ҚазМұнайГаз
ұлттық компаниясының жобалары:
     Көмірсутектерін барлау және өндіру жөніндегі ірі жобалар:
• жобаларды іске асыру кестесінің мониторингі;
• әріптестермен жоба бойынша жүйелі негіздегі консультациялар;
• мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
     Акционерлік қоғамдардың қор нарықтарына шығуы:
• мәмілелердің шарттарын бағалау;
• қарыз алу нормативтерін бағалау.
     Орынбор ГӨЗ базасында бірлескен кәсіпорын құру:
• жұмыс тобының отырыстарына қатысу;
• осы жоба бойынша ТЭН мен басқа да құжаттарды зерделеу,
сараптамалық қорытындылар дайындау.
     Коммуналдық және республикалық меншіктегі Батыс Қазақстан, Ақтөбе және
басқа да бірқатар облыстардың газ тарату желілерін ҚазКөлікГазАймақ АҚ
(бұрынғы ҚазКөлікГазДистрибьюшн АҚ) мамандандырылған ұйымына беру
• Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
комитетімен, облыстар әкімдіктерімен құқықтық және рәсімдік
аспектілерді келісу;
• көрсетілген активтерді бағалау мен қабылдау-беруді ұйымдастыру
жөніндегі бірлескен комиссиямен жұмыс.
     Солтүстік Қазақстан облысының аумағы бойынша өтетін Түймазы-Омск-
Новосібір (ТОН-2) мұнай құбыры учаскесін ҚазТрансОйл АҚ-қа беру:
• осы құбыржолының мәртебесін айқындауға қатысу;
• қабылдап алу-беруді ұйымдастыру жөніндегі бірлескен комиссияны
құру.
     ҚазТеңізКөлікФлоты компаниясының танкерлер сатып алуы:
• реттеуші органдармен консультациялар;
• мәміле шарттарын зерделеу;
• корпоративтік шешімдер дайындау.
     Батыс-Оңтүстік көлік дәлізін салу:
• Самұрық холдингінің ішіндегі мүдделі ұйымдарды айқындау, олардың
қызметтерін үйлестіру;
• техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізу.
     Электр энергетикасы активтерін бөле отырып, ҚазКөлікГаз АҚ қайта
құрылымдау:
• ұйымдастыру сызбаларын айқындау;
• құқықтық және қаржылық-экономикалық аспектілерді зерделеу;
• инвестициялық қызмет мәселелерін пысықтау.
Көлік активтерін басқару тобы жетекшілік ететін жобалар
     Маңғышылақ – Баутино және Ерәлиев – Құрық
     2007 жылы Қазақстанның жүктерін Каспий теңізімен тасымалдау және теңіз
порттарының мүмкіндіктерін неғұрлым тиімді пайдалану үшін Маңғышылақ –
Баутино және Ерәлиев – Құрық жаңа темір жол құрылысын іске асыру жөнінде
шаралар қабылдануда.
     Қорғас – Сарыөзек
     Қорғас – Сарыөзек жаңа темір жол желісін салу жөніндегі жұмыс
жандандырылуда.
     Мақат – Қандыағаш, Қостанай – Железорудная 
     Мақат – Қандыағаш, Қостанай – Железорудная жүк тасымалы барынша көп
темір жол учаскелерін электрлендіру жөніндегі жұмыстар жандандырылуда.
     Тепловоз паркін жаңғырту
     Дженерал Электрик америкалық компаниясының дизелді-генераторлық
қондырғыларын орнату жолымен тепловоздарды жаңғырту жалғастырылатын болады.
     Локомотив зауытын салу
     Сонымен бірге темір жол көлігінің тарту қызметтеріне деген өскелең
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін дизелқұрау саласындағы әлемдік жетекші
компаниялардың, атап айтқанда Дженерал Электрик компаниясының қатысуымен
Қазақстанда локомотив шығару зауытын салу жөнінде белсенді шаралар
қабылданатын болады.
     Техникалық қайта жарақтандыру
     Тасымалдарды қазіргі заманғы технологияларға көшіру мақсатында темір
жолдарды техникалық қайта жарақтандыру, прогрессивтік ақпараттық басқару
жүйелерін енгізу, ресурс үнемдеуші жаңа технологияларды дамыту
жалғастырылады.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды мемлекеттік-жеке меншік
әріптестік қағидаты бойынша жүзеге асыру жоспарлануда.
Электр энергиясы активтерін басқару тобы жетекшілік ететін жобалар
     Самұрық холдингі перспективалық электр жүктемелерін жабу нұсқаларын
техникалық-экономикалық зерттеуді әзірлеу бойынша конкурс жариялады. Бұл
зерттеудің мақсаты Оңтүстік Қазақстанды энергиямен қамтамасыз ету мәселесін
шешуді айқындау болып табылады. Әзірленген ТЭЗ негізінде Холдинг 2007
жылдың екінші жарты жылдығында елдің оңтүстік өңірлеріндегі электр
қуаттарының тапшылығын жабуды қамтамасыз ететін станция құрылысының ТЭН-ін
әзірлеуді жоспарлап отыр.
     Директорлар кеңесі Холдингтің Қырғызстанда Қамбарата ГЭС-1 және ГЭС-2
құрылысының алдын ала ТЭН-ін қаржыландыруға қатысатынын мақұлдады. Бұл
станцияларды салу су-энергетикалық мәселелерді реттеуге және Орталық Азия
елдерімен және Ресеймен интеграциялық үдерістерді реттеуге бағытталған
маңызды инвестициялық жоба болып табылады.
     Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғырту жобасы (1-кезең)
     Жоба мыналарды көздейді:
     - 46 кіші станциялардағы (KEGOC АҚ теңгеріміндегі 74-тің) ескірген
жоғары вольтты жабдықты ауыстыру;
     - кіші станцияларды релелік қорғау және автоматтандыру құралдарын
жаңғырту;
     - телекоммуникация құралдарын, Ұлттық электр желісін басқару жүйесін
жаңғырту (бақылау және деректерді өңдеу жабдығы (SCADA), энергетикалық
басқару жүйесі (EMS);
     - электр энергиясын коммерциялық есептеу және корпоративтік ақпараттық
жүйесінің автоматтандырылған жүйесін құру.
     ҰЭЖ жаңғырту жобасын іске асыру Қазақстанның ұлттық электр желісінің
сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін, электр энергиясы мен қуаттардың
көтерме нарығының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, есепке алу мен
бақылау жүйелерін жетілдіруге бағытталады.
     Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғырту жобасы (2-кезең)
     Бұл жоба Компанияның жарғылық функцияларын орындауын қамтамасыз ету
мақсатында Ұлттық электр желісін жаңғыртудың кезекті сатысы болып табылады.
     2007 жылы электр энергиясының көтерме сауда нарығын одан әрі дамыту
және Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесі жұмысының
сенімділігін арттыру мақсатында Компанияның электржелілік объектілерін,
телекоммуникация, байланыс құралдарын, ақпараттық және есептеу құрылғыларын
жаңғыртуды қамтитын жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленетін
болады.
     Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ электр беретін
екінші желісін салу жобасы
     Жоба Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания
акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 125 қаулысына сәйкес іске асырылады.
     Бұл электр беру желісін салу:
     - Солтүстік Қазақстан электр станцияларынан электр энергиясын жеткізу
есебінен республиканың оңтүстік өңірлерінің электр қуаттарына тапшылығын
азайтады;
     - Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желісінің транзиттік
әлеуетін ұлғайтады;
     - Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық энергия жүйесі жұмысының
сенімділігін арттырады.
     Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық электр беру желісін
салу жобасы
      Жоба Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі мен акцияларының 20%-ы KEGOC АҚ-қа тиесілі Батыс транзит АҚ
арасында концессиялық келісім жасасу жолымен мемлекеттік-жеке меншік
әріптестігі негізінде Солтүстiк Қазақстан – Ақтөбе облысы өңіраралық
электр беру желiсi құрылысының жобасын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 1008 қаулысына
сәйкес іске асырылады.
     Жаңа ЭБЖ салу Ақтөбе облысы тұтынушыларының Ресейден электр энергиясы
жеткізілімдеріне тәуелділігін азайтады және Батыс пен Солтүстік
Қазақстанның жүйеаралық байланысын жасайды.
     Мойнақ ГЭС-ін салу жобасы
     ҚазҚуат АҚ Алматы облысының Шарын өзенінде белгіленген қуаты 300 МВт
Мойнақ ГЭС-ін салу жобасын іске асыруды қамтамасыз етеді. Осы станцияны
енгізу Қазақстанның оңтүстігіндегі электр қуатының тапшылығын азайтуға
мүмкіндік береді.
     Станцияның жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде KEGOC АҚ Мойнақ
ГЭС-інен Қазақстанның БЭЖ-не электр қуатын беруді қамтамасыз ететін 220 кВ
электр беру желілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемесін
әзірлеуде.
Өнеркәсіп активтерін басқару тобы жетекшілік жасайтын жобалар
Қазақстан инжиниринг АҚ инвестициялық жобалары
- мұнай-газ саласына арналған өнімдер шығару жөніндегі өндірістерді дамыту;
- көліктік машина жасау саласындағы өнімдер өндірісін дамыту;
-электротехникалық, электрондық және энергетикалық мақсаттағы өнімдер
шығаруды дамыту;
- тау-кен металлургия саласының қажеттіліктері үшін өнімдердің жаңа
түрлерін игеру;
- арнайы және қосарлы мақсаттағы өнімдер өндіру саласындағы жаңа бағыттарды
дамыту.
Қазіргі сәтте 7 600 млн. теңге сомасындағы 4 инвестициялық жоба іске
асырылу сатысында тұр. Компания инвестициялық бағдарлама әзірледі, оған
сәйкес 2007 – 2009 жылдар ішінде мемлекеттік даму институттары мен
Компанияның стратегиялық қаржы әріптесі – БанкТұранӘлем АҚ есебінен жалпы
сомасы 7 млрд.-тан астам теңгеге 8 инвестициялық жобаны іске асыру
жоспарлануда.

2.3 Даму институттарына мәлімделген жобалар:
Қазақстанның Даму Банкі АҚ-да Агрегаттар мен тораптар өндірісін құру
жобасы
2005 жылғы мамырда КАМАЗ автомобильдерін автожинау өндірісін
ұйымдастыру мақсатында КАМАЗ ААҚ мен Қазақстан инжиниринг ҰК АҚ КАМАЗ-
Инжиниринг ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрды. 2006 жыл ішінде тауар өнімін
өндіру көлемі 8 000 млн. теңгені құрады. Барлығы 1 621 бірлік өнім, оның
ішінде: 101 бірлік автобус, 1 520 самосвал шығарылды.
Жоба шеңберінде өндірісті кезең-кезеңімен жергіліктендіру көзделеді.
2006 жылы КАМАЗ автомобильдері өндірісіндегі қазақстандық құрауыштың үлесі
12 %-ға жетті. 2010 жылға қарай – оның деңгейін 50 %-ға дейін жеткізу
жоспарлануда. КАМАЗ автомобильдеріне арналған агрегаттар мен тораптар
өндірісін құру жобасы осы бағыттың дамуына айналады.
Жобаны іске асыру үшін қажетті инвестициялар 60 млн. долларды құрайды.
Жобаны 4 кезеңде іске асыру жоспарланып отыр:
-Бірінші кезеңде жүктемесі 10 және 11,5 тонна орта және артқы біліктерге
арналған ось аралық дифференциалы бар гипоидті редукторлар тұқымдастарын
өндіру игерілетін болады (26 млн. доллар);
-Екінші кезеңде – бөлу қораптары тұқымдастарын (12 млн. доллар);
-Үшіншіде диапазонды гидравликалық берілістерді (ДГБ) өндіру игерілетін
болады (15 млн. доллар);
-Төртіншіде – лебедкалар тұқымдастары (8 млн. доллар).
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Холдингті компаниялардың және олардың қатысуымен компаниялардың бірігуі
ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГТЕР
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштерін талдау
Басты өнеркәсіптік компания
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры»
Басқарудың ұйымдық құқықтық формалары
Агроөнеркәсіптік кешенін несиелендіру мәселелерінің теориялық негізі
Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару принциптері
Мемлекеттік меншікті басқару мен реттеу
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру мен несиелендіру көздері
Пәндер