ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3


1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ
1.1Инвестицияның экономикалық мемлекеттік мәні және мазмұны 4
1.2Инвестицияның негізгі түрлері мен атқаратын қызметтері 6
1.3Шетелдегі инвестициялық саясаттын дамуынан тәжірибелер 8

2 ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН
ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
2.1Отандық өндіріс орындарын дамытуға шетелдік инвестицияларды
тартудың қажеттіліктері мен тиімді пайдалану әдістері 10
2.2Қазақстан Республикасы шетел инвестицияларының дамуына қаржылық – 13
экономикалық талдау
2.3Қазақстан Республикасының шетелдік инвестициялық саясаты 17
мемлекеттік - құқықтық реттеу жолдары

3 ҚР ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1ҚР шетел инвестицияларды тартудағы мемлекеттік мәселелер мен
кемшіліктер 19
3.2ҚР шетелдік инвестицияны тартуды ынталандыру қажеттілігі мен
жетілдіру бағыттары 21

ҚОРЫТЫНДЫ
25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
26

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процес
әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі
реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар
кез-келген үлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып табылады.
Шетелдік инвестициялық жоспарларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарладың сапасын арттыруға, сонымен қатаржұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің коммерциялықөтерілуіне мүмкіндік береді.
Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті
экономикалық пайда кіргізіп әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын
процесс деп қарауымыз керек.
Қазақстанның экономикалық дамуы инвестициялық циклмен байланысты
өндірістік капиталдың айналысымен анықталады. Инвестициялық циклдың
қозғаушы күші болып табылатын ішкі инвестициялармен бірге, Қазақстан шетел
инвестициясын белсенді пайдалана бастады.
Шетел инвестициясын пайдалану ел экономикасының халықаралық еңбек
бөлінісі жүйесіне қатысуымен және капиталдың коммерциялықәсіпкерлік үшін
бос салаларға құйылуымен сипатталатын обьективті қабілеттілік болып
табылады.
Шетел инвестициясын тарту және тиімді пайдалану келесі факторлар
есебінде қарастырылады: экономикалық және техникалық үдерісті жеделдету;
өндірістік аппаратты жаңарту және жаңғырту; өндірістік ұйымдастырудың
алдыңғы қатарлы әдістерін меңгеру.
Шетел инвестициясының ел экономикасына жұмсалуына, мемелекеттің
бюджетіне түсетін түсімдерді өндірістікөндірістікбейтеді, сондай-ақ елде
экспорттың көеюіне, бәсекелестік қабілеттің жоғарлауына әсерін тигізеді.
Сондықтан да жоғарыда айтылғандарды тұжырымдама ретінде және де
курстық жұмыстың алға қойған мақсаты келесілар:
- инвестицияның түрлерін көрсете отырып, қызметтерін сипаттау;
- шетелдік іс – тәжірибелерге сүйену;
- шетел инвестициясының еліміздің экономикасына тарту әдістерін
көсету;
- шетел инвестициясының дамуын жетілдіру бағыттарын анықтау.
Курстық жүмыстың мақсаты. Нысанаға алынып отырған тақырыпты жан -
жақты зерделеу. Қазіргі кездегі ұзақ мерзімді қаржыландыру процесіндегі
болып жатқан олқылықтарды ашып - көрсету. Қандай жақтан тежеу көруде,
неліктен олардың дамуы әлі күнге дейін толық пісіліп жетілмеген? Осы және
тағы басқа да сұрақтарға жауап табу. Шетел тәжірибесін қарастыра отырып,
біздің елмізде оларға деген жетпей жатқан көмекті қарастыру. Курстық
жүмыстың мақсаты сол тәжірибелерді танып біліп, жіберіліп отырған
қателіктерді көрсету.

1. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

1. Инвестицияның экономикалық мемлекеттік мәні және мазмұны

Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда
құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізетін қызметтің басқа да
түрлерінің обьектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік
құндылықтардың барлық түріне капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі
экономикадағы ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестиция деп қаражатгарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда
табу максатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал
ретінде қатысады. Банктер ездерінің инвестициялық қызметінде тиімді
инвестициялық саясат жасай отырьп жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық
саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске
асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының
өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардьщ
оптималды құрылымына жетуді білдіреді.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда
қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады:
жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына.
Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым
қаржыларын енгізеді. Теоретиктер мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне
қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар,
фирмалар, мемлекет және халық.
Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар
коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге,
саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең
алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны
қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекелділікпен өз капиталың салушы адам.
Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға
дайын адам.
Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны
бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі
жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық
- саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды
ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал
мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Негізгі қорға қаржы жұмсау, босалқы қорларға, сондай – ақ пайда дивиденд
және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздарды шығаруға ұзақ мерзімді
капитал бөлуді инвестиция деп атайды.
Инвестицияның материалдық – заттық және ақшалай нысанына бойынша
бөлуге болады. Материалдық – заттық инвестиция – ол салымға тиісті
өндірістік және өндірістік емес обьектілер жабдықтар машиналар және сонымен
қатар, ол ауыстыруға немесе техникалық паритеттерді кеңейтуге, материалдық
заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал
инвестициялық ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық
заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге
жұмсалады.
Нарықтыз экономикада инвестиция кез – келген келген формада қаржы
жұмсау процесі ретінде табыс табуға немесе қандайда болмасын басқа да
нәтижеге жетуге тығыз байланысты.
Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжанған нәтижеге жетуге
болады. Сонымен, инвестицияның мемлекеттік мәні инвестициялық қызметтің екі
жағын өзіне ұштастырады, ресурс шығындары және нәтижелік, яғни
инвестициялар өз нәтижелерін бармесе онда олар пайдасыз болғаны.
Өнеркәсіпте, құрылысқа, ауылшаруашылғына және өндірістің басқа да
салаларындағы шаруашылық субьектілеріне мүліктей, заттай, содай-ақ ақша
қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай
өркендетіп дамыту үшін жұмсалатын шығындардың жиынтығы инвестиция.
Жалпылай алғанда инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар
ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір
өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте яғни алдағы уақытта
пайыз түрінде немесе басқадай үшін кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.
Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелділік.
Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып,
елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар
инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқының
қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің,
инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, таза
табыстың пайдаланылмай сақталған бір бойыншаөлігі саналады. Басқаша айтатын
болсақ, инвестиция көзі жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың
сақтайтың есебінен өзін - өзі қаржыландыру немес ол үшін сырттан несие
алу саналады.

2. Инвестицияның негізгі түрлері мен атқаратын қызметтері

Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық
инвестиция болып екіге бөлінеді.

Нақтылық инвестиция дегеніміз – шарушылық субьектісіндегі белгілі –
бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық,
құрылыс) өсуіне, дамуын жұмсалу үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға, облигациялар және басқа да құнды қағаздарға банктердің
депозиттерінде салынған салымдар болып табылады.
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен бірі
бәсекелесуші емес, керсінше бірін – бірі толықтыратындар деп түсінген
дұрыс. Бұған, яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысал
қарастырайық.
Қандай да бір кәсіпорын құрылысты салу үшін қаржы керек етеді.
Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның обьектісі болып табылады.
кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарыпғ басқа
біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған
салымы қауіпті инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсалған
шығыны қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда айтылған
инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салынған
саланы, өндірісті дамыту. Ондағы өндіретін өнімдердің дайындалатын
ұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай
етіп, сыртқы нарықта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техника
мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялық иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға
жіктеледі:
- қысқа мерзімдік, бір жылға дейін;
- ұзақ мерзімдік, бір жылдан артық.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ
мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялар
түрлері бойынша тәуекелділік (венчурлік) тікелей, портфельдік және
аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет
көрсетуді жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып
табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтімділігі есебіндегі
өз - өзімен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі
формадағы капиталды ұштастыратын несиелік акционерлік кәсіпкерлік.
Портфельдік инвестициялар пайда табу үшін инвесторлардың
кәсіпорындардаң акция, облигация, басқа да құнды қағаздар сатып алуларын
білдіреді. Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің
акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның
ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды
тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық
фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға
әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік,
кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп
аталатын құрылуына деддалдық жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін
және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие
болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты
және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель -
бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да,
салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін
құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі
инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік
сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары
кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып
кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын
салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады
да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға
пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған
жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін
зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді.
Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі
бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.
Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы
қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың
акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен
компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын
орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды
құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар
мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын
орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап,
жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Олар халық қаржысын қайтадан болып табылады.өлу ісінде айтарлықтай
маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорларға адамдар пайда алу үмітімен
ақса салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі
құйылысында тікелеі портфелдік инвестиция да қатысады.
Бұл сонымен бірге экономика ресурстарындағы негізгі массаның
Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшуінің
спецификалық жағдайы – отандық инвестициялның қарыздық мемлекеттікәртебесі
туралы ойға қалтырады.
Инвестициялар стратегиялық жәнеәне портфельдік болып бөлінеді. 50
пайыз плюс 1 акциясы бар стратегиялық инвестор болуды үміттенеді. Барлық
үміт стратегиялық инвесторда, себебі қаржыны салған да сол, және ол қауіп –
қатерді азайтуға тырысады, мемлекетте оған сенім артады. Портфельдік
инвестор үшін акция – пайданы болып табылады.өлуге қатысудың мүмкіндігі
болып табылады. (Қосымша А).

3. Шетелдегі инвестициялық саясаттын дамуынан тәжірибелер

Капитал нарығы – АҚШ-тағы капитализімнің өмір сүруін қамтамасы етеді.
Компаниялар өздерінің зауыттарын және ғимараттарын салуға, ұшақтарды,
поездерді және кемелерді сатып алуға, телефон желілерін орнатуға және тағы
да басқа түрлі жобаларға қаржы салу үшін, атап айтқанда, зеттеулер мен
дамыту жұмыстарын жүргізуге қажет қаржы капитал нарығынан алады. Қаржының
көп роцесс болып табылады. Бір бөлігі зейнетақы қорларынан, сақтандыру
компанияларынан, банктерден басқа қорлардан және колледждер мен
университеттерден келеді.
Егер өзге мақсатта қаржы керек болып қалған жағдайда сатып жіберуге
мүмкіндіктері болмаса, кәсіпорындарының жұмысын сатып алушылардың саны аз
болар еді. Бағалы қағаздар нарығымен басқа да капитал нарығы
инвесторлардың акцияларды үздіксіз сатып алу және сату бағытында жұмыс
істейді.
Аталмыш нарықтар Америка экономикасында басқа да қызметтерді
атқарады. Олар инвестицияларға пайда әкеледі. Акциялардың немес басқадай
қаржылай активтердің құны өскен сайын инвесторлар бай түседі.
Қаражаттарының бір-бір болып табылады. Бір бөлігіне сауданы қолдауға және
экономикалық дамуды қамтамасыз етуге жұмсайды. Инвесторларға болашақта
кәсіпорынның қаншалықты пайдалы болатының ескере отырып, ақшаларын
күнделікті сауда – саттыққа салады, сонымен бірге акциялардың бағасы
корпорация басшыларына инвесторлардың қызығушылығы жайлы мемлекеттік
мәлімет береді.
Акциялардың құны инвесторлардың үкімет саясатына көз-қарасын
бейнелейді. Егер үкімет экономика және компанияның кіріс әкелуіне зиянын
тигізетін саясатты қабылдаса, инвесторлардың ойынша қарыз төмендейді. Ал,
егер бұл экономиканың өркендеуіне көмектесетін саясат болса, сонда нарық
өседі. Бұл орайда кейбір сарапшылар американдық инвесторлардың қысқа
мерзімді пайданы ғана көздейтінің сынайды, олардың айтуынша, компаниялар
немесе саясатшылар ұзақ мерзімді табыс әкелуге шара қолдануға ықыласты емес
және құнды қағаздардың құнын тоқтататын қысқа мерзімді өзгертулерді талап
етулері мүмкін. Нарық миллиондаған шешімдерін көрсететін болғандықтан, бұл
теорияны теңестіретін жағдай жоқ.
Қалай болғанда да американдықтар өздерінің қор нарығымен басқа да
ұзақ мерзімді капитал нарығын мақтан тұтады, солардың арқасында капитал
сатушылар мен сатып алушылардың миллиондаған трансакцияларға қатысуына
мүмкіндік береді. Осы шаралардың арқасында нарықтың қатысушылар
экономиканың өркендеуін сақтайтын инвестициялық қорлардың бітпес көздері
ретінде және көптеген американдықтардың өз елінің байлықтарына үлес қосу
құрамына айналды.
Нарықтардың толыққанды жұмыс істеуі үшін ақпаратпен еркін түрде
айналысып тұру маңызды. Онсыз инвестициялар акциялардың нақты бағасын дер
кезінде бағдарлау мүмкіндігінен айрылар еді. Сонымен бірге инвестициялардың
белгілі бір акциялардың қандай бағаға сатылғандығын баспасөз бетіндегі қор
биржаларының арнайы мемлекеттікәліметтерінен алады. Инвесторлар
инвестициялық саясат бағытында болып жатқан мәліметтерден интернеттің
көмегімен жеке келісімдерге отырып, өз акцияларының қордағы жағдайын әрбір
минут сайын қадағалауға мүмкіндік алады.
1998 жылғы “Әлемдік инвестициялық баяндамалық” мемлекеттікәліметтері
негізінде әлемнің әрбір тобының орыны екі көрсеткішпен сипатталады,
импортшы және экспортшы ретінде (Қосымша В).
Тікелей шетел инвестициясының халықаралық қозғалысының көлемі жөнінде
келесі мәліметтер сипатталады: 1997 жылғы 400,5 млрд. долл өсімінің
көпроцес болып табылады.өлігі (223,1 млрд долл) өнеркәсібі дамыған елдер,
48,9 млрд долл даушы елдер ( оның ішінде 45,3 млрд доллардан астам – Қытай
үлесіне) және 18,4 млрд долларға жуығы отандық және Шығыс Европа елдері
үлесіне тиеді. Инвестициялардың негізгі болып табылады.өлігі және оны іске
асырушы Трансұлттық корпорациялар “үлестікке” (АҚШ, Европа Одағы және
Жапония) шоғырланған. 10 ірі қабылдаушы елдер үлесіне 23 инвестиция ағымы,
100 кіші елдерге – 1 пайыз тиеді. Дамыған елдер ішіндегі инвестицияның
жедел өсуі фирманың бірігу үдерісінен және әріптестер акциясын сатып алумен
байланыстыруға болады. Шетел тікелей инвестициялардың өсу себептері және
күтілетін үдерістері туралы мыналарды айтуға болады. Халықаралық капитал
жылжуының негізгі қатысушылары женілдікті инвестициялық режиммен
ерекшеленетін елдері емес, нарықтық үдерістер белсенді дамыған елдерге
жатады.бұл себептерге келесілер жатады- бәсекенің қосымша жаңа
технологиялар қолданулар.

2 ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

2.1Отандық өндіріс орындарын дамытуға шетелдік инвестицияларды
тартудың қажеттіліктері мен тиімді пайдалану әдістері

Экономиканы, өндірісті тиімді дамыту үдерісіне шетелдердің капитал
салымы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі – шетел
инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.
Әрине кез – келген стратегияның құндылықтары түпкі ойында емес, сәтті
жүзеге асырылуында. Ал біздің жағдайымызда сәттілік көбінде шетел
инвестицияларын белсенді тарту мен инвесторларға саяси капілдер беруді
болжайды. Өкінішке орай, жақын болашақта ресурстарға сенуге болмайды.
Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажт емес,
жаңа алемдік ғылыми техниканың жетістіктері, технологиялар енетін маңызды
арна ретінде қажет.
Олар ірі коммерциялық өмірінің инвестициялау негізінде ұлттық
шаруашылық субьектілерінң дамыған тауарлық қатынастарға бейімдеу дәрежесін
арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге мүмкіндік туғызады.
Жаңа қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстандағы ең
алдымен тікелей өндіруші капитал мпорты қажет.
Бұл қағидалар:
- экономикалық мақсатқа сәйкестілік ол сол немесе басқа әлеуметтік –
экономикалық мемлекеттікәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі
резервтермен мүмкіндіктердің, шектеулігін, шетел инвестициялары
қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын
шешудің тығыз қажеттілігінен туындай отырып анықталады.
- шетел инвестицияларын тарту барысында өзара тиімділік қағидасы.
Бірде –бір мемлекет, бірде –бір кәсіпкер өзіне пайдасыз болатын
серіктестікке кірмейді, республикасын инвестициялайды;
- экономикаға шетел инвестицияларын басымдылықты салу қағидасы. Бұл
Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдылық пен инвестициялық
саясатқа сәйкес оларды ең мемлекеттікәртебелі обьектілерге
бағыттауды білдіреді. сондықтанда соңғы бес алты жылға арналған
тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ең маңызды
өндірістердің тізімі бекітілген. Бұл қағиданың енді бір жағының
мемлекеттікәні мынады, ел белгілі бір инвестицияларына олардың
экономикалық жағдайын, әлемдік экономикалық жүйедегі арнайы
экономиканың нақты сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын
және басқа да сипаттамаларын ескере отырып, басымдылықтар беруі
тиіс.
- Республика үшін маңызды қағида болып, барыншы өз коммерциялық
тәуекел қағидасы болып табылады. оны жүзеге асырудың негізі – осы
процесті басқарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын
жеткілікті хабардарлығын қамтамасыз ету болып табылады.
Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибесі мен негізін
құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі
кезенде реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе ол халық
шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттары
қызмет етеді.

Бліздің мемлекетіміз мұнай, газ, көмір мен уран ресурстаының әлемдік
қорын жетекші иеленушілерінің бірі болып табылады. осы салаларды дамыту
мен оларды басқарудың тиімділігін арттыру мемлекеттің ерекше назар аударуын
талап етеді. Республиканың жер қойнауынан алынатын миниралды шикі заттын
патенциалды құндылығы – 87 трилион долларға бағаланды. Миниралы шикі зат
кешендегі реформалауға сәйкес заңдар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалну мен
жер қойнауын қорғауды басқару мен реттеу қағидаланының негізінде
жүргізіледі.
Клесі фактор Қазақстанда ауылшарушылық өнімдерін өндірудің қуаты
әлеуетінің болуымен, оларды ең алдымен дәнді – дақылдарды Орта Азия
нарығына экспорттау болып табылады.
Үшіншіден Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясының дамуының
бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылады. бұл мұнай құбырларын
трассалар, темір жолдар, теңіз және өзен терминауулары, әуежайлар құрылып,
басқаша айтқанда – бұл дамыған байланыс торабын құру.
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.
Шетел капиталы үш арна бойынша түседі:
- экспорттық несиелер. Инвестициялық және тауарлық;
- дамуға ресми көмек. Қаржылық және техникалық;
- инвестициялар тікелей және портфельдік.
Кредитор (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу
шарты бар экспорттық несиелер.
Инвестициялық несиелер технологияны жабдықты және басқаны жеткізіп
беру мақсатымен, ал тауарлық несие – дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру
шараларын білдіреді.
Дамытуға ресми көмек мемлекеттік аралық деңгейде көрсетіледі. Мұндай
техникалық көмек деңгейде - әртүрлі салаларда қызмет көрсету, оқыту, кеңес
беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолоданылатын жабдық кіреді.
Инвестициялар республикада экономикасына шетел капиталының ағымы
ретінде түсіріледі. Олардың екі нысаны бар:
- тікелей;
- портфельдік.
Олардың біріншісі кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика
экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі фиктивті капиталға
акциялар мен басқа да құнды қағаздарды қаражат салу.
Барлық сфералар мен салаларды қолданатын тікелей инвестициялардың ең
таралған нысаны бірлескен кәсіпорындар болып табылады. қабылдаушы жақтың
табысы өнімнің өз үлесінен роялтиден және шетел серіктестігнің табысына
салығынан құрайды.
Тікелей шетел инвестициясының нысанын өнім болып табылады.өлімі
атқарады. бұл нысан экспорттық салалар мен өзгерітерде кенірек қолданылуы
мүмкін, ішкі нарыққа жұмыс істейтін салалар мен өндірістерде біршама
шеттелген, бұл теңгенің толық айырбасталылық жағымен байланысты.
Республикада шетел кәсіпорындарын құру сияқты тікелей инвестициялардың
басқа да нысандары бар. Ең алдымен жекешелендіруге қатысу арқылы
әрекеттігі, кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу. Сондай – ақ
шетел инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстың
жекеленген түрлерін (темір жолдар, өткізгіш жұмыстың жекеленген түрлерін
геологиялық барлау және тағы басқа) шетел мердігерлері жүзеге асыратын,
техникалық қызмет көрсетулер туралы клісім, басқару келісім шарттары бола
алады.
Бұрын айтылғандай, тікелей инвестицияларды тарту үшін тартымды
жағдайлар жасау бойынша жедел шаралар республикада қабылдануда, бұл олардың
кобеюі үшін шынайы мүмкіндіктер береді.
Шетел инвестицияларын тартудың басқа нысандары шетел компанияларына
республика кәсіпорындарының акционерлік сату, шетел мемлекеттері жеке
кәсіпкерлер беретін инвестициялық қарыздар мен несиелер бола алады.
Ең бірінші кезекте шетел инвестицияларының қазіргі бағыттары капитал
салымындағы жоғары салалар мен өзгерістер, ең басты мемлекеттік сектор
арқылы экспортқа бейімделген ірі кәсіпорындар болып табылады.
Республика экономикасына шетел салымдарының негізгі бағыттарының
бірі шағын және орта кәсіпкерлік сферасы болып табылады. Мұнда салалар
инвестициялар басымдылықты обьектілерге өндірістер мен аймақтарға
бағытталуы тиіс.

2.2 Қазақстан Республикасы шетел инвестицияларының дамуына қаржылық –
экономикалық талдау

Қазақстанның экономикалық дамуы инвестициялық циклмен байланысты өндірістік
капиталдың айналысымен анықталады.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан экономикасына шетел инвестициялық
тек қана тікелей, портфельдік инвестиция, несие және үкімет зайымы түрінде
келу көлемі 10 млрд доллардан асты. Жариаланған деректер бойынша инвестиция
құрылымының 49 пайызын тікелей шетел инвестиция, 1 пайызын портфельдік, 28
пайызын несиелер, 22 пайызын халықаралық қаржы ұйымдарының заемдары құрады.
Тікелей инвестицияның 60 пайызы мұнай өндіруге, 10 пайызы түсті металргия,
5 пайызы газ саласына, қара металургияға және тамақ өнеркәсібіне салынды.
Шетел тікелей инвестициясының Қазақстан экономикасына салыну көлемі бойынша
алдыңғы топқа Жапония – 25,4 пайыз, АҚШ – 25,5 пайыз, Ұлыбритания 17 пайыз
келді.
ТМД және Балтық жағалуы елдері ішінде халықаралық несиелік рейтинг
берілген Ресейден кейінгі екінші ел Қазақстан болып отыр. Шындығында
рейтинг көрсеткіштері Қазақстан қарызының қайтымдылығын қаржыландырады және
ұлттық нарыққа шетел инвестицияларының келуіне жағдай туғызады. Мысалы,
1992 – 1998 жылдары Қазақстанға тартылған шетел тікелей инвестицияларының
жалры көлемінің 80,4 пайызын және елдерінің 7,1 пайызын құрады.
Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасы шетел
инвестицияларына сұранысы 4 – 5 млрд доллар құрайды.
Қазақстан Республикасына шет елдердің тікелей инвестицияларының
салалар бойынша келіп түсуінің 1994 – 2000 жылдардағы көрсеткішке талдау
жасау. 1993 – 2000 жылдар аралығында барлығы 7229,2 млн доллар көлемінде
инвестициялық жобалар асырылған, оның ішінде мұнай газ кешенінде 3764,5 млн
доллар, т.сті металургияда 1907,5 млн доллар көлемінде шетел инвестициялар
келіп түскен (Қосымша С).
Сондай – ақ Қазақстан бойынша күрделі құрылысқа жұмсалған
инвестициялардың көрінісі (Қосымша Д).
Сонға он жылда күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған (95,3 пайыздан
13,3 пайызға дейін), керсінше мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындардың
үлесі жоғарлаған (2,9 пайыздан 84,6 пайызға дейін). Мұндай жағдайдың
қалыптасуына әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген, мемлекеттік емес
ұйымдар мен кәсіпорындардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр. 2005
жылы Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктегі инвестициялық
қызметтің нәтижесі - каржы емес активтерге жұмсалған 1307,2 млрд. теңге
инвестицияны игеру болды, мүның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі
капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардын жалпы
көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған
инвестициялардың үлесі 84.2 % кұрады. Негізгі капиталға жұмсалған
инвестициялар көлемі 2004 жылғымен салыстырғанда 10,6 % - ға (2005 ж. 44.7
% -ға; 2004 ж. - 48.5 % - ға, 2003 ж. -33.0 °ъ - ға) өсті .
2004 жылдың деңгейіне карағанда непзгі капиталға жұмсалған
инвестициялардын өсуі республикадағы 14 облыстын 10 -ында және Алматы,
Астана қалаларында байқалды. Көлемнің едәуір өсуі Қызылорда (1,9 есе),
Ақмола (1,2 есе) облыстарында жене Алматы қаласында (1,2 есе) байкалды.
Непзгі капиталға жұмсалған инвестициялардың 13-1 % шегінде өсуі Батыс
Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында
байқалды.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өңірлік қүрылымындағы
көлемнің жартысынан астамын (53.1 %) республиканың батыс өңірлерінде
кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2. Батыс Қазақстан - 18,0 %, Актөбе - 7.5
%, Маңғыстау 5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (І3.9°о) және Астана (9,3 %)
қалаларының үлесі басым. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар
көлемндегі ірі кәсіпорындардын үлесі 47.0% орташаларынікі - 27,9%.
шағындарынікі - 23.9%, халық үлесі -1,2% кұрады. Негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялардың түрлік кұрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен
ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% кұрады, бұл 2001 жылғы
көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасын дамытудағы инвестициялық процестер
Қазақстан экономикасын инновацияландырудағы инвестицияның атқаратын қызметтері
Инвестициялық саясат пен басқару
Қазақстанда инвестициялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеудің құқықтық және экономикалық аспектілері
Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы туралы
Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі және құрылымы
Тұк дамушы нарықтарқа кіруінің стратегиялары
Кәсіпорындaғы инвестицияның экономикалық негіздері ретінде
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
Пәндер