ӘЛЕМДІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.

ТАҚЫРЫБЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ.

ОҚЫТУШЫ:

Адилова Ж. Г.

СТУДЕНТ:

Камелова Д.

МАМАНДЫҒЫ:

ЭКОНОМИСТ.

ТОБЫ:

ОБ ММ 01 К1

ЖОСПАР

Кіріспе3

1 Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы5

1. 1 Валюталық жүйенің эволюциясы5

1. 2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері14

2 Валюталық жүйенің негізгі сипаттамасы23

2. 1. Валюталық курс валюталық жүйенің негізгі реттеушісі23

2. 2 Валютаның конвертациясына өтудің әлемдік тәжірибесі26

Қорытынды30

Пайдаланылған әдебиет:31

Кіріспе

Әр елдің өз ақша бірлігі бар. Ол айырбас немесе төлем құралы, құнды сақтау құралы ретінде қызмет етеді. Мұндай түрде ақша тек ішкі емес, сыртқы нарықта да ұлттық валюта түрінде көрінеді. Бірақ, ұлттық валюта қанша болса, егеменді мемлекеттердің саны да сонша. Демек, оқшауланған құрылым, проценттік мөлшерлеме, валюталық курстың режимі, валюталық паритет т. с. с. осындай мөлшерде бар. Осылардың барлығы халықаралық валюталық нарықта көрініс табады.

Сыртқы экономикалық қатынастардың дамуы ерекше құралды талап етеді. Осы құрал арқылы халықаралық нарықта қызмет ететін субъектілер бір-бірімен тар арақатынасқа түсуге мүмікндігі бар. Мұндай құрал - шетел валютасын айырбастаумен байланысты банктік операциялар болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастардың өлшемін талап еткендіктен, шетел валютаның банктік жүйесінде негізгі элемент айырбасталатын валюталық курс болып табылады.

Валюталық курстың халықаралық экономикалық қатынастарды реттеуде маңызды роль атқаратындығы курстық жұмыстың өзектілігіне арқау болды.

Жұмыстың басты мақсаты валюталық жүйенің типтерін, элементтерін, эволюциялық этаптарын ашып көрсету және осы орайда валюталық реттеуге көңіл бөлу. Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:

♦ Валюталық жүйемен валюталық курстың теориялық аспектілерін ашып көрсету.

♦ валюталық нарық инфрақұрлымын валюталық жүйені дамытудағы басты тетігі ретінде қарастыру.

♦ Валюталық курсқа валюталық жүйенің негізгі реттеушісі ретінде көңіл бөлу.

♦ Валюталық тәуекелдерді төмендетуге валюталық реттеудің қажеттілігін анықтау.

♦ Валютаның конвертациялануына өтудің әлемдік тәжірибесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының рейтингісін көтеру мәселесін алға қою.

Курстық жұмыстың әдістемелік негізі:

  1. Қазқстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы заңы». 24. 12. 1996 ж.
  2. Қазақстан Республикасында валютылық операцияларды жүргізу туралы ережесі. ұлттық Банктің басқармасының қаулысымен бекітілген.
  3. Қазақстан Республикасының ұлттық Банктің валюталық реттеу және қадағалау басқармасы туралы қаулысын ұлттық Банктің директорлар кеңесімен бекітілген. 16. 03. 2000 ж.
  4. Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасын айырбастау операциялары бойынша ережесі. ұлттық Банктің басқарма қаулысымен бекітілген. 15. 11. 1999 ж.

1 Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы

1. 1 Валюталық жүйенің эволюциясы

Валюталық жүйенің даму заңдылықтары ұдайы өндірістік критериймен анықталады, ұлттық және әлемдік шаруашылықтардың дамуының негізгі этаптарын сипаттайды. Бұл критерийдің көрінісі әлемдік валюталық жүйе принциптерінің әлемдік шаруашылық құрылымындағы өзгерістерге периодты түрде сай келмейтіндігінде және оның негізгі орталықтары арасындағы күштің таралуында байқалады. Осыған байланысты периодты түрде әлемдік валюталық жүйенің дағдарысы болып отырады. Бұл, яғни әлемдік валюталық жүйе дағдарысы - валюталық қарама-қайшылықтардың жарылысы, әлемдік валюталық механизмнің ұйымдастырылуының құрылымдық принциптерінің өзгерген өндіріс жағдайларына, әлемдік саудаға және әлемдегі күштердің арақатынасына сәйкес келмеуінен оның функциясының күрт бұзылуы. Бұл түсінік әлемдегі ең алғаш валюталық жүйенің - алтын монометализмінің - дағдарысқа ұшырауынан кейін қалыптасқан. Периодтты дағдарыстар тарихта ұзақ-ұзақ уақытқа созылған: алтынмонеталық стандарт дағдарысы 10 жылдай уақытқа созылған (1913-1922 жж. ), Генуэздік валюталық жүйенің дағдарысы - 8 жылға (1929-1936 жж. ), Бреттон-вудстік - 10 жыл (1967-1976 жж. ) .

Әлемдік валюталық жүйенің дағдарысы кезінде оның құрылымдық принциптерінің іс-әрекеті бұзылады, және валюталық қарама-айшылықтар күрт туындайды. Әлемдік валюталық жүйенің периодтық дағдарыстардың негізінде оның құрылымдық принциптерінің әлемдегі күштер ара-қатынасына және өзгерген жағдайларға бейімделуі жатыр. Валюталық дағдарыспен байланысты күшті жарқылдар ман драматикалық жағдайлар ұдайы өндіріске әсерінсіз ұзақ жалғаса алмайды. Осыған байланысты валюталық дағдарыстың және өткір формаларын жеңілдету мақсатында әртүрлі амалдар қолданылады.

Әлемдік валюталық жүйенің дағдарысы ескі жүйенің сынуымен және оны жаңа салыстырмалы валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететіні мен алмастыруымен сипатталады. Жаңа әлемдік валюталық жүйені құру мынадай негізгі үш этаптан тұрады:

  • алғышарттардың туындауы, құрылуы, жаңа жүйе принциптерін анықтау; осымен қатар ескі жүйемен байланысы сақталады;
  • құрылымдық бірегейліктің қалыптасуы, құралудың аяқталуы, жаңа жүйенің принциптерінің біртіндеп іске қосыла бастауы;
  • аяқталған тұтастық пен элементтерінің арасындағы органикалық байланысы базасында жаңа толық шеңді қызмет ететін жаңа валюталық жүйенің қалыптасуы.

Осының артынан, жекелеген мемлекеттердің валюталық-экономикалық жағдайы жақсара басталатын, ал әлемдік валюталық жүйе экономика талаптары мен қажеттіліктеріне белгілі шектерде сәйкес келетін және алдыңғы державалар мүддесіне салыстырмалы тиімділікпен қызмет ететін кезеңдер басталады.

Осылай Париждік, Генуэздік және Бреттонвудстік валюталық жүйелердің алғашқы кездерінде болған.

Локальді валюталық дағдарыстар тіпті жалпы әлемдік валюталық жүйенің салыстырмалы тұрақтылық жағдайында да жеклеген мемлекеттерді немесе мемлекеттер топтастығын жаралайды. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияда, Ұлыбританияда, Италияда және басқа да елдерде периодты түрде локалді валюталық дағдарыстар болып тұрған.

Әдетте дағдарыстар екіге: экономикалық дағдарыс көрінісі ретінде - циклдық валюталық дағдарыс және басқа факторлардан туындаған, яғни төлем балансының тұрақсыздығынан, әдеттен тыс жағдайлардан арнайы валюталық дағдарыс болып бөлінеді. Алтын стандарты кезінде валюталық дағдарыстар әдетте соғыс немесе циклдық экономикалық дағдарыстар кезінде орын алған, алайда, ол дағдарыстар осқыр формаларға жете қоймайтын-ды. Төлем балансының кемшіліктерін түзету сол кезеңдерде алтын стандартының стихиялық механизмі арқылы жүзеге асып отырған, ал валюталардың ауытқуы алтын нүктелерімен реттеліп отырған. ХХ ғасырдағы экономикалық дамуының циклдығының өзгеруі себебінен циклдық және арнайы валюталық дағдарыстар арасындағы айырмашылық біртіндеп азая бастайды.

Валюталық дағдарыс пен ұдайы өндіріс арасында тура байланыс бар, өйткені, дағдарыс себептері ұдайы өндірістің қарама-қайшылықтарында туындайды, және ол екеуінің арасында валюталық сферадағы шайқалыстың әлеуметтік-экономикалық нәтижесінде байқалатын кері байланыс бар. Валюталық дағдарыстар периодты түрде үстем елдердің алғы ұлттық компанияларын байтуға бағытталған валюталық соғысына айналып отыратын валюталық қарама-қайшылықтармен қатар жүреді.

ӘЛЕМДІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Критери-Лар:

Критери-

Лар

Париждік валюта-лық жүйе1867 ж. бастап.:

Париждік валюта-

лық жүйе

1867 ж. бастап.

Генуэздік валюта-лық жүйе1922 жбастап.:

Генуэздік валюта-

лық жүйе

1922 ж

бастап.

Бреттон-Вудстік валюта-лық жүйе1944 жбастап.:

Бреттон-

Вудстік валюта-

лық жүйе

1944 ж

бастап.

Ямайка-лық валюта-лық жүйе(1976-78):

Ямайка-

лық валюта-

лық жүйе

(1976-78)

Еуропа-лық валюта-лық жүйе(аймақ-тық) 1979:

Еуропа-

лық валюта-

лық жүйе

(аймақ-

тық) 1979

Критери-Лар: 1. База
Париждік валюта-лық жүйе1867 ж. бастап.: Алтынмо-неталық стандарт
Генуэздік валюта-лық жүйе1922 жбастап.: Алтын-девиздік стандарт
Бреттон-Вудстік валюта-лық жүйе1944 жбастап.: Алтын-девиздік стандарт
Ямайка-лық валюта-лық жүйе(1976-78):

СДР Стандар-

ты

Еуропа-лық валюта-лық жүйе(аймақ-тық) 1979:

ЭКЮ стандар-

ты

(1979-88) ;

Еуро

(1999 ж)

Критери-Лар: Алтынды әлемдік ақша ретінде пайд-у
Париждік валюта-лық жүйе1867 ж. бастап.:

Алтын

Алтын

-төлем

ретінде.

лардың

конветац

Генуэздік валюта-лық жүйе1922 жбастап.:

пари

резервтік

құралы

Валюта-

Алтынға

Иясы

Бреттон-Вудстік валюта-лық жүйе1944 жбастап.:

Теті

АҚШ долларының алтынға ресми бағамен конвер-сы

Ямайка-лық валюта-лық жүйе(1976-78):

Алтын-

ның ресми демонетизация-

сы

Еуропа-лық валюта-лық жүйе(аймақ-тық) 1979: Алтынды ЭКЮ ды жартылай қамтамасыз етуге пайд-у, Алтын резервтерін нарықтық бағамен қайта бағалау
Критери-Лар: 3. Валю-талық курс режимі
Париждік валюта-лық жүйе1867 ж. бастап.:

Алтын нүктелері айнала-сында еркін қалқыма-

лы курс

Генуэздік валюта-лық жүйе1922 жбастап.:

Алтын нүктелері-

Сіз еркін қалқымалы курс

(30-шы

жылдан)

Бреттон-Вудстік валюта-лық жүйе1944 жбастап.: Тұрақты паритеттер және курстар.
Ямайка-лық валюта-лық жүйе(1976-78): Валюта режимін таңдау еркіндігі
Еуропа-лық валюта-лық жүйе(аймақ-тық) 1979:

Біріккен еркін қалқымалы курс,

1993/08

бастап

(еуропалық валюталық жылан)

Критери-Лар: 4. Институционалдық құрылым
Париждік валюта-лық жүйе1867 ж. бастап.: Конференция
Генуэздік валюта-лық жүйе1922 жбастап.: Конференция, сұхбат
Бреттон-Вудстік валюта-лық жүйе1944 жбастап.: ХВҚ-мемлекет аралық валюталық реттеу органы
Ямайка-лық валюта-лық жүйе(1976-78): ХВҚ; жоғарғы сұхбат.
Еуропа-лық валюта-лық жүйе(аймақ-тық) 1979:

Еуропалық валталық қауыдастығының қоры

(1979-98) ;

Еуропалық валюта-лық институт

(1994-98) ;

Еуропалық орталық банк

1998/07 бастап.

Валюталық дағдарыстар әдетте халықаралық валюталық қатынастардың тұрақсыздығымен сабақтасып отырады. Олардың табандылығының бұзылуы валюталық курстың тұрақсыздығымен, алтын-валюталық қорлардың қайта орналастырылуымен, валюталық шектеулермен, халықаралық валюталық өтімділіктің нашарлауымен және валюталық қарама-қайшылықтармен сипатталады. Алайда, бұл валюта курсының үздіксіз құлауы емес немесе валюталық шектеулердің күшеюі деген мағна бермейді.

Әлемдік валюталық жүйенің эволюциясы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуы мен оның қажеттіліктерімен, әлемдегі күштердің қалыптасуымен анықталады.

1. Алтынмонеталықтан (Париждік валюталық жүйеден) алтын-девиздік стандартқа (Генуэздік валюталық жүйеге) көшу

Алғашқы әлемдік валюталық жүйе стихиялық түрде ХІХ ғ. өндірістік революциядан кейін алтын монометализмі базасында алтынмонеталық стандарт формасында қалыптасқан. Заңды түрде ол 1867 жылы Париждік конференцияда мемлекетаралық келісіммен бекітіліп, алтынды әлемдік ақшаның жалғыз формасы етті. Алтын ақшаның барлық функцияларын атқарған кезеңдерде, ақша және валюталық саясаттар - ұлттық және әлемдігі - тең болатын.

Париждік валюталық жүйе келесі құрылымдық принциптерге негізделген болатын:

Оның негізі болып алтынмонеталық стандарт саналған.

Әр валютаның алтындық үлесі болатын (Ұлыбританияда - 1816 жылдан, АҚШ-та - 1837 жылдан, Германияда - 1875 жылдан, Францияда - 1878 жылдан, Ресейде - 1895 жылдан бастап. ) Алтындық құрамына сәйкес алтын паритеттері құралатын. Валюталар алтынға еркін ковертацияланатын. Алтын жалпымен мойындалған әлемдік ақша ретінде пайдаланылған.

Тек алтын нүктелерінің шеңінде ауытқитын, нарықтық сұраныс пен ұсынысқа негізделген валюталардың еркін өзгермелі курс режимі қалыптасады. Егер валютаның нарықтық курсы паритеттен төмен құласа, онда қарыз алушылар халықаралық міндеттемелер бойынша шетел валютасынан гөрі алтынмен есептескенді тиімдірек көрген.

Алтын стандарты белгілі дәрежеде өндірістің, сыртқы экономкалық байланыстардың, ақша айналымының, төлем балансының, халықаралық төлемдердің стихиялық реттеушісі ролін атқарған. Алтынмонеталық стандарт валюталық курс пен төлем балансын нарықтық реттеу механизмі істеген кезеңде, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы түрде тиімді болған. Төлем балансының тапшылығы бар елдер дефляциялық саясат жүргізулеріне, алтынды шетелге құюда ақша массасын шектеп отыруына тура келген. Алайда, Ұлыбритания төлем балансының тұрақты тапшылығына (1890-1913 жж. ) қарамастан капиталдың нетто-ағымын басынан кешірмеген. Жүз жылдай уақыт бойы, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін тек АҚШ доллары мен австриялық талер ғана девальвацияға үшыраған, ал фунт стерлинг пен француз франкінің алтындық құрамы 1815-1914 жылдары өзгеріссіз қалған. Фунт стерлингтің халықаралық төлемдердегі басым ролін пайдаланып (80% 1913 жылы), Ұлыбритания ұлттық валютасының төлем баланстық тапшылығын жауып отырған.

Алтын бұрыннан-ақ елдің халықаралық есеп айырысу балансның тек пассивті сальдосын жабуға қолданылатын. ХІХ ғасырдың соңына таман ақша массасындағы алтынның үлесі азая бастайды (АҚШ-та, Францияда, Ұлыбританияда 1872жылғы 28%-тен 1913 жылғы 10%-ке дейін. ) . Айналмалы несиелік ақшалар алтынды ығыстыра бастайды. Алтынның реттеуші механизмі дағдарыстық кезеңдерден бастап (1825, 1836-1839, 1847, 1855, 1857жж. және т. б. ) іске аспай қалады. Валюталық курсты дефляциялық, бағаны төмендету және жұмыссыздықты өсіру саясаттары арқылы реттеу жұмысшыларға қарсы айналып, көптеген әлеуметтік драммалардың себепшісі болған.

Біртіндеп алтын стандарты (алтынмонеталық формада) өз күшін жоғалтады, себебі, өскен шаруашылық байланыстарының масштабына және реттелмелі нарықтық экономикаға сай келмеген. Бірінші дүниежүзілік соғыс әлемдік валюта жүйесінің дағдарысы белгісімен сабақтасты. Алтынмонеталық стандарт ақша және валюта жүйесі ретінде функциясын толық тоқтатады.

Соғыстық шығындарды қаржыландыруда (208 млрд соғысқа дейінгі долл. ) салықтар, займдар және инфляциямен бір қатарда алтын да әлемдік ақша ретінде қолданылған. Валюталық шектеулер енгізілге бастайды. Валюталық курс міндетті түрде орнатылатын болғандықтан шынайы курсқа сәйкес келмеді. Соғыс басталысымен соғысушы елдердің орталық банктері валюталарын алтынға алмастыруды тоқтатып, соғыс шығынстарын жабу мақсатында банкноталар эмиссиясын арттыра бастады. 1920 жылға таман фунт стерлинг АҚШ долларына қатысты - 1/3, француз франкі мен италиян лирасына қарсы - 2/3, неміс маркасына қарсы - 96%-ға құлдырайды. Бұған тура себепші болған соғыс және соғыстан кейінгі күйреу еді.

Соғыс кезеңіндегі валюталық хаостан кейін әлемдік валюталық жүйеде алтынға және оған конвертацияланатын валюталарға негізделген алтын девиздік стандарт орнаған еді. Халықаралық төлемдерде пайдаланылатын шетел валюталарындағы төлем құралдарын девиз деп атайтын болды. Екінші әлемдік валюталық жүйе 1922 жылы Генуэздік халықаралық экономикалық конференцияда заңды түрде рәсімделіп, мемлекетаралық келісіммен бекітілген еді.

Генуэздік валюталық жүйе келесі принциптер негізінде қызмет еткен:

Оның негізі болып алтын мен девиз - шетел валюталары саналған. Сол кезеңде алтын-девиздік стандарт 30 мемлекетте қабылданған еді. Ұлттық несие ақшалары халықаралық төлеме-резервтік құрал ретінде пайдаланыла бастайды. Алайда, соғысаралық кезеңде резервтік валюта статусы еш валютаға тағылмаған еді, ал фунт стерлинг пен АҚШ доллары осы саладағы лидерлік беделдерін таласқа салумен болған-ды.

Алтын паритеттері сақталған еді. Алтынға валюталардың конверсиясы ендігі жерде тек тура жолмен емес (АҚШ, Ұлыбритания, Франция), сонымен қатар, жанама түрде, шетел валюталары (Германия және тағы 30-ға жуық елдер) арқылы да жүргізіле бастады.

Валюта курстарының еркін ауытқитын режимі қалпына келтірілген еді.

Валюталық реттеу белсенді валюталық саясат түрінде, халықаралық конференцияларда, сұхбаттарда жүргізіле бастады.

1922-1928 жылдары біршама валюталық тұрақтылық байқалған еді, бірақ оның тұрақсыздығы мыналарда еді:

алтынмонеталық стандарт орнына ақша және валюта жүйелерінде алтын монометализімінің қиындылары орын алған еді;

валюталардың тұрақтану процесі бірнеше жылға созылып, валюталық соғыстарды тудырды;

валюталық тұрақтандыру әдістері оның әлсіздігін байқата бастады. Көп елдерде девальвация жүргізілген еді, Германия, Австрия, Польша және Венгрия елдерінде ол нуллификациялық сипатта еді. Француз франкі 1928 жылы 80%-ке девальвацияланған еді. Тек Ұлыбританияда ғана 1925 жылғы ревальвация нәтижесінде фунт стерлингтің соғысқа дейінгі алтындық үлесі қалпына келген еді;

валюталық тұрақтандыру шетелдік несиелер арқылы жүргізілген еді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция біршама елдердің ауыр валюталық-экономикалық жағдайларын пайдаланып өте тиімсіз және ауыр шартты мемлекетаралық займдарды береді. Германияға, Австрияға, Польшаға және басқа да елдерге берілген осындай займдардың бір шарты олардың валюталық саясатын басқарып отыратын шетелдік эксперттерді тағайындау еді.

Дамудың әр елде әртүрлігі заңына сәйкес соғыстың нәтижесінде валюта-қаржылық орталық Батыс Еуропадан АҚШ-қа көшеді. Бұл біршама себептерге негізделген еді:

АҚШ-тың валюталық-экономикалық мүмкіншілігі айтарлытай артты. Нью-Йорк әлемдік қаржы орталығына айналды, капитал экспорты өсті. АҚШ көптеген елдердің сауда серігіне айналды;

АҚШ қарызд алушыдан несие берушіге айналды. Сыртқы несиелік сальдосы бойынша ол таза қарыз беруші болды - талаптары 7 млрд долларға жетті;

ресми алтын резервтерінің қайта орналастырылуы орын алды. АҚШ-қа келген таза алтын ағымы 2, 3 млрд доллар құрады, 1924 жылы капиталистік елдердің алтын қорларының 46% -3-та шоғырланған болып шықты;

АҚШ алтынмонеталық стандартты сақтап қалған жалғыз ғана ел еді, сол себепті доллар курсы шетелдік валюталарға қарсы 10-90%-ке өсті.

Құрама Штаттар доллар гегемониясы үшін кең масштабты күрес жүргізеді, алайда ол резервтік валюта статусын тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алады.

Валюталық тұрақтылық 30 жылдардағы әлемдік дағдарыспен бұзылған еді. 1929-1936 жж. валюталық дағдарыстың негізгі айырмашылықтары мынадай еді:

циклдық сипаты. Валюталық дағдарыс әлемдік және ақша-несиелік дағдарыспен сабақтасып кетеді;

құрылымдық сипаты: әлемдік валюталық жүйенің принциптері - алтын-девиздік стандарт принциптері - құлдырады;

созылу ұзақтығы, 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін;

айырықша тереңдігі мен өткірлігі: біршама елдердің валюталарының курсы 50-90%-ке құлдырады. Алтынның артынан қуушылық жеке тезаврацияның өсуін және ресми алтын қорларының қайта орналасуын тудырды. Шетелдік қарыздарлардың жаппай банкроттыққа ұшырауы мен 25 елдің сыртқы қарыздарынан бас тартуы халықаралық несиенің, әсіресе ұзақмерзімдік несиенің қозғалысын мүлдем тоқтатты. Спекулятивтік жоғары пайда немесе сенімді орын табу мақсатында бір елден екінші елде стихиялық түрде қозғалып жүрген «қызу ақшалар» қалыптасады. Олардың келіп құйылуы мен кетуі күтпеген жерден жүргендіктен төлем балансының тұрақсыздығы мен валюталық курстардың орасан зор ауытқуларын тудырды;

дамудың тым бірегей болмауы: дағдарыс біресе бір мемлекетті, біресе екінші мемлекетті будандап жатты және ол әртүрлі уақыт пен әртүрлі күшпен өршитін-ді.

Әлемдік валюталық жүйе 1937 жылы тағы да экономикалық дағдарыспен шалдыққан еді. Көптеген елдерде валюталардың құнсыздану толқыны жүріп өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында бірде-бір тұрақты валюта қалмаған еді. Фашистік елдер валюта-қаржылық механизмдерді барынша пайдаланып, соғысқа белсенді түрде дайындалып жатқан. Оған шетелдік несиелер мен инвестициялар келіп жатты, әсіресе, АҚШ пен Ұлыбританиядан. Елдер екінші дүниежүзілік соғысқа тұрақсыз валюталық жүйемен кіреді.

Генуэздік валюталық жүйеден Бреттон-вудстікке көшу

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде валюталық шектеулерді соғысушы елдермен қатар қатыспайтын елдер де енгізген. Валюталардың қатаң ресми курстары соғыс жылдары өзгермеген еді, алайда тауар бағалары өсіп, инфляция салдарынан ақшаның сатып алу мүмкіндігі төмендей берген-ді. Валюталық курс экономикадағы белсенді ролін жоғалтқан болатын. Бұл құбылыс тек валюталық шектеулермен ғана емес, сонымен қатар сыртқы сауданы несиелеу мен қаржыландыру ерекшеліктерімен сипатталды.

Біріншіден, бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде көрінген одақаралық қарыздардың сабағын алған АҚШ енді ондай несиелерді беруді тоқтатып, оның орнына соғыс құралдарымен жабдықтауды ленд-лизинг арқылы, яғни жалға беру арқылы жүзеге асыруды жөн көреді. Жалғыз Ұлыбританияға барлық жал сомасының, яғни 50 млрд доллар қаржының 30 млрд доллар сомасы көлеміндегі жал беріледі, ал КСРО-ға оның бақандай 10 млрд доллары тиеді.

Екіншіден, құралдардың импортын өтеу көзі ұзақмерзімдік несие болған.

Үшіншіден, төлем валютасы ретінде, әдетте, қарыздар елдің валютасы қолданылатын, ал ол валюталардың алтын мен шетел валютасына конверсиялауға хұқы жоқ еді. Осы әдіспен Ұлыбритания шикізат пен азық-түлік үшін бірнеше елдермен, әсіресе тәуелді елдермен есеп айырысатын. Нәтижесінде, Ұлыбританияның басқа елдерге қарызын көрсететін стерлингтік авуарлар жағдайы қалыптасады.

Төртіншіден, соғыс жағдайында, әдеттегідей, алтынның әлемдік ақша ретіндегі маңызы артады. Соғыстық-стратегиялық және тапшылық тауарларын тек осы валюталық металға ғана алуға болатын еді. Сол себепті халықаралық төлемдер жартылай алтынмен жүргізілген еді. Ұлыбритания ленд-лизді ендіргенге дейін 1943 жылы АҚШ-тан келген біршама тауарларды алтынға алған еді, соның салдарынан алтынның біраз қоры АҚШ қазнашылығына көшеді.

Фашистік Германия өзінің бүкіл алтын қорын соғысқа дайындық барысында шығындайды. 1938 жылы Германияда ол 26 т, АҚШ-та 12 мың т, Ұлыбританияда 3, 6 мың т еді. Соғыс басталысымен фашистер 1, 3 мың т алтынды басып алған елдерінің орталық банктерінен тартып алады.

Соғыс жылдары гитлерлік Германия айқын тонаумен қатар басып алған елдерін валюталық-қаржылық жолымен де тонаған:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесі және валюта курсы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ-ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАЙЫНДА
Халықаралық валюталық – қаржылық жүйе
Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар
Валюта нарығы. Валюта курсы және динамикасы
Халықаралық валюта жүйесі туралы ақпарат
ҚР-ның валюта нарығы
Жаңа теңгеге сипаттама
Халықаралық валюталық операциялар
Валюта нарығының дамуы және оның тарихи аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz