Ағымдағы операциялар балансы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ БАПТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ . . . 5
1. 1 Төлем балансының түсінігі, түрлері және құрылымы . . . 5
1. 2 Төлем балансының көрсеткіштері және оның баптарын жіктеу әдістері . . . 14
1. 3Төлем балансының стандартты топтастырылуы . . . 19
2 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР ЖӘНЕ ОНЫ
РЕТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ . . . 23
1. 2 Төлем балансының сальдосын өлшеу тәсілдері . . . . 23
2. 2 Төлем балансына әсер ететін факторлар . . . 27
2. 3 Төлем балансын реттеудің негізгі әдістері . . . 31
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 36
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі - төлем балансы белгілі бір уақыт мерзімінде бір елдің әлемнің басқа елдерімен арасында болған сыртқы экономикалық операциялар бойынша жүйеленген жалпы мәліметтері көрсетілетін статистикалық тізімдемесі. Төлем балансы резидент еместерге жіберілген төлемдерді ғана емес, олардан келген түсімдерді де тіркейді.
Төлем балансының құрылуы мен бағалануы Халықаралық Валюта Қорының әдістемесі негізінде стандартталған есептеу ережелері мен анықтауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Төлем балансын құру мен анықтамаларының негізгі ережелеріне:
- резидент пен резидент еместер арасындағы операцияларды есепке алу;
- операцияларды екі жақты жазу жүйесімен есепке алу;
- қорлар көлемін емес, ағымдарды ғана көрсету;
- әр түрлі валюталарда көрсетілген операциялар мен төлем сомаларының құндық көлемін біркелкі есептік көрсеткішке келтіру;
- операцияларды түрлері мен экономикалық секторлар бойынша тіркеу.
Осыған орай, төлем балансы мемлекеттің ішкі-сыртқы қаржы операцияларын жүргізуде маңызды орын алады.
Курстық жұмыстың мақсаты - төлем балансы ұғымының мазмұнын жан-жақты ашу және оның түрлеріне талдау жүргізу арқылы оның ел экономикасындағы маңыздылығын, орны мен ролін айқындау болып табылады. Бұл талдаулардың мақсаты - осы көрсеткіштердің өзгеруін түсіндіріп, ел үкіметі жұмысында қойылған экономикалық мәселелерді шешу бағыттарын анықтау мен экономикалық даму барысында болжамаған өзгерістерге жауап беру. Өзгерістерді дәл талдау мен бағалау, ал одан кейін соған сәйкес саясатты жасақтау жүйеленген және уақтылы негізде келіп түсетін экономикалық және статистикалық ақпараттың дәлдігін талап етеді. Сонымен қатар, дұрыс экономикалық шешімдерді қабылдау үшін елдің сыртқы жағдайын тұрақты түрде бағалау мен өлшеу қажет. Біз білетініміздей, елдің басқа елдермен арасындағы қаржы ағымдары мен экономикалық операциялар мәліметтері жүйеленіп төлем балансында көрсетіледі де, ол елдің сыртқы жағдайын талдау мен қажетті өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Төлем балансына, оның баптарына сипаттама беру;
- Төлем балансының түрлерін және құрылымын көрсету ;
- Төлем балансының көрсеткіштері және оның баптарын жіктеу әдістерін талдау;
- Төлем балансының стандартты топтастырылуын қарастыру ;
- Төлем балансына ықпал ететін факторлар және оны реттеудің әдістерінің мазмұнын ашу және талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім 2 тараудан тұрады. Бірінші тарау «Төлем балансы, оның баптарының
сипаттамалары деп аталады». Онда келесі тақырыптар қарастырылған: Төлем балансының түсінігі, түрлері және құрылымы; Төлем балансының көрсеткіштері және оның баптарын жіктеу әдістері;
Төлем балансының стандартты топтастырылуы.
Екінші тарау «Төлем балансына ықпал ететін факторлар және оны реттеудің әдістерін» талдауға арналған. Онда төмендегі мәселелер қамтылған: Төлем балансының сальдосын өлшеу тәсілдері; Төлем балансына әсер ететін факторлар; Төлем балансын реттеудің негізгі әдістері. Қорытынды бөлімде қысқаша тұжырымдар келтірілген.
Курстық жұмысты зерттей келе, келесі ғалымдардың еңбектері қолданылды:
Блеутаева К. Б, Елемесов Р. Е, Мақыш С. Б және т. б.
1ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ БАПТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
1. 1 Төлем балансының түсінігі, түрлері және құрылымы
Халықаралық есептеулердегі елдің төлем жағдайын бағдарлау үшін ең алдымен экспорт пен импорттың ара қатысын анықтайды.
Шетелден сатып әкелінген және шетелге сатылған тауарлар көлемінің қорытынды көрсеткіші сауда балансы деп аталады. Кедендік мекемелердің сауда-саттық жөніндегі жинап, өңдеген статистикалық материалдары негізінде тұрақты түрде сауда балансы есептеледі. Экспорт пен импорттың айырмасын көрсететін сауда балансы ақпараттың мол көзі бола алмайды. Дегенмен, ол халықаралық экономикалық қатынастар көлемінің 80%-ін құрайтын сыртқы сауданың өте маңызды бастапқы көрсеткіші.
Сауда балансының сальдосын шығару үшін дүниежүзілік статистикада экспорт - ФОБ бағаларымен (оған көліктің, қамсыздандырудың т. б. құны кірмейді) есептеледі. Импорт болса көліктің де, қамсыздандырудың да шығындарын қоса есептейтін - СИФ бағалары бойынша анықталады.
Қызмет көрсетулер саудасына шетелге саяхаттар, теңіз тасымалдары т. б. жұмсалған қаржылармен байланысты шығындар кіреді. Жекелеген елдер үшін төлем балансының, қызмет көрсетулер бөлімі орасан мол пайданың көзі. Мысалы, Греция мен Испанияда шетелдік туризмнен түскен та-быс тауар экспорты құны көлемінің 60-80%-ін құрайды.
Халықаралық есептеулердегі елдің төлем жағдайын шетелден аударылатын зейнетақы, сыйлықтар, тегін қаржылай жәрдемдер де сипаттайды. Іс жүзінде мұның өзі тегін жәрдем нысанында елге импортталып жатқан шетелдік тауарлар.
Төлем балансының тағы бір түрін ағымдағы операциялар балансы деп атайды. [1, 224б]
Ағымдағы операциялар (есептер) балансы елдің экономикалық жағдайы туралы едәуір мол ақпарат береді.
Ағымдағы операциялардың оң сальдосы елдің шетелге шығаратын тауарлары мен қызмет көрсетулері көлемінің оларды шетелден сатып алу көлемінен артық екендігін көрсетеді. Ал, аталған операциялардың теріс сальдосы елдің басқа елдерге берешегінің ұлғайғанын дәлелдейді.
Ағымдағы операцияларға ұзақ мерзімді аударулар мен төлемдерді қоссақ, онда базистік баланс шығады. Базистік (негізгі) баланс елдің ең маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерін сыртқы және ішкі бағалардың ара қатысын, валюта курсын, табыс көлемін, өсу қарқынын т. б. қамтиды. Булар сирек өзгеретін тұрақты көрсеткіштер. Жалпы қағидаға сәйкес, базистік баланс болашақта нөлге тең болуы тиіс, өзге жағдайларда елдің берешегі көбейтіп кетеді.
Базистік балансқа «қысқа мерзімді борыш» бабын қосу бірқатар мәселелер туындатады,
Қысқа мерзімді борыш бабы елдің қысқа мерзімді борыштық міндеттемелерінің бар немесе жоқ екендігін көрсетеді. Қысқа мерзімді міндеттемелердің көлемінің ұлғаюы елді қиын жағдайда қалдыруы мүмкін. Қысқа мерзімді қарызы қалыпты мөлшерден (нормадан) асып кеткен ел шетелден қысқа мерзімді несие алуға немесе тіпті өз валютасын уақытша құнсыздандыруға (девальвациялауға) мәжбүр болады.
Базистік балансқа (қысқа мерзімді капиталдың қозғалысы) бабының қосылуы автономдық (дербес) есептеулер балансын береді. Халықаралық қысқа мерзімді капиталдардың қозғалысы уақытша құбылыс емес, елдің экономикасының дамуымеи байланысты болған жағдайда бұл баланстың маңызы күшейеді. Мысалы, ірі халықаралық фирмалар өзінің даму қарқынын бәсеңдету үшін қысқа мерзімді шетелдік несиелер алуға құштар болады; халықаралық операцияларда пайдалану үшін шетелдік азаматтар ұлттық валютаны көптеп сатып ала бастайды т. с. с.
Мұндай жағдай 70-жылдары мұнайдын, бағасы (ол доллалармен есептелетін) жоғарылауымен байланысты долларға сұраныс көбейіп, оның курсын халықаралық валюта рыноктарында арттырды, 90-жылдары бұрынғы КСРО азаматтары ұлттық валюталардың құнсыздануынан өздерін қорғау үшін жаппай доллар сатып ала бастады т. с. с, мысалдарды көптеп келтіруге болады.
„Қателіктер және қалдырулар" бабына ерекше тоқталу қажет. Бұл бап активтер меи пассивтер арасындағы айырманы нөлге келтіру үшін қолданылады,
Толыққанды баланс жасау ушін әрбір келісім теория жүзінде баланста екі рет көрсетілуі қажет болса, практика жүзінде бул талап орындала бермейді. Мұның себептері статистикалық есептеулердің көпшілігі немесе тіпті келісімнің өзінің заңсыздығы болуы мүмкін. Төлем балансын жасау үшін статистикалық мәліметтерді жинаушы адамдардың өздерінің келісімдер жөнінде толық хабардар болмауы да ғажап емес.
«Қателіктер және қалдырулар» бабы бойынша сомалардың көлемі статистикалық қызметтің сапасына, құжаттарды дайындау дәрежесіне және т. б. байланысты. Бұл сомалардың жедел артуы дағдарыс кезінде, елдін, экономикалық жағдайының төмендеуі тусында анық көрінеді және олардың көлемі өте үлкен болуы мумкін.
Төлем балансының тағы бір түріне өтімділік балансы (баланс ликвидности) жатады. Бұл баланстын дербес есептеулер балансынан айырмашылығы „қателіктер мен қалдырулар", резидент еместердің қолындағы қысқа мерзімді міндеттемелері, ел резиденттерінің қарауындағы шетелдік қысқа мерзімді міндеттемелері баптарын қосу, немесе қоспау мүмкіндіктеріне байланысты.
„Мемлекеттік резервтер" бабын қарастырайық. Бұл баптың құрамына мемлекеттің алтын қоры, шетелдік валюталар қоры, халықаралық валюта қорының (МВФ) резервтік квоталары (үлестері) мен аталған қордың билігіңдегі „қарыздардың арнаулы құқықтары" кіреді.
Мемлекеттік резервтердін ролі көпжақты. Бұған ұлттық валюта курсын қамтамасыз ету кепілдіктерін беруді, егіннің шықпай қалуымен байланысты төтенше жағдайларды, стихиялық апаттарды қамсыздандыру, азаматтық жөнсіздіктер мен әскери қимылдарды реттеу қызметтері жатады. Резервтер елдің несие алу мумкіндіктеріне кепілдік жасайды және несиелер берілген жағдайда олардын тиімділігін қамтамасыз етіп, ел бюджетіне қосымша пайда әкеледі.
Төлем балансының теріс сальдосы қалыптасқан жағдайда ұлттық валютаның курсын қолдау валюта резервтерін сатумен тікелей байланысты. Күтпеген төтенше жағдайларға байланысты елді қажет заттармен қамтамасыз ету мәселелеріндегі мемлекеттік резервтердің рөлі тіпті ерекше.
Алтын-валюта резервтерінің өсуі елдің халықаралық беделіне оң әсерін тигізіп, бұл елдің экономикалық жағдайының тұрақты да, сенімді екендігіне күмән келтірмейді.
Девальвацияға ұшырағыш шетелдік валютаны жинап, резервте ұстаудың ешқандай болашағы жоқ. Ол сұранысқа ие болмайтын „өлі капитал" деп аталады.
Жекелеген елдердің тәжірибесінде халықаралық инвестициялық борыш балансы пайдаланылады. Мұнда міндеттемелер мен қаражаттардың артуы, немесе кемуі айқындалады. Бұл баланста капиталдар қозғалысы бөліміндегі төлем мерзімі өтіп кеткен дебеттік және кредиттік есептердің толық сомасы көрсетіледі.
Жекелеген елдердің экономикалық жағдайын талдау үшін халықаралық валюта қоры жариялайтын төлем балансы схемасы өте пайдалы.
Кесте көрсеткіштері бойынша сауда балансында да, ағымдағы операциялардың кредиттік (оң) сальдосында да ірі активтердің иесі - Жапония.
Үш елдің 1992 жылғы сауда балансының көрсеткіштерін талдау, АҚШ пен Жалонияның капиталдарды экспорттаушы ірі елдер екендігін анықтайды, АҚШ негізінен тікелей инвестидияларды экспорттаса, Жапония тікелей және портфельдік инвестицияларды шетелге шығарушы ел. 1992 жылы жапондық портфельдік инвестициялар осы елдің ішінен тікелей инвестицияларымен салыстырғанда 2 еседей артык, болды. Ал, Франция болса керісінше, ұзақ мерзімді кредиттердің импорттаушысы болып табылады.
Қысқа мерзімді капиталдардың қозғалысы, олардың Фракция (34 млрд, долл) мен Жапониядан (76 млрд. долл. ) кетіп, есеп проценті ставкасының жоғарылауының ықпалымен АҚШ-қа қарай ұмтылысын көрсетеді.
Басқа елдердің американ долларымен (38 млрд. доллардан аса) және Француз франкімен (11, 5 млрд. долл. со масында) жинаған валюта резервтері де көңіл аударарлық (Ғ бөлімі) .
АҚШ, Жапония және Францияның 1992 жылғы төлем баланстары
1-кесте (Баптар) ; Төлем балансының соңғы бөлімі де оны тепе-теңдік жағдайда ұстап тұру мәселесін шешуде әр елдің өздеріне тән бағыттары бар екендігін көрсетеді.
Сыртқы экономикалық қызметтердің жан-жақтылығын көрсететін төлем баланстарының көптүрлілігі олардың теориясына да өз әсерін тигізді.
Төлем балансы жөніндегі әрбір теория мемлекетаралық қатынастар жүйесіне өзіндік түсіндірмелерін бере отырып, өз көзқарастарын бұл қарым-қатынастардың жекелеген аспектілерімен (тауар, қаржы-қаражат, ақша т. б. ) байланыстырады. Төлем баланстары теорияларының бізге белгілі түрлерше неоклассикалық, кейнсиандық және монетарлық теориялары жатады.
Неоклассикалық теория бойынша төлем балансының негізгі элементі осы елдің тауарлары мен қызмет көрсетулерінің экспорты мен импортының ара қатысы. Мұның өзі жергілікті, немесе шетелдік тауарларды таңдап алудағы жергілікті және шетелдік резиденттердің алған бағыт-бағдарына бағынышты. Ұлттық немесе шетелдік тауарды сатып алу мәселесі олардың бағаларын салыстыру арқылы шешіледі. Басқаша айтқанда, классикалық теория бойынша төлем балансының шешуші параметрлеріне салыстырмалы біртекті тауарлар мен валюталардың айырбас курсы жатады.
Кейнсиандық теория бойынша төлем балансы өнім өндірумен байланыстырылады. Өшм өңдіру шығындарынан жиынтық ішкі шығындарды шығарып тастасақ, „түбінде" төлем балансы қалады дейді аталған теорияның жақтаушылары. Валюта курсы, бәсеке мүмкіндігі т. б. көпсеткіштер өнім өндіруге немесе жиынтық ішкі шығымдарға тигізетін әсерлері арқылы ғана есепке алынады.
Кейнсиандық теорияны жинақтаушылардың ең көп қолданнлатын терминдерінің бірі "экспорттың өсуін ынталаңдыру". Бұл теорияға сәйкес төлем балансы шығындармен немесе өндіру көлемімен тығыз байланыстырылады. Егер, дейді кейнсиандықтар, өндірістің кетуі ішкі шығындардың қысқаруымен бір уақытта жүріп, өндірістің төмендеу көлемі шығындардың қысқару көлемінен салыстырмалы кемдеу болса төлем балансының жақсаруды күтуге болады.
Монетаристер төлем балансының бузылуын ең алдымен айналымға анық қажеттіліктерден артық ақша қаражаттарын шығарумен байланыстырады. Егер артық ақша көлемі белгіленген деңгейден асып кетсе, төлем балансының тапшылығы пайда болады. Ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі шетелдерден келетін валютаны пайдалануға итермелейді. Валютаның қажет көлемінің келуі немесе кетуі төлем балансының оң немесе теріс сальдосын қалыптастырады.
Төлем балансының неоклассикалық, кейнсиандық және монетаристік теорияларын жинақтап қарастырсақ, онда мынадай қорығындыға келуге болады: аталған бағыттардың барлығы да негізінде тауарлар мен капиталдардың халықаралық айырбасын көрсететін төлем балансының әртүрлі жақтарын сипаттайды.
Әрбір елдің көпқырлы, кешенді халықаралық экономикалық қатынастары оның халықаралық операцияларының баланстық (тепе-теңділік) есебінде көрініс табады. Бұндай есепті қалыптасқан дәстүр бойынша төлем балансы деп атайды. Төлем балансы дегеніміз тауарларды, қызмет көрсетулерді, капиталдарды әкету мен әкелу көрсеткіштері формасында (нысанында) елдің дүниежүзілік байланыстарын анықтайтын құндық өлшем. Халықаралық операциялардың баланстық есебі елдің сыртқы экономикалық операцияларының көлемін құрылымын және сипатын сандық және сапалық тұрғыдан анықтайтын құндық көрсеткіш. Барлық операциялар бойынша валюта ағындарының көрсеткіштері төлемдер мен кірістер деп белгілінеді .
Төлем баланстарының қазіргі кестелері құндылықтардың барлық түрлерінің еларалық қозғалысы туралы жеткілікті мәлімет береді. Экономикалық мазмұны бойынша белгілі бір мерзімдік және белгілі бір кезендік төлем баланстарын ажыратады. Белгілі бір мерзімдік төлем балансын статистикалық көрсеткіш ретінде дәл атап айту мүмкін емес, себебі ол күн сайың өзгеріп тұратын төлемдер мен кірістер аракатысы түрінде көрініс береді. Төлем балансы жағдайын ұлттық және шетелдік валютаға деген осы сәттегі сұраныс пен ұсыныс анықтайды және мүның өзі валюта бағамын қалыптастыру факторларының бірімен саналады.
Белгілі бір кезеңдік (ай, тоқсан, жыл) төлем балансы осы кезең аралығында жүзеге асырылған сыртқы экономикалық мәмілелердің статистикалық көрсеткіштері негізінде жасалады да, елдің халықаралық экономикалық қатынастардағы өзгерістерін сараптауға мүмкіндік береді. Кезеңдік төлем балансы көрсеткіштері экономикалық дамудың агрегаттық көрсеткіш терімен (жиынтық ішкі өнім, ұлттық табыс т. с. с. ) байланысты, сондықтан мемлекеттік реттеу объектісі болып табылады. Кезеңдік төлем балансының жағдайы ұлттық валюта жағдайымен, оның тұрақтылығымен немесе валюта бағамының өзгерістері сипатымен тығыз байланыста болып келеді. [2, 138-1426. б]
Бухгалтерлік есеп тұрғысынан төлем балансы әрқашан тепе-теңдік жағдайында тұрады. Бірақ, негізгі бөлімдері бройынша егер кіріс төлемдерден жоғары болса, онды сальдо орын алады да, ал төлемдер түсімдерден артып кеткен ситуацияда теріс сальдо бой көрсетеді. Сондықтан, төлем балансын жасау және сальдоны есептеу әдістері елдің сыртқы экономикалық операцияларын сипаттайтын көрсеткіштерді дұрыс сараптауды ұйымдастыру жолында үлкен рөль атқарады.
Төлем балансын жасау теориясы мен практикасы дүниежүзілік экономикадағы өзгерістерге сәйкес дамиды және жетілдіріліп отырады. Халықаралық төлем қатынастарында "баланс" термині баланстық есеп, сальдо немесе есепшот қалдығы, есепшот жағдайы, тепе-теңділік және т. б. түсініктерді анықтау үшін қолданылады. Сондықтан, төлем балансы елдің халықаралық операцияларының есебі ғана, сонымен қатар осы операциялардың белгілі бір жағдайының көрінісі де болып табылады.
Төлем балансы құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Сауда балансы, яғни тауарларды әкету мен әкелу арақатысы;
2. Қызмет көрсетулер жене коммерциялық емес төлемдер балансы;
3. Ағымдағы операциялар балансы;
4. Капиталдар мен кредиттер қозғалысы балансы;
5. Ресми валюта резервтерімен операциялар. Енді осы баланс түрлерін сипаттайық.
Сауда балансы, тарихи тұрғыдан сыртқы сауда ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықтарды байланыстыратын халықаралық экономикалық қатынастардың бастапқы формасы болып табылады. Сыртқы сауда арқасында халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасады
Төлем балансында сыртқы сауда көрсеткіштері дәстүрлі маңызды орын алады. Тауарлардың экспорты мен импорты арақатысы сауда балансын түзеді. Сыртқы сауданың едәуір бөлігі кредит негізінде жүзеге асатындықтан тиісті кезенде атқарылған төлемдер мен түсімдер арасында айырмашылықтар болады. Осы айырмашылықтарға байланысты кезінде төлем балансы атқарылған ақшалай төлемдер мен нақты түсімдер арақатысы ретінде анықталған еді
Сауда балансының онды немесе теріс мағынасы нақты елге байланысты оның дүниежүзілік шаруашылықтағы жағдайына әріптестерімен байланыс сипатына және жалпы экономикалық саясатына тәуелді болып келеді. Экономикалық дамуы кенжелеп қалған елдер үшін оңды сауда баламсы импорт төлемін атқару үшін қажет болса, өнеркәсібі дамып, елдер үшін оңды сальдо капиталды экспорттап, шетелде екінші экономика жасау ушін қажет болып жатады.
Теріс сауда балансы ұнамсыз құбылыс саналады және әдетте елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы позициясының әлсіздігін көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz