Инфляцияға қарсы күрес
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары. Инфляцияға қарсы күрес.
4
1.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салаларға әсері. 4
1.2. Антиинфляциялық саясат 7
2. Қазақстан Республикасындағы инфляция процесі және оған қарсы саясат. 11
2.1. Қазақстанда инфляцияның пайда болу себептері және әлеуметтік-
экономикалық салаларға әсері. 11
2.2. Қазақстандағы антиинфляциялық саясат. 12
Қорытынды 16
Қолданған әдебиеттер 18
Кіріспе
Қазақстанның нарықтық даму жолына өту барысында, Республика бұрыңғы
КСРО-ның жасырып келген көптеген экономикалық проблемаларымен кездеседі.
Осы кезде мемлекет алдында тұрған ең басты мәселелердің бірі бұл тұрақты
ақша жүйесін құру болды, өйткені оптимальды ақша массасының айналымы мен
қаржы-несие институттарының жұмысынсыз экономиканы дамыту мүмкін емес еді.
Ақша жүйесінің тұрақтылығы ең алдымен инфляция деңгейіне және мемлекеттің
жүргізіп отырған ақша-несие саясатына байланысты. Инфляция экономикалық
құбылыс ретінде барлық мемлекеттерде байқалады және оған мемлекет тарапынан
үздіксіз қадағалау мен реттеу жүргізіп отыру қажет.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық және
әлеуметтік өміріндегі ең бір өткір проблемаларының бірі. Бұл проблема
бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттердің барлығын қамтып өтті.
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен, ол тек ақшаға ғана тән
ғажайып құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны
тудырушы шаруашылықтың түрлі салаларындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің
бұзылуы.
Жоғарыдағы айтылғандарды ескеріп, инфляция дейтін экономикалық
құбылысты зерттеу өте актуальды болып табылады.
Менің осы тақырыпты таңдап алуымның басты себебі - инфляцияның
экономикалық құбылыс ретінде экономиканың барлық салаларына (өндіріске,
қаржы-несие жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық салаға және тағы басқаға)
әсер етуі.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты - инфляцияны қазіргі экономикалық
жүйенің айрылмас құбылысы ретінде терең зерттеу. Курстық жұмыста мен
мынадай негізгі мәселелерге көңіл бөлем:
1) инфляцияның мәнін ашу, оның түрлерін анықтау және пайда болу
себептерін танып білу.
2) инфляцияның әлеуметтік-экономикалық, зардаптары мен антиинфляциялық
күрестің қазіргі кездегі әдістерін зерттеу.
3) Қазақстандағы инфляциялық процестің дамуы мен оған қарсы
мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты туралы сөз болады.

1.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салаларға әсері.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болады. Экономикалық
зардаптары инфляцияның түрлері мен балама көздеріне байланысты болып
келеді. Мысалы, сұраныс инфляциясынан:
• бюджет тапшылығын тудырады. Айта кетерлік жағдай, әскери
шығындардың нәтижесінде мемлекеттің баспа машинасын (станогін)
пайдаланудың сатысында жұмыссыздықтың азаюы мен бағаның
төмендеуіне әкелгенімен соңында болатын сұраныстың өсуі бағаны
көтереді.
• өндіріс құлдырайды, оның тиімділігі төмендейді. Ойлап қарасақ,
сұраныс көп болса, белгілі бір тауарды өндіруші тауар
өндіруде сапа жағын қарастырмайды. Ол тек көтерілген сұранысты
қанағаттандыру үшін тек бағасын көтереді немесе сапасыз тауар
өндіреді.
Шығындар инфляциясында шикізат бағасы және тағы да басқа тауардың
өзіндік құнын анықтайтын факторлардың бағасы өседі, жалақы көтеріледі?
Тауар бағасының өсуі халық табысын төмендетіп, жалақыны қайта
индекстейді. Жалақының өсуі пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген белгілі
бір баға бойынша өндірілетін өнім көлемінің қысқаруына және тағы басқаларға
әкеледі. Әрине, нарықтық жағдайда әрбір өнім өндіруші өз пайдасын сақтап
қалуға тырысатыны анық. Ендеше ол әрине бағаны көтереді. Мінеки,
экономикалық "инфляциялық серіппенің" мәні осында.
Бір жағынан, алып қарасақ, инфляцияның жоғарғы деңгейі баға мен пайда
нормасын жоғарылатып, уақытша конъюктураны жандандырады. Дегенмен, екінші
жақтан процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі
келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді.
Инфляция шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Инфляцияның жоғарғы кезеңінде
баға мөлшері әр түрлі өседі. Ал бағаның әр түрлі өсіп, өзгеруі экономика
салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын
бүркемелеп, ішкі рынокта тауарларды өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция
тұтынушылардың ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесс таудан аққан
тасқындай дамып, тауарға тапшылықты тудырады, ақша қорлануына ынтаны жойып,
елдегі қалыптасып отырған несиелік жүйені бұзады, ең алдымен халықтың
жинағы құнсызданады, банктер мен несие беретін мекемелер зиян шегеді.
Ешбір нарық жеке дара емес. Ол екінші нарықпен тікелей байланыста.
Әсіресе бұл қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы жағдайында ерекше
орын алады. Олай болса инфляцияның қарқыны бір елден екінші бір елге
өндірістің интернационализациялануы нәтижесінде ауысып отырады, бүкіл
әлемдік экономиканың сәйкестігін бұзады. Егер бұндай жағдай ең үлкен
дамыған экономикалық әл-ахуалы бар ірі мемлекттерде (мысалға айталық
Жапонияда) болса, ол бүкіл әлемге ықпалы жоғары. Инфляция сонымен бірге
халықаралық валюта және несие қатынастарын күрделендіреді, халықаралық есеп
айырысуды қиындатады және нәтижесінде мемлекет арасындағы, елдер арасындағы
терең экономикалық қайшылық саяси шиеленісулерге әкелуі мүмкін.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта
бөледі, халыққа салық үстіне салық болып автономды тұтыну мөлшеріне өзгеріс
әкеледі. Әдетте жалақы мен табыстың, болмаса зейнет ақының, яки жалақының
өсуі, жәрдемақының өсуі, бағалардың өсуі тауарлар мен қызметтер бағасының
өсуінен кейін белгілі бір уақыт аралығында жүреді. Ендеше халықтың
әлеуметтік жағдайы нашарлап, кедейшілік көбейеді, төлем қабілеті
нашарлайды. Халықтың бай тобы мен кедей тобының арасында үлкен айырмашылық
пайда болады, инфляция қарқынын өз мақсатына жете пайдаланып, банктен арзан
несие алған борышқор жоғары инфляция кезінде, борышты қайтару барысында
үлкен ұтысқа ие болады. Себебі арзан несиені инфляция болмай тұрған
жағдайда алған борышқор сол ақшаға нақты түрде зат сатып алады немесе
қызметті пайдаланады, яки болмаса кәсіпорын ашады.
Инфляцияның зардабын барлық жағдайда жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп
иелері, зейнеткерлер және тағы да басқалар басынан ауыртпалығын өткереді.
Инфляцияны тежеу үшін экономикада "жұмыссыздар" санын өсіру арқылы
тежеуге болады деген тұжырым (Филлипс қисығы) бар. Дегенмен бұл заң
орындалу үшін жұмыссыздар саны өте көп болуы тиіс. Ендеше инфляциямен бірге
жұмыссыздар саны да көбейеді ғой. Себебі есеп айырысу мүмкіндігінен
айырылған кәсіпорындар банкрот болады да, нәтижесінде жұмыссыздар көбейеді.
Жұмыссыздықтың 1%-ке көбеюі Жалпы Ұлттық Өнім көлемін 2,5 %-ке азайтады.
Жұмыссыздықтың өсуі тіпті кейбір статистикалық әдебиеттерде криминалдың
көбеюіне әкелетінін меңзейді. Мысалға 1%-ке өскен жұмыссыздық 7%-ке жуық
қылмыстық оқиғаларды өсіреді.
Бұл аталғандар инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарының тек
бір ғана көрінісі.
Филлипс қисығы.
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салаларымен қатар жұмыспен
қамсыздандыру процесі арасында тығыз байланыс бар. 1958 жылы ағылшын
экономисі А.Филлипс сұраныс инфляциясының моделін ұсынды. Ол 1956-1961
жылдары Англия статистикалық көрсеткіштерін пайдалана отырып, жұмыссыздық
деңгейі мен жалақы мөлшері арасындағы өзара тәуелділікті бейнелейтін
қисықты ұсынды[1]. Осы қисықпен жұмыс істеу нәтижесінде А. Филлипс
Англиядағы жұмыссыздықтың 2-3 %-ке өсуі баға мен жалақы өсуінің күрт
төмендеуіне әкеліп соғатынын анықтады. Осының нәтижесінде жұмыссыздықтың
төмендеуі баға мен жалақының өсуіне себепші болады деген қорытынды жасауға
болады. Яғни, мемлекет жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселесін инфляцияның
деңгейінің өсуі есебінен шеше алады.
А.Филлипстің есептеулерінің теориялық негізін экономист Р.Липси
қорытып шығарған. Кейінгі кезде американ экономистері П. Самуэльсон мен
Р.Солоу Филлипс қисығын, жалақы мөлшерін тауар бағаларының өсу деңгейімен
алмастырып одан әрі жетілдірді. Филлипс қисығы осы өзгертілген түрінде
экономикалық саясатты бағдарлап, зерттеу жұмыстары негізінде қолданына
бастады. Филлипс қисығы ең алдымен жұмыспен қамсыздандыру мен өнім
өндірудің жоғары деңгейімен қатар болуының мүмкіндігін туғызатын шарттар
тұрақты баға деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Абцисса осінде - жұмыссыздық деңгейі, ордината осінде - тауар
бағаларының өсу екпіні (деңгейі) беріледі. Қисық осы екі көрсеткіштердің
ара-қатынасын көрсетеді.
Егер үкімет И1 —жұмыссыздық деңгейін (оған, Р1 тауар бағасының деңгейі
сәйкес келеді) мүлдем жоғары деп қарастырса, оны төмендету үшін бюджеттік
және ақша - қаржы шаралары жүргізіледі. Бұл шаралар сұранысты реттеп,
өндірістердің кеңеюі мен жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі.
Сонда жұмыссыздық И2 - ге шейін төмендеп, инфляция деңгейі Р2 - ге шейін
өседі. Бұл жағдай экономикалық дағдарыс тудырып, үкімет қаржыны шектеу,
мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту тағы да басқа шараларды қолдануға
мәжбүр болады. Нәтижесінде баға деңгейі Р3 - ке шейін төмендеп,
жұмыссыздықтың деңгейі, керісінше И3 көрсеткішіне дейін көтеріледі.
Экономиканы реттеу тәжірибесінен Филлипс қисығының тек қана қысқа
мерзімді экономикалық жағдайда қолданыла алатындылығы көрінеді. Себебі,
ұзақ уақыттың (5-10 жыл) экономикалық жоспарлауда И көрсеткіші
жұмыссыздықтың жоғары деңгейіне қарамастан басқа көптеген себептерге
байланысты инфляция өсе береді.
Мемлекет тарапынан жұмыссыздықтың төмен деңгейін инфляция құнына
сатып алу тек қана шаруашылық агенттердің "жалған күштің" барына сендіру
жүзеге асқанда ғана болуы мүмкін. Жұмысқа тұрушылар жалақы мөлшерінің өсуін
бақылап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Осы кезде Филлипс қисығының
концепциясында тұжырымдалғандай инфляция деңгейінің өсуі және оған
байланысты жалақы мөлшерінің өсуі жұмыссыздықты азайтады. Бірақ уақыт өткен
сайын халық мұндай жоғары жалақы мөлшерінің шын мәнін түсіне бастайды.
Адамдар тапқан табыстарына аз тауар мөлшерін сатып ала алатындығын аңғарып
жоғары жалақы мөлшеріне еңбек ұсынысын азайтады. Сонымен қатар Филлипс
қисығы экономикалық анализде инфляция кездерінде ғана қолдануы мүмкін.
Кездейсоқ экономикалық дағдарыс инфляция деңгейін күтпеген жерден өсіріп,
жұмыссыздық деңгейін күрт көбейтуі мүмкін. Яғни Филлипс қисығы беретін
статистикалық қатынастар ұзақ уақытқа бағытталған тұрақты экономикалық
заңдылықты бермейді.
Оның орнына табиғи жұмыссыздық деңгейі теориясы пайда болды. Бұл
теория 1979 жылдан бастап АҚШ-тың, Англияның экономикалық анализ жасауда
қолданыла бастады.
Бұл теорияның мәні мынада: ұзақ уақытқа жоспарлауда инфляцияның
қалыпты, яғни қоғамға аса үлкен зиян келтірмейтін деңгейі жұмыссыздықтың
тек қана табиғи деңгейі кезінде ғана болуы мүмкін. Жұмыссыздықтың мұндай
деңгейі әр түрлі мамандықтардың қажеттілігі туралы мәлімет, жұмыс күші
нарығының құрылымымен, тағы басқамен анықталады.
Алайда, жұмыссыздықтың табиғи деңгейін, инфляцияның деңгейін
төмендететін экономикалық саясат инфляцияның инерция әсерінен өсе беру
салдарынан мақсатына ылғи да жете бермейді.
Инфляцияның философиясы мынада: бірте-бірте тереңдеуіне байланысты
экономиканы уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі
жасайтын факторға айналады. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді,
экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, елде әлеуметтік-экономикалық
тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды,
жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең
пайдалы салаларына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен
астыртын дамуын жеделдетеді.
1.2. Антиинфляциялық саясат
Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға
қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы
тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие
экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатаң бақылауға алу сияқты жалпы
экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда
ақша реформасы жасалады. Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы
бар:
• бірінші, жаңа ақша жүйесін құру - ол алғашқыда метал ақша
жүйесін құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде,
яғни отаршылық (колониялық) жүйе құлап, оның орнына
отаршылдықтан арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер пайда болғанда
және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдері құрылғанда
бұл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән жаңа ақша
жүйесі пайда болды.
• екінші, ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа
ақша өлшемін енгізу, баға масштабын, ақша түрлерін және тағы сол
сияқты өзгерту.
Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген мемлекеттер ақша
айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтірудің ең бір қажетті
жолы ретінде мына әдістерді қолданады: нуллификация, реставрация
(ревальвация), девальвация және деноминация.
Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны
енгізу әдісі. Мысалы, 20-жылдары Германияда соғыстан кейінгі ұшқыр
инфляцияның нәтижесінде рейхсмарка құнсызданып, 1924 жылы енгізілген жаңа
маркаға 1:1 трлн. ескі рейхсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Сөйтіп
құнсызданған ескі марка жойылды.
Реставрация - ол ақша өлшемінің бұрынғы алтын құрамын қалпына келтіру
әдісі. Мысалы, Англияда Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1925-1928
жылдардағы ақша реформасы кезінде фунтстерлингтің алтын құрамы соғысқа
дейінгі қалпына келтірілді. Ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
реставрация-ревальвация ретінде доллармен салыстырғанда ұлттық валютаның
ресми курсын көтеру арқылы жүргізілді. Содан кейін Халықаралық валюта қоры
ақша өлшемінің алтын құрамын тіркеуден өткізді. Мысалы, ГФР үш ревальвация
(1961, 1969, 1971 жж) өткізді, яғни марканың курсы осы он жылдың ішінде үш
рет жоғарылады.
Девальвация - ақша өлшемінің алтын құрамын төмендету. Ол Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ долларына шаққанда ұлттық валютаның ресми
курсын да, оның алтын құрамын да төмендету. Долларды екі рет девальвациялау
нәтижесінде оның алтын құрамы 1971 жылдың желтоқсанында 7,89 %-ке, ал 1973
жылдың ақпанында 10%-ке төмендетілді. 1973 ж. "өзгермелі" валюта курсын
енгізген соң, девальвация Еуропа валюта жүйесінде "реттелетін валюта курсы"
топтастығында жүргізілді.
Деноминация - ол "нольдерді сызу" әдісі, яғни баға масштабын
ірілендіру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап баға масштабы
10 есе ірілендірілді. 1961 жылы шыққан жаңа 1 рубль ескі 10 рубльге тең
алмастырылды. 1988 жылы Бразилияда енгізілген жаңа ақша өлшемі - нокрузадо
бұрынғы құнсызданған 1000 крузадоға эквивалентті болды. 1998 жылы Ресейде
де рубльге деноминация 1:1000 ескі рубльге арақатынасымен жүргізілді[2].
Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты
инфляцияға қарсы саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:
• Дефляциялық саясат
• Табыс саясаты
• Индексациялау
Дефляциялық саясат - бұл ақша және несие механизмі арқылы ақшаға деген
сұранысты шектеуді, салық механизмін қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды
азайту, несие үшін пайыз мөлшерін жоғарлату, ақша массасын шектеу әдістерін
білдіреді.
Дефляциялық саясаттың әрекет етуіндегі басты ерекшелік, яғни
экономикалық өсудің бәсеңдеуі және дағдарыстың, құбылыстың болуымен
сипатталады.
Табыс саясаты — бағаға және жалақыға бақылау жасау шараларын
білдіреді. Әлеуметтік мотивтерге байланысты инфляцияға қарсы саясаттың бұл
түрі өте сирек қолданылады.
Индексациялау (толық немесе жартылай) — ақшаның құнсыздану нәтижесінде
болған шығынның орнын толтыру әдісін білдіреді.
Инфляция экономикалық "аурудың" ерекше түрі. Ол бір мезгілде
материалдық-қаржылық сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі себептері ретінде
көрінеді. Оны бүкіл шаруашылық механизмімен емдемей жеңуге болмайды, яғни,
егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асуын қиындататын
болса экономиканы сауықтыру нәтижесіз болуы мүмкін.
Антиинфляциялық саясаттың маңызды элементтерінің бірі-қаржыны
сауықтыру және халық шаруашылығын тұрақтандыру, шығыны көп және
рентабелділігі төмен шаруашылық субъектілерін қысқарту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz