АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Туран университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ақшаның пайда болуы және мәні

Орындаған: Бектимисов
А.
Тексерген: Салтанат С.

Алматы 2006 ж

ЖОСПАР

КІРІСПЕ
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.1.Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні.
1.2.Ақша қызметтері және функциялары
ІІ АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1. Ақша айналымы және ақша жүйесі.
2.2 Ақша айналыс заңы.
2.3.Ақша жүйесінің құрылымы және түрлері.
ІІІ АШҚАНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ
3.1. Ашқа - өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтық экономикадағы рөлi
3.2. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті
VІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ
4.1 Банктің валюта-айырбас есебі
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық
категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және
айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды
көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы
арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар
айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен
ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да
мүмкiн емес 1, 23б.
Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ тауардың
жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-ақ таныс.
Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi
көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей
келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-
жақты ашып, жауап бердi.

Ақша - ол ерекше тауар, қоғамдағы эквивалент қызметiн атқаратын және
жалпыға бiрдей болама, яғни, басқа тауарлардың жалпығңа бiрдей баламалың
құнының нысаны.
...бiр кәсiпкер өзiнiң жұмысында үнемi ақша бiрлiгiмен қарым-қатынаста
болады. Ақша тарихи категория, тауарлың өнiм. Ол натуралдық шаруашылықың
тауарлың шаруашылыққа ауысу кезеңiнде пайда болды. Осы ауысу кезеңiне себеп
болған адамдардың шығарылған өнiмдерiнiң артық болып, айырбастау
процессiнiң шығуы. Айырбастау үшiн өнiм тауарға айналды. Сөйтiп науралдың
-өндiрiстiң орнына тауарлы өндiрiс келдi.
Ақшаның қажеттiлiгi туралы әр уақытта әр түрлi ойлар айтылған. Мысалы,
рационалистiк концепцияны (ақыл-ой талабына ғана енгiзілген көзқарас(
жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келiсiм құралы, ол айырбас кезiнде
құндардың қозғалысына қажеттi арнаулы құрал деп түсiндiрдi. Бұл ойды
жақтаушы Аристотель өзiнiң (Никомахова этика( деген кiтабында (Айырбасқа
қатысатындардың барлығы өзара салыстырмалы болу үшiн шарттылыққа
негiзделген әлдебiр өлшем болуы қажет( деп жазған 2,24б. Бұл ой көне Рим
қоғамындағы заңға енгiзiлiп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын
заңмен бекiткен.
Ал, XVI ғасырдың бас кезiнде (1516 ж.( утопиялық социализмнiң
негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң (Золотая книга о наилучшем устройстве
государства и новом острове Утопия( деген еңбегiнде (барлығын ақшамен
өлшегенде мемлекеттiк iстердiң табысты және дұрыс шешiлуi мүмкiн болар ма
екен( деп жазған 2, 24б.
Сондай-ақ, XIX ғасырда утопист-социалистер Прудон, Оуэн, Грейт және
басқалары да ақшаға терiс көзқараста болды. Мысалы, Прудон тауар өндiрiсiн
сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Сол
сияқты 1832 ж. Р. Оуэннiң тауарларды ақшасыз (еңбек бондарын( қолданып,
жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарларды бағалаумен айырбас жүргiзуге
ұмтылған әректтерi сәтсiздiкпен аяқталған.
Сөйтiп, рационалистiк концепцияны жақтаушылар тобы – ақша адамдар
арасындағы келiсiмнен туған айырбастың техникалық құралы деген көзқараста
болды.
Ал, эволюциялық концепцияны (өрiстеу, бiрте-бiрте даму көзқарасын(
жақтаушылар бұл (жұмбақты( басқаша шешкен. Бұл концепция қоғамдық тауар
өндiрiсiн зерттей келiп, ақша адамдардың еркiнсiз айырбастың ұзақ дамуының
нәтижесiнде бүкiл тауарлар әлемiнен бөлiнiп шыққан ерекше тауар екенiн
дәлелдейдi.
Алғашқы болып ақшаның тауарлы жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясының
дамуына көп еңбек сiңiрген К.Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым
формасынан ақшалы формасына дейiнгi ұзақ даму жолдарын зерттей келiп,
ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай-ақ, К.Маркс ақшаның қажеттiлiгi
жөнiнде (егер ақша жойылса, бiз қоғамдық өркендеудiң не ең жоғарғы
дәрежесiнде болармыз, не ең төменгi сатысына лақтырылып тастармыз( деп өз
ойын қорытындылаған. Ал, коммунизм тек қиял, сондықтан ақша болды, ақша бар
және одан әрi де бола бермек 2, 25б.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы
негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады
Ал, қазiргi кездегi нарықтық экономикада ақшаның маңызы өте зор. Мен
өзiмнiң осы курстық жұмысымда – ақшаның экономикада қаншалықты маңызды рөл
алатынына тоқталып өттiм. Және де тек маңыздылығы на ғана емес, сонымен
қатар ақшаның атқаратын қызметтерiне, оған деген сұраныстың туу
себептерiне, ақша ұсынысына және ақша нарығындағы тепе-теңдiк жағдайларына
да тоқталып өттiм.

1. Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні.

Ақша ерте заманда пайда болды, олар тауар өндірісінің
дамуындағы бірден-бір шарты және өнімі болып табылады. Тауар -бұл
сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Заттың тауарға
айналуы, ақшаның пайда болуы объективті алғы шарттарды құрастырады.
Бір кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып
алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса мұндай бұйым
тауарлы формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Алғашқы
қауымдық құрлыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ
аййырбасталу барысында айырбас құнының жәй немесе кездейсоқ
формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің өсіуіне байланысты неғұрлым жиі
айырбасталатын тауар барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара
айырбастау құрамы бола бастады. Осыдан келіп құнын толық немесе
кең көлемдегі формасынан жалпы құндық және осы тауарлар ақша
деп аталады. Бір халықтың өзіне әртүрлі уақытттарында және әртүрлі
халықтарда бір мезгілде әртүрлі эквиваленттер болады сонымен қатар.
1. Ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп
шығуымен мал айырба с құрамына айналады.
2. Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланады.
3. Жылы теңіздердің жағасын мекендегендер айналыс құрал ретінде
бақалшақ пайдаланады.
Өнермен жер иеленушілердің бөлінуімен эевмваленттің жетілуі
жалғасты бөлінушлік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар
эквиваленттер пайда болады. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері күріш,какао
құйма түріндегі .Жалпы эквивалент ретінде металда пайда болады .Металл
ақшаның артықтылығы біркелкі төзімді ұсақтанады.Металл ақшаның кең
таралуымен ақша есебінің салмақты жүйесі нақтылана түсті.Кейін келе
металдың арасында басты рөлді алтын мен күміске өте бағаланды,өйткені олар
жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие б.ғ.д.13ғ салмағы көрсетілген
құймалар болады. Монеталардың пайда болуы ақшаның құрылуындағы соңғы кезең
болып табылады.Алтын жеке айналыс құралы болғанда монометализм леп
аталады.Алтын мен күміс қатар жүрген кезле бейметализм деп аталады.Ақшаның
өмір сүруіндегі объективтік қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар
айналысының болуына негізделеді кез-келген тауар айналысында ақша айналыс
құралы болып табылады.Тауар және бір-бірімен бөлінбейді ақша айналысы болса
онда тауар айналысында болады.Ақша жалпы бірдей эквивалент ерекше тауар
онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде
қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімднрінің айырбасы үздіксіз
жасалына береді.Ақша -өндіруімен бөлу процестерінде адамдар арасында
белгілі бір экономикалық құжаттар қатынастарда көрсететін тарихи даму
үстіндегі экономикалық категория болып табылады.Экономикалық категория
ретінде ақшаның мәні оның 3 қасиетінің бірігуі мен көрініс табады.
1. Жалпыға тікелей айырбасталу.
2. Айырбас құнының дербес формасы.
3. Еңбектің сырттық заттық өлшемі.
Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан
жоқ.Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы
Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны-белгілі шарт,адамдар
арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде бекіткен тауарды айыр-бастауға
қажетті құрал ретінде қарастырған.Үшінші өкілдері өзінің табиғаты бойынша
алтын немесе күміске жататындығын айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, тауар құны қатынасында
қорытындылатын,құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең
байқалатын ьнйнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек.Сонда
ғана оның жұмбақтығы да жойылады.
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие
болады:алғашқысы жай немесе кездейсоқ,ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші
ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар
тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды.Бір тайпалар малмен айналысса,ал
екіншілері-жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық
негіз пайда бола бастады.

ІІ Ақша айналымының қызметтері
Барлық шаруашылық жүргізуші субъктілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін,әдетте , осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.Ақша
қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін
Қазақстан Республиккасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.Банк
шоттары-бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын
көрсететін әдіс.Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі
және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып
бөлінеді.Корреспонденттік шоттар- банк шоттары банктер мен ұйымдардың
кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді:қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды;чектерді беруді;вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы
беруді;төлем карточкасын пайдалануды;тікелей дебеттік банкі шоттарына
аударуды;тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;инкассалық жарлығын
ұсынуды;республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін
пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма;чек;
вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының
инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеушілер мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт
негізінде анықтайды,сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелерді зачетқа жатқыза алады.

2.1. Ақша қызметтері мен функциялары.
Ақшаның әр қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын
тауар өнлірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.Ақша 5 түрлі функцияны
орындайды.
1.Ақша құны өлшем ретінде – құн өлшем қызметі тауар өндірісі
жағдайында туындайды.Бұл ақшаның барлық тауарлар құнын өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді бағаны оның тауда делдал қызметін атқарады.Ақша
еңбек өлшемі ол жұмыс уақытын емес осыеңбекпен құрылған құнды
көрсетеді.Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны оның бағасынан пайда
болады.Құнын өлшемі қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға
деген қатынасын көрсетеді.
2. Ақша айналыс құралы- ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды
өткізудегі делдал болып табылады. Тауар бір қолдан екінші қолға ауыса
отырып өзінің тұтынушысын тапқанға дейін, ақша үздіксіз қозғалыста
болады. Өзінің құнын өткізгеннен кейін айналыстан кететін тауарға
қарағанда ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату сатып алу процесіне айналыс құралы ретінде ақша
қызметінің ерекшелігі мыналар тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы
нақты ақшалар орындалады.Ақша айналйс құралы қызметін атқаратын
болғандықтан айналыс қажеттілігі олардың бағасы мен масса негізінде ,яғни
өткізілуі тиіс тауардың бағасының суммасымен анықталады.
3. Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен
байланысты.Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір
уақытта тоғысуы тиіс емес ақша құнын еркін формасында көрінеді ол өтеізу
процесіне еркін аяқтайды.Егер тауарлармен ақшалардың қарама-қарсы
қозғалысы болмаса яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған
болса немесе керсінше онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін
атқарады.Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара
айырмашылықтары бар бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды бұл тек
қана сату сатып алуды аяқтайды.
4. Ақша қорлану немесе қазына жинау құралы ретінде ақшаның және айналыс
құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді.Ақша айналыс
саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды.
5. Дүние жүзілік ақша қызметі –Тауар шаруасының кеңейуі шаруашылық
байланыстың интерноционалдануы. Дүние жүзілік нарықтың пайда болуы
дүние жүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүние
жүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және
сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

2.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі
Ақша айналысы — қолма-қол ақша қозғалысы. Ақша айналымы ұғымы одан
кең мағынаны бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналым
мағынасын сипаттайды. Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша
қозғалысы және төлем ақыны жүзеге асыратын кезінде қызмет көрсету.
Сонымен бірге кәсіпорындармен қаржы және несие мекемелерінің арасындағы
ақшалай қаражаттардың алмасуын ақша айналысы деп аталады. Ақша
айналысының обьективті негізі тауар өндірісі мен тауар айналысы болып
табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы яғни тауардың ақшаға және ақшаның
жаңа тауарды сатып алу үшін қолданылуы. Ақшалардың әрдайым қозғалыста
яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Бірақ ақша айналысы тауар
айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекеленіп
жүреді. Тауарлар оларды сатып алғаннан кейін айналыстан шығады және
тұтынады. Ал ақша әрқашан айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс әрі
төлем құралы функцияларын атқарады. Жалпы ақша айналысының көлемі тауар
бағасының санынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату,
сатып алумен шектелмейді. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін
бюджетке төлемдер аудару үшін банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар
үшін қолданылады. Ақша айналыстар үшін маңызды элементі қолма-қол ақшаның
қолдану аясын азайту болып табылады. Бұл мәселеге біздің елімізде
кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылуын
шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі. Сонымен бүкіл
ақша айналысы қолма-қол және қолма-қолсыз болып бөлінеді. Қолма-қол
ақшалай айналыс сферасында ақшаның қолма-қол қозғалысы және олардың төлем
құралы мен айналыс құралы 2 функцияларын орындау болып табылады. Нақты
ақшалар келесідей жағдайда қолданылады: 1) ақшалар мен тауар айналымы
кезінде, 2) еңбекақыны төлеу бойынша есеп айырысулар бағалы қағаздардың
проценттік пайданы өтеу, тұрғындардың коммуналдық қызметтерін өтеу үшін
және т.б.
Қолма-қолсыз айналысы — құн қозғалысы (қолма-қол) нақты ақшалардың
көмегінсіз жүзеге асырылады. Ақша аударымдары несиелік мекемелердің
шоттары арқылы; несие жүйесінің дамуы және клиент қаражаттарының банк
шоттарында болуы және басқа несиелік мекемелердің пайда болуы осындай
айналыстың пайда болуына әкеледі. Қолма-қолсыз айналысы несиелік
карточкалар арқылы вексельдер немесе чек арқылы жүзеге асырылады. Вексель
дегеніміз — қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлеу міндеттемесі.
Бағаны қағаздың бір түрі вексельдің мәні — несие алынған бір соманың
төлем уақыты жеткенде келісілген жерде тауар сатып алушының сатушыға
берген міндеттемесі.

2.3. Ақша айналыс заңы

Адамзат құнының әртүрлі формалардың өз басынан өткере отырып яғни
ақша орнына әртүрлі тауарлар қолданысынан кейін (мал, тері, бақалшақ)
адамзат металл ақша айналысына қол жеткізуі. Металдың ақша ретінде қызмет
етуінен бастап одан бірте-бірте монеталар пайда болған. Монета — ол
формасы, сыртқы пішіні, салмақты құралы заңмен бекітілген. Металдан
жасалған ақша белгісі мемлекет пробаны (монетадағы таза металдардың
құрамы) массасын, типін ремедиюмді (заңмен рұқсат етілген номиналды
массасының нақтыдан ауытқуы) эмиссялау ережесін және де тағы басқа
белгіленеді.
Монетаның бет жағы — аверс, ал келесі жағы — реверс, кесіндісі —
гурт деп аталады. Монетанаң ақша айналысы бейметализм және
монометализм деп ажыратылады. Тауар өндірісі мен айналымның өсуіне
байланысты метал монеталарды вексель банкнот түріндегі несиелік
айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алады. Метал ақшадан
қағаз ақшаға ауысу себептері.
1. Метал ақша қозғалысы өте қымбат болды.
2. Монеталардың тозуымен бұзылуы.
3. Мемлекеттік билік (ремедюм мемлекеттік билікпен жалған монеталарды
жасаушылардың монеталарды бұзуы.
Қағаз ақшаны ақшаның номеналдық құнының нақты құрамынан
біртіндеп бүлінуі нәтижесінде пайда болған.Құн белгісінің соңғы формасы
қағаз ақша мемлекеттің өз шығындарын жабу үшін шығарылады. Әдетте
мкеталға айырбасталмайтын еріксіз номеналға ие. Ақша белгісі қағаз
ақшалар толық құнсыз болып келеді.Себебі өздерінің дербес құны жоқ. Қағаз
ақшаның меншікті құндарының болмауына байланысты. Олар өздерінің
жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемсіз келеді.Қағаз
ақшаларды дербес түрінде емес сондықтанда олармен қатар несиелік ақшалары
бұл несие кезінде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгісі. Несие
ақшалар несие беруші мен несие алушының арасындағы қарыз капиталының
қозғалысын көрсетеді және төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің
меншікті формасын алады. Несие ақшаның негізгі түрллері: вексель,
банкнота, чек, несиелік карточкалар.
Вексель-мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель
ұсынушыға) вексельді көрсетілген ссомманыы қаррыз аалушыыдан (вексель
ұсынушыға, вексель көрсетілген) вексель берушіден төлеуді талап ету
құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі. Вексель айналымдық
қасиетке ие болғандықтан яғни қолма-қол ақшалардың орнына
айналысқа түсуге бейім болғандықтан оны сауда ақшасы деп атайды.
Вексельдің мәні сатып алушы кәсіпорын тауарды сатып
ала отырып ақшаны бірден төлемейді. Жабдықтаушы кәсіпорынға вексель
жазып береді. Егер де несие берушіге ақша берік болған жағдайда ол
банкке барып векселін есепке алу мөлшерлестік алып қалу арқылы
вексельде көрсетілген соманы бере алады. Вексель жай және
аудармалы болады.
Жай вексельде(соло вексель)қарыз алушыға жазып береді.
Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша соммасын
төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі.
Аудармалы вексель (тратта) предитор вексель берущінің
үшінші тұлғаға қарыз алушыға вексельде көрсетілген соманы төлеу
жөніндегі бұйрығы.
Чек бұл шот иесінің тек ұсынушының шотына чекте көрсетілген
ақша сомасын қолма-қол төлеу және аудару туралы банкте берілген жазбаша
бұйрығы.
Банкнот — несие ақшаның бір түрі. Алтын құйманың немесе монетаның
иесі бұл қазынаны банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және
оны өлшегеннен соң банк алтынды сақтауға қабылдананы туралы қолхат
береді. Бұл Банктік хат банкнота деп аталады. Банкнот дегеніміздің мәні
— бұл банкирге орындалған вексель болып табылады.
Несие карточкалар— бұл банк және сауда фирмалары шығарған, банктегі
шот несиесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен
қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы
ақшалай құжат.

2.4. Ақша жүйесінің құрылымы және түрлері

Жалпы мемлекеттік заңмен реттелген елдегі ақша айналысын
ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің ақша жүйесі
бар. Қазақстанның валютасы — теңге. Ақша түрлері заңды төлем құралы болып
табылатын қағаз немесе несие ақша.
Металдық айналым мұнда ақшалай тауар, ақшаның барлық қызметін
атқара алады. Ал несие ақшалар металға айырбасталады. Мұнда алтын
айырбасталатын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылады және
қазынаға айналды.Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты.
Алтын монометализмнің 3 түрі бар.
1. Алтын монета стандарты — оған алтын монетасының айналысы, алтынның
ақша қызметін атқаруы құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу
құны бойынша айырбасталуы және т.б.
2. Алтын құйма стандарты — мұнда банкнотта заңмен бекітілген соманы
ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталады.
3. Алтын девиз стандарты — бұл банкноттардың алтынға шетел валютасына
(девизіне) айырбасталатынын білдіреді, сөйтіп ол стандарт бір елдің
валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетеді.

ІІІ Ашқаның даму кезеңдерi, қызметтерi және экономикалық мағынасы

Ақша – ежелгi заманнан пайда болған ерекше тауар болып саналады.
Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы өнiм болып табылады. Тауар – бұл сату
немесе айырбастау үшiн өндiрiлген еңбек өнiмi.
Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi.
Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестiру жолымен
табылады. Тауарлар және ақшалар бiр немесе осы тауар формасының нақты
қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады
және өзара бiр-бiрiне ауысады.
Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты неғұрлым жиi айырбасталатын
тауар – барлық басқа тауарлардың бiр-бiрiмен өзара айырбасталу құралы
бола алады. Тауар айналысының тарихи-эволюциялық даму процесiнде жалпы
құндық-эквивалеттiк немесе ресiмделмеген ақша формасын әр түрлi тауарлар
қабылдады. Әр елдiң географиялық орналасу жағдайына байланысты олардың
жалпы эквивалент рөлiндегi ақшалары әр түрлi болды.
Кейiн келе, жалпы эквивалент ретiнде – металл ақшалар қолданыла
бастады. Ежелгi Спартада, Жапонияда, Африкада темiр, мырыш, қорғасын,
мыс, күмiс, алтын түрiндегi ақшалар пайдаланды. Рим императоры Дионисий
Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйдырған.
Қытайда және кейбiр ежелгi мемлекеттерде мыс – ақша ретiнде пайдаланды.
XVII ғасырларда Солтүстiк Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын
дөңгелешiктер қолданылды 1, 11 б.
Кейiннен металдардың арасында басты рөл алтын мен күмiске өте
бастады, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн керек аса қажеттi сапаларға
ие едi.
Сөйтiп, монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы
кезең болып саналады.
Ашқаның түпкiлiктi мағынасын ұғыну үшiн, алдымен оның атқаратын
қызметтерiн айқындап алу керек. Ашқаның әрбiр қызметi – оның тауар
айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының
формасы ретiндегi әлеуметтiк-экономикалық маңызының белгiлi-бiр жағын
мiнездейдi. Мысалы, К.Маркс өзiнiң әйгiлi еңбегi (Капиталда(- ақшаның 3
формасын: алтын, қағаз, несие және 5 қызметiн: құн өлшемi, айналыс
құралы, төлем құралы, қор жинау және әлемдiк ақшалар деп атап көрсеткен.
Ендi, осылардың әрқайсысына тоқталып өтейiн.
Ашқа – құн өлшемi ретiнде. Құнды өлшеу қызметi тауар өндiрiсi
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi
ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн
атқарады. өзiнiң жеке құны бар тауар ғана құн өлшемi бола алады.
Ашқа – құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды.
Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады.
Сөйтiп, құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың
бағасын белгiлеу қажет болғаны.
Сонымен, құн өлшеу қызметi – жалпы эквивалент ретiндегi ақшаның
тауарға деген қатынасын көрсетедi.
Айналыс құралы. Бұл тауар айналысындағы ақшаның атқаратын екiншi
қызметi. Бұл жерде тауарлар бiр-бiрiмен айырбасталғанда ақша делдалдық
қызмет атқарады. Ашқа пайда болғаннан кейiн тiкелей тауар айырбастау (Т-
Т( тауар айналысы формасына (Т-А-Т( айналды. Бұнда екi акт бар: бiрiншiсi
Т-А - ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екiншiсi А-Т
– ақшаға басқа қажеттi тауарды сатып алу. Ашқаның бұл қызметi тауар
айналымына сапалық өзгерiстер енгiздi. Атап айтқанда:
Бiрiншiден, Т-А – процесi өнiм өндiрушiнiң өнiмдi өндiруге жұмсаған
еңбегiн қоғам таныды деген мағынаны бiлдiредi.
Екiншiден, бiр нарықта тауарды сатып алып, басқа бiр нарыққа сатып,
ақша түрiне айналдырып алуға мүмкiндiк туады.
Үшiншiден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А(, қажет тауарды сатып
алғанға дейiн қалдыруға болады.
Ашқа айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы
негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады
1,20 б.
Төлем құралы. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату
уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейдi. Төлемдi кешiтiре
отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметiн
атқарады.

Ашқаның төлем құралы қызметi тек тауар айналысын қамтумен шектелiп
қана қоймай, сонымен бiрге ақша қаржылық және несиелiк қатынастарға да
қызмет етедi. Ашқаның төлем құралы қызметiнiң айналыс құралы қызметiнен
айырмашылығы, бұл қызметiнде ақша сату сатып алу процестерiн аяқтайды және
қолма-қол ақшамен қатар несие ақшалары да жүредi.

Дамыған нарық жағдайында iрi сауда келiсiмдерiнде ақша көбiне
төлем құралы ретiнде қолданылады. Несие қатынастарының дамуы қолма-қол
ақшаны қатыстырмастан қарыз мiндеттемелерiн (мысалы, вексель( өзара есепке
алу жолымен өтеуге мүмкiндiк туғызады.
Сөйтiп, ақшаның төлем құралы қызметi несие қатынастары мен несие
жүйесiн дамытты.
Қорлану және қазына жинау құралы. Ашқаның айналыс және төлем
құралдары қызметiн орындауы үшiн қажеттi мөлшерде белгiлi-бiр уақытта
ақша қорын жинау керек. Әр түрлi жағдайларға байланысты тауар айналысы (Т-
А-Т( тоқтап (Т-А( қалуы мүмкiн. Осының нәтижесiнде ақша айналысы да
тоқтап, белгiлi-бiр тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине
ақша қорын жинау әр түрлi нақты себептерге байланысты.
Тауар айналымының үзiлiссiз бiрқалыпта жүруi үшiн қажеттi ақша
мөлшерi өзгерiп отырады. Сондықтан, бiр кезде айналысқа қосымша қосып,
кейде, керiсiнше ондағы ақшаны шығару қажет болады.
Қазiргi жағдайда, қазына жинау қызметi айналыстағы ақша массасын
реттегiш рөлiн атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттiң сақтандыру қоры
ретiнде болады. Алтын резервтерi мемлекетке экономикалық тәуелдiлiктiң
болуына кепiлдеме бередi. Қазiр Қазақстан Республикасының ¦лттық банктегi
алтын резерв қоры 7 млрд. 707 млн. теңгенi құрайды.
Қорыта айтқанда, ақшаның қор жинау және байлық құру құралы қызметi
арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестерi
жүредi.
Дүниежүзiлiк ақша. Халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң дамуы, шаруашылық
байланыстардың интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық
шеңберден шығып, әлемдiк нарықтың пайда болуына әсер еттi. Бұл
экономикалық қатынастар – ақшаның дүниежүзiлiк қызметiнiң алғы шарты.
Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетедi.
Кейбiр елдердiң ұлттық ақша белгiлерiнiiң дүниежүзiлiк ақша
ретiнде қолдануының себептерi:
Бiрiншiден, бұл елдердiң дүниежүзiлiк сауда мен несие
қатынастарында жоғары үлестi салмағы бар;
Екiншiден, бұл елдердiң басқа елдерге айтарлықтай несие беруге
мүмкiндiгi бар 2, 23 б.
Бiр сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдiк нарықтағы
тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердiң ұлттық валютасы
дүниежүзiлiк ақша бiрлiгi ретiнде жүредi.
Жоғарыда айтып өткендей, ақша – бұл тарихи дамыған экономикалық
категория. Ол қоғам дамуының әрбiр сатысында өндiрiс және айырбас
процесiнде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды
бiлдiредi. Қоғам – экономиканың әр түрлi үлгiсiне өткенде ақшаның маңызы
арта түседi. Мысалы, орталықтанған жоспралы экономикада керiсiнше ақшаның
мәнi шектеулi болды.
Ал, қазiргi жағдайдағы нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор.
Себебi, әр түрлi меншiк жағдайында (мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке(
жұмыс iстейтiн тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн,
түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алды.
Сондықтан да, ақша – нарықтық экономикада ақша-несиелiк реттеуде
айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу, инфляциялық процестердi жеңу
және өнiмдi ынталандыру бағытында қолданылады.

3.1. Ашқа - өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтық экономикадағы рөлi

Ашқа – бұл төлем құралын атқаратын активтер болып саналады. Ал,
өтiмдiлiк - өзiнiң номиналды құнын жоғалтпай тез, әрi ыңғайлы есеп
айырысу құралын атқаратын активтердi бейнелейдi. Яғни, ақша - өте өтiмдi
активтер болып табылады 3,230 б.
¤тiмдi түсiнiгi – ақша категориясын анықтау үшiн маңызды. Қандай
болмасын мүлiктiң немесе активтiң өтiмдiлiгi дегенде, оның оңай сатылуы
және құнын жоғалтпай ақша түрiне айналу мүмкiндiгiн айтады 4,370 б.
Демек, активтердiң ең өтiмдi түрi – ақша болып табылады. Сол сияқты, жоғары
өтiмдi мүлiктерге: алтын, бағалы метелдар мен тастар, мұнай, өнер
шығармалары жатады. Ал, өтiмi төмендеу болатындарға: үйлер, құрал-жабдықтар
(бизнесмендер оларды (мұздатылған( құралдар деп те атайды( жатады.
Фирмалар, үй шаруашылығы немесе мемлекет иелiгiндегi кез-келген
мүлiктi сатуға болатындықтан, ал келген түсiмдердi басқа заттарды сатып
алуға жұмсауға болатындықтан, оны сатып алу мүмкiндiгiнiң қор жинау
құралы ретiнде қарастыруға болады. Әйткенмен де, ақшаның басқа ешқандай
активтер ие бола алмайтын 2 қасиетi бар:
Бiрiншiсi, ақша – жаратылысынан айналыс құралы болып
табылатындықтан, оны басқадай активтерге айырбастаудың қажеттiгi жоқ;
Екiншiсi, актив ретiндегi ајшаның бұл ерекшелiгi – олардың
номиналды құны не өсе алмайды, не азая алмайды. Бұл расында да осындай,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналымының құрылысы
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Ақша айналысы, оның маңызы мен құрылымы
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Ақша айналысының эволюциясы
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
Ақша-несие жүйесі
Ақша жүйесі туралы
Ақшаның экономикалық мәнi және қызметтерi
Ақша айналысы және оның дамуы
Пәндер