Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

1-ТАРАУ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ТҰТЫНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Табиғи ресурстар, олардың мәні мен түрлері
1.2 Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану мәселелері

2- ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ТҮСІМДІ ТҰТЫНУ
2.1 Табиғи ресурстардың экономикадағы орны
2.2 Табиғи ресурстар үнемі
2.3 Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Кіріспе

Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, соның нәтижесінде халықтың
тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту өндірістің еңбек, материалдық және табиғи
қорларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде және
болашақта өндіріс қорларының барлық түрін кешенді, үнемді пайдалану
мәселесін шешкенде ғана экономиканың даму қарқынын арттыруға болады.
Бұл мәселенің шешімі ең алдымен табиғаттың қалыпты жағдайын сақтап,
оның ресурстарын тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Өйткені табиғат
өндіріс қорының көзі, әрі өндірісті орналастыру ортасы ретінде өндірістің
барлық саласына қатысты. Өндірістің даму қарқыны артқан сайын табиғат
байлығын пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған байланысты әсіресе қалпына
келмейтін табиғат байлығының тиімді қорының азаюы немесе сапасының
төмендеуі қоғамның өндіріске жұмсалатын шығынынің артуына кері әсер етуде.
Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын
өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесі де
жоя алмай отыр.
Табиғатты тиімді пайдалануда экономика ғылымының маңызы өте зор.
Табиғатты қорғау, тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау, оған экономикалық
ынталандыру, табиғат байлығын игеруге, табиғи ортаны қорғауға жұмсалған
шығындардың тиімділігін анықтау, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің
тиімді жақтарын белгілеу, экономика ғылымының тікелей атқаратын қызметі.
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың
және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың
үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы
басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау
жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші жалпы заңдылық,
табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар
заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар
Табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір-бірімен
тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану
деп атаймыз. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны
қорғаумен ұштастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе
болып табылады. Табиғат пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық
мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғат пайдалану
дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу
сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын алдын
ала бағалау оны болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Табиғат
пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін экономикалық
механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады.
Бұл курстық жұмыс табиғи ресурстарды және оларды тиімді пайдалану
мәселелерін қарастырады.

1-ТАРАУ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ТҰТЫНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Табиғи ресурстар, олардың мәні мен түрлері
Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның
белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату болып табылады. Осыған сәйкес
өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық
мәні бар, өндіріс қатынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін
табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.
Осы тұрғыдан кем дегенде екі негізгі қорытынды жасауға болады. Бірінші
табиғат байлығы өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ,
бұл жалпы кең мағынада. Негізінде табиғат ресурстарының өндіріске
қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатысын ғана аламыз, яғни
табиғат байлығын өз ортасынан бөліп алу немесе сол ортада жұмыс істеу,
табиғи заттарға еңбекпен тікелей әсер ету немесе табиғи күштерді еңбекте
пайдалану. Алғашқы өңдеуден өткен, соның арқасында тауарға айналған
заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда жұмсалатын затты
табиғат байлығы (ресурсы) деп қарастырамыз.
Мысалы, саз балшықтан кірпіш жасасақ, табиғат байлығын пайдаландық,
деп есептейміз, ал сол кірпіштен үй салсақ, олай деп айтпаймыз.
Екінші қорытынды-табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан
бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде ме, ғылыми
тұрғыдан ба немесе іс қажеттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.
Табиғат байлығын пайдалану керек пе. Тиімді ме. Қандай қажетімізге
жаратамыз деген сияқты бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың
нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің пайдаланіға болатынын, оның
тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз.
Яғни, табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат
байлығына айналады. Олар өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін
зерттеледі. Бұл ірекеттің түпкі мақсаты табиғат байлығын саны және сапасы
жағынан зерделеп, оның әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін анықтау.
Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекеше
артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе.
Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік
етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді.
Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау,
жоспарлау, т.б) экономикалық бағалаудың теориялық негізднері, әдістемелері
зерттеліп келді. Бірақ экономикалдық бағалау әс-тәжірибеде
қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді.
Қазір табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін керек, қайда
қолданылады, десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:
-ұлттық байлықты есептеу
- табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықтау, қай түрін,
қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау
- ренталық табыстарды және төлемдерді анықтау
- өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік құнын, бағасын дұрыс есептеу
табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп
мүмкіндіктерін есептесу
- жеке экономикалық аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу
және болжау
- табиғат байлығын пайдалануды болжау, жобалау мен жоспарлау
- табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық
зиянды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық
тиімділігін бағалау.
Осы келтірілген табиғат байлығын экономикалық бағалау негізінде шешілетін
мәселелер оның қаншалықты маңызды екеніне және тез арада шешімін табу керек
екеніне көзімізді толық жеткізеді.
Нарық қатынасына толығымен өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық
мәселелерін, әсіресе өндіруші салаларында табиғатты пайдалануды
экономикалық бағалаусыз шешуге ьолмайды. Өйткені барлық кәсіпорын табиғат
байлығын пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді.
Біреулері табиғат байлығын өсіретін болса, екіншілер оны зерттейді, барлау
жұмыстарын жүргізеді, санын сапасын зерделейді, үшіншілер табиғат байлығын
өндіріп пайдаланады немесе пайдалануға әзірлейді, төртіншілері табиғатқа
ластаушы заттар шығарып ауаға, суға, жерге әсер етеді, бесіншілері
табиғаттың ассимиляциялық, рекреациялық потенциалын пайдаланады.
Егер бұрын экономикалық бағалау оптималдық есептеулерде, жоспарларда,
болжамдарда ғана қолданылып келсе, енді ол тікелей шаруашылық қатынастарда
қолданылады, меншік иесі мен табиғат байлығын пайдаланушылар арасындағы
экономикалық қатынастарды реттеуде, арендалық қатынастарда, мемлекеттік
және жергілікті салық, қаржы-несие жүйелерінде толық қолданылады..
Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру,
жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге
асырылады. Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын
анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау.
Қазақстанда жер қорын пайдалану
Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру
ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-ін егістік
жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит
суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтан да ең
негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе. Қазақстан жер ауданы
жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн.га,
оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн.га.
Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлерді, елді
мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, демалыс, курорттар,
қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су
қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.
Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп
емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн.га, барлық жердің 12,8%-і ғана. Жер
қорының едәуір бөлігінің сапасы төмен: 77 млн.га эрозияға ұшыраған; 75
млн.га сорттаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз
етілмеген, 58%-тен астамы қауіпті (шөлейтті) аймақта орналасқан;
жайылымның 69%-і шөл және шөдейтті аймақта, оның 60%-інің жемдік қоры
нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына жарамсыз өсімдіктер
басқан, 15%-і эрозияға ұшыраған.
Суғару жүйелерінің нашарлығынан суармалы жерлерден 23%-і сортандаған,
3%-і батпақтанған, 5%-інің топырағының құнары жойылып кеткен. Жер жырту,
өзінде арнасы өзгерту, т.б. шаралар нәтижесінде табиғи шабындықтардың
ауданы 30%-ке кеміді.
Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ,
оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын
өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты
бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді
құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген
жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану
құрылымын жақсарту.
Ғылыми болжамдар бойынша республикамызда суармалы жерлердің аумағын 2
млн.гектардан 3,5 млн. гектарға жеткізуге мүмкіндік бар. Сортаң жерлерді
өңдеп жайылымға, тіпті егістікке айналдыруға болады. Сөйтіп жайылым ауданын
7,1 млн.гектарға арттыруға мүмкіндік бар. Бүлінген жерлерді ұдайы қалпына
келітірп отыру керек. Есептеулер бойынша жыл сайын 15-16 млн.гектар
бүлінген жерлер оңдаулы тиіс.
Жердің ерекше қасиеті – топырақтың құнарлылығы. Топырақтың құнарлығы
көптеген микроорганизмдердің қатысуымен өздігінен қалпына келеді, бірақ
оған ұзақ уақыт керек. 2,5 см құнарлы топырақ қабаты қалыптасу үшін 100
жыл, бір қалыпты температурада 90 см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл
керек екен. Топырақтың құнарлы қабатының қалыптасуына сыртқы ортаның
факторлары (ыстық, суық, жел, ылғал, күн т.б.) әсер етеді.
Топырақтың құнарлығының өзгеруіне адамдар әрекеті де әсер етеді. Ғылыми
тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлығын арттырады, ал жаапсыздықпен
қарайтын болса, топырақ құнарлылығын төмендетеді немесе жойып жібереді.
Топырақ құнарлылығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі
агрономиялық, агротехникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар
мыналар:
Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияның негізгі үш түрі бар:ел, су
және техникалық. Тегіс емес, тақыр жерлерде жауын-шашын топырақтың құнарлшы
қабатын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер, әсіресе өнімділігі құртылған
(жыртылған) жерлер жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы қабатын жел
ұшырып кетеді. Жерді ауыр техникамен өңдеу, жылма-жыл бір дақылды егу,
техниканың жолсыз жерлермен жүруі топырақ эрозиясын күшейтеді.
Шөл және шөлейт аймақтарда маусымдық пайдалану тәртібін сақтамай
шамадан тыс мал жаю, техникалардың жүруі өсімдіктердің, әсіресе құнды
өсімдіктердің жойылуын тудырып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су
эрозиясына ұшырайды. Бұл қауіптен қорғанудың басты жолы тоғайлар өсіру,
суландыру, реттеп пайдалану. Топырақты эрозиядан қорғау үшін жер
ерекшелігін, ауа райын, эрозиялық құбылыстың жылдамдығын ескере отырып
мынадай шаралар қолданылады:
- ұйымдастырушылық шаралары – айналмалы егістік, жайылымдарды дұрыс
пайдалану, суландыру, жерді пайдалану құрылымын жақсарту;
- агротехникалық шаралар – жерді топырақтың түріне, қасиетіне сәйкес
өңдеу, тынайтқыш беру, адам шөптерді отау, зиянкестермен күресу және
т.б.;
- егістіктің айналасына қорғаныш ормандао өсіру, ылғалдандыру т.б.
Топырақты сортаңданудан (тұзданудан) қорғау. Топырақтың тұздануы
жауын-шашын мөлшері буланатын ылғалдан аз болғанда болды. Егістікті көп жыл
бойы көлдетіп суғару топырақтың тұздануын тудырады. Жаңбыр суының жер
бетіне көлкіп жатып булануы жерді сортаңдандырады. Егістікті, жайылымды
суғарудың озық тиімді әдістерін қолдану топырақты сортаіданудан сақтайды.
Топырақты құм басудан қорғау жолдары – ағаш (сексеуіл, жыңғыл), бұталар
отырғызу, көп жылдық шөптер егу. Жерді батпақтанудан қорғау үшін
гидромелиоративтік жұмыстар жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру қажет
болады.
Топырақтағы қоректік заттарды сақтау үшін мелиоративтік жұмыстар,
сортаң жерлерді әкпен, гипспен өңдеу, арнаулы әдіспен жырту, тыңайтқыш
беру, мал жаюды реттеу, т.б. агрономиялық жұмыстар жүргізіледі.
Топырақты уланудан қорғау – пестицид, гербицид, тыңайтқыштар қолдану
мөлшерін реттеу, өндіріс, тұрмыс қалдықтарынан қорғау, санитарлық сауықтыру
шаралары болып табылады.
Құрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру,
қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерлерді қалпына келтіру
(рекультивация) республикамыздың жер қорын едәуір жақсартады. Егістік
құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау шаралары
заңдастыруды талап етеді. Соңғы жылдары әр түрлі құрылысқа, саяжайға,
жолдарға, сауда орындарына егістікке қолайлы, құнарлы тегіс жерлерді,
ормандарды бөлу кең етек жайып келеді. Оны заңдастырып тоқтату қажет-ақ.
Аталған жұмыстар арнаулы ғылымдар саласындағы жетістіктерге сүйеніп
жүргізіледі. Сонымен қатар бұлар экономикалық шаралар болып табылады.
Өйткені жұмсалатын қаржы, материалдық шығындарды есептеп, шаралардың
экономикалық тиімділігін анықтау қажет. Жерді қорғау, тиімді пайдалану
шараларын жүзеге асыру үшін экономикалық есептеулер, бағалаулар
жүргізіледі. Жердің құндылығын бағалау, қалпына келтіру, қорғау, жақсарту
шығындарын анықтау, жерді нарықтық қарым-қатынасқа қосу, т.б. экономикалық
есептеулерді, бағалауды талап етеді.
Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы
ақшалай бағаланып ұлттық байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленуге,
пайдалануға, жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, жер
пайдаланушылардан салық, т.б. төлемдер алынады осының барлығының шамасын
анықтау негізінде жердің құндылығы – экономиклық бағалау жатады.
Барлық табиғат байлықтары сияқты жерді экономикалық бағалау негізгі үш
түрлі қызмет атқарады:
Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, кәсіпорындардың, жеке жер
иеленушілер мен жер пайдаланушылардың өндірістік-материалдық қоры ретінде
есептеледі. Жер өндірістің, басқа да құрылымдардың, тұрғын үйлердің, т.б.
орналасқан орны, шаруашылық орны ретінде де есеке алынады.
Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы
болуы керек және сол арқылы нарықтық қарым-қатынасқа қосылады.
Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері - өнімділігі, орналасу
тиімділігі әр түрлі. Құнарлы, тиімді жерлер жеткіліксіз, сондықтан
өнімділігі, тиімдлігі төмен жерлер де пайдаланылады және жұмсалған
еңбектеріне қарамай жақсы (тиімді) пайдаланушылар қосымша пайда табады.
Тиімділігіне байланысты әр түрлі жер бөлімшелері әр түрлі бағаланып жер
пайдаланушыларға біркелкі жағдай туғызылады. Сонымен тиімділігі төмен,
бірақ халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдалану ынталандырылады.
Жер қорын экономикалық бағалаудың барлық қызметтері бір-бірімен тығыз
байланысты, жалпы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді.

1.2 Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану мәселелері

Өндіргіш күштердің дамуының қазіргі кезеңінде су қорын қорғау,
сарқылтпай тиімді пайдалану оны ластамау, қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттырудың ең маңызды жақтарының бірі. Су қоры ұлттық байлық болып
табылады. Сондықтан қатаң есепке алынады. Елімізде сандық және сапалық
сипаттарын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Суды пайдалану қарқыны
артуымен байланысты олардың сапалық өзгерістері зерттеліп, қорғау
шаралары, жер бетіндегі, жер асытндағы суларды ластамау шаралары белгіленіп
жүзеге асырылуда.
Су қорын тиімді пайдалану үшін су шаруашылық кещендерін ұжайы үздіксіз
жетілдіріп отыру керек. Су шаруашылық комплексіне: сумен жабдықтау, суды
бөлу, гидроэнергетика, су транспорты, суландыру, құрғату, балық
шаруашылығы, ағаш тасымалдау, денсаулық сақтау, туризм және т.б. жатады. Су
қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық
шешімдері бойынша әр түрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды
талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады:
1. Осы технологиялар қолдану арқылы су тұтынуды шұғыл азайтатын, лас
суларды төгуді қысқартатын айналмалы және тұйық су жүйелерін
пайдалану.
2. Ластанған ақаба суларды тазарту шаралары, оларды ауыл шаруашылық және
техникалық мақсаттарда пайдалану, арнаулы қоймалар, тазартқыштар салу
және т.б.
3. Су көздерінің санитарлық тазалығын қорғау, арттыру, арнаулы
биологиялық өңдеулерден өткізу.
4. Суға зиянды әсерлерді азайту, шектеу шаралары. Су жағасына орналасқан
өндірістерді азайту, оларды тәртіпке келтіру.
Бұл шараларды тікелей су пайдаланушылар мен сумен қамтамасыз етушілер
жүргізуі мүмкін. Олар жергілікті, аймақтық, республикалық, мемлекетаралық,
тіпті халықаралық болуы мүмкін. Соған қарап әр түрлі деңгейде су қорғау
бағдарламалары жасалып жүзеге асырылады.
Бұл шаралардың барлығы суды сарқылтпай, сапасын нашарлатпай
пайдалануға жеткізетін қалыпты деңгейдегі су жүйесін қалыптастыруға
бағытталады. Су пайдаланудың нормалық жағдайын қалыптастыру қоғамдық
өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыруға әкеп соғады.
Су қорғау шараларының әлеуметтік маңыздылығы халықтың қажетін сапалы
сумен қамтамасыз ету және су пайдалануға байланысты қолайлы жағдайлар, жан
рахатын туғызу. Су пайдаланушылардың осындай қалыпты жағдайын біртіндеп
қалыптастыру үшін мүмкіндіктерді ескеріп, экономикалық механизмдерді
пайдалану керек. Былайша айтқанда, белгілі мерзімге сәйкес оған сай келетін
экономикалық тұрғыдан дәлелді жүзеге асыруға болтын шаралар жеке су
бассейндері, олардың құрамдас бөліктері бойынша анықталып, жүзеге асырып
отыруы керек.
Айта кететін жағдай, шаруашылық әрекеттерінің су ресурстарына әсері
артқан сайын суға байланысты технологияларға көзқарас, оларды бағалау
өзгеріп отырады. Бұл тұрғыдан ең озық технология сусыз суды аз
қолданатын, су көздерін ластамайтын технология болады. Өнеркәсіпте су
үнемдеу мүмкіндіктері өте зор. Мысалы, қара металлургияда, химия
өнеркәсібінде су пайдалануды ондаған есе азайтатын технологиялар қолданыла
бастады. Целлюлозақағаз өнеркәсібінде ла суды төгуді тоқтататын технология
өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштерін құрт жақсартады.
Су көп қолданылатын өндіріс салаларында суды үнемдеудің тағы бір
болашағы зор бағыты – салқындату процестерінде судың орнына ауаны
пайдалану. Мұндай жағдайда таза суды қолдану, ластанған суды төгу азаюмен
қатар, өндіріс шығындары кемиді.
Суды тиімді пайдаланудың келесі маңызды бағыты - айналымды су жүйесін
қолдану. Ондай жүйе қазір мұнай-химия, қара және түсті металлургия
кәсіпорындарында қолданылады. Соңғы мәліметтер бойынша елімізде өнеркәсіпте
пайдаланылған судың 61%-і айналымды қолданылады. Айналымды су жүйесінде
таза су ысыраптың орнын толтыруға ғана алынады.
Сонымен қатар техникалық сумен жабдықтауда әлі күнге дейін үнемсіз
ашық және кезекті су жүйелері қолданылып келеді. Болашақта нағыз үнемді –
тұйық су жүйесі қолданылуы тиіс. Оның айналымды су жүйесінен артықшылығы –
мұнда су ысырабы болмайды және таза сумен үнемі толықтырылып отырмайды.
Айналымды су жүйесі ашық және кезекті жүйелерге қарағанда техникалық
су тұтынуды 20-30 рет азайтады, бірақ лас су төгуді, таза сумен толықтыруды
мүлдем тоқтатпайды. Бұл тұрғыдан ең тиімдісі тұйық су жүйесі. Ол су
үнемдеумен қатар басқа су қорғау экологиялық мәселелерін шешеді. Әсіресе
суға тапшы аймақтарда өнеркәсіпте тұйық су жүйесі қолданылуы тиіс. Тұйық су
жүйесін қолданудың біраз техникалық, технологиялық қиындықтары бар екенін
айта кеткен жөн және едәуір қаржы жұмсауды талап етеді.
Сондықтан экономикалық тиімділігі болғанда және техникалық тұрғыдан
қолдану мүмкін болғанда ғана өндіріске енгізіледі. Суды ең көп пайдаланушы
ауыл шаруашылығы болып табылады. Халық шаруашылығында пайдаланған барлық
судың 70-75% -іне дейін ауыл шаруашылығының үлесіне тиеді. Суармалы
егіншілікте суды дұрыс пайдаланбағанда су айналымының табиғи процесі
бұзылады және судың сапасы нашарлайды: тұздылығы артады, тыңайтқыштар,
пестицидтер араласады.
Сондықтан суды қорғау, үнемдеу шаралары жетілдіру, суғарудың озық
үлгілерін қолдану. Тамшылатып суғару су үнемдеуге мүмкіндік береді. Судың
ысырабын азайту арқылы пайдаланатын суды үнемдеуді мол мүмкіншілігі бар.
Мысалы, Т.С. Хачатуров та келтірілген мәліметтер бойынша егістікті
суғарғанда судың 8-9%-і ғана өсімдіктің қоректенуіне кетеді екен.
Қазіргі суғару жүйелерінің пайдалы коэффициенттері 0,5-0,7-ден
аспайды. Судың көп бөлігі каналдарда, арықтарда жоғалтылады, буланады. Суды
су көзінен алғаннан бастап тұтынушыға жеткізгенге дейін оның 62% - і ысырап
болады екен.
Ақаба суларды тазартып егіншілікте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін артыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі
Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері
Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғат қорғауды, пайдалануды жоспарлау, нормалау, ережелер, тәртіптері
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Табиғатты пайдалануды басқарудың теориялық негіздері
Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғау
Табиғи ресурстарды басқару
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері
Нарық қатынастары жағдайындағы мемлекетіміздегі табиғат пайдалану құқығының пайда болу негізі болып табылатын қоршаған ортаға экологиялық бақылауды құқықтық қамтамасыз ету мǝселелерін ашып көрсету жǝне кешенді зерттеу
Пәндер