Халықаралық валюталық жүйе және валюталық қатынастар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

I. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭЛЕМЕНТІ
РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... .4

1.1 Халықаралық валюталық жүйе және валюталық қатынастар
... ... ... ...4
1.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда
жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

II ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... .12

2.1 Валюталық бағам және оның тұрақтылығының төлем балансына
әсері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2.2 Төлем балансының құрылымы және есеп айырысу шоттары, оларды
жетілдіру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...20

Қортыныды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 28

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..30

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге
даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш
күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен,
халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының
интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Халықаралық валюталық
жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын
тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың
жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы
халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық
капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық
жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және
халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық
валюта және ен басты элементтердің бірі төлем балансы жатады.
Төлем балансы деген белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң
шетелге төлеген валюталық соммасымен оған шетелден түскен соманың
арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы
болады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Мемлекеттің төлем балансы
және ҚР-да оны жетілдіру жолдары деп алдым. Курстық жұмыстың
өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы
үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық
қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық
қатынастардың дамуы, халықаралық валюталық қатынастағы төлем балансының
құрылымын талдау және ұлттық экономикадағы төлем балансының оң сальдосының
маңыздылығын түсінудің қажеттігі болып табылады. Өйткенi бiздiң
экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта
өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi.
Курстық жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым мемлекеттің төлем
балансының экономикалық мәнін ашу және оның экономиканың тиімді қызмет
етуіндегі үлесінанықтау болып табылады.
Жұмыс барысында келесідей міндеттерді қарастырмақшымын:
• Халықаралық валюта жүйесі және валюта қатынастарының сипаты мен
экономикалық маңызын анықтау;
• Сауда жағдайының негізгі құралы ретінде төлем балансының маңызы
мен оның құрамын талдау;
• Халықаралық істесуде төлем балансының айқындалуы және оның
халықаралық есеп айырысудағы рөлін анықтау;
• Валюталық бағам және оның төлем балансына әсерін талдау;
• Төлем балансының құрылымын және есеп айырысу шоттарын талдау мен
жетілдіру жолдарын көрсету болып табылады.

I. МЕМЛЕКЕТТІҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭЛЕМЕНТІ
РЕТІНДЕ

1.1 Халықаралық валюталық жүйе және валюталық қатынастар

Кез-келген елдің дүниежізінің басқа елдерімен экономикалық
байланыстары оның төлем балансында қамтып көрсетеледі. Қазақстан
Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда
орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы
сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады.
Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің
дүниежүзінің басқа елдерімен шаруашылық операцияларды жалпы қорытып
көрсететін көрсеткіштердің жүйесі.
Яғни, төлем балансы қатынасқа түсіп отырған елдердің халықаралық
экономика негізінде қызмет ететін құрал болып табылады. Сондықтан ең
біріншіден халықаралық экономикалық қатынастардың маңызы мен қызмет етуін
талдаудың қажеттігі туындап отыр.
Халақаралық валюталық қатынастар дегенiмiз – дүниежүзiлiк шаруашылықта
орын алатын валюталық iс-әрекеттер кезiнде қалыптасатын және ұлттық
шаруашылықтар қызметi нәтижелерiнiң өзара айырбасын жүзеге асыратын
қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерi
вексельдiк және айырбастау әрекеттерi түрiнде ежелгi Греция мен Римде орын
алғандығы тарихтан белгiлi. Валюталық қатынастар дамуының келесi кезеңi
ортағасырлық Лион, Антвериен қалаларындағы “вексельдiк жәрменкелер” болып
табылады.
Халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң
қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек
бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы
және жаһанданумен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.
Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының
интернационалдануы негiзiнде бiрте-бiрте белгiлi бiр формаларды иемдене
бастады. Нәтижесiнде валюталық жүйе қалыптасты.
Ваюталық жүйе дегенiмiз - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет
аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды
ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
1. Ұлттық валюталық жүйе;
2. Дүниежүзлiк валюталық жүйе;
3. Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе тарихта, ұлттық
валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын
, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және
оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi.
Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзгi элементтерiне мыналар жатады:
• Ұлттық валюта;
• Ұлттық валютаның айырбасталу, аударылу мүмкiндiктерi;
• Ұлтттық валюта бағамының режимi;
• Валюталық шектеулердiң бары немесе жоғы;
• Ел валютасының халықаралық өтiмдiлiгiн мемлекеттiк реттеу;
• Халықаралық несиелiк құралдар айналымын пайдалану ережелерi;
• Ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногының режимi;
• Елдiң валюталық қатынастарын басқарушы және реттеушi органдар.
Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Дүниежүзлiк валюталық жүйе 19-ғасырдың ортасына қарай құрылған.
Дүниежүзлк валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы
институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз
ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың
нормалар кешенiн құрайды.
Дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң негiзгi элементтерi болып төменде
көрсетiлгендер саналады:
• Резервтiк валюталар, халықаралық есептесулерге арналған валюталық
бiрлiктер;
• Валюталардың өзара айырбасталу шарттары;
• Валюталық паритеттердiң үйлестiрiлген тәртiбi;
• Валюталық бағамдау тәртiбiнiң ережесi;
• Валюталық шектеулердi мемлекет аралық реттеу;
• Халықаралық валюта өтiмдiлiгiн мемлекет аралық реттеу;
• Халықаралық есептесулердiң негiзгi факторларын үйлестiру;
• Дүниежүзiлiк валюта рыноктары мен алтын рыноктарының режимi;
• Мемлекетаралық валюталық реттеудi жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар.
Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген
ұлттық валюта ақша бiрлiгi құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда
пайдаланылатын ақшалар валюта болып есептелiнедi.
Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi,
оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары
арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк
валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады. Мысалы, европалық валюталық жүйе
– бұл еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта
аймағында ұйымдастырылуы – эконномикалық формасындағы катынастырды
бiлдiредi.
Айырбасталу мүмкiндiгi бар ұлтық валютаның ерекше категориясына
резервтiк валюта жатады. Резервтiк валюта халықаралық төлем мен резервтiк
қаражат қызметiн басқа елдер үшiн валюталық паритет пен валюталық бағам
ролiн атқарады. Сондай-ақ дүниежүзiлiк валюта жүйесiне қатысушы елдердiң
валюталары бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция үшiн
қолданылатын құрал болып табылады. Қазiргi кезде резервтiк валюта ретiнде
АҚШ-тың доллары мен Еуроодақтың еуросы пайдаланып жүр.
Валюта жүйесiнiң тағы бiр элементi валюталық паритет, яғни заңнама
арқылы рәсiмделетiн екi валюта арақатынасы жатады.
Валюта бағамының режимi де валюта жүйесiнiң элементi болып табылады.
Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне
байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың
негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның
құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық
қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi
жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн
жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Валюталық рыноктар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды,
валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық
операцияларға қатысушылардың валюталық бағымдар айырмасы пайда
болуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруда, валюталық бағымдарды
реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi
және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.
Халықаралық есеп айырысудуң өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер
үшiн жалпыға бiрдей қабылданған төлем құрылымының болмауында.
Сондықтанда сырқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар,
мемлекет аралық төлемдер бойынша есеп айырысуыдың қажеттi шарты
сатып алу-сату формасында бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау
болып табылады .
1.2 Төлем балансы валюталық жүйедегі елдер қатынастарының сауда
жағдайын анықтайтын негізгі
көрсеткіш

Кез-келген мемлекеттің халықаралық экономикалық, саяси және мәдени
қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды
көрініс табады.
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық
көрсеткiштер жүйесiнде маңызды орын алады , себебi ол ұлттық табысты
елдер арасында қайта бөлудi көрсетедi. Сондықтан жиынтық ұлттық
өнiммен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен
мiндеттемелердiң таза сальдосы есептелiнедi.
Халықаралық сол айырысу баланстары – ол бiр мемлекеттiң басқа
мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен мiндеттемелерiнiң және
түсiмдерi мен төлемдерiнiң арақатынасы.
Халықаралық есеп айырысу баланстарының негiзгi түрлерi мыналар:
1. төлем балансы;
2. есеп айырысу балансы;
3. халықаралық қарыз балансы;
Төлем балансы деген белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң
шетелге төлеген валюталық соммасымен оған шетелден түскен соманың
арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы
болады.
Төлем балансының ерекшелігі сол, онда босалқы қорлар мен қорланымдар
емес, қаражататрдың ағыны, олардың кезең ішіндегі өзгерісі қамтылып
көрсетіледі. Түрлі валюталарға атауланылған операцияларды, соманы аударуды
құндық бағалау бірыңғай валютаға келтіріледі (Қазақстанда – АҚШ
долларында). Экономикалық құндылықтармен жасалатын операцияларды тіркеу,
оларды жасау, трансформациялау, айырбастау, аудару немесе өтеу мезетінде
жүргізіледі.
Бiр күндiк төлем балансы статистикалық көрсеткiш ретiнде
жарияланбаса, ол белгiлi бiр датаға орындалуға тиiс төлемдер мен
түсiмдердiң арақатынасындағы өзгерiстердi көрсетедi белгiлi бiр
мерзiмнiң тқлем балансы осы уақыт аралығында қзгерiстердi көрсетдi.
белгiлi-бiр мерзiмнiң төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен
тұсiмдердiң арақатынасын көрсетiп, мемлекеттiң халықаралық экономикалық
қатынастарындағы өзгерiстерiн және елдiң экономикасының жағдайын
бiлуге көмектеседi.
Белгілі бір мерзімнің төлем балансы осы уақыт аралығында төлем мен
түсімдердің арақатынасын көрсетіп, мемлекеттің халықаралық экономикалық
қатынастардағы өзгерістерін және елдің экономикасының жағдайын білуге
көмектеседі.
Төлем балансы негізінен келесі бөлімдерді қамтиды:
• ағымдағы шот (сауда балансы);
• капиталмен және қаржылармен болатын операциялардың шоты (күрделі шот);
• резервтік активтер;
• таза қателер мен рұқсатнамалар.
Ағымдағы шот мыналарды қамтып көрсетеді: тауарлармен жасалынатын
операцияларды – экспорт пен импортты; қызметтер көрсетуді – жүк, жолаушылар
тасымалы, байланыс, туризм қызметтері; техникалық көмек; қарыздардан,
кредиттерден алынатын табыс; трансферттер; гранттар.
Капииалмен және қаржылармен жасалынатын операциялар шоттары тура
шетелдік инвестицияларды тартуды немесе капиталдың шетелге қайтуын,
портфельді инвестицияларды, мигранттардың трансферттерін, коммерциялық
кредиттерді, қарыздарды бейнелеп көрсетеді.
Резерфтік активтердің негізі монетарлық алтынды, қарызалудың арнаулы
құқықтарын шетелдік валютадағы талаптарды қамтиды; басқа елдерге қатысты
міндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалады.
Қателер мен рұқсатнамалар көлеңкелі бизнесті қоса алғанда,
бейрезиденттермен жасалынатын ресми есепке алынбаған операцияларды
сипаттайды.
Егер валюталық түсiм төлемнен артық болса , онда төлем балансы
активтi, ал егер төлем түсiмнен төмен болса, онда төлем балансы
пассивтi деп аталады.
ХВҚ-ның әдістемесі бойынша құрылатын төлем балансы тек жүргізілген
түсімдер мен төлемдерді көрсетіп қоймай, сонымен қатар халықаралық талаптар
мен міндеттемелер бойынша болашақта орындалатын төлемдерді, яғни есеп
айырысу баланстарының элементтерін де көрсетеді.
Есеп айырысу балансы деген бiр мемлекеттiң басқа мемлекеттердiң
басқа мемлекеттерге қойған валюталық талаптарымен мiндеттемелерiнiң
арақатысы. Бұндай талаптар мiндемелерiнiң арақатысы туарлармен
қызметтердi экспорттау нiтижесiнде, сондай-ақ зайымдар мен несие
бергенде пайда болады. Есеп айырысу балансы: белгiлi бiр мерзiмнiң
және белгiлi бiр датаға деп екiге бөлiнедi.
Елдің халықаралық есеп айырысу позициясын бағалау үшін белгілі бір
мерзімге жасалған есеп айырысу балансын алған дұрыс. Ол осы елдің шетелге
барлық талаптары мен міндеттемелерінің қай уақытта пайда болғаны және қай
уақытта өтелуі керектігіне қарамастан олардың арақатынасын көрсетеді.
Оныңактивтік сальдосы мемлекеттің несие мен инвестицияны өзіне тартқаннан
гөрі басқаға бергендігі және ол несие беруші ретінде болашақта валюталық
түсімдерді алатындығын көрсетеді. Белгілі бір датаға жасалған есеп айырысу
балансының пассивтік сальдосы мемлекеттің нетто борышкер ретіндегі
жағдайын, сырттан түсімдермен қамтамасыз етілмеген шетелге болашақтағы
төлем мөлшерін көрсетеді.
Төлем балансымен есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен
айырмашылықтары төмендегiей:
• төлем балансына тек iс жүзiнде жүргiзiлген түсiмдермен төлемдер
кiредi;
• есеп аыйрысу бағасына елдiң шетелге қойған талаптарымен
мiндеттемелерi кiредi;
• есеп айырысу балансында барлық алынған және берiлген несиелер
көрсетiледi, оның iшiнде төлем балансына, кiрмейтiн өтелменген
несиелерде көрсетiледi, оның iшiгде төлем балансына кiрмейтiн
өтелмеген несиелерде көрсетiледi;
• төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы-активтiк
немесе пасивтiк бiрбiрiне сәйкес келмейдi, әдетте олар қарама-қарсы
болады, себебi несие берушiлердiң есеп айырысу баланстары акивтiк
болады, ал төлем баланысы әлсiн- әлсiн, әсiресе ағымдағы операциялар
бойынша пассивтiк болады;
• төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кiргiзiледi, ал
есеп айырысу балансы болашақта несие алумен төленетiн тауар
айналымының төленбеген бөлiгiн қамтиды.
Сөйтiп, төлем және есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен
айырмашылықтары көбiнесе халықаралық қатынастарының дамуымен
айқындалады. Төлем балансының құрылымын қарастырып өтейiк.
Операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем
балансы негiзгi екi бөлiмдi бiрiктiредi.

II ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Валюталық бағам және оның тұрақтылығының төлем балансына әсері

Валюталық бағам – шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің
ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел
валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол
мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге
елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел
валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша
пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға
айырбастайды.
Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру үшін оларды ұлттық
және халықаралық деңгейлерге жіктеуге тура келеді. Осыларға жеке тоқталып,
олардың элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін
қарастрайық.
Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып
табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң
халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен
өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы
бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр
түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен
формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра
байланысты негiзделедi.
Валюталық бағам – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр
елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын
салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын
обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағалы
валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға
байланысты өзгередi.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi
дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық
операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз
жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел
валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе
сатып алу , ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық каперотив
арқылы анықталады.
Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және
мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi
жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағымы бойынша
жүзеге асады . мерзiмдi валюталық мәмленi жасағанда валютаны
айырбастау алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағымы
бойынша жүзеге асады .
Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын
ұлттық валюта бағымдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам
қолданылады: бiреуi - комерциялық, екiншiсi - қаржылық операциялар
бойынша.
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және
экономикалық талдау кезiнде колданылатын есептеу бағамдары бар . Оған
жататын орташа бағамдар – сатушы және сатып алушы бағамдарының
арифметикалық ортасы . Шын мәнiнде айтсақ мұндай бағам жоқ , бiрақ
оның мөлшерi күнделiктi ақпарат құралдарында жарияланады.
Батыста көптеген валюталық бағымдардың индекстерi тараған.
Көптеген валюталық бағам бiрдей өзгеруi мүмкiн болғандықтан, жеке
ақша бiрлiктерiнiң басқаларымен салыстырғанда арзандау дәрежемен
анықтауға мүмкiндiк бар. Валюта бағымдарының өзгеру дәрежесiн өлшеу
үшiн арнайы индекстер есептелiнедi, олардың негiзiнде валюталық
қоржындар болады.
Көбiнесе валюталық бағымдардың индекстерi туарлардың бәсекелестiк
қабiлеттiктерiне әсер ету, ұлттық ақша бiрлiгiнiң бағымдарына әсер
ету, сондай-ақ елдiң төлем және сауда балансына әсер етуiн бағалау
үшiн қолданылады. Сондыктан осы индекстердiң валюталық қоржындарының
құрылымы осы елдiң импорты мен экспортын бөлудi сақтандыру және
осы елмен саудада негiзгi сауда әрiптерiнiң үлес салмағын
көрсетедi.
Валюта бағымдарының ағымын талдау барысында номиналдық және
нақты валюталық бағымдардың индексi кеңiнен қолданылған . Нақты
валюта бағымының индексi сәйкес келетiн екi елдiң iшкi
бағаларындағы өзгерiстерге қатысты түзiлетiн валюта бағымының
индекссiн бiлдiредi .
Нақты тиiмдi валюта бағымның индексi аталан топға жататын
елдердегi олардың өзгерiстерi бойынша сол елдiң iшкi бағаларының
өзгеруiне қатысты түзiлетiн тиiмдi валюта индексiн бiлдiредi .
Қазiргi кезде АҚШ долларының тиiмдi бағымының индексi номиналды
және нақты түрде есептеледi.
Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері:
1) Ұлттық валюта. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу
түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-
ден бастап ұлттық валюта – теңге енгiзiлдi. Ал 1999 жылы ұлттық
валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде
дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-
күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.
2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а)
еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық)
валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін
айырбасталатын валюта болып табылады.
3) Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын
құрамына байланысты өзара қатысы. Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа
елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша
валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен
немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес.
Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып
табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас.
Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал
дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға
немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен
валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар
бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын
халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы
қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды.
(мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).
70 жылдардан бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталуға
көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын
сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен
анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.
3) Валюталық жүйенiң маңызды элементтерi – валюталық бағам болып
табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң
халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен
өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы
бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр
түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен
формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра
байланысты негiзделедi.
Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi
көптеген факторларға байланысты өзгередi. Валюталық бағамның
қажеттігі:
• Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы
барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны
шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
• Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюталық қатынастар
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық рыноктар
Халықаралық валюталық қатынас
Валюталық жүйелер
Валюталық жүйе және оның түрлері
Дүниежүзілік валюталық жүйе элементтері
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Дүниежүзілік валюта айналымы
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
Пәндер