Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар


ЖОСПАР
Кіріспе2
1. Шағын кәсіпорындар қызметінің әлеуметтік-экономикалық мәні және көрсеткіштері3
1. 1 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және маңызы3
1. 2 Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар7
2. «Бикен-жарнама» ЖШС мысалында кәсіпорын қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау10
2. 1 «Бикен-жарнама» ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы10
2. 2 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау15
3. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары24
3. 1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау24
3. 2 Шағын кәсіпорындардың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану29
Қорытынды31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ33
Кіріспе
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен инновациялық серпілістің жаңа кезеңіне аяқ басты. Сонымен қатар еліміз экономикалық үрдістерге сай дамып келе жатқан озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, өндірісті, соның ішінде экономиканың нақты секторын таңдап алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жолдауында ел экономикасын көтеру, соның ішінде шағын кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру қажеттілігін атап өткен болатын.
Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлар мен қызметін әлемдік нарықтарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз қажет. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Қазіргі таңда әлемдік экономикада бәсекелестіктің қарқыны артуда. Сонымен қатар нарықты жаңа өнімдермен, жаңа қызметтермен қамтамасыз етуге ынталы өндіргіш күштердің белсенділігі де жоғарылауда1.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектісінің қызметі осы үрдіс нәтижесіне қызығушылық білдіретін нарықтық қатынас қатысушыларының назарына ие.
Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау кәсіпкерліктің тектік түсінігінің мәнән, сонымен қатар кәсіпкер мен кәсіпкерлік табыс түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді.
Берілген курстық жұмыста «Бикен-жарнама» ЖШС кәсіпкерлік қызметін арттырумен байланысты мәселелер, ұсыныстар мен экономикалық талдаулар мәселелері қарастырылады.
Осыған орай, курстық жұмыстың мақсаты: нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің экономикадағы белсенділігі мен тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырап тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті. Осы және тағы басқа мәселелерді үшінші бөлімде қарастырамыз.
1. Шағын кәсіпорындар қызметінің әлеуметтік-экономикалық мәні және көрсеткіштері
1. 1 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және маңызы
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне баға беру оның тиімділігінің соңғы нәтижелері арқылы жүзеге асырылады. Тар мағынада тиімділік «әсер беретін, қажет нәтижеге қол жеткізетін, жүзеге асыратын» дегенді білдіреді.
«Шағын кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасады, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру процесі».
Анықтаманың өзінде айтылғандай, шағын кәсіпкерлік - бұл нарықтық экономика субъектілерінің белгілі бір анықталған критерийлер, көрсеткіштер және заңдар негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі .
Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі қызмет етудің барлық сатысындағы маңызды сапа белгісі болып табылады. Қызмет ету тиімділігі өндіріс потенциалын қолдану дәрежесін көрсетеді, ал бұл қоғамдық өндірістегі нәтижелер мен шығын арасындағы қатынасты анықтайды. Шығын өзгермей-ақ нәтиже жоғарылаған сайын, бір-бірлік шығынға қарағанда нәтиже жылдам өскен сайын немесе аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі. Еңбек өнімділігінің көлемі өндірістегі экономикалық тиімділікті жалпылайтын критерий болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық тиімділігінің негізі - оған қол жеткізу үшін жұмсалған шығын мен нәтиженің өзара салыстырылуында, осылайша тиімділік әсер дәрежесін көрсетеді.
Әр түрлі ғалым-экономистер шағын кәсіпкерліктің тиімділігін арттыруға, оның маңызын ашуға қатысты өздерінің анықтамаларын ұсынады.
К. Решетинскийдің пікірінше, тиімділік белгілі бір қатынасты білдіреді және соңғы нәтижеге қандай көлемде шығын жұмсау арқылы қол жеткізілгенін көрсетеді.
Тиімділік бұл - пайдалы әсер мен оған жету үшін жұмсалған шығын арасындағы өзара қатынас. Бірақ шығынның мақсаттылығын көрсететін нәтиже арасындағы белгілі бір ара қатынас болып табылады.
Шағын кәсіпкерлік тиімділігінің төрт түрі анықталған, олар:
- Экономикалық тиімділік келесі постулат арқылы көрсетіледі: Кәсіпорында шешім қабылдаған кезде әрқашан шектеулі, қолда бар құралдарды пайдалана отырып, көздеген мақсатқа қолайлы жетуді есепке ала отыру керек.
- Әлеуметтік тиімділік қолда бар шектеулі құралдармен кәсіпорынның барлық қатысушыларының әлеуметтік қажеттілігін
қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
3. Техникалық тиімділік - кәсіпорынның техникалық мақсатына
байланысты, алға қойылған техникалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз
етеді (өндірістік потенциалға қажетті, өнімге және өндірістік
бағдарламаға қойылған сандық және сапалық талаптардың орындалуы) .
4. Экологиялық тиімділік - кәсіпорынның экологиялық
мақсаттарға жетуіне зейін қояды.
Қызмет ету тәжірибесінде экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық мақсаттар бір-бірімен тығыз байланысты және тәуелді. Әдеттегідей экономикалық тиімділікке жетуге бағытталған шешім әлеуметтік те, техникалық та, экологиялық мақсаттарға да қатысты.
Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын экономикалық тәуелсіз тауар өндіруші бола отырып, мемлекет бекіткен салық салымдары мен әлеуметтік шектеулер көлемінде өндірістік дамудың тиімділігіне баға берудің кез-келген түрін қолдануға құқылы. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтау, оның сандық және сапалық бағалауын талап етеді, яғни қызмет ету тиімділігінің критериі мен көрсеткіштерін анықтау.
Жоғарыда айтылған экономикалық әсер натуралды және құнды көрсеткішпен көрсетіледі, олар кәсіпорын қызметінің соңғы және аралық нәтижелерін анықтайды.
Осындай көрсеткіштерге мысалы: жалпы өнім, тауарлы өнім, өткізілген өнім, өндірістік ресурстардың әртүрлі элементтерін үнемдеу, өнімнің өзіндік құнын төмендетуден жалпы үнем жатқызылады.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық қызметін талдау нәтижелері болашақта даму жоспарының шешімін жасау үшін негіз түрінде қолданылады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның арнайы және басқа да қорларының қор құраушылары болып табылады.
Қызмет етуге баға берген кезде тек қана экономикалық емес, әлеуметтік нәтижелерін де ескеру қажет.
Шағын кәсіпкерлікте экономикалық қызметтің тиімділігі «тиімділік» категориясының баға беру мүмкіндігін одан да дәлірек көрсетеді. Ол әрдайым нәтиже құндылықтарымен шығын құндылықтарының қатынасымен байланысты және де баға берудің өзгерісімен өзгере алады.
Экономикалық қызмет ету тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылаған сайын қажетті еңбегін 1 ңгеге жұмсаған шығынның есебінен тез өскен сайын немесе пайдалы нәтиженің бір бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі2.
Қызмет ету тиімділігі - тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша өлшеуге болады - шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы болып табылады.
Экономикалық қызмет тиімділігін жоғарылату мәселесі келесі: әрбір еңбек, материал, қаржы ресурстарының бірлігне өнім өндіру көлемінің едәуір өсуін жүзеге асыру. Бұл нәтижеде еңбек өнімділігінің жоғарылауын көрсетеді, яғни қызмет ету тиімділігін жоғарылатудың критериі болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттілігі мен мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық даму кезеңінің қазіргі заманғы ерекшелігімен ескертіледі. Жалпы тиімділік мәселесі жаңа емес, ол материалдық өндіріс кезеңінің интерпретациясынан бері бар және белгілі бір өндіріс түрінің өндірістік қатынастарын көрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында бір нарық субъектісі жұмысының нәтижесі, басқа субъектілер жұмысының нақтылығына және жинақтылығына байланысты, мұндағы тиімділік мәселесі анықтаушы болады.
Өндірісті басқару жүйесінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін объективті анықтай алу үлкен мағынаға ие.
Өнеркәсіпте шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін өлшеудің бастапқы принциптері қоғамдық формациялардың барлығына бірдей. Әрине айырмашылықтар да бар, олар жермен, уақытпен және бағалау әдісін тәжірибесі нақты белгілеумен, ең соңында экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ экономиканы басқаруды ұйымдастырумен анықталады.
Нарықтық экономиканың және кәсіпкерліктің негізгі табысы болып табылатындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы критериі негізінді шығын мен ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып табысты максималдау алға қойылған.
Кәсiпкерлiк дегенiмiз - белгiлi бiр iстi iстей бiлу. Іс iстеу - адамның iскерлiгi, белсендiлiгi. Кәсiпкерлiк деген ұғым өмiрде экономикалық белсендiлiкке қолданылады, адамның жан-жақты белсендiлiгiн талап етедi. Кәсiпкерлiктiң ерекшелiктерi - дербестiк және тәуелсiздiк, экономикалық ынталалык, шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершiлiк, жаңашылдық3.
Турлерi:
атқаратын мiндетiне қарай бөлiнедi: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, консультациялық.
Меншiк турлерi бойынша: жеке меншiк, мемлекеттiк меншiк, қоғамдық құрылымдар меншiгi.
Кәсiпкерлiктiң ұйымдық- экономикалық формасы:
- Концерн - көп салалы АҚ әр түрлi компаниялардың бақылау пакеттерiн сатып алады.
- Ассоциация - экономиканың дербес кәсiпорындардың ерiктi бiрлестiгi. Маманданған кәсіпорындардың негiзгi мақсаты - ғылыми-техникалық, өндiрiстiк, экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi бiрiгiп шешу.
- Консорциум - iрi финанс операцияларын жүргiзу үшiн (өте iрi жобаға бiрiккен) кәсiпорындардың бiрлестiгi.
- Синдикат - бiр саланың кәсiпкерлерiн тауар сатуға бiрiктiру.
- Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндiрiс мөлшерi жөнiнде келiсiм.
Кәсiпкерлiктiң ұйымдық-құқықтық формалары коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйымдарды келесі түрде бөліп қарастыруға болады.
1. Жекелік
2. Ұжымдық
3. Корпоративтi
Жекелiк кәсiпкерлiк немесе жеке кәсіпкерлік заңды тұлға құрмастан қызметін жүзеге асыра алады. Кәсiпкер капиталы өзiнiң жеке меншiгiнен алынады және тәуекелдiлiк бара отырып табыс табуға ұмтылады.
Ұжымдық кәсiпкерлiктiң түрлерi: шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар.
Корпоративті кәсіпкерлікке ассоциациялар мен бiрлестiктер, концерндер, холдингтер жатқызылады.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп аталады. Еліміздің заңнамаларына сәйкес шаруашылық серіктестіктер толық, сенім, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп бөлінеді.
Қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп аталады.
Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкімен жауап беретін қатысушыларды және кәсiпкерлiк кызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын, өздерінің қосқан салымдары шегінде тәуекел ететін салымшылары бар серіктестік сенiм серiктестiгi деп аталады.
Бiр немесе бiрнеше адам құрған жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады4. Қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға қосқан салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен, енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша жауап беретiн серіктестік қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп аталады.
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам деп аталады.
Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға және мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп аталады.
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктiң дамуы.
Қазақстанда кәсiпкерлiк ерте заманнан келедi. Көшпелi шаруашылық жағдайында кәсiпкерлiк еркiн дамыған жоқ. Капитализмнiң дамуымен кәсiпкерлiк дамыды. 1861 жылғы реформадан кейiн темiр жол құрылысы, ауыр өнеркәсiп салалары орын алды.
1. 2 Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар
Фактор сөзі (латын тілінен аударғанда - істеуші, өндіруші) нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің тиімділігіне әсер етуші күш деп қарастырып кетеміз.
Нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді.
Жағымды - бұл факторлар аты айтып тұрғандай-ақ шағын кәісіпкерліктің қызметіне жағымды әсер етеді.
Жағымсыз - керісінше бұл әсер ету бағытына байланысты жіктелуі.
Шағын кәсіпкерліктің тиімділігін арттыратын факторларға мыналар жатады.
- Өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдану.
- Экономиканың құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық факторлар, ұтымды басқару, шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік инфрақұрылымын ары қарай дамыту, өнімнің сапасын арттыру. Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі. Шет елдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді:
- Ауқымды инвестицияларды тарту.
- Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.
- Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді.
Бірінші топқа жататын факторлар шағын кәсіпкерліктің өндірістік ресурстарын, алдағы мүмкіндіктерін анықтайды5.
Осы мүмкіншіліктердің әрі қарай іске асырылуы екінші факторға байланысты, яғни нарық қатынастарына байланысты.
Олардың жүзеге асырылуы келесілерге бағытталған.
- Нарықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында өндірістің ырғақтылығын қажетті ресурстарды уақытылы жеткізу;
- Тиімді коммерциялық жұмысты жүргізу үшін өндіріс шығындарын азайту және бірқалыпты жағдайда сақтау;
- Кәсіпорынның техникалық және экономикалық деңгейін қамтитын табыс көлеміне қол жеткізу. Бұл тауарлық маркетингті жүргізу барысында жүзеге асырылады.
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің өндірістік қызметі сыртқы факторларға байланысты. Оларды келесідегі топтарға біріктіруге болады.
- Әлемдік нарықтың және ішкі нарықтағы жағдайдың өзгеруімен байланысты.
- Мемлекет ішінде немесе глобалдымасштабтағы саяси жағдайдың өзгеруімен байланысты.
- Инфляциялық процестермен байланысты.
- Мемлекеттің қызметімен байланысты.
Жоғарыда айтылғандай кәсіпкерлік қызметтің дамуына байланысты және байланысты емес көптеген факторлардың жиынтығы оның қызмет ету тиімділігіне әсер етеді.
Шағын кәсіпкерлік қызметіне байланысты қызмет ету тиімділігінің басты факторларына өндірілген өнімнің көлемінің өсуі, өзіндік құнының төмендеуі, сапаның жақсаруы, өндірістік қорларды тиімді пайдалану дәрежесі, еңбек өнімділігінің жоғарылауы жатқызылады6.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне байланысты емес факторларға жататындар: мемлекет реттейтін өткізілетін өнімнің бағасының өзгеруі, өнімді өндіруге және өткізуге табиғи, географиялық, транспорттық және техникалық жағдайдың әсері.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі қызметінің тиімділігіне әсер ететін келесі факторы өнімді өндіру және оны өткізу болімінің өзгеруі болып табылады. Нәтижесінде өткізу көлемі өскен сайын кәсіпорынның тиімділігі арта түседі және керісінше.
Маңыздылығы кем емес тиімділікке әсер ететін факторлардың бірі өнімнің өзіндік құнының өзгеруі болып табылады. Табыс көлемі мен өнімнің өзіндік құны арасында кері байланыс бар. Өнімді өндіру және өткізу шығындарының көлемімен анықталатын өнімнің өзіндік құны төмендеген сайын, табыс жоғарылайды және керісінше болады. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызмет тиімділігіне тікелей әсер ететін факторларға қолданыстағы баға жатады. Өнімнің ерікті бағасының деңгейі белгілі - бір деңгейде кәсіплрынның өзіне байланысты болады. Ал кәсіпорынға байланысты емес факторға жоғарыда айтылғандай мемлекет реттейтін баға жатады.
Жоғарыда қарастырылған факторлардан басқа шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызмет ету тиімділігіне әсер ететін факторлар өндірілген және өткізілген өнімнің құрылымына байланысты. Рентабельділігі жоғары өнім көлемінің үлесі көп болған сайын, кәсіпорын табысы көбірек болады. Жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметке ықпал ететін факторлар кәсіпорынның орналасқан жеріне, оның экономикалық белсенділігіне, қызмет түріне, өнім өткізу нарығына және тағы басқа жағдайларға байланысты ерекшеленіп отырады7.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы - бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады .
Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.
Шағын кәсіпорындар жайында статистикалық мәліметтерге назар аударайық .
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2005 ж. 1 қаңтарда республикада 208, 4 мың заңды тұлғалар тіркелген, оның 195, 7 мың шағын кәсіпорындар құрайды.
Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтар саны 2005 ж. 1 қаңтарда 524, 6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиісті күніне 8, 7%-ды құрады.
Шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2003 ж. 16, 2%-ды құрады.
Заңды тұлғалар - тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен кірістерінің артуы 2004 ж. 2003 ж. қарағанда 8, 7%-ды құрады.
Шағын кәсіпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем өзгерген жоқ. . Белсенді заңды тұлғалар - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санынан «Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу» саласы - 40, 5 %-ы басым жағдайды иеленген, шағын кәсіпкерлік саласында белсенді халықтың жиынтық саны 163, 6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31%-ы) .
2003 ж. көлеңкелі экономиканың үлесі ЖІӨ-ден 22, 6%-ды құрады, әйтсе де 1992 жылдан 1998 жылдар кезінде аталған көрсеткіш орташа 30-38%-ға дейінгі аралықта бағаланды.
2. «Бикен-жарнама» ЖШС мысалында кәсіпорын қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2. 1 «Бикен-жарнама» ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы
«Бикен-жарнама» кәсіпорны 1993 жылы екі кәсіпорынның бірігуі негізінде құрылған: Алматы қала безендіру және Алматылық трикотаждық комбинаты. Өндірістік кооператив нысанында 4 жыл бойы жұмыс істеп өндіріс ұлғаюы мен жұмысшылардың санын көбейту арқылы кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және тағы басқа заң шығарушы мен құқықтық актілер негізінде шаруашылық жүргізуші субъектіге ауыстырылды.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен кейін, жеке меншік құқығы бар, өзіндік балансы бар, республикалық және шетелдік банктік шоттары бар, өзінің мөрі және басқа да реквизиттері бар заңды тұлға болып табылады.
Серіктестік өзінің қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырады. Республикада және шет елде өз атынан келісім-шартқа отыруды жүзеге асырады, мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болып, жауапкершілік апарады, сотта жауап тартушы және жауап апарушы ретінде қатысады.
Серіктестіктің жарғылық қоры 62000 (алпыс екі мың) теңге көлемінде тіркеледі, бұл құрылтайшының өзіннің ақшасы негізінде жиналып, серіктестік меншігіне беріледі.
Құрылтайшы жарғылық капиталға өзінің жарнасы көлемінде серіктестіктің міндеттерімен жауапты болатын жеке тұлға болып табылады. Серіктестік өзінің міндеттерімен барлық мүлкіне жауап апарады.
Серіктестікті құру және қызмет атқарудың мақсаты өндірілген өнім, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызметке қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және алынатын таза табыс негізінде кәсіпорын жұмысшылары мен құрылтайшыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру болып табылады.
Серіктестік келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: өндірістік, сауда-саттық, делдалдық-коммерциялық, олар өз кезегінде келесілерді жатқызады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz