Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі және одағы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1-тарау. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі және одағы Қазақстанның қатысуы мен рөлі5
1. 1 Дүниежүзілік сауданың мәні, түрлері және құрылымы5
1. 2 Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі9
1. 3 Халықаралық тауар айырбасындағы дамушы елдердің орны мен рөлі11
1. 4 Қазақстанның дамушы елдермен экономикалық қатынастарының13
болашағы13
1. 5 Қазақстан және ТМД-ның экономикалық қатынастарының16
болашағы мен мақсаттары16
2-тарау. Қазақстанның халықаралық экономикада қатысуы19
2. 1 Халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның орны19
2. 2 Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі21
IIІ-тарау. Халықаралық ұйымдар және Қазақстан23
3. 1 БҰҰ-ның маманданған мекемелері23
3. 2 Халықаралық қаржы ұйымдары24
3. 3 Орталық Азия Экономикалық кеңістігі25
Қорытынды28
Қолданылған әдебиеттер тізімі29
КІРІСПЕ
XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.
Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалык, қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы - осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.
Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ, қара" деп жіктеп, оған "капитализм", “социализм" атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антагонизмдер де келмеске кетті. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.
Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.
Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Бұл, әрине, мейлінше қолдауға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы. Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдық, заңдық т. б. аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдісамалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде заңды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.
1-тарау. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі және одағы Қазақстанның қатысуы мен рөлі
1. 1 Дүниежүзілік сауданың мәні, түрлері және құрылымы
Мемлекеттер өзара неге сауда жүргізеді? Осыған деген талпыныс жауапты біз экономикалық теория өкілдерінің классикалық мектептерінен табамыз. Оларға: А. Смит (1723-1790 жж. ) және Д. Рикардо (1772-1823 жж. ) жатады. А. Смит 1776 жылы: «Дұрыс ойлайтын отбасы атасының негізгі қағидасы - үйде арзанға сатып алуға болатын нәрсемен ешқашан айналыспа, өндірме» - деген екен. Бұған тіпті нақты жауапты Д. Рикардо 1817 жылы шығарған «Саяси экономия және салық салудың бастамасы» еңбегінде айткан. Мұңда Д. Рикардо халықаралық маманданудың пайдалылығын екі мемлекет арасындағы қатынасын түсіндірген. Олар шартты түрде - азық-түлік және киім-кешек өндірген. Осы мысалдың негізінде Америка мен Еуропанын арасындағы сауданың өзара пайдалылығын дәлелдеген. Дәлірек айтсақ, Д. Рикардо салыстырмалы артықшылық немесе салыстырмалы шығын өндірісі теориясын жасады. Осы теория халықаралық сауда практикасы мен экономикалық ғылымда кеңінен қолданылады. Халықаралық еңбек бөлінісі дүниежүзіндегі мемлекеттер арасындағы тауар айырбасының арасындағы экономикалық негізі болып табылады. Халыкаралық еңбек бөлінісі кейбір елдердің мамандануымен байланыстырып, сонда тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайлармен түсіндіріледі. Мысалы, Жапонияда аудио- және видеотехниканы шығаруға дұрыс жағдайлар қалыптасқан. Бұл елде жоғарғы квалификациялық арзан жұмыс күші және аудио-видеотехника шығару үшін өндірістік база бар.
Австралияда ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге жақсы жағдай қалыптасқан. Оның ішінде ет, жүн, астық өндіру алғы орында тұр.
Бразилияда табиғи-климаттық жағдайдың өзі кофе өндіруге бейімделген. Ал АҚШ, Германия, Италия, Францияда автомобиль, ауылшаруашылық машиналары, химикаттар және т. б. өндіріс процесіне дұрыс жағдайлар қалыптасқан. Дұрыс қалыптасқан техникалық, өндірістік табиғи-климаттық жағдайлар бұл елдер үшін белгілі өнімді өте аз шығынмен өндіруге мүмкіндік жасайды.
Халықаралық өзара сауда кейбір елдердің белгілі өнімді өндіруге мамандануын қалыптастырады. Бұл өнімді жоғарғы тиімділікпен өндіріп, өздері шығара алмайтын баска тауарға айырбастайды.
Қазақстан Республикасында дұрыс қалыптасқан табиғи-климаттық жағдай ТМД елдеріне астық, ұн, жарма, ет өнімдерін: көмір, кара, түсті металдарды жіберуге болады және олардан балық, машина, аудио-видеотехника т. б. алуға әбден мүмкін. Қазіргі сыртқы саудада қалыптасып отырған басты сипат оның құрылымындағы өзгерістер. Машина, жабдықтар, химиялық тауарлармен сауда жасау қарқынды өсіп, шикізатпен саудаласу қысқарып келеді. Қазіргі ҒTP дүниежүзі нарығында сауданың тіпті жаңа түрлерін қалыптастыруда. Мысалы айталық: патент саудасы, лицензия мен (ашқан жаңалықты белгілі уақытқа пайдалануға берілген рұқсат) сауда, техникалық тәжірибені саудалау - «ноу-хау».
Бүгінгі жағдайда барлық елдердің экономикасы халықаралық саудамен байланысты. Тіпті экономикасы шалкып дамыған елдердің өзі де солай. Мысалы, АҚШ-тың экономикасы басқа елдерден мына өнімдерді импорттаумен байланысты: банан, какао, кофе, шәй, никель, қалайы, табиғи каучук, алмаз және т. б. өнімдер. Сонымен қатар АҚШ сыртқа мынаны шығарды: химия өнімдері, әртүрлі жабдықтар, автомобиль, ұзақ мерзімді тауарлары (тоңазытқыш, шаңсорғыш), астық және т. б.
Бір сезбен айтсақ, халықаралық сауда - екі жақты қозғалысы бар көше сияқты құбылыс.
Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы саудасынын нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса активті сауда балансы дейміз. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (экспорт пен импорттың қосындысы) және тауарлар мен қызметтерді сыртқа шығару және ішке әкелу туралы мөлімет 31. 1 -ші кестеде көрсетілген.
Кесте-1.
Қазақстаннын сыртқы сауда динамикасының күрт өзгеруіне мұнай өнімдері, қара және түсті металлургия өнімдеріне бағаның төмендеуі әсер етті. 1998 жылы алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда экспорт 16% пайызға төмеңдеді. Бірақ импорттық түсім онша өзгеріске ұшыраған жоқ.
Сауда балансы пассивті болғанда мемлекет айырманы алтынмен жабуы керек немесе несие алуға өтініш жасайды. Сондықтан да әрбір мемлекет сыртқа тауарды көп шығарып, аз тасуға бейімделеді. Бұл тауар балансының активті болуын көрсетеді. Мемлекет импортты түсіру үшін қорғау іс әрекетіне кешіп, тасылатын тауарларға жоғарғы қорғау салығын қолданады немесе арзан ақша саясатын іске қосады. Әдетте, АҚШ-ты өзінің сауда әріптесі Жапонияға осындай жасайды. Себебі Жапония АҚШ нарығын арзан автомашина, тоңазытқыш, аудио- және видеотехникаға толтырыптастады.
Шартты түрде: 1 доллар - 1 теңгеге тең делік. АҚШ Жапонияға тоңазытқыш тасыса, Жапония АҚШ-ка транзистор тасиды. Тоназытқыштын шартталуына 100 долл. тең, ал транзистордың шартты құны 100 йен болмақ. Шетел тауарларының легін тоқтату үшін АҚШ «арзан» ақша саясатын ендіруге келісіп, өзінің ұлттық валютасын, иеннің долларға қатынасы екі есе болған. Бұл жағдайда 1 долл. Жапонияда 0, 5 йен ғана береді. Онда АҚШ-та иенге екі долл. төлеуге тура келеді. Мынаны түсіну қиын емес: Америка тоңазытқышы Жапонияда 50 иен болып, оны Жапонияда шын пейілмен сатып алады. Ал, Жапония транзисторының бағасы екі есе өсіп, американдықтар үшін 200 долл. сатылады. Бұл американдықтардың қымбат жапон транзисторын сатып алу пейілін барынша тарылтады.
Сауда кедергілерінің ауқымы көп және бүған мыналар енеді: сырттан әкелінетін тауарларға жоғарғы салымдар, ұлттық валютаның девальвациялануы, сыртқа шығаратын тауарларға квота, экспортқа еркін шектеулер. Мұның барлығын протекционистік шаралар дейміз немесе мемлекеттің экономикалық саясаты. Бұл аталған саясат ішкі нарыққа шетел тауарларының еніп кетпеуіне бағытталған.
Халықаралық нарық қазіргі жағдайда үш негізгі бағытты құрайды:
- тауар мен қызмет көрсету (ақпарат нарығыи қосқанда) ;
- жұмыс күші;
- қарыз капиталы.
Халықаралық нарықта тауарлар интернационалдық құнның негізімен байланысып, ал орташа қоғамдық қажетті интернационалды жұмыс уақыты шығынымен анықталады. Елдің өз ішінде өндірушілер көп шығындар жұмсай отырып, пайданы орташа мөлшерден аз табады. Ал өте аз шығындар жұмысындағы - қосымша пайда табады. Халықаралық нарықта да өндірушілер жағдайды осылай кімнің шығындары орташа интернационалдық деңгейден төмен болса соғұрлым өз тауарын экспорттаудан өте жоғары табыс табады.
Дүниежүзілік кауымдастық талабына сай қалыптасқан, сауда және тариф бойынша халықаралық басты Келісім (ГАТТ) бар. Бұл келісім 1948 жылы қаңтардың 1-де күшіне еніп, алғашында дамыған елдердің өзара өнеркәсіп тауарларын саудалауда кедендік кедергілерді жоюын мақсат етіп және сауда-саттық шектеулерді алып тастады. Кейінірек келісім баска да дамымаған елдерге таратылды. Ол елдер шикізат өнімдерін өндіріп ұсынудың басты тұлғасы болып отыр. Басты өнім - мұнай және халықаралық нарыққа азық-түлік шығару болып тұр.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдердің позициясын нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі, казіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің жалпы тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқартты. ҒTP сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырды. Оларға: техникалық білім, техникалық іс-тәжірибе, технологиялық процесс пен лицензия мен патенттер жатады.
Сауда және тариф бойынша халықаралық басты Келісім (ГАТТ) 1948 жылы l-ші қаңтардан халықаралық сауданың бейтарап дамуына ықпал жасады. Алайда монополиялану деңгейі әлі жоғары емес, себебі дүниежүзілік экспорт пен импорттың жүзден бір бөлігін трансұлттық корпорация (ТҰК) жүзеге асырып оның едәуір бөлігін монополиялап алған. Американын «Бизнес интернэшнл» зерттеу фирмасының «Корпорация жоғарғы және 1985 жылғы дүниежүзілік нарық» деген баяндамасында: «Корпорацияның жұмыс жасауындағы негізгі принцип мынау: дүниежүзін өз нарығы ретінде қарап, олар өндірісті ұйымдастыруды және орналастыруды, сондай-ақ өнімді өткізуді жүзеге асырды. Корпорацияның ұлттық саяси шекараға мән бермейтіні сондай, уақыт пен орын қаншалықты кажет етсе соншалыкты жұмыс атқара береді». Трансұлттық корпорация (ТҰК) дамушы елдердің барлық экспортынын 50%-тен 70%-ке дейінгісін бақылап отырады. Қазіргі кезде ТҰК арқылы:
50-ден 60%-ке дейін - қант, фосфорит;
70-тен 75%-ке дейін - күріш, каучук, қалайы;
80-шы 85%-ке дейін - шай, боксит, мыс;
85-тен 90%-ке дейін - кофе, мақта, темекі, темір рудасы, мұнай;
90%-ке дейіи - аудио-видеотехника және жеке компьютерлер өтіп отырады.
Осының барлығы жоғарғы монопольды түрде үстемдік жасауға ықпал етіп, шығарған өнімді монополиялық бағамен өткізеді. Дамушы елдердің талабы бойынша 1974 жылы БҰҰ-ның арнайы сессиясы ТҰК-ның іс-әрекетін қарастыратын универсалды кодекс жасауға шешім қабылдап, ол корпорация қызметін реттеп отыруға бағытталмақ.
Сауда және тариф бойынша халықаралық басты Келісіммен (ГАТТ) баска дүниежүзілік қауымдастықта экспорттық бақылаудың (1942-ші жылдан) халыкаралық координациялық комитеті бар (штаб пәтері Парижде), Бұл комитетті құрудың басты инициаторы АҚШ болды. Батыс елдері озық техника мен технологияны сатуға бақылау жасау үшін шешім қабылдады. Оларды сериялық игеруден 4 жыл өткен соң Батыста сатуға рұқсат етеді. Осы уақыт ішінде оларды модернизациялау қажеттігі туады.
Осыдан байқайтынымыз, тауар мен қызмет көрсетудің халықаралық нарығы бос емес, ол монополияланған, бақылауда және реттелген.
Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады. Айтып отырғанымыз ұлттық шаруашылықтар арасындағы жолдамалы еңбек адамының ауысуы (миграция) .
Миграция - бір елден скіпші елге жұмыс күші ауысуының ерекше түрі. Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендігі мен даму қарқыны төмен елдерде салыстырмалы тұрғындары дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Соның салдарынан қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады. Халықаралық миграциялық лектердің негізгі елдері болып Батыс Европа мен АҚШ-ты сапалады. Батыс Европа елдеріне негізгі жұмысшы мигранттар легі Жерорта теңізі мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келеді. АҚШ-қа негізгі жұмысшы күшінің легі Мексикадан келеді.
Қазіргі жағдайда жүмыс күші миграциясының жаңа бағыты пайда болды. Ол Таяу және Орта Шығыс елдерінен мұнай көздерімен байыған Парсы шығанағындағы шағын мемлекеттер - Кувейт, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Әміріне жұмыс күші ауа бастады.
Қазіргі кезде Батыс Еуропа елдерінде 14 млн. шетел жұмысшысы мен олардың отбасы бар.
Арзан шетелдік жұмысшы күші ұлттық байлықтың көп бөлігін жасайды. Мысалы, Францияда шетелдік жұмысшылар құрылысшылардың - 80%-тің, Бельгияда - 50% шахтерларды, Германия - 40% автомобиль зауытының жұмысшыларын құрайды.
Еңбек миграциясының басқа түрі - акылдылардың кетуі. Бұл құбылыс дамушы елдерге ғана тән. Күрделі жұмыспен айналысатын жоғарғы квалификациялық мамандар імен ғалымдарға жағдай жасалмаған. Олардың атқарған жұмысына төлем де төмен. Ал өзге елдерде жоғарғы квалификациялы жұмысшыларға, ой еңбегінің қызметкеріне, өнертанқыштар мен конструкторларға жақсы жағдай жасалынған. Олардың шетелге кетуінің басты себебі - дұрыс жағдай жасалып, жоғарғы еңбек ақының төленуі. Жоғарғы квалификациялы жұмысшылар мен ой еңбегі қызметкерлерін импорттаудың нәтижесінде индустриалды елдер осы мамандарды дайындауда ондаған миллиард долларды үнемдейді.
1. 2 Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі
Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға муше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:
1. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28, 8 процент төмендеген болса, 1996 жылы 4, 5 процент қана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде.
2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 процент болса, сол жылдың аяғында 52, 5, ал 1996 жылы 30 процент болды.
3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда-100, 1 процент, соның ішінде өнеркәсіп өнімі - 100, 2 процент болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.
4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154, 5 процент болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде.
Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктағы бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр.
Солардың ішінде:
- облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
- барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді;
- Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталаған технологиялық кешендер құрып, өндіруі салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.
Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндеттері тұр.
Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциалын ұлғайтын қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті.
Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, содай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.
Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.
Экономикасының шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.
Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағыттындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ АҚШ “Таргетинг" дегенді пайдаланушы елдерге (негізінен “жаңа индустриалды елдер") қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады.
Таргетинг - экспорттық потенциалды, негізінен бір мақсатты ғана көздеп, өсіре беру.
1997 жылдың басында, Мәскеуде, Интеграциялык, комитетте Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурде өткен БСҰ-ға муше мемлекеттер министрлері конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады. Бұл форумның мақсаты БСҰ мүшелерінің келісімдер мен шешімдер жөніндегі міндеттемелерін орындауын қарау, беделді Халықаралық сауда уйымы қызметінің жұмыс бағдарламасына шолу жасау, дүниежүзілік саудада қалыптасып отырған бағыттарды және ең алдымен дамушы елдерге қойылатын талаптарды талдады.
1996 жылы Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкіметтері делегацияларының БСҰ-ға кіру мәселелері жөніндегі жұмысының қорытындылары, олардың осы бағытта қазір жүргізіп отырған қызметінің жоспарлары қаралды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz