ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА. 6
1.1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы. 6
1.2 Халықаралық сауданың қазіргі кездегі құрылымы мен саясаты 13
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МАҢЫЗЫ 18
2.1 Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың ролі мен орны 18
2.2 Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауданың құрылымы 23
ҚОРЫТЫНДЫ 26
Қолданылған әдебиеттер 29
КІРІСПЕ
20 ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай
ерекшеліктерінің бірі – халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі
қарқынды дамуы.
Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың сондай-ақ мемлекеттер арасындағы
екі жақты немесе көп жақты қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең
тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер сыртқы сауданың
тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономиканың
мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың
жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді.
Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі,
қайшылықты, диалектикалық қөзғалыс, құбылыстарға толы процестер.
Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ", "қара" деп жіктеп, оған
"капитализм", " социализм" сияқты атты айдар тағушылықпен қоса
жасанды антоганизмдерде келмеске кетті. Біздің заманымыз өзара байланысты,
экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем.
Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық
байланыстардың маңызы зор.
Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес үкіметі тұсында сыртқы саудаға
қатыса алмады. Ал қазір өзінің егемендігін алғаннан кейін ол сыртқы
саудадағы ролін арттыруға мақсат етіп, оны жан-жақты қамтып отыр.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудын
қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту
қажеттігімен айқындалады.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде - тарихи өлшеммен алғанда қас қағым
ғана уақыт аралығында елде де әлемде де үлкен өзгерістер болды. Елде
нарықтық шаруашылық жүйесіне өтуге бағытталған күрделі экономикалық реформа
жүзеге асырылып жатыр. Жана бағытта қиындықтар мен қайшылықтар жеткілікті
болатынына қарамастан, реформа жаңа экономикалық жүйенің негізін қалады.
Бұл жетістік болашақта халықтың әл- аухатын көтеруге үміт сенімін
ұлғайтумен қатар, еліміздің экономикалық жүйесін әлемдік экономикамен
үйлестіруге алып келеді. Мұның өзі республика муддесіне халықаралық еңбек
бөлісудің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Республикамыз
жылдан жылға дербес экономикалық саясатты сенімді түрде жүргізіп, сыртқы
экономикалық саясатты өзара тиімді халықаралық экономикалық байланыстарды
дамыта жүргізіп келеді.
Осы аз ғана уақытта әлемнің экономикалық құрылымында да көп өзгерістер
болды. Социалистік мемлекеттер блогы ыдырап, сонымен бірге ССРО-ның әскери
күшімен саяси- экономикалық қолдауымен өмір сүрген "әлемдік социалистік
шаруашылық жүйесі" де өмір сүруін тоқтатты. ССРО-ның өзі де тарих
сахынасынан өтті. Оның орныңа жаңа егеменді мемлекеттер ту көтеріп, қазіргі
заманның өте күрделі әлемдік шаруашылық жүйесінен өз орындарын іздеуде. Бұл
окиғалар халықаралық саудаға өз ықпалын тигізді.
Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы халықаралық саудада ең
елеулі орынды алып отыр. Қазақстан ендігі халықаралық сауданы дамыту
жолында, сонымен қатар, Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мақсатында көптеген
еңбектер жұмыстар жасауда және сол бағытта көптеген жолдаулары бар.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудегі
мәселелері қазіргі кезде ең актуалды проблема болып отыр. Өйткені ДСУ-на
кіре отырып Қазақстан қандай жағдайларға ие болады және қандай жеңілдіктер
берілетінін толық біле қойған жоқ. Сондықтан мен осы жұмыссымда қандай да
болсын қиындықтарға кездеспес үшін және экономиканы сол қалпынан түсірмес
үшін не істеу керек екенін айтуға тырыстым.
Осы жазылған жұмысқа келетін болсақ мен өзімнің осы жұмысымның ең
бірінші бөлімін халықаралық саудаға толық анықтама беруге арнадым. Толық
айтатын болсақ;
1-ші бөлім: Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі
халықаралық сауда туралы болып отыр. Мұнда мен Халықаралық сауданың мәні,
маңызы және атқаратын қызметтері туралы айтып өттім. Сонымен қатар
Халықаралық сауданың құрылымы туралы, яғни оның дамыған, дамушы және
дамымаған елдердегі рөлі, олардағы және Қазақстандағы халықаралық
саудадағы ең қарқынды жолмен экспортталатын және импортталатын
тауарлар мен қызметтер туралы жазып көрсеттім.
2-ші бөлім: Қазақстан экономикасындағы халықаралық сауданың маңызы
туралы. Бұл бөлімде мен Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауданың
орны мен ролі және Қазақстан Республикасындағы халықаралық
сауданың құрылымы туралы жаздым. Қысқа түсініктеме беретін болсам осы
бөлім Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауданы дамыту жолдары, оның
қандай қарқынмен дамып келе жатқаны, және Қазақстандағы экспортталатын және
импортталатын тауарлар ерекшелігі мен көлемі, оларды экспорттайтын және
импорттайтын елдер туралы айтылады. Қазақстандағы халықаралық сауданың
орны, яғни қандай орында және экономиканы дамытуда қандай ролі бар екені
туралы айтылады.
3-ші бөлім: Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына
кіруге байланысты мемлекет саясаты туралы. Мұнда Қазақстан Республикасының
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне байланысты жүргізіп
жатқан реформалары мен бағыттары туралы, алға қойған мақсаттары
туралы, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудегі
ішкі жағдайын, яғни ішкі нарықты, халықтың жағдайын жақсартудағы саясаттары
туралы айтылады.
Осы жұмысты оқи отырып қазіргі кездегі халықаралық сауданың жағдайын
біліп сол жағдайларға байланысты жұмыстар жасауға болады.
Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алғалы бері халықаралық
саудада көптеген өзгерістер болды.
Қазақстан Республикасы халықаралық сауданы дамыту мақсатында алдына
көптеген мақсаттар мен міндеттер қойды. Алдындағы міндеттер, алға қойған
мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік
кеністікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары
дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары
технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас
экономиканы қалыптастыру, және т.б. қол жеткізу.
Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың дамуы ежелден келе
жатыр. Оны Жібек жолы бойындағы сауда жолдарының қызметінен көруге болады.
Міне сол уақыттан бері Қазақстандағы халықаралық саудада болып жатқан
өзгерістерді анық көруге болады, яғни ол кезде Қазақстан Республикасы аз
ғана елдермен сауда қатынасына түскен болса, қазіргі кезде Қазақстан
Республикасы 120 елмен халықаралық сауда қатынастарына түсуде. Сонымен
қатар қазір халықаралық сауда қатынастарын жақсарту жөнінен көптеген заңдар
мен жолдаулар қолданылуда, яғни халықаралық сауда саясатын белгілі бір
жүйеде жүргізуге бағытталған .
Халықаралық сауданы реттеп оның еркін дамуы жолындағы кедергілерді
шешуге бағытталған саясаттар жүргізілуде. Олар протекционизм мен еркін
сауда саясаттары болып табылады. Осы саясаттар көмегімен ел өз
өндірушілерін сыртқы тауарлардан қорғау үшін және өндірушілерді ынталандыру
үшін, халықтың жағдайын жақсарту үшін, экспорт пен импортты тұрақтандыру
үшін қолданады.
Осы жұмысты оқи отырып сізде өздерінізге қажетті өте көп жаналықтарды
ашарсыздар деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес қызмет атқара
отырып ел өзінің жағдайын барлық елдер арасында жақсарта алады. Осы
көрсетілген бағыттарға байланысты жұмыс атқара отырып Қазақстан
Республикасы өзінің жағдайын дамушы елдер қатарына дейін көтере алады және
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына ене отырып барлық кедергілерден қиындықсыз өте
алуына жағдай жасалады.
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА.
1.1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған
нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзі елдерінің барлығы үшін сыртқы
сауданың рөлі ерекше маңызды. Американ ғалымы Сакстың пікірінше, "қандай да
бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты.
Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып ешқандай ел дені сау, жөні түзу
экономика жасай алмайды". (1, 27 б.)
Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар
өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың
өзара экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми техникалық прогрестін ықпалымен экономикада жүріп жатқан
құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы
ұлттық шаруашылықтардың қарым- қатынасын күшейтеді. 20 ғасырдың екінші
жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен дамып келеді.
Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:
1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдандырудың
дамуы;
2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды
жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;
3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді
қызметі;
4. тарифтер сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық
сауданың реттелуі;
5. Көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып кеден бажының
төмендеп еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6. Сауда экономикалық интеграция процестері дамып жалпыға бірдей
рыноктардың қалыптасуы;
7. Сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар жаңа индустриялды
елдердің пайда болуы; (1 ,28 б.)
Халықаралық сауда- дүние жүзі елдері арасындағы төлемді жиынтық тауар
айналымы.
Халықаралық сауда - халықаралық тауар ақша қатынастарының сферасы, ол
әр түрлі елдердің сатушылары мен сатып алушылары арасында жүреді.
Халықаралық сауда әлемнің барлық елдерінің сыртқы саудасының жиынтығы болып
табылады. (2. 80 б.)
Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын қарастыру қажет.
Халықаралық сауданың формалары:
1 Аукциондар және аукциондық сауда;
2 Биржалық сауда;
3 Халықаралық көрмелер мен жәрменкелер;
4 Машиналар мен құрал- жабдықтар арендасы;
5 Қарама- қарсы сауда;
6 Шекаралық сауда;
Аукциондық сауда - нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда
табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып
алушылардың төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғарғы денгейіне дейін
көтеріледі. (1. 42 б.)
Аукциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға
жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте
көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы
сатушы мен сатып алушыға қолайлы жағдай жасайды.
Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар
массаларын қатыстырады, осының нәтижесінде шикізаттың жекелеген түрлері
бойынша тұрақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.
Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға
айналдырды, ең алғашқылары 17 ғасырда Еуропада пайда болды.
Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке
кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың
гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі
кезде 60 түрі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао
сияқты ауылшаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге
оларда шикізат саудасының 20%- ке жуығы іске асырылады. Биржалық емес
саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде бейнеленеді.
Сонымен, биржалық сауда - биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы
қағаздардың сатылуы. (1. 44 б.)
Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар
келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше түрі бар:
1 тауар биржасы;
2 қор биржасы;
3 еңбек биржасы;
4 валюта биржасы.
Тауар биржасы- сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі
бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан нарықты қамтамасыз ететін
сауда.
Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бұл тауарлардың
бар екенін олардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәләндырылады.
Қор биржасы- таза іскерлік принципінде жұмыс істейді.
Валюта биржасы- бұл валюта нарығы.
Еңбек биржасы- жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер
арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер - тауар үлгілерін көрсету нарығы,
бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контрактілерге қол қойылады. (1.
45 б.)
Жәрмеңке- бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын- оқтын өтіп тұратын
нарықтың түрі.
Машиналар мен жабдықтардың арендасы.
Аренда - бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұнда жалға
беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын,
кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес
шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті
ақысын төлетіп, иеленуге және пайдалануға береді.
Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рұқсат беріледі және
мүлік жөніңде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.
Жалға берушілер- меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті
орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.
Жалгер - заңды құқықтық мекемелер және кәсіпорындар, шетелдік
мемлекеттер, халықаралық ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен
бірлестіктер және т.б.
Халықаралық саудада аренданың үш түрі қолданылады:
1. Лизинг- ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге дейін)
2. Хайринг- орта мерзімдік аренда (бірнеше айдан 1 жылға дейінгі
мерзімге)
3. Рейтинг- қысқа мерзімдік аренда (бірнеше күннен бірнеше айға
дейінгі мерзімге)
Қарама -қарсы сауда- экспортталған тауардың жартылай немесе толық
құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы туралы қарсы
міндеттемесі. (12. 283 б.)
Қарама -қарсы сауданың бірнеше түрлері бар:
1 Бартерлік келісімдер
2 Қарама- қарсы сатып алу келісімдері
3 Клирингтік келісімдер
4 Лицензиялық келісімдер
5 Компенсациялық келісімдер
Шекаралық сауда - сауда, төлем және жыл сайынғы қарар туралы
келісімнің негізінде көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарының сауда
ұйымдары мен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауар алмасу түрі.
Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық
сауда ерекше орын алады.
Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық
қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде
шетелдік инвестициялау халықаралық экономикалық қатынастардың жетекші
формасы болып саналады.
Осыған қарамастан халықаралық сауда өзінің масштабы мен функциялары
бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде маңызды
орынға ие болып отыр, яғни басқаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық
сауда халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы көлемінің 80% үлесін
алып отыр.
Халықаралық сауда - әртүрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы
байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі
негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді. (3. 86
б.)
Ғылыми-техникалық революцияның, өнеркәсіптік өндіріс специализациясы
мен корпорациясы әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық
өзгерістер ұлттық экономикалардын өзара әсерлесуін күшейтеді. (2. 36 б.)
Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы дүниежүзілік нарықты
құрайды.
Дүниежүзілік нарық әлемдегі тауар - ақша қатынастарының даму процесі
кезінде қалыптаса бастады.
Жалпы алғанда дүниежүзілік нарық күрделі түсінік болып табылады.
Бұл түсінікті терең зерттеу үшін оны екі аспектіде қарастыру керек.
- біріншіден, дүниежүзілік нарық абстрактылық түсінік болып табылады,
яғни ол кеңістік аспектіде карастырылады.
- Екіншіден, дүниежүзілік нарық заттық аспектіде карастырылады.
Сыртқы сауда дегеніміз- белгілі бір елдің баска елдермен сауда жасауы.
Сыртқы сауда операцияларының 4 негізгі түрі бар:
1 Экспорттық операциялар - шетке шығару арқылы шетелдік контингентке
тауарды сату;
2 Импорттық операциялар - шеттен әкелу арқылы шетелдік контингенттен
тауарды сатып алу;
3 Реэкспорттық операциялар - бұрын импортталған және қайта
өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату.
4 Реимпорттық операциялар - бұрын экспортталған және қайта
өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу. (2. 38 б.)
Сыртқы сауданың дамуын анықтайтын факторлар:
1 Теңгенің тұрақтылығы
2 Инфляцияның денгейінің төмендеуі
3 Өндірістің құлдырауының тежелуі, макроэкономикалық ахуалдың барынша
тұрақтануы
4 Экспорт өнімдерінің тұрақты түрде ұлғаюы.
Сыртқы саудада негізгі операцияларды бірнеше субьекттер қамтамасыз
етеді. Олар: брокер, дилер. маклер, коммивояжер, комиссионер, бонус,
консорциум және т.б. Осыларға түсініктеме беретін болсақ:
Брокер - сауда делдалы, ол сату-сатып алу келісімдеріне белгілі бір
жақ ретінде қатыспайды, тек ғана қызығушы екі жақ - сатушы және сатып алушы
арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. (1. 48 б.)
Брокер бір реттік тапсырма негізінде және өз клиенттерінің
инструкциялары шегінде әрекет жасайды.
Брокердің негізгі артықшылығы - келіссөз жүргізу барысында брокер өз
клиентінің атын жасыруына яғни конфеденциалдылықты сақтауына болады.
Сондықтан кейбір клиент брокерді делдал өтіп алу себебі - олар өз
операцияларының кең таралмауын, яғни жасырын болуын қамтамасыз етеді.
Брокер делдалдықпен қатар басқа қосымша қызметтерді де көрсетеді,
мысалы, нарықты зерттеу жарнама жөніңдегі ақпараттар несие беру. Брокер
қызметін жеке адамдар, фирмалар мен ұйымдар жүргізеді.
Диллер- өз атынан және өз есебінен тауарларды кайта сатумен
айналысатын жеке тұлға немесе фирма. (1. 49 б.)
Диллердің пайдасы тауарларды сатқан және сатып алған бағалардың
айырмасынан тұрады. Тауарларды өткізу жүйесінде диллер өз қызметінде соңғы
тұтынушыларға жақын болады.
Коммивояжер - бұл сауда өкілеттілігін жүзеге асыратын сауда
кәсіпорынның қызметкері.
Коммивояжер касіпорынмен жедел немесе жедел емес еңбек келісімдері
негізінде әрекет етеді. Коммивояжердің функциясы - белгілі бір аймақта
кәсіпорын тауарларының өткізілуін қамтамасыз ету. Коммивояжер өнімге деген
тапсырысты жинап, сатып алушылыр шеңберін құрады, бұл кезде ол келісім
жасауға өкілетті емес. Ол қызметі үшін коммивояжер не тұрақты еңбек ақы
алады, немесе орындалған тапсырыстар сомасынан алынған процент мөлшерінде
сыйақы алады.
Комиссинер - сауда келісіміндегі делдал; белгілі мөлшердегі сыйлық
үшін, комитент пайдасы үшін соның есебінен, бірақ та өз атынан делдалдық
жасайтын адам. (1. 50 б.)
Тауар нарығында тауарды сату кезінде комиссионер оның меншік иесі бола
алмайды.
Бонус - бұл көрсетілген комиссиялық қызметтер үшін төленетін
комиссиялық сыйақы. Бонус мөлшері сатылған ( айырбасталған немесе сатып
алынған ) тауарлардың құнына қатысты процентпен - анықталады
және мыналарға қатысты өзгеріп отыруы мүмкін;
• Тауарлардың күйіне қатысты;
• Оған деген сұранысқа;
• Сату каналдарына ( дүкен немесе тікелей сату арқылы);
• Комиссиялық келісімдерге деген сұраныс пен ұсыныстың
арақатынасына;
• Комиссионерлер арасындағы бәсеке деңгейіне.
Бонустың нақты мөлшері мен есептеу жолдары комиссиялық келісімдерде
анықталады.
Консорциум - бірнеше банк немесе өнеркәсіп касіпорындарының арасындағы
бірлесіп заемдарды, акцияларды, облигацияларды орналастыру, кең ауқымдағы
каржылық немесе коммерциялық операцияларды жүргізу, ірі өнеркәсіп құрылысын
жүзеге асыру, өнім өндіруді ұлғайту мақсатындағы уақытша келісім. (1. 50
б.)
19 ғасырдың аяғында және 20 ғасырдың басында қосымша пайда табу
мақсатында заемдар мен бағалы қағаздарды тиімді түрде орналастыруды жүзеге
асыратын бірнеше банктердің банкирлер үйінің және қаржыландыру қоғамдарының
бірлестігі түрінде әрекет етті. Қазіргі таңда халықаралық консорциумдар өте
кең түрде дамуда, оларды ірі шаруашылық жобаларды жүзеге асыру мақсатында
касіпорындар кұрған.
Консорциум ұйымы қатысушылар арасындағы келіссөз арқылы ашылады.
Консорциумға кіретін қатысушылар өзінің зандылық және шаруашылық
еркіндігін сақтайды, бірақ консорциум мақсатына қатысты қызмет бөлігінде
олар бірлесе отырып сайланған жетекшіге бағынады.
Консорциум лидері басқа мүшелердің оған берген өкілеттілігі шегінде
әрекет етеді. Халықаралық саудада консорциум тапсырыстарды алуда бірлескен
күрес жүргізу үшін және оларды бірлесе отырып орындау үшін кұрылады.
Консорциум тапсырыс беруші адам алдында бірлескен жауапкершілікте
болады.
Консорциумға қатысушы көп жағдайда өзінің тапсырыстағы 10% үлесі
шегінде мүліктік жауапкершілікте болады, ал қалған сома басқа
қатысушылардың тапсырыстағы үлесі бойынша өзара пропорционалды түрде
бөлінеді.
Сауда үйі- күрделі кұбылыс болып табылады. Сондықтан оның мәнін ашу
үшін ең алдымен оның ерекшеліктері мен негізгі мақсатына тоқталып өту
керек: 1. Ірі сауда үйінің типі, оның негізгі ерекшеліктеріне мыналар
жатады:
• Тауар өндірісі сферасына белсенді түрде енуі;
• Өндіріс кооперациясын ұйымдастыру;
• Несие - каржы операцияларына қатысуы.
Дүние жүзінде қызмет ететін сауда үйлерінің негізгі мақсаттарына
жататындар:
• Делдалдық операцияларды концентрациялау есебінен сыртқы
экономикалық қызметтІ белсенді түрде жүргізу;
• Дүниежүзілік тауар нарықтарының өзгермелі конъюктурасына жедел
түрде жауап қайтару;
• Өндірісті ұйымдастыру және бәсекелестік қабілеті бар тауарларды
өткізу;
• Ұсақ және орташа фирмаларды біріктіру және олардын өткізу қызметін
қаржыландыру;
• Айналым шығындарын, маркетингтік зерттеу және жарнама
кұнын төмендету.
Сауда үйлері акционерлік коғам және жауапкершілігі шектеулі
серіктестік фирмаларында кұрылады. ( 10. 69 б.)
Сауда үйлері және басқа шаруашылық субьектілері арасындағы байланыстын
негізгі формаларына мыналар жатады: агенттік келісімдер; ынтымақтастық
жөніңдегі келісімдер; сату - сатып алу контрактілері; консигнациялық
келісімдер және т.б.
Сауда үйлері өз қызметін белгілі бір тауар тобы шеңберінде шектемейді,
олар тиімділігі және өзара есеп айырсуы бойынша өзара байланысқан
келісімдердің толық кешенін жүзеге асырады.
2. Брокерлік фирма, ол өз есебінен немесе белгілі бір тауарлардың
саудасымен айналысатын өндіруші, тұтынушы немесе басқа тұлғалар есебінен
нақты тауарлар бойынша келісімдер жүргізумен айналысады.
Көптеген сауда үйлері сонымен бірге саудагерлерден тапсырма алады және
фьючерстік биржада өздері келісімдер жүргізеді. (10. 70 б.)
Бас жабдықтаушы - өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және басқа да
обьектілерді салу кезінде технологиялық құрал - жабдықтардың толық
комплексін құрылыс ауданына жеткізіп беретін фирма тапсырыс берушінің
тапсырмасы бойынша, ең басты жеткізуші келісім бойынша жеке машиналарды
жеткізіп беру үшін басқа кәсіпорындарды немесе фирмаларды жұмсайды. Ондай
жеткізушілерді субжабдықтаушылар деп атайды.
Субжабдықтаушылардың тапсырмаларды орындаған - орындамағанына
карамастан, тапсырыс беруші алдында бас жабдықтаушы жауап береді.
Халықаралық сауда әр ел экономикасы үшін маңызды бір элемент деп
айтуымызға болады. Өйткені халықаралық сауданы дамыту үшін ең бірінші ауыл
шаруашылығын, өндірісті, және т.б. дамыту қажет . Ал оларды дамыта отырып
халықаралық аренага шыға алады. Халықаралық сауданың дамуы сонымен қатар
елдер арасындағы достық қатынастарды күшейтуге және елдің экономикасын
жақсартуға ықпал жасайды.
1.2 Халықаралық сауданың қазіргі кездегі құрылымы мен саясаты
Халықаралық сауда - мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы
тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты,бірақ тек 20
ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен
өнеркасібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі
дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму
деңгейіне және олардың табиғи - географиялық жағдайларына сайкес
тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде
көрінеді.(2. 36 б.)
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің
дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрылымына тәуелді. Егер 19 ғасырда
айырбаста көбінесе шикізат, азық - түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана
болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен
жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгі уақытта шикізаттың
дүниежүзілік экспорттағы үлесі 35-тен 13- ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп
бұйымдарының үлесі 23- ке өсті. Кұрастырмалы бұйымдар мен қосымша
бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды; мысалға
машиналардың түйіндерін кұрастыру және басқа да кұрал - жабдықтар мен халық
тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуға болады. (19. 670 б.)
Қазіргі уақытта халықаралық айырбас өрісіне ғылыми - техникалық
жетістіктер айырбасы қосылды (лицензиялар және ноу - хаулар мен сауда
жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10% құрайды.
Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда - саттық жедел өсіп
отыр. Егер 1970 жылы лицензиялардың дуниежүзілік экспорттағы көлемі 2,4 -
2,7 млрд. доллар болса, 80-жылдардын екінші жартысында бұл сан жылына 17
млрд. доллардан асты.
Халықаралық сауда обьектілерінің қатарына қазіргі уақытта жобалау
жұмыстары, лизинг ( жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға алу ), инжиринг
(инженерлік - құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер )
жатады. (6. 43 б.)
Халықаралық саудада жана индустриалды елдер ( Гонконг, Оңтүстік
Корея, Сингапур, Тайвань ) үлкен роль атқара бастады. Бұл елдердің
экспортында өнеркәсіптік тауарлардың алатын орны елеулі және олардың
дүниежүзілік экспорттағы үлесі 1960-1985 жылдары 2 еседен асып түсті.
Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік күресте ұлттық
мүддені қорғаудың әр түрлі мемлекеттік формалары бар.
Әр түрлі елдерде жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген
тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әрбір
қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс - әрекет
атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді.
Халықаралық сауда саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:
1 Халықаралық сауда саясаты;
2 Сыртқы сауда саясаты.
Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама
қабылданған саясат. (З. 88 б.)
Дүниежүзілік сауда ұйымы жүргізеді және ол әлем елдері тарапынан
қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.
Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдерімен сауда
қатынасына бағытталған іс - әрекеті түсіндіріледі.Сыртқы сауда саясатының
мақсаттары:
- осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен
әдісін өзгерту;
- экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
- елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
- экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.
Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:
1 Еркін сауда саясаты
2 Протекционизм
Еркін сауданы ең алғаш А. Смит өзінің "Салыстырмалы артықшылықтар
теориясында" анықтаған. Ол : "айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір
ел одан абсолютті артықшылықтар табады",- деп жазған. (3. 89 б.)
Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей
араласуынан бас тартып рынокқа негізгі реттеуші ролін жүктеуінен
көрінеді.Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекеттерінің бағытына
әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық
субьектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім
шарттарға отырады. Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің
өзара байланыстылығы күшейіп бір-біріне дұшпандық әрекеттерінің мүмкіндігін
төмендетеді.
Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге
халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс
жүзінде , еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде
колданылған жоқ.
Протекционизм отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден
қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен
салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа
шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық
потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы
жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-
әрекеті пайдасыз болуы мумкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан
шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономикалық
тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына
әкелуі мүмкін. (2 .75 б.)
Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына көмектеседі. Аграрлы
елдерде протекционизм көбінесе индустрализацияның қажетті шарты
болады. Одан басқа протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді.
Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына
әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса жергілікті кәсіпкерлердің
техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарлатуға ынтасы төмендейді.
Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде
болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын
тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса импортты қамтамасыз ету деңгейінде
ғана рұқсат етіледі. (4. 47 б.)
Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде
шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін
пайдаланылуда.
Протекционизм саясаты негізінде әрбір дамушы және дамыған ел өзінің
өндірушілерін ынталандыру мақсатында қолданып, басқа елден келетін
тауарларға қарсы тұра отырып экономиканы дамытуға және басқа елдермен
тұрақты түрде қатынас жасауға мүмкіндік алады.
Протекционизм саясатын жүзеге асыру барысында белгілі бір көлемде
кедендік баж салықтары немесе үлкен проценттік қойылым коя отырып жүзеге
асыра алады.
Мамандардың болжауы бойынша 21 ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең
қабілетті елдер саналатыны АҚШ, пен Азиялық мемлекеттер болады.
Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға ұмтылыстары
өнеркасібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылықка
кездеседі.
Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі кұралы болып кедендік
тарифтер саналады.
Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі.
Кедендік баж салығы деп- мемлекеттің шекараны өту кезінде тауарлардың
импорты және экспортына салынатын салығы түсініледі. (6. 45 б.)
Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішкі сұраныс пен әлемдік ұсыныс
көлемінің арақатынасына байланысты болады. Әлемдік ұсынысқа қарағанда аз
сұранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете
алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.
Әлемдік бағаға әсер ете алатын үлкен мемлекет жағдайында баж салығы
импорттаушы елде тауар бағасын жоғарлатып, экспорттаушы елде төмендетеді.
Баға өзгерісінің натижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса,
экспорттаушы елде ұтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып,
импорттаушы елде ұтып, экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салығын
еңгізген ел табыс алады.
Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелен дамып келе жатқан
секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды
тауарлар. (5. 127 б.)
Халықаралық саудада жедел дамып келе жатқан саланың бірі химиялық
өнімдер саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен
шикізат саудасының қарқыны дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен.
Мұның себебі, біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді
ұлғайту; екіншіден, өзін ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз, терең өңдеу
процестерін қолдану. (5. 127 б.)
Дүниежүзілік азық - түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама
азайғаны байқалды. Бұл белгілі дәрежеде өнеркасібі дамыған елдерде азық
-түлікпен қамтамасыз ету денгейінің жоғарылауымен байланысты.
Дүниежүзілік сауданың 90-жылдардың орта шеніңде жедел өсуі АҚШ-тың,
Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуімен байланысты.
Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық
конъюктурасының жақсарғаны да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz