Жұмысшылар санының Жұмысшылар саны максималды пайдасы
ЖОСПАР
КIРIСПЕ 2
I НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ФИРМА ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ТЕОРИЯСЫ 4
1.1 Еңбек және еңбек нарығының жалпы түсiнiгi 4
1.2 Еңбек арығында фирмалардың сұраныс және ұсыныс қисығының қалыптасуы
7
1.3 Жұмыс күшiне сұранысты анықтағанда ауқымы және орын басу нәтижесі 15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРI 18
2.1 Еңбек нарығы әлеуметтiк-экономикалық күрделi нарық ретiнде 18
2.2 Қ.Р-ғы еңбек рыногының статистикалық көрiнiсi 20
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл
мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық
бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi.
Әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн
тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға
өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде.
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын,
қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылар
арасындағы қатынпастардың әр түрлi факторлардың әсет етуiне байланысты
өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк-еңбек
қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ңылыми сала.
Бәрiмiзге белгiлi, елiмiз экономикасының егемендiк алғаннан берi
жекешелендiру саясатының жаппай жүруi, яғни еңбек рыногында еңбек сұранысын
мемлекеттiк салалармен қатар, рыноктың қызмет етуiнiң басты көрiнiсi болып
табылатын жеке кәсiпорындар мен фирмалар қалыптастыратын болады.
Фирма пайда табу мақсатында әр түрлi өндiрiс факторларын қолданады.
Солардың iшiнде еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы күшi жалпы
өнiмнiң көп бөлiгiн құрайды. Еңбек, сондай-ақ адамға байланысты
болғандықтан, еңбек рыногы күрделi әлеуметтiк-экономикалық рынок деп
аталады. Өйткенi қазiргi заманда адмзат өзiнiң өмiр сүруi үшiн белгiлi бiр
қызметтер iстейдi. Бiреулерiнiң жалақысы көп болса, бiреулерiнiкi аз. Ал
кейбiреулерi мүлдем жұмыссыз. Осындай жағдайларды реттеп, әлеуметтiк
мәселелердi шешiп отыратын еңбек рыногы болып табылады. Осыған орай,
бүгiнгi таңда жұмыс орындарының негiзгi бөлiгiн құрап отырған кәсiпорындар
мен фирмалар болғандықтан, сондай-ақ рыноктық қатынастардың күрделене
түсуiне байланысты олардың реттелiп отыруы адамның еңбек ұсынысы мен
фирмалардың еңбекке деген сұранысына байланысты болып отыр 1, 188 бет .
Сондықтан мен микроэкономика пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын
“Фирма еңбек рыногында” деп алдым.
Еңбек рыногы басқа рыноктар сияқты сұраныс пен ұсыныс арқылы реттелiп
отыратындықтан, жұмыс барысында мен “фирма” және “еңбек” ұғымдарына, еңбек
рыногының жалпы сипаттамасы тоқталып, рыноктық экономикадағы еңбек ұсынысы,
фирманың еңбек сұранысы, олардың өзара байланысы және Қазақстандағы еңбек
нарығы, оның мәселелерi мен шешу жолдарына тоқталып өтпекшiмiн. Сондай-ақ
елiмiздегi еңбек рыногының жағдайын статистикалық мәлiметтер арқылы анализ
жасамақпын.
I НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ФИРМА ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Еңбек және еңбек нарығының жалпы түсiнiгi

қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс
алушылардың арасындағы қатынастардың, әр түрлi факторлардың әсер етуiне
байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк
еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала. Мұнда еңбек
ұсынысы жалпы еңбекке қабiлеттi адамдар болса, ал еңбек сұранысын нарықтық
экономикада фирмалар мен кәсiпорындар қалыптастырады. Осы фирмалардың
қызмет етуi негiзiнен микроэкономика деңгейiнде болғандықтан жалпы фирма
теориясы ұғымына тоқталып өтуге тура келдi.
Бiзге белгiлi экономикада екi мерзiм қарастырылады және осы екi
мезгiлде фирмалардың iс-әрекетi де әр түрлi болып келедi. Себебi бiз айтып
отырған еңбек (L) негiзгi екi өндiрiс факторының (K,L) бiрi болып табылады.
Қысқа мерзiмдi кезеңде фирма тек бiр факторды ғана өзгерте алады, ал
ұзақ мерзiмдi кезеңде - өндiрiстiң барлық факторларын өзгертуге мүмкiндiгi
бар. Фирма қысқа мерзiмдi кезеңде негiзiнен еңбектi өзгертуге икемдi болады
1, 187 бет .
Фирмалардың рыноктық экономикада қызмет етуiнiң басты мақсаты олар
максималды пайда табуға ұмтылады. Сондықтан олар өндiрiс барысында белгiлi
бiр өндiрiс факторларын қолданады. Фирма үшiн максималды пайда табу үшiн
осы өндiрiс факторларының ара қатынасын тиiмдi анықтауы керек, әрине бұл
өте күрделi процесс.
Жалпы айтқанда ең бастысы фирма көбiнесе еңбек күшiн өзгерту арқылы
максималды пайда табудың нұсқаларын қарастырады. Сондықтан ендi осы
фирмалардың негiзгi факторы болып табылатын еңбек күшi ұғымына тоқталайық.
Еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы күшi жалпы өнiмнiң
көп бөлiгiн алады. Еңбек рыногында жұмыс күшi бiр жағынан сатылады, ал
екiншi жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күшi деген ұғымға тоқталайық.
Жұмыс күшi дегенiмiз адамның физикалық және ой қабiлетi, осы қабiлетiн ол
материалдық және рухани игiлiктердi өндiруге пайдаланады. “Жұмыс күшi”
деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс iстеп жүргендердiң нақтылы
еңбекте пайдаланатын қабiлеттерi. Жұмыс күшiнiң еңбекке деген қабiлетi әр
түрлi болады, алайда еңбк кезiнде оның барлығы бiрдей қолданылмайды.
Сондықтан, жұмыс күшiнiң нақтылы еңбекке қажет қабiлеттерi бағаланады,
белгiлi кәсiп жасауға жұмсалынған жұмыс iстеу қабiлеттерi өмiрге,
тiршiлiкке қажет заттарға айырбсталады. Демек, еңбек рыногы дегенiмiз
“жұмыс iстеп жүрген” жұмыс күшi рыногы 2, 5 бет .
Еңбек рыногы пайда болуы және iск кiрiсуi үшiн ең кем дегенде оның
құрылымында мына бөлiктер болуы қажет:
• Еңбек рыногының субъектiлерi (жалданған еңбеккерлер және олардың
кәсiподағы, жұмыс берушiлер, яғни фирмалар; мемлекет және оның
органдары) ;
• Рынок механизмi (жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы,
бәсекелестiк) ;
• Субъектiлер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешiмдер мен заң
нормалары;
• Жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтiк төлемдер;
• Рынок инфрақұрылымы 2, 6 бет .
Еңбек рыногының жоғарыда аталған бөлiктерi бiрлесiп жұмыс күшiне деген
сұраныс пен оның ұсынысын теңестiруге, адамдардың еңбекке және қызмет түрiн
еркiн таңдау құқығын iс жүзiнде асыруға, белгiлi әлеуметтiк қорғау жүйесiн
құруға бағытталады 3 .
Еңбек рыногының екi түрiн көрсетуге болады:
• Бiрiншiсi жұмыс күшiнiң территория жүзiнде жылжуға бейiмделген, яғни
жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен
толтырады. Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды.
• Екiншiсi еңбеккерлердiң фирма iшiнде жылжуына бейiмделген. Бұл рынокты
кейде iшкi рынок деп атайды.
Әдетте, еңбек рыногының үш моделiн атайды: американдық, жапондық және
шведтiк 2, 7 бет .
Американдық моделiне экономиканың бәсекелестiк жағдайы қолдау саясаты,
оның аса орталықтануына жол бермеу, кәсiпкерлер белсендiлiкке және
қызметкерлердi жеке табысқа, ақша табуды мақсат етуге итеру тән.
Қызметкерлер кәсiпорындар арасында жиi алмасады, оқу орындарында кәсiптiк
даяорлау толық болады, кәсiпорындар өндiрiстiк оқуға кететiн шығынды
азайтуға тырысады. Осындай саясаттың нәтижесiнде қызметкерлердiң
территориялық және кәсiптiк жылжымалдылығы, жұмыссыздық деңгейi басқа
елдермен салыстырып қарағанда жоғары болады. Мұның барлығы бұл елде сыртқы
рынок басым екенiн көрсетедi.
Жапондық моделдiң ерекше бiр сипаты – “өмiр бойына жалдану жүйесiнiң”
орын тебуi, яғни қызметкерлер осы жүйе бойынша еңбекпен қамтамасыз етiлуiне
кепiлдеме алады. Мұндай жүйенi кәсiподақтар қолдап, фирмаға түзу ниетпен
қарайды. Жапонияда кәсiподақтар кәсiпорындар iшiнде құрылады және қызмет
iстейдi. Фирма қызметкерлердiң кәсiптiк дайындау мен бiлiктiлiгiн
жоғарлатумен шұғылданады, олардың еңбекке, жұмыс сапасына дұрыс көзқарасын
тәрбиелейдi. Өз ойымен қызметкердi бiр жұмыс орнынан екiншiсiне, бiр
бөлiмнен басқасына ауыстырып тұрады. Мұндай еңбек рыногын жабық iшкi рынок
деп сипаттайды. Жапондық моделде фирма басшыларының қызметкерлерге жақсы
қамқорлықпен қарауы, олардың өндiрiстен тыс өмiрiне көңiл бөлуi және де
фирманың жан-жақты қызметiне еңбеккерлердiң құштарлығы сипаттайды. Бiрақ
бұл модел кейiнгi кездерде экономикалық дағдарыстар болуына байланысты
өзгертiлiп жатыр, тұрақты жұмыспен қамтылатын адамдар саны азаюда.
Шведтiк моделдiң ерекшелiгi мемлекеттiң белсендi түрде жұмыспен
қамтамасыз ету саясаты жүргiзуi. Мемлекет органдары қызметкерлердi кәсiптiк
дайындау, жұмыс орнын жасау, жұмыс iздеп жүргендердi бос жұмыс орнын табу
үшiн кәсiптiк бейiмдеу және мәлiмет беру, жаңа жқмыс орнына жету үшiн
жәрдем ақша беру арқылы жұмыс күшiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға көп
көңiл бөледi. Мемлекет әлеуметтiк қызметтердi қажет ететiн секторларда
жұмыспен қамту мәселесiне етекше көңiл бөлiнедi. Сондықтан елде жұмыс
күшiне деген сұраныс және жұмыспен қамту мәслелерiнiң шешiлуi жоғары
деңгейде болып отыр.

Еңбек нарығы басқа нарықтар сияқты сұраныс пен ұсыныс арқылы
реттеледi. Жұмыс күшiне сұранысты фирма анықтайды. Фирмадағы орындалатын
жұмыстар көлемi мен сапасына қандай факторлар әсер етедi, осыған орай қанша
жұмыс күшiн жалдау керек екенiн анықтау өте күрделi мәселе болып келедi.
Оны келесi суреттен, яғни (а) сурет нанға деген сұраныс пен ұсыныс және
оның бағасы, (б) сурет сол нан заводында iстейтiн жұмысшылар саны мен
олардың еңбекақысының сұранысы мен ұсынысы келтiрiлген 4, 393 бет.
Нан ұсыныс ұсыныс
бағасы
P w
сұраныс
сұраныс
0 Q Нан саны 0 L
Нан заводында
жұмыс iстеушiлер саны
Сурет-1 – Нан өндiру мен оның бағасының және нан пiсiрушiлердiң
сұранысы мен ұсыныс қисығы
Бәсекелiк фирманың пайдасын максималдау үшiн фирманың нан заводы бар
деп алайық. Фирма әр күн сайын нан шығарып, оны сатуға рынокқа алып шығуы
керек. Ол үшiн фирма белгiлi бiр жұмыс күшiн қолданады. Бәсекелiк нарық
болғандықтан бiзге белгiлi фирма өнiм бағасы мен жалақы мөлшерiн берiлген
деп бiледi. Барлық фирманың мақсаты пайданы максималдау екенiн бiлемiз.
Фирма пайдасы өнiмдi немесе қызметтi сатудан түскен түсiм мен жиынтық
шығындардың айырмасына тең. Осыдан барып өндiрiстiк функция және еңбектiң
шектi өнiмдiлiгi деген ұғымдар қалыптасады.
Фирма жұмысшыларды жалдағанда ол ең бiрiншi өндiрiлетiн өнiм көлемiн
мен онда жұмыс iстейтiн жұмысшылардың саны арасындағы байланысты анықтауы
қажет. Мысалы, 2-шi суретте фирманың жұмысшылары көлемi мен шығаоылған
нанның көлемiнiң сандық көрсеткiштерi берiлген
4, 394 бет.
Кесте 1
Бәсекелiк фирманың еңбек күшiн жалдағанда шешiм қабылдауы
Еңбек Өнiм Еңбектiң шектi Еңбектiң шектi Еңбекақы Шектi пайда
өнiмдiлiгi өнiмдiлiгi құны
(L) (Q) (MPL=DQDL) (VMPL=PXMPL) (W) D=VMPL-W
0 0 0 0 0 0
1 100 100 1000 500 500
2 180 80 800 500 300
3 240 60 600 500 100
4 280 40 400 500 -100
5 300 20 200 500 -300
Кестедегi алғашқы екi баған фирманың өнiм өндiру мүмкiндiлiгiн
көрсетiп тұр. Өндiрiсте қолданылған ресурстар мен өндiрiлген өнiм көлемiнiң
тәуелдiлiгiн зерттеу үшiн өндiрiстiк функция деген көрсеткiш қолданылады.
Бiздiң мысалымызда ресурс жұмыс күшi болса, ал шығарылған өнiмiмiз нан, ал
қалған басқа да ресурстар (нан заводы ғимараты, жер, құрал-жабдықтар)
тұрақты деп аламыз.
Өндiрiстiк функциядан көрiп отырғанымыздай, егер фирма бiр ғана жұмыс
күшiн жалдаса 100 кг нан өндiредi, ал екi жұмысшы күшiн жалдаса 180 кг нан
өндiредi. 5-шi жұмысшы жалдаған кезде фирманың өнiм көлемi 300 кг нанға
жетедi. Осы өндiрiстiк функцияның графикалық көрiнiсi келесiдей:
Нан көлемi
300 Өндiрiстiк функция
280
240
180
100
0 2 4 6 8 10 Жұмысшы саны
Сурет-2 - Өндiрiс ресурстары мен өнiм көлемi байланысының өндiрiстiк
функциясы
Кестенiң 3-шi бағаны еңбектiң шектi өнiмдiлiгiн көрсетiп тұр, яғни
әрбiр қосылған еңбек бiрлiгiнiң өндiрiс көлемiн арттыруға қосатын үлесi.
Мысалдан көрiп отырғанымыздай жұмыс күшiн 1 ден 2-ге өзгертуiмiз, өнiм
көлемiн 100 ден 180-ге арттырады, яғни екiншi жұмысшының еңбек өнiмдiлiгi
80 кг нан пiсiру. Бұл жерде қосымша еңбек күшiнiң қосылуы олардың бiр-
бiрiне кедергi келтiрiп, құралдардың жетпеуiнен олардың өнiмдiлiгi кемидi.
Осыны экономистер шектi өнiмнiң азаюы деп атайды.
Ендi шектi өнiмдiлiктiң құны және еңбекке сұраныс ұғымдарына
тоқталсақ. Мысалымыз бойынша егер де нан килограм деп алсақ, 2-шi жұмысшы
80 кг нан шығарса, одан түсетiн жиынтық түсiм 800$ құрайды. Осылайша
кестенiң 4-шi бағанында шектi еңбек өнiмдiлiгiнiң құны белгiленген. Мұнда
жұмыскүшi саны өскен сайын еңбектiң шектi өнiмдiлiгi кеми түседi. Егер
бәсекелес нарықтағы жалақы мөлшерi 500$ деп алсақ, онда 1-шi жұмысшыдан
500$ пайда түседi, яғни 1000$ - 500$ = 500$. Екiншi жұмысшыдан сол сияқты
300$ пайда түседi. Ал төртiншi жұмысшының жиынтық табысы 400$ ғана, ал оның
жалақысы 500$, яғни фирма төртiншi жұмыс күшiн жалдаған кезде 100$ зиян
шегедi. Сондықтан фирмаға тек қана 3 жұмысшы жалдаған тиiмдi болады.
Сонымен, фирманың максималды пайдасы еңбектiң шектi өнiмдiлiгi мен
нарықтық жалақының қиылысу нүктесi болып табылады. Осылайша бәсекелестiк
рыноктық экономикада фирма жұмыс күшiн шектi өнiм құны мен жалақы тең
болғанша қабылдай бередi. Осыдан барып фирманың еңбекке сұранысы ұғымы
шығады, оны келесiграфиктен көре аламыз 5, 367 бет .
Шектi өнiм
құны
Нарықтық
жалақы
Еңбекке сұраныс қисығы
Жұмысшылар санының Жұмысшылар саны
максималды пайдасы
Сурет-3 – Еңбектiң шектi өнiмдiлiгiнiң құны
Кейбiр жағдайлар - өндiрiс факторлары мен өнiм бағалары - сырттан
берiледi; шешiм қабылдау бостандығы – қанша адам және жұмыс сағат
қажеттiлiгi – тарифтiк реттеумен және жалдама қызметкердi қорғайтын басқа
да заңдармен шектеледi. Мысалы, Қазақстандағы еңбек туралы заң жұмыс апта
ұзақтығын 40 сағатпен шектейдi 3 .
Жұмыс күшi ұсынысының көлемiн анықтауда қиындықтар кездеседi: фирма
өзiндегi қызметкерлердi нақтылы қолдана ма, әлде оған қосымша жұмыс күшiн
қажет ете ме – бұл анықтауды талап етедi. Институционалдық реттеуге сәйкес
фирма кей жағдайда артық қызметкерлердi жұмыстан дереу босата алмайды.
Сонымен қтар фирма қосымша жұмыс күшiне мұқтаж болуы мүмкiн, өйткенi бос
орындарды қызметкерлермен толтыруы керек.
Нарықта жеке мешiк кәсiпорындар саны және олардың экономикада үлесi
өскен сайын оның тиiмдiлiгi еңбек өнiмдiлiгi арқылы көтерiлген сияқты.
Демек, жұмыс күшiне сұраныс қалыптасуында жеке меншiк сектор нарықтық
принциптерiне толық ауысқан. Қанша және қай сапалы қызметкерлердi жұмысқа
алуда фирма тек экономикалық тұрғысынан шешедi, басқаша айтқанда, фирмаға
бұл адамдар барынша көп пайда түсiре ала ма деген критерийдi қолданады.
Жұмыс барысында бiз еңбек нарығы болғандықтан жеке меншiк секторды
қарастырамыз. 2, 55 бет .
Жұмыс күшiне сұранысты жұмыс бершiлердiң берiлген уақыт мерзiмiнде
белгiлi жалақы мөлшерi үшiн жалдайтын адамдар саны ретiнде анықтауға
болады. Жұмыс күшiне сұраныс, еңбекке деген сұраныс өндiрiс факторы ретiнде
туынды сұраныс болып келедi: тауарлар өндiрерде еңбек қолдану керек, демек
игiлiк көлемiн өндiру туралы шешiмнiң екiншi жағы қолданылатын еңбек көлемi
туралы шешiм болады.
Жалақы көтерiлсе, жұмыспен қамту деңгейi өсе ме, әлде азая ма – бұл
сұраққа жауап беру оңайға түспейдi. Фирма (i) мақсаты - өзiнiң iскерлiк
қызметiнен барынша көп пайда түсiру, ол әр түрлi ресурстар, оның iшiнде ең
бастысы адам ресурстарын қолданады. Бiздiң қарапайым моделiмiзде негiзiнен
екi факторды ескеретiн боламыз – еңбек пен капитал. Пайда фирманың өнiмiн
сатудан түскен түсiм мен орын тепкен шығындар айырымы болып келедi. Демек,
барынша көп пайда түсiру мәселесiн мына қарапайым формула арқылы
көрсетейiк:
Max Пi (*) = P(yNi) * yNi – w i * Li – R i * K i – Ti, ( 1 )
Шектеуi: y i = Fi(Li, Ki),
Мұнда: П – пайда;
YNi – сатылған тауар саны;
P(yNi) – сатылған тауар бағасы;
w i – жұмыс күшiне кеткен шығын;
Li - пайдаланған еңбек саны;
R i – уақыт бiрлiгiнде өндiрiстiң негiзгi құралдарының әр
данасын пайдалану шығыны;
Ki - пайдаланған капитал саны;
Ti - өндiрiс процесiне және табыс бөлуiне әсер ететiн басқа
факторлар;
y i - өндiрiлген тауарлар саны 2, 57 бет .
Кез-келген бәсекелестiк нарықтағыдай Dm нарығының сұранысы мен Sm
нарығы ұсынысының ара-қатынасының тепе-тендiгiн анықтайды, айта келсек w*
жалақы төлемiнiң тепе-теңдiк мөлшерiн 4-шi суреттен көрсек болады
1, 187 бет .
w Еңбек нарығы w Фирма
Sm
ME, SL
w* w*
Dm
Lm L
Сурет-4 – Еңбектiң сұранысы мен ұсыны
Аталған нарықта фирма SL еңбек ұсынысының горизанталды қисығымен
кездеседi, себебi ол w* тең МЕ тұрақты шектiк шығындарымен кез келген еңбек
санын жалдай алады. Егер фирманың табысы қосымша жалақы төлемдерiнiң
шығындарынан артық болса, онда оған қосымша еңбек санын жалға алу тиiмдi
болады.
Еңбек бiрлiгiн жалға алу нәтижесiнде алынған қосымша табыс MRPL
еңбегiнiң шектiк табыстылығы деп аталады. Осы тәсiлмен MRPK капиталының
шектiк табыстылығы анықталады. Қосымша еңбек бiрлiгi ∆Q = MRPL шектiк
еңбек өнiмi көлемiнде қосымша өнiм шығарылуын қамтамасыз етедi.
Егер фирманың өзiнiң тауарын немесе қызметiн сататын өнiмнiң нарығы
бәсекелiк болса,онда ол қосымша табыс ала алады 2, 188 бет .
MRPL = p * MPL (2)
Мұнда, р – тепе-теңдiк баға;
MPL – еңбектiң шектi өнiмдiлiгi;
MRPL – қосымша табыс.
Ал егер өнiм нарығы монопольдi болса, яғни аталған фирма бұл жерде
монополист болған жағдайда , ол MRPL = MR * MPL қосымша табыс алады.
Мұнда, MR – шектiк табыс.
W
ME, SL
W*
MRPL DL
L* L
Сурет-5 – Еңбек нарығындағы фирманың тепе-теңдiгi.
Азаймалы қайтарым өндiрiс факторы заңына сәйкес еңбек шығыны көбейген
сайын MPL шектiк еңбек өнiмi азаятыны белгiлi. Бәсекелiк фирма үшiн де,
фирма-монополист үшiн де MRPL еңбек табысының шегi L өсуiне байланысты
төмендейдi. Оны 5-шi суреттен көруге болады 6, 134 бет .
MRPL қисығы L* еңбек бiрлiгiн қолдану көлемiнде SL еңбек ұсынысының
горизантальды қисығын қиып өтедi. LL* болғанда әрбiр қосымша еңбек
бiрлiгi w* жалақыға жұмсалатын шығындарға қарағанда фирмаға табысты
артығымен әкеледi, ал фирма L* деңгейiне жеткенше еңбектi бұрынғыдан көп
жалдайтын болады.
Ал L L* жалданған жағдайда w* жалақыға қарағанда қосымша еңбек
бiрлiгi табысты кем бередi. Бұл жағдайда фирмаға пайдаланылатын еңбек
мөлшерiн L* деңгейiне дейiн төмендету орынды болады. Демек, L* - фирманы
максималды табыспен қамтамасыз ететiн оңтайлы еңбек саны. Ал MRPL шектiк
табысының қисығы фирманың DL еңбекке сұраныс қисығы болып табылады.
Өнiм нарығында фирма монополист болған жағдайда, оның MRPML шектiк
табыстылық қисығы MRPCL бәсекелiк фирманың шектiк табыстылығы қисығына
қарағанда төмен орналасады:
MRPML = MR * MRL p * MPL = MRPCL (3)
Демек, осы фирма-монополист үшiн MRPL шектiк табыс қисығы SL
ұсынысының горизанталды сызығын солға қарай қиып өтедi. Басқаша айтқанда:
монополист бәсекелiк фирмаға қарағанда еңбектi аз жалдайды
1,189 бет .
Ұзақ мерзiмдi кезеңде фирма еңбек ақысының төмендеуiне қысқа мерзiмдi
кезеңге қарағанда басқаша әсер етедi.
Еңбек ақы мөлшерi w*1-ден w*2-ге дейiн төмендегенде фирма қысқа
мерзiмдi кезеңде еңбектi қолдануды L*1-ден L`-ге дейiн көбейтедi. Бiрақ,
ұзақ мерзiмдi кезеңде фирма барлық факторлардың шығындарын ауыстыра алады.
Санның көбеюi капиталды қолданудың көбеюiме сәйкестендiрiледi. Бұл MRL
қисығын оңға жылжытады, демек MRPL қисығы да оңға жылжиды. Еңбектi L*2
деңгейiндегi қолданған жағдайда тепе-теңдiк L`-тан оң жағына жақындайды.
E1
W*1
E2
W*2 DLR
MRPL1 MRPL2
L*1 L’ L*2 L
Сурет-6 – Еңбекке ұзақ мерзiмдi сұраныс қисығы
Демек фирманың DLR еңбегiне ұзақ мерзiмдi сұраныс қисығы еңбекке
қысқа мерзiмдi сұраныс қисығына қарағанда жазық болып келедi. Бұл ұзақ
мерзiмдi кезеңде еңбек пен капиталдың үйлесiмдiлiгiн таңдау мүмкiндiгiн
түсiндiредi 4, 396 бет .
1.3 Жұмыс күшiне сұранысты анықтағанда ауқымы және орын басу нәтижесі
Фирма өндiрiс факторларының бағалары өзгеруiнiң жұмыс күшiне
сұранысқа әсерiн талдау екi эффект түрiн ажыратады:
1. орын басу эффектiсi (Эо.б.) фирма қымбаттап кеткен факторларды аз
қолданады дегендi бiлдiредi: мысалы, егер де W жалақы көтерiлсе, не R
төмендесе жұмыс күшiне деген сұраныс азаяды. Орын басу эффектiсi
дегенiмiз өндiрiсте пайдалынатын факторлар көлемiнiң өзара қатынастары
өзгеруiнiң жалданатын жұмыс күшi көлемiнiң өзгеруiне тиетiн әсерi. Ал
бұл қатынас өзгеруi өндiрiс факторларының бағалары өзгеруiнен
туындайды;
2. масштаб эффектiсi (Эм.) дегенiмiз өнiм шығару көлемi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz