Электронды ақшалар


ЖОСПАР
Кіріспе2
1-бөлім. Ақша3
1. 1. Ақшаның даму эволюциясы3
1. 2. Ақшаның экономикалық мәні7
1. 3. Ақшаның қызметтері9
2-бөлім. Ақшаның түрлері. 12
2. 1. Нағыз ақша және нағыз ақша орынбасарлары. 12
2. 3 Электронды ақшалар16
Қорытынды18
Қолданылған әдебиеттер тізімі19
Кіріспе
Ақша - бұл адамзат өркениетіндегі ең бір тамаша ойлап тапқан құрал. Ақшаның қалай пайда болғандығы және қоғам өміріндегі мәні туралы көп уақытқа дейін беймәлім болды. Көп уақыт бойы қоғамды зерттеген оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, бұл сұраққа жауап беруге тырысты. Ақшаның шығу тегі б. з. д. 7-8 мың. ж. өмір сүрген алғашқы қауым тайпаларымен байланысты. Мысалы, бір тайпа қандай да болсын азық-түлігін, анда-санда кездейсоқ кездескен басқа бір тайпаның азық-түлігіне не болмаса заттарына айырбастап алады. Олар қандай заттар? Мысалы: темекі, мал, қабыршақ тастар және темір кесектері. Бірақ менің ойымша, бұл заттар мен азық түліктер ақша ролін атқару үшін, айырбас әдісі ретінде көпшілік сатушылар мен сатып алушылардың құрметіне бөлену керек. Себебі, ақша қоғамның өзімен анықталады; қоғам кез-келген затты не болмаса азық-түлікті айырбас ретінде таныса, онда ол ақша болып есептеленеді. Яғни, ақша бұл жалпыға бірдей эквивалент ролі ретінде шығатын тауар және басқа тауарлардың бағасына әсер етеді. Ақшаның 4 негізгі даму кезеңдері белгілі.
Ақшаны, ақша айналысын, ақша жүйесін және ақшаның қоғамда алатын орны жөнінде көптеген экономистер жан-жақты зерттеген. Мысалы, мен өзімнің курстық жұмысымның жазу барысында Жуковтың Е. Ф., Г. С. Сейтқасимовтың және Е. Б. Мақыш еңбектерін басшылыққа алдым.
Менің курстық жұмысым кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Мен өзімнің тақырыбымды жақсы түсініп, курстық жұмысымның тақырыбын толық аштым деп ойлаймын.
1-бөлім. Ақша
1. 1. Ақшаның даму эволюциясы
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналысында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша - тауарлы өнімнің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардын ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтемін.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан асқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімің анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат) . Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі - тауар. Тауар дегеніміз - сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар - еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі - тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да, ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. әрбір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол - құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы өңделмеген тың жер, өзеңдер мен теңіздер, жабайы жемістер, т. б. сонда құн деген не? Құн дегегеніміз - тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі - еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. Құнды көруге, серпуге бола ма? өнімнің құны болуы үшін белгілі бір қоғамдық жағдай болуы қажет - ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатыныстар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық иә болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта - нарықта, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Құн - тарихи категория. Құнның негізі - адам еңбегі. Құн - еңбектің нәтижесі, еңбек жемісі.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта тауар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды. К. Маркстің сөзімен айтқанда: «Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол - ақша ». Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.
Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында шағында, яғни бір қауым өзінің тұтынуынан артылған кез келген өнімін анда-санда, кездейсоқ кездескенде басқа қауымның өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы - құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді. 1 өлшем астың 1 қойға және т. б. айырбасталды немесе Т-Т. Бұл теңдікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді. Тосыннан қарағанда, айырбасталатын екі тауардың рөлі бірдей сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауар (астық) құнның көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнын білдіретін материалдық рөлін атқарады. өз құнын басқа тауармен көрсететін құнның салыстырмалы формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білдіретін тауар құнның баламалы формасында болып, оның эквивалентті, яғни баламасы болып есептеледі.
Құнның бұл формасы, аты айтып тұрғандай айырбас процесінің алғаш пайда болған перне, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта болған періне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент ролін кез-келген әр түрлі тауарлар атқарады.
Екінші формасы - бұл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта үседі. Мұнда, көбіне бір тауар басқа да көптеген балама тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалы: 1 қап бидайға біз 1 қой, 1 балта және т. б. айырбастай аламыз.
Үшінші формасы - құнның жалпылама формасы. Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар рөлін ей елдерде мал (ертедегі гректе, римдіктерде, славяндарда, моңголдарда және т. б. ), аң терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай (Қытайда) атқарды. Ресейге қоспағанға дейін Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылған. Бірақ, аталған тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар айналасының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.
Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар-ақшалай формасы қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металдар: алтын және күміс атқарады. Сонымен ақша дегеніміз - бұл барлық тауарлардың құнын бейнелейтін, жалпыға балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты.
Ақша - бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнеледі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғадықтан да оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады.
Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:
жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
айырбас құнының дербес формасы;
еңбек өлшемінің сыртқы заттекті формасы
Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиеті, ақшаның кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын сипаттайды. Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек қоғамдық жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және т. б. сату мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері біршама кеңейе түскен.
Ақшаның екінші қасиеті тауарларды сатумен тікелей байланыссыз. Бұл формасында ақша, несие беру, қарызды өтеу, мемлекеттін бюджеттін кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге сатуы барысында және т. б. жағдайларда қолданылады.
Ақшаның соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
1. 2. Ақшаның экономикалық мәні
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілігін ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ 18 ғасырдың басында утопиялық социализм негізін қалаушы Томас Мор былай деді: «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес».
19ғ. Социал утопистері - Прудон, Оуен, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес.
Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана «патша арағында» ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен, оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Құрамын өзгерте отырып червондық алтын алынды, бірақ мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестің тиімділігін көрсетеді. Қазіргі дерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтынның өзіндік құны өте жоғары және бұл жолмен алынған металл табиғи алтынмен өзінің бағасының төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын өнеркәсіпте, тіс салуда және зергерлік бұйымдарды жасауда пайдаланылады, бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. «Ақша - зат емес, ол - қоғамдық қатынас».
Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.
1. 3. Ақшаның қызметтері
Ақша экономикадағы ролін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
құн өлшемі және баға масштабы;
айналыс құралы;
төлем құралы;
қорлану және қор жинау;
дүниежүзілік ақша;
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей эквивалент ретінде барлық тауарлардың құнын өлшемі. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық еңбек өнімдерінің бір-біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар(алтын және күміс) өлшемі алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдық баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілген салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Құн өлшемі - бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы - бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтың бағаға айналады. Ақшаның бұл қызметін қағаз немесе несиелік ақша белгілері атқарады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы немесе Т-А-Т.
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалысқа ие: Т - міндеттеме, келісілген мерзімнен кейін: Мін - Т.
Ақша төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Бұл қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау кеме қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, х/а заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтын материалдану құралы болып табылады.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін көбіне АҚШ-доллары, Еуропалық одақтың қазіргі валютасы -еуро атқарады.
2-бөлім. Ақшаның түрлері.
2. 1. Нағыз ақша және нағыз ақша орынбасарлары.
Ақша, өзінің дамуы барысында 2 түрге бөлінеді: нағыз ақшалар, яғни толық бағалы ақшалар, және құндық белгілері, яғни толық бағалы емес ақшалар.
Нағыз ақшалар - бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес еместігін металл ақшаларды білдіреді.
Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы болып табылады.
Монета - ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтың құралы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.
Мемлекет сынаманы (пробалы) монетадағы таза металдық құрамын, массасын, типін, реледиумды, заңмен рұқсат етілген номиналды массасының нақтыдан ауытқуын, эмиссиялау ережесін және тағы басқаларды белгілейді.
Егер монетада номиналды құны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері билонды ақшалар деп аталады.
Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар: Биметализм - жалпыға бірдей эквивалент рөлін 2 немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады. Монометализм - жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі (алтын, күміс, т. б. ) қолданылатын ақша жүйесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz