РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ, КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Жоспар
Кіріспе 3
1. Экономикалық реформалар жүзеге қалай асып жатыр? 4
1.1. РЕФОРМАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНДАЙ 13
1.2. РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ, КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРЫ 16
2. РЕФОРМА ҚАРҚЫНЫ НЕЛІКТЕН БАЯУ? 19
3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ 1996-1998 ЖЫЛДАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ
26
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 30
Кіріспе
Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық
өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық
үрдістерді белгілейді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында тиянақты,
қатаң бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі,
нарықтық қатынас принципімен, дамуды қамтамасыз ету үшін, ол елде -
бәсекелестік шешуші роль болып атқарылады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету
үшін, өте қатал бақылауды тексеру қажет. Соның нәтижесінде ғана, нарықтық
қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады.
Осыған байланысты бұл курстық жұмысымның тақырыбы Қазақтандағы өтпелі
кезеңдегі реформалар деп аталады. Қазіргі таңда бұл тақырып бүгінгі күннің
талабын қанағаттандыратын ең негізгі тақырыптың бірі болып отыр.
1. Экономикалық реформалар жүзеге қалай асып жатыр?
1992 жылғы экомиканы сауықтыру бағытындағы басты шара – қатаң қаржы—
несиелік, бюджеттік саясатқа қарамай экономиканы либеризациялау болды.
Алайда еркін экономикалық қатынастар жағдайында, инфляциямен күресу
жолдары, өндірісті ұйымдастырудағы кедергілер мен нарықтық инфрақұрылымның
кенжелеп қалғандығынан, жекеменшіктің қалыптасып үлгермегендігінен бастама
күткендегідей үдеден шыға алмады. Бұған Ресей үкіметіндегі директорлық
корпустың ауытқымалылығынан туындаған инфляцияның бас айналдырарлық өсімі,
тұрғындардың жиған-тергенінің құнсыздануы, инвестиция өнім өндірудің
қысқаруы қосылды.[1]
1993 жылдың алғашқы жартысында Қазақстан әлі де болса КСРО ауқымындағы
жаңа экономикалық одақ талаптарымен жұмыс істеп жатқан. Аяғы сол жылдың
шілде айында Ресейдің өзге әріптестерін сом аймағынан күштеп ығыстырумен
бітті.[1]
1993 жылдың соңында Қазақстанда ұлттық валютамыздың енгізілуі
егемен елдегі экономикалық реформалардың екінші кезеңін бастап берді. Бұл
кезең – Қазақстан өз экономикалық, саяси стратегиясын қалыптастыру кезеңі.
Алғашында жол таңдау мен реформа жүргізу маңайында кейбір күдік пен
сенімсіздік те етек алмай қалған жоқ. Мысалға, бағаны ырқына жіберу
қадамынан инфляцияның 1992 жылмен салыстырғанда 1994 жылы 12,6 есе өскенін
алсақ та жеткілікті. Жайсыздықтар 1995 жылға шекті созылды. Төлем мәселесін
кәсіпорындарға эмиссиялық несие беру жолымен шешуге тырысқан қадам да оң
нәтиже бермеді. 1994 жылы жеңілдіктермен таратылған 18 млрд. теңгенің 4
млрд, теңгесі ғана кері қайтты.
Республикада жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар және оларды
жеделдету мен жақсарту бағдарламаларын жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық
нәтижелердің бәрін бірдей берген жоқ. Ең алдымен инфляцияны және өндірістің
құлдырауын толық дәрежеде жою мүмкін болмады.
Дағдарысқа қарсы шаралардың орташа мерзімді болашаққа (1993—199
жылдарға) арналған бірінші бағдарламасында инфляцияны жарамды деңгейге
дейін төмендету өндірістің құлдырауын тоқтатуға және 1995 жылдың аяқ кезіне
дейін оның өсуі үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді деп болжанған
болатын. [5]
Ал, біз келесі бір басты құжатқа көңіл аударайық: 1993 жылы инфляция
деңгейі 2265 процентке жетті. 1994 жылдың жарты тұсында ауыр жағдай
қалыптастып оның бірінші жартысында 1993 жылғы деңгейден бір ай (наурыз)
ғана төмен болмай, бұл қарқын үдей түсті де, алдыңғы жылдағы 116,1
процентпен салыстырғанда, мамыр айында 133,8 процентке жетті. Инфляциялық
процестің үдей түсуі өндірістің күрт құлдырауына әкеліп соқты. Сөйтіп,
экономикалық реформаларды дағдарысқа қарсы 1993—1995-жылдарға арналған
бағдарламасы бойынша одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес екені 1994 жылдың
орта тұсында айқын болды. Бұл жағдайларда ел Президенті Н.Ә. Назарбаев
Республика Министрлер Кабинетінің жұмысына өте қатал баға беріп, оның
басшылығын ауыстырды.
Келесі, үшінші құжат 1993 жылы наурыз айында Жоғарғы Кеңестің
тогызыншы сессиясында қаралып және Президент Н. Назарбаев бекіткен
Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды
тереңдету бағдарламасы республикалық газеттерде сол жылғы 8-сәуірде
жарияланды. Онда осы бaғдарлама 1993 — 1995-ші жылдарда үкіметтің іс-
қимылының жоспарын айқындайды деп жазылды. Оның негізгі мақсаты — шын
мәніндегі нарықтық тетіктерді және әлеуметтік бағдарланған экономиканы
қалыптастыру, неғұрлым тәуелсіз және Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай
келетін саясатты жүргізу және осы негізде адамдардың тұрмыс-тіршілігін
жақсартуға қажетті жағдайлар туғызу делінсе, ал оның, негізгі мақсаттары
ретінде мыналар:
— макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткізу және құнсыздануға
қарсы күрес;
— меншік қатынастарын өзгертуді жеделдету;
— бәсекелес нарық ортасын жене нарықтық инфрақұрылым жасау,
кәсіпкерлікті жандандыру;
— тиімді сыртқы сауда саясатын жүргізу;
— экономикада құрылымдық өзгерістер жасау және оларды мемлекеттік
қолдау;
— халықтың табысы аз топтарына ден қоятын әлеуметтік саясат жүргізу;
— шаруашылық міндеттерді шешуге мемлекеттің тікелей қатысуын
бәсеңдету, сонымен бір мезгілде болжамдау міндеттерін, есеп пен бақылауды
нығайту, мемлекеттік реттеудің жанама тәсілдерінің рөлін күшейту атап
көрсетілді.
Міне көріп отырсыздар, жеті негізгі мақсат алға қойылып отыр. Олардың
қайсы дұрыс, қайсы бұрыс, қаншасы орындалды, қаншасы орындалмады — өз
алдына мәселе екені айқын. Біз бұған кейінірек біраз тоқталамыз.
Сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асыру кезең-кезеңімен орындалады,
оның әрбір кезеңінде негізгі мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуге
тиіс делінген.
Бірінші кезеңде (1993 ж.) мынадай басты міндеттерді шешу
алдыңғы орынға қойылды.
— құнсыздану деңгейін мейлінше төмендету;
— өндірістің құлдырауын тоқтатып, орта мерзімді келешекте шаруашылық
байланыстарын қалпына келтіру мен жаңаларын орнату, тұрақты өткізу нарығы
бар кәсіпорындардың потенциалын неғұрлым толық пайдалану негізінде оны
өсірудің, алғышарттарын жасау;
— мемлекет меншігін жекешелендіру негізінде мемлекет пен жеке
сектордың арақатынасын өзгерту;
— халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін өзгерістердің келеңсіз
зардаптарын жеңілдету.
Сонымен қатар, бірінші кезеңде ұйымдық-құқықтық әзірлікті аяқтап, кең
көлемді институциялық реформаларды бастау, басқару органдарының жүйесін
жетілдіру көзделді.
Екінші кезеңде (1994 ж.) мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру,
нарықтық инфрақұрылымды және бәсекелес нарық ортасын дамыту басым міндет
болып белгіленді. Негізінен шағын және орташа кәсіпорындарды
жекешелендіруді аяқтау, ірі кәсіпорындарды коммерциялау көзделіп,
мемлекеттік тапсырыс жүйесі жойылып, қаржы секторының реформасы
жүргізілмекші болды.
Үшінші кезеңде (1995 ж.) басты міндет ретінде салық, бюджет, баға,
несие, инвестиция, сауда, еңбек және т.б. сапаларда өзара байланысты
бірыңғай саясат жүргізу негізінде нарықтық экономиканы реттеу механизмдерін
қалыптастыруды аяқтау көзделді.
Өкінішке орай, аталған бағдарлама жүзеге асқан жоқ, оның ғұмыры ұзаққа
бармады.
Келесі жылы Республика Жоғарғы Кеңесінің 23-маусымындағы сессиясында
қаралып, Президент Н. Назарбаевтың 15-шілдедегі қаулысы бекіткен Үкіметтің
реформалауды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі іс-
қимыл бағдарламасы 29-шілдеде республикалық газеттерде жарық керді.
Бағдарлама реформаларды жеделдету мен дағдарыстан шығу жөніндегі
үкіметтің оң ниеті және іс-қимылының жоспарын бейнелейді делінген. Іс-қимыл
бағдарламасы шартты түрде екі кезеңге бөлінген. [3] Бірінші кезеңде (1994
жылғы шілде-желтоқсан) реформаларды дамыту сценарийі бюджеттің тапшылығына
байланысты ең төменгі сыртқы заемдарға сүйенбекші. Екінші кезең (1995 жылғы
қаңтар-қыркүйек)— бұл инфляцияға қарсы саясат жүргізу 6aғыты негізгі
элементі болатын даму сценарийіне экономиканы көшіру кезеңі.
Бағдарламаның басты мақсаты — экономиканы реформалауды жеделдету және
соның негізінде өндірістің және халықтың тұрмыс деңгейінің құлдырауын
тоқтатып, бұдан кейін оларды қайтадан өсіру делінді.
Реформалардың негізгі міндеті болып — инфляцияны төмендету және
нарықты экономиканың дәйекті әлеуметтік бағдары үшін жағдай туғызу
белгіленді. Мұның өзі бизнеске еркіндік беруді, дамыған нарықтық
инфрақұрылымы мен бәсекелестігі болатын күшті жекеменшік саясатын құруды,
жоғары тиімді технологиялар мен техниканы енгізу есебінен өндірісті өсіру,
олар жоғары деңгейдегі қаржылық жауапкершілігі, пәрменді әрі тиімді
банкілік секторы бар кәсіпорындар қызметінің қатаң қаржылық ортасын
қалыптастыруды көздейді деп есептеледі. [6]
Реформаларды жеделдету мен тереңдетудің негізгі бағыттары болып
мыналар аталды:
— бағаны ырықтандыру және күшті бәсеке саясаты;
— тауар нарығын ырықтандыру;
— инфляцияға қарсы шаралар;
— кәсіпорындардың реформасы және шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметіне қаржылық бақылауды күшейту;
— жеке сектордың дамуын жеделдету және іскерлік белсенділікті арттыру;
— экономикалық реформаларды жүзеге асырудың құралы емес, мақсаты
ретінде халықты әлеуметтік жағынан қорғау институттарын кеңейтуді және
әлеуметтік саланың өмірлік маңызды салаларын қаржылай қорғауды назарда
ұстай отырып, әлеуметтік және экологиялық саясатты тереңдету;
— экономикада одан әрі құрылымдық өзгерістер жасау;
— сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру;
— халықты аталымды әлеуметтік қорғау жүйесін жасау;
— аймақтарды әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуды теңестіру, шағын
және орташа қалалардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.
[3]
Бұл бағдарлама 17 тараудан тұрады. Бағдарламаның мақсатын, міндетін,
бағыттарын теп-тегіс келтіріп отырғанымыз, біріншіден, елдің көбі оны қазір
ұмытып кетті, екіншіден, үкімет оның орындалуы жөнінде есеп беретін уақыт
жақындап қалды, сондықтан еске салғанның, артығы жоқ.
Уақыт озған сайын үкімет басшылары да реформа жөніндегі білімі,
тәжірибесі артып отыратыны даусыз. Біздердің де түсінігіміз артуда. Осы
тұрғыдан қарағанда төртінші бағдарлама бұрынғылардан мазмұндырақ,
нақтылау, деңгейі жоғары екені байқалады. Дегенмен, ырықтандыру,
жекешелендіру, бәсекені күшейту, кәсіпкерлікті қолдау деген сияқты бұрынғы
бағдарламалардағы негізгі қағидалар әлі де басымдылық жасауда. Ал
өнеркәсіпті, оның нақты салаларын, экономиканың басқа сапаларын үкімет
қалай дамытпақ, мемлекеттік реттеу заң жобаларын жасап ұсынғаннан басқа
қандай нақты істермен атқарылмағы әлі күнге шейін халыққа онша түсінікті
емес. Сол сияқты мемлекеттік сектор қай салада, қандай мөлшерде
сақталмақ, қалай дамымақ — бұл да бұлыңғыр. Жаңа кәсіпорындар, әсіресе,
жаңа технологиямен жарақтанған және ғылымға сүйенгендері қалай пайда
болмақ, оған шетел және ішкі қаражатты қалай жұмсамақ — бұл да белгісіз.
Әрине, бағдарламаның мезгілі бітуге айналғанда талдау жасап, аздаған сыни
пікір айту көңілге қонымсыз. Сонда да қыркүйектен кейін биыл тағы да
жаңа бағдарлама қабылдануы керектігін ескеріп, айтып жатқанымыз ғой.
Ендігі бесінші бағдарлама алғашқылардың қателіктері мен кемшіліктерін
толығырақ ескергені, оның алғышарттарының бірі болуы керек. [2]
Бағдарлама бір мезгілде экономикалық реформаларды жеделдетудің жаңа
бағдарламасы енгізіліп, оны 15 айда (1994-1995 жж.) жүзеге асыру
белгіленді. Бұл бағдарламаның да негізгі мақсаты инфляцияны, өндірісті
тұрақтандыру мен жандандыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік беретіндей
деңгейге дейін төмендету болды.
бағдарламаны басты орындаушылардың бірі 1938 жылғы қазанда былай деп
мәлімдеген еді: Осы жылды аяғына дейін инфляцияны айына 7 процентке дейін
төмендетпек ойымыз бар. Келесі жылға келетін болсақ (1995 жыл — факторлар
жайында айтылып отыр), макроэкономика авторларының іс-қимылдарын инфляцияны
сәуір айына дейін (1995 жылғы) айына екі немесе тіпті бір процент деңгейге
дейін жеткізетіндей етіп ұйымдастыру көзделіп отыр, оның өзі stand-bu
бағдарламасының ережелеріне сәйкес келеді. Бұл цифрлар сондай-ақ Мадридте
Қазақстан делегациясының қатысуымен болған кездесулерде әзірленген
құжаттарда да жазылған. Біз, жағдайға қарап қадам жасамай, ал оны
қалыптастыруға тиіспіз, біз бұған қабілеттіміз.
1995 жылғы алдын-ала деректер инфляция деңгейінің бағдарламада
көзделгендегіден жоғары болғанын көрсетеді. Өндірістің құлдырауын да
тоқтату мүмкін болмады. Егер өндіріс құлдырауының қарқынын қадағалайтын
болсақ, 1992 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен
салыстырғанда 14,6%, 1993 жылы - 28%, 1994 жылы — 48% , 1995 жылы 57%
болған.
Осы фактілерге орай бізді үкіметтің орта мерзімді жаңа бағдарламасында
да инфляцияның жылдық қарқыны 9—12 процентке дейін төмендетілуі 1997 жылдың
аяғына дейін қалдырылғаны ерекше алаңдатады. Мұның өзі егер үкімет өзінің
ескі принципін ұстанатын болса (ең әуелі тауар өндірісін жандандыруға
мүмкіндік беретін макроэкономикалық тұрақтандыру, ал оның өзі 9-10 процент
жылдық инфляция жағдайында мүмкін болатын нәрсе), онда отандық тауар
өндірушілер 1998 жылға дейін жанданады деп күтпесе де болады деген сөз.
Бірқатар салаларда іскерлік белсенділіктің жандануына біздің
алданбауымыз керек, дегенмен, мұндай нышандарды құптамасқа болмайды.
Қазақстанның бірде-бір саласы әлі де болса дағдарыстан шыққан жоқ және
тұрақты даму дәрежесіне жеткен жоқ, ал халықтың күнделікті қажеттерін
қамтамасыз етуші жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты тұңғиыққа одан әрі
құлдилауда.
Мәселен, 1995 жылдың сегіз ай ішінде ғана жеңіл өнеркәсіп өндірісінің
тағы да 68%, ал тамақ өнеркәсібі 39,5%-іне айырылды. Отандық тұтыну
тауарлары өндірісіндегі шығын олардың ішкі рыногының да айырылып қалуы
әкеліп соғады да, онда әрдайым сапалы бола бермейтін импорттық көпшілік
қолды тауарлар бірден қаптатылады, сөйтіп болашақта бұл салаларды қалпына
келтіру мүмкіндігінен айырады.
Азық-түлік тауарлары өндірісінің кемуі бізді ерекше алаңдатады. 1994
жылдың сегіз айымен салыстырғанда 1995 жылғы қаңтар-тамызда ет өндіру
83,7%, шұжық тағамдары – 40,1%, сүтке шаққанда қаймағы алынбаған сүт өнімі
– 45,2%, сары май – 34,1 процент, нан және нан-тоқаш тағамдары- 43,2
процент кеміген, яғни Қазақстан үшін дәстүрлі жоғары сапалы азық-түлік
өнімдерін өндіру ең жоғары қарқыннан төмендеп, тамақтану құрылымы өзгеруде.
Мұның өзі болашақ ұрпақтардың денсаулығына да әсер етуі мүмкін.
1.1. РЕФОРМАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНДАЙ
Реформалардың нәтижесіне объективті баға беру үшін эмоцияға ырық
бермей, салқындандылықпен оның оңды да, оңды да емес жағын қатар көре білу
керек. Осы тұрғыдан қарасақ, біраз дұрыс нәтижелер де баршылық. Әуелі
соларға тоқталайық.
Экономикалық реформаның мәні жекеменшікке, бәсекеге негізделген
нарықтық экономика деп жүрміз. Олай болса, мүлікті мемлекет меншігінен
алуда, мемлекет меншігіндегі мүліктерді жекешелендіруде айтарлықтай жұмыс
істеліп тасталды. 1992-1995 жылдар аралығында төрт жылда төрт бастық
басқарса да, мемлекеттік мүлік комитеті, оның облыстардағы аумақтық
комитеттері мемлекет меншігінің ту-талақайын шығарып, сатқанын сатып,
акционерлік қоғамдар мен ұжымдық шаруашылықтар иелігіне беретінін беріп,
шетел фирмаларына сататынын сатып, әртүрлі мерзімге жалға беретіндерін
беріп тастады. Сонымен мемлекет меншігін азайтуда, жекеменшік секторын
құруда үлкен іс атқарылды. Жекешелендіру болса, ол біздің үшінші және
төртінші бағдарламаларымыздың негізгі, басты мақсаттарының бірі болғаны
белгілі.[3]
Бағдарламаларымыздың тағы бір басты мақсаты, бағыты — құнсыздану
деңгейін тежеп, оны барынша төмен түсіру болатын. Бұл істе айтарлықтай
жетістікке қол жетті. Мәселен, биылғы маусым айында құнсыздану
деңгейі 2,3 процентке дейін төмендеді деген мәлімдеме болды. Әрине,
бұл дерекке шүбаланушылар да, сенбейтіндер де баршылық. Өйткені баға
қара базарда да, көк базарда да, дүкендердің барлығында айдан айға
өсуде. Жалпы алғанда үкімет пен Ұлттық банк макроэкономикалық реттеуді жан-
жақты меңгеріп қалғаны байқалады.
Банк жүйесін реформалау ісі көп алға басты. Ұлттық банк үкіметтен
кіндігін үзіп, экономикасы озық дамыған әлем елдеріндегідей Орталық банкке
тән қызметтермен шұғылданып, ақша-несие саясатын, теңгенің тұрақтылығын
қамтамасыз етуді, екінші деңгейдегі коммерциялық банктерге бақылау
жүргізуді үйреніп алды. Бұрын 200-дей коммерциялық банктер болса, қазір
олардың саны азайып келеді, ал олардың жарғылық қор көлемі іріленіп,
өтімділігі нығайып қалды. Бұл үрдіс одан арі дами бермек. Банктен алған
несиеге төленетін процент көлемі де әжептеуір төмендеді, енді бір кішкене
төмендесе, несие қаржыны өндірістік мақсатқа жұмсауға, сауда және қаржы
саласынан өндіріс саласына ауысуына жағдай болатыны сөзсіз. Мұның бәрі ақша-
қаржы саласында нарықтық инфрақұрылымдар жасалып қалғанының белгісі.
Шетелдермен экономикалық байланыстар жасауда да, олардың қаржыларын
бізге келтіруде, аз да болса бірлескен кәсіпорындар құруда, т. б. істерде
біраз жұмыстар атқарылды, нақты нәтижелер бар. [5]
Нарықтық қатынастарды дамытуда тиісті заңдар қабылданып, заңды негізін
қалауда, әсіресе, екінші парламент тарағаннан немесе наурыз айынан бері
елеулі жұмыс жасалды. Президенттің заңдық күші бар көптеген жарлықтары
жарық көрді. Сейтсе де бір нәрсені атап кету артық емес. Наурызға дейін
заңды ұзақ дауға салып, тез қабылдамайды деп парламентті сөгіп келдік.
Сөйтсек керекті заң жобаларының бәрі үкімет тарапынан дайын емес екен. Оған
да көз жетті. Шілдеге дейін әлі де көптеген заңдар Президент жарлығымен
дүниеге келмеді. Олар төртінші бағдарлама бойынша өткен жылдың аяғына дейін
дайын болуға тиіс еді.
Бағдарламалардың барлығында да бағаны ырықтандыру, шаруашылық
міндеттерді шешуге мемлекеттің тікелей қатысуын бәсеңдету, бағаға және
өндірушілерге бақылауды алу арқылы бүкіл экономиканы ырықтандыру мақсаты
алға қойылған болатын. Бұл мақсат жүзеге асты. Мемлекеттік тапсырыс жүйесі
жойылды. Баға толығымен ырықтандырылды, халықтың айтуынша бетімен
жіберілді. Мемлекет шаруашылыққа араласпау ісінде басшылардың айтуынша алға
басып, жетістікке жетуде...
1.2. РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ, КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Қол жеткен оңды істерді осымен тәмамдап, енді бағдарламалардың
жағымсыз, келеңсіз жағына тоқталып көрелік.
Бұл ретте алдымен өндіріс көлемінің кейінгі үш жыл ішінде екі есе
қысқарғаны, халықтың әл-ауқатының, тұрмыс жағдайының, күрт төмендегені
көзге түседі. Мұны ешбір адам теріске шығара алмайды. Биылғы маусымда
радикалдық экономикалық реформа алдындағы 1989 жылмен салыстырғанда халық
тұтынатын тауарларға баға деңгейі 100 еседей өскені, ал жалақының орта
көлемі 15 еседей өскені, реформа нақты басталған 1992 жылдан бері осы баға
мен жалақы арасындағы алшақтық өте асқан тұрақтылықпен алты еседей мөлшерде
сақталуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz