Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты


Жоспар
1 Кіріспе . . . 2
2 Негізгі бөлім . . . 3
2. 1 Қазақстан экономикасын жаңғырту және оның серпінділігі . . . 3
2. 2 Макроэкономикалық саясат . . . 3
2. 3 Салық саясаты . . . 3
2. 4 Бюджет саясаты . . . 4
2. 5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді туралы . . . 6
2. 5. 1Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжау . . . 6
2. 5. 2 Орта мерзімді фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері . . . 8
2. 5. 3 Бюджет жүйесін жетілдіру . . . 8
2. 5. 4 Кірістер саясаты . . . 11
2. 5. 5 Шығыстар саясаты . . . 14
2. 5. 6 Бюджет саясаты . . . 30
2. 5. 7 Бюджетаралық қатынастар . . . 31
2. 5. 8 Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқару . . . 33
2. 6 Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту . . . 35
Қорытынды . . . 38
Қолданылған әдебиеттер . . . 39
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 754 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімді макроэкономикалық саясат) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауын (бұдан әрі - Мемлекет басшысының Жолдауы) ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 ақпандағы №310 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленді.
Орта мерзімді макроэкономикалық саясат республикалық бюджетті қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын қалыптастырған және іске асырған кезде үйлестіруші құжат болып табылады.
2. 1 Қазақстан экономикасын жаңғырту және оның серпінділігі
Үкімет өз жұмысын мынадай бағыттарда құруды жоспарлап отыр.
2. 2 Макроэкономикалық саясат
Макроэкономикалық саясат саласында салық, бюджет және ақша-кредит жүйелерін реформалау жолымен бірқатар міндеттерді шешу алда тұр.
Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының дамуына әсер ететін сыртқы факторлар едәуір өзгерді. Бұл, бірінші кезекте, мұнай экспортының өсуінің жоғары қарқынына және мұнайға, газ бен металға әлемдік бағаның ұлғаюына, евроға шаққанда доллардың айырбас бағамы қатынасының өзгеруіне, шетелдік капиталдың едәуір ағынына байланысты.
Осы факторлардың барлығы макроэкономикалық теңгерімнің бұзылуына едәуір қатер төндіреді, өйткені инфляцияның өсу, теңгенің айырбас бағамының шамадан тыс нығаю, экономиканың шикізат емес секторларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеу және экономиканың «қызып кету» қаупі күшеюде.
Осы жағдайда макроэкономикалық саясат инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге, теңгенің айырбас бағамына қатысты икемді саясат жүргізуге, мемлекеттік шығыстар саясатын шектеуге және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылықты төмендетуге, бизнесті дамытуды салықтық ынталандыруға бағытталуға тиіс.
Үкімет пен Ұлттық Банк фискальдық және ақша-кредит саясатының келісілген түрде жүргізілуіне жұмыс істейтін болады.
Үкіметтің экономикалық саясаты елдегі экономикалық өсуді көбінесе еңбек өнімділігін арттыру есебінен ынталандыруға бағытталған.
Макроэкономикалық теңгерімді сақтау мақсатында, сондай-ақ мұнай байлықтарын неғұрлым тиімді пайдалану үшін мұнай мен газ өндіруді өсіру қарқынына қатысты ұзақ мерзімді перспективаға арналған оңтайлы саясат әзірленетін болады.
2. 3 Салық саясаты
Салық саясаты тұтастай алғанда, салықтық әкімшілендіруді оңайлату, салық санын оңтайландыру және салықтың жинақталуын арттыру жолымен бизнес пен халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға бағытталған.
Салық салу мен салықтық әкімшілендіруді оңайлату мақсатында салық заңнамасына салық есептілігін, салықтық тексеру нәтижелеріне шағым жасауға өтініштер беру мерзімін ұзарту, сондай-ақ есепті салық кезеңі үшін акциздер бойынша ақы төлеу мерзімін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Салықты және төлемдерді банкоматтар мен Web-дүңгіршектер арқылы төлеу тетігін енгізу жоспарланып отыр.
Кеден ісі бөлігінде кедендік ресімдеу рәсімдерін оңайлату жүргізіледі және кедендік әкімшілендіру жақсартылатын болады.
Бұдан басқа, салық және кеден органдары қызметінің сапасын бағалау өлшемі өзгертілетін болады. Бағалау өлшемінің кешені бюджет кірістері бойынша жоспарлардың орындалуын бағалауды алмастыратын болады.
Негізгі салықтардың ставкаларын төмендету көзделуде. Атап айтқанда, өндірісті дамыту және кеңейту мақсатында қосылған құн салығына, сондай-ақ корпорациялық табыс салығына ставкалар кезең-кезеңімен төмендетілетін болады. Әлеуметтік салықты төмендету жалақының көлеңкелі төлемдерін одан әрі барынша азайтуға ықпал ететін болады. Бір уақытта ҒЗТКЖ-да инвестицияларды ынталандыратын жеңілдіктер жасалатын болады, бұл экономиканың өңдеуші секторының технологиялық дамуын жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ салық пен алымдардың кейбіреуін біріктіру жолымен олардың саны қысқартылатын болады, сондай-ақ арнайы салық режимдерін қолдану тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Ішкі отын нарығында айқын салық салуды құру салық ауыртпалығын мұнай өнімдері нарығының субъектілері арасында қайта бөлуді болжайды.
Уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық технологияларды және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін электрондық бақылауды кеңінен пайдалану жолымен Салықтың жинақталуын арттырға қол жеткізілетін болады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшу мүмкіндігі де қарастырылатын болады.
Барлық салықтық реформалар бақылаушы органдар сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендеткен жағдайда ғана табысқа жететін болады, бұл басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта салық органдары салық төлеушілерге ұсынатын электрондық қызметтердің тізбесін кеңейту жолымен кәсіпкерлік субъектілері мен бақылаушы органдардың жеке байланысын барынша азайту ұсынылып отыр.
2. 4 Бюджет саясаты
Бюджет саясаты мұнай кірістерін пайдалану тетіктерін жетілдіруге, бюджеттің әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін төмендетуге, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруға және халықтың неғұрлым аз қорғалған жіктерін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес бюджетті теңгерімдеудің жаңа жүйесіне көшуді жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Осыған байланысты Бюджет кодексіне және басқа да заңнамалық кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Өзгерістер ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру мұнай емес сектордан түсетін түсімдердің есебінен, ал даму бюджетін қаржыландыру көбінесе Ұлттық қордың трансферттері есебінен жүзеге асырылатындығында. Осылайша, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстарды ұлғайту мұнай емес сектордан кірістерді барабар өсірусіз мүмкін емес.
Ұлттық қордың жаңа Тұжырымдамасын енгізу экономикада тұтынушы мен жинақтау арасындағы қажетті пропорцияларды сақтауды, экономиканың шикізат емес секторын дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық шарттар құруды, мұнай кірістерінің елеулі бөлігін жинақтауды және Ұлттық қордың әлсіреуіне жол бермеуді ескере отырып, мұнай кірістерін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді.
Бюджет саясатын жүргізу кезінде Үкімет, сондай-ақ экономиканың өсу қарқынымен сыйымды мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқынын қамтамасыз етудің және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылығын біртіндеп төмендетудің қажеттілігін ескеретін болады.
Бюджеттік жоспарлаудың сапасын және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру үшін бағдарламалар әкімшілеріне қойылатын бюджет тәртібін жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыру призмасы арқылы жұмсауда басымдықтарды талдау мен есепке алуды жүргізуге, бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық (бағдарламалық) құжаттармен үйлесуіне бағытталған талаптар күшейтілетін болады. Бюджеттің атқарылу процесін бюджеттің кассалық атқарылуына емес, бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігіне бағдарлау қажет.
Үкімет өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру қағидатын мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін ынталандыру қағидатымен оңтайлы үйлестіруге бағытталған бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
2007 жылы «2008 - 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттер туралы» жаңа Заңның жобасы әзірленетін болады, бұл орта мерзімді кезеңге арналған субвенциялар мен алулардың мөлшерін бекітудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл өңірлердің салықтық әлеуетін ұлғайтуда жергілікті атқарушы органдардың қызығушылығын және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мәселелерінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дербестігін арттырады. Салық салынатын базаны кеңейтуге олардың қосқан үлесінен алынатын барлық қосымша кірістер жергілікті бюджеттерде қалады және өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қалауы бойынша бөлінетін болады.
Өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге, Конституция кепілдік берген мемлекеттік қызметтерге халықтың тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік алулар мен субвенцияларды есептеудің жаңа әдістемесі әзірленетін болады, яғни өңірлерді төмен бюджеттік қамтамасыз етуден республикалық орташа деңгейге көтеру ұйғарылып отыр.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру әзірленген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі мемлекеттік қаржылық бақылауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру ұйғарылып отыр. Осыған байланысты негізгі міндеті мемлекеттік сатып алуды сапалы, тиімді және уақтылы жүргізу болып табылатын «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның жобасы әзірленді.
Атап айтқанда, қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде конкурстарға бақылаушы ретінде қатысу мүмкіндігі енгізіледі. Бұдан басқа, электронды мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытуға ықпал ететін және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық іс-қимылдардың деңгейін төмендетуге әсер ететін электронды мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу шарттары белгіленеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышты басқару жүйесі қайта қаралатын болады. Мониторинг мемлекеттік борыш бойынша ғана емес, өзіне мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың борыштық міндеттемелерін қамтитын бүкіл мемлекеттік сектор бойынша да жүргізілетін болады.
Мемлекеттік борышты басқару жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар кешенін қабылдау үшін мемлекеттік борышты басқару жөніндегі тұжырымдама әзірленетін болады. Тұжырымдамада мемлекеттің басым қатысуымен ұлттық және акционерлік қоғамдардың борыштарын қоса алғанда, бүкіл мемлекеттік сектордың борышын ескере отырып, борышты басқару стратегиясы, мемлекеттік борыш құрылымы мәселелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелерін реттеу мәселелері және мемлекеттік борышты басқарудың ұйымдық негіздері көрініс табады.
Үкімет тарифтік саясат тиімділігін арттыруға зор назар аударатын болады. Бұл үшін тарифтердің айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады, табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне, экономика секторларына тарифтердің әсер етуін бағалау модельдері әзірленеді, монополия субъектілерінің қызметін бақылау және сараптау тетіктері жетілдіріледі
2. 5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты туралы
2. 5. 1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты басты факторы елде жүргізіліп отырған реформалардың тиімділігі, еңбек өнімділігінің, инновациялар мен адами капиталдың өсуі тиіс экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің 2001-2007 жылдардағы өзгеруі серпіні
Үкіметпен экономиканың шикізат емес салаларының дамуын ынталандыруға және экономика мен бюджетке түсетін түсімдер өсуінің экономиканың шикізат жалпы бағытталған саясаты мақсатты түрде жүргізіліп отыр.
2005 жылдан бастап экономика құрылыстағы, өнеркәсіптегі және қызметтер саласында жоғары өсу қарқыны байқалды. ЖІӨ құрылымындағы мұнай секторының үлесі біртіндеп төмендеуде және 2006 жылы ол 14 %-ды құрады.
Қызметтер саласында экономиканың өсуіне сауда, көлік пен байланыс, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар айтарлықтай үлес қосты. ЖІӨ құрылымындағы қызметтер өндірісінің үлес салмағы 2001 жылдан 2006 жыл аралығындағы кезеңде орташа 51, 4 %-ды құрады. Жоспарланатын орта мерзімді кезеңде бұл үрдістердің сақталуы күтіліп отыр.
Көрсеткіштердің бірі жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің деңгейі болып табылатын әлемнің барынша дамыған елдерінің деңгейінде азаматтар тұрмысының жоғары стандарттарын жасау елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан жоғары табыстарға жетті. Мәселен, жан басына шаққандағы ЖІӨ 2000 жылғы деңгейден 4, 3 есеге асып, 2006 жылы 5292 АҚШ долл. құрады.
Әлемдік экономика дамуының қазіргі үрдістері алдағы үш жылдық кезеңде сыртқы факторлар еліміздегі экономикалық өсудің жоғарғы қарқынының жалғасуы үшін салыстырмалы түрде қолайлы болады деп пайымдауға негіз болады.
Орта мерзімді перспективада Үкіметтің күш-жігері Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және ел азаматтарының тұрмыс сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға бағытталатын болады. Бұл таяудағы он жылда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 2008-2010 жылдары жылына орташа 9, 1%-ды құрайды, бұл 2008 жылы ЖІӨ-ні 2000 жылға қарағанда екі еселеу жөніндегі міндетті орындауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2010 жылға 10 мың АҚШ долларынан жоғары мөлшерде жоспарланып отырған жан басына шаққандағы ЖІӨ қарқынды өсуі жалғасады, бұл 2005 жылғы деңгейден үш еседен астам жоғары. Осының негізінде халықтың орташа айлық табысының одан әрі өсуі қамтамасыз етіледі.
Мұнайға әлемдік баға бір баррелі үшін 60 АҚШ долл. деңгейінде болжанып отыр, бұл ретте, мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі жылына орташа 8, 9% өсетін болады және 2010 жылы 84 млн. тоннадан астамын құрайды.
2005-2006 жылдар ішінде инфляцияның орташа жылдық деңгейі 6-8, 6% межесінде болды. Инфляциялық процестерге сыртқы қарыз бен экспорттық пайда түріндегі шетелдік валютаның ағымы үлкен әсер етеді. Орта мерзімді кезеңде инфляциялық процестерді реттеу Үкіметтің шаралары мен Ұлттық Банктің ақша-несие саясатымен қоса жалғастырылатын болады.
Инфляцияның орташа жылдық деңгейін 2008-2010 жылдары 6-8% межесінде ұстап тұру жоспарланып отыр.
Тұтастай, 2008-2010 жылдары экономика өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз ету және ел азаматтары әл-ауқатының деңгейін арттыру үшін қажетті қолайлы макроэкономикалық жағдай жасалатын болады.
2. 5. 2 Орта мерзімді фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері
Орта мерзімді кезеңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты ел экономикасының өсуін мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту және жаңғырту жолымен жеделдетуге жәрдемдесетін, шығыстардың деңгейін ұлғайтпай оның тиімділігін арттыру есебінен мемлекеттің қаржылай мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге ықпал ететін болады:
нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу мақсатында бюджет заңнамасын жетілдіру, бұл мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, бюджеттік жоспарларымен стратегиялық, орта мерзімді даму жоспарларын үйлестіру жүргізуге, бюджеттің әлеуметтік және инвестициялық құрамдауыштарын күшейту үшін қаржы ресурстарын оңтайландыру есебінен оларды босатуға мүмкіндік береді;
халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына көшуіне байланысты салықтық және бухгалтерлік заңдылықтарды үндестіру;
адами капиталдың, инфрақұрылымының, мемлекеттік басқарудың, инновациялардың өсуінің барынша жоғары көрсеткіштерін ынталандыру есебінен бәсекеге қабілеттілікті орнықты түрде арттыру;
аралық (жылдың қорытындысы бойынша) нәтижелерді және орта мерзімді кезең өткеннен кейінгі нәтижелерді қарастыра отырып, нақтылы нәтижеге қол жеткізудегі жауапкершілікті күшейте отырып, мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды жетілдіру;
қадағаланбайтын экономиканың деңгейін оның барлық құрамдауыштары бойынша жасырын және заңсыз қызметті тудыратын және оны ынталандыратын экономикалық жағдайларды жою, “көлеңкелі” қызмет түрлерін құқықтық тетіктермен жолын кесу арқылы төмендету;
макроэкономикалық тұрақтылықты елдің жалпы сыртқы борышының көлемін қысқартуға және мемлекеттік борыштың тұрақты деңгейін қолдау жолымен сақтау.
2. 5. 3 Бюджет жүйесін жетілдіру
Орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігіне мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.
2007 жылы Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай және мұнай емес кірістердің ара жігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.
Ұлттық қорға жіберілетін түсімдер өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерімен және мұнай операцияларынан және шикі мұнай мен газ конденсатынан түсетін басқа да түсімдермен, оның ішінде бұрын бюджеттік бюджеттік кіріс бөлігіне түскен мұнай келісім-шарттың талаптарын бұзудан түсетін түсімдермен толықтырылды.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, оларың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларын қабылдауды талап етеді. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары ұлғаюда, бұл 2000-2006 жылдар бойы жүргізіліп келген бюджет процесін (Бюджет кодексі, бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, тиімділікті бағалау және т. б. ) жетілдіру бір жағынан бюджет жүйесін ретке келтірді, екінші жағынан мемлекеттік органдардың жауапкершілігін шектеуге әкеп соқты және олардың мемлекет қаржысын басқару икемділіктерін тудырды. Қазіргі ережелер, нормалар мен нормативтер қиындықпен немесе бюджет қаражатын пайдаланудың нақты нәтижелілігін төмендету есебінен формальды түрде орындалуда.
Бюджет процесін егжей-тегжейлі регламенттеу қажеттілігі бюджет қаражатының жетіспеушілігімен қатар жүрген кең ауқымды құрылымдық қайта құрылулар кезеңінде орынды болды, ел қаржысын басқару кредиторлық берешектің өсуімен және қаржы көздерімен қамтылмаған мемлекеттік міндеттемелер салдарынан сипатталған. Берілген проблемаларды реттемей экономиканы тұрақтандыру және одан әрі өсіру мүмкін емес.
2006 жылға қарай қалыптастырылған рәсімдер бюджетті қалыптастыру мен атқарудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ бюджет есептілігінің жеделдігі мен сенімділігінің белгілі бір деңгейіне жетуге мүмкіндік берді. Алайда, бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды бақылаудың қазіргі жүйесі бюджет шығыстарының ресурстарға қажеттілікке сәйкес толық қамтамасыз етеді, бұл бекітілген көрсеткіштер мен нақты кассалық шығыстардың арасындағы максималды дұрыс сәйкестікті қамтуды білдіреді.
Сонымен қатар, бұл ұстаным бюджетті қалыптастыру және оны атқару кезінде жүргізіліп отырған мемлекет саясатының мақсаттарына жету дәрежесін толық көлемде қадағалауға мүмкіндік бермейді және қолда бар ресурстарды тиімді әрі нәтижелі пайдалануға кепілдік бермейді.
Бұл ретте, әкімшілердің жекелей алғандағы көбіне мемлекеттік органның ішкі міндеттерін шешуге тұтастай, елдің және қоғамның міндеттерін шешпеуге бағытталған өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілігіне қатысты шын мәнінде маңызды нормаларды орындаудың формальдылығы байқалады.
Мұндай ұстаным бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелілігінің орнына, қаржы ағындарына бақылауды қалыптастыру мен сақтауға мүдделілігі көрінетін “бюджеттік шектеулердің босаңдығын” айқындап берді.
Аталған жүйелі кемшіліктерді жоюға бюджеттік ресурстарды мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін және нақты, өлшенетін қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізуде бюджет процесіне барлық қатысушылардың орнықты мүдделілігі мен қызығушылығын жасаумен тұжырымдалатын жүргізіліп отырған әкімшілік реформаның іс-шаралары бағытталған. Бюджет жүйесі формальды емес, нормативтік белгіленген қағидаттар мен ережелерді орындау тұрғысынан іс жүзінде бірыңғай болады.
Берілген міндетке жету үшін біріншіден, әкімшілерге белгілі бір нәтижелер үшін бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын бөлу мен пайдалануда кеңірек тәуелсіздік беру жолымен, және екіншіден, аталған нәтижелерге қол жеткізу мемлекеттік органдардың дербес жауапкершілігін күшейту жолымен жоспарланып отыр.
Бюджетті жоспарлау және атқару бюджет қаражатын пайдаланудың бағыттары мен нәтижелері туралы толық ақпаратпен сүйемелденеді, оның негізінде бюджет саясатын өзгерту туралы шешім қабылданады, ал мемлекеттік органдар өз функцияларының сапалы орындалуына жауапты болады.
Бюджетті жоспарлау мен атқару рәсімдерін жетілдіру шаралары мынадай қағидаттарға негізделеді:
стратегиялық, орта мерзімді мақсаттармен, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсіру міндеттерімен үйлестіру;
республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсірудің стратегиялық, орта мерзімді міндеттерінің индикаторларына сәйкес келетін түпкі нәтижелерге және нысаналы индикаторларға қол жеткізу;
корпоративтік басқару;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ағымдағы және күрделі шығыстарын қалыптастырудың объективтілігіне қол жеткізу;
бюджетті әзірлеу және атқару жөніндегі рәсімдерді ықпалдастыру;
мемлекеттік органның ішінде және мемлекеттік органдардың арасында бюджетті атқару рәсімдерінде қайталанатын іс-қимылдарды болдырмау;
ақпараттық жүйелерді оңтайлы қолдана отырып, бюджетті жоспарлау және атқару кезеңінде еңбек өнімділігін арттыру.
Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу - бұл бюджет ресурстарын мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен бюджет қаражатын пайдаланудың күтілетін нәтижелерінің қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттің мақсаттары, міндеттері мен функциялары бойынша бөлуді қамтамасыз ететін бюджетті жоспарлау, атқару және атқарылуын бақылау әдісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz