Қазақстандағы ауылда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

АЛМАТЫ ЭНЕРТЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Радиотехника және байланыс кафедрасы

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Семестрлік жұмыс №1

Әлеуметтану пәнінен

Тақырыбы:

«Қазақстан Республикасында кедейшілікке қарсы күрес»

Орындаған: БРК-06-01 тобының

студенті

Кудешова Ж. Б

Қабылдаған:Орынбекова Д. С

Алматы 2008ж

Мазмұны

Кіріспе4

XX ғасырдың 90-шы жылдарындағы әлеуметтік саясаттағы дағдарыс5

Тәуелсіз Қазақстандағы демографиялық жағдай5

"Әлеуметтік мемлекет" идеясының насихатталу тарихы6

Қазақстандағы ауылда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайы7

Қорытынды14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі15

Кіріспе . . . 3

XX ғасырдың 90-шы жылдарындағы әлеуметтік

саясаттағы дағдарыс . . . 3

Тәуелсіз Қазақстандағы демографиялық жағдай . . . 4

"Әлеуметтік мемлекет" идеясының насихатталу тарихы . . . 5

Қазақстандағы ауылда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайы . . . 6

Егемен мемлекеттің әлеуметтік саладағы жүзеге асыратын істерінің

бірі - еңбек ақы . . . 6

Қазақстанның әлеуметтік саласындағы басты мәселелерінің бірі -

зейнетақы . . . 7

Халықтың тұрмысындағы елеулі көрсеткіш - ол тұрғын үймен

қамтамасыз ету мәселесі . . . 7

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау

жүйесін қалыптастыру . . . 8

Шаруашылық салаларын реформалау жүйесі . . . 8

Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік саясатындағы жаңа

бір сала - жұмыссыздарға әлеуметтік жәрдемақы беру . . . 9

2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының дүниежүзілік сауда ұйымына енуі жайлы жоспарлары . . . 11

"Қазақстан Республикасының 2006 жылғы республикалық бюджеті

туралы" заңы . . . 11

"Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасындағы әлеуметтік

мемлекет құру бағыты . . . 12

Қорытынды . . . 12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 14

Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстан егеменді ел болғаннан кейінгі алдына қойған басты мақсатының бірі - адамдардың жақсы тұрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, экономиканың өсуі мен тұрақтылығына және оның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына, интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр.

Әлеуметтік салада егемендікке жеткеніміздің басты көрсеткіштері: ұлттық байлықтың көбеюі, халықтың тұрмыс - тіршілігі дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту. Бұл мақсатты жүзеге асыру ұлттың әлеуметтік қабілетіне байланысты. Оған құндылықтар жүйесі, оқу - білім, кәсіби шеберлік білім - ғылым базасының деңгейі, ұлттық нарықтық қатынас, қоғамдық иснституттардың даму дәрежесі және т. б. жатады.

XX ғасырдың 90-шы жылдарындағы әлеуметтік саясаттағы дағдарыс

Алайда қоғамдық қатынастардың өзгеруімен, КСРО - ның құлауымен және нарықтық экономикаға көшумен байланыста ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан терең дағдарысқа ұшырады. Ол Қазақстанның бүкіл құрылымын, экономикалық, әлеуметтік - саяси салаларды ғана емес, сонымен қатар рухани, экологиялық, психологиялық және басқа салаларды қамтыды.

Әлеуметтік саясаттың дағдарысы шаруашылық байланыстарының узілуімен, өндіріс орындарының өнім шығару көлемінің төмендеуімен және инфляцияның әл бермей өсуімен, басқа да саясаттардың өзгерумен байланысты болады. Бұан психологиялық факторларды да косуға болады.

Еңбекті ұйымдастыру және жалақы төлеуде де елеулі кемшіліктер орын алды. Жұмыссыздар саны көбейе түсті, баға мен жалақының арасында қайшылықтар кең етек алды. Ел бюджетін толықтыратын табыс салығы төменгі жалақы алатындардың мойнына түсті. Өндіріс орындарынының бюджетке қаражат түсуі жоққа теңеле бастады. Себебі, олар өз жұмыскерлерін жалақысыз немесе жартылай жалақы төленетін демалысқа жіберді. Мысалы, олардың саны 1993 жылы 40 000 адамды құрса, 1995 жылы 83 000- нан асып түсті. 1994 жылға дейін Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі өз мәнінде болмады.

Еліміздің экономикасының құлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы бұл жылдары тиісінші дәрежеде өспей, товарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Халықтың материалдық тұрмыстық жағдайының үнемі нашарлауы, баға мен ақшаның құнсыздану жылдамдығының өсуі адамдардың болашаққа деген сенімдігін, моральдық - психологиялық дағдарысқа ұрынуын күшейтті, рухани жүдеулік өрбіді.

Тәуелсіз Қазақстандағы демографиялық жағдай

Тәуелсіз Қазақстанда 1991-1993 жылдарда халыққа әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі кеңес өкіметі кезіндегі жүйенің белгілерін сақтады. Мысалы, мемлекет 95 адамға белгілі әлеуметтік көмек көрсетті, ал 1993 жылы жәрдемақыға төленетін қаржының деңгейі ішкі жалпы өнімнің 9, 5 пайызын құрды. 1992 жылға дейін халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне жүктелді [1] .

Еліміздің бпрлық аймақтарында өндірістің құлдырауы және соған байланысты халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі демографиялық жағдайға әсерін тигізді. Мұны бала туу мен өлім - жітімнің, сондай - ақ, халықтың республикадан тыс жерлерге көшіп кетуінің жай - күйін сипаттайтын көрсеткіштерден анық байқауға болады. Мәселен, 1991 - 1995 жылдар аралығында әр мың тұрғынға шаққанда бала туу деңгейі 21, 0 адамнан 16, 6 адамға дейін азайды. Сонымен қатар басқа жақтарға, соның ішінде Израильге, Германияға, АҚШ-қа, Ресейге т. б. жерлерге қоныс аударушылар көбейді. Олардың саны 1992 жылы - 229400, 1997 жылы - 299400, 1998 жылы - 243600, 1999 жылы - 162000, 2000 жылы - 156800, 2001 жылы - 143600 болды. Осы себептермен байланысты халықтың саны жылдан - жылға азайды. Егер 1992 жылы Қазақстанда - 17 млн халық болса, 1993 жылы - 16871000, 1995 жылы - 16539000, 1996 жылы - 1641000, 1997 жылы - 1586000, 1999 жылдың басында 14991000, ал 2002 жылдың басында 1482 адам болған немесе 1992 жылмен салыстырғанда республикада тұратын халықтың саны 218 адамға қысқарған. Соңғы кезде қалада тұратын халық көбейді, еліміздегі барлық халықтың 57% -ы қалаларда, ал қалған 43% - ы ауыл селоларда тұрды.

Экономикалық реформалар процесі терендеп, еңбек рыногіндегі жағдай неғұрлым шапшаң шиеленіскен сайын халықты жұмыспен қамту проблемасы күрделенді. Адамдардың еркін еңбек етуге және қалаған мамандығын таңдап алуына деген құқықтары сөз жүзінде қалды. Нәтижесінде 1991 жылдан бастап республикада жұмассыздық басталды. Мысалы, 1991 жылы жұмыс сұрап келгендер саны 185000 болса, 1996 жылы оның саны 562000 адамға жеткен, толық жұмыссыз деп саналғаны- 1991 жылы 44 000 адам болса, 1996 жылы - 391700, жыл ішіндегі жұмыссыздар пайыз есебімен 1991 жылы - 0, 05 болса, 1996 жылы бұл көрсеткіш 5, 6 пайызға жеткен, ал 2002 жылғы жұмыссыздар саны жалпы еңбекке жарамды халықтың 8, 1 пайызын қамтыған [2] .

Бұған қоса көзге көрінбейтін жұмыссыздық тағы бар, бірақ ол көп жағдайда дәл есепке алынбайды. Ресми деректерге қарағанда уақытша жұмыс істемейтін адамдар негізінен кәсіпорындардың жиі тоқтауына байланысты орын алған.

[1] Күнқожаев Н. Р, Сманқұлова Ж. Е. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы. (Саяси-экономикалық, мәдени-рухани жағдайы) . Алматы, 2005. 61, 62-65-бб.

[2] Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003. 406-408 бб.

"Әлеуметтік мемлекет" идеясының насихатталу тарихы

Осы аталған ахуалар тәуелсіз Қазақстанға жаңа нарықтың жағдайдағы өзінің дербес әлеуметтік саясатын қалыптастыруды қажет етті. Ең бастысы, Ата Заңда Қазақстан демократиялық, зайырлы ізгілі, құқықтық, сонымен қатар әлеуметтік мемлекет деп те жарияланды. [3] . Ол ғасырларбойы қазақ халықының бойында қалыптасқан ұжымдық - қоғамдық психологиясы мен менталитеті біздің мемлекетіміздің әлеуметтік негізінің тарихилығын анықтап тұрса керек. Бұл аса құнды фактор екенін ескеруміміз керек. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гуманизм, құқықтық мемлекет, еркіндік пен теңдік сияқты құндылықтарға тығыз байланысты. ”Әлеуметтік мемлекет” идеясының насихатталу тарихы аса тереңде емес. Бұл идея ХҚХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басынды обьективті әлеуметтік - экономикалық даму үрдістері нәтижесінде дүниеге келген. Оның қайнар көзі Жан Жак Руссо, Адам Смит, Джон Локк және т. б. ойшылдар ілімінде негізделген.

Жалпы, қазіргі таңда тәуелсіз ел ретінде тарих сахасына жаңа шыққан Қазақстан Республикасы сияқты елдерге әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруда еш қандай жаңалық ашудың қажеті жоқ . Өйткені, әлемдік тәжрибеде әлеуиеттік мемлекеттіліктің қалыптасқан класикалық үлгісі бар. Ол үлгі бойынша әлеуметік мемлекетке тән белгілер мыналар.

1. Мемлекеттік билік жүйесінің демократикалық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;

2. Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғарғы адамгершілік, ізгілік қасиетінің болуы;

3. Экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;

4. Табиға байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа әділетті бөлу;

5. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;

6. Әлеуметтік бағыттағы мемлекттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуы;

Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға немесе ұлыстарға ғана емес, тұтас қоғам мен адамға қызмет етеді. Ол мемлекеттің есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да бірдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге құлшынады. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын республика Конституциясында көрсетілгендей әлеуметтік жұмыспен қамтамассыз етілуі, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табыстары төмен тұрғындар тобына көмектесу сияқты шараларды көруге болады.

Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күн көріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындайды. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі қауіпсіздік мәселелері де көрінеді. Бұл шараларды әлеуметтік бағдарламалар жасап мемлекет жүзеге асырады.

‘Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы” (2001 сәуір) осының дәлелі болып есептеледі.

[3] Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2005. 4-7, 8- беттер.

Қазақстандағы ауылда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайы

Оның алдында Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылы Желтоқсанда “1996 - 1998 жылдары” реформаны тереңдету жөніндегі іс - қимыл бағдарламасын қабылдаған болатын. Оның негіздерінің бірі - әлеуметтік саясат деп аталатын үшінші бөлімі болды. Сондай - ақ, 1995 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған “Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік - тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шамалар туралы” Жарлығы да осындай игілікті істердің қатарына жатады.

Қазақстандағы ауылда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайы одақ кезінде де басқа республикалармен, экономикалық аудандармен салыстырғанда кейін қалып келгені белгілі. Оның үстіне бізде ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен, тұрғындардың көп бөлігі ауылдың жерде тұрады. Осыған қарамастан дағдарыс алдымен ауылдағы халыққа қаттырақ тиді. Мұның себептері де бар. Әуелі ауылшаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп және басқа салалар өнімдерінің бағасы арасында үлкен алшақтық туды. Тепе - теңдік пен өте алыс баға алшақтығы ауыл шаруашылығын қатты күйзеліске әкеп соқтырды. Оған колхоздар мен кең шарларда тез арада жекешелендіру науқаны қосылды. Көптеген бұрынғы кең шарларда жыл бойы еңбек ететін 600-800 адамның үштен бірі, кей жерде жартысы жұмыссыз қалды. Жастар лек - легімен жұмыс іздеп қалаға ағылды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ, сенделіп жүріп азын - аулақ сауда мен рэкэтпен, ұрлық - қарлықпен шұғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын толтырды.

Сондықтан бүгінгі ауыл жастарының болашағы бұлыңғыр екендігін жан- жақты ескеріп, оларды қаладан кетіп жатқан басқа ұлттардың жұмыс орнына орналастыру шаралары жүргізілді. Осымен байланысты Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2002 жылы Ақтау қаласына Республика жастарының конгресінде сөйлеген сөзінде елде болып жатқан қиындықтарды және білуге, аянбай еңбек етуге, ең басты болашақ қоғамның жақсы азаматы болу үшін тиянақты білім алуға шақырды.

Егемен мемлекеттің әлеуметтік саладағы жүзеге асыратын істерінің бірі - еңбек ақыны жолға қою, өнімді еңбек еткен адамның жалақысын үнемі өсіріп отыру. Ол саудамен, алып - сатарлықпен шұғылданатын адамнан кем таппауға керек. Бірақ іс жүзінде бұл аса маңызды мәселе ХХ ғасырдың 90- шы жылдар өзінің шешуін таппады, әсіресе, мемлекттік бюджеттің, қарауындағы халыққа білім беру, денсаулық сақтау, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мәдениет пен ғылым саласының қызметкерлерінің алатын жалақысы өте төмен деңгейде қалып қойды. Жалақыны бетімен жіберу үкіметтің реформа жасаудағы қателіктерінің бірі болды. Елдің көбі әлі де болса, жұмысты аз істеп, ақшаны көп алғысы келеді. Халық шаруашылығының жетекші салаларының жұмысшылары мен қызметкерлері мемлекеттік бюджетте тиісті ақшаның болиауы себепті жалақыларын бірнеше ай бойы алмайтын халге жетті. Міне, осының салдарынан шахтерлердің, мектеп мұғалімдерінің, дәрігерлердің ереуілге шығуы жиілей түсті.

Әлеуметтік проблемадағы тағы бір шешімін табатын мәселе - ол шалғай аудандарда, шөл және шөлейт жерлерде, Арал, Семей полигоны сияқты экологиялық апат аймағында тұратын халықтың тұрмысын көтеру. Жасыратыны жоқ ол жерлердің барлығында негізінен өзіміздің қандастарымыз, қазақ ұлтының өкілдері тұрады. Сондықтан осы маңызды әлеуметтік мәселені қолға алмай, оны тиісті жәрежеде шешпей Қазақстанның экономикасы жөнінде айту қиын.

Қазақстанның әлеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі - зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір, өсіп, олардың саны 2002 жылы 3 млн адамға жетті. Бірақ көптеген аймақтарда халықтың осы әлеуметтік тобы өзінің маңдай тер, табан ақысының қайтарымын ала - алмауы олардың нааздылығын туғызды. Сондықтан Үкімет оның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы қарызынан құтылу мақсатында басты үш бағытта бірқатар жұмыс жүргізді. Біріншісі, зейнетақының бұрынғы қарыздарын жабу. Екіншісі, қазіргі зейнетақының уақытында төлеу, ал үшіншісі - зейнетақы жүйесін реформалау. Бұл үш бағытта жүргізілген іс - шаралар бір сыпыра қайтармыны беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе, 7 - 8 ай бойы зейнетақыларын ала - алмай келген ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлді.

Халықтың тұрмысындағы елеулі көрсеткіш - ол тұрғын үймен қамтамасыз ету. Кеңес өкіметі тұсында да, одан кейінгі жылдарда да тұрғын үй адамдардың ең басты мұқтажы болып қала берді. Осыған қарамастан республикада тұрғын үй салу жылдан жылға азайған үстіне азайды. Мәселен, 1988 жылы үй салу көлемі елімізде 8, 8 млн шаршы метрге жетсе, 1993 жылы ол 1, 5 млн -ға дейін кеміді. 1995 жылы тек 1, 5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 1996 жылы оның көлемі 1 млн - дай ғана болған. Ал, кейінгі 1997 - 1999 жылдары одан әрі төмендеді.

Алайда, әлеуметтік мемлекетті “Социалистік мемлекет” деген ұғыммен шартасуға болмайды. Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай ғана әлеуметтік қамқорлықты өз міндетіне алды. Және азаматтардың еңбек пен кәсіптік белсенділігі төмендеп, теңгермелік көңіл -күй бастау алуына жол бермейді. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 - бөлімінде азаматтың құқығын, бостандығын және міндетін бекіте отырып, жеке адамның лайықты өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету мемлекеттінің ісі емес, алдымен оның өзінің санасы мен ерік - жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамда экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму үйлестіріледі.

“Әлеуметтік мемлекет” ұғымына тән белгілерге тереңірек зер сала қарағанда, ол тек экономикалық және саяси үрдіс қана емес, ол сонымен бірге қоғамның адамгершідік құндылықтарымен де өлшенетін үрдіс екеніне көз жеткізуге болады. Міне, жоғарыда аталған белгілердің қалыбына салып қарағанда Қазақстан Республикасын әлеуметтік мемлекттер қатарына жатқызааламыз ба? Оның өзіндік обьективтік белгілері көп. Біз бұл жерде мемлекеттік билік жүйесі демократиялық ұстанымдардан мүлде ада деген пікірден аулақпыз. Өйткені, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша демократиялық ұстанымдардың негізгі қаланған. Оның I - бабының 2 тармағында: “Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; Мемлекет өмірінің аса майызды мәселелерін демократиялық әдістермен оның ішінде республикалық референдумда немесе парламетте дауыс беру арқылы шешу. ” - деп атап көрсетілген. Дегенмен, біздің қоғамда демократия институттарының әлі де жас екенін естен шығармау керек. Оларды толық енгізу уақыты әлі эволюциялық ұстанымды талап етеді. Сондықтан да ғасырлар бойы жинақталған демократиялық тәжірибесі бар елдермен салыстыру, олардың деңгейін талап ету мүлде қисыңсыз деп есептейміз.

Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік қасиеттеріне тоқталғанда бұл мәселенің халықтың көңілінен шықпайтынын жасыруға болмайды. Сыбайылас жемқорлық мемлекет қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби деңгейінің (бәрі емес, әрине) төмендігі, бюджеттік қаржылардың игерілмей қалуы, т. б.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап, ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен халықты әлеуметтік қорғаудың жан - жақты проблемалары туралы Заңдар қабылдап, оларды іске асыра бастады.

Сонымен Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі уақытта әлеуметтік қорғау жүйесін толық түрде қайта қарады, қоғамның жаңа даму талабына аз жұмыссыздардыңжәне аз қамтамасыз етілген азаматтардың ақшалай табыс табуына мүмкіндік жасады, жұмыссыздықтан, мүгедектіктен, аурудан қорғайтын әлеуметтік қамтамасыз ету қорын құруға мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, осы уақыттарда Семей ядролық қару сынағынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау (1992 ж) және арал аймағында экологиялық зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау (1992 ж) ”Көп балалы отбасын қорғау (1992ж) ”, әлеуметтік қамсыздандырудың Мемлекеттік қоры (1992 ж), жұмыспен қамту мемлекеттік қоры туралы (1992 ж) топтарын, әсіресе, жалғыз басты аналарға, мүгедек болған балаларға қажылай қорғауды іске асыру туралы Зандар қабылданды. Бұл саланың экономикалық қиыншылықтан шығаруына жағдайлар қарастырып, олалды материалдық жақсартудың шарасын нақтылады.

Шаруашылық салаларын реформалау экономикалық байланыстарының үзілісі нәтижесінде еліміз дағдарысқа ұшырады. Соның салдарынан жұмыссыздар саны көбейе түсті. Егер де 1995 жылы жұмыссыздар саны 808300 адам болса, оның саны 1999 жылы 955200, 2003 жылы - 672100 адам болды. Арнаулы тіркелген жұмыссыздар саны да 12000 - ға артты. Бірақ, соңғы жылдары көтерілген шаралардың нәтижесінде арнаулы тіркелген жұмыссыздар саны азайды. Оған дәлел көптеген зауыт, фабрикалардың қайта іске қосылуы болды. Соңғы жылдарда Оңтүстік Қазақстан обылысындағы әлеуметтік жағдай шиеленіскен түскені баршаға мәлім. Бұл облысты 1999 жылдың ортасында 20 000 - нан астам жұмыссыз тіркелсе, тоқтап тұрғын кәсіпорындардың 13300 -ден астам жұмысшылары мен қызметкерлері ақысыз демалыста жүрді. Халықтың 20 пайыздан астамы кедейшілік зардабын шекті.

Республика Үкіметі Оңтүстік Қазақстанның облыс әкімшілігімен бірлесе отырып, шұғыл шараларды қарастырды. Президент Н. Ә. Назарбаев әр бір облыс, аудан, қала әкімінің жұмысына олардың жұмыс орнын ашқанына карай баға беру керек деген мәселені күн тәртібіне қойды. Көптеген шаралардың нәтижесінде тек 2000 жылдың өзінде тоқтап тұрған 60 өндіріс орны қайта іске қосылды. 11 жаңа кәсіпорын пайдалануға берілді. Атап айтақанда, “Эластик”, “Шымкент - Цемент”, “Асбоконструкция”, “Кентау кен байыту фабрикасы”, т. б. обылыстағы орта және шағын кәсіпкерлерге жататын 67000 кәсіпорыннның жартысына жуығы тұрақты жұмыс істейді. Олар обылыста шығарылатынбарлық өнімінің 25 пайызын өндіреді. Мұндай жағымды факторлар барлық облыс, аудан және қалаларға тән.

Республикада жұмыссыз әйелдер саны да осы жылдарда әжептеуір қысқарды. Олардың саны 1996 жылы - 179000 болса, 2000 жылы - 149 000 құрады, ал 2001 жылы - 20 пайызға кеміді. 16 - 29 жас арасындағы жұмыссыздар саны осы жылдарда 1, 5 есе кемиді.

Жұмыссыздықтың санын кемітудегі саясаттың бірі олардың қоғамдық жұмыспен қамту болып отыр. Республикада 1996 - 2002 жылдар аралығында бұл салаға 3 000 - нан 4000 - 5 000 - ға дейін азаматтар қамтылды.

Қазақстан республикасының Үкіметі әлеуметтік саясаттың жаңа бір саласын өмірге ендірді. Ол - жұмыссыздарға әлеуметтік жәрдемақы беру. Олардың саны 1999 жылы 150 000 - ға жетті.

Сонымен қатар еңбек биржасы арқылы 1992 жылдан бастап жұмыссыз азаматтарға жаңа мамандық беру үшін қайта оқыту да іске асырыла бастады.

Қазір Республика халықының арасындағы кедей топтарға нақты әлеуметтік көмек көрсету жоспарлы түрде іске асырылуда. Яғни, көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдар алуда. Бұл мақсатқа жету үшін обылыстарда әлеуметтіккартаны енгізу басталды. Ол арқылы отбасындағы тұрмыс деңгейі және көмек мөлшері анықталды.

Мұндай карталар әрбір үйдің әлеуметтік - тұрмыстық және материалдық жағдайын зерттеу жолымен жасалынуда. Осында мәсіметтер отбасынның 43, 5 пайызының табысы күнкөрістен төмен болғандығын көрсетті.

Әрбір ауылдық аудандық және қалақық округтердің өкілдері басқаратын арнайы комисиялар құрылған. Олар зерттеу жүргізе отырып, арнайы қолдауға мұқтаж отбасыларының категорияларын анықтауда.

Халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының нашарлығы демографиялық саясатқа өте кері әсерін тигізуде. Соның нәтижесінде туу азаюда, өлім көбеюде, орта жас қысқарда. Туудың жиынтық коэффициенті бір әйелге шаққанда 1970 жылға 3 - 4 баладан 1994 жылы 2 балаға кеміді де, 1998 жылы 1, 8 пайызды құрды. Ал некесіз туған балалапдың саны 1998 жылы 21, 8 пайызды құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан қаласының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Урбанизация туралы
Қазақстандағы қала мен ауылдың өзекті мәселелері
Миллионер қалалар
КӨШІ - ҚОН ҮРДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан халқына этнодемографяилық сипаттама
Қазақстан Республикасының тәуелсіз жылдардан кейінгі демографиялық жағдайы
Қазақстандағы урбанизацияның әлеуметтік салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz