Төлем балансының түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАЛАНСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ

1. 1 Төлем балансының мәні және принциптері. 4-10

1. 2 Мемлекеттің төлем балансына теориялық көзқарастаp………. . 11-13

1. 3 Төлем балансының түрлері. . 14-16

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС

2. 1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу………. 17-20 2. 2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы …. . 21-25

2. 3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда

айналымын талдау . . . … . . . 26-30

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі проблемалық мәселелері. . 31-35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36-37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . 38

ҚОСЫМШАЛАР .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі - кез-келген мемлекеттің халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды көрініс табады. Осыған байланысты төлем балансы - халықаралық есеп айырысу баланстарының негізгі бір түрі болып табылады.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты:

  • тікелей ақша айналымын ғана емес, сонымен қатар халықаралық есеп айырысу балансын реттеу.
  • Салықтарды реттеу.
  • Табыстарды ауыстыруғы тыйым салу.
  • Экспорттық және импорттық операцияларға тікелей бақылау жасау, т. б.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында келесідей міндеттер қойылды:

  • Төлем балансының дефицитін болдырмау үшін ақша мәселесін қатаң қадағалау қажет.
  • Капитал қозғалысына бақылау жасау және оның кемуімен күресте оң нәтижеге жету ушін экономикалық, заңдық шаралар шешуші, уақыты жағынан шектеулі болуға тиіс.

Тікелей ақша айналымын ғана емес, сонымен қатар халықаралық есеп айырысу балансын реттеу.

  • Салықтарды реттеу.
  • Табыстарды ауыстыруғы тыйым салу.
  • Экспорттық және импорттық операцияларға тікелей бақылау жасау, т. б.

Зерттеу жұмысының ғылыми әдістемелік базасы-

Курстық жұмыстың құрылымы- кіріспеден, 3 бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қорытынды және қосымшалардан тұрады.

Бұл курстық жұмыс Н. Қ. Мамыров, Майдан-Әли Байгісиев, Р. Дорнбуш сияқты отандық және шет елдік ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып жазылды.

І. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ -ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАЛАНСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. 1 Төлем балансының мәні және принциптері

Тауарлар мен қызмет көрсетулердің ұлттық шекарадан тысқары қозғалысына қарама-қарсы, төлем ақы ретінде қаржы-ақша қозғалысы пайда болады. Осы қарама-қарсы ағыстар төлем балансы баптарында қорытындылап көрсетіледі.

Төлем балансы дегеніміз - жекелеген ел мен басқа бір елдер резиденттерінің арасында белгілі бір мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары. [1-137]

Мемлекеттің төлем балансында ақша айналымының барлық операциясы көрсетіледі, мұның өзі шет ел байланысын нығайта түсуге көп ықпал жасайды. Мұнымен қоса есеп айырысу балансы да жасалады, мұнда тек нақты төленгені ғана көрсетіліп қоймайды, сонымен қатар төленбеген міндеттемелер де көрсетіледі. [5-194]

Төлем балансында елдердің сауда - экономикалық операцияларының құрылымы мен сипаты, сапалық және сандық масштабтары көрінеді.

- әлемдік шаруашылықтағы қатысы: осы елдің басқа елдерге шығарған барлық төлемдері сомасының және басқа елдерден түскен түсімнің барлық сомасының арақатынасының көрінісі.

Төлем балансы келесі құбылыстарды қамтиды:

а) белгілі бір елдің өзінен басқа әлем арасындағы тауарлық, қызметік, табыстық операциялар;

ә) меншіктегі өзгеріс және сол елдің алтын-монетарлық, арақатынастағы арнайы ақша резерві (СДР) және де басқа елдерге қарағанда, сол елдің қаржылық талаптары және міндеттемелеріндегі өзгерістер;

б) бір жақты аудармалар және орын толтырушы жазбалар. Олар өзара шешуге келмейтін операциялар мен өзгерістер бухгалтерлік есеп бойынша теңестіруге қажетті. [2-60]

Төлем балансы елдің төлемдер мен кірістернің жағдайын анықтайды. Халықаралық валюта қоры есептеуіш елдердің барлық экономикалық келісімдерін мерзіміне қарай төлем балансы ретінде сипаттайды. Төлем балансы жеке-дара келісімдерді емес, мемлекетаралық жиынтық келісімдерді қорытындылап көрсетеді. Төлем балансы әдетте бір календарлық жылды қамтиды. [1-137] Уакытына қарай белгілі бір мерзімнің және бір күндік төлем балансы болады. Бір күндік төлем балансы статистикалық көрсеткіш ретінде жарияланбаса да, ол белгілі бір датаға орындалуға тиіс төлемдер мен түсімдердің арақатынасындағы өзгерістерді көрсетеді. Белгілі бір мерзімнің төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен түсімдердің арақатысын көрсетіп, мемлекеттің халықаралық экономикалық қатынастардағы өзгерістерін және елдің экономикасының жағдайын білуге көмектеседі. [4-294] ”Келісім” деп - тауардың, экономикалық қызметі көрсетудің кез-келген айырбасын немесе активтерге меншік құқының бір елдің резидентінен басқа бір елдің резидентіне өтуін атайды.

Қазіргі уақытта төлем балансы елдің халықаралық тауарлар, қызметі көрсетулері және капиталдар айырбасына қатысу ерекшеліктерін анықтайтын ақпараттың маңызды көзі ретінде халықаралық экономикалық қатынастар саласы мамандарының жан-жақты зерттейтін құжатына айналды. [1-138]

Төлем балансының құрамының негізі болып табылатын принциптері:

Бірінші принцип-қандай да бір елдің белгілі бір кезеңдегі барлық сыртқы экономикалық операцияларды түгелдей қамту (жыл, ай, тоқсан) . Сыртқы экономикалық операцияларды ішкі экономикалық операциялардан айыра білу үшін ең алдымен резиденттері мен резиденттер емес арасындағы операцияларды түсіну қажет.

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу және валюталық бақылау заңында ”резиденттер”:

а) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар, уақытша басқа елдерде болушылар;

ә) Қазақстан Республикасында орналасқан, оның заңдылығына сәйкес орнатылған заңды ұйымдар;

б) Қазақстан Республикасында орналаспаған және оның заңдылығына сәйкес емес орнатылған өндрістер, ұйымдар; олар заңды ұйым болып табылмайды;

в) Басқа елдерден Қазақстанға келген дипломатиялық және тағы басқа арнаулы өкілдер.

«Резиденттер емес»:

а) Қазақстан Республикасының сыртында тұрақты тұратын және уақытша келушілер.

ә) басқа елдің заңдары бойынша құрылған басқа елде орналасқан ұйымдар.

б) шет ел заңдары бойынша құрылған ел сыртында орналасқан ұйымдар .

в) Қазақстан Республикасындағы шетел дипломатиялық арнаулы елшілер, халықаралық ұйымдар, олардың филиалдары және өкілдері;

г) Қазақстан Республикасындағы орналасқан ә және б пунктерінде көрсетілген «резидент еместердің» филиалдары мен елшілері. [2-61]

”Резидент” статусы тұрақты мекен-жайға қарай берілeді. Тек, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Бүкіл Дүниежүзілік Сауда ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар ғана өздерінің орналасқан елдердің резиденттері емес. [1-137]

Екінші принцип-операциялардың екі қайтара бухгалтерлік жазбасы нәтижесінде бір баптағы дисбаланс келесі баппен тенеледі. Төлем балансы төлемдік операцияларды да қамтиды. Осындай төлемге қатысы жоқ операциялардың бірі - біржақты аудармалар (яғни, қайта төленбейтін бір жақты негіздегі төлемдері) ;

Алтынның монетазациялануы немесе демонетазациялануы; алтынға деген әлемдік бағаның өзгеруіне байланысты ұлттық валюта резервін қайта бағалау. Сондықтан да төлем балансы тек төлемдер емес төлем операцияларын қамтиды. [2-61]

Төлем балансының негізгі қызметі тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныстың өсуімен (валютаның елден кетуі) немесе шет елдік валютаның келуімен байланысты келісімдердің барлық түрлерін топтап көрсету.

Қазақстанға шетел валютасын келтіруге ықпал ететін сыртқы сауда келісімдерінің түрлеріне мыналар жатады:

1. Тауарлар экспорты. Бұган Қазақстанның кедендік шекарасынан өтіп кететін тауарлардың барлығы жатады.

2. Қызмет көрсету экспорты. Бұған елімізге келген шетел туристеріне, дипломаттарына және бизнесмендеріне қызмет көрсетудің төлем ақылары кіреді.

3. Шетелдік акцияларды иемденуші қазақстандықтарға төлейтін проценттер мен дивидендтер.

4. Бір жақты акша аударулар мен трансферттер. Бұларға зейнетақыны аудару, шетелдік мемлекеттерге көмек, эмигранттардың өз туыстарына аударатын еңбек ақылары және Қазақстанға келіп жатқан мемлекеттік немесе гуманитарлық көмектер жатады.

Келісімнің бұл түрінің бір ерекшелігі келіп түскен қаржылар қарама-қарсы ресурстар ағысын тудырмайды.

5. Қазақстандағы шетел резиденттерінің ұзақ мерзімді займдары мен инвестициялары. Бұлар қазақстандық фирмалар мен ұйымдардың шетел мемелекеттері мен компанияларынан алып жатқан займдары мен инвестицияларын қамтиды. Жеке меншік кәсіпкерлікте олардың қатарына шетелдіктердің казакстандық өнеркәсіп орындарын, құрылыстарды және басқа қозғалмайтын мүліктерді (недвижимость) сатып алуы жатады. Мұндай келісімдер кейбір жағдайларда капитал экспорты түрінде жинақталып көрсетіледі. Елдегі кәсіпорындарды, қозғалмайтын мүлікті т. б. сатудың өз капиталын экспорттаудың ерекше бір түрі емес пе?

6. Шетелдік фирмалар мен ұйымдардың Қазақстанға беретін қысқа мерзімді инвестициядары мен займдары. Бұл келісімдер жоғарыда көрсетілген келісімдерге ұқсас, бар айырмашылығы олардың мерзімінің қысқалығында. [1-138]

7. Шетелдік резервтер. Бұлардың қатарына шетел мемлекеттерінің Қазақстанның ұлттық банкінен алған валюталық немесе басқа резервтері жатады.

Аталған келісімдердің әрқайсысының қарама-қарсы нысандары бар. Оларға шетел тауарларының импорты, зейнетақы және басқа қаражаттарды аудару, шетелдік мемлекеттер мен жеке меншік фирмаларға несиелер есебінде шетел валюталарының Қазақстаннан кетуі жатады.

Тауарлардың экспорты мен импортын, қызмет көрсетулерді, проценттері мен дивидендтерді, бір жақты аударулар мен трансферттерді, алынған және берілген ұзақ және қысқа мерзімді займдарды, сондай-ақ мемлекеттік резервтердің келуі мен кетуін біріктірсек, онда халықаралық экономикалық әдебиетте қолданылатын ”төлем балансы”атты құжатқа ие боламыз.

Келісімдердің қарастырылған баптарын шартты түрде үш топқа біріктіруге болады:

1) экспорт-импорт операциялары жататын ағымдағы есеп бойынша келісімдер:

2) капитал қозғалысымен байланысты келісімдер:

3) ресми резервтердің есептері.

Бірінші топтағы келісімдер тауарлар мен қызмет көрсетулерге, меншік құқын беруге байланысты операцияларды тіркейді: екінші топ-капиталға меншік құқын беруге байланысты, ал үшінші топ елдің ұлттық банкінен ресми резервтерді алуды тіркейді.

Қабылданған ережелерге сәйкес төлем балансы қосарланған есеп (двойной счёт) принципі бойынша жасалады. Мұның мәні мынада: әрбір келісім бір уақытта екі есепке қатар жазылады: дебетте, тауардың немесе қаражаттың осы есепке келіп түскенін айғақтайды және кредитте, тауардың босатылғаның (берілгенің) немесе осы есептен қаражаттың төленгенін сипаттайды. Жүргізілетін әрбір операцияның екі жағы бар, мысалы, тауардың келіп түсуі және оның төлемі. Тауарды алғаннан соң, ол үшін төлеу қажет. Жасалып жатқан балансқа дәстүр бойынша дебеттік жазбалар “минус”(“-“) белгісімен, ал кредиттік жазбалар “плюс”(”+”) белгісімен түсіріледі.

Нақты келісімді дебеттік немесе кредиттік есепке жазуды шешу үшін мынаны есте ұстау қажет. ”+”белгісі кредиттік жазбалар түпкі нәтижесінде елге келіп түсетін ақшалар жөніндегі келісімдерге қатысты: ”-”белгісі бар дебеттік жазбалар елдің валюта шығындарына қатысты келісімдерде көрсетіледі.

Тауарлар мен кызмет көрсетулер экспорты, капиталдардың келуі төлем балансының кредиттік есебінде «+» белгісімен жазылады. [1-139]

Тауарлар импорты, шетелдік инвестициялар шетелге кететін займдар мен несиелер, шетелдіктер аударатын зейнетақылар мен сыйлықтар мұның бәрі “-” белгісімен дебеттік есепте көрсетіледі.

Қазақстан тауарын Ресейге экспорттау мысалын қарастырайық. Егер Қазақстан Ресей рыногында ақ қаңылтыр сатқан болса, онда ресейліктер оны төлеу үшін рубльді қазақстандық теңгеге айырбастауы қажет. Нәтижесінде, экспорт халықаралық рынокта теңгеге сұранысты ұлғайтады, сондықтан ол “+” белгісімен бағаланады. Ал, Ресейден тауарды импорттау кезінде жағдай керісінше болады. Қазақстан үшін есеп шоттарға теңге түсіруді қамтамасыз ететін негізгі келісімдерге тауарлар экспорты мен шетелдіктерге қызмет көрсету келісімдер жатады.

Қазақстаның ұлттық валютасы - теңгенің қорын кемітетіндерге тауарлар мен қызмет көрсету импортынан басқа туризмге шығындар, Қазақстандағы әскерлерді шетелде ұстап тұруға кететін шығындар жатады.

Тауарлар экспорты мен капиталдар экспортын келісімдердің біртекті түрлері деп қарастыруға болмайды. Олар өздерінің мәні бойынша тіпті қарама-қарсы, тауарлар экспорты шетелге тауар жеткізуші мемлекетке шетелдік валютаны келтіреді, сөйтіп ол ”+”белгісімен тіркеледі. Капитал экспорты, керісінше, ақшалай қаражатты кетуін көрсетеді, сондықтан олар ”-”белгісімен жазылуы тиіс.

Қосарланған есеп принцип ендікті немесе нольдік сальдоны қарады. Мұның өзінде белгілі бір логика бар, тауарлар немесе капиталдар қозғалысы келісімдерін түгел есептеудің түпкі нәтижесі нөлге тең болуы тиіс.

Егер фирманың немесе мемлекеттің табысынан шығыны көп болса, артық кеткен қаражат алайда қайтарылуы тиіс. Ол үшін салық орны пайдаланылады немесе банкіден қарыз алынады. Мұндай жағдайда да табыстар мен шығыстар сальдосы нөлге тең болуы қажет.

Теріс (пассив) немесе оң (актив) сальдо төлем балансының мына бөлімдеріндегі тепе-теңдіктің бұзылғанын көрсетеді: а) ”көз көріп, қол ұстайтын”сауда, ол тауарлар сауда-саттығымен байланысты; б) ”көзге көрінбейтін”сауда, оған әр түрлі қызмет көрсетулер мен көлік тасымалдары жатады; в) капиталдың бір елден екінші елге қозғалысы. [1-140]

Бір жағынан ағымдағы, немесе капиталдармен операциялардың есебі бойынша дебеттін жалпы сомасының кредиттін жалпы сомасынан артуынан пайда болатын неттодебет төлем балансының тапшылығын (дефицитін) сипаттайды. Бұл тапшылықтың орны халықаралық резервтерді өзгертуімен (ұлғайтумен) толықтырылуы тиіс.

Екінші жағынан, егер ағымдағы және капиталдармен операциялар бойынша кредиттін жалпы сомасы дебеттін жалпы сомасынан артса, мемелекет оң (актив) төлем балансына ие болады. Он сальдоға халықаралық резерв есебіндегі дебеттік балансы кемітуі арқылы қол жеткізіледі.

Төлем балансында қолданылатын қосарланған есеп принцип жазбаларға сәйкес екі әрекеттен (келісімнен) тұрады. Бір әрекет екінші әрекетті толықтырады, немесе екіншісінен түпкі нәтижесін көрсетеді. Мысалы, сатып алушы қажет тауарды ақша төлеп алады. Мұндағы ең маңыздысы тауар сатып алу жөніндегі шешім. Оның салдары сатушыға тауар үшін ақша төлеу. Тауарлар немесе қызмет көрсетулер импортында да алғашқысы тауар сатып алу жөніндегі ұйғарым, екіншісі оны төлеу.

Төлем балансының баптары да осыган сәйкес дербес (автономный) және теңгермелі (балансирующий) болып бөлінеді. Дербес немесе негізгі баптарға тауарлар мен капиталдар қозғалысын көрсететін баптар жатады. Теңгермелі, баланстаушы баптарға тауарлар немесе капиталдар қозғалысын қамтамасыз ететін, қаражаттарды аударуды көрсететін баптар жатады.

Дербес немесе негізгі баптар тауарлар мен қызмет көрсетулердің экспорты мен импортын көрсетеді. Сондай-ақ негізгі баптарга өндірістік орта жасауға қажет инвестициялар да қосылады.

Теңгермелі баптарға төлем балансы сальдосын реттейтін әдістер мен деректер көрсетіледі. Бұларға валюталық резервтердің қозғалысы, қысқа мерзімді активтер көлемнің өзгерісі, мемелекеттік жәрдем, мемлекеттік займдар және халықаралық қаржы ұйымдарының кредиттері кіреді. [1-141]

Төлем балансы баптарының дербес (негізгі) және тенгермелі (баланстаушы) болып бөлінуі көрер көзге анық болғанымен, практика жүзінде тіпті басқаша болуы мүмкін. Мысалы, үкімет төлем балансының теріс сальдосына байланысты ұзақ мерзімді займ алу мәселесін қоюы мүмкін. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімді займ шын мәнінде теңгермелі бапқа тән болады. Сол сияқты үкіметтің тауарларды төлеу үшін”кепілдіктер жүйесін”(залоговая система) енгізуі төлем балансының негізгі баптарына кіргізілетін қысқа мерзімді кредиттеуді көрсетеді.

АҚШ-қа есеп ставкаларын жоғарылатуымен байланысты қысқа мерзімді кредиттердің көптеп келу жағдайын қарастырайық. Бұл жағдай 80-жылдардың басында үкімет билігіне Р. Рейган әкімшілігінің келумен байланысты қалыптасты. Көптеп келіп жатқан капиталдар сомасы төлем балансы тұрғысынан дербес (негізгі) әлде тенгермелі (баланстаушы) ме?

Капитал қожаларының өз қаражаттарын американдық құнды қағаздарды сатып алу үшін жұмсау кажеттігі бойынша шешім дербес қабылданады, сондықтан олар төлем балансының негізгі бабына жатады. Дегенмен, американ үкіметінің шешім бойынша есеп ставкаларын жоғарылату нәтижесінде келген қысқа мерзімді капиталдар төлем балансының дефицитін (тапшылығын) жоюға бағытталған шара болатын, сондықтан олар теңгермелі (балансаушы) бапқа жатады. Сонымен практика жүзінде төлем балансының бір бабында негізгі де, тенгермелі де келісімдер көрсетілуі әбден мүмкін. [1-142]

1. 2 Төлем балансына теориялық көзқарастар

Төлем балансын мемлекет реттейді. Бұл ертеден келе жатқан теория. Төлем балансы жөніндегі әрбір теория мемлекетаралық қатынастар жүйесіне өзіндік түсіндірмелерін бере отырып, өз көзқарастарын бұл қарым-қатынастарын жекелеген аспектілерімен(тауар, қаржы-қаражат, ақша, т. б. ) байланыстырады.

Төлем баланстары теорияларының бізге белгілі түрлеріне неоклассикалық, кейсиандық және монетарлық теориялар жатады. [1-146]

«Төлем балансы» терминін Шотландтық экономист (ХVІІ ғ) Джеймс Стюарт ойлап тапқан. ХХ ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда дами түсті. Осыған байланысты ХҚВ барлық елдер бойынша ортақ төлем балансын құраудың стандарттық әдістемесін жасаған. [2-62]

ХІХ ғасыр мен ХХғ. басында Шотландтық Д. Юланың стандарт шартында автоматты түрде теңестірілудің классикалық теориясы өте жоғары деңгейде дамыған. Бұл теория алтын стандарт шартымен бірге қалып қойды. Бірақ соңғы он жылдықтарда бұл теорияға қызығушылық қайта артты. Бұрынғы жағдайда автоматтық реттегіш ретінде «Резервтердің қорытынды өзгерістері» танылса, валюта курсының «қалқымалы» жағдайында автоматты регулятор ретінде ұлттық валюта курсы айырбасталуының «қалқымалы» болуы саналады.

Төлем балансы оның құлдырауына байланысты төмендейді, оның жақсаруына байланысты жоғарылайды. Ол өздігінен автоматты түрде көптеген ағымдағы операциялардың өзгеруіне әкеледі. Капиталдың қозғалуына ықпал етеді.

Бұдан кейін неоклассикалық эластикалық әдіс қалыптасты. Оны Д. Робенсон, А. Лернер, Л. Мецлер ойлап шығарды. Эластикалық әдіс төлем балансының өзегі - сыртқы сауда болып табылады. [2-69]

Неоклассикалық теория бойынша төлем балансының негізгі элементі осы елдің тауарлары мен қызмет көрсетулерінің экспорты мен импортының арақатысы. Мұның өзі жергілікті немесе шетелдік тауарларды таңдап алудағы жергілікті немесе шетелдік резиденттердің алған бағыт - бағдарына байланысты. Ұлттық немесе шетелдік тауарды сатып алу мәселесі олардың бағаларын салыстыру арқылы шешіледі. Басқаша айтқанда, классикалық теория бойынша төлем балансының шешуші параметрлеріне салыстырмалы біртекті тауарлар мен валюталардың айырбас курсы жатады. [1-147]

Сауда балансының сальдосы=Pэ/Ри * K болып табылады.

Мұнда:Рэ - экспорттық тауарлар бағасының деңгейі;

Ри - импортты қ тауарлар бағасының деңгейі;

К - валюта курсы.

Осы формуладан келесі қорытынды шығаруға болады:

Төлем балансының тепе-теңдікке жеткізу құралы - валюталық курс өзгерімділігі болып табылады. Осыған сәйкес ұлттық валютаның девальвациясы экспорттық бағаларды төмендетеді, ал ревальвация (құнын арттыру) шетелдік тұтынушылар үшін біздің тауарларымызды қымбаттады. Ол елде шығарылған тауарлардың бізге әкелінуін арзандатады.

Демек, осындай жағдайларда келесі көрсеткішті пайдалану қажет. Ол экспорт пен импорт сұранымының эластикалық коэффициенті болып табылады. Ол жоғарыда аталған өзгерістердің дәрежесін көрсетеді. Егер елге қажетті тауар импорты осы елде шығармайтын болса, онда оның жергілікті тауарлармен бәсекеге түсе алатын импорт тауарларынан айырмашылығы онша үлкен еместігін білдіреді.

С. Александрдың еңбагі Дж. Мид және Я. Тинбергеннің идеясына сүйене отырып, абсорбциондық тұрғыдан келіп, жалпы алғанда, кейнсиандық теорияға сүйенеді. Бұл тұрғыдағы төлем балансын(атап айтқанда, сауда балансы) жалпы ішкі өнімнің негізгі элементтерімен, біріншіден, ішкі тұтыну мен инвестициялық сұраныстың жиынтығымен байланыстыруға тырысады. [2-70]

Кейнсиандық теория бойынша төлем балансы өнім өндірумен байланыстырылады. Өнім өндіру шығындарынан жиынтық ішкі шығындарды шығарып тастасақ «түбінде» төлем балансы қалады дейді аталған теорияның жақтаушылары. Валюта курсы, бәсеке мүмкіндігі тағы басқа көрсеткіштер өнім өндіруге немесе жиынтық ішкі шығындарға тигізетін әсерлері арқылы ғана есепке алынады.

Кейнсиандық теорияны жинақтаушылардың ең көп қолданылатын терминдерінің бірі «экспорттың өсуін ынталандыру». Бұл теорияға сәйкес төлем балансы шығындармен немесе өндіру көлемімен тығыз байланыстырылады. Егер, дейді кейнсиандықтар өндірістің кемуі ішкі шығындардың қысқаруымен бір уақытта жүріп, өндірістің төмендеу көлемі шығындардың қысқару көлемінен салыстырмалы кемдеу болса төлем балансының жақсаруын күтуге болады. [1-147]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағымдағы операциялар балансы
Төлем балансының есеп айырысу балансынан айырмашылығы
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ
Мемлекеттің төлем балансының экономикалық мәнін ашу
Төлем балансы жайлы
Қазақстан Республикасындағы төлем балансын талдау
Қазақстан Республикасының төлем балансы және оның құрылымы
Экономикалық факторлар және мемлекеттің төлем балансы
ҚР Ұлттық төлем балансы және оның ерекшеліктеріне талдау
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz