Қазақстан аралас экономика кезеңінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 1
II Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары 2
2.1 Аралас экономика қалыптасуының материалдық-техникалық негізі 2
2.2 Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері 5
III Аралас экономикада нарықтық қатынастарды жасаудың жолы 10
Қазақстан аралас экономика кезеңінде 12
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер 16

Кіріспе

Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың
нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика - бұл нарық,
бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.
Аралас экономика мынаны көрсетеді: батыстағы нарық экономикасы
өндірістен шектелген жұмысшы күшін қабылдайтын шағын бизнессіз және
экономикада тепе-теңдік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін
мемлекеттік кірісушіліксіз өмір сүре алмайды.
Адамзат тіршілігінде нарыққы өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес,
өйткені, түрлі негіздер меншіктің түрлі формаларын қабылдауға мәжбүр етеді,
яғни, бұл түрлі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан
нарықтық қатынастарға көшу, ұжымдық меншікке алу, кооперациялау, жекелей
еңбек ету және т.б. сияқты формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты
жайға байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс
орындарының, мекемелердің формалары да әрқилы айырмашылықта болады.
Аралас экономика экономикалық жүйенің бір типі болып табылады.
Экономикалық жүйенің бұдан басқа дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршіл
экономика және нарықтық экономика деген типтері бар.
Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы: өтпелі
экономика формациялау даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды
көрсетеді. Менің осы курстық жұмысымның мақсаты аралас экономиканың мәнін
ашып, қалыптасуына, яғни экономикалық жүйеден қалай бөлінетініне,
құрылымына жалпы сипттама беру болып табылады.

1 Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары

1.1 Аралас экономика қалыптасуының материалдық-техникалық негізі

Ұжымдық өндіріс шаруашылықты жүргізу типі ретінде тарихи жағынан таза
күйінде алғашқы қауым құрылысының бастапқы кездерінде де болған жоқ. Ол
туралы натуралды, одан кейін тауарлық өндірістің оқшауланған кезінен ғана
айтуға болады. Капитал феодалдық қоғамның даму барысында укладтың бірі
ретінде тек еңбекті қамтып қоймай, ұсақ қолөнер өндірісін өзгертіп, оны
жоғары , өндірістің түрі - кооперация. Кооперативтік еңбектегі барлық
артықшылық капиталистік өндірістің ұсаққа қарағанда артықшылығы болып
көрінеді. Кооперацияның өзі капиталистік шаруашылыұтың ерекше түрі.
Кооперация қолөнершілердің жеке-дара еңбектерін капиталистік
өндіріске біріктіріп, еңбек процестерінде төңкерістің негізі болады. Тек
кооперацияның арқасында еңбектің қоғамдық өндіргіш күш ретіндегі өнімділігі
артады. Еңбектің қоғамдық өндіргіш күшінің артуы еңбек процесінде бірінші
өзгеріс болып, капиталға бағынады. Бұл өзгеріс-өндірістің технологиялық
қайта өзгерістерінде төңкерістің алғашқы қадамы.
Кооперациядан басталған еңбек процестеріндегі өзгерістер
мануфактурада жалғасады. Мануфактура жұмысшысын жиынтық жұмысшы органның
мүшесіне айналдырады. Жекелеген жұмысшыларда бір жақты шеберлік қабілеттері
жетілген, ал жиынтық жұмысшыда ол көп жақты болады. Жеке жұмысшы жалпы
қолөнерді білмейді, мануфактура істеу мүмкіндігінен айырылған, яғни
техникалық жағынан еңбек құралдарына бекітілген, соңғысының қосалқы
бөлшегі. Қол еңбек пен қолөнердің негізінде пайда болған мануфактура еңбек
құралдарының мамандануын туғызады, оларды өте шебер пйдаланады.
ХIХ ғасырдың екінші жартысында бастап техниканың дәрежесі мен
сипатында сапалық өзгерістер болады. Олардың ішіндегі - металлургия,
химияда, машина жасауда, инфраструктура құрылымында - мануфактурадағы еңбек
бөліністеріңнің одан әрі дамуын, демек, ұжымдық қатынастардың да алғы
шарттарын жасайды. Іштен жанатын двигательдер электр және т.б. цехтардың,
участоктердің, арнаулы кәсіпорындардың құрылуына, әртүрлі экономика
саласында жұмыскерлердің пайда болуына негіз болды.
Машиналы өндірістің принциптері - өндіріс процестерін құрамды
бөліктерге бөлу және мәселелерді машиналар, химия және т.б. арқылы шешу
өндірістің индустриализациялау дуәірінің талабына сай келеді. Машиналы
өндіріс ірі өнеркәсіпті туғызды, мұнда өндіріс өндірісті өмірге келтірді,
осылардың негізінде өндірістің артықша өсу заңын шығып, дамыды.
Қарастырылып отырған экономикалық дәуір электр энергиясын өндіру,
жаңа техниканы игерудің басты факторы еді. Халық шаруашылығына электрді
еңгізу техникалық прогрестің негізі болып, табиғат ресурстарын тиімді
пайдалануға, өндіргіш күштері мол істерге жол ашып, энергияны қолданатын
өнеркәсіп салаларын дүниеге әкелді.
Екінші бағыт-қоғамдық өндіріске жоғары өнімді өндіріс құрал-жабдықтары
енгізіледі, олар жеке-дара еңбек бөлісін математикалық аппараты бар
машиналар жүйесімен бірлікте дамытатын принциптерге негізделген.
Жоғарыдағы бағыттан кейін үшінші бағыт туады. Ол- қоғамдық өндірістегі
технологиялық буындар санының азаюынан көрінеді. Бұл тенденция енді
байқалып келеді, оның болашағы техникалық проблемаларды шешуде жатыр.
Мақсат-соңғы өнімге баратын табиғат зат өтетін техниклық буындар санын
азайту. Әртүрлі материалдық өндіріс салалардағы технологиялық буындар санын
қысқарту еңбек өнімділігн өсіреді, қоғамдық өндірістің материал
сіңіргіштігін азайтады, шикізат пен еңбек ресурстарын үнемдейді,
жоспарлауды жетілдіреді, табиғи ортаны сақтау, ең соңында еңбектің
қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі көбейеді.
Машиналардың, ірі кәсіпорындардың бастапқы және одан кейінгі
кезеңдерінде, әсіресе, тауарлы қатынастардың индустриалдық дәуірдегі
үстемдігі тұсында ұжымдық өндіріс дами келе, ұлғаяды.Сонымен қатар оның
заңдылықтыры соншалық қайта өзгереді, ол туралы енді былай айтуға болады:
...Капиталистік меншік, оның негізінде нақтылы өндірістің ұжымдық түрі
жатыр... Қоғамдық өндірістің мұндай жағдайы таза тауарлы немесе ұжымдық
өндіріс деп атауға, жазуға да қарсы болады. Мұндай өзгерістер қоғамдық
өндірістің түрі, меншіктің түрі дәрежесінде атап өтуге де, ерекшелеуге де
болмайды.
Өндіргіш күштердегі, өндірістегі өзгерістер меншіктің жаңа түрінің-
ұжымдықтың пайда болуына әкеледі. Меншіктің жаңа түрінің өмірге келуі
бұрынғылардың ішінде жаңа қатынастарды қалыптастырады. Бұрынғылардың
негізінде жаңа құбылыстардың өзара байланыстарын қайта өзгерту жүйесі
жетіспейтін түрлер мен тәсілдердің табысуы арқылы жүреді. Мұның бәрі жаңа
құбылыстың қалыптасқандығын көрсетеді. Ол өз бойында қоғамдық өндіріс
түрінің бұрынғы заңдылықтары (тауарлы) және жаңасын (ұжымдық) сіңіреді. Бұл
жаңа құбылыс - аралас экономика.

1.2 Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері

ХХ ғасырдың барысындағы аралас экономика түсінігі туралы көзқарастар,
конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары сапалық өзгеріске ұшырамайды.
80-жылдарда да негізінен аралас экокномиканы мемлекет пен жеке сектордың
есепке негізделген некеге отырулары деп анықтады. Мұндай көзқарас Ф. Марш,
Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс
экономистеріне тән.
Бұлардың ой-пікірлерінде аралас экономиканың өмір сүру кезеңдері туралы
алшақтық бар. Айталық Э.Шонфилдің айтуынша, аралас экономика үстіміздегі
ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болса, Э.Ролдың айтуынша, Ұлыбританияда 200
жылдай өмір сүрген. Мұндай алшақтықтың себебі аралас экономиканың
анықтамасын, оның мәнін терең аша алмайды.
Бұрынғы КСРО-ның қазіргі экономистерінің теориялық еңбектерінде:
бұл проблеманы түсінуде үш негізі бағыт анықталады. Біразы аралас
экономиканы көп укладтықпен теңестіреді. Екіншілері аралас қоғамды
формацияға жатпайтын қоғамның типі деп қарайды. Ең соңында, үшіншілері
бұл қоғамның сипатын өтпелі типке жатқызады. Көзқарастарының әртүрлілігі
аралас экономика анықтамасының анық еместігінде жатыр. Алған үш бағыттың
мәндік салмағы өтпелі кезеңге ауысқан және ол аралас сөзінен де
туындайды. Нәтижесінде осы ұғымның мәндік мазмұнын анықтауға бір нәрсе
басқамен араласуы тиіс және ол процесс белглілі бір уақытта деген ой
аспанында қалықтайды.
Шынында, алдымен мына сұраққа жауап беруіміз керек: экономика не
себептен аралас болады? Немен араласады және бұл араласу қайда апарады?
Аралас экономика неден басталып қалыптасады? Әрбір зерттеуші өз қөздегенің
табады. Осы жағынан мына сөздердің жаны бар: Мынадай түсінікке қарамай
проблемалық ситуацияны бағалағанда және теорияны таңдағанда құнды пікірлер
объективті экономикалық зерттеулерден анық бөлінуі тиіс.
Экономика әлемінде қоғамдық өндірістің тауарлы және ұжымдық түрлері
араласуын тұйықтайды. Экономика дүниесін тек қана жеке меншіктіден емес,
тек жеке-дара кәсіпкерден емес, сонымен қатар ұжымдық меншіктен тұрып,
олардың түрлілігін қосады.
Экономикалық өмірде әртүрлі меншік түрлері пайда болуының басты
себебі- мануфактуралық қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты.
Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы
екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар иен өндіріс салаларының оқшаулануы
және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе
ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастарды қоғамдық өндірістің бір түрінен
екіншісіне ауысатын өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл
өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысы- аралас экономика
көрсетеді.
Тауарлы өндіріс аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс
қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономиканың
тауарлы өндіріс болуы- ұжымдық аралас экономиканың қалыптасу кезендерін
білдіреді. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс
заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті
сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи
процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің
бір тәсілі табиғи жолмен басқасына ауысып отырады. Бұл пароцесс Дж.
Гэлбрейттің мына ойында көрініс тапқан: Екі жүйе нарыққа ауысты.
Жоспарлаудың бір түрлерінің конвергенцияға бағыт ұстағаны айқын байқалады.
Мұнда автор капитализм мен социолизм айтып отыр, бірақ ол шындыққа сәйкес
келмейді. Бұл идеяға атап өтетін жай, қайсыбір процестердің мұндай ойға
итермелегені.
Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай
көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация
жүйесінде орын берілмегені белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық
қатынастарына сырт қараушылықтан шығады. Бұл құбылыс капитализмде емес,
социолизмде емес, соңғысына капиталистік өндіріс қатынастары енбейді, онда
ол-информациялық құбылыс емес. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы
процестерді көрсете алмайды.
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны
білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс-аралас экономиканы сипаттайды, ол
бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықтың жүргізудің жаңа түрі.
Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті,
сөйтіп экономис-ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті,
содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі
түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас
экономика шын өмірдегі қатынастардың бергі жағын емес, ең терендігі шын
нақты қатынастарды айқындайды.
Аралас экономиканың қоғамның өтпелі типі, мұнда жаңа
метацивилизация мен жаңа өндіріс әдісі қатар жүруі деген түсіндірулер мына
сұраққа жауап бермейді: бұндай өтуге не итермелейді? Қарап отырған
көзқараста механикалық элемент басым. Ол мынадай тәсілдермен дәлелденеді:
болашақ қоғамдық құрылыстың моделі, жаңа элементтер шындалады.
Аралас қоғамда ешкімді, ештеңені, ешқандай қыстау, қинау, шындау жоқ.
Мұнда эволюция табиғи жолмен біреулердің жаңадан, бұрынғылардың, қоғамдық
өндіріс элементтерінің ескертуімен пайда болып, жүріп отырады. Оның
өтпелілгі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп-жетілуінде, бірақ бұл бір
өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі,
өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен
жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар
жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі
процестердің өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база
жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда атап өту
керек, мұнда жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежені, ол қоғамдық
өндіріс түрінің біреуін басқамен, өмірге келе жатқанымен жоққа шығару
тауарлы өндірітің қатысуында.Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің келу процесі-
аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы
мынада: соңғысы формациялық даму деңгейі және қайта өзгерісті ұйымдастыруды
көрсетеді.
Түрлі елдердің қазіргі экономикасын аралас экономика деп сипаттауға
болады, бірақ АҚШ-тың немесе ФРГ-ның экономикасын өтпелі деп айтуға
болмайды. АҚШ-тың, ФРГ-ның экономикасы өз бойында тауарлы және ұжымдық
қатынастардың заңдылықтарын ұстайды, бірақ туып келе жатқан қоғамдық-
экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ-тың
немесе ФРГ-ның қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа
экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінен өз бетінше
дамитын ерекше эмбрион сияқты.
Аралас экономика бір өндіріс әдісінен екіншісіне ауысуы құбылысы
ретінде қарау, бұлардың ұзақ өмір сүруінің құпиясы неде деген сұрақ
туғызады және бұл сұраққа жауап іздеу жалпы экономикалық негіз абстракты
ұғымдар мен адамзаттық тәжірибе ретінде барлық өндіріс тәсілдерін, түрлі
экономикалық әдістерге тән және бұл қырынан олар аралас экономикалық
белгілерін, ерекшеліктерін білдіре алмайды.
Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды
бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігімен ангықтайды. Ғылыми әдебиетте олар
монополистік капитализмнің, немесе индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір
концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас
экономика ұғымын анықтайды және мынадай белгілерін атап өтуге болады.
Алдымен аралас экономика қоғамдқы өндірістегі тауарлы және ұжымдық
өндірістің балығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды
сипаттайды.
Құбылыстың бетінде аралас экономиканың алғашқы көрінісі-экономикаға
мемлекеттің араласуы. Араласу алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің
күшеюінен көрінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы
инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б. шаралар
кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі-мемлекет пен бизнестің өзара
байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар,
ол әртүрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, біртұтас
өзара байланыстың түрлері мен саяси соббизм жолымен қоғамдық өндірісті
реттеуге қатысады.
Аралас экономиканың басты белгісі - мемлекеттік меншік. Айталық, жеке
сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе теміржол транспортында,
атом энергетикасында, космостық техникада ерекше білінеді.
Мемлекеттік меншіктің пайда болуы-тауар қатынастарында жаңа лептің,
ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономика меншіктің
көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың
негізі болып, басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді.
Аралас экономиканың маңызды бір белгісі - құндық және жоспарлылық
тұтқалар арқылы реттеу. Олардың қолдану басқарудың мемлекеттік және де
басқа органдарында жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу
сипатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас экономиканың мәні
Аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалы
Аралас экономиканың сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері
Аралас экономика
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Экономикалық жүйенің мәні мен тұрпаты және оның салыстырмалы тиімділігі
Экономиканың жүйелердің негізгі типтері
Меншіктің мәні, нысандары және экономикалық жүйенің типтері
Аралас экономика мәні, маңызы
Пәндер