Акционерлік компаниялардың пайда болу тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МазмҰны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ШаруашылыҚ жҮргізудіҢ акционерлік формасыныҢ теорИЯлыҚ негіздері
1. Акционерлік қоғамдардың пайда болу тарихы және олардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Акционерлік меншіктің мәні мен мазмұны ... ... ... ... .. 11

2. ҚазаҚстан Республикасында АҚ-дыҢ Қалыптасу мен даму ерекшеліктері
2.1.Қазақстандағы АҚ-дың жағдайын талдау және қызмет жасау
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін жетілдіру бәсекеге
қабілеттілігін көтеру шараларын жасау ... ... ... ... ... ...20

2. ҚазаҚстан Республикасында акционерлік ҚоҒамдардыҢ Қалыптасу мен даму
ерекшеліктері
3.1 Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың жағдайы мен қызмет ету
шарттарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың
маңызды шарттарының бірі акционерлік қатынастардың дамуы болып табылады.
Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделеген шаруашылық
құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен
қатар алып-сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды.
Акционерлік қатынастар акционерлердің басқаруға және пайданы бөлуге
қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің
акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік
қатынастардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде
қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында
акционерлік қатынастардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде
ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни
экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады.
Акционерлік қатынастардың, қаржылық ресурстардың мобилизациясы ақшаны
байланыстырудың, инфляциямен күрестің және ақша айналымын тұрақтандырудың
құралы болып табылады.
Елімізде акционерлік қатынастардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендірудің екінші этабын жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де,
уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру
формаларына акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіру кезінде әртүрлі деңгейде мемлекеттің қатысуы бар акционерлік
қоғамдар құрылады.
Өндірістің дамуында еңбек коллективтерінің еңбегін ынталандырудың,
қызығушылығын жоғарлатудың тиімді көзі акционерленген кәсіпорындардың
меншігіне қатысудағы олардың құқығын кепілдендіру болып табылады.
Сондай-ақ, акционерлік қоғамдар ел экономикасына несиелік және тікелей
формадағы шетелдік капиталды тартуға мүмкіндік береді. Тікелей
инвестициялар біріккен кәсіпорындарды құру, компанияның (қоғамның) акция
пакеттерін иемдену немесе кәсіпорынды жеке жоба бойынша жекешелендіру
бойынша тартылады. Шетелдік капитал өндіріс факторларының халықаралық
мобильділігіне сүйенуге, ғылым, технология, басқару тәжірибесін
тасымалдауға мүмкіндік береді.
Акционерлiк қоғамдардық экономиалық тиiмдiлiгi қазiргi нарық
қатынастары жағдайында дамуы мен ұйымдастырудың маңызы мен ролі өте зор.
Ұйымда экономикалік есеп жұмысы “Экономикалік есеп және қаржылық қорытынды
жөніндегі” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес және экономикалік
есептің отандық стандарттары мен халықаралық есеп стандарттарына,
экономикалік есебінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ
принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
экономикалік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ
ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады.
Экономикалік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылықтың және олардың
құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық
жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде экономикалік
есепке жүктелетін міндеттер әрі күрделі, әрі ауқымды болып отыр. Өйткені
қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде еліміздегі мемлекет меншігінің үлесі сегіз
пайыз болса, қалған бөлігі меншіктің басқа нысандарының үлесінде. Осыған
орай қазіргі кезде мемлекет, ұйым және жеке тұлғалар арасындағы
экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.
Халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілері болмасын олардың
өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі
қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып
жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің
мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан-теңіз
екендігін дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып
тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне
жеткендігі баршаға мәлім.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он төрт жыл уақыт
өтті. Осы жылдардың аралығында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер Одағы
тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық
жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылықтардағы экономикалік
есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды. Экономикалік
есепті халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуді жетілдіре түсу
мақсатында, экономикалік есептің типтік шоттар жоспары қайта қаралып,
жобасы жалпы талқыға ұсынылды.
1. ШаруашылыҚ жҮргізудіҢ акционерлік формасыныҢ теориЯлыҚ негіздері

1. Акционерлік компаниялардың пайда болу тарихы
Акционерлік қоғам капитал шоғырлануының қажеттілігі туындауы
нәтижесінде, ең алдымен, алыстағы отар елдермен сауда жасауда пайда болды.
Бұл қажеттілік ХV ғасырдың соңындағы Ұлы географиялық ашылулардың кең етек
алуымен байланысты. Акционерлік компаниялардың негізгі белгілері ХVІ
ғасырдағы Голландия компанияларында анық көрінеді. Дегенмен, көптеген
оқымыстылар акционерлік компанияларға тән белгілерді бұдан да ертерек
уақытта болғанын және олардың отаны ретінде ортағасырлық Италияны да,
Ежелгі Римді де көрсетеді. Каминканың айтуынша, голландиялық компаниялардың
көзге түсерлікткей айқын болуы бүкіл Еуропаның назарын өзіне
аударғандығынан ғана ең ежелгісі деп саналған [2,152 б.].
Акционерлік компанияларға өтудің ең ежелгі формаларының бірі ретінде
Ежелгі Римдегі vectіgalіum publіcorum-ды көрсетуге болады. Олардың
негізінде бір немесе бірнеше тұлғалармен 3,5 немесе 5 жылға жасалған
келісім шарты негізінде мемлекеттік кәсіпорынды жалға беру жатқан.
Серіктестіктің құрамына салым сомасымен ғана жауап беретін толық
серіктестіктер мен салымшылар кірген. Олар өздерінің сипаты бойынша қазіргі
заманғы коммандиттік серіктестіктерге ұқсайды, бірақ олардан акционерлік
компаниялармен ұқсастықты көру өте қиын, өйткені оларда акционерлік
компанияның ең маңызды белгісі – акциялар болмаған.
Ал 13-ші, 14-ші жүзжылдықтарда communіtates, socіatates немесе colonnae
дегендер ерекше дамуға ие болды. Олар кейбір тұлғалардың өздерінің
тауарлары мен ақшаларын қандай да бір жүзуге аттанған кеменің капитанына
берген, нәтижесінде ортақ қор (columna comunіus) құрылған, сондай-ақ
қатысушылардың үлестеріне сәйкес пайда болған. бірақ, әлі де болса акция
түсінігі болмаған және қатысушылардың мүліктік жауапкершілігі салынған
салым мөлшерінен жоғары болған.
И.Т. Тарасов ең алғашқы акционерлік қоғам ретінде 1345 жылы (кейбір
мәліметтер бойынша 1371 жылы) Генуездік банкті атаған. Банктің капиталы
20400 тең бөлікке бөлінген, оның басқару органдары жалпы жиналыс пен
басқарма болған. Генуездік банктің үлгісі бойынша 1694 жылы Ағылшын
Патерсон банкі құрылған [3.83-84 б.].
Ал, Маркстің ілімі бойынша акционерлік қоғамдар капиталистік жеке
меншік негізінде пайда болды. XІX ғасыр акционерлік бірлестіктердің
күшейген кезеңі болып табылады. Акционерлік меншіктің қалыптасуына өндіргіш
күштердің дамуы мен жаңа қоғамдық қажеттіліктер ретінде көрсетілген
объективтік сипат тән болған.
Акционерлік меншікті капитализмнің экономикалық құрлымының бөлінбейтін
компонентіне айналдырған түпкі себептеріне өндірістің орталықтану мен
шоғырлану процестерінің жүзеге асу қажеттіліктерімен байланысты капиталдың
жинақталуы болды. Капиталистік өндіріс әдісі кезінде акционерлік
кәсіпорындардың пайда болуының материалдық негізі қоғамдану процесі болып
табылады. Оның дамуы ірі машина өндірісінің қалыптасуымен жалғасты. Бұл
жағдайда жеке капиталдар өзінің масштабы бойынша бұл өндіріске қызмет
көрсетуге толық сәйкес келмейді. Капиталистік өндіріс қатынастары мен
индивидуалды меншіктік қатынастар жүйесі өндіргіш күштердің даму
қажеттілігімен қайшылыққа түседі. Бұл қайшылықты шешудің нәтижесі ретінде
жаңа – акционерлік меншік формасы пайда болды [4,11 б.].
Акционерлік істің дамуы Голландияда жалғасын тапты. 1595 жылы (басқа
мәліметтер бойынша 1602 жылы) Голландтық Ост-Инд компаниясы құрылады, одан
кейін де бірнеше акционерлік компаниялар құрылады. Олардың ең ерекшесі
голландтық Вест-Инд компаниясы болып табылады. Ірі, әрі ең ежелгі
голландтық акционерлік компанияға, сондай-ақ Суринам, Северный және Леван
акционерлік компанияларын да жатқызуға болады. ХVІІ ғасырдағы Амстердамдық
биржа қазіргі күнгі ірі әлемдік биржалардың қатарында.
Голландиядан кейін хронологиялық ретте Англия тұрды. Онда акционерлік
компаниялар ХVІ ғасырдың аяғында пайда болды, ең алғашқыларының бірі
ретінде 1609 жылы құрылған (кейбір мәліметтер бойынша 1613 жылы) Ағылшындық
Ост-Инд компаниясы болған. Акционерлік компаниялар әр кезде арнайы заң
король декреті мен парламент актісімен бекітіліп тұрды. Заң жүзінде
акционерлік компания ең алғаш рет Францияда мойындалды. 1810 жылы Сауда
Кодексінде ең алғаш рет акционерлік компанияға қатысты ережелерді
жинақтауға талпыныс жасалды [5,11 б.].
Еуропада акционерлік істің қалыптасуы мен дамуының барлық бастапқы
кезеңі акционерлік қоғамдардың айналысындағы ажиотаж салдарынан болған
кезеңдік жаппай банкротқа ұшырауымен сипатталады. ХVІІІ ғасырдың 20-шы
жылдары Англияда акция спекуляциясы қауіпті мөлшерге дейін жетті. Осыған
байланысты ағылшын парламенті 1720 жылы 11 маусымда атақты Buble Act (Сабын
көпіршіктері туралы Заң) қабылданып, жаупкершілігі шектелген крмпанияның
құрылуына тиым салды. 1734 жылы Джон Бернардтың акция мен бағалы қағаздар
спекуляциясына тиым салған Актісі шықты. Кейіннен ағылшын парламенті
акционерлік компаниялардың құрылу процесін реттейтін бірқатар Актілер
қабылдады, соның ішінде ерекшеленетіні – 1841 жылы 14 шілдедегі Роберт
Пилльдің Актісі. Ол бойынша алтыдан жоғары мүшесі бар акционерлік банктер
қызмет жасауына тиым салынды, сондай-ақ концессиялық жүйені енгізді,
солидарлық жауапкершілікті ... акционерлік компания, сондай-ақ Англияның
отары – Солтүстік Америкада да болған. 1776 жылы барлық 13 отар елде
ондаған корпорациялар болды. Басты рольді ірі отарлық ағылшын компаниялары
– Вирджин компаниясың (1629) мен Гудзон компаниясың (1670) ойнады.
Егемендіктің алғашқы он бір жылында олардың (1776-1787) тек қана 20 жаңа
корпорациялар болған, ал 1800 жылы олардың саны 335-ке жеткен.
АҚШ-тың өмір сүруінің алғашқы кезеңінде әрбір жаңа кәсіпкерлік
корпорация, корпорация жарғысын бекіту формасы ретінде берілетін сәйкес
шарттардың немесе федералды органдардың заңшығарушы органдарының тек қана
арнайы шешімдері бойынша ғана пайда бола алды. Қайтадан құрылып отырған
корпорациялар қатаң бақыланды. Сондай-ақ, корпорацияның капитал мөлшері мен
оның қызмет жасайтын территориясы да реттелініп отырды.
Ресей империясында акционерлік істің дамуы алдыңғы қатарлы Еуропа
елдерінен әлдеқайда артта болды. Ең алғаш рет акционерлік компанияларды
енгізуге талпыныс жасаған 1699 жылдан кейін Еуропаға жасаған ең алғашқы
сапарынан кейін-ақ Петр Бірінші болған[6]. Бірақ, бұл жарлық акционерлік
компаниялардың құрылуына әкелген жоқ. 1739 жылы Л.Ланг Қытаймен сауда жасау
үшін компания жобасын құрған. Сенат жобаны қарастырып, компанияға қатысқысы
келген барлық тұлғалардың, коммерциялық-әріптестердің , олардың салым
мөлшерін көрсете отырып жазу туралы келісім шығарды. Бірақ үкіметтің
шақыруына ешкім назар аударған жоқ. Бұл жағдай 1740 және 1741 жылдары да
қайталанады. Осы мәселелерге байланысты ғалымдар келесідей пікірді
ұстанады: сол кездің ірі капиталистері өте колайлы жағдайда болды, олардың
еркіндігінде шек болмады[2.341]. Ең алғаш рет жобалардан нақты іске 1757
жылы Ресейлік-Константинопльдік компанияның құрылуымен көшкен. 1758 жылы
Парсы сауда компаниясы пайда болады. 1822-1855 жылдар арасында Ресейде 81
акционерлік компания болды. Ресми мәліметтер бойынша 1876 жылы Ресейде 550
акционерлік компания болған.
Ресейде акция спекуляциясы мен жаппай банкротқа ұшырау Еуропадағыдай
үлкен масштабта болған жоқ. Көбінесе, бұл мемлекеттің акционерлік
компаниялардың құрылу процесін қатаң бақылауымен және акция құнының жоғары
болуымен түсіндіріледі.
Революцияға дейінгі Ресейлік заңшығарушылық саудалық, сондай-ақ,
акционерлік форманы мәдениет пен ағартушылықты (театр, мұражай, кітапхана,
аурухана, оқу орындары) ұйымдастыру үшін де қолданады [3,112 б.].
1916 жылы Ресейде 5.5 млрд. сом капиталы бар 2956 акционерлік қоғамдар
тіркелді [7,25 б.]. Кеңестік биліктің алғашқы жылдарында мемлекеттік емес
коммерциялық компаниялардың болуына тиым салынды, тек қана қажеттілік қана
жаңа биліктің акционерлік қоғамды заңды түрде мойындауға мәжбүр етті. 1925
жылы елде негізгі капиталының сомасы 285315 мың сомды құрайтын 161
акционерлік қоғам тіркелген. Оның басым бөлігін (80%–ын, капитал мөлшері -
151402 мың сом) аралас және мемлекеттік кәсіпорындар құраған. 1929 жылдан
бастап КСРО-да акционерлік қоғамдар өзінің өмір сүруін жетпіс жылға жуық
уақытқа тоқтатып, экономикада тек қана мемлекеттік кәсіпорындар ғана
үстемдік жүргізді.

1.2 Акционерлік қоғамдардың мәні мен мазмұны
Алғашында акционерлік қоғамның мәні біріккен тұлғалардың дамуымен
құрылған, яғни бірігіп қызмет жасау шарты негізінде пайда болған.
Г.ф.Шершеневичтің “Cауда құқығының курсы'' еңбегінде акционерлік қоғамға
толығырақ анықтама беріледі: “Aкционерлік қоғам салынған үлес мөлшерінде
әрбір қатысушының жауапкершілігі шектелген бірдей бөліктерге бөлінген
капитал көмегімен өндіріс пен сауданы келісім-шарт негізінен бірігіп жүзеге
асыру мақсатында құрылған тұлғалардың бірігуі”[8,383 б.]. Акционерлік
компания тұлғалардың, әлде капиталдардың бірігуі болып табыла ма? Осы
мәселе бойынша оқымыстылардың пікірлері бөлініп кетеді. Мысалы,
Г.Ф.Шершеневич акционерлік компанияны тұлғалардың бірігуі, ал А.И.Каминка
біруақытта тұлғалардың да, капиталдардың да бірігуі деп санаған:
”акционерлік компания өлі капиталдан ғана емес, сонымен қатар осы
капиталдардың өкілі болып табылатын тұлғалардың бірігуі болып
табылады”[2.9]. Пахман С.В., Писемский П.А., Цитович П.П. акционерлік
компанияларды капиталдардың бірігуі деп санаған.
Акционерлік формаға капитализмнің бүтіндей дамуының жалпы заңдылықтары
тән. Бұл экономикалық құрылымның үстем етуші типі құндық қатынастар, ал
оның дамуының қозғаушы күші - құнның өзінен-өзі өсуі болып табылады.
Акционерлік капитал, яғни құн өсуінің үзіліссіз процесі акционерлік
меншіктің бар болуының экономикалық негізі.
Индивидуалды меншіктен айырмашылығы акционерлік капиталдың субъектісі
болып біріккен, ассоциацияланған капиталист болып табылады. Капиталистердің
алдында индивидуалды ұдайы өндіріс субъектісі ретінде біріккен өндірісті
ұйымдастыру үшін индивидуалды капиталдарын біріктіру қажеттілігі туады.
Осыған байланысты, біріншіден, жеке капиталистердің ассоциацияға,
бірлестіктерге бірігуі орын алады. Осылайша, индивидуалды капиталист
коллективтіге ауысады. Бірақ, бұл жеке кәсіпкерлердің жай ғана бірігуі
емес, ол индивидуалды меншікпен салыстырғанда жаңа, ерекше сапаға ие
ассоциация болып табылады.
Акционерлік капиталдың кең таралуы жағдайында байлықтың негізгі формасы
ретінде тауар емес, енді акция болады. Ол кәсіпорынның ортақ қорына
салынған капитал бөлігін куәландырумен қатар, акционерлердің жалпы
жиналысында сайлау құқығын береді, сондай-ақ, қосымша құнды иемденудің
ерекше формасын дамытушы негіз болып табылады.
Акция қозғалысы акционерлік капитал өзгерісімен қатар, акционерлік
меншік өзгерісін көрсетеді. Сонымен бірге акция олардың дамуындағы неғұрлым
қарапайым қатынас болып табылады. Капитал орталықтануы, қор биржасы,
құрылтайшы пайдасы, дивиденд және т.б. құбылыстар акциядан туындайды.
Осыған байланысты олардағы қайшылықтар да өз негізінде акцияға сіңген
акционерлік қоғамдағы өндіріс пен оның нәтижесін иемдену арасындағы
қарапайым, абстрактілі болады [9,7-8 б.].
Карл Маркс акционерлік қоғамды ассоциацияланған өндіріске өту формасы
ретінде қарастырады. Ол капиталистік несие мәселесін қарастыра отырып,
акционерлік қоғам - капиталистік өндірістің жоғарғы дамуының нәтижесі,
капиталды өндірушілер меншігіне қайтадан айналдырудың қажетті, өтпелі
пункті деп айтқан. Яғни, жеке индивидуалды капиталистік меншіктен жеке
капиталистік меншікке; индивидуалды капиталистен "ассоциацияланған",
жинақталған, коллективті капиталистке өту. Бірақ соған қарамастан
капиталистік өндіріс, "Капитал" авторы бойынша, жеке капиталистің орнына
"ассоциацияланған" капиталист келсе де, жеке меншік өндіріс болып қалады.
Жалпы, акционерлік меншіктің өзі социалистік те, капиталистік те меншік
болып табылмайды, оның мазмұны оның қызмет нәтижесін кімнің қалай
иеленетінінен тәуелді.
Акционерлік меншік өте икемді болып табылады. Ресми түрде бұл қоғамдық
меншік, бірақ оны көп емес акционерлер иемденіп, өздерінің жеке мүдделеріне
қолданады. Ал басқа жағдайларда акционерлік меншік сипаты бойынша қоғамдық
және де-факто болады [4, б.].
Акционерлендірудің дамуы капитализмнің бірқатар қайшылықтарын шешуге,
оның жаңа жағдайларға бейімделуіне жағдай жасайды. Корпорация деңгейінде
қолданылатын капитал өлшемдері өседі. Оның құрамына бірнеше үлкен
кәсіпорындар кіреді, нәтижесінде олардың арасындағы байланыс нығайады.
Кәсіпорындардың бүтін комплексі құрылып, соның шегінде бір салаға бағытталу
жойылады. Акционерлік форма арқылы өдірістік корпорацияның қаржы
институттарымен, өндірістік емес сала мекемелерімен, мемлекеттік сектормен,
шетелдік инвесторлармен байланысы жеңілдетіледі. Капитал мен меншік
арасындағы қарама-қайшылық олардың бір-біріне қатысты қозғалысында ерекше
дамуға ие болады. Басқару субъектісі өзгеріске ұшырайды: жеке
капиталистердің орнын жоғары басқарушылар тобы, банк қызметкелері, қор
рыногының және басқа мекемелердің әкімшіліктері басады.
Акционерлік компаниядағы капитал концентрациясының ерекшелігіне оның
кәсіпорын концентрациясынан жоғары болуын айтуға болады. Акционерлік қоғам
еншілес компания ретіндегі өзінің тәуелсіз фирмалар жиынтығын біріктіреді,
өндірісті кеңейту үшін қаржы ресурстары тек қана қосымша құнды
капитализациялау негізінде тартылады. Бұл жерде басқалардың капиталдарын
аккумуляциялау жолы арқылы тартылатын қарыз қаражаттарының рөлі өседі. Осы
мақсатта, сондай-ақ, бағалы қағаздарды сату арқылы жинақталған халық
жинағының бір бөлігі де қолданылады.
Акционерлік фирмадағы концентрация ерекшелігіне, сондай-ақ оның толық
мамандану саласында ғана жүзеге аспауын жатқызуға болады. Бұл жағдайда
капитал концентрациясы өндірістің комбинациялануы мен диверсификациясы
негізінде қозғалысқа келеді. Акционерлік компания олардың берік қаржылық
бірігуіне және өндіріс жоспарындағы бөлімшелерге салыстырмалы еркіндік бере
отырып, бұл процесс үшін анағұрлым адекваттық болып табылады. Әдетте
компаниялар коммбинацияланған өндірісті дамытуға тырысады, өйткені ол
компаниялардың бәсеке күресіндегі тұрақтылығын нығайтады [9,9-10 б.].
Акционерлік қоғамдардың құрылуында нақты капитал қозғалысы мен меншік
өзгерісі арасындағы байланыс бола береді. Дегенмен, ол тікелей емес
(опосредованно), яғни қор рыногының дамуы мен корпорацияны бақылау арқылы
байланысады. Екі жағдайда да қозғалыс нақты капиталдың дамуынан өзгеше
негізгі заңдылықтары бойынша жүзеге асады. Енді барлық акционерлер компания
бақылауының субъектісі болып табылмайды. Олардың көбі кейде тіптен нақты
капитал қозғалысына араласпайды немесе бұл процестегі рөлі өте аз. Мұндай
инвесторларды, әдетте, бағалы қағаздар бағамының қозғалысы ғана
қызықтырады, сондықтан да олар корпорация ісіне көп араласа бермейді. Олар
корпорация дамуына жанама түрде – қор рыногына акция лақтыру арқылы ықпал
жасайды.
Қазіргі буржуазиялық экономикалық ғылым "қазіргі экономиканың қызмет
етуінің ағымдағы жағдайы мен бағыттарына акционерлік қатынастардың дамуы
өзінің оң әсерін қалдыруы тиіс" дейтін екі негізгі бағытты бөліп
қарастырады: ол, біріншіден, "уақытша" бос ақша қаражаттарын өндіріс
айналымына тарту. Екіншіден, еңбеккерлерді қожайындық сезімге тәрбиелеу,
әртүрлі экономикалық қызығушылықтарды үйлестіру, басқаруды
демократизациялау, еңбек коллективтерінің және әрбір жұмысшының ынта-
жігерін дамыту.
Жұмысшыны кәсіпорын басқарушысына айналдыру идеясы түбірімен утопиялық
социализм мен буржуазиялық реформаторлықтың теориялық ізденістеріне
жатады, сонымен қатар, капитализмнің қалыптасу және даму тарихында әртүрлі
формада қарастырылады. Қазіргі күні капитал шоғырлану деңгейі мен меншік
қатынастырының күрделенуіне байланысты назар, көбінесе, осы идеяның басқа
аспектілеріне ауысып отыр. АҚШ-та капиталдың монополистердің қолында
шоғырлану қаупінен сақтану үшін акцияны жалдамалы жұмысшыларға беру арқылы
капиталдың таратылып беру концепциясы пайда болады. Бұл концепцияны
көтерген "ESOP" бағдарламасының инициаторы Л. Келсон болып табылады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде еңбеккерлердің акционерлік меншігінің пайда
болуының екі негізгі формасы бар. Олардың екеуіне де мемлекеттік көмек,
әртүрлі салықтық жеңілдіктер және басқадай да артықшылықтардың түрлері
тән.
а) Батыс Европада кәсіпорын акцияларын жеңілдікпен сату көбірек
тараған. Жеңілдіктердің түрлеріне мұнда: сатып алу кезінде ерекше құқыққа
ие болу, бағаны төмендету, несие алу және тағы басқадай түрлерді жатқызуға
болады. Бұл процесс, ең біріншіден Англия мен Францияда болған мемлекеттік
кәсіпорындарды жекешелендіру жағдайында орын алған. Сонымен қатар,
өкіметтің жеңілдік шараларына байланыссыз, яғни жұмысшылардың өз
кәсіпорынының меншігін сатып алуы. Бұл жағдай, көбінесе, кәсіпорынның
дағдарысқа ұшырауы немесе меншік иесінің ауысу қаупі болған кезде жұмыс
орнын сақтап қалу мақсатында жүзеге асырылған. Бұрындары жұмысшының
меншігіне көшкен кәсіпорын кооператив формасында болған. Қазір олар
акционерлік қоғам формасында, өйткені, акционерлік форма капитал нарығында
операцияларды жүргізуге жақсы бейімделеді және шетелдік инвесторларды
тартуға мүмкіндік береді.
Еңбеккерлердің акционерлік меншіктерінің пайда болуының басқа да
формасы бар. Ол ең алғаш рет Америкада пайда болып, соңғы 15-20 жылда
кеңінен қолданылуда.
б) Еңбеккерлердің акционерлік меншік бағдарламасы ”ESOP”. Шын мәнінде,
бұл форма кәсіпорын акциясын жеңілдікпен сатып алу формаларының бірі болып
табылады. Оған банктік несиені немесе жұмыс берушілер субсидиясын қолдана
отырып, жұмысшыларға акция сатып беретін мүлік басқарушы ұйымды құру сипаты
тән болып табылады. Жеңілдік пайызы бар несиені банк береді де, оны мүлікті
басқарушы ұйым акцияны сатудан түскен түсімдер (комиссионный) арқылы
жабады. Ал акциялар заңды түрде жұмысшы меншігінде қалады. Бірақ бұл
жағдайда жұмысшы кәсіпорыннан шығады да, акцияның ақша эквиваленті мен одан
түсетін пайызды иеленіп отырады. ESOP конструкциясының қызмет ету шарты мен
бір мезгілде басты тарту күшіне жұмыс берушілерге, банктық несие
берушілерге, және акцияның меншік иелері –еңбеккерлерге берілетін салық
және басқа да жеңілдіктер формасындағы мемлекет тарапынан болатын
айтарлықтай елеулі көмек болып табылады [10, б.].
Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жағдай шаруашылық субъектілер
арасындағы байланыс дағдарысынан көрінеді. Бұл дағдарыстың не бұрынғы
орталықтанған қамтамасыз ету жүйесін бартерлік баланстармен ауыстыру
жолымен, не жабдықтау мен тұтынушы арасындағы қатынастарды әкімшілік реттеу
арқылы алдын алу мүмкін емес. Бұл қалыптасқан жағдайда экономикадағы
шаруашылық субъектілерінің экономикалық мүдделерімен, ынталарымен
кепілденетін тұрақтылық, сенімділік және тиімділік сияқты байланыстың
формаларын тудыру қажет. Айналыс саласындағы құлдырау жағдайында бұл
мәселені бір ғана жолмен шешуге болады: сатушы мен сатып алушының меншік
иесі мүдделерін компенсациялау арқылы, яғни шаруашылық субъектілердің бір-
бірінің кәсіпорындарының меншік иесі болуына мүмкіндік бере отырып,
шаруашылық субъектілердің үзілейін деп тұрған байланысын қайта қосу.
Экономикада қол жеткен ірі машина өндірісінің концентрациясы мен
орталықтануының жағдайында бұл нәтиже шындыққа тек мемлекеттік
кәсіпорындарды акционерлік қоғамға айналдырумен қатар олардың бір-біріне
акция алмасу жүйесін дамыту жағдайында айналатыны белгілі.
Қазіргі қоғамдық еңбек бөлінісінің даму деңгейі, шаруашылық қызмет
түрлерінің дифференциациялану деңгейі мен шаруашылық қызмет формалары
экономиканың тиімді қызмет етуі үшін коммерциялық қана емес тұрақты
байланыстар үшін де өте қажет. Бұдан шығатыны бұл байланыстарды рыноктық
байланыстардың неғұрлым дамыған формаларымен, әсіресе, акционерлік
байланыстармен толықтыру керек.
Меншіктің акционерлік формасын енгізу мемлекеттің қаржылық шығындарын,
эмиссия көлемін біршама азайтатындықтан, инфляцияның өсу қарқынын
төмендету, сондай-ақ халықтың ақша қаражаттарының экономиканың тұтыну
секторынан өндіріске ауысуына жағдай жасайды.
Меншіктің акционерлік формасын енгізу арқылы экономикалық тиімділік
өседі деп есептеуге болады. Өйткені, акционерленген кәсіпорындар айтарлықай
тәуелсіздікке, ал оның жұмысшылары акционерлер бола отырып, оның қызметін
жақсартуға үлкен қызығушылық танытады.

2. АҚ-ның экономикалық тиiмдiлiгi.
(АҚ Системотехника мысалында талдау )

2.1 Акционерлiк қоғамдардың экономикалық тиiмдiлiгi және олардың дамуы
Өндіріс үрдісінде еңбек құралдарымен қатар өндірістің қорлары еңбек
заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы өндіріс үрдісінде
бір-ақ рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп,
оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалдық қорлардың алатын орны
өте зор. Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте
атқаратын міндеттеріне, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне
қарай өзара айырмашылықтары бар.
Тауарлы-материалдық қорлар баланста материалдар, дайын өнімдер,
тауарлар және аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға
мынандый активтер жатады: шикізаттар, негізгі материалдар мен көмекші
материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен
құрастырушы бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен
ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берген материалдар,
сондай-ақ шаруашылықтың негізгі және қосалқы өндірістерінде сатуға
шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр-түрлі мақсаттар үшін сатып
алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған
өндірістік шығындар да жатады.
Шикізаттар деп – бұрын азды көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері
(руда, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқалар) жатады. Негізгі
материалдардың қатарына өңдеуші өнеркәсіп өнімдері (мата, ұн, кірпіш тағы
да басқалары) жатады. Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін
өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды. Өндірістік
процестің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуге қажет ететін
материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі
қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен
айырмашылығы оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай
фабрикатты сатып алған шаруашылық субъектісі оны әрі қарай өңдейді.
Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған шаруашылық субъектісінің өзінің
өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында
есептелінеді. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон
және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға – әр-түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін
және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатқызылады. Көмекші
материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі олар өнімнің материалдық
негізін құрамайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар
негізгі материалдарға қосымша пайдаланады. Олар өндіріс процесінде
қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті
әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін және тағы да басқа жақтарын
өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие,
өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына, технологиялық
сипатына және басқа да көптеген факторларына тәуелді болып келеді.
Материалдық құндылықтар ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және
ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрастырушы бұйымдар және тағы да
басқалар есептелінеді.

2. Акционерлiк қоғамның анализi менг есептiк талдауы.
Қазақстан Республикасының нарығында “Системотехника” компаниясы 1994
жылдан бері қызмет атқаруда. “Системотехника” акционерлік қоғамы Қазақстан
Республикасының ірі, ұлттық компанияларын компьютерлік бағдарламамен
жабдықтайды. “Системотехника” АҚ-ы қызмет көрсететін мемлекеттік
компаниялар, ол КазАтомПром ұлттық компаниясы, ҚазақМыс ұлттық компаниясы,
сонымен қоса тағы кішігірім жеке фирмаларға өзінің қызметін көрсетеді.
“Системотехника” АҚ-ның дүние жүзіне танымал SIEMENS корпорациясының
техникасымен және SIMATIK Field PG бағдарламасы көмегімен өз қызметін
жүзеге асырады. Барлық жасаған қызметі мемлекеттік стандарттарға сай
келеді. Компанияларға енгізетін компьютерлік бағдарламалар тұрақты түрде
жаңартылып, қызмет көрсетудің тиянақтылығы, жылдамдығы тұтынушыларды
тартады. Компания ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ақ- ның экономикалық тиімділігі (ақ системотехника мысалында талдау)
Құнды қағаздар – тарихы мен мәні, түрлері
Бағалы қағаздардың нарығы
ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ҚОР БИРЖАЛАРЫ
Корпоративтік басқару жайлы
ҚР лизингтің мәселелері мен дамуы
Инвестициялық процеске қор нарығының әсері
Бағалы қағаздар нарығы: тарихы мен мәні
Қор биржа
Қор биржасының айналымындағы бағалы қағаздардың түрлері
Пәндер