Ұсыныстың баға емес факторлардың әсерінен өзгеруі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
---------------3

І. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ--------5
1. Сұраныс заңы. Сұраныстың баға емес факторлардың әсерінен
өзгеруі---------------------------- -------------------------
-----------------------6
1. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың баға емес факторлардың әсерінен
өзгеруі---------------------------- ------------------------
-----------------------8

ІІ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ----------------------10
1. Сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі---------------------------- -----
-------10
2. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі------------------------- ---------------
-----15

ІІІ. РЫНОКТЫҢ МЕХАНИЗМНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН
КЕМШІЛІКТЕРІ----------------------- -----------------------------------
----------17
1. Сұраныс пен пайдалылық------------------------- ----------------
------------17
2. Ұсыныс пен өндіріс шығындары-------------------------- ---------
---------19

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- --------------------------25

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан - 2030
Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық
дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл
- ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға
қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Жоғары индустриалды қоғам жаңа
технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен,
халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтартардың жеңілдеуімен
сипатталады. Сондай – ақ, меншік қатынастары, экономикалық өсудің
әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді,
адам капиталының рөлі жоғарлайды. Бағдарламада көрсетілгендей жоғары
индустриалды сатыға өту үшін ұзақ мерзімді экономикалық дамуды қамтамасыз
ету қажет.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық
әл – ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып
табылады [1].
Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық
қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Рыноктың
құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы
тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де
т.б. кіреді. Қазіргі рыноктық экономика рыноктардың бүгінгі бір жүйесі –
тауар мен қызметтер, жұмыс күші, қарыз капиталдарының, бағалы
қағаздардығң, валюталық рынок және басқалары. Қандай рынок болса да, оның
нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен
ұсынысқа, бәсекеге негізделеді.
Рыноктағы тепе – теңдікті орнататын қандай экономикалық құралдар
екенін көруге болады. Біріншіден, бұл бағалар. Салыстырмалы бағалардың
өзгеруі өндірушіге өндіріс көлемін өзгерту қажеттігін анықтау
технологиясын таңдауға әсерін тигізеді. Бағалар ақыр соңында табыстардың
берілген бір деңгейінде өнімді кімдер тұтынатын да алдын ала анықтайды.
Екіншіден, бұл сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс төлем мүмкіндігі бар
қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатынг ақша
солмасы. Ұсыныс дегеніміз берілген бағада сатуға арналған тауардың
саны. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының өзгеруі бағаның құн
төңірегіндегі тербелуін тудырады. Осы тербеулер арқылы сұраныс пен
ұсыныстың тепе – теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың теп – теңдігін
қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.
Үшіншіден, бұл бәсеке. Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша
ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайту. Ал бұның
өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне
әкеліп соғады да, олар бір біріне деген қатынасы қарсыластар немесе
бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандай да бір тауардың ұсынысы
сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес
күшейеді. Олардың әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі
барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс
ұсыныстан көп болса, онда бір – бірімен бәсекеге сатып алушылар
түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып
алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға
өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.
Мен осы курстық жұмысымда еліміздің экономикалық өсу барысындағы
сұраныс пен ұсыныстың қажеттілігін, байланысын және пайдалылығын
қарастырамын.

І. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Саяси экономияда XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше
экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бір бөлігі соңғы уақытта елеулі
дамып, кеңінен таныла бастады. Соларда XIX ғасырдың екінші жартысында шекті
пайдалылық пен шекті өнімділік немесе маржинализм французша (marginal-
шекті) теориясы тұжырымдалды [3].
Маржинализм теориясы — шаруашылық қатынастарға тартылған жеке
субъектіні (адамды) психология тұрғысынан экономикалық талдау. Осы мек-
тептің өкілдері — Менгер (1840—1921), Э. Бем-Баверк (1851 — 1914), В. Визер
(1851—1926). Ал "неоклассикалық" деп аталған экономикалық теорияның жаңа
бағыты негізінен ағылшын экономисі А. Маршаллдың (1842—1924) шығармаларында
тұжырымдалды. Оның басты еңбегі "Эко-номика ғылымының принциптері" 1890
жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда
немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге талап жасады.
АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының
кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғұрлым өскен
сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX—XX ғасырларда экономика
ғылымында математика мектебі пайда болды. Экономикалық теорияның бұл
мектебін қайраткерлері рыноктық экономиканы сұраныс пен ұсыныстың негізінде
тепе-теңдікке жетуге қабілетті жүйе ретінде қарайды. Дж. Кейнстің
(1883—1945) — 1936 жылы жарық көрген "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның
жалпы теориясы" еңбегінде бірқатар практикалық ұсыныстар жасалды. Кейнс Р.
Канның инвестициядан алынған табыстың динамикасы идеясын ілгері дамытты.

1. Сұраныс заңы. Сұраныстың баға емес факторлардың әсерінен
өзгеруі
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып
алу қабілетін атайды. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемнің арасындағы
тікелей байланысты көрсетеді.
Сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу оймен
жасайтын жоспарды белгілейді. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету
керек, мысалы, күніне, айына, жылына және т.б.
Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын
тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл
заң нақты ақиқаттармен дәлелдеген гипотеза болып табылады.
Біз қандай бір тауар рыногында қалыптасушы жағдайларды қарастырсақ,
тауар бағасы мен сатылған тауар саны арасында белгілі бір байланыс ба-
екенін оңай байқаймыз. Тауар бағасы төмен болған % сатып алушылар сатып
алғысы келетін оның көлемі де көп, (басқасы тең жағдайда) болып, оған деген
сұраныс жоғары болады. Мысалы, бағасы 60 теңге болғанда сатып алушылар X
игілігінің бір бірлігін ғана сатып алғысы келсе, бағасы 30 теңге болса –
үш бірлікті, 20 теңге болғанда 4 бірлікті және т.б алғысы келеді. Баға мен
сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады.
Сатылған игіліктер санының баға деңгейіне тәуелділігін сызба түрінде беруге
болады. Сұраныс қисығы - сатып алушылардың дәл осы уақытта түрлі бағамен
экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін қисық,
Экономикалық теорияда тәуелсіз өзгерушіні (бағаны) тігінен, ал тәуелдіні
(сұраныс) көлденең өсуіне (1-сызбаны қара) қою қабылданған [8].
Бейнеленген қисық белгілі бір уақыт кезіндегі баға жағдайы мен X
өнімінің сатып алынған көлемін сипаттайды (мысалы, 2002ж. 1 қаңтар). Одан
теріс еңкеюді байқауға болады, бұл сатып алушылардың, өз бағасы кезінде
игіліктің көп санын сатып алғысы келетін білдіреді. Жалпы түрі:
Qо= Ғ(Р).
Ондағы: Q - сұраныс шамасы (demand); Р-баға (рriсе).
Сұранысқа бағадан басқа факторлар да әсер етеді. Осы әсерді толығырақ
қарастырайық.
Сұраныс қызметі - сұранысты оған әсер ететін әр түрлі факторларға
байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішінде ең маңыздысы осы кездегі игілік
бірлігінің бағасы болып табылады. Баға төмен болған сайын сұраныстың жоғары
және керісінше болатынын біз анықтадық. Баға өзгеруі сұраныс қисығы бойынша
қозғалысты көрсетеді.

1-сызба. Сұраныс шамасының бағаға тәуелділігі
Сұранысқа тауардың өзінің бағасы ғана емес, басқа да
факторлар әсер етеді:
1) тұтынушы табысының өсуі (немесе қысқаруы);
2) ұнайтын және басымдық беретін нәрселерінің өзгеруі;
3) бағаны және тапшылықты күту;
4) жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы;
5) субстит тауарлардың (алмастырушылардың) және комплементарлық
(қосымша) тауарлардың бағасының өсуі;
6) сатып алушылар санының өсуі (немесе азаюы) және т.б.

2. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың баға емес факторлардың
әсерінен өзгеруі
Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт
аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты
айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы
қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.
Ұсыныс тарапынан рынокта қалыптасушы жағдайды қарастырсақ, ұсыныс
шамасының бағаға тәуелділігі тікелей екенін байқау оңай, баға жоғары болған
сайын, сатушылар ұсынуға дайын тауарлар саны көп болады (басқа жағдайлары
тең кезде). Мысалы, бағасы 20 теңге болғанда өндірушілер X игілігінің тек 2
бірлігін, баға 30 теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты X
игілігі бірлігін сатуға келіседі. Жалпы түрі:
Оs=f(Р)
Ондағы: Оs - ұсыныс шамасы (suррlу);
Р - баға.
Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыныс заңы деп
аталады. Өндірілген игіліктер санының баға деңгейіне тәуелді болуын
графикалық түрде көрсетуге болады (2-сызбада көрсетілген)

Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығаруға итермелейтін бағадан басқа
факторлар тұраққты деген жағдайда қарастырылады. Бұл жағдайда тауарды
бағасы өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс ұсыныс
қисығының бойында болады.
Ұсыныстың өзгеруі – ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа
фактордлар әсер еткендегі толық өзгеруі немес жылжуы [9].
Ұсыныс қисығы {sиpplу сиrvе) - өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі
бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық.
Экономикалық теорияда тәуелсіз ауыспалыны (бағаны) тікелей, ал тәуелдіні
(ұсынысты) - көлденең оське орнату қабылданылған.
Бейнеленген S қисығы (ағылшынның suрplу сөзінен) белгілі бір уақыт
ішінде сатылған Х игілігінің сатылу көлемі (мысалы, 2002 ж. 1 қаңтары) мен
баға деңгейін сипаттайды. Оның еңкеюі оң, бұл өндірушінің жоғарырақ бағамен
игіліктердің көбірек көлемін сату жөніндегі ниетін білдіреді. Бағадан басқа
ұсынысқа алуан түрлі факторлар әсер етеді.
Ұсыныс қызметі (Sиррlу Fипсtіоп) ұсынысты түрлі факторлар әсеріне
байланысты анықтайды. Біз анықтап алғанымыздай, осы уақыт ішіндегі игілік
бірлігі бағасы маңыздыларының бірі болып табылады. Баға өзгеруі ұсыныс
қисығы бойынша қозғалысты білдіреді. Шынында игілік ұсынысына игіліктің
өзінің бағасы ғана емес, басқа факторлар да әсер етеді:
1) өндіріс ресурс факторларының бағасы;
2) технология;
3) рыноктық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі;
4) салықтар мен субсидиялар көлемі;
5) сатушылар көлемі.
Ұсыныс барлық осы факторлардың қызметі болып табылады:
Qs = f (P, Pr K, T, N, B)
Ондағы: Р - игіліктің өзінің бағасы;
Р - ресурстар бағасы;
К - қолданылатын технология сипаттары;
Т - салықтар мен субсидиялар;
N - сатушылар саны;
В - тағы басқа факторлар.

ІІ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ
1.Сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі
Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі рынокта тепе –
теңдік орнатуға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны
тұтынуға мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы
рыноктағы жекелеген тепе – теңдік. Рыноктағы бағалардың тауарларға сұраныс
пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты барлық уақытта қозғалыста болады.
Бұл өзгерістер бір – біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара
байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың бағаларының
өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және бір уақытта жинақтап қарағанда
тепе – теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір жүйесі болады. Бұл жағдай
рыноктің тепе – теңдігін көрсетеді. Кіші экономикалық зерттеудегі талдаудың
тепе – теңдік әдісі экономикалық жүйе идеалды тыныштық күйде болатын
жағдайды іздеуді қажет етеді. Тепе – теңдік жағдайында сұраныс пен ұсыныс
сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе – теңдік жағдайында шаруашылық
жүргізуші субъект жеке өндіруші, фирма немесе сатып алушы - өздерінің
экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды. Тепе – теңдік нүктесінде
экономикалық қозғалыс тоқтайды.
Тепе – теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс қайта басталу үшін
сыртқы жағдайлар: бағалар деңгейі, технология, өндірушілер мен
тұтынушылардың сұранысы өзгеруі мүмкін. Әрине, сұраныс пен ұсыныстың
теңдігі теориялық абстракция, өйткені нақты шаруашылық тәжірибеде мұндай
сәйкестік өте сирек кездеседі. Алайда осы абстракция рыноктық механизмнің
қызмет етуінің аса маңызды заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру және тепе – теңдік бағасының құрылу
механизмінің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық механизмнің
қызмет етуін жалпы тепе – теңдікке жетудің аса маңызды шарт екенін
сипаттайды.

Экономикалык әдебиеттерде рыноктық механизмнің мынадай анықтамасы жиі
кездеседі: "Рыноктық механизм — шаруашылықты ұйымдастырудың түрі. Онда жеке
тұтынушы мен өндірушілер рынок арқылы өзара іс-әрекет жасайды және
экономиканың негізгі үш мәселесін шешуді мақсат етеді: "нені ендіру
керек?", "қалай өндіру керек ?", "кімдер үшін өндіру керек ?".
Біздің пайымдауымызша, бұл анықтаманы былай айтуға да болады: рыноктык
механизм — сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік
механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені
шешеді: не өндіру керек ?", "калай өңдіру керек ?" "және кімдерге өндіру
керек ?" Бұл жерде басты мақсат — пайда болып табылады.
Рыноктық механизмде тепе-теңдіктің жалпы механизмі идеясы жатыр
А.Смиттен бастау алатындығын бұрынғы тақырыптар да айтқанбыз. "Адам өзінің
мүддесін көздеп отырып", "іс жүзінде көбінесе қоғам мүддесіне қызмет
жасайды, тіпті оны саналы түрде жасағысы келгенге қарағанда"
Жалпы тепе-теңдік теориясы қалайша рыноктық шаруашылықтың практика
жүзінде әр адамның және әр кәсіпорынның жеке іс-әрекеті негізінде
экономикадағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Олар барынша
өнімін пайдалығын көздейді. Нарықтық жүйе тепе-теңдігінің тұтынымға,
ресурсқа, өндіріс технологиясы тапсырысы туралы болып отыр. Бұл өндіріс
құрал-жабдығы мен тұтыну заттарының барлық тауарларына сұраныс пен
ұсыныстың тепе-теңдігі деген сөз.
Сұраным мен ұсыным нарықтық экономиканың ең манызды элементтері. Рынок
- өндіруші мен тұтынушылардың арасындағы байланыстың ерекше түрі. Ол
өндіріс пен тұтыныстың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Бұл
баланстыдық сыртқы кұбылыста сұраным мен ұсыным арасының сәйкес болуы
ретінде байкалады. Себебі, ұсыным мен сұраным арнайы - өндіруші мен
тұтынушы арасындағы қатынастардың - рыноктық түрі болып келеді және сұраным
мен ұсыным өндіріс пен ұсыныстың ара қатынасы түрінде де кездеседі.
Сұраным мен ұсыным дегеніміз не, олар қалай анықталады жәнс оларға
қандай факторліір әсер стеді?
Сұраныс — ақшалай қамтамасыз етілген төлем кабілеттлігігі бар тұтыныс.
Құндық тұрғыда сұраныс осы тауарлардың сомасын құрайды. Тауардың рыноктық
бағасы мен сұраным көлемі арасында үнемі белгілі арақатынас болып, ол
сұраным сызығы (қисығы) деп аталады.
3- сызба солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа төмен қарай

б Р
а D
ғ
а P2
л
а D
р P1

Q Q1 Q2 Q

(тауарлар саны)

3 – сызбада көрсетілгендей, Р бағасы сұраным мөлшері Q -ге сәйкес
болса, баға Р2 Р1 сұраным мөлшері дәл келіп тұр. Тауар бағасы көтеріңкі
болса, оған сұраныс аз болады. Сұраным заңы бойынша, әдетте тауарға баға
төмендегенде, тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға
өссе, оған сұраныс азаяды. Сұраныс қисығы бір орында тұрмайды: әр уақыт
сайын қозғалып отырады.
Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне
байланысты теңселуі мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін
талдау қажет.
Бір жағынан — рыноктық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық
өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның "экономикалық
динамикасы" тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан — рыноктық экономиканың
қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің тербелуі
және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде "экономикалық тепе-теңдікті"
қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.
Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-
теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі
ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі тенденцияны қосады: экономикалық тепе-
тендік және экономикалық динамика. Тепе-теңдік динамикасы моделі
классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне
француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша
барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та
табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің
тауарын сатады. Демек, табыс шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи
ұсынымға тең.
Алайда нақты рыноктық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы
саны ылғида өндіруші санынан асып отырады — табыс толық жұмсалмайды (бір
бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның, бір бөлігін займ (несие)
есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сәй моделінде көрсетілгендей,
"сұраным ұсыным болып табылады". Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді,
ал ұсыным несие мелшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға
болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған
инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық
шеңбер айналымынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Сұраным мен ұсыным заңы
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері жайында
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар
Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныстың мәні
Сұраныс пен ұсыныс теориясы
Сұраныс және ұсыныстың негізгі теориясы
Баға оның экономикадағы рөлі, оны қалыптастыру және реттеу әдістері
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері туралы ақпарат
Пәндер