Ұлттық қордың мақсаттары мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Халықаралық Бизнес Академиясы

Тақырыбы:
Ұлттық қор

Орындаған: Бекасилова Г
Қабылдаған:
Исахова Ф

Алматы 2008ж
Жоспар:
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1-2
1.1 Қ.Р Ұлттық қоры туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
1.2 Қ.Р Ұлттық қорының мақсаты мен міндеттері ... ... ... ..5-6
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың
және пайдаланудың қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-10
2.2 Ұлттық қордың активтерiн басқару ... ... ... ... ... ... 11-12

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Қосымша материал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15-18

Кіріспе
Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи
ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет
түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі
Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына
қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты
оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік
кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның
күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету
мәселесi.
      Осы мәселелердi шешу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N
402 Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.
Бюджет түсiмдерiнiң елеулi бөлiгі табиғи ресурстардың экспортынан түскен
түсiмдер есебiнен қалыптасатын және қолайсыз конъюнктура жылдарындағы
шығыстарды қаржыландыруға арналған тұрақтандыру қорлары мен болашақ ұрпақ
қорлары басқа елдерде де жұмыс iстейдi. Қазақстанда Ұлттық қорды құру
кезiнде шетелдiк осы тәжiрибе пайдаланылды.
 Қазақстанда 2000 жылдан бастап әлемдiк қаржы нарығындағы қолайлы
конъюнктураға байланысты республикалық бюджетке табиғи ресурстарды өндiруге
байланысты төлемдердiң түсiмi айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, көмiрсутегiн
қазақстандық экспорттаушылардың экспорттық түсiмдерiнiң арта түсiп отырған
мөлшерi теңгенiң айырбас бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды
күшейтедi. Бұл өз кезегiнде отандық тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң бағалық
бәсеке қабiлеттілiгін төмендетуге әкеп соқтырады және де отандық
өндiрушiлердiң қаржылық нәтижелерiне қолайсыз әсер етедi.
 Қазiргі уақытта әлемде тұрақтандыру немесе жинақ қорлары бар онға тарта ел
бар. Мұндай қорлардың қаражаты түсiмдерi кiрiстердiң негізгі баптарын
құрайтын табиғи ресурстардың белгiлi бiр түрлерiне бағаның ауытқуына
байланысты қолайсыз кезеңдерде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшiн немесе
сыртқы борышты өтеу үшiн, сондай-ақ басқа мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн.
Экспорттың шикiзатқа мамандануы орын алған бiрсыпыра мемлекеттердiң
тәжiрибесi бюджеттерi әлемдiк баға конъюнктурасының ықпалына ұшырауға бейiм
елдер үкiметтерiнiң басы артық түсiмдердi жинақтау үшiн шикiзатқа бағаның
қымбаттауы кезеңiн пайдаланып қалу мүмкiндігі бар екенiн көрсетедi.
      Мұндай қорларды құрудың жағымды жақтары:
      баға конъюнктурасына тәуелдi табиғи ресурстар секторынан
республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен республикалық бюджет шығыстары
арасындағы өзара байланысты барынша азайту;
      қолайсыз конъюнктура бағасы кезеңдерiнде мемлекеттің қаржылық
мiндеттемелерiн қолдау үшiн қолайлы конъюнктура бағалары кезеңдерiне
қаражат жинақтау;
      болашақ ұрпақтың мұқтажын қамтамасыз ету үшiн қайта толмайтын табиғи
ресурстарды сатудан түскен қаражатты жинақтау;
      валютаның басы артық түсуi нәтижесiнде монетарлық өлшемдерге
жасалатын шамадан тыс қысымды болдырмау үшiн ақша массасын залалсыздандыру
болып табылады

1.1 ҚР Ұлттық қоры
Қор 2001 жылы құрылды. Бұл оқиға тек Қазақстанға ғана белгілі боп қалған
жоқ. Осы қабылданған стратегиялық шешімнің арқасында біз, голланд дертіне
шалдығуға жол бермеуге батыл қадам жасаған бұрынғы КСРО елдерінің ішіндегі
алғашқылардың бірі болдық. Бұл қорды құруымен Қазақстан өзінің ТМД-дағы
экономикалық реформа бойынша алда екендігін тағы да дәлелдеді. Айта кету
керек, мұны ірі халықаралық қаржы институттары мысалы, Әлемдік банк немесе
Еуропалық жаңарту және даму банкі бірнеше рет атап өтті. Біздің жолымызбен
Ресей жүрді. Қазақстанның Ұлттық қоры дамушы елдер үшін және бұрынғы КСРО-
ның сыртындағы елдер үшін модель ретінде пайдаланылады. Мысалы, дүние
жүзіндегі ірі газ өндірушілердің бірі болып табылатын латинамерикалық
Тринидад және Тобаго мемлекеті өздерінің жинақ қорын құруы кезінде Әлемдік
банк оған Қазақстанның тәжірибесіне жүгінуге кеңес берді. Сөйтіп, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорын бақылап отырған сыртқы бақылаушылардың
көзқарастарына қарағанда, оның қызметі табысты екендігіне күмән жоқ.
2006 жылғы 01 тамызға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері он
миллиард АҚШ долларынан асып түсті және 10 205,44 млн. АҚШ долларын құрады.

Құрылған уақыттан бері Қорға 1362,6 млрд. теңге түсті. Қор түсімдерінің
негізгі үлесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша
шикізат секторы ұйымдарынан түсетін жоспардан тыс түсімдер – 889,0 млрд.
теңгені және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге
түсімдер мен кірістер – 280,8 млрд. теңгені құрады. Қорды басқарудан
алынатын инвестициялық кірістер – 53,1 млрд. теңгені құрады.
Қорды басқаруға байланысты шығыстарды жабуға және республикалық және
жергілікті бюджеттердің шығынын өтеуге 9,6 млрд. теңге, оның ішінде
республикалық және жергілікті бюджетердің шығынын өтеуге 7,5 млрд. теңге,
ал Қорды басқаруға байланысты шығыстарды жабуға 2,1 млрд. теңге жұмсалды.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмді перспективаға
арналған тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005
жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығына сәйкес Қордың жинақтауларын
қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта күнсайынғы негізде Қорға мұнай секторы кәсіпорындарынан
түсетін тікелей салықтардың, республикалық меншiктегі және тау-кен өндiру
салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден және ауыл
шаруашылығына арналған жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдерді Қорға
аудару жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 31 шілдесін қоса
алғанда Қорға 75,8 млрд. теңге аударылды.
Бүгінгі таңда Ұлттық қор жинақтарын қалыптастырудың және оның активтерiн
басқарудың қолданыстағы тетігіндегі негізгі проблемалар мыналар болып
табылады:
      шикізат секторы ұйымдарынан түсетiн салықтық түсiмдер бойынша
республикалық бюджеттi жоспарлау кезiнде бағаны анықтау тетiгi үнемi нақты
көрiнiстi көрсете бермейдi. Болжамданған "базалық" баға (баррель үшiн 19
АҚШ доллары) республикалық бюджетте қалдырылатын және Ұлттық қорға
жiберiлетiн шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын салықтардың оңтайлы
бөлiнуiн белгілемейдi. Оның үстiне, "базалық" бағаны ескере отырып
есептелген республикалық бюджетке есептеулердiң мөлшерi сату көлемiн
өзгертуге, амортизациялық аударымдарға және салық салынатын пайдаға әсер
ететiн өзге де жағдайларға байланысты өзгеруi мүмкiн. Осыған байланысты
республикалық бюджетке түсетiн мұнай түсiмдерiнiң жыл сайынғы көлемiне
қатысты тұрақтылық болмайды;
      ұлттық қор жинақтауын қалыптастырудың тұрақты әдiснамасының болмауы.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi Ұлттық қорды қалыптастыратын
шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн бекiттi, ол кәсiпорындарды тiзбеге
енгізу және одан шығару бойынша бiрнеше рет өзгерiстерге ұшырады. Бұл факт
Ұлттық қорға аударылатын түсiмдер мөлшерiн айқындаудың тұрақты болмайтынын
көрсетедi. Бұл ретте, тiзбе басынан-ақ және қазiр де мұнай секторының
барлық кәсiпорындарын қамтымайды. Республикалық бюджетті жоспарлау және
атқару кезiнде кiрiс бөлiгiне салық бiр кәсiпорындар бойынша базалық орта
бағаны ескере отырып, тiзбеге енгiзiлмеген басқа кәсiпорындар бойынша iс
жүзiнде қалыптасқан баға бойынша түседi.
      Ұлттық қордың жұмыс iстеуiнiң жоғарыда көрсетiлген проблемаларын шешу
қажеттiлiгiн ескере отырып, қор жинақтауды қалыптастырудың одан әрi оңтайлы
жолын және оның активтерiн басқарудың тиiмдi әдiстерiн айқындау қажет
етiледі.
Сонымен, өткен 2006 жылы Ұлттық қор 699 миллиард теңгеге көбейді. Оның 197-
сі мұнайсыз жиналған ақша болса, тұжырымдама жүзеге асырыла бастаған 2006
жылдың 1 шілдесінен бастап мұнайдың табысы мемлекеттік бюджеттен бөлініп,
Ұлттық қор 502 миллиард теңгеге көбейтіліпті. Әйтсе де, бұл болашақ
ұрпақтардың мүддесіне сақталып отырған қор бүгінгі ұрпақтың тамағынан
жырылып отыр деген сөз емес. Бұл тұрғыда, Әр жылы республикалық бюджетке
Ұлттық қордан кепілдемелі трансферт жұмылдырылатын болады.
2006 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке 76,6 миллиард теңге
сомасында кепілдемелі трансферт бөлінген. Алайда бюджеттік жоспардың толық
жүзеге аспай, 100 миллион теңге игерілмей қалуы салдарынан бюджеттің кіріс
бөлігі жоспарды 109,8 пайызға асыра орындалып, ол ақша мемлекеттің бүгінгі
тіршілігіне жұмсалған жоқ. 76,6 миллиард теңге Ұлттық қорда қалды. Жалпы,
бұл жай мамандардың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шын мәнінде, мұнайға
тәуелсіз бола бастағанын көрсетеді.
Елімізде мұнай саласында жұмыс істейтін 55 кәсіпорын болса, енді соның бәрі
баяғы бюджеттік кірісін Ұлттық қорға аударып отырады. Демек, Ұлттық қор жыл
сайын бұрынғыдан гөрі еселеп өсе түсуі мүмкін.
Әрине, ақша жүрген жерде лаң жүреді. Қызығушылық та, сұрақ та көп болады...
.

1.2 Ұлттық қордың мақсаттары мен міндеттері
Қордың басты екі мақсаты бар. Біріншіден, Қорды құру мақсаты елдің тұрақты
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және болашақ ұрпақтар үшін
қаржы жинақтау (жинақтау функциялары) болып табылады. Екіншіден, қолайсыз
сыртқы факторлар ықпалына тәуелділігін азайту үшін құрылған болатын.
Ұлттық қордың негізгі мiндеттерi экономикадан басы артық мұнай долларын
шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-ақ табиғи
ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау арқылы макроэкономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Жинақтау мен пайдалану транспарентті болуы тиiс, мұның өзi қойылған
мақсаттарға қол жеткiзу кезiнде Ұлттық қордың ойдағыдай жұмыс iстеуiнiң
кепiлi болып табылады.
Ұлттық қордың кіріс көздерінің есебінен жүзеге асырылады:
• бір жолғы (республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату
салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерiн сату);
• түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi)
кiрiстер көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте
ауытқуы мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал
жасайды.
Қаражаттарды пайдаланудың мынадай бағыттары айқындалуда:
• -республикалық бюджетке тұрақтанған трансферт;
• -сыртқы қарыздарды өтеу;
• -экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру; инвестициялық кірістердің
бір бөлігін халық арасында бөлу.
Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Ұлттық қорды қалыптастыру және
пайдалану тұжырымдамасы қабылданған. Соған сәйкес 2006 жылдың 1 шілдесінен
бастап Ұлттық қорды жиынтықталған бюджет түрінде құру әдісі іске асырыла
бастады. Бұл жалпы, мемлекетті мұнай қаржысына тәуелсіз ету мақсатында
қолға алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын бақылап отырған
сыртқы бақылау. Сонда да ел ішінде Ұлттық қордың қызметіне ел ішіндегі баға
берулер біркелкі емес. Мысалы, кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың
өкілдері Ұлттық қордың жұмыс істеу принциптері туралы мәселе көтеріп,
қордың активтерін еліміздің барлық азаматтарына тең қылып бөліп беруді
ұсынды. Әрине, мұндай шешімнің аяғы валюта рыногының тұрақсыздығына және
инфляцияның ырықтан шығуына соқтырар еді. Ұлттық қордың болуы еліміздің
экономикасын әртараптандыру бойынша өте маңызды рөл атқарады. Егер
валютадан түскен барлық пайда экономикаға түсіп жатса, теңгені долларға
тұрақтандыру жылдамдылығы жоғары болар еді, мүмкін, доллардың бағамы 80-100
теңге деңгейінде болар ма еді? Бұл экспортқа шығарылатын шикізаттан басқа,
бүкіл отандық өндірістің жетілуіне әкелер еді. Айтып кететін жәйт, қордың
ең көп ақша шығаратын шығыны – шетелдік басқарушыларға төленетін
комиссиондық сыйақы. Басқаруға шығатын негізгі қордың төмендеуі осы жерде
жатыр.Осыдан сұрақ туындайды бүкіл әлем бойынша басқарушылардың қызметі өте
қымбат болып тұрған кезде, Ұлттық қордың қаржысын басқару қаншалықты
тиімді?
Бұл – өте үлкен проблема: мемлекет үшін не маңыздырақ – қордың сақталуы ма
немесе оның пайда түсіргені ме? Біздің ойымызша, Ұлттық қордың активтерін
басқарудың басты мақсаты – Ұлттық қордың активтерін қандай валютаға болсын
сатылу қабілеттілігін және негізгі соманы сақтау болып табылады. Бұл –
Ұлттық қордың түсімділігі, АҚШ долларына шаққандағы доллардың инфляция
көрсеткішінен асып түсуі деген сөз. Ұлттық банк Ұлттық қордың активтерін
басқарушы ретінде бұл міндетті орындады. Өткен 5 жылдың 3 жылында Ұлттық
қордың түсімділігі АҚШ-тағы инфляцияның көрсеткішінен жоғары болды. 2002
жылы акциялар рыногының құлдырауы (интернеттік акциялардың жойылуы)
нәтижесінде Ұлттық қорды басқару нәтижесі кері көрсеткішті берді (минус
0,43 пайыз), шынайы түсімділік минус 2,02 пайыз болды. 2005 жылы да шынайы
түсімділік кері нәтиже берді (минус 0,1 пайыз). Қалған жылдарда оң
көрсеткіштер болды – 2001 жылы 0,03 пайыздан 2003 жылы 6,42 пайызға жетті.
Пайда түсіру, сөз жоқ, өте маңызды шарт. Одан бұрын, бұл Ұлттық қорды
басқарушылардың екінші мақсаты болып табылады. Ұлттық қор қаржысының басым
бөлігі бағалы қағаздарға, соның ішінде бағасы біресе қымбаттап, біресе
түсетін акцияларға салынғандықтан, халықаралық тәжірибеде біркелкі
көрсеткіштер пайдаланылады. Өте мол түсімділік жылдық салыстырмалық
пайыздармен өлшенбейді, ол пайданың белгіленген эталондық индекстерден асып
түсуімен өлшенеді.

2.1 Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың
және пайдаланудың қағидаттары

Ұлттық қордың қаражатын жинақтау
      Әлемдiк тәжiрибенi талдау жинақтаулар үшiн қандай да бiр белгiленген
шек болмайтынын және көптеген елдер қол жеткiзiлген жинақ көлемiне
қарамастан жинақтау саясатын жалғастырып отырғанын көрсетедi. Мәселен,
әртүрлi уақытта Норвегияда Қор активтерiнiң деңгейi ел IЖӨ-iнiң жартысынан
асты, ал Аляскада штаттың бүкiл IЖӨ-iн, Кувейтте ІЖӨ-нiң үш жарым бөлігін,
Оманда IЖӨ-нiң бестен бiр бөлiгiн құрайды. Қазақстанда 3 жыл iшiнде Ұлттық
қорда IЖӨ-нiң шамамен 12%-i жинақталды.
Ұлттық қорда жоғары баға конъюнктурамен туындаған қосымша түсiмдер
шоғырланғандықтан, Ұлттық Қордың ең жоғары мөлшерi шектеле алмайды. Оның
үстiне Ұлттық қордың жинақтаушы қызметiн атқару үшiн төмендетiлмейтiн
қалдық белгіленедi.
Ұлттық қордың қалыптасуы сол сияқты бiржолғы сипаттағы (республикалық
меншiктегi және тау-кен өндiру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттiк мүлiктi
жекешелендiру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сату) не
түсiмдер көлемi бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсiмдерi) кiрiстер
көзi есебiнен жүзеге асырылуы тиiс, оның мөлшерi едәуiр шекте ауытқуы
мүмкiн, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулi ықпал жасайды.
Осылайша, Ұлттық қорды қалыптастырудың негізгi көздерi мыналар болып
табылады деп болжанады:
      мұнай секторынан түсетiн тiкелей салықтар (жергілiктi бюджеттерге
есептелетiн салықтарды қоспағанда), оған корпорациялық табыс салығы, үстеме
пайда салынатын салық, роялтилар, бонустар, өнiмдi бөлу жөнiндегі үлес,
экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық
жатады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай секторы
төлейтiн басқа да салық түрлерi тиiстi бюджеттерге есептелуге жатады. Бұл
ретте мұнай секторының кәсiпорындарына шикi мұнай мен газ конденсатын
өндiрумен және (немесе) сатумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатады;
      республикалық меншiктегі және кен өндiру мен ұқсату салаларындағы
мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер;
      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн
түсiмдер;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де
түсiмдер мен кiрiстер.
      Ұлттық қордың жинақтарын қалыптастыру моделi республикалық бюджет пен
Ұлттық қор арасында мұнай түсiмдерiн бөлудiң оңтайлы теңгерiлiмiн
қамтамасыз етуi тиiс. Сондай-ақ қолайсыз әлемдiк баға конъюнктурасы кезiнде
мемлекеттiң әлеуметтiк мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн мұнай секторы
түсiмдерiнiң көлемiне қарамастан тұрақты деңгейде ағымдағы бюджеттiк
бағдарламаларға арналған шығыстарды ұстап тұрудың маңызы зор. Бұл ретте
макроэкономикалық деңгейде iшкi баға өсуiн тоқтатуға және теңге бағамын
ұстап тұруға арналған Ұлттық қордың тұрақтандырушы функциясы неғұрлым
тиiмдi жүзеге асырылуы тиiс.

Ұлттық қор үшiн жинақтарды қалыптастырудың оңтайлы үлгiсiн таңдау
      Ұлттық қорға қойылған мiндеттердi тиiмдi iске асыру мақсатында,
жағымды әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып теңгерiмдi бюджет әдiсi әзiрлендi.
Осы әдiске сәйкес 4-бөлiмнiң 1-бөлiмшесiнде көрсетiлген түсiмдер толығымен
Ұлттық қорға жiберiлетiн болады.
Бұл ретте кепiлдiк берiлген трансферт болашақ ұрпақ та пайдаланатын
жобаларды инвестициялауды көздейтiн бюджеттiк даму бағдарламаларының
шығыстарын қаржыландыруға ғана бағытталуы тиiс. Осылайша, ағымдағы
бюджеттiк бағдарламаларға арналған шығыстар экономиканың мұнай емес
бөлiгінен республикалық бюджетке аударымдар есебiнен, ал бюджеттiк даму
бағдарламаларына шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген
трансферт есебiнен қаржыландырылады, бұл ретте бюджеттiң шығыс бөлiгінiң
белгілi бip үлесi оның iшiнде белгіленген шектеулер шеңберiнде қарыз
(сыртқы және iшкi) алу есебiнен жабылуы мүмкiн.
Ұлттық қордан кепiлдiк берiлген трансферт (Go) мазмұндамасы осы
Тұжырымдамаға қоса берiлетiн әдiске сәйкес тұрақты сома қосу Ұлттық қордың
өткен кезеңдегі активтерiнiң бөлiгі ретiнде анықталады. Осы трансферттің
көлемi екi құрауышқа - республикалық бюджетке трансферттің кепiлдiк
берiлген ең төмен деңгейiн қамтамасыз ететiн және белгілi бiр кезеңдегі
бюджеттік даму бағдарламаларына шығындардың орташа көлемi негізiнде
анықталатын А константасына, сондай-ақ белгiлi бiр кезеңдегi инвестициялық
кiрiстiң орташа деңгейiне сәйкес келетiн b коэффициентiне байланысты. А
константасы және b ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюталық қор
Қазақстан даму банкінің қызметі жəне инвестициялық жобаларды несиелеуі
Мемлекеттікбюджеттен тыс қорлар
Мемлекеттің инвестициялық саясаты
Экономикалық бақылау
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны
Ұлттық қор туралы
Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні және оның теориялық негіздері
Пәндер