Банктердің банк ісі қызметін атқару
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ұлттық банктің міндеттері, мақсаттары мен құқықтары
2. Теңгенің тарихы мен келешегі
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгені енгізу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл
атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып
табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие
мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады. Республиканың
Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз
жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне
жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу
болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз
қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Ұлттық Банктің тарихына
тоқталатын болсам, Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз
тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің
негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік
банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық Банкі деп
аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк, өз
қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы
бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен
қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын
және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық Банкінің маңызды қызметі - банктердің, жинақ және тағы басқа
несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып
табылады. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" және "Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" заңдарына сәйкес
барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтауы тиіс, өйткені
жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық
банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін
стратегиялық маңызы бар.

Ұлттық Банктер ― бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы, әрі реттеуші
бас органның рөлін атқара отырып, ерекше ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мен мемлекет
берген үлкен өкілеттіліктерімен анықталады. Ұлттық Банк елдің эмиссиялық,
резервтік және кассалық орталығы, сондай ― ақ норма шығару, басқару
құқықтарына ие банк рөлін атқарады, ақша ― несиелік және валюталық саясатты
анықтайды. Оның негізгі мақсаты ― пайда табу емес, ақша ―несие саясатын
жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі” туралы заң бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ― Қазақстан Республикасының Орталық
банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып
табылады.
Ұлттық Банк ― ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен,
басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.
Мүліктің құралу көздеріне ― банк ісінен түскен табыстар, бағалы
қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар
жатады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті ―
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіге мынадай қосымша міндеттер жатады:
✓ Қазақстанның экономикалық дамуы және дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы,
несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы
мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
✓ Ақша ― несие және банк жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге көмектесу;
✓ Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін
реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына
бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің,
салымшылардың мүдделерін қорғау;
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі құқықтық формалары бар:
✓ Оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің
қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
✓ Акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі акционерлік
қоғам;
✓ Бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен
немесе қатысуынсыз);
✓ Ұлттық Банкінің қызметін бірігіп атқаратын
тәуелсіз банктер жүйесі;
Негізгі Ұлттық Банк ― унитарлы орган болып табылады. Мемлекет ―
жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ― ғимараттардан, құрылғылардан,
көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты ― банкіге
тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа да
құралдардан тұрады. Резеритік қор ― жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік
табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес
жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылғы жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Оған: активтер
амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір
бөлігі жатады. Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан
қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның
мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады. АҚШ―та орталық
банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды
резервтік жүйенің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Ұлттық банктің атқаратын қызметтері:
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша ― несие саясатын жүргізу,
яғни Ұлттық Банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми
проценттік мөлшердің деңгейін өзгенртумен шұғылданады. Егер ақша ―
несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары
бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құұығы бар. Сондай ― ақ алты айға
дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы
вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады. Ұлттық банк өзінің
бағалы қағаздарын шығарады, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды ,
дисконттық және өтеу мерзімі 1 жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды
сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті
резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының
түрлерін анықтайды.
- Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны
эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық Банк номиналдардың құрылымын, теңге мен
тиындардың пішінін, олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз
етеді.
Ұлттық Банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, тиын
мен теңгенің қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа
түсіруді ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай ― ақ, қолданылған ақша
белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы
жеткендерін жоюмен шұғылданады.
- Банктердің банк ісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық Банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты
бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты
ай мерзімге береді. Ұлттық банк ― екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы
сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де,
сондай ― ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені
Ұлттық банктің басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге береді.
Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап,
қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен
және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін
ұйымдастырады.
- Үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін
атқарады. Бұл қызметті атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың
ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады. Қаржы министрлігінің шоттары
бойынша дебеттік қалдықты болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды.
Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы
қағаздарды орналастырып, олардың депозитаралық ісін жүзеге асырады.
- Банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан
террииориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен, олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есптеу, есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,
олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және
басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібімін және әдісін бекітіп,
сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының
қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды.
Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансының
есебін жіәне басқа құжаттарын тексереді.
- Валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін
Ұлттық Банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың
айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін
операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшерін деңгейіне
шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетелвалютасын және шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін
белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің
республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және
жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта ― қаржылық
және несие ― есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік
несиенің есебін жүргізеді;
- Елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық
банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармн операциялар
жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президенттінің “Бағалы металдарға және
асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу” туралы Заң күші
бар жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы
құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден Ұлттық Банктің
алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды
сақтауға қабылдап, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырысы бойынша Ұлттық Банктің
қоймасында сақтау үшін үкіметтік резервке алынған құндылықтарды қабылдайды.
Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өңдеген және
өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және
сату операцияларын жүргізеді.
2. Теңгенің тарихы мен келешегі
Ұлттық валютаны енгізгенге дейін Қазақстанның саяси ұстанымы ТМД
елдерінің экономикасын біріктіруге бағытталған еді. Шындығында, бірыңғай
валютаны пайдалана отырып, кооперацияның артықшылықтарын толайым қолдануға
және өзара тиімділікпен ынтамақтасуға болар еді. Алайда, қазақстандық
басшылық пен ТМД-ның басқа қатысушыларының талпыныстарына қарамастан, рубль
аймағы ұзаққа бармады. Ресейлік рубльдің енгізілуі шын мәнісінде ыдыраудың
басталуын білдірді және басқа мемлекеттерді өз ұлттық валюталарын енгізуге
итермелейді.
Қазақстан теңгені тура он жыл бұрын енгізді. Тарихи даму тұрғыснан
бұл мерзім көп емес, бірақ экономикалық тұрғыда өз валютасының Қазақстан
үшін маңыздылығын шынайы да бүкпесіз бағалауға толық жеткілікті.
Теңгенің енгізу түбегейлі экономикалық түрлендіру жағдайларында
жүргізілді. 1992 жылдың қаңтарында бағаны әкімшілік реттеу жағдайында
жасырынған инфляцияны босатқан бағаның ырықтану үдерісі басталды. Мемлекет
біртіндеп тұтыну, өнеркәсіп тауарларына, ауыл шаруашылығы өнімдеріне
бағаларды, энергия тасымадаушылар тарифтерін реттеуден бас тартты.
1992-1993 жылдарғы ақша жиынының бақылынбай ұлғаюы және банкілердің
кәсіпорындарыды теріс сыйақы мөлшерлемесімен несиелеуі, елге кеңестік
сомдарды лақтыра салу инфляция қарқыны үдете түсті. 1992-1993 жылдары
еліміздегі инфляция деңгейі 2960,0 пайызды құрады, сөйтіп экономикада
дағдарысты тездетті. КСРО ыдырағаннан кейінгі республикалар арасында
шаруашылық байланыстарының үзілуі, кәсіпорындардың қаржылық ахуалының
нашарлауы, олардың негізгі және айналымдық капиталының, халықтың жинақ
ақшаларының құнсыздануы республиканың инвестициялық әлеуетін күрт
қысқартты. Халықтың атаулы жалақысы мен басқа табыстарыны өсуі бағаның
қарқынына ілесе алмады. Соның нәтижесінде олардың сатып алушылық қабілеті
төмендеді, халықтың негізгі бөлігі қайышылыққа ұшырады. Осы үдерістер
экономикадағы жиынтық сұраныстың күрт қысқаруына әкеп соқты, ақыр соңында
шынайы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1992 жылы 5,3%-ға, ал 1993 жылы – 9,2%-ға
кеміді.
Республика экономикасын инфляцияны күшейткен теріс үрдістерден қорғау
мақсатында Президент пен республика Үкіметі ұлттық валютаны енгізу туралы
шешім қабалдады.
Ұлттық валютаны негізу жөнінде алдын ала жұмыс босалқы нұсқа ретінде
1992 жылдың күзінде басталды. Сол кезде оны негізу жөнінде бағдарлама
жасақталып, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен еді. Алайда, тек
рубль аймағы болмайтыны айқындалған кезде ғана Қазақстан Респуликасы
Президентінің 1993 жылдың 3-қарашасында Жарлығымен Қазақстан
Республикасының ұлттық валютаны енгізу жөнінде Мемлекеттік комиссиясы және
оны енгізуге байланысты іс-шараларды жүзеге асыру бойыншы жұмыс тобы
құрылды.
Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі іс-шаралар тым қысқа мерзімде
жүргізу керек болды. Мұнда осы қадамға техникалық дайындықты қамтамасыз ету
мен ақша-несиелік, салық-бюджеттік, әлеуметтік және сыртқы экономикалық
салаларда шаралар кешенін жүргізу қажет еді.
Күрделі экономикалық ахуалда басты назар ескі ақшаларды айырбастау
шараларымен байланысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ айырбастаудың шынайы
ауқымын анықтауға аударылды. Ұлттық валютаны енгізудің әр алуан нұсқалары
пысықталып жатты. Аралық немесе қосарлас валютаны купондарды не оның
қайсыбір алмастырғыштарын енгізбей, тез арада толыққанды валютаны тікелей
енгізу шешілді. Уақыт осындай қадамды ақтады, өйткені уақытша ақша
белгілерін енгізген елдер шын мәнісінде екі ақша реформасын бастан кешірді.
Валюталық түзімді ұйымдастыру саласында күрделі мәселелерді шешу күн
тәртібінде тұрды. Валюталық бақылаудың дәрежесі мен нысандарын түбірінен
өзгерту шешілді. Шетел валютасын Қазақстан банкілеріне шет жерден қайтаруды
қамтамасыз ететін уәкілетті банктердің атқарымдары мен экспорттаушылардың
міндеттерін айқын белгілеу керек еді. Сондай-ақ реттелетін құбылмалы
айырбас бағамының түзімін таңдаудың ерекше маңызы болды.
Ұттық валютаны енгізу тұсында Қазақстан Ұлттық Банкі күрделі, карама-
қайшылық жағдайда 452 млн. доллар мөлшерінде алтын-валюталық қорды құра
алады. Жаңа купюралардың қажетті қоры құрылды, олар өз банкнот
фабрикамыздың жоқтығынан қатаң құпия түрде ең қысқа мерзімде Ұлыбританияда
басып шығарылды.
Ақша реформасының қарсаңыңда Қазақстан Респуликасының Президенті
теледидар арқылы 1993 жылдың 12-қарашасында Қазақстан Республикасының
азаматтарына оның мақсаты мен қажеттілігін түсіндіре мәлімдеме жасады.
Теңге 1993 жылдың 15-қарашасынан еліміздің бүткіл аумағы бойынша айналысқа
енгізілді. Бірінші кезеңде қарашаның 15-нен 17-сі бойынша ұлттық валютамен
қатар 1-500 сомдық банкноттардың қосарлай жүруіне жол берілді. Ал 1993
жылдың 18-қарашасынан ұлттық валюта Қазақстан Республикасының аумағында
жалғыз заңды төлем құралы болып табылады. Банктер мен басқа да шаруашылық
субъектілерінің барлық активтері мен пассивтері теңгеге қайта есептелінді.
Айналыстан 1961-1992 жылдары үлгідегі рубль купюралары 950,0 миллиард
сомасында алынып тасталды. Айырбас нәтижелері еліміздің аумағындағы бар
рубльдің мөлшері туралы болжамды растады. Алдын ала есептеулер бойынша
республикада шамамен 1,3 триллион сомға дейін қолма-қол ақшасын ескергенде
жалпы сомасы 1,2 триллиоды құрады.
Дер кезінде жүргізілген дайындық іс-шаралары айырбасты белгіленген
мерзімді аяқтауға және ақша реформасының мақсаттарына жетуге мүмкіндік
берді. Осы мұғдарда әрбір есепшіге, бухгалтерлік жұмыскерге, ақша жинауынша
түскен жүктің бірнеше есе ауыртпашылық жағдайында банк жүйесі мекемелеріңің
жұмысын айрықша атап өту керек.
Ұлттық валютаны енгізу Ұлттық Банкке экономикалық, ақша-несиелік және
валюталық саясатты дербес жүргізуге мүмкіндік жасады. Енгізілген тұстан
теңге құбылмалы айырбас бағамының түзімінде қолданыла бастады.
Осы оқиғаларн соң ілезде Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасы
құрылды. Жаңа қаржы институты валюта бағамын түзілдіру мен реттеу үшін
керек болды. Биржалық сауда-аттық алдымен аптасында 2 рет, сонан соң 3 рет
және ары қарай 1995 жылдан бастап күнделікті жүргізілді.
1994 жылы қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет егеменді мемлекеттің
экономикасы ұлттық валютаға негізделді. Бұл жыл күрделі болды. ТМД-қа
қатысушы елдердің қаржылық жүйелерінің бөлінуі тиісті өзара үйлесімсңіз,
валюта енгізу мерзімдерін, бұрын қол қойылған келісімдерді бұза жүргізілді.
Бұған экономикалық қиындықтар, банк жүйесінің өркендеуі мен қаз тұру
мәселелері қосылды.
АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 1994 жылы 8,6 есе кеміді. Бұл
бірқатар себептердің салаларынан болды. Ең алдымен 1994 жылы инфляция
шығындап 1158,3 пайызға жетті. Өзара есепке жазу сәтсіз жүргізілді. Теңге
бағамына 12,6 пайызға жеткен өндірістің құлдырауы да теріс әсерін тигізді.
Импорттық тауарларға қанағаттанғысыз сұраныстың көлемі едәуір боп қалды.
Ал, сыртқы сауданы ырықтандыру импорт көлемдерінің өсуін және оының
экспорттан асуын тудырды. Сөйтіп бұл шетел валютасына сүраныстың артуына,
демек доллар бағамының өсуіне ықпал етті. Осы мезгілде кәсіпорындаррдың
өкілетті банктер арқылы қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасындағы (ҚБВБ)
тауарлардың, жұмыстардың, ісметтердің экспортынан түскен пайданың 50
пайызын міндетті түрде сатуын енгізуге тура келді.
1995 жыл республикадағы толыққанды валюта нарықнамасын түзілдіруде
бетбұрыс кезең болды. Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 60,3
пайызды, ал долларға қатысындағы құнсыздануы 17,9% –ды құрады.
Ұлттық валютаға деген өскелең сенім, сауда-саттыққа теңгерім
сальдосының жақсатылуы, көшіп келушілер трансферттерінің кемуі, сондай-ақ
жаңа табыстық қаржы құралдарының іске қосылуы қолма-қол және қолма-қолсыз
валютаға дүрлікпелік сұранысты жоқ қылуға жәрдемдесті. Нәтижесінде валюта
рыногында тұрақтанудың алғашқы белгілері байқала бастады. Біртіндеп
валюталық түсімнің міндетті сатып алуы 50-ден 30 пайызға кемітілді, сонан
соң мүлдем алынып тасталды. Өз кезегінде, бұл жеткілікті түрде өтімділі
және көлемдері бойынша едәуір банкаралық валюта нарықнамасының қалыптасуына
қол жеткіздірді.
Ұлттық Банктің теңгенің айырбас бағамын түзілдіруге қатысуы ҚБВБ-на
шабуылдармен шектелді. Олар валюта рыногындағы жағдаяттың қысқа мерзімдік
өзгертулерінің нәтижесінде бағам тербелісін жою үшін жүргізілді. Жоғары
тиімділігін көрсеткен реттелетін құбылмалы бағам саясаты тасқын инфляцияны
ауыздықтануға мүмкіндік берді. Мұндай түзімде тұрақтандыруға, сонан кейін
экономиканың өркендеуіне қол жеткізілді. 1996 жылы Ұлттық банк реттелетін
өзінің валюталық саясатын жүрзізуді жалғастырады.
Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының бір мезгілдегі құлдырау
кезінде инфляция тежелді. Ұлттық валютаға деген сенім артты. Ал, Қаржы
министірлігінің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері және Ұлттық банк
ноталары секілді қаржылық құралдарды енгізу нәтижелері қолма-қол және
қолма-қолсыз шетел валютасына елеулі сұранысты әжептәуір азайтуға мүмкіндік
жасады. Долларға қатысты атаулы айырбас бағамының төмендеуі 15,4% –ды
құрады.
1996 жылдың 16-шілдесінде Қазақстан өзіне Халықаралық валюталық қор
келісімдері Баптарының шарттарына қосылғаннан соң қайсыбір валюталық
шектеулерді қолданбауға міндеттеме алды. Біздің еліміз сондай-ақ төлемді
балансқа байланысьты себептер бойынша валюталық бағамдардың көбейтілуін
іске асырмауға, байланысты себептер бойынша валюталық бағамдардың
көбейтілуін іске асырмауға, импортқа шектеулерді енгізуге және күшейтпеуге
міндеттермелер алды. Халықаралық ағымдық мәмілелер бойынша төлемдер мен
аударымдар жөнінде шектеулер алынып тасталды. Бұл теңгенің еркін
айырбасталымдығын қамтамасыз етуге және шектеулерден азат көпжақты төлемдер
жүйесіне көшуге мүмкіндік берді.
Ұлттық банктің 1997-1998 жылдары ішкі валюта рыногындағы басқыншылығы
жалғасты. Олар теңгенің атаулы бағам тербелістерін деңгейлестіру мақсатында
жүзеге асырылды. Осы мезгілде республикамыздың тәуелсіздігінің 7 жылы
ішінде ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысындағы ең төменгі құнсыздану
көрсеткішіне – 2,8 пайызға қол жеткізілді.
Әсіресе теңге бағамының күрт тербелістері қолма-қол шетел валютасы
рыногында байқалды. Қазақстандықтар Ресейдегі оқиғалар бізде де көрініс
табады деп күтті. Соның нәтижесінде құнсыздану болып өтті. Тамыз – қыркүйек
айларында шетел валютасына дүрлікпелік сұраныс туындады.
Қазақстанның сауда-саттық серіктес елдеріндегі, ең алдымен Ресейдегі
ұлттық валютаның елеулі құнсыздануы, сондай-ақ мұнай мен түсті металдарға
әлемдік бағалардың қолайсыз жағдаяты теңгенің шынайы мәнінде айтарлықтай
қымбаттауына әкеп соқты (1998 жылдың қатарынан желтоқсаны бойынша 21
пайызға, жылына орташа есеппен – 14,5 пайызға). Бұл қазақстандық
тауарлардың ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестік қабілеттігін азайтты,
сыртқысаудалық операциялар жөніндегі төлемдік баланстың теріс сельдосын
ұлғайтты, экономикалық өсу қарқынына қолайсыз әсер етті.
Көтеріңкі бағамның еліміздің экономикасына теріс салдарларының алдын
алу үшін Үкімет пен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz