Аралас экономиканың сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе2

1 Аралас экономиканың пайда болу үлгілері, мәні3

1. 1 Аралас экономиканың сипаттамасы3

1. 2 Қазақстанның тәуелсіздік алуынан бұрынғы экономикалық жағдайына қысқаша шолу7

2. Қазақстан аралас экономика кезеңінде12

2. 1. Нарықтық қатынастарға көшу: қиыншылықтар мен күрделі мәселелер12

2. 2. Республика өнеркәсібінің дамуындағы ахуал15

2. 3. Аралас экономика кезеңіндегі Қазақстан ауыл шаруашылығының жағдайы20

3. Нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі Қазақстанның жетістіктері26

Қорытынды28

Қолданылған әдебиеттер30

Кіріспе

Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық үрдістерді белгілейді.

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында тиянақты, қатаң бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі, нарықтық қатынас принципімен, дамуды қамтамасыз ету үшін, ол елде - бәсекелестік шешуші роль болып атқарылады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін, өте қатал бақылауды тексеру қажет. Соның нәтижесінде ғана, нарықтық қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады.

Осыған байланысты бұл курстық жұмысым аралас экономика төңірегінде өрбімекші. Қазіргі таңда бұл тақырып бүгінгі күннің талабын қанағаттандыратын ең негізгі тақырыптардың бірі болып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты: аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалын саралау.

1 Аралас экономиканың пайда болу үлгілері, мәні

1. 1 Аралас экономиканың сипаттамасы

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатпарларында да терең өзгерістер туғызады1.

Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар, жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын - аралас экономиканы туғызады.

Тауарлы өндіріс - аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.

Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистік өндірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді.

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс аралас экономиканы сипаттайды , ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі.

Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені ешқандай қыстау, қинау шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің "ескертуімен" өзгеріп жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.

Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

Әр түрлі елдердің қазіргі экономикасын аралас экономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-тың немесе ГФР-ның экономикасын өтпелі деп айтуға келмейді. АҚШ-тың, ГФР-ның экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ-тың немесе ГФР-ның қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополистік капитализмнің немесе индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғышарттар аралас экономика ұғымын анықтайды және оның мынадай белгілерін атап өтуге болады. Алдымен аралас экономика қоғамдық өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды . Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлбрейт "Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыруы тиіс"2 деп жазды.

Аралас экономиканың алғашқы көрінісі - экономиканы реттеуге мeмлeкeттің apaласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т. б. шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі - мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

Аралас экономиканың басты белгісі - мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.

Мемлекеттік меншіктің пайда болуы - тауар қатынастарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу 3 . Оларды қолдану басқарудың мемлекеттік және де басқа органдарда жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады.

Аралас экономиканың мәнді бір сипаты - микро- макро деңгейіндегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың, басқарудың ролінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары ролінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады.

Қарастырып отырған аралас экономиканың белгілерінің тағы бір жағы жекеленген кәсіпорындардың трест, концернге, диверсификацияланған фирмаларға ауысуы. Олар микро деңгейдегі ұйымдастыру мен басқару қызметін түбірінен өзгертеді. Ірі кәсіпорындардың көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндіктеріне қарап өнім шығаруы - бәрі баға белгілеуге, сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтың берекетсіздігін жоюға жағдай жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Аралас экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық даму дәуіріндегі экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілі бір заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына тәуелді. Аралас экономика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретінде пайда болып, тек қана ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Бұл шеңбердің ұлғаюы тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдерді қамтуынан айқын білінеді. Олар тауарлы өндіріс заңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетінің күрделенуінен, элементтерінің жаңа түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып табылады.

1. 2 Қазақстанның тәуелсіздік алуынан бұрынғы экономикалық жағдайына қысқаша шолу

Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. Осымен байланысты он екінші бесжылдықта 1986-1990 жж. республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, бұл бағытта болған жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ет, сүт өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.

Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан резервтері іске қосылмады.

Өнімнің өсуінің күрт төмендеуінің тағы бір негізгі себебі - ел ішіндегі жағдайдың шиеленісуімен байланысты еді. Бұрынғы, ертеден келе жатқан кемшіліктерге еселенген жаңа қиындықтар қосылды. Олар КСРО-ның тарауына байланысты республикалар арасындағы экономикалық қатынастардың үзілуі, бір-біріне тауарлар жіберу жөніндегі міндеттемелердің орындалмауы, қаржы-несие мәселесіндегі қиындықтар болатын. Осының салдарынан, ең алдымен, Орта Азия республикалары мен Қазақстанның экономикалық жағдайы нашарлап кетті.

1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының, бұрынғы жылдармен салыстырғанда, мықтап құлдырағаны байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дәрежесі мейілінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады. Кеншілер ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті.

Экономикалық дағдарыс республикадағы өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. 1991 жылы аграрлық секторда да қиыншылықтар аз болған жоқ. Көктемнің ерте шығуы, жаңбырдың болмауы, мамыр айында салқын түсіп, топырақтың тоңазуы көп жерлерде астықтың шығымын төмендетті. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.

Қазақстанда республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Оның құрамына енген белгілі экономист Г. Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг тағы басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шұғылданды.

Мемлекеттік шаруашылық басқару құрылымы өзгеруіне байланысты пайда болған қиындықтарға, бұрынғы әкімшіл-әміршіл жүйе қалдықтарының тарапынан болған қарсылықтарға қарамастан нарықтық саудаға көшуде біраз іс тындырылды. Республика Президентінің жарлығымен жекешелендіру жөнінде Мемлекеттік комитет құрылды. Ал 1991 жылғы шілде айында өткен Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің IV сессиясы мемлекеттік меншікті жекешелендіру жөнінде арнайы заң қабылдап, 1991-1992 жылдарды қамтитын оның бірінші кезеңінің бағдарламасын бекітті.

Бұл бағдарлама бойынша:

- бұрынғы Одаққа қараған кәсіпорындардың барлығы енді республиканың занды меншігіне енетін болды;

- кәсіпшілікті қолдау, бұрынғы мемлекеттік меншікті мүмкін болатын жерлерде таратып, оны жеке меншікке айналдыру қажеттігі атап көрсетілді. Бұл шаралармен байланыстыра отырып, ақша құнын күшейту, оған сатып алынатын тауарларды көбейту міндеттері алға қойылды;

- агроөнеркәсіп кешеніндегі жекешелендірудің мүмкіндігінің ерекшеліктерін ескере отырып , онда жалға беру, сатып алу, бірлестіктерге бөліп беру, кейбір құрал-жабдықтарды ұжымдық меншікке бөлу т. б. іске асыру қажеттігі айтылды.

Сөйтіп, бұл бағдарламаларда қазіргі қоғамдық қатынастарды дамытуға барынша күш жұмсау мақсаты қойылды. Бұл жағдай экономикалық бірлестік жөніндегі шартқа қол қойған басқа да республикаларға тарауға тиісті болды. Ол мемлекеттердің басшыларымен бүл мәселеде ортақ ой-пікір, келісулер, мәмлелесу мен уағадаластықтар жасалды.

Алайда, осындай өзара уағадаластыққа қарамастан ұлттық республикалар арасындағы ертеден қалыптасқан экономикалық қатынастардың ыдырауы орын алды. Мәселен, өзара келісім бола тұра Украина мен Ресей Қазақстанға кокс жіберуді тоқтатты. Соның салдарынан Жамбыл мен Шымкент фосфор өндірісі зардап шекті, олар минералдық тыңайтқыштарды шығаруды қысқартты. Немесе, Тәжікстан біздің республикаға сататын электр қуатын өздеріндегі бiр квт-сағат үшін төленетін 10 тиын орнына 30 тиынға дейін көтерді. Ал Түркменстан газдың құнын 57 есе өсірді. Мұның өзі, сайып келгенде, республикалар арасындағы экономикалық байланысты күрделендіре түсті. Сондықтан да Қазақстан Президенті мен үкіметі достастық аясындағы мемлекеттермен өзара тиімді және бір-бірін кемсітуге жол бермейтін келісім шарттар жасауға күш салды.

Дегенмен әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындық күшейді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 7, 2 пайызға, ұлттық табыс 10 пайызға, еңбек өнімділігі 5, 4 пайызға төмендеді. Тұтыну-сауда саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше қысқаруы "көлеңкелі" экономиканың кеңінен өрістеуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің одан әрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның құны түсіп кетті. Құны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 4, 5 есе өсіп, 8, 7 миллиард сомға жетті, оның 3 миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды. Республиканың мемлекеттік қарызы 7, 8 миллиард сомға дейін өсті.

1991 жылы Қазақстандағы барлық кәсіпорындар мен ұжымдардың 11 пайызы шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық тұтынатын тауарлар азайды. Тауарларға бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде сол жылды табысты аяқтаған кәсіпорындар да аз болған жоқ. Бірақ олардың ақшалай кірісі көбейгенімен, материалдық және еңбек қорлары артпады.

«Өнеркәсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық сектордың жағдайын едәуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан, егер 1991 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 1, 5-3 есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті механизм мен машиналарды сатып алу бағасы одан бірнеше есе асып түсті. Оның үстіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру біраз төмендеді. Оған 1991 жылғы болған қуаңшылықтың үлкен зардабы тиді. Нәтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана алынды, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету 60-65 пайыздан асқан жоқ. Соның салдарынан республикада ет, сүт, жұмыртқа сатып алу деңгейі төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың саны азайды. 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімі 8 пайызға, еңбек өнімділігі 11 пайызға төмендеді. Мемлекетке небәрi 3, 2 миллион тонна астық сатылып, бұл барлық жиналған астықтың тек 27 пайызын ғана құрады. Сондай-ақ картоп, көкөніс және қант қызылшасын сатып алу едәуір қысқарды. Колхоздар мен совхоздардың қаржы жағдайы нашарлап, экономикалық тиімсіз шаруашылықтардың саны 5 есеге дейін өстi»4.

Халық шаруашылығына жұмсалатын қаржының барлық көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 7 пайызға азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық шаруашылығы объектілерінің тек 30-ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған құрылыстар саны 1, 4 есеге көбейді. Оған жұмсалмай қалған қаржы 1991 жылдың аяғында 17 миллиард сомға жетті. Транспорт бойынша жүк тасу 1990 жылмен салыстырғанда 66 миллион сомға, ал жолаушыларды тасу - 8 пайызға қысқарды. Шет елдерге бұрынғысынша шикізат, жартылай өңделген материалдарды шығару басым болды. Оның 60 пайызы қара және түсті металлургия өнеркәсіп өнімдерінен тұрды. Есесіне басқа жерлерден республика бұрынғыша машина жасау өнеркәсібіне қажетті жабдықтардың 250-ден астам түрлерін, 13 пайыз көлемінде халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті материалдар мен шикізатты алдырды5.

Міне Қазақстан осындай қысылтаяң жағдайға тап болды. Енді экономиканы реформалаудың кезек күттірмейтін мәселелері алда тұрған болатын.

2. Қазақстан аралас экономика кезеңінде

2. 1. Нарықтық қатынастарға көшу: қиыншылықтар мен күрделі мәселелер

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап алған болатын. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Ресейдің үлгісімен бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерізімде жүргізілетін іс бағдараламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осымен байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т. б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның да кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.

Мемлекеттің алдында дағдарыстан шығудың жолдары қарастырыла бастады. Оның ең бастысы - бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Нарықтандырудың барысын, оның неден басталғанын, қалай басталғанын халық жете түсінбеді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің , басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті, оны көтеру мүмкін болмай қалды.

Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс - жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті тезірек жойып, бәрін жеке меншікке айналдырсақ, халық жұмыла жұмыс істеп, өндіріс жанданып, ел байып, бәрі де орнына келеді деп ойланды. Жекешелендiру барысында елiмiзде үш бағыттағы (шағын, жаппай және жеке жобамен) кәсiпорындар құрылған. Ауылдағы жеке шаруа, басқа құрылымдар, сондай-ақ, қаладағы жеке және қауымдастық түрiндегi кәсiпорындар саны есепке алынған.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991-92 жж және 1993-95 жж) мүліктің үлкен талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың күйреген, таяу жылдарда шыға алмайтын терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне, су тегін кеткен болып шықты. Сондықтан бұл жағдай үкiметпен барлық экономикалық институттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Тек осындай талдаудың қортындысына сүйене отырып, Үкiметке алдағы уақытта нендей істерді жүргізуді анықтау керек болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҰРПАТТАРЫ
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы ақпарат
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты аралас экономикалық жүйе
Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері, өндірістік құрылымы
Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері
Экономикалық жүйе жайлы ақпарат
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайында
Экономикалық жүйелердің типтері
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz