Экономикалық ғылымдағы ақша теориясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
1 тарау. Экономикалық жүйедегі ақша мәні мен ролі 4
1.1 Тауар айналымы эволюциясындағы ақшаның пайда болуы 4
1.2 Экономикалық ғылымдағы ақша теориясы 10
ІІ-тарау. Ақша экономикалық категория ретінде 14
2.1 Нарықтық экономика жүйесіндегі ақшаның қазіргі жағдайы 14
2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйедегі ақшаның қазіргі
жағдайы 20
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Мол ақша табу – батырлық;
оларды сақтай білу – ақылдылық,
ал тиісінше жұмсай білу - өнер.

Б. Ауэрбах

Ақша ашпайтын құлып жоқ.
Қазақ мақалы.

КІРІСПЕ

Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі
деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі
мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп
етуге дайын.
Ақша – бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы
іспеттес қоғамдағы әмбебап құрал. Сондықтан көпшілігіміздің бай болғымыз
немесе қолдағы ақшамыз нені қажет етсек соған жететіндей болса деген
арманымыз бар. Ауызекі тілмен айтар болсақ бай болғымыз келеді.
Егерде адам өзінің ақшаға деген көзқарасын белгілі бір ретке
келтірмесе ақшаның қажеттілігі мүлде орасан зор болуы мүмкін. Ақшасы жоқ
адамның қолы да қысқа болып өз бойындағы қасиеттерді, мүмкіндіктерді,
өмірге деген құштарлықты мейлінше жетілдіре алмайды. Адамның ойын, мақсатын
іске асыруға қыруар қаражаты болуы шарт. Ақша деген өлшемі болмаса, ақшаны
қажетті мөлшермен алмаса, онда адам біртіндеп ақшаның құлына айналады да,
өз келбетін жоғалтады.
Бай мен кедей адамның көзге ұратындай айырмашылығы жоқ. Бай адамдарға
Құдай берген бас, екі қол мен екі аяқ біздің бәрімізде де бар. Бірақ
олардың негізгі басымдылығы екі құлақтың ортасында орналасқан мида жатыр.
Олар қаншалықты ұтылып, өмірден тепкі көріп жатса да мойынсынбайды, өйткені
олар өте рухты жандар. Қайтпас қайсарлық пен тәуекелге бейім болуы байларды
көпшіліктен оқшауландыра түседі. Әрине бұл күнделікті күйбең өмірде
тырбанып еңбек етіп, ақшасын айлықтан айлыққа әрең жеткізіп жүргендерге
ұнай қоймайтыны бесенеден белгілі.
Біреулері бай болуды мақсат етіп іске кіріссе, енді біреулері
тәуелсіздік пен еркіндікті мақсат тұтып ақшалы болуға тырысады. Бұлардың
барлығы қаражатты көбейтіп, пайда табуды көздейтіні анық, дегенмен түпкі
мақсаттары әрқайсысында әртүрлі.
Айтпақшы, реті келгенде бай адам мен дәулетті адамның айырмашылығы
жөнінде айта кеткен жөн. Дәулетті адам айналасындағы адамдарға шапағаты
тиіп, көпшілікпен араласып, әрдайым беделі жоғары деңгейде болады. Олар
ақшаның ғана қадірін біліп қана қоймай, адамдар арақатынасына аса көп көңіл
бөледі. Байлар жомарт болады. Алу үшін беру керек, бермесең ештеңе де ала
алмайсың. Эндрю Карнеги: Қайырсыз байлық – қорлық өліммен тең, - деп
өзінің қалған өмірін байлығын үлестіруге арнады...
Ал ендігі мәселені осынау байлықтың көзі болып табылатын ақша ұғымы
жөнінде жалғастырайық.

1 тарау. Экономикалық жүйедегі ақша мәні мен ролі

1.1 Тауар айналымы эволюциясындағы ақшаның пайда болуы

Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және
объективті.
Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді
келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша - бұл жалпы эквивалент
ролі бекітілген, көптеген тауарлардың дамуының нәтижесі.
Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының бастапқы
сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар екінші тауарға еркін
айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.
Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына
теңестірілді. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок
көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген
тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.
Бірте-бірте көптеген тауардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы,
мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда
басқа тауарлардың құны белгіленді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының
нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшаның тауар жоғарыда айтылғандарды
ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Ақша - бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.
Бірнеше жүз жылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның ролі мүйізді ірі
қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент ролін алтын атқарды. Оған оның
мынадай қасиеттері әсер етті:
1.Сапалық біртектілік;
2.Сандық (еркін) бөлінуі;
3. Қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күші кетеді);
4.Сақталуы.
Алтын - еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан қазіргі
кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға бағаланады.
Әдеттегі тауар ретіндегі алтын тұтыну құнына және құнға ие. Алтынның
тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және
т.б. Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен
қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады.
Алтын жалпы эквивалент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну құны
мен құнның ерекше формасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа тауарлардың
құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын құнының
ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбасталуы формасы
ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциялары XVІІ-XVІІІ ғасырларда пайда болған
теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және
сандық теорияларына байланысты.
Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды.
Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының
қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың
рыноктық экономиканың дамуына қарай әсер етуін зерттеу саласына көңіл
бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда
болды. Оның өнімдері меркантелистер, яғни У. Стаффорд, Т. Мом, Д. Норк,
және т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде
абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді.
Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар
емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер
болып табылады. Кейінірек оны Дж. Беркли (Англия) мен Дж. Стюарт
(Шотландия) дамытты. “Металлистерге” сын айта отырып, олар ақшаның басқа
қызметтерін - айналыс құралы мен төлем құралын абсалюттеді. “Номиналистер”
ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде
көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.
Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан тауарлы
шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен
өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық
болып есептелетіні белгілі. Бара-бара өндіріс құралдарының жетілуіне
байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты (мысалы,
бір жерде егін салу пайдалы болса, екінші жерде мал өсіру пайдалы, ал басқа
жерде, балық аулау пайдалы) адамдардың шығарған өнімдерінің саны (көлемі)
олардың жеке басының керегіне, жарататын саннан (көлемнен) артық болатын
жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа
өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде "айырбастау"
деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің "тауар" деп
аталатын болған соң, натуралдық өңдірістің орнына тауарлы өндіріс пайда
болды.
Осымен байланысты жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің (факторлары)
салдарынан өнім өндірушілер өздерін бір түрлі (болмаса бірнеше түрлі) өнім
шығаруға бейімдейтін болды. Ал, өздеріне керек басқа өнімдерді өздері
шыгарған өнімнің (өнімдердің) артығына ауыстырып алатын болды.
Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай
туғызылды:
- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді. Осыған
байланысты айырбастау операциясы өріс алды.
- Өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленушілік
пайда болды, екінші жағынан белгілі, бір түрлі тауар өндіруге
мамандандырушылық туды.
Сонымен қатар бір тауарды, екінші тауарға тікелей ауыстырудың бірқатар
қиыншылықтары болды. Олар:
- Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру үшін қолында осы өндірушінің
іздеп жүрген тауары бар өндіруші табылуы керек. Және, сол екінші
өндірушіге, бірінші өндірушінің қолындағы тауар керек болуы шарт. Мысалы,
егін егуші адам өзінің өндірген бидайың теріге аустырғысы келсе, қолында
терісі бар адамға, бидай керек болуы қажет. Басқаша айтқанда, тауар
ауыстыру екі жақтың да қолында өзара керекті тауарлар болғанда ғана мүмкін.
Мұнсыз тауар ауыстырылмайды. Ал, мұндай сәйкестік, өмірде жиі кездесе
бермейді.
- Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру процесінде олардың құнын ескеру
керек. Басқаша айтқанда, ауыстырылатын екі тауардың өзіндік құны баламалы
болуы шарт. Мысалы, бір өгізді бір қап бидайға ауыстыруға болмайды.
Өйткені, өгіздің құны бір қап бидайдан әлде қайда артық. Сондықтан бір қап
бидайға, оның кұнына баламалы тауар іздеу керек. Бұл да оңай іс емес.
Міне, сондықтан да, бара-бара тауар өндіру молайған сайын соған
байланысты, баламалық негізінде, айырбастау операциясының да дамуы,
көптеген түрлі-түрлі тауардың ішінен бір тауарды бөліп алуды керек етті.
Мұндай тауар өзінің ішкі және сыртқы мазмұнымең ішкі және сыртқы саудаға
өте керекті тауар болуы тиіс. Басқа тауарлардың құнын осы тауардың құнымен
баламалап айырбастайтын болған. Мысалы: бір балтаның құны екі кило бидай
болса, бір өгіздің құны — бес қап бидай т.с.с. Бұл мысалда, ақшаның
міндетін бидай атқарады.
Сөйтіп, айырбастаудың тауарлық нысаны ақшалай нысанға көшті. Оның
үстіне әртүрлі тайпаларда, ақшаның міндетін атқарған тауарлар әр түрлі.
Мысалы: Ежелгі Гректер, Римдіктер, Славяндар ақша орнына мал пайдаланған;
Скандинав елдерінде, ежелгі орыстар - аңның, болмаса малдың терісін
пайдаланған; Қытайда - тұз. Моңғолияда — шай, тағы сол сияқты. Ал Ежелгі
Қазақстан аумағын мекендеген елдерде мал, оның ішінде ірі қара (жылқы) осы
мақсатта пайдаланылған. Мұның айғағы ретінде:
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек к...тін жусаң да, мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас, - деген Абай атамыздың
өлеңін келтіруге болады.
Бірақ, осының өзінде де айырбастауда көптеген қиыншылықтар кездесті.
Айтылған заттарды санау, (есептеу) өлшеу, оларды бір жерден екінші жерге
тасу, сақтау, іріктеу деген сияқты қияметтері көп болды. Міне, осы
жағдайлар және тауар өндіру мен оны айырбастаудың көлемінің өсуі, ақшаның
міндетін атқаратын тауардың біртектілігін, оңай бөлшектенетінін, сақтағанда
бұзылмайтын және тасымалдауға қолайлы болуын талап етті. Ал, мұндай
қасиеттер кейбір түсті және құнды металдарға ғана тәлім болатын. Адамзат
дүниесінің даму жолының әр кезеңінде, ақшаның міндетін әртүрлі металдар
атқарады: қола, мыс, күміс, алтын.
Ақшаның пайда болуы айырбастау процесіне де бірқатар өзгерістер
енгізді. Біріншідең ақша шыққаннан кейін тікелей тауар айырбастаудың тар
шегі біраз кеңейтілді, яғни базар пайда болды, ал ол базарда екі ғана кісі
емес, бірнеше тауар иелері қатынасады.
Екіншіден, ақша пайдаланудың арқасында бір ғана әрекетпен бітетін
айырбастау процесі (бір тауарды беріп, екінші тауарды алу Т-Т), әр уақытта,
әр жерде істелетін екі әрекетке айналды.
- бірінші әрекет, тауарды ақшаға сату (Т—А)
- екінші әрекет, алған ақшаға басқа жерде, басқа уақытта, басқа тауар
сатып алу (А-Т).
Үшіншіден, тауар өндірушілер сатқан тауардан алған ақшасын енді,
керекті тауар сатып алғанға дейін сақтауға мүмкіншілік алды. Ал, мұның өзі,
ақшаны жинауға және оны басқаларға қарызға беруге болады деген сөз. Яғни,
бұл несиенің (кредит) пайда болуына әсер етті.
Осындай өзгерістердің нәтижесінде ақшаның қозғалыс жолы тауардың
қозғалыс жолынан бөлініп шықты. Басқаша айтқанда, бұрын ақшаның міндетін
атқарған тауарды беріп, соған балама басқа тауар алынатын. Яғни, тауар-
ақшаның козғалыс жолы, айырбасталып алынған тауардың қозғалыс жолымен тығыз
байланысты еді. Тек олар қарама-қарсы қозғалатын. Енді, ақша шыққаннан
кейін ақша өз алдына, тауар өз алдына, айналатын болды.
Ақшаның осылай дербес айналуы өзіндік құны бар ақшаны (алтын монетаны)
құны жоқ, қағаз ақшаға ауыстырғанда күшейе түсті. 1976 жылдың қаңтарында
Ямайкада өткізілген Халықаралық Валюта қорына мүше-елдердің келісімі
бойынша әрбір елдің ақшасының Алтынмен салыстырғандағы құны жойылды (алтын
тепе-теңдігі). Осының бәрі қазіргі жағдайда ақша айналымының өз алдына
өтетінін, сөйтіп, ақшаның өз алдына экономикалық санат болып шыққанына
айқын дәлел болып табылады.
Ақша - бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.
Бірнеше жүз жылдықтар бойы көптеген халықта ақшаның ролін мүйізді ірі
қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент ролін алтын атқарды. Оған оның
мынадай қасиеттері әсер етті:
1) сапалық біртектілік;
2) сандық (еркін) бөлінуі;
3) қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күші кетеді);
4) сақталуы.
Алтын - еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан
қазіргі кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға
бағаланады.
Әдеттегі тауар ретінде алтын тұтыну құнына және құнға ие. Алтынның
тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және
т.б. Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен
қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады.
Алтын жалпы эквивалент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну құны
мен құнның ерекше формасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа тауарлардың
құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын құнының
ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбасталу формасына
ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциялары ХVІІ-ХVІII ғасырларда пайда болған
теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және
сандық теорияларына байланысты.
Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды.
Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының
қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың
рыноктық экономиканың дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл
бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда
болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және
т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде
абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді.
Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар
емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер
(заңгерлер) болып табылады. Кейінірек оны Дж. Беркли (Англия) мен Дж.Стюарт
(Шотландия) дамытты. "Металлистерге" сын айта отырып, олар ақшаның басқа
қызметтерін - айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. "Номиналистер"
ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде
көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.
Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылар Дж. Локк (ХVІІ ғ. соңы),
Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо (ХVІІІ ғ. соңы) болды. Олар ақшаның құндық
негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің
құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен
байланысты анықталады деп есептеді. Сандық теорияның модернизациясына
И.Фишер (XX ғ. басы), АС.Пигу (XX ғ. ортасы) және т.б. елеулі үлес қосты.

1.2 Экономикалық ғылымдағы ақша теориясы

Ақшаның өндіріспен байланыстылығы талайдан белгілі. Ақша кез келген
экономикалық жүйенің маңызды элементі болып табылады. Ақшаның ролін бағалау
және экономиканың дамуына ақша жүйесінің әсерін пайымдауға байланысты
бірнеше ақша теориясы бар.

Үш ақша теориясын атап айтуға болады – металдық, номиналдық и сандық.
Металдық ақша теориясы. Бұл теория Англияда капитала бастапқы
шоғырлануы тұсында XVI – XVII ғғ. пайда болды. Металдық ақша теориясыныңы
негізін салушылардың бірі У.Стаффорд (1554- 1612).
Бұл теорияны мақұлдаушылар ақшаны қағаз ақша түрінде болғанын
қаламады.
Меркантилисттер металдық ақша теориясының бастауында тұрғандар болып
табылады, сондықтан бұл ағымға біршама тоқталғанды жөн көрдім.
Меркантилизм (итальян тілінен аударғанда мирканте - көпес, саудагер)
ақша теориясының дамуындағы бір саты болғаны анық. Меркантилизм
феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы кезеңіндегі (1518 ғғ.)
сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен
экономикалық саясат. Бұл бағыттың өкілдері (Т.Ман 1571-1644 ж.ж),
Ж.Б.Кольбар (1619-1683 ж.ж), Д.Юм (1711-1776) қоғам байлығы тек саудада
ғана пайда болады деп санады. Бұл тұжырымдар кездейсоқ болған жоқ. Олар
капиталдың алғашқы жиналымына, яғни халықаралық саудаға сәйкес келді. Мұнда
тауарлар бір елде төмен бағаға сатып алынып, басқа елде жоғары бағамен
сатылды. Сондықтан, меркантилисттер мемлекетке сауданы кеңейтіп, елдегі
алтын қорын толтыруға кеңес берді.
 Металл ақшаға алтын мен күміске деген қажеттілік үстем экономикалық
ілім меркантилизмнің теоретикалық қалыптасу бағытын анықтады.
Меркантилистер байлық көзі өндіріс аясы емес, айналым аясы болады
деген қағидаға сүйенеді; олар мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтынның,
күмістің) мүмкіндігінше неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді
және елден шет елге шығарылатын тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп
болуына қол жеткізуге тырысты.
Бұл ілімді қолдаушылар ұлттың өркендеуінің негізі алтын қорларының
болуында деп бекітті. Ақша құралдары (алтын, күміс түрінде) әскерді ұстауға
мүмкіндік береді, мемлекет басшысының басқарушы ретіндегі дәрежесін
күшейтеді, алтынның қордалануы отарлау соғыстарын жүргізуге, фабрикалар
(мануфактуралар) салуға, жаңа жұмыс күшін қалыптастыруға себепші болады.
Меркантилистердің ойынша, сыртқы сауда қалайда алтынды қолға түсіріп
алуға негізделуі қажет, себебі жай тауар айырбасы жағдайында (мысалы, жүнді
шарапқа айырбастағанда) ол тауарлар тұтынылады да өз айналымын мүлде
тоқтатады. Бұл кезде сауда нөлдік сомамен ойын түрінде қарастырылды, яғни
бір ойыншының ұтысы екіншінің ұтылысы деген сөз.
Ең жоғары (максимальды) пайда алу үшін мемлекеттің араласуы мен сыртқы
сауданың үстінен бақылау ұсынылды. Ғалымдар тарапынан шет елдік тауарларға
кедендік жарналарды енгізу және өз тауарлары үшін алтын мен күміс алу
арқылы экспортты арттыруға және импортты шектеуге бағытталған сауда
саясатына қатысты ұсыныстар жасалды. Осылайша, қатаң протекционистік
шаралар қолданылды және сыртқы саудадан түсетін пайда протекционистік
саясат жүргізетін елдің басқа мемлекеттер есебінен алынатын артықшылықтарға
ие болуымен байланысты болды.
Белгілі бір мерзімде металдың нақты көлемі сақталынғандықтан, алтынның
көп мөлшеріне ие болу үшін басқа елдердің немесе ұлттардың экспортын шектеу
керек болды. Бұл жағдай ұлтшылдықтың дамуына, басқа елдер есебінен пайдаға
ұмтылуға және де қайшылықтардың өршіп кетуіне жағдай жасайды.
Біржақты тәртіппен енгізілген импорттық шектеулер халықаралық сауданы
қиындатып жіберді. Басып алынған орталық аймақтарға тауарлар тек қана
метрополиялардан ғана әкелінді; басқа тауар жеткізушілер қатаң
тосқауылдарға тап келіп қалды.
Халықаралық сауда метрополиялардың және олармен байланысты колониялық
елдердің мүдделерін қанағаттандыратын аймақтарға бөлінді (Англия,
Франция, Испания).
Людовик XIV заманындағы Франция мемлекетінің, орыс патшасы Петр І-нің
саясаттары меркантилистік саясаттың айқын мысалдары болып табылады.
Меркантилизм өз дамуында екі кезеңнен өтті. Ақша балансының
жақтаушылары, алғашқы меркантилисттер алтын мен күмістің елден шығарылуына
қарсы көзқарас білдірді. Сауда балансы жүйесінің жақтаушылары, кейінгі
меркантилисттер егер жалпы саудада оңтайлы саудаға қол жеткізілсе, онда
бағалы металдардың шығарылуына қарсы болған жоқ. Олар шикізаттың
өнеркәсіптік өңделуін және транзитті сауда тиімділігін пайдалануды жақтады.
Алайда, меркантилизм әдебиеттері ең бастысы бір жақты эмпирикалық сипатқа
ие болды.
Алайда мұндай іс-әрекеттер әлемдік нарықты белсенді түрде бөлісуге
бағытталған капиталистік өндірістің дамуына, халықаралық сауданың кеңеюіне
қайшы болды, сөйтіп жаңа концепциялар қажет болды.
Номиналдық ақша теориясы. Бұл теория өкілдері ағылшындар Дж. Беркли
(1685 – 1753) и Дж. Стюарт (1712 – 1780) болатын. Олардың теориясының
негізінде мынадай екі қағида жатқан болатын. Біріншісі, ақшаны мемлекет
жасайды, және екіншісі, ақша құны оның номиналымен анықталады.
Номиналистердің негізгі қателігі ақша құнын мемлекет анықтайды деп
ұғынуында жатыр. Демек олар еңбектің құн теориясын және ақша тауарлық
табиғатын теріске шығарады.
Бұл теорияның одан әрі дамуы XIX- XX ғғ. соңында жүрді. Ең танымал
номинализм өкілі неміс экономисі Г. Кнапп (1842 – 1926) еді. Оның пікірінше
ақшада мемлекет берген сатып алу қабілеті болады. Г. Кнапп өз теориясын
толыққанды монеталарға негіздемей қағаз ақшаларға арқа сүйеген еді. Ақша
массасын талдау барысында ол тек қана мемлекеттік қазына билеттерін (қағаз
ақша) және майда тиындарды есептеп, несиелік ақшаларды қоспаған еді.
Номиналистердің негізгі кемшілігі олар ақшаны алтыннан және тауар
құнынан ажыратып алып оларды мемлекет заңдары арқылы құн, сатып алу
қабілеттерін жүктегенінде жатыр.
Номиналисттік теорияның ережелері Германияның экономикалық саясатында
бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында кеңінен қолданылды. 20-жылдардағы
гиперинфляцияға ұшыраған Германия кезеңі бұл теорияны толығымен теріске
шығарды.
Ақшаның сандық теориясы.
Бұл теорияның негізін салушы француз экономисі Ж. Боден (1530 –
1596). Бұдан әрі осы теорияны түбегейлі дамытқанда қатарында ағылшын
ғалымдары Д. Юм (1711 – 1776) мен Дж. Милль (1773 – 1836), сондай-ақ
француз Ш. Монтескье (1689 – 1755). Д. Юм, қымбат металдардың Америкадан
ағылуы мен XVI – XVII ғғ. Бағалардың өсуі арасында қатынастың себептерін
анықтау үшін мынадай тезис ұсынды: Ақша құны олардың санына сай келеді.
Бұл теорияның жақтастары ақшаны тек қана айналым құралы деп түсінді. Олар
қателесіп, айналым нәтижесінде ақша және тауарлар массаларының
тоқайласуынан бағалар орнатылады және ақша құны анықталады деп тапты.
Қазіргі заманғы ақшаның сандық теориясының негізін американ экономисі
және математигі Ирвинг Фишер (1867 – 1947) салды. И. Фишер еңбек құнын
мойндамай ақшаның сатып алу күшіне арқа сүйеді. Ол ақшаның сатып алу
күшінің алты факторын бөліп көрсетті: 1) айналымдағы қолма-қол ақша саны;
2) ақша айналымының жылдамдығы; 3) бағаның орташа деңгейі; 4) тауарлар
саны; 5) банк депозиттерінің сомасы; 6) депозитно-чектік айналым
жылдамдығы.
Ақшаның қазіргі сандық теориясы макроэкономикалық модельдерді және
тауар массасы мен бағалар деңгейнің жалпы қатынастарын зерттей отырып
бағалар деңгейінің өзгерісінің негізінде номиналдық ақша массасының
серпінділігі жатыр деп таниды. Ол экономиканы тұрақтандыру мақсатында
ақша массасына бақылау жасау арқылы нақты ұсыныстар береді.
Сандық теорияның бір тармағы монетаризм болып табылады.
Монетаризм – нарықтық экономиканың дамуына және оны тұрақтануға
айналымдағы ақша массасы негізгі роль ойнайды деп есептейтін бағыт.
Монетаризмнің негізін салушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымдағы дағдарыс
Маркстік философия туралы
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері
Пайданы есептеу түрлері
Тауар айналымы эволюциясындағы ақшаның пайда болуы
Меркантилизм - ақша жинақтауда қоғамның байлығы
Экономика саласындағы Нобель сыйығының лауреаттары
Әлеуметтік жұмыстың теориялары
Классикалық политэкономистердің құн теориясы
Пайда және оны белгілейтін факторлар
Пәндер