Экономикалық айналым моделі


ЖОСПАР
1. Бәсеке және оның түрлері. Бәсеке және монополия1
МАКРОЭКОНОМИКА6
14-ТАҚЫРЫП. ҰДАЙЫ ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ. ҰЛТТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ6
1. Макроэкономика және оның мәселелері. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі. 6
1. Бәсеке және оның түрлері. Бәсеке және монополия
Рыноктық экономиканың негізгі ерекшелігі болып еркін таңдау: өндіруші үшін өндірілетін өнімді таңдау еркі, тұтынушыға тауарды алуда, жұмысшыға жұмыс орнын таңдау еркі айтылады. Бірақ еркін таңдау экономикалық табысты өзінен-өзі қамтамасыз ете алмайды. Ал, оны бәсекелестік күресте ғана жеңіп алады.
Бәсеке - бұл рыноктық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында, өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.
Бәсеке - рыноктық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі формада болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады. Ол сала ішіндегі (біртектес тауарлар арасында) және сала аралық (әр түрлі салалар тауарлары арасында) бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.
Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей алады.
Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.
Рыноктық қатынастардың қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке рыногі деп бөлінеді.
Жеке фирмалардың өнім бағасына (базар нарқына) әсер етуі неғұрлым аз болса, солғұрлым рынок бәсекелік деп саналады.
Жетілген бәсеке (еркін бәсеке рыногі) дегеніміз рынокта бір-біріне тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең мүмкіндіктері мен құқтары бар бәсекенің идеалды бейнесін айтады.
Жетілген бәсекені негізгі белгісі: әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге шаққанда аз болғандықтан, ешқайсысының бөлшек бағаға әсері өте төмен болады. Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі.
Жетілген бәсеке толық түрде болмайды. Оған тек жуық шамада жақындауға болады. Еркін бәсеке деп XIX ғасырдың ортасыңда болған бәсекені шартты түрде айтуға болады.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТП-ң әсерінен өндірісті шоғырландыру жүріп жатыр, ол ірі және аса ірі кәсіпорындардың, яғни монополияның құрылуына әкеп соқты.
Монополия (грек - mono - жалғыз, роlіо - сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады.
Монополияның мақсаты - рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.
Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құрылады және мынадай ұйымдық формалары бар:
Картель - шығарылып отырған өнім мен өткізу рыногын бөлу туралы келісім квотасы (саны) .
Синдикат - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.
Трест - монополияға енетін фирмалардың меншік өндіріс және өнімді өткізуге байланысты бірігуін айқындайды. Концерн - қаржы орталығы бір, бірақ жалпы технологиясы кіріккен әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.
Конгломерат - басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген бірлестік. Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген (жетілмеген бөсеке рыногы) сипатта дамытады,
Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын рынокты атайды.
Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия.
Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар. Дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т. б. болып табылады. Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист - фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктық бағаны шектелген түрде бақылай алады - бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.
Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін рынок (грек. оlіgоs - аздаған, роlіо - сату) . Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі - баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.
Олигополияға қарама-қайшы құбылыс болып олигопсония табылады. Ол рынокта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырды, яғни тұтынушылар рыногі монополиясы белең алады.
Таза монополия рынокта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілеттік сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады (жалғыз сатып аламын) .
Монополияның ролі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополиялық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшелінеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жаман жағы монополия рынокта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бөсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.
Осыны ескере келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы тұруға ұмтылады. Бұл үшін маңызды құрал болып антимонополиялық заңдар қолданады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-теңдікті мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын заңдар пакеті қабылданады.
Антимонополиялық заңдар 1880 ж. АҚШ-та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосылуын бақылайды.
Қазақстанда 1996 ж. «Бәсеке және сауда рыногындағы монополиялық қызметті шектеу» туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекеттік комитет құрылды. Бірақ, заң әлі жетілмеген және толық қолданылмайды.
МАКРОЭКОНОМИКА
14-ТАҚЫРЫП. ҰДАЙЫ ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ. ҰЛТТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ
1. Макроэкономика және оның мәселелері. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі.
1-сұрақ. Макроэкономика (грек сөзінен mаcro - үлкен) -бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін жалпы экономикалық ілімнің бөлімі. Макро және микроэкономика бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені екеуінің де талдау пәні - экономика. Бірақ зерттеу деңгейлері екі түрлі.
Микроэкономика жеке құрылымдардың бағытын және даму заңдылықтарын талдайды: үй шаруашылығын, фирмаларды, банктерді және т. б.
Макроэкономика экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары үкімет, кәсіподақ, орталық банктер, өндірушілер және тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады.
Егер микроэкономика жеке тауарлардың (дәнді дақыл, мата және т. б. ) көлемі мен бағасын қараса, онда макроэкономика агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады.
Бір фирманың әрекетін сипаттайтын басты макроэкономикалық көрсеткіштер: пайда, шығындар. Халық шаруашылығын жалпы сипаттайтын басты макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, баға деңгейі, процент ставкасының орташа деңгейі және жұмыспен қамту.
Макроэкономикада ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.
Экономикалық ілімді макро және микроэкономика деп бөлу XX ғасырдың 30-шы жылдары Д. М. Кейнстің ғылыми зерттеулердің әсерімен дайындалды. Өткен барлық көрнекті экономистер: меркантилистер, физиократтар, классикалық саяси экономияның өкілдері - ұлттық өндірістің көлемі, жұмыспен қамту деңгейі, инфляция және басқалар сияқты макроэкономикалық мәселелерге көңіл қойған. Бірақ олардың ешқайсысы осы мәселелерді бір макроэкономикалық моделге біріктіруге дайын емес болды.
Кейнстің еңбегі, оның ілімі жалпы бірыңғай ретінде экономиканы мемлекеттік реттеу белсенділігінің қажеттілігін негіздеді және макроталдаудың дәстүрлі әдісі моделдерді құрастыру болып табылады.
Модель - бұл басты факторларды есепке алатын және екінші реттіктерден босатылған оңайтылған теориялық схема.
Моделде екі топ элементтері бар: анықтау керектілері, яғни белгісіз өлшемдер немесе "эндогендер" және берілгендер, яғни белгілі өлшемдер немесе "экзогендер".
Модельді құру жүйесі модельдің белгісіз және белгілі өлшемдерін байланыстыратын қызметті (оператор) анықтауды білдіреді.
Модельдер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді аз уақытқа белгіленеді, көбінесе бір жылға. Ұзақ мерзім үшін неғұрлым ұзақ уақыт кезеңі беріледі.
Сонымен бірге, статикалық және динамикалық модельдерді айырады. Статикалық бір жағдайдан екіншіге ауысуды қарастырмайды. Оны қатып қалған фотосуреттің бейнеленуімен салыстыруға болады. Динамикалық модель оған қарағанда күрделірек, айталық, ұлттық табыс бір жағдайдан екінші жағдайға өткен қозғалыста қарастырылады.
Макромодельдер де микрошешімдер негізінде құрылады. Мысалы, жалпы инвестициялардың макромоделін қадағалай отырып, макроэкономистер үй шаруашылығы инвестиция жөнінде қабылдайтын шешімдерді де ескереді. Барлық сұрақтарға жауап беретін бірыңғай модель болмайды. Сондықтан макроэкономистер әрқайсысы белгілі мәселелерді шешетін көптеген модельдерді қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz