Дүниежүзілік валюта айналымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . .

1. Әлем валюта жүйесінің әлем экономикасындағы

маңызы

1. 1 Валюта-қаржы жүйесі. Валюта нарығы, мәні, түрлері

1. 2 Дүниежүзілік валюта айналымы . . .

1. 3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану

2. Халықаралық валюталық қатынастар

2. 1 Валюталық нарықтар . . .

2. 2 Валюталық бағам және валюталық «қоржын»

2. 3 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастар-

дың ұғымы . . .

3. Валюталық қатынастардың дамуы

3. 1 Валюталық қатынастың дамуы

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе:

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын, валюта қатынастарының жолға қойылған жүйесінсіз, оны нақтылы әлем деңгейінде біліп, қаржыландыруға болмайды. өзіне тән үлгісінде валюта қатынастары елдің ішінде қолданылатын ақша айналысының заңдарын жүзеге асырады және дамытады. Бұл қатынастардың эволюциясы өндіргіш күштердің дамуына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне, дүнижүзілік капиталистік шаруашылықтың құрылымдық өзгерісіне байланысты.

Валюта қатынастары- бұл дүниежүзілік қатынастардың қолданылуына байланысты және елдер арасындағы шаруашылық байланыстарының алуан түрлеріне (сыртқы сауда, сыртқы капитал шығару, пайданы инвестициялау, ғылыми-техникалық айырбас, туризм және т. б. ) қызмет көрсететін экономикалық қатынастар.

Қазіргі заманда валюта қатынастарының әлеуметтік-экономикалық функциясы сол, дүниежүзілік және бүкіл-дүниежүзілік шаруашылық шеңберінде капиталдың ұдайы өндірісі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. Валюта жүйелері ұлттық және дүниежүзілік болып бөлінеді.

Ұлттық валюта жүйесі- елдің ұлттық заңдары бойынша айқындалатын валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып табылады.

Дүниежүзілік валюта жүйесі- бұл дүниежүзілік шаруашылықтың дамуына байланысты және мемлекет келісімдерімен заң жүзінде баянды етілетін халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып келеді.

1. 1. Валюта - қаржы жүйесі.

Валюта нарығы, мәні, түрлері

«Валюта» деген түсінік үш мағынада қолданылады : а) әрбір әлем мемлекеттің ақша санының бірлігі (Қазақстанның теңгесі, АҚШ «доллары», орыстың «рублі», Жапонның «иені», ағылшынның «фунт стерлингісі», Италияның «лирі» т. б. ) және оның алтын, күміс, қағаз ақша түріндегі типі.

б) шет мемлекеттің ақша белгісі, сонымен бірге шетелдің ақша бірлігіндегі көрінетін және халықаралық есеп-айырысуда қолданылатын несиелік және төлем құралы;

в) халықаралық аймақтық ақша-есеп айырысу бірлігі мен төлем құралы.

Бұл шетел валюталарының (банкноттар, казначейлік билеттер және монеталар, теңге, ақша түріндегі ақша белгілері, сатып алу, сату) операциялары бойынша болатын қаржы экономикалық және олардың тұтынушылары валюталық операциялардың қатысушылары болып табылады. Көптеген валюталық операциялар делдалдық брокерлік фирмалар арқылы жүргізіледі. Валюталық нарықта: сыртқы сауда, турюм, қызметтер жеке адамдардың ақша аударуы, капиталдардың жұмыс күшінің миграциясы (бір елден бір елге ауысуы) т. б. бойынша кең ауқымды операциялар жүзеге асырылады. Валюталық нарықта валюталық курстардың айырмасы есебінен пайда табу мақсатымен қаржыларын бір валютадан басқа валютаға аударып отыратын транұлттық компаниялар маңызды рөл атқарады. Қолдану саласы мен тәртібіне қарай валюталар - еркін толық айналымды, яғни, кез-келген шетел валюталарына белгілі бір эквивалент (балама) бойынша шектеусіз айырбасталатын, ішінара айналымды бола алмайтын, тұйық, яғни, тек қана бір елдің ішінде ғана айналатын, басқа шетел валютасына айырбастала алмайтын болып бөлінеді. Еркін толық айналымды валютаға АҚШ-тың доллары, ГФР-ң маркасы, ағылшын фунт стерлингісі, Швейцарияның франкісі және Жапонның иенасы жатады. Жыл сайынғы Лондонның валюталық нарығының айналымы-187, Нью-Йорктікі-129, Токионы-115 млрд долларға жетеді. Францияның франкісі мен Италиан лирасы ішінара айырбасталатын валюталар. Тұйық валютаға көптеген дамушы елдердің, кейбір Шығыс Еуропа елдерінің валюталары жатады. Ал, ТМД елдерінің сомына (рубль) келетін болсақ, ол әзірше дүниежүзіндегі ең бір тұйық валюта болып отыр. Шетел валюта курсының биржалық копировкасы (көшірмесі) валютаның айырбас курстары әрдайым өзгеріп отырады, оның өзі валютаның сұраным мен ұсыным жағдайларына сезімталдығын көсетеді.

Валюта курсына шыққанда, тоқсаныншы жылдардың басында біздің сомымыздың құны күннен күнге түсіп барады. Бір кезеңдерде осыдан 10 шақты жыл бұрын бір АҚШ доллары біздің ақшамызбен 1 сомға да жетпейтін еді. Кейіннен 1 доллардың бағасы 8 сомға шығып кетті. Ал соңғы жылдарда сомның құны күн санап, сағат санап құлдырап бара жатыр. Қазақстанда аталған жылдарда валюта делдалханасының биржасында кезекті валюта саудасында АҚШ долларының курсы 835 сом болып белгіленді, яғни 1 доллардың бағасы осынша сомға жетті деген сөз бар. 1992 жылы 300 сомға жетпейтін еді. Бір айтарлығы, валюта биржасында долларға деген сұраным өте үлкен болып тұр. Демек, сомның құнсыздануы қай жерге барып тоқтайтыны белгісіз.

Шетел мамандарының пікірі бойынша, сомның айналымда бола алмауы мынадай себептермен түсіндіріледі: тым жоғарлатылған валюта курсымен орынсыз ішкі бағыттармен: тауарлы айналымдылықтың болмауымен ТМД елдерінде жүргізіліп жатқан түбегейлі экономикалық реформалармен, сомның еркін айналымдылығын қамтамасыз етуге бірте-бірте көшу шаралары көзделген. Олардың ішінде экономиканы қаржылай сауықтыру, ақша айналысын тұрақтандыру, сомды қажетті тауарлармен қамтамасыз ету қаржы нарығы мен ұлттық валютаны құру шаралары бар. Валюта нарығы -1 сұраным мен ұсыным негізінде валюталарды сатып алу, сату шоғырланған ресми орталық; шетел валюталарын және шетел валюталарымен төленетін төлем құжаттарын сатып алу, сату жөніндегі тұрақты экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі. Бұнда еуродепозиттер нарығы, еуронесиелер нарығы, еурооблигациялар нарығы қамтылады. Биржалық валюта нарығы биржадан тыс (банк аралық) Валюта нарығы түрлеріне бөлінеді. Дүниежүзілік ірі Валюта нарығы АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Франция, Швейцария, Жапония, Сингапурда орналасқан. Валюта нарығында операциялардың 2 түрі қолданылады. Олар: «спот»(валюта дереу жеткізу) «форвау»- келісілген курс бойынша уағдалы уақыттан кейін (бір айдан және одан көп уақыттан кейін) жеткізу.

1. 2. Дүниежүзілік валюта айналымы.

Дүниежүзілік валюта жүйесі - бір аймақтағы дүниежүзілік шаруашылық байланыстардан туындаған валюта-экономикалық қатынастардың жиынтығы

Негізгі құрамдас белгілері: халықаралық төлем құралдарының жинақталушы (ұлттық, шетелдік және ұжымдық халықаралық валюталар) ; валюталарды айырбастау тәртіптемесі, сондай-ақ валюта курсы мен валюталық тепе-теңдік, валютаның айырбасталымдылық шарттары, халықаралық айналымды валюта-төлем құралдарымен қамтамасыз ету тетігі, халывқаралық айналымды валюта-төлем құралдарымен қамтамасыз ету тетігі, халықаралық айналымды валюта-төлем құралдарымен қамтамасыз ету тетігі, халықаралық есеп айырысу нысандарын, дүниежүзілік валюта мен алтын нысандарын тәртіптеу; халықаралық есеп айырысу мен несие операцияларын жүзеге асыратын дүниежүзілік және ұлттық банк мекемелері желісін құру.

Аймақтық валюта жүйесі -бір аймақтағы бірқатар елдің валюта саласындағы қатынастардың ұйымдық-экономикалық нысаны. Мысалы, Еуропалық Валюта жүйесі Еуропалық одаққа мүше бірқатар елдердің валюта саласындағы қатынастарында бірігу үрдістерін ынталандыруға, ұлттық валюталар курстарының ауытқуын азайтуға және бір-бірінен байланыстыруға Еуропалық одақта бірте-бірте меншікті валюта-құн құралдарына негізделген валюталық тұрақтылық аймағына айналдыруға, Еуропалық одақ елдердің халықаралық айырысуында АҚШ долларының ролін шектеуге, яғни келешекте Еуропалық одақ елдерінің біртұтас ішкі нарығының валюта-қаржы өрісін қалыптастыру үшін, алғышарттар жасауға бағытталған. Дүниежүзілік Валюта жүйесі халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастырудың формасы. Ол шаруашылық өмірінің иетернационалды сипат алуы және дүниежүзілік рыноктың дамуымен тығыз байланысты. Тарихта белгілі 3 дүниежүзілік валюта жүйесі орын алды.

1. XIX ғасырда алтын стандартына негізделген, мұнда алтын немесе монеталық ақша тауары ретінде пайдаланылады, қағаз ақшаның алтынға еркін алмасуы тиіс деп қарастырылды.

2. Бұл жүйеде алтын валюта стандартына негізделді. Бұл ХХ ғасырдың 30 жылдарында басталып 50-60 жылдары аяқталды. Заңды түрде бұл жүйе 1944 жылы Бреттон-Вуд (АҚШ) конференциясында бекітілді. Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға интетрациялық қадамының бірі оның халықаралық валюта қорына және ғалымдық қаржы-несие орталығы-халықаралық өзара есеп айырысу банкке мүшелікке енуі. Халықаралық Валюта қорының Жарғылық капиталы шамамен 100 млрд. долларға және 80 млрд доллар уақытында қамтылған қаражат. Халықаралық Валюта қоры жетекші дамыған елдердің макроэкономикалық саясатын көп жақты кординациялауда маңызды рол атқаруда. Халық банкі дамушы елдердің стратегиялық дамуын анықтаудың әлемдік орталығына айналып отыр. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстарының интернационалдануы ұлттық шаруашылықтар қызметінің интенсивтенуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық қатынастар қалыптасады.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасуы сауда орталықтарында жүргізіледі. ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдету, дүниежүзілік қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта нарықтарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді. Валюталық қатынастар: дәстүрлі яғни қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.

Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекеаралық келісімдер арқылы заңдастырылған. Халықаралық валюта және қаржы-несие нарықтары дүниежүзілік шаруашылықтың халықаралық экономикалық қатынастары ең маңызды буындарының бірі.

ХХ-ғасырдың соңғы 15-20 жылдары қаржы нарықтарының қарқынды өсуімен айқындалады. Дүниежүзілік валюта және сауда операцияларының құндарының ара қатынасы 1980 жылы 10/1 болса, 1992 жылы бұл көрсеткіш 10/1 болған. Қаржы нарығы даму негізінде қаржы айналымының объективті заңдылықтары жатыр. Бұл жерлерде уақытша, бос капиталдар пайда болса, екінші жерде оған сұраныс пайда болады.

Дүниежүзілік валюта, несие құнды қағаздар нарықтары қалыптасуының алғы шарттары:

  • капиталдың өндіріс пен банктерде шоғырлануы;
  • шаруашылық байланыстардың интернационалдануы;
  • банкаралық дамуы.

1. 3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану.

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалып-тастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта-теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады.

Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюта ресурстары валюталық операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық операциялар -бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе елден әкелу/ әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен (немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.

Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.

Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:

тауарлар мен қызметтерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;

экспорт-импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;

180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер алу;

депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және дивиденттер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу;

сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар.

Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:

инвестициялар;

жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша аударымдары;

180 күннен астам мерзімге экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша кредит беру және алу.

Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын-валюта резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іссапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.

Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс, сондықтан сыртқы экономикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.

Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.

Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:

экономиканың мемлекеттік секторының - кәсіпорындардың, ұйым-дардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т. б. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім-ақшадан;

тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;

келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;

валюталық заңды бұзғаны ұшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен өсімнен;

шетел банктеріне және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді пайдаланғаннан алынған табыстардан;

шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;

валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.

Валюталық ресурстар көбінесе мемлекеттің қарамағына шоғырландырылады. Басым мәселелерді орындау үшін немесе жалпы мемлекеттік ресурстардың бір бөлігі жергілікті органдарға берілуі мүмкін. Бұдан басқа, биліктің жергілікті органдары валютаны валюта рыногында сатып ала алады. мемлекеттің уәкілетті органдары мен оның қаржы агенттері де банкаралық биржада валютаны сатып алушылар бола алады.

Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:

  1. Ұлттық банк: «валюталық басқыншылықтарды» -елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін;
  2. Қаржы министрлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консульдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін
  3. Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді - тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;
  4. Басқарудың жергілікті органдары- коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногында сатуға міндетті болатын. Қолданыстағы тәртіп бойынша заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта заңи тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жұмсалады.

Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер және валютаға мұқтаждары, оны валюта рыноктарында ұлттық валютаны айырбастау жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық - құқықтық түрлердің шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын қалыптастырудың келесі көзі- банктердің валюта кредиттері.

өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттерді елдің үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдаланушыларға ауысуымен байланысты бірте-бірте шектеліп келеді. өндірістің осыған ұқсас бағыттарын қаржыландыру үшін валюта қаражаттары компанияларға, фирмаларға үкімет шешімімен орталықтандырылған валюта ресурстарынан бөлінуі мүмкін.

Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін (акционерлік, бірлескен, кооперативтік) валюта ресурстарын толықтыруға осы шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары есебінен жетуге болады.

Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын көзі келісімшарттарды, арбитраж органдары белгілеген контракттар бойынша міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.

Қайта бөлу ретіндегі валюта қаражаттары басқарудың жоғарғы буыны тарапынан төменгі шаруашылық бөліністерге бөлінуі мүмкін ( басқарудың бұл деңгейінде валюта қорларын жасау кезінде) .

Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі мақсаттарына пайдаланылады. Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:

  1. дүниежүзілік рыноктарда жұмыс істейтін компаниялардың, фирмалардың экспорттық әлуетін ұлғайту;
  2. импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе мұндай өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін валюталық ресурстар есебінен құрал-жабдық, саймандар, материалдар, технологиялар, лицензиялар, ноу-хау сатып алынады, негізгі құралдардың лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады, кадрларды оқытады.
  3. Валюталық кредиттерді және оларды пайдаланғаны үшін пайыздар

өтеу;

4) мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рыноктерде операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін коммисиялық сыйақылар төлеу;

5) капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;

6) сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімдердің шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, өтемақылар төлеу;

7) ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұлттық валютаны сатып алу;

8) ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну және мәдени-тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық жабдық пен саймандарды сатып алу ( белгіленген нормативтерге сәйкес) .

Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы ресурстарының басқаша пайдалануы да мүмкін.

Заңи тұлғалар өздеріне қатысты валюта қорларын дамудың: өндірістік инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік зерттеулерді қаржыландырудың және т. б. жалпы міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы.

2. 1 Валюталық нарықтар

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айрысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.

Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т. б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.

Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.

Валюталық нарықтар - сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:

-шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халыққаралық валюта табыстары
Ақша айналыс құралы
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Республикада ұлттық валюта - теңгені енгізу
Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы
Халыққаралық валюталық табыстар
Ақша айналыс заңы
Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы
Ақша төлем құралы ретінде
Ақшалардың қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz