Ақша теориясы және ақшаның экономикадағы ролі
ЖОСПАР
Кіріспе 3
І. Ақшаның шығу тегі 4
1.1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы 4
1.2. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті 10
ІІ. Ақша түрлері және оның қызметтері 11
2.1. Ақша түрлерінің өзгеруі 11
2.2. Ақшаның атқаратын қызметтері 15
ІІІ. Ақша теориясы және ақшаның экономикадағы ролі 25
3.1. Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы 25
3.2. Ақша теориясы және оның эволюциясы. 26
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35
Кіріспе
Ақша дегеніміз не? Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет
өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген
адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу
үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақшаның сиқыры адамдарды арбап алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-
тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтуді түрлі
амалдарын іздестірумен болады. Ақша – тек қана одан құтылып қана
пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді
тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша адамдар көптеген тірліктерге
барады және ақша сол үшін қайтарымда береді.
Қазіргі елімідегі ақша-несие және қаржылық шаруашылық елеулі
құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіп отыр. Өйткені әміршіл-әкімшіл
экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде ақша жүйесі түбегейлі қайта
құрылып, несие-қаржы институттарының және олар жүргізетін операцияларды
жаңа түрлері пайда болуда. Біздің тәуелсіз елімізде Ұлттық банк пен екінші
деңгейдегі қарым-қатынастар жүйесі қалыптасып олар заман талабына сай
әрекет етуде. Сондықтан осы курстық жұмыстың тақырыбы мені қатты
қызықтырды.
Себебі, балалық шақтан бастап адам ақшаның неге қажеттігін және оның
өз өміріндегі атқаратын ролі жөнінде біле бастағанымен Ақша деген не?
деген сұраққа жауап табуға қиналады.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Дәл
осы мәселені мен мейлінше кеңінен қарастырмақпын.
І. Ақшаның шығу тегі
1.1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы
Ақшаның пайда болуын б.ғ.д. 7 ғасырға жатқызады. Бұл кездерде өмір
сүрген тайпаларда белгілі бір затты тұтынуда артықшылық пайда болды. Ол
затты олар басқа затқа алмастыра алды. Көбінесе тайпалар малды, бағалы
тастар, металды үлкен ауқымда пайдаланды. Менің ойымша зат ақша ретінде
белгілену үшін ол ең алдымен сатушылар мен сатып алушылар арасында қолдау
табу керек.
Ақша қоғамның өзімен анықталады. Қоғамның айырбас ретінде
қабылдайтынның бәрі ақша деп танылады.
Ақшаны пайда болу тарихының екі концепциясы бар: біріншісі –
рационалистік, екіншісі – эволюциялық.
Рационалистік тұжырымдама бойынша ақша айырбасқа қатысатын адамдар
арасындағы жалпыға ортақ бірліктің қажеттігіне байланысты келісім
болғандығымен түсіндереді. Аристотель өзінің Никомахтың этикасы атты
жұмысында былай деп жазады: Айырбасқа қатысатын барлық заттың баламасы, не
бағамы болуы тиіс... Айырбас жасау үшін белгілі шарттылыққа негізделген
бірлік болуы қажет.
Эволюциялық тұжырымдамаға сай ақша тауарлар әлемінен бастау алып, ұзақ
тауарлық айырбас барысында тауарлар әлемінің арасынан ақша роліне барынша
лайықты болған тауарды жеке-дара бөлініп шығуынан басталады. Ақшаның пайда
болуының эволюциялық тұжырымдамасын біршама толығырақ қарастырайық.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда
кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам
еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық
қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі -
тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі,
немесе тауар - еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен
өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі
түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің
тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен,
етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі
- тұтыну кұны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны
жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие
бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың
қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни
тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды
өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау аркылы
басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу
қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда
ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың
тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да,
ал басқа тауарларға айырбасталу касиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар
өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады.
Айырбас кұны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол - құнның
айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
1-сұлба. Ақшаның пайда болуы туралы концепциялар
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі
адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер,
өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн
дегеніміз -тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының
негізі - еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны
болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді
құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін
белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет - ол тауар өндірісі, яғни
өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек
тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір
тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы
көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық
талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта - нарықта, айырбас
кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Құн - тарихи категория. Құнның негізі - адам еңбегі. Құн - еңбектің
нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал
оның еңбек теориясының негізін қалаушылар ХVІІ ғасырдағы ағылшын экономисі
У.Петти, ХVІІ ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы ағылшын
бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті XIX ғ.
К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни
белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы
көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады.
Тауардың екі жағының - тұтыну құны мен құнының - қайшылықтары болғанымен,
ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.
Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа
жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам
дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық
отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім
шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі
тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар
болу үшігі өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату-
сатып алу кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені,
егер өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек
болғаны. Бұл біріншіден. Екіншіден, онын құнының бар екені дәлелденгені.
Міне дәл сатып алу-сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-
қайшылықтары шешіледі.
Осылайша, мынадай қасиеттері бар тауар бөлініп шықты:
1) Ұзақ сақталатындығы.
Ақша ретінде сақталғыштығы төмен затты алу мұлде тиімсіз екенімен
келісетін шығарсыз, себебі біршама уақыттан соң ол бұзылып өзінің ролін
атқара алмайтын болса оның қажеті шамалы емес пе?
2) Жинақтылығы (яғни, көлемі кішкентай болғанымен құнының жоғары
болуы).
3) Экономикалық бөлінгіштігі.
Кез келген пропорцияда бөліне алмаса ол онда ақша ролін атқара
алмайды.
4) Табиғатта аз кездесетіндігі.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан
әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне
айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-
ақша пайда болды. К. Маркстың сөзімен айтқанда: "Айырбас құны, тауарлардан
бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол -
ақша" Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз,
ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас
процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.
2-сұлба. Ақша қасиеттері
Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның
эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе
ақша деген тауар өндіру мен оны айрыбастау процесінде басқа тауарлардан
бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі - барлық тауарларға
ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.
1.2. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады.
Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнін
К. Маркс "индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің
қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын
көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар
айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі
айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша
арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы
ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да,
ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы
тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну
құнымен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының
біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші
жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша
түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен
ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын
алуға мүмкіндік туады.
Қорыта айтқанда, құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша -
тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас
қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын
процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.
ІІ. Ақша түрлері және оның қызметтері
2.1. Ақша түрлерінің өзгеруі
Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның ролін әр түрлі
тауарлар атқарды. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін
пайдаланды. Қоғамдық еңбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде малшы
тайпалары пайда болып, олар айырбас құралы ретінде малды қолданды. Оның
нақты түрі жергілікті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болды.
Мысалы, далалық жерлерде тауардың жалпы эквиваленті ролін жылқы, өгіз
немесе қой атқарса, шөл және шөлейт жерлерде - түйе, қысы ұзақ тундрада -
бұғы атқарды. Ақшаның айырбас құралы қызметін мал атқаруы әр халықтардың
ауыз әдебиетінде сақталғаны соншалық кемін металдан соғылған ақшаны да мал
атауларымен атаған. Мысалы, латын сөзі "пекус" - "мал", ал "пекуня" "ақша";
үнділердің ақша өлшемі "рупия" - "рупа" деген сөзден шыққан.
Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген "капитал" деген сөздің шығу тарихы
да мал атауымен байланысты көрінеді, өйткені ескі герман тілінде меншігінде
көптеген мал басы болса, оның байлығын "капитал" деп атаған.
Кейінірек қолөнер кәсібі дами бастаған кезде әр түрлі халықтардың
айырбасқа қолданған алғашқы тауары сирек кездесетін аңдардың терісі болған.
Ертедегі скандинавтар мөлшері әр түрлі тауарларды сатып алғанда оларды
түлкі, сусар, бұлғын терілеріне айырбастаған. Сібір халықтары айырбаста
бұлғынның терісін қолданса, ал құндыздың терісі Солтүстік Америкада жүрген.
Сондай-ақ тері ақшаларын Моңғолияда және Тибет пен Памир тауларының етегін
мекендеген халықтар кең пайдаланған. Ертедегі Русьте сусар терісі
айырбастың басты құралы болған. Оған дәлел мынандай мысал - 1610 жылы
қарсыласының жаулап алған орыстың әскери кассасында күміс 5450 рубль және
теріден жасалған 7000 рубль болған екен
Ал теңіздердің жылы жағалауын мекендеген тайпалар айырбас құралы
ретінде теңізден шығатын қабыршақты (раковина) қолданған. Тарихта
қабыршақтан жасалған әшекей бұйымдарының біраз атаулары сақталған. Солардың
ішінде ең көп тарағаны ақшыл сары түсті, үлкендігі түймедей - каури деп
аталатыны. Әшекей ретінде жіпке тізген каури Үндістанда, Қытайда, сол
сияқты Африканың Шығыс жағалауында және Цейлон мен Филиппин аралдарында ең
алғашқы ақша ретінде жүрген. Ал Америка үндістері қабыршақ ақшаны теріден
тігілген белбеуге өрнек немесе аңдар мен құстардың бейнесін салып
қолданған.
Қабыршақ ақша материалының ең бір орнықты формасы болып келді. Себебі
XX ғасырдың 70-жылдарының бас кезіне дейін Соломоновтар аралдарындағы ақша
айналымында қабыршақ ақшаның үш түрі: ең арзаны - курила (қара), галиа (ақ)
және ең қымбаты - ронго (қызыл) жүрген.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланған.
Мысалы, бір құл үш сыйырға, алты бұзауға, он екі қойға тенгерілген.
Қолөнер кәсібінің жетілуі ақша эквивалентін де жетілдірді. Оңай
бөлінетін, бір-біріне оңай бірігетін, ұзақ сақталатын және біртектес
эквивалент тауарлар, яғни өсімдік өнімдері - зәйтүн майы, күріш, кофе,
какао, бұршақ, тұз және с.с. пайда болды. Жалпы эквивалент болып әр түрлі
металдар да қолданылды: темір, қалайы, мыс, қорғасын, күміс, алтын. Металл
ақшалардың артықшылығы - олардың біртектестігі, мықтылығы, әрі оңай
бөлінуі. Көп уақытқа дейін металл ақшалардың формалары әр алуан болды.
Мысалы, темірден жасалған кетпен, күрек, таға, шынжыр және т.с.с құралдар;
мыс ақшалар - мосы, қалқан, қазан, ыдыс түрінде айналыста жүрді. Ақшаның
қазіргі грекше атауы "драхма" - "бір уыс шеге" деген ұғым ретінде сол
кезден сақталған Күміс пен алтын ақшалар жүзік, сақина, алқа және с.с.
әшекей бұйымдарының формасында болған. Уақыт өте келе жалпы эквивалент
ролін күміс пен алтын ақша атқара бастады.
Таяуда жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында теңгенің тарихы
былай баяндалады: Алғаш рет Ақ ғұндар б.з. I ғасырда бір беті пехвели,
екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б.з. V—VI ғ.) жасап,
сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі
тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны
айналымға енгізу өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 68 ғасырларда
билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя
бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері
VI — VIII ғасырдың жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде
Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб,
Тараз қалаларында арнайы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар
маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі — сәл ұмтылып,
секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісінде садақ және
шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген
рәміз) бейнелеген. Екіншісі — үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің
таңбасы) теңгелер. Б.з. 704 — 766 жж. Таразда құйылған теңгелерде Түргеш
қағанаты теңгесі немесе Түркінің көк ханының теңгелері деген жазулар
болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін,
мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы Масудбек реформасы
ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына
қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78 — 81% күміс ақшалар
айналымға кіргізілді. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен
маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан Кебек хан теңгесін айналымға
енгізді. Ақшаның салмағы — 8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. Кебек хан
теңгесі Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында
әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қызыр ханның
атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ
жағалауларына дейін қолданылыста болған. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген
Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар
арасында белгілі болды. 16 ғ. Отырардың мыс теңгелері және Иасының
(Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында
өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың басында Қазақ
хандығының атымен өндірілген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайндық
шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір
жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды.
Қорыта айтқанда, қазіргі монетаның пайда болуы металдан соғылған
ақшаның сыртқы пішінінің қалыптасуындағы соңғы кезең.
2.2. Ақшаның атқаратын қызметтері
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен?
Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл
ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық
тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде
айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-
бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі
қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік
бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен
ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес,
керісінше, толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды
өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі
етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің
құнын құрайтын көп қоғамдык еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн
өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін (жұмыс уақытын) емес, осы
еңбекпен құралатын құнын көрсетеді.
Сонымен ақшаның бірінші атқартын қызметі - ол өндірілген өнімнің құнын
өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті
жок. Ақша құн өлшемі қызметін колдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша
ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан
бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін
тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда
ақша ұстап тұрудың қажеті жок, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады.
Сондықтан тауарларды біріне-бірін теңгеретін ақша емес, ақшаның көмегімен
барлық тауарлар өзара теңгермелі. Себебі ақша сияқты басқа тауарлар - адам
еңбегінің өнімі, ол өнімдерді біріне-бірін теңестірудің бірыңғай негізі -
абстрактылы еңбек.
Тауардың ақша болып көрінетін құны - тауар бағасы. Баға деген құнның
ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау
керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін
баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде
мемлекет белгілеген белгілі бір металдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен
массасын айтады. Алғашқы монета (шақа) соғылған кезде баға масштабы онын
салмағына тең келді. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне
байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға масштабының арасында
айтарлықтай өзгешіліктер бар. Құн өлшемі - ол ақшаның экономикалық қызметі,
яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға
масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін
мемлекет заңды түрде бекіткен - құқықтық сипаттағы техникалық құрал.
Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан
металл (алтын, күміс) ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы
өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің
өзінің нарықтык бағаға негізделіп жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар.
Соның негізінде ақшаның кұн өлшемі қызметі жүзеге асады.
Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі - айналыс құралы.
Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық
қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т)
тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Бұнда екі акт бар: біріншісі Т-А
- ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі А-Т -
ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды
бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер
енгізді. Атап айтқанда:
Біріншіден, Т-А - процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған
еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.
Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керек тауарды
сатып алуға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А), керек тауарды сатып алуды
кейінге қалдыруға болады.
Осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген айырбас актілері
араласып, түйісіп біртұтас тауар айналысы процесін (T-A-T1 A1-T2-A2)
құрайды. Осы процестер барысында ақша бірінші, екінші, үшінші кісіге және
т.с.с. қолдан қолға өтіп ақша айналысын құрайды. Сөйтіп, ақша айналыс
құралы ретінде сансыз сатып алу-сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі
айналыста жүреді.
Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:
а) тауар мен ақшаның біріне-бірі қарсы қозғалысы;
ә) бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындауы;
б) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz