Ақшаның негізгі қызметтері мен ақшаның экономикадағы рөлі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ақшаның теориялық негіздері
Қарағанды-2005
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау
Ақша теориясының даму сатылары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1. Ақшаның пайда болуы мен оның тауарлық жаратылысы ... ... ... .. 5
2. Ақша теориясының портфельдік тұрғысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
II тарау
Ақшаның негізгі қызметтері мен ақшаның экономикадағы рөлі ... ... ... . 11
2.1 Ақша қызметтері мен олардың даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Ақшаның экономикадағы рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
III тарау
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3.1 Теңге мен рубль қалай ажырасты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
3.2 Қазақстан Республикасында ұлттық валюта – теңгенің енгізілуі ... 29
3.3 Теңге тарихы мен келешегі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қорытынды орнына

... ... 40
Пайдаланылған әдебиет

. 42
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Ол тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарты және өнімі болып табылады. Тауар – бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті
алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты
еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам
тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны;
мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.
Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып,
өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
Айырбас құны тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз
бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Ақшаның рөлі әрқашанда оқымыстыларды қызықтырған. Ағылшын У.
Гладсонның айтуы бойынша адамзатты қаншалықты ақша аздырғандай, махаббат
та соншалықты аздырған жоқ.
Әртүрлі елдерде ақша ретінде ерекше танымал айырбас құралдары
қолданылды. Олардың құны тұрақты деп есептелді. Олар мал, қолөнер
бұйымдары, балық аулайтын қармақ, маталар, әртүрлі терілер, жүндер,
пышақтар, қылыштар, найзалар, оқтар және т.б. болды. Бұндай әртүрлі
пікірлер көптеген экономисттердің ақша – бұл тауар мен қызмет көрсетуге
айырбастайтынның бәрі - деген тұжырымдауына себепші болды. Бірақ бұл
ғылыми анықтама болып табылмайды. Ақша пайда болуының зерттелуінде екі
көзқарас бар: субъективті және объективті.
Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді,
келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.
Объективті көзқарас кезінде ақша – бұл жалпы эквивалент рөлі
бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша
қатынастарының даму нәтижесі екендігі дәлелденеді.
Осылайша, берілген курстық жұмыстың мақсаты – ақша пайда болуының
әртүрлі көзқарастарын талдай отырып, сонымен қатар оның қызметтері мен
экономикадағы рөлін талқылап, бұл ерекше тауардың біздің республикамыздағы
қазіргі көрінісін айқындау болып табылады.
I ТАРАУ АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ
1. Ақшаның пайда болуы мен оның тауарлық жаратылысы
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы
өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырмашылығы неде? Тауардың
ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістеуіне әсер ету жағдайларын
тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда
кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам
еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық
қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі –
тауар. Тауар дегеніміз – сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек
өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең
алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек
өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің
өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды.
Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес,
тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі
– тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны
жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие
бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың
қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни
тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды
өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы
басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу
қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда
ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың
тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да,
ал басқа тауарларға айыырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір
тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретіндетұтыну құнын алатын құрал
болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының үйлесімділігі, ол
– құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
Айта кететін жайт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі
адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер,
өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. сонда құн деген не? Құн
дегеніміз – тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының
негізі – еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны
болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді
құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін
белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет – ол тауар өндірісі, яғни
өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек
тауар өндірушілерінің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір
тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы
көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық немесе химиялық талдау
жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта – нарықта, айырбас
кезінде байқауға болады. Сөйтіп, құн – заттың қоғамдық қасиеті.
Құн – тарихи категория. Құнның негізі – адам еңбегі. Құн – еңбектің
нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында бұрыннан бар. Ал
оның еңбек теориясының негізін қалаушылар XVII ғасырдағы ағылшын экономисті
У. Петти, XVII ғасырда өмір сүрген шотландтық А. Смит, XIX ғасырдағы
ағылшын бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты
үлесті XIX ғ. К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты
сипатын, яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның
сыртқы көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады.
Тауардың екі жағының – тұтыну құны мен құнының – қайшылықтары болғанымен,
ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.
Тауардың ішкі қайшылақтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа
жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам
дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық
отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім
шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі
тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар
болу үшін өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату-сатып
алу кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер
өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны.
Бұл біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне, дәл
сатып алу-сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-қайшылықтары
шешіледі.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан
әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне
айырбасталып қана қоймай, сонымен қатар бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше
бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды.
К. Маркстың сөзімен айтқанда: Айырбас құны тауарлардан бөлініп және
сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол – ақша. Әрбір
жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды
ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас үдерісінде бірін-
бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.
2. Ақша теориясының портфельдік тұрғысы
Біз ақшаның айналым қаражаты және құнды сақтау қаражаты екендігін
көріп тұрмыз. Бұл жердегі ең маңызды мәселе – жоғарыда айтылған бірінші
екіншісіз бар бола алмайтынында. Осылайша ақшаны актив, яғни көп уақыт
аралығында сақтанатын, бірақ та нақты тұтынушылық, мысалы тұтыну үшін сатып
алынатын және бір сәтте сатылатын болса оны қарастыруға болатын, азық-түлік
немесе ойын-сауық тауарларынан бір нәрсесімен айырықшаланатын деп айтуға
болады.
Мінеки, ақшаға деген бұндай көзқарас ақша теориясының ерекше тұрғысы,
яғни портфельдік тұрғы негізінде жатыр. Бұл тұрғы – қазіргі уақыттағы жалпы
ақша теориясының негізі болып табылады. Капиталисттік қоғамда адамдар өз
байлығын әртүрлі формада сақтай алады. Олардың ішіндегі ақша – тек
формалардың бірі ғана. Тұлға ақшаға, әртүрлі мемлекеттік облигацияларға,
жеке компаниялар мен несие жинақтаушы қауымдастықтар акцияларына, заттай-
физикалық формадағы капиталға, мысалы үйлерге, ие бола алады. Немесе,
экономикалық ойлау мектептерінің біріне сәйкес, тұлға қаражатты адамдық
капиталға (білім беруді сатып алу) инвестициялауы мүмкін. Портфельдік тұрғы
жеке тұлғаны оның белгілі байлық қоры бар болған жағдайда және бұл байлықты
белгіленген уақыт периодінде қандай актив түрінде сақтау жайлы шешімді
қабылдаған уақыт сәтінде қарастырады. Сонымен бірге жеке тұлға өз
байлығының қаншалықты бөлігін ақша түрінде сақтау керек екендігі жайлы
сұрағын да шешеді.
Бұл тұрғы ең алғаш рет Хикспен (Hicks, 1935) нақты қалыптастырылған
қағидаларына сәйкес келеді. Тұлға жеке өзіндік байлықты – W активтердің
бірнеше түрлерінің арасында бөлуі тиіс. Бөлек авторлармен қолданылатын
модельдерде ерекше, өздігінен таңдалған активтер жиынтығы болады.
Талдауымыздың бұл сатысында біз екі активті ғана пайдаланайық – ақша (М)
және мемлекеттік облигациялар (В). Анықталған уақыт мерзімі аралығында
байлық сақталынатын активтің әрқайсысының сомасын анықтаған мезетте тұлға
байлықтың жалпы сомасымен шектеледі:
Wt = Mt + Bt
бұл жердегі t – шешімді қабылдау сәті. Бұның мақсаты – шешімді қабылдау
периодының аралығында байлықтан түсетін табысты мейлінше арттыру деп айтуға
болады. Бірақ та, бұдан кейін біз, егер табыстылықтың келешектегі
нормаларымен байланысты анықталмағандылық бар деген ой жіберілсе, онда
объективті қызметте басқа факторларды да, мысалы: тәуекелділікті мейліше
төмендетуді есепке алу керек екендігін көреміз.
Адамдар әр форманың салыстырмалы табыстылығын бағалау арқылы өз
байлығын ақша мен облигация арасында реттеу сәйкестілігінің
үйлесімділіктерін анықтайды. Бұл табыстылық қаншалықты екен? Облигация
табыстың екі түрін әкеледі: облигация иесіне төленетін пайыз, капиталдың
өсуі салдарынан туындайтын табыс (capital gain); оны, егер облигация
иесінде сақталып жатқан уақыт аралығында оның курсы көтерілген жағдайда,
алуға болады. Баламалы түрде басқа активтер де өз табыстарының ерекше
түрлерін әкеледі.
Облигациялар әкелетін rB табысына сәйкес ақша rM табысын әкелетінін
елестетіп көрейік. Сонда, тұлға активтердің әрқайсысынан түсетін табыстың
шекті нормалары бірдей болған қалыпта ақша мен облигацияларын сақтайтын
болады. Бұндай жалпыға бірдей шарт қанағаттанарлық жағдайда тұлға өз
байлығының қорына табыстың жалпы сомасын мейлінше арттырып отырады.
Тервидің (Turvey, 1960) айтқанынша, портфельдік талдаудың қағидалары
тұтынушылық таңдау теориясының қағидаларымен салыстырмалы түрде бірдей.
Соңғысына сәйкес, тұтынушы тауарды тұтынудан келетін пайдалылықты мейлінше
арттыруды есепке ала отырып, баламалы тауарлар түрлерін тұтынуға реттеуді
қажет ететін табысқа ие. Бұған ұқсас реттеуді тұтынушы берілген тауарға
жұмсалатын шығынның бір долларына сәйкес келетін шекті пайдалық басқа әрбір
тауарды сатып алуға жұмсалатын шығынның бір долларына сәйкес шекті
пайдалылығына тең болған жағдайдағы тауарлар мөлшерін тұтынғанда жүзеге
асырады. Портфельдік талдау жағдайында тұлға табысты емес, активтер қоржыны
түріндегі (тұтынушылық игіліктер жиынтығы түрінде емес) байлықты реттейді.
Бірақ та тура сондай қағидаларға қол сұғады.
Портфельдік тұрғыны талдауда біз, әзірше, осындай жалпылау деңгейінде
тоқтаймыз.
II ТАРАУ АҚШАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН АҚШАНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

Тауарлардың бөлек түрлерінің артықтарын айырбастаудан қоғамдық еңбек
бөлінісінде негізделген өндірістің нәтижесі ретіндегі жалпы айырбасқа дейін
тауарлы-ақшалай айналым үлкен жол шекті. Бұл жол бәріне ортақ балама
ретіндегі күміс пен алтын рөлінің қалайша өзгергенін көрсетеді.
Нарықтық қатынастар дамуының жоғары деңгейі жағдайында ақша қызметі
ретіндегі жинақтау қаражаты (қазына) және айырбас құнының санаты құн мен
айналым қызметтерінен шығады. Қазынаны құн өлшеуішімен оның жалпы қоғамға
қажетті еңбектің заттай іске асырылуының нәтижесі болуы керектігі
жуықтастырады. Бірақ та, қазынаны сақтау қаражаты ретіндегі ақша, құн
өлшеуішінен гөрі заттай емес идеалды рөл атқарады. Бәріне ортақ байлықтың
материализациясы бола отырып, оның айналым өрісінен тыс өзіндік тіршілігі
болады.
Ерекше тауар ретіндегі ақша формасының молшылық нәрселерінің, алтын
және күміс бұйымдардың формасына өзгеруге беталысы бар. Көптеген
мемлекеттерде қазына қорының бар болуы ақша айналымы тұрақтылығының бірден-
бір факторы ретінде қарастырылады. Қазына қорының ақша металының айналым
өрісінен жинақтау өрісіне және кері қарай жүйелік кірісі мен шығысын
қамтамасыз ете алушылық мүмкіндігі назарға аударылған еді. Бұл қызметтегі
ақша жиыны көлемінің кеңеюі және тартылуымен сәйкес келеді. Мұндай
манипуляциялардың нәтижесінде ақша ешқашан ақша айналымы арналарын қажеттен
тыс толықтырмайды, нәтижесінде ақша жүйесінің бүтіндей қозғалмалы тепе-
теңдігінің қажетті шарттары пайда болады.
Біраз уақыттан кейін ұлттық байлық түріндегі қазынаны жинақтаудың рөлі
төмендей мүлде жоқ болып кетті. Қазынаны жинақтау банктік резервуарларда
(ең жиі орталық эмиссиялық банкте) шоғырланған қоғамның алтын қоры түрінде
жүзеге асырылады.
Тауар өндіруші ұлттық нарық ішіндегі өзара есеп айырысуларда әртүрлі
формаларды:
• несиелік қатынастар;
• төлем мерзімін ұзартумен тауарды сату;
• келісім шарттар (мерзімдік, кілтке, фрахттік, фьючерстік);
қолданғандағы тауарлы-ақшалай қатынастар дамуының жоғары сатысына төлем
қаражаты ретіндегі ақшаның қызметі сәйкес келеді.
Ақшаның жаңа рөлі оның қарыздық міндеттемені төлеу құралы бола отырып,
тауарлы-ақшалай айналымның орнына келген тауарлы-несиелік айналым
формасында болуы.
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау үдерісінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет
атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау
құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің
жеке құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл
қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша – еңбек өлшемі, ол жұмыс
уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі
еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен
өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны оның бағасы болып табылады. Толық
құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның
орнына ақша кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Осылайша,
ақша сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтай үшін баға масштабы
қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс)мемлекет заңды түрде баға
масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне
бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың
салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің
фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның
салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға
масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды
емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына
(31,1 г.) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973
жылдардағы доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың
қаңтарында 850 долларға дейін жетті.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978жж.) нәтижесінде арнайы алтын
бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға
масштабы негізінде орындалады.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар
алтынмен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау
жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын нарығындағы
несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз
және несие ақшаларының құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақша тауардың
құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз
ақшаларының пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан
ажырауына алып келді.
Ақша – айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды
өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын
тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде ақша делдал рөлін атқарады, ал бұл кездегі
сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай
келмейді. Стаушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы және басқа нарықтан сатып
алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі
өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, ақша айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады
және сату-сатып алу үдерісіне қызмет етеді.
Бізге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік,
коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды.
Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және
т.б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
• тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
• оны идеалды ақша емес, нақты (қолма-қол) ақша орындайды;
• ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез
орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақша емес (алтын), оны
ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты
емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуымен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы
негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады.
Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір – несие тауар мәмілелеріне қызмет
ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың
қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша – төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты.
Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы
тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу үдерісін
еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауардың қозғалысынан ерте немесе кеш
жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар
төлемақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл
жағдайда ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен
бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді
төмендегідей етіп топтауға болады:
• тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты
міндеттемелер;
• еңбекақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша
борыштық міндеттеме;
• сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар.
Бұл қызметте ақша делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды
аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы
байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны
берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген
кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақша (қағаз немесе
несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақша атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы
ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде
қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына
жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы
өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда
қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген
қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу
үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер сомасы
айналыс үшін ақшаның мөлшерін азайтады. Егер қандай да бір бөлімде борыштық
міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен
бірге басқа да төлемсіздік тізбісін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен
берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және т.б.).
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және
айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақша
қорлануының қажеттігі Т – А – Т айналымының екі актілерге Т – А және А – Т
айырылуымен байланысты.
Капиталисттік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты таза
қазына формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді.
Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын
мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл
қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға
(өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі
тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну
заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы
байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақша (алтын) материалданған құнның
формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау
құралы қызметін тек қана бағалы немесе нағыз ақша орындауы мүмкін.
Қазыналарды қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау
түрінде жүзеге асады.
Металл ақша айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын
реттеуші рөлін атқарған болатын. Өндірістің және тауар айналысының кеңеюі
барысында металл ақша қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.
Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын
реттегіш рөлін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры
ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің
болуына кепілдеме береді. 1998 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банктегі монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 млн. теңгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара
алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде
олар қорлану қызметін жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана
бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып,
олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе
алады. Шынында да, бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни
инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
• кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік
шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық
қорлану;
• банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары
банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс үдерісіне түседі.
Сөйтіп, ақша бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу
үдерісіне дәнекер болады.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық
байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы
дүниежүзілік ақша қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақша
интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы
ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақша, ал кейіннен нағыз ақша
атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап
бекітті.
Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет
етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстың айтуынша: ақша өзінің
ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киеді, яғни
жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді.
Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға
алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 ж. халықаралық есеп
айырысулардың 80 %-ы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым
вексельдер көмегімен жүзеге асырылады, ал алтын халықаралық есеп
айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.
Бреттон-Вудстағы (1944) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт
стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік
ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ – еуропалық
есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға
ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі еуро айналысқа шықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшаның металл ақшадан
несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда. Қазіргі уақытта
дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже
жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СБР, ЭКЮ) өзіндік меншікті
құқықтағы жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның
қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы
операциялар арқылы алтын атқарады.
.
2.2 Ақшаның экономикадағы рөлі
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және
тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша
айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша
айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасрдың басында (1516 жылы) утопиялық социализмнің негізін
қалаушы Томас Моор өзінің Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік
құрылымы туралы алтын кітап деген еңбегінде: Алдау, ұрлау, тонау... кісі
өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл
жөнінде алдын-ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрамай,
олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың
алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді.
Егер ақша адам өмірінен алып тасталынатын болса, онда тіпті ақша
қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді.
Біраз уақыттан кейін Т. Моор тағы былай деді: Қай жерде болсын барлық
нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің
табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес.
XIX ғ. Әлеумет утописттері – Прудон, Оуэн, Грей және басқалары ақшаға
теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың
жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейін,
азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны
жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда
бола бастады. Керек десеңіз, ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне
тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз
аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері – тредаларды, ал
ағылшын экономисті Смит Фильтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды
пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз
қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе
ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша
дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және
бола береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді. Бірақ тауар ерекше
жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа
тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар
өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген.
Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи
қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл
қасиет қоғаммен берілген.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бір лайық тауар болып
қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі,
бұзылмайды, тот баспайды, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz