Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы кофе және бидай


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Банк Ісі Академиясының Колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Салыстырмалы
артықшылыққа
байланысты мамандану
Орындаған: Ерімбетов Д. 3-29 топ
Тексерген : Доланбаева Н. С.
Алматы, 2006 ж.
Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мамандану
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Шығындар айырмашылығы.
- Сауда шарты.
- Өндірістің ұлғаюы.
ІІІ. Қорытынды.
- Еркін сауда.
Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мамандану
Халықаралық сауда екі мемлекеттен тұрады деп қарастырайық. Мысалы, Бразилия және АҚШ. Екі мемлекет те бидай және кофе өндіреді, бірақ әртүрлі экономикалық тиімділікпен. АҚШ пен Бразилияның өндіріс мүмкіншілігінің қисығы 1-суретте көрсетілген.
Кофе Кофе
А
В
Бидай Бидай
а) АҚШ ә) Бразилия
1-сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы / кофе және бидай /. Өндіріс
мүмкіншілігінің қисығы ретінде көрсетілу себебі өндіріс
шығыны тұрақты. өндіріс шығындарының айырмашылығы
АҚШ үшін 1W = 1С, Бразилия үшін 1W=2С.
Шығындар айырмашылығы. АҚШ пен Бразилияның өндіріс мүмкіншілігінің қисығы әр түрлі. Олар ресурстар мен техникалық прогресс деңгейінің әр түрлілігіне байланысты. Басқа сөзбен айтқанда 2 мемлекетте бидай мен кофенің өндіріс шығындары әр түрлі.
1-суретте АҚШ толық жұмыс күшін пайдаланып және кофе өндіру көлемін 30 т төмендету арқылы қосымша 30 т бидай өндіре алады. Басқаша айтқанда өндіріс мүмкіншілігінің қисығы - 1, яғни 1т кофе = 1т бидай, яғни АҚШ кофе өндіруге жұмсаған ресурстарды пайдаланып қосымша бидай өндіре алады. Бұл айырбастан АҚШ-тың өндіріс мүмкіншілігі артады. Ал 1-суретте Бразилияның өндіріс мүмкіншілігінің қисығы айырбас пен шығынның басқаша жағын көрсетеді. Бразилия қосымша 10т бидай алу үшін 20т кофе өндіруден бас тартуы мүмкін. Сонымен оның өндіріс мүмкіншілігінің қисығы - 1т бидай = 2т кофе.
Өзін-өзі қамтамасыз ету. Егер АҚШ пен Бразилия экономикасы жабық және өз қажетін қамтамасыз ететін болса, онда әр мемлекет өндірістің белгілі бір құрылымын таңдауы керек. А нүктесі АҚШ үшін қолайлы деп алайық. Оңтайлы өндіріс құрылымы (18т бидай және 12т кофе) нарықтық экономика тетігінің әсерімен қалыптасады.
Бразилияның өндіріс құрылымының оңтайлылығы (8т бидай, 4т кофе) 1-суреттің В нүктесінде көрсетілген. Бұларды төмендегі кестенің 1-бағанында көруге болады.
Салыстырмалы артықшылыққа негізделген халықаралық маманданудан түсетін пайда
18т бидай
12т кофе
30т бидай
0т кофе
-10т бидай
+15 кофе
20т бидай
15т кофе
2т бидай
3т кофе
8т бидай
4т кофе
0т бидай
20т кофе
+10т бидай
-15т кофе
10т бидай
5т кофе
2т бидай
1т кофе
Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мамандану. Шығындар арақатынасы әртүрлі болған жағдайда АҚШ және Бразилияның қандай тауар өндіруге мамандануы керек екендігін салыстырмалы артықшылықтар принципі бойынша табуға болады. Жалпы өнім көлемі жоғары болуы үшін тауар өндіретін мемлекеттің шығындары төмен болуы қажет. Осындай жағдайда салыстырмалы артықшылық принципі мүмкін болады. Мысалы, АҚШ-тың бидай өндіру шығыны төмен. Ол дегеніміз, АҚШ қосымша 1 тонна бидай өндіру үшін кофе өндіруден бас тартуы керек. Ал Бразилия 1 тонна бидай шығару үшін салыстырмалы артықшылықтар принципі бойынша АҚШ бидай өндіруге мамандануы керек. Егер бидай АҚШ-та емес, Бразилияда шығарылса, онда халықаралық экономика өз ресурстарын тиімсіз жұмсайды.
Кофе өндірісінің шығындары Бразилияда төмен, демек Бразилия бидай өндірісінің 1/2 бөлігін қысқартып, қосымша 1 тонна кофе өндіре алады. Ал АҚШ 1т кофе өндіру үшін 1т бидай өндіруден бас тартуы қажет. бразилия салыстырмалы артықшылыққа ие болады, сондықтан ол кофе өндіруге мамандануы керек. Егер кофені Бразилия емес АҚШ шығарса, онда халықаралық экономика тағы да өз ресурстарын тиімсіз пайдаланады.
Шаруашылықты тиімді жүргізу - белгілі бір шектеулі ресурстарды қолданып неғұрлым көп жиынтық тауар көлемін шығару, яғни тауарды салыстырмалы артықшылығы бар мемлекет шығаруы. Біздің мысалда АҚШ бидайды, Бразилия кофені өндіргені дұрыс.
Кестенің 2-бағанасында салыстырмалы артықшылықтар принципі бойынша мамандану нәтижесінде бүкіл әлем шектеулі ресурс арқасында көп өнім шығара алатындығы көрсетілген. АҚШ бидай өндіруге толық маманданғанда 30 тонна өндіріп, кофені мүлде шығармайды. Ал Бразилия кофе өндіруге маманданғанда 20т кофе өндіріп, бидай өндірісін тоқтатады. Осыдан бүкіл халықаралық экспорт ұтады. Бидай 26т орнына 30т, ал кофе 16т орнына 20т өндіріледі.
Сауда шарты. Бразилия мен АҚШ кофені де, бидайды да тұтынғысы келеді, осының нәтижесінде сауда және айырбас қатынасы туындайды. Осы сауда шарты қандай болады? АҚШ пен Бразилия арасындағы сауда қатынасы қандай? АҚШ-та 1W = 1С болғандықтан, олар өзінің 1т бидайына 1т кофе алуы керек. Басқаша айырбас болса, АҚШ саудадан ештеңе ұтпайды. Басқаша айтқанда олар халықаралық нарықта өз бидайын өз жерінде сатқаннан гөрі көбірек бағаға сатуы тиіс. Осы сияқты Бразилияда 1W = 2С болғандықтан 1т бидайды импорттап, 2т аспайтын кофе көлемін экспорттауы тиіс. Бразилия бидайды халықаралық нарықта өз еліндегі бидай бағасынан төмен бағаға сатып алуы тиіс. Басқа жағдайда ол халықаралық саудаға қатыспайды. Сонымен сауда шарты АҚШ үшін:
1W = 1С. Бразилия үшін 1W = 2С.
Қай жерде халықаралық айырбас коэффициенті нақтырақ болады? Айырбас коэффициентіне сауда шарты арқылы халықаралық сауда пайдасы 2 мемлекетте қалай бөлінетіндігін анықтаймыз. Америкалықтар бидайдың 1 тоннасына 1 тоннадан көбірек кофе алғысы келеді. Бразилия 2 тонна кофе үшін 1 тоннадан көбірек кофе алғысы келеді. Айырбас коэффециенті осы екі тауарға деген халықаралық сұраныс пен ұсыныстың қатынасына байланысты. Егер кофенің жиынтық сұранысы ұсыныстан төмен, ал бидайға деген жиынтық сұранысы ұсыныстан төмен, ал бидайға деген жиынтық сұранысы ұсыныстан көп болса, онда кофе бағасы төмен, ал бидай бағасы жоғары болады. Онда айырбас коэффициенті шамамен 1W = 2С. Бұл жағдай Бразилия үшін пайдалы, ал егер жиынтық сұраныс пен ұсыныстың осы тауарларға керісінше болса, онда айырбас коэффициенті жуық шамамен алғанда 1W = 1С. Бұл жағдайда саудада Бразилия ұтылады.
Саудадан түсетін ұтыс. Халықаралық айырбас коэффициенті немесе сауда ұтысы 1W = 1/2С деп қарастырайық. Осындай шарт арқылы сауда мүмкіншілігінің қисығы сияқты сауда мүмкіншілігінің қисығы маманданған тауарды және оны басқа тауарға айырбастау вариантын таңдау мүмкіншілігі, 2-суретте сауда мүмкіншілігінің қисығы маманданған тауарды және оны басқа тауарға айырбастау вариантын таңдау мүмкіншілігі, 2-суретте сауда мүмкіншілігінің қисығы көрсетілген. Екі мемлекет салыстырмалы артықшылықпен шығарылған тауарға маманданған.
Кофе Кофе
А'
А B’
В
Бидай Бидай
а) АҚШ ә) Бразилия
Таңдау мүмкіншілігі. Мамандану және сауда бидай мен кофе арасындағы айырмашылықтың жаңа қатынасының пайда болуы әкеледі, ол сауда мүмкіншілігінің қисығында көрсетілген. Өзін-өзі қамтамасыз ету саясатына қарағанда бұл жаңа қатынас екі мемлекет үшін де қолайлы: бидайға мамандануы және оны кофеге айырбастауы арқылы АҚШ 1 тонна бидай үшін 1т жоғары сортты кофе алады. Сол сияқты Бразилия кофе өндіруге мамандану арқылы 1т бидайды 2т аспайтын кофеге ала алады.
Өндірістің ұлғаюы. Бразилия мен АҚШ өзін-өзі қамтамасыз ету саясатынан гөрі салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданса, өздерінің өндірістік мүмкіншілігінен көп тауарға мамандану халықаралық ресурстарды тиімді пайдалану және бидай мен кофе өнімін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол екі мемлекет үшін де қолайлы. 1W = 1/2С жағдайындағы сауда шарты бойынша АҚШ Бразилияға 10т бидайды экспорттап, 15т кофені импорттайды. Екі ел белгілі бір тауарға маманданбаған және сауда жасаспаған кездегі өндіріс құрылымы оңтайлы болса, онда жаңа жағдайда екі тауарлар мөлшері енді қалай болар еді? 2-суреттің А нүктесінде АҚШ бастапқы кезде 18т бидай және 12т кофе шығарды. Енді ол бидай өндіруге маманданып, 30т бидай өндіріп, 10т бидайды 15т кофеге айырбастайды, сонымен АҚШ енді 20т бидай және 15т кофені тұтынады. Бұл жағдай 2-суреттегі А нүктесінде көрсетіліп тұр. АҚШ-тың саудадан ұтысы 2т бидай және 3т кофе. Осыған сәйкес Бразилия маманданбағанға дейін 4т кофе және 8т бидай өндіреді. Енді Бразилия кофе өндірісіне маманданып 20т кофе өндіре алады және 15т кофені АҚШ-тың 10т бидайына айырбастайды. Сөйтіп, Бразиляның саудадан ұтысы 1т кофе және 2т бидай. Бұл жағдай 2-суреттің В нүктесінде көрсетілген.
Мамандану және халықаралық сауда нәтижесінде екі ел екі тауардан да ұтады. Оны кестенің 5-бағанында көруге болады. А' және B’ нүктелеріне қарағанда тиімді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz