Халықаралық валюталық қатынастар мәні
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-тарау. Халықаралық валюта жүйесінің мәні және құрылымы 4
1.1. Халықаралық валюта жүйесінің мәні және құрылымы 4
1.2 Халықаралық валюта жүйесінің даму кезеңдері 5
1.3 Халықаралық резервтегі валюта бірліктері 8
1.4 Еуропалық валюта жүйесі 11
2-тарау. Халықаралық валюталық қатынастар мәні 15
2.1 Халықаралық валюта және қаржы-несие рыноктары 15
2.2 Халықаралық валюта қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның орны 19
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi 25
Кіріспе
XX ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-
қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық
экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын
жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруы дамытуды, жаңа валюта рыноктарын
құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді
көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз — дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік
ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар
қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді,
ғылыми-техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тулғалардың ақша
аударуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның
халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын
талап етеді. Бұл қатынастардың толыққанды мүшесі болу үшін Қазақстанға
бірталай проблемаларды шешуге тура келді. Негізгі валюталық саясаттың бірі
— теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға
айырбастауды мейлінше ырықтандыру. МҚ-ның өзі бір жағынан, теңдестірілген
(баланстылған), екінші жағынан, шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық
ұлттық рыноктың болуын талап етеді. Теңгенің еркін ауысатын валюталармен
салыстырғандағы курсының (құнының) орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшін
дүниежүзілік рынокқа шығудың тиімді жолы.
1-тарау. Халықаралық валюта жүйесінің мәні және құрылымы
1.1. Халықаралық валюта жүйесінің мәні және құрылымы
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады.
әлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі
дегеніміз — мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын
ұйымдастыру нысаны (формасы).
ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
— ұлттық валюта бірлігі;
— ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
— ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын
механизмі;
— валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость
валюты);
— валюталық шектеулердің деңгейі;
— мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі
және т. б.
— ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны)
мен паритеті жатады.
Валютаның курсы дегеніміз — жекелеген елдердің, валюталарының ара
қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел
валютасының бағасы.
Паритет — валюталардың алтьн мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет
валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме-дәл
келмейді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі
валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.
Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте
қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер
арқылы заңдастырылған.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
— ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
— халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы;
— валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;
— валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
— халықаралық есептеулердің нысандары;
— халықаралық валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы
орныққан тәртіп;
— халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (Халықаралық
валюта қоры — МВФ, Халықаралық даму банкі — МБРР және т. б.)
Халықаралық Валюта жүйесінің негізгі міндетттеріне тұрақты
экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық, айырбас
пен төлем айналымын тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі
халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Халықаралық Валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды
кеңейтуге, немесе, керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің
бірі.
1.2 Халықаралық валюта жүйесінің даму кезеңдері
Халықаралық Валюта жүйесі — динамикалық дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс
елдері экономикасындағы, дүниежүзілік шаруашылықтағы өзгерістер мен
қажеттіліктерге сәйкес бірте-бірте өрістеді. өз дамуы барысында халықаралық
валюта жүйесі негізгі төрт кезеңнен өтті және сол кезеңдер халықаралық
валюта жүйесінің төрт түрін сипаттайды.
Халықаралық валюта жүйесінің бірінші түрін алтын стандарт жүйесі деп
атайды. Бұл жүйе XIX ғасырдың соңына қарай қалыптасты. Ол кезде бірқатар
мемлекеттердің валюталары ел ішіндегі рыноктарда алтынға еркін
айырбасталды.
Алтын стандарт жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
— әрбір валюта бірлігінде белгілі алтын мөлшерінің болуы;
— валютаның алтынға айырбасталу мүмкіндігінің ел ішінде де, мемлекет
шекарасынан тысқары жерлерде де сақталуы;
— алтын құймалардың монетаға (тиынға) айырбасталуы, алтынның еркін
экспортталуы мен импортталуы және халықаралық алтын рыноктарында еркін
сатылуы;
— алтынның ұлттық қоры мен ел ішіндегі ақша ұсынысы арасындағы қатаң
байланыстың болуы.
Алтын стандартқа негізделген халықаралық есептеулердің механизмі қатаң
курс бойынша жүргізіледі. Алтын стандарттың басқа түрлеріне, алтын монета,
алтын құйма және алтын девиз стандарттары жатады. Алтын стандарттың бір
түрінен екінші түріне көшу дүниежүзілік капитализм жүйесінің дамуы
барысында жүзеге асып отырды.
Капиталистік шаруашылықты жүргізудің бірте-бірте күрделенуі,
дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының кеңеюі мен тереңдеуі, экономикалық
дағдарыстардың циклдық қайталанулары экономиканы реттеуді күшейтудің
объективті қажеттігін туғызып, мемлекеттің экономикалық процестерге
араласуын күн тәртібіне қойды. Экономикаға мемлекеттің араласуының күшеюі
алтын стандартпен анықталатын қатаң валюта курсының реттелетін, өзара
байланысты валюта курсына айнала бастауына әсер етті.
Екінші жүйе — алтын девизді стандарт жүйесі 1922 жылғы Генуя
конференциясы шешімінің нәтижесінде пайда болды. Кейінірек бұл шешімді
капиталистік елдердің көпшілігі құптады. Алтын девизді стандарт жағдайында
банкноттар алтынға емес, басқа елдердің девиздеріне (банкноттар,
вексельдер, чектер) айырбасталып, содан кейін ғана алтынға ауыстырылатын
болды. Девиз валюта ретінде доллар мен фунт стерлингі қабылданды. Алтын
девизді стандарт іс жүзінде реттелетін валюта курсы жүйесіне, ең алдымен
алтын-валюталық стандарт жүйесіне көшудің алғашқы қадамдары еді.
Алтын — валюталық стандарт жүйесі XX ғасырдың 30-жылдарында пайда
болып, 50-жылдардың соңына қарай толық, қалыптасты. Бұл жүйе бойынша қағаз
ақшаларды алтынға айырбастау тоқтатылды. Алтын — валюталық стандарт жүйесі
Бреттон — Вудс (АҚШ) қаласында 1944 жылы өткен халықаралық конференцияда
қабылданып, өз күшіне кірді. Бреттон — Вудс валюта жүйесінің негізгі
белгілеріне мыналар жатады:
— елдер арасындағы түпкілікті ақшалай есеп айырысу қызметін алтын
атқарады;
— әр түрлі елдердің валюталары құнының өлшемі ретінде және халықаралық
несие төлеу құралы болып американдық доллар бекітілді;
— басқа елдердің орталық банктері мен үкімет мекемелері АҚШ-тың
казначейліктерінде 35 долларды бір трояндық унция мөлшеріндегі алтын курсы
бойынша айырбастайды.
Унция — ағылшын өлшем жүйесіндегі масса бірлігі. Алтынның валюталық
бағасы ресми баға негізінде құралып, 1988 жылға дейін аса көп өзгерістерге
ұшыраған жоқ.
— валюталарды өзара салыстыру және оларды айырбастау алтын мен доллар
арқылы көрсетілген ресми валюталық паритеттер негізінде жүзеге асырылады;
— әрбір ел өз валютасы курсының тұрақтылығын басқа бір елдердің
валюталарына салыстырмалы жағдайда қамтамасыз етуге міндетті болады;
Валюталардың рыноктық курсы белгіленген алтын немесе доллар
паритеттерінен 1%-тен артық ауытқымауға тиіс. Паритеттерді өзгерту
жұмыстары төлем балансы тұрақты түрде бұзылған жағдайда ғана жүргізіледі,
— мемлекетаралық валюталық қатынастарды реттеу Бреттон-Вудс
конференциясында құрылған Халықаралық валюта қоры арқылы жүзеге асырылады;
Бреттон-Вудс келісімі халықаралық валюта жүйесінің дамуындағы маңызды
кезең болды. Тұңғыш рет халықаралық валюта жүйесі үкіметаралық келісімдерге
негізделді. Бреттон-Вудс жүйесі алтын долларлық стандартты орнықтыру арқылы
халықаралық сауда айналымын кеңейтуге, өнеркәсібі дамыған елдердегі
өндірістің өсуіне едәуір ықпал жасады.
60-жылдардың соңына қарай Бреттон-Вудс жүйесі күшейе түскен дүние
жүзілік шаруашылықты интернационалдандыру процесімен қайшылыққа келе
бастады. Трансұлттық корпорациялар қызметінде валюталық алыпсатарлықтар
көбейді. Алтын-долларлық стандарт іс жүзінде бірте-бірте тек қана долларлық
стандарт жүйесіне айнала бастады. Ол аз дегендей АҚШ-тың өз экономикасы
бірқатар қиыншылықтарға тап болды, олардың ең бастысы Батыс Еуропа елдері
мен Жапонияның экономикалық қуаты артып, олардың ықпалының күшеюі 60-
жылдардың соңына қарай доллардың позициясын шайқалтты. Еуропа елдеріндегі
доллардың қоры орасан зор сомаға жетіп, дербес еуродоллар рыногын
қалыптастырды. Айталық, 90-жылдардың басында АҚШ-тан тыс елдердегі
доллардың көлемі 300 млрд. доллардан асып түсті. АҚШ-тың төлем балансының
тапшылығы шектен шығып кетті.
Бреттон-Вудс жүйесінің долларды алтынға айырбастау жөніндегі талаптары
АҚШ экономикасына көптеген ауыртпалықтар әкелді.
70-жылдардың басында Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді. АҚШ
алтынды ресми бағасы бойынша долларға айырбастаудан бас тартты.
Дүниежүзілік рынокта алтынның бағасы күрт жоғарылап кетті.
1.3 Халықаралық резервтегі валюта бірліктері
1976 жылы Халықаралық валюта қорының (МВФ) Кингстондағы (Ямайка)
кезекті кеңесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің жаңа негіздері қаланды.
Ямайка келісімдеріне сәйкес халықаралық валюта механизмі ендігі уақытта
былайша қүрылатын болды:
1. Алтынның құн өлшемі ретіндегі және валюта курстарын анықтаушы
қызметі жойылды, сөйтіп бұдан былай алтын бағасы еркін анықталатын кәдуілгі
тауарға айналды.
Сонымен қатар ол ерекше өтімді тауар болып қала береді. Қажет болған
жағдайда алтын сатылады, және одан түскен валюта төлемдер үшін
пайдаланылады.
2. СДР (speicial drawinq riqht — SDR)—займ (қарыз) алудың арнаулы
құқығы стандартының мақсаты оны негізгі резервтік авуар (төлем қаражаты)
жасап, басқа резервтік валюталардың ролін төмендету.
3. Әр елге ұлттық валюта курсының өздері таңдаған тәртібін орнықтыру
құқығы беріледі. Мемлекетаралық валюталық қатынастар ұлттық ақша
бірліктерінің қалықтау (плавающий) курсына негізделеді. Ақшалардың тербелу
(колебания) курсы екі факторға: а) валютаның ішкі, ұлттық, рыноктағы нақты
сатып алу қабілетіне; б) халықаралық, рыноктардағы ұлттық валютаға сұраныс
пен ұсыныстың ара қатысына байланысты болады.
90-жылдардың бас кезінде қалықтау курсы факторын жүзеге асыруға
байланысты халықаралық валюта жүйесін ұйымдастырудың күрделі схемасы пайда
болды.
Ол үшін, біріншіден, жекелеген ұлттық валюталар өз курстарын анықтау
үшін тірек (опора) болар валюта бірліктерін таңдап алады, екіншіден, валюта
курстарының тербелу дәрежесі бірдей емес болғандықтан, тек жекелеген
валюталардың курстары ғана белгіленген диапазонда тербеледі де, басқа
валюталардың курстары еркін өзгере береді.
Ямайка келісімдеріне сәйкес “қарыз алудың арнайы құқығы" ұжымдык,
валюта бірлігі есебінде қабылданды. 1969 жылы СДР қарапайым несие құралы
ретінде ғана құрылып, доллардың алтын мәніне сәйкестендірілді. 1974 жылдан
бастап валюталардың қалықтау курсы енгізілуіне байланысты СДР-дың алтын
мөлшері жойылды. Ендігі уақытта бұл валюталық бірліктің курсы 1 6 елдің
валюталарының орта шамасына (средневзвешенный) негізделген валюталық
корзина арқылы анықталатын болды. 1981 жылдан бастап СДР бес валюталар
қосындысына (американдық доллар, немістің маркасы, жапонның иенасы,
француздың франкі және ағылшындық фунт стерлингі) сүйену арқылы есептеледі.
Валюталық корзина дегеніміз — бір валютаның орташа курсын басқа
валюталардың белгілі жиынтығына қатысты өлшеу әдісі. Валюталық корзинаның
мөлшері оның құрамындағы валюталарға және олардың долларға қатысты рыноктық
курсына тәуелді. СДР проценттер төлейді. Егер елдің СДР-дағы авуарлары
олардың бөлген қаржысынан артық болса бұл ел процент алады және керісінше
СДР-дағы авуарлары бөлген қаржысынан кем болса процентті осы елдің өзі
төлейді. СДР бірлігі шартты. Ол МВФ-ке мүше елдер үшін бөлінген квота
негізінде есеп-еліп МВФ-тың арнайы есеп шотында сақталады. Бул квоталар
еркін ауыстырылатын (конвертируемый) валютларды сатып алуға немесе төлем
балансының тапшылығын өтеу үшін пайдаланылады. Дегенмен, капиталистік
елдердің жалпы валюталық резервтеріндегі бұл квоталардың үлесі небәрі 6%-
тей ғана.
Көптеген экономистердің айтуы бойынша СДР-ді резервтегі валюта емес,
кредит есебінде қарастыру қажет. Жалпы пікір мынадай: СДР резервтегі
валютаның да, кредиттің де ролін ойнайды. Мәселе оны қалай қарастыруда.
Біреулер оны зебра сияқты ақ жолақты қара мал десе, екіншілері — қара
жолақты ақ түсті мал дегенді айтады.
Тағы бір ұжымдық резервтегі валюта бірлігі болып, валюта корзинасының
құны негізінде анықталатын — ЭКЮ саналады. ЭКЮ — Еуропалық Одаққа мүше
елдердің 12 валютасының негізінде жасалған. Әрбір валютаның корзинадағы
“салмағы" мүше-мемлекеттің Еуропалық Одақтың Ұлттық өніміндегі жеке үлесіне
және Одақтың ішкі экспортында алтын орнына байланысты анықталады.
1 ЭКЮ шамамен 1,3 американдық долларға тең.
ЭКЮ-дің эмиссия (шығару) көлемі СДР-дың шығару көлемінен артық. СДР
сияқты ЭКЮ-де қолма-қол ақшасыз нысанда — ұлттық немесе коммерциялық
банктердің есебіне аударып жазу әдісімен жүзеге асады.
Еуропалық валюта жүйесіндегі әрбір Еуропалық одақ елінің валютасының
ЭКЮ арқылы көрсетілген негізгі курсы белгіленген. Осы негізгі курсқа сәйкес
валюталардың өзара курстары есептеледі және бұдан ақиқат курстың ауытқуы
2,25%-тен аспауы тиіс.
ЭКЮ-ді жасаудың негізгі мақсаты Еуропалық Одаққа мүше жекелеген
елдердің валюталарының курстарын тұрақтандыру. Осыған байланысты тағы бір
себеп АҚШ долларының алтын орнына жүруіне жеткілікті сенімнің болмауы.
ЭКЮ-ді жасау Еуропалық Валюта жүйесін доллардың шайқалуларынан және
АҚШ-тың жаппай экономикалық үстемдігінен құтқару әрекеті еді.
ЭКЮ-дің СДР-ға қарағанда қолдану өрісі кеңірек, ол тек ресми
байланыстарда ғана емес, жеке меншік секторда да пайдаланылады. Айталық,
ЭКЮ валюта бірлігі есебінде бірлескен қорларда және халықаралық валюта-
несие, қаржы ұйымдарында; ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірыңғай бағасы
ретінде; Еуропалық Одаққа мүше елдердің орталық банктері валюталық
интервенция жасағанда т.б. жағдайларда қолданылады. Жеке меншік
(коммерциялық) ЭКЮ еурооблигациялық заемдарды, банктердің депозиттері мен
кредиттерін қаржыландыратын валюта есебінде пайдаланылады. 500-ден аса
халықаралық ұйымдар кредит беру шараларында ЭКЮ-ді пайдаланады. Еуропалық
валюта жүйесіне кіретін елдер валюталарының ондағы үлесі мынадай: неміс
маркасы — 30,4%, француз франкі — 19,3%, ағылшын фунты — 12,6%, итальян
лирасы — 9,9%, голланд гульдені — 9,5%, бельгиялық франк — 7,8%, даниялық
крон — 2,5%, испандық песет — 5,2%, португалдық эскудо — 0,8%, гректердің
драхмасы — 0,7%, люксембургтің франкі — 0,3%.
Еуропалық экономикалық Одақтастық құрыларда біртұтас Еуропалық валюта
жасау мәселесі қарастырылған жоқ болатын. Бірақ, 70-жылдардың ортасынан
бастап біртұтас валюталық одақ құру жолдары белсенді түрде іздестіріле
бастады. Еуропалық Одақтастықтың жетекшілері АҚШ долларына альтернативтік
валюта бірлігін жасауға ұмтылумен қатар, валюталар шайқасын тиімді бақылау
үшін валюталардың интеграциясын жүзеге асыруға мүдделі болды.
1.4 Еуропалық валюта жүйесі
Еуропалық Одақ шеңберінде өткен күрделі келіссөздердің нәтижесінде
1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылды.
Еуропалық валюта жүйесі — ұлттық валюталардың экономикалық интеграция
шеңберінде қызмет етуімен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын
көрсететін халықаралық (аймақтық) валюта жүйесі.
Еуропалық валюта жүйесі үш элементтен тұрады: 1) ЭКЮ — Еуропалық
Валюта жүйесінің негізі; 2) валюта курстары мен интервенцияларының
механизмі; 3) валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын кредиттеу
(несиелеу) механизмі.
Еуропалық валюта жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:
— Еуропалық Одақ елдері ішінде сенімді валюталық тұрақтылықты орнату;
— тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі элементі болу;
— экономикалық даму процестерінің байланысын нығайтып, еуропалық
ынтымақтастыққа жаңа еркін беру;
— халықаралық экономикалық және валюталық қатынастарға тұрақтандырушы
фактор ретінде әсер ету.
Еуропалық валюта жүйесінің атқарушы механизмі ЭКЮ-ді қалыптастыру және
реттелетін жүйе арқылы жүзеге асады.
Еуропалық валюта жүйесі валюталық резервтердің Одаққа мүше елдердің
бәріне бірдей ортақ болуына кепілдік береді. Еуропалық валюта жүйесінің
қызмет етуі және дамуы “Делор жоспары" дегенмен тығыз байланысты.
Еуропалық Одақтың көрнекті қайраткері Ж. Делор Еуропа валюталарын
біріктіру жөнінде үш сатылы жоспар ұсынды. 1) Еуропалық Одақтың жекелеген
елдері арасында үйлестірілген экономикалық және валюталық саясатты жүзеге
асыру; 2) Еуропалық Одақтың орталық банкісін құру; 3) ұлттық валюталарды
Еуропалық Одақтың ортақ валютасына ауыстыру.
1990 жылы Еуропалық валюта жүйесіне қатысушы елдер қатарына Англия,
Испания, Португалия қосылды. 1991 жылы біртұтас Еуропалық экономикалық
кеңістік құру жөніндегі Маастрихт келісіміне қол қойылды. Осы келісімге
сәйкес Еуропалық Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары валюталық Одақ
құруды құптады.
Батыс Еуропа елдері валюталары курсының тербелуін реттеу мақсатында
құрылған Еуропалық валюта жүйесі 15 жыл бойына өзіне жүктелген қызметті
ойдағыдай атқарды. Дегенмен 1992 жылдың күзінен бастап бұл жүйе жүрісінен
жаңылды. 1992 жылдың қыркүйегінде Еуропалық валюта жүйесінен ағылшынның
фунты бөлініп шықты, испандық песет пен портуталиялық эскудо девальвацияға
(құнсыздануға) ұшырады. Бұл оқиғалардың басты себептерінің бірі аталған
елдердің орталық банктерінің биржалық алыпсатарлардың валюталарды
құнсыздандыру мақсатындағы әрекеттеріне тосқауыл болуға қабілетсіздігі
болды. Осының салдарынан 1993 жылы Еуропалық Валюта жүйесіне енетін сегіз
ақша бірліктерінің бесеуі (Францияның және Бельгияның франкі, даниялық
крона, жоғарыда көрсетілген песет пен эскудо) солар үшін белгіленген
курстың ең төменгі деңгейіне дейін құлдырады. Өз кезегінде бұл елдердің
Орталық банктері өз валюталарының курсын жасанды түрде қолдаудан бас
тартты. Аталған валюталар белгіленген курстан 15%-ке ауытқу мүмкіндігіне ие
болды. Орталық банктер өз кезегінде айырбас курсын тұрақты түрде жоғары
деңгейде ұстап тұру үшін қажет болған есеп ставкаларын төмендетуге
өкілеттік алды.
Маастрихт келісімдеріне сәйкес Еуропалық Одақ мемлекеттерінің ұлттық
валюталары курсының бір-біріне қатысты түпкілікті орнығуы 90-жылдардың соңы
болады деп ұйғарылды. Бұл процестің өзі үш кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең 1998 жылы басталады. Бұл уақытта валюталық Одаққа
қабылдау критерилеріне сай келетін елдер анықталады. Маастрихт келісімі
белгіленген критерилер қатарына инфляция деңгейі, мемлекеттік бюджеттің
тапшылығы (3 проценттен артпауы тиіс), есептеу ставкасы, ұлттық валютаның
тұрақтылығы жатады. Осы критерилерге сай келген мемлекеттер бірінші топтың
құрамына кіріп, валюталық одақтың алғашқы мүшелері болады. Әзірше бұл
критерийлерге Алмания, Люксембург, Ирландия және Австрия сай келіп тұр.
1998 жылдың соңына дейін Орталық еуропалық банк құрылады да, одан әрі
еуропалық орталық банктер жүйесі жасала бастайды.
Екінші кезеңде (1999—2001 ж. ж.) Еуропалық Орталық банк, алғашқы қадам
ретінде валюта айырбасы операцияларында бірыңғай валютаны пайдаланатын
болады. Коммерциялық банктер мен қаржы ұйымдары да валюталық рыноктарда осы
жолды ұстанатын болады. Екінші кезеңнің келесі адамы (2002—2003 ж. ж.)
ұлттық ақшаларды жаңа еуропалық ақша бірлігі — ЕУРО-ға алмастырады. Жаңа,
бірыңғай валюта айналымға түседі. Алғашқы кезде (6 ай ішінде) жаңа валюта
ұлттық валютамен бірдей айналымда болады. Көрсетілген уақыттың соңына қарай
ұлттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz