Фирманың жалпы сипаттамасы
Мазмұны
І-бөлім. Эпистола фирмасының бизнес-жоспары 2
ІІ-бөлім. Атқарылу түйіні 2
Фирма 2
Нарықтың ауқымы және ондағы мүмкіндіктер 4
Мән беретін жәйттер 5
Өте жоғары мамандандырылғаны 6
Қаржы ІІІ-бөлім. Фирманың жалпы сипаттамасы 6
ІV-бөлім. Өнімдер мен көрсететін қызметтер 7
V-бөлім. Маркетинг жоспары 7
Бәсеке және басқа әсер ететін факторлар 10
Маркетинг стратегиясы 10
VI-бөлім. Өндірістік жоспар 13
Өнімдерді ұсыну 14
Әзірлеу, қызметтер көрсету 14
Бізге қажетті жабдықтар 15
Сервис 16
Өндіріске әсер етуші сыртқы факторлар 16
VII-бөлім. Басқару және ұйымдастыру 17
Басқару және ұйымдастыру 18
Ұйымдастыру схемасы 18
Кадр саясаты және стратегиясы 20
Қызметкерлерді жалдау және олардың айлықтары 20
VIII-бөлім. Капитал және фирманың құқықтық нысаны 20
ІХ-бөлім. Қаржы жоспары 21
ІІ. Көрсетілетін қызметтердің жоспарлы мөлшері 21
ІІІ. Қызмет көрсетудің тікелей және жалпы шығыстары 22
VIII. Жобаны қаржыландыру жоспары 22
Тәуекелді бағалау 22
І-бөлім. Эпистола фирмасының бизнес-жоспары
Эпистола фирмасының атқаратын қызметтеріне сұраныс әртүрлі, дегенмен
көшірме-көбейту және аударма, компьютерлік қызмет салалары бұл күндері
қарқынды түрде дамып келеді. Ал фирма көздеген нарық сегменттерінде осы
қызметтер жоғары сұранысқа ие екеніне күмәніміз жоқ.
Кеңсеміз орналасатын жер таңдау қызмет көрсетуші біздің фирмамыз үшін
өте маңызды. Орын тебу (оның бағасы, орналасу қабаты егерде көп қабатты
үйде орналасқан жағдайда, мерзімі, жиһазының жай-күйі, телефон желісі
секілді басқа да коммуникацияның бар болуы, іздеген адам оңай таба
алатындай көшенің бойында орналасуы) фирманың нарықта өз орнын табудың
бірден-бір жолдары, әрі ең шешуші ықпал ететін әрекеттері екеніне мән
берген жөн. Орталықтан кеңсені жалға алу тым қымбат болғандықтан көп ақшаны
желге шашпай өз ақшамызға офис сатып алуды дұрыс деп шештік.
ІІ-бөлім. Атқарылу түйіні
Осы бизнес-жоспар Эпистола фирмасына қаржылай көмектесетін және осы
фирманың өзінде жұмыс атқаратын адамдарға арналып жазылған. Бұл бизнес-
жоспар фирманың бағыт-бағдарын айқындауға және нарықтағы өзгерістерге
күнделікті жылдам бейімделуге орай ойластырылған және де әрдайым (тоқсан
сайын) өзгертіліп, толықтырулар мен түзетулер енгізіліп отыру үшін де
жасалған. Мұнда көрсетілетін қызмет тізімінің ұзын-ырғасы және олардың
бағалары, қызмет көрсететін аумақтың кеңеюі мен тарылуы да қарастырылып
отыр.
Фирма
Эпистола жеке меншіктегі құрылым және оның бір құрылтайшысы әрі үш
жақты иегерлері бар. Негізгі мекен-жайы: Алматы қаласы, 10 ыа, 6-үй, 49-
пәтер.
Соңғы екі жылдың төңірегінде фирманың іргетасын қалаушылар
компьютермен жұмыс істеудің қыр-сырын біліп және орыс тілінен қазақ тіліне
аудару ісімен шұғылдануға бейімделді. Сонымен қатар екеуі де нарықтық
экономикаға оң қабақ танытатын және нарықта жылдам табысқа жете
алатындықтарына толық сенімді жандар болғандықтан бұл іске тәуекелді
мейлінше азайта отырып кірісіп отыр. Жылдам әрі сапалы аударма жасай алуда
екеуінің білімі толық жететіндіктеріне көздері жеткен олар осы істі ашуға
арқау болды. Соңғы жылдары аударма ісінің кеңінен өрістеуі еліміздің
тәуелсіздікке жетуінен туындап отыр. Баса айта кететін мәселе бұл бағыт
мемлекеттік тілдің келешекте өрлеуіне ешқандай шүбә келтіруі мүмкін
еместігінде. Дегенмен, бірденнен өз тілімізде іс-қағаздарын жүргізе
алмаудың көптеген тұстары бар екені де бізге мәлім. Демек қазіргі таңда
мемлекеттік тілді әлі де толық қолданбаған жағдайда аударма ісі өзінің мән-
мағынасын жоя қоймайтыны бесенеден белгілі. Мемлекетіміздің әлі де барлық
істері түгелімен орыс тілінде ойластырылып артынша қазақ тіліне аударылып
жататыны және еліміздегі орыс тілділердің басым көпшілікті құрайтыны айқын
кезде аударманың алар орны өте қомақты. Мұнымен қатар ағылшын тілінің
маңызы арта түсуіне, және осы тілді игерген адамдар санының арта түсуіне,
және глобализация (ғаламдасу) дәуіріндегі ағылшын тіліндегі материалдардың
ауқымының күрт өсуіне байланысты да техникалық, әрі жолма-жол аударма
мәселесінің маңызы да артып отырғанының куәсі болып отырмыз. Демек,
аудармашылардың Қазақстанда келешекте кемінде 15-20 жылға өз мамандығымен
жақсы өмір сүрулеріне толық мүмкіндіктері бар. Осыны ескере отырып,
нарықтан фирманың табысты орын алатындығына деген толық сенім осы іске
бастау болып отыр. Мұндай қолайлы жағдайды пайдалана отырып олар қоғамға
және өздеріне үлкен пайда әкелетіндіктеріне сенімді.
Егжей-тегжейлі қаржыландыру жоспарының негізінде істі табысты бастап
алып кету үшін 3 мың АҚШ доллары көлеміндей капитал керек. Бұл капитал
бастапқы маркетингтік зерттеуге, көрсететін қызмет түрлерін анықтауға және
алғашқы екі жылға арналған айналым капиталына пайдаланылмақ.
Нарықтың ауқымы және ондағы мүмкіндіктер
Фирма жасаған зерттеулерге көз жіберер болсақ 1991 жылдан бастап осы
күндерге дейін аударма ісімен айналысатын мекемелер саны және аудармашылары
бар мекемелер саны жылдам көбейіп отырғандығы айқын көзге түседі. Мұндай
нарықтың қанат жаюы фирманың аударма ісімен және көшіріп-көбейту,
компьютерлік қызметтермен айналысуына оңтайлы жағдай туғызып отыр. Сонымен
қатар, аударма осы күнге дейін көбінесе тек ақшалы мекемелер мен
кәсіпорындарда ғана пайдаланылып келеді. Келешекте ана тілімізде білім
берудің маңызы арта түскен жағдайда өз тіліміздегі оқулықтарға зәру болып
отырған білім беру ордаларынан сұраныстар сағат сайын көбейе түсетіні анық.
Сондықтан фирма нарыққа шыққанда оқу ордаларының маңына орналаспақшы.
Бұл бізге еркіндік беріп және қаншалықты жұмыс істейміз деп шешсек
соншалықты жұмыс істеуімізге ешкім кедергі келтіре қоймайтын жағдайға алып
келеді. Сатып алынатын кеңсе қымбат емес және астыңғы қабаттардан болғаны
жөн. Міндетті түрде телефон желісі (цифрлы болса тіпті дұрыс) қажет.
Күзетші кіріп жата алатындай болғаны да қарастырылу керек. Кемінде екі жеке
бөлме немесе бір-бірімен жалғасып жатқан екі бөлме қажет. Егер ақша жетпей
жатса, онда бір бөлмелі пәтер болса да сатып алғанымыз жөн.
Нарықтағы аса маңызды әрі қалталы клиенттер қатарына
- нотариат кеңселері жатады. Мұнда келген жандар аударманы шұғыл
бітіруге аса көңіл бөледі.
- ғылым қызметкерлері;
- студенттер;
- кәсіпкерлер;
- шетелдік ірі компаниялар мен фирмалар (жарнамалық аударымдар);
- кешкілік оқу курстары;
- жарнама агенттіктері.
Мән беретін жәйттер
Осы үш күрделі іске (аударма, көшіру-көбейту, түптеу) фирма нарыққа
шығысымен даяр болып отыр. Ал қосымша Интернет қызметін көрсету, кеңсе
тауарларын сату, ламинациялау, сканерлік жұмыстар, факс-бюро қызметі,
курстық және дипломдық жұмыстар мен рефераттарға кеңес беру бас-аяғы бір-
екі айдың төңірегінде басталып кетеді.
Өте жоғары мамандандырылғаны
Фирманың негізін салушылар екі ірі білім ордаларының түлектері. Әрі
екеуі де осы университеттерде жора-жолдастары және көріскен-біліскен
адамдары, олардағы студенттердің нені ізденіп, нені қолданатындарын дөп
басып білуі олардың жылдам нарықтан орын алуға бастама болатын негіздер
екенін баса айтқанымыз жөн.
Фирманың негізін қалаушылар – Сәрсенбаев Сәрсен мен Өскенбаев Әбен -
өздері студенттік өмірді бастан кешкен, аударма саласында тер төккен,
компьютерді жетік меңгерген адамдар. Сәрсенбаев Сәрсен – ҚазТУ-да оқыған,
орысша толық меңгерген, техникалық терминдерді түсініп еңбек ете алатын
жан. Сонымен бірге ол бірнеше жылдық жеке кәсіпкерлікпен шұғылданған.
Өскенбаев Әбен – филология ғылымының кандидаты, аудармамен бір жылдан астам
еңбек етіп келе жатқан жан. Көркем аудармаға да ат салысуы мүмкін. Екеуінің
көзқарастары мен ұмтылыстары бір жерден шығып отырады. Және психологиялық
жағынан екеуінің бірлесіп жұмыс істесе алуы айқын. Осындай істі бастау
жөнінде олар бір жылдың төңірегінде ойланып келеді.
Өз өнімдерін шығару және оларды сату, сондай-ақ аударма қызметіне
деген сұранымның көлемділігі оларға нарықта мықты орын тебуді қамтамасыз
ете алады. Бұл ұсынылатын қызметтер негізінен студенттерге, сол маңдағы
нотариат кеңселеріне, шетел фирмалары мен жарнама агенттіктеріне арналған.
Кең ауқымдағы қызметтер түрлері бір немесе бірнеше қызмет түрлерінің
нарықта өте ұтымдылығын жылдам көрсете отырып сол салада пайда табудың
жолдарын қарастыруға алып келеді.
Қаржы ІІІ-бөлім. Фирманың жалпы сипаттамасы
Фирма халыққа қызмет көрсету және саудамен айналысу мақсатында
құрылған. Көшіру-көбейту, аударма, ғылыми кеңестер беру, оқыту және
кеңселік тауарлар сатумен айналысатын болады. Бұл фирма Сәтбаев көшесінің
маңында немесе сол маңдағы жоғарғы оқу орындарының маңында орналасады. Өз
бизнесін алғашқыда көшіру-көбейту саласында студенттерге жақын орналаса
отырып көрсетеді. Ал аударманы көбінесе нотариат кеңселері және газеттерге
берген жарнамалар арқылы тартады.
Қысқаша айтсақ, фирма енді ашылу алдында тұр, бірақ бағыты анық.
Нендей қызметтермен айналысып, қалай ақша табатыны ойластырылған. Ендігі
мәселе маркетингтік талдау жасау керек.
Істің алғашқы бастамасы бас аяғы екі айда пайда табуды (3 адамның
айлығы), сөйтіп оны күндігіне 1500 теңгеден жоғары табуға алып келуі тиіс.
Ал содан кейін айналымдағы аппараттардың құнын өтеу шамамен тағы да жарты
жылды алатын болуы тиіс. Ал тоғыз айдан кейін өзімізде айлық ала алатындай
дәрежеге жетуіміз тиіс.
Біз жұмыс атқаратын аумақ негізінен сол маңдағы бес оқу орны алғашқы
бір айдың төңірегінде сонан кейін бүкіл қаланың студенттері, нотариат
кеңселері, ал бір жылдың шамасында оқулық құралдарын аударумен айналысуымыз
керек. Жыл соңында Изет компаниясының аударма және орфографиялық тексеру
бағдарламаларын сатып ала алатындай болуымыз тиіс.
ІV-бөлім. Өнімдер мен көрсететін қызметтер
Кеңсе тауарлары (қағаз, ватман, дискеталар) – бұлар көшірме
аппараттарының жанында өтетін заттар.
Аударма қызметі – қазіргі кезде жиі қолданылып жүрген қызмет.
Көшіру-көбейту аппаратының қызметтері (сканер, копир, компьютерлік
жазба).
Түптеу қызметі – бұл жоғарыда көрсетілген қызметтерге қосымша қызмет,
өйткені офистік түптеуге немесе пластикпен түптеуге курстық, дипломдық
жұмыстар мәжбүр етеді.
V-бөлім. Маркетинг жоспары
1. Сұранысты және нарықтың мүмкіншіліктерін айқындау. Аудармаға
сұранымды анықтау қажет. Көшірме істеріне деген сұраным күндігіне қанша бет
және қаншадан қойған дұрыс. Студенттерге көрсетілетін қызметтерге
қаншалықты сұраныс бар? Олардың бағасы қаншалықты? Мұнда толығымен алып
жатарлықтай аумақ айқын көрсетіліп, нарықтың мақсатты сегменттері және
олардың маңыздылығы мен сипаттамалары айқын көрсетілуі тиіс.
Аударма саласы бұл күндері кеңінен қолданылуда. Бұл салада фирмалар
қаулап өсіп, көбінесе нотариат төңірегінен аса алмай жүр. Көбінесе тек
мемлекеттік тілде құжаттарды тіркеу және сол сияқты жұмыстар қажет
болғандықтан осы салада білгенде білмегенде салпылдап жүр. Аударма сапалары
өте төмен. Бұл саланың енді өсіп келе жатқандығының куәсі деуге де болады.
Қанша нотариат кеңсесі бар екенін және аудармамен қаншасы айналысатынын,
оның ішінде тек шетел тілінен аударатындар қанша екенін олардың нарықтың
қанша бөлігін иемденгендігін анықтау қажет.
Біздің құрып отырған фирмамыз нарықтың қанша бөлігін алуға тиіс.
Егер нарықтың мүмкіншіліктері кең болып, ал онда алатын орнымыз шамалы
болатын болса, онда егжей-тегжейлі зерттеуді көрсетудің орны жоқ. Өйткені
ол мен мұндалап көзге ұрып тұрады. Мұнда әсіресе соңғы жылдардағы табыс
тауып жүрген аударма фирмаларын көрсеткеніміз жөн.
Нарықтың жалпы өлшемдерін көрсеткеннен соң біз кімдерге қызмет
көрсетеміз? Олар кімдер және қандай топтарға кіреді? Соларды баса көрсеткен
жөн. Нотариат кеңселеріне келген жаңадан ісін ашпақшы болған кәсіпкерлер,
ВАКқа өздерінің құжаттарын өткізуші аспиранттар, шетелдік фирмалар, жарнама
агенттіктері...
Олардың қалталарының қалыңдығы, аударма қызметінің неге қажеттігі
көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар осы аударма саласында қандай рынок өте
маңызды деп есептеледі? Неліктен? Уақыт өте келе бұл маңыздылығы өзгере ме
әлде жоқ па?
Мұндағы әрбір көрсетілген ақпарат пен сөйлемдер нақпа-нақ болуы қажет.
Эпистола алғашқы сәттен бастап аударма саласында негізгі үш тілге
мән береді. Бірінші орында қазақ тілі, сонан кейін орыс және ағылшын
тілдері. Бұл аудармаларды дереу нотариат кеңселері мен тіркеуқайта
тіркеумен айналысатын фирмалар, тіркеу органының төңірегіндегі жарнама
арқылы, жарнама агенттіктері мен шетел фирмаларына арналған адрестік
жарнамалар арқылы клиенттер табу.
Фирма басшылығы алғашқы жылы аударма саласында осы нарыққа сыналай
кірудің жолдарын қарастыра отырып, ал бұл үшін қолма-қол ақшаны түптеу,
көшіріп-көбейту, рефераттар мен дипломдар жазу, компьютерлік жазу арқылы
табуды мақсат тұтады. Сол себепті де қаладағы ең мықты жер деп есептелетін
студенттері көп жерге орналасуы тиіс. Осы саланың даму барысын және
нарықтың сипатын толық анықтай білу қажет.
Қазақстанда ана тіліміздің мәні жоғарылап келе жатыр. Шетелдік
фирмалар, олардың өкілдіктері біздің нарыққа көптеп келуде. Өткен жылы
тіпті жаңадан үкіметтің қаулысы шықты. Ал шетелдіктер қазақ тіліне аударуды
қажетсіне бастайтын болады. Қысқасы аудармада әлі де техникалық
аудармаларды жақсы жүргізетін құралдар мен бағдарламалар жоқтың қасы. Бұл
техникалық құралдар кеңінен қолданысқа енуі үшін кемінде 10 жыл керек.
Тіпті озық деген Изет фирмасының аудармалық бағдарламасын алып жатқандар
бірен-саран. Бірақ бұл мәселе мемлекет тарапынан қысым көрсетілген жағдайда
күрт өзгеруі мүмкін. Сол себепті де эволюциялық даму арқылы қазақ тілінде
оқығандар саны көбейгенше тағы да 10-15 жыл қажет десек аса қателесе
қоймаспыз. Ол кездері қазақ тілінде сөйлей жаза білетіндер халықтың басым
көпшілігін құрап орыс тілі біртіндеп ығыстырылады.
Қазақ тілі осылайша қарқынды дамып келе жатқан кезеңде қазіргі нарықта
қазақ тіліне аударма жасауда арнайы мамандандырылған аударма фирмасы жоқ
деуге де болады. Мықты аудармашылардың көбісі Астанаға көшті, қалғандары
толығымен компьютерді меңгере қоймағандар десек оншалықты қателесе
қоймаспыз. Осы нарықтағы аударма фирмалары мыналар: Атамекен-аманат
фирмасы, Шега-тас фирмасы...
Интернетпен қызмет көрсету, компьютермен жазу, дискеттен басып беру,
рефераттар мен курстық, дипломдық жұмыстарды теріп беру, оларды түптеу,
сканерлік қызмет көрсету бұлар осы таңда үлкен сұранысқа ие. Өйткені
ауылдық студенттер жатақханада тұрады да компьютерді сатып алуы тіпті де
мүмкін емес, ал қаладағылардың өздері де компьютерлері барлар өздері еңбек
етпей тез арада бас қатырып жатпастан бұл тапсырмаларды істеп бергендерге
тек ақша төлесе болғаны. Ол маңда мұнымен айналысып ақша табушылар бар
болғанымен мейлінше кірісіп тауып жүргендері кемде кем. Көбінесе тек
компьютерлік клубтар тек ойындарға арналған. Олардан пайда өте көп
түскендіктен барлығы дерлік тек ойындарға мән береді де қояды. Ал
компьютерлік ойындардың біршама дамуы ары кетсе бес жыл болатын шығар содан
кейін тек ол ойындардың СД дискеттерін жалға беру етек алатыны хақ. Мұнымен
де пайда табуға болады, бірақ бұл үлкен Іске апарар жол емес. Мұнда
бәсекелестік өте жоғары екені айғақ.
Бәсеке және басқа әсер ететін факторлар
Бәсекелестік деңгейінің қаншалықты екенін анықтау және оның фирма
ісіне әсер етуін шамалау. Сонымен қатар сыртқы реттеуші органдардың (салық,
санэпидемстанция, өртке қарсы ұйым, қоршаған ортаны қорғау мекемесі)
ықпалында жобалау қажет. Мысалы, бәсекелестер ісіміздің алға өрлеп бара
жатқанын көргеннен кейін қандай істерге барулары мүмкін.
Бәсекелестік жөнінде: көшірме-көбейту және компьютерлік қызметтер
төңірегінде өте жоғары. Сол маңдағы нотариат кеңсесінде тіпті А0 форматты
да көшіріп беру жағдайы қарастырылған. Ал университет маңында 4-5 жерде
көшіру аппараттары тұр, ал университеттің өзінің кіре берісінде 5 көшірме
аппараттары тұр. Дәл университеттің қарама-қарсысынан баспа орталығы деген
екі-үш бөлмелі кәсіпорын ашылуда. Сонда біз сол жердегі 14-шы бәсекелес
болмақпыз. Ал бұларда анау айтарлықтай жарнама жоқ. Және түптеу қызметі
жөнінде айтар болсақ ол мұнда жоқ. Демек түптеу аппаратын бірденнен алған
жөн. Себебі мұнда бюджеттіктер жоқ та шығар, өйткені жеке меншіктік оқу
орындары болып табылады.
Біздің артықшылықтарымыз: сол маңда орналасуымыз.
Екіншіден біз бірденнен бірнеше саладағы қызметтер көрсетуіміз оларды
бізге жылдам алып келеді деген сенім бар.
Үшіншіден жарнаманы кеңінен жасай алатынымыз.
Төртіншіден өзіміз осы істердің көбісіне орындай алатындығымыз.
Бесіншіден осы саладағы қызметтерге адамдарды топтастыра
алатындығымыз.
Алтыншыдан жаңа нәрсеге деген талпынысымыздың барлығы.
Жетіншіден әрдайым оқып, дамып отыруға деген құлшыныстың бар
екендігінде.
Маркетинг стратегиясы
Сату мен қызмет көрсету, олардың жарнамасы, бағалары, сатуды
арттырудың тәсілдері және фирманың сауда нүктелерінің орналасу орындарына
талдама жасау. Маркетинг жоспары бірнеше кезеңдерге бөлінуі тиіс. Бизнес-
жоспар алып жатқан кезеңді қамти отырып осы кезеңдегі фирманың даму
графигін көрсеткен жөн.
А) Сату мен қызмет көрсету стратегиясы. Біз ә, дегеннен-ақ күніне екі
сағат факспен нотариат кеңселеріне жарнама жіберуді, жарнама қағаздарын
студенттік жатақханаларға жапсыруды, университеттер мен студентер келетін
және қайтатын аялдамаларға жапсыруды, сондай-ақ оқу орындарының
кітапханаларына, Ұлттық кітапханаға жарнама тастап отыруды қолға аламыз. Ал
алғашқы келген студенттерге сыпайы қызмет көрсетуді, телефонмен жауап
беретін адамның әрдайым ізетті болуы, тіпті ешқандай клиентті ренжітпеуге
аса көңіл бөле отырып бастаймыз. Сапалы қызмет көрсетумен қатар дереу
студент жастарды жұмысқа алуды ұйымдастыру қажет. Бұлар барған жерінде
жарнаманы жасай алатындай адамдар болуы тиіс. Қысқасы, біздің жарнама
арнайы, адресті болып артынша, газеттерге шығуы тиіс.
Б) баға әрдайым сол маңдағы көшірме аппараттарынан төмен болмауы тиіс,
себебі бір емес бірнеше беттерді көшірген кезде жеңілдіктер беруді
қарастыра отырған жөн. Осы арада бізге аса қажеттісі тарифтерді немесе баға
прейскурантын жасап шығуымыз қажет. Ал бұл прейскурант көшірме алдында
ілініп тұруы тиіс. Және бұл бағалар нарыққа қарай дереу өзгеріп отыруы
тиіс, себебі тонерлердің бағасының өзгеруі, жөндеудің қымбатқа не арзанға
түскендігі ескеріліп отыруы тиіс.
В) Жарнама, көпшілікпен байланыс орната алу, тауар мен қызметті алға
жылжыту. Қысқасы, жарнаманы тегін тарату алғашқы кезде кеңінен болуы қажет.
Жарнама сессия кезінде тіпті жоғары дамуы тиіс.
Г) Фирманың орналасу орнын талдау. Бұл жұмыстың алға басуын дереу
шешеді. Бұған біз ол маңның немен құнды екенін жазуымыз керек. Мысалы жеті
жоғарғы білім беру және екі орта білім беру оқу ордасы бар екені, демек
онда шамамен осынша студент жастар оқитыны көрсетілуі қажет. Сонымен қатар
осы жердің картасы да келтірілуі керек.
Д) бюджеттік деректер. Мұнда біз маркетингтік бюджетті көрсетуіміз
керек. Маркетингтің қалай дамитыны, ал қорларымыздың қалай бөлініп қалай
бағытталатыны кестелер мен диаграммалармен берілуге тиіс.
Е) келешекке арналған маркетинтік стратегия. Маркетинг-жоспар фирманың
үздіксіз дамуын көрсететіндей болып жасалып, осы орын алып отырған кезеңді
де беруі тиіс.
Мысалы, біз жарнаманы алғашқыда тек өз күштерімізбен қолдап таратып
жапсырып отырсақ, біртіндеп келген клиенттер арқылы сонан соң газеттер
арқылы беруге көшуіміз қажет.
4. Нарықты зерттеу. Өзінің қандай орын алатындығын байқау үшін
нарықты зерттеу қажет.
Біз көшірмені тек негізінен студенттерге көрсете отырып осы салада
жылдам көтерілуге болатындығына сенімдіміз. Біз бір күнді жақын маңдағы ең
мықты көшірме қызметіне арнап, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz