Циклдық толқуларды мемлекеттік реттеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Электроэнергетика факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Экономика пәнінен
Семестрлік жұмыс №2
“Экономика дамуының циклдігі және мемлекеттік антициклдік реттеу”
Нұсқа №2

Орындаған: БЭк-06-7 тобының
студенті Бохаев А. Б.
Тексерген: Жараспаева Қ. М.

Алматы 2008
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері
б) Циклдық толқуларды мемлекеттік реттеу
3. Қорытынды

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖАЛПЫ БЕЛГІЛЕРІ

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін
өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер
байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған рыноктық
қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз
өндірісін шексіз ұлгайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын
"жаулап" алуға тырысты. Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын құбылысқа
алып келді. Артық өндірудің мәні белгілі бір тауардың ұсынысы сұраныстан
басым болудан көрінеді. Нәтижесіңде тауар бағасы едәуір темендеп кетеді де
көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.
Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше болғаны
соншалық, XIX және XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл
мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың
байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процестерге әсерін
мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі
пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.
Экономикалық циклдарды зерттеушілердің бірі — А. Шпитгоф. Ол 1905 жылы
экономикалық циклдар және дағдарыстар тақырыбына диссертация қорғап, осы
саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды. А. Шпитгоф
эмпирикалық, яғни нақты бақылауға негізделген теорияны жақтай келіп,
циклдарды зерттеудің көптеген ғылыми материал беретіндігін, өйткені мұндай
зерттеулер кездейсоқ, абстрактылы қорытындыларға емес, нақты тұрақты түрде
қайталанып отыратын белгілерге назар аударуға мүмкіндік беретінін
дәлелдеді.
Ол әрбір жаңа экономикалық циклдың пайда болуының ерекше тарихи және
әлеуметтік себептерін түсіндірді.
Мұның бастапқы пункті өрлеу деп есептеді А. Шпитгоф. Ол экономикалық цикл
проблемасын артық өндіру проблемасымен байланыстырған жоқ, бұл мәселе тек,
еркін сауда дәуіріндегі рыноктық экономикаға тән қасиет деп түсіндіреді. А.
Шпитгоф творчествосын зерттегендер, соның ішінде Б. Селигмен, оның циклдық
даму тұжырымдамасының белгілі орыс экономисі Туган-Барановскийге күшті әсер
еткенін көрсетеді. (А. Шпитгоф Туган-Барановскийді экономикалық цикл
проблемасын байыпты түрде қарастырған алғашқы зерттеушілердің бірі деп
есептеді). Циклдық даму туралы А. Шпитгоф идеясының ең басты ерекшеліктері
бірін-бірі ауыстырып отыратын цикл фазаларын экономикалық, әлеуметтік тіпті
психологиялық факторлармен түсіндіруге талпыңуда жатыр. А. Шпитгоф
идеяларын оны қолдаушылар өз еңбектерінде одан әрі дамытты.
Мысалы, белгілі швед ғалымы Г. Кассель экономикалық циклдарды саясаттағы
өзгерістерден, ақша айналымындағы берекесіздіктерден, тарифтегі
тәртіпсіздіктерден және экономикалық процеске мемлекеттің араласуы
қажеттігінен тыс қарастыруға болмайтындығын көрсетті. Т. Вебленнің
еңбектерінде экономикалық цикл ақша айналымы мен несиеге байланысты ерекше
құбылыс деп бағаланады. Ол экономикалық циклды өндірістен тыс пайда мен
баға арқылы түсіндіріп, циклды несие алушыға ұтыс әкелетін рыноктық
экономиканың қалыпты жағдайы деп санады.
Экономикалық циклды зерделеуде өзінің ерекше пікірі бар оқымысты, Т.
Вебленнің шәкірті американдық У. Митчелл болды. Ол экономикалық циклды
жасанды констукция, жеке-дара деректерді бір кестеге біріктіру деп
қарастырды. Экономикалық құбылыстардың нақты деректерін зерттей келе оларға
тек қысқа мерзімді (40 ай) циклдар тән, ал қалған толқулар ретсіз, ешқандай
заңдылықтарға бағынбайтын, сондықтан қатал талап тұрғысынан бұлар
экономикалық циклдарға жатпайды деген қорытындыға келді.
Дж. М. Кларк экономикалық циклды күнделікті бақылау арқылы ғана зерттеп
қоймай, оны таза теориялық жағынан да қарастыруға тырысты. У. Митчелдің
нақты деректерін пайдалана отырып Дж. М. Кларк "Экономикалық циклдағы
факторлар" деген кітабында бұл процестің ішкі заңдылықтарын анықтап және
түсіндіруге талпынды. Кларк соғыстардың, ғылыми-техникалық прогресс
толқындарының бастапқы сыртқы факторларын анықтап, олардың экономикалық
жүйе қозғалысына қарқын беретіндігін көрсетті. Дж. М. Кларктың ойынша
екінші қайтара факторлардың әсері басымырақ, өйткені олар экономикалық
жүйенің ішкі факторына қатысын білдіреді. Бұл жаңалық цикл фазасын ғылыми
болжауға мүмкіндік берді. 1929—1933 жылдардағы жойқын дағдарыс оны алдын
ала болжауды місе түтпай, сонымен қатар дағдарысты реттеу тұжырымдамасын
жасауды күн тәртібіне қойды. Белгілі ағылшын экономисі Дж. М. Кейнс 1936
жылы жарық көрген "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы"
атты кітабында экономикалық циклдың басты белгілерін анықтады. Ол:
ауытқудың уақыты мен ұзақтығы жағынан қайталанып отырады және олар
капиталдың шекті тиімділігінің ауытқу механизмімен байланысты деген
қорытындыға келді. Дж. М. Кейнстің пікірінше циклдық даму — экономикалық
жүйені дамытатын күштердің қорланып, олардың бірін-бірі күшейтуі. Бірақ
олар бірте-бірте әлсірейді де, басқа күштер жанданып, қарама-қарсы бағытта
әрекет етеді. Өз кезегінде карсы әрекет ететін күштер белгілі уақыт ішінде
нығайып, олардың әсері күшейді, бірақ олар да өз тегіне жеткеннен кейін
жаңа қарама-қарсылықтарға орын береді. Экономикалық дамуды жоғарылататын
немесе төмендететін тенденциялардың ұзақтығы мен ауысуының реттілігін
көрсеткен, Кейнс циклдың объективтігін жоққа шығаруға тырысты, сөйте тұра
оны субъективті фактордың жемісі деп те есептеген жоқ.
Оксфорд университетінің профессоры Дж. Хикс "Экономикалық цикл теориясына
кіріспе" деген еңбегінде Кейнс теориясын едәуір толықтырды. Кейнс тұтыну
мен инвестиция байланысын мультипликаторлар арқылы ашып, экономиканың
циклдық қозғалысына толқынды импульстардың физикалық теориясы мен
акселерация принципі тұрғысынан талдау жасады. Дж. Хикстің экономикалық
циклдар теориясы мультипликация мен акселерация құбылыстарын талдау
негізінде жүргізілген күрделі зерттеу. Бұл құбылыстарды Дж. Хикс циклдың
ауытқулары мен дүмпуінің алғышарттары деп көрсетті.
Т. Вебленге қарағанда Дж. Хикс экономикалық циклды талдау барысында ақша
айналымы мен несие сияқты факторларды ескермеді. Дж. Хикстің экономикалық
циклды түсіндірудегі ең басты кемшілігі — экономикалық дамудың маңызды
факторларының бірі адам факторын есепке алмады, жоққа шығарды. Осы кемшілік
экономикалық циклдарды зерттеуші бағыттардың бірі болған марксизм
өкілдеріне де тән. К. Маркс рыноктық капиталистік экономиканың циклдық
дамуының объективтік сипатын зерттеді. Циклдың материалдық негізі деп ұдайы
өндіріс процесіндегі негізгі капиталдың қызмет атқару кезеңін атап
көрсетті. Циклдың және оның фазаларын материалистік тұрғыдан түсіндіру
капитализмнің монополистік сатыға дейінгі кезеңін талдауда нанымды болуы.
Алайда рыноктық экономикасы дамыған елдердегі экономикалық процестерді тек
қана өндірістің материалдық негізінің әсері арқылы түсіндіру жеткіліксіз.
Швед мектебінің белгілі өкілдерінің бірі К. Векселдің пікірі бойынша
циклдердің пайда болуын қажетсінетін экономиканың өзіне тән ерекше
қасиеттері бар. Векселдің ойынша өндіріс жылданжылға бірқалыпты ұлғайып
отырмайды, өйткені халық санының өсуі мен техникалық прогрестің дамуы
бірқалыпты емес.
Техникалық прогреспен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық
жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне
қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады.
Гарвард университетінен шыққан, көбіне оны американ Кейнсі деп атаған Э.
Хансен "Экономикалық циклдар теориясы" деген кітабында циклды күрделі
экономикалық құбылыс ретінде қарастырды. Хансен қазіргі кездегі
экономикалық шайқалыстардың негізінде технология проблемалары, қоғамның
құқықтық құрылымы, өндірісті ұйымдастыру, қорлардың мөлшерден, артып кетуі,
бір сектордан екіншісіне ауысу кезіндегі тауарлар ағынының кешеуілдеуі деп
түсіндіреді. Циклдық дамудың шетелдік зерттеушілерінің ішінен И. Шумпетер
мен П. Самуэльсон сияқты көрнекті ғалымдарды атамау мүмкін емес.
Шумпетердің экономикалық циклдар проблемасын қараудағы ерекшелігі, ол оны
экономикалық өсіп дамумен тікелей байланыста талдайды. И. Шумпетердің
ойынша экономикалық циклдың терең тамыры — циклдық қозғалыстың
ретсіздігінде жатыр. Сөйтіп ол ғылыми айналысқа үш циклды кесте енгізді,
бұл рыноктық экономикадағы барлық құбылыстарды сипаттауға сәйкес келетін
көзқарас деп есептеледі. И. Шумпетер бұл циклдарды Н. Д. Кондратьев, К.
Жуглар мен Дж. Китчина сияқты ғалымдардың есімдерімен атады. Ал, ол
ғалымдар циклдардың ұзақтығын 55, 102 жыл және төрт айға бөлді. Шумпетер
экономикалық жүйеде барлық үш циклдың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі
көрінеді деп есептеді.
П. Самуэльсон "Экономика" атты кітабында экономикалық циклды жалпы рыноктық
экономикаға көшкен барлық елдерге тән деп қарайды. Экономикалық циклдың
объективті сипатын мойындай келе, П. Самуэльсон бұл құбылысты оған әсер
ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау арқылы, оның ұзақтығын әр
фазаның көріну ерекшеліктеріне сәйкес зерттейді, ұсынады.
Бұрынғы кеңес экономистерінің ішінен экономикалық циклдар мен дағдарыстар
теориясы туралы Л. Мевдельсон мен Е. Варга еңбектері белгілі. Жалпы бұл
авторларды экономика ғылымының ірі зерттеушілері қатарына жатқызуға болады.

ЦИКЛДЫҚ ТОЛҚУЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Циклдық толқуларды реттеу проблемасы жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Алайда
олардық сан түрлілігі мен салмақтарының бірдей еместігі антициклдық
саясатты қабылдауға кедергі болмай, барлық циклдық реттеу тұжырымдамасын
екі бағыттың төңірегінде топтады: неокейнсиандық және неоконсервативтік
бағыттардың екеуі де классикалық мектептің негізінде дамыды, Біріншісі
жиынтық сұранысты реттеуге бағытталса, екіншісі жиынтық ұсынысқа бағыт
алды.
Бастапқы нұсқау мен болжамға байланысты жоғарыдағы көрсетілген бағыттар
циклдық толқулар проблемасын шешуі мүмкін. Бүл мақсаттар үшін мемлекет
колындағы кұралдарды әр қилы пайдаланады. Мысалы, кейнсиандык, бағытты
жақтаушылар бюджеттік саясатқа (мұнда ең басты мемлекеттік шығындарды
азайту немесе көбейту) және салық саясатында экономикалық жағдайға қарай
салық ставкаларымен айлалы әрекет жасау. Ал неконсервативтік бағыттағылар
бар күшті ақша мен несие саясатына жұмсауды ұсынады. Сондықтан соңғы кезде
неконсервативтік саясатты жақтаушылар монетарлық теорияға арқа сүйеп, ақша
келеміне және оны реттеуге ұмтылуда. Осы процестерге жалпы экономиканы
реттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері
Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы
Экономикалық цикл факторлары және даму ерекшеліктері
Макроэкономикалық саясаттың үлгісін таңдау
Мароэкономика
Экономикалық цикл және оның фазаларының сипаттамасы
Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
Макроэкономикалық модельдердің мәні, түсінігі, түрлері
Экономикалық цикл және оның фазалары
Пәндер