Бюджеттен тыс қорлардың қызметтері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Жинақталған зейнетақы жүйесінің экономикада алатын орны.

1. 1 Жинақталған зейнетақы жүйесінің мәні . . . 6

1. 2 Зейнетақы жүйесінің үлгілері, мәселелері . . . 8

1. 3 Бюджеттен тыс қорлардың қызметтері . . . 11

1. 4 Зейнетақы жарналары және оны орналастырудағы экономикалық мәні . . . 19

ІІ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің даму

ерекшеліктері.

2. 1 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің қалыптасуы . . . 24

2. 2 Қазақстан Республикасының жинақталған зейнетақы реформасының сипаттамасы . . . 26

2. 3 Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету механизміне талдау . . . 33

ІІІ Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету

жүйесінің даму перспективалары.

3. 1 Шет елдердегі зейнетақымен қамтамасыз ету ерекшеліктері . . . 45

3. 2 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің мәселелері, оны реттеу және жетілдіру жолдары . . . 53

Қорытынды . . . 65

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 68

Қосымшалар . . . 70

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев тұжырымдап, 2006 жылғы 18 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі. Қазірдің өзінде Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 61-ші орында тұр. /1, 1 б. /

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында еліміздің зейнетақы жүйесіне ерекше көңіл бөлінді.

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.

Жыл сайын зейнеткерлік жәрдемақылардың мөлшері индекстеліп, арттырылуда. Бұрынғы еңбек өтіліне байланысты зейнетақылық төлемдерді сараланған түрде ұлғайту жүзеге асырылды, бұл бір миллионнан астам адамды қамтыды. Сондай-ақ әлеуетті құрылымдар ардагерлерінің зейнетақылары өсті. Барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер елімізде уақтылы - тиісті айында төленіп келеді. /2, 1 б. б. /

Бізде бірнеше жылдан бері тек қана ТМД елдерінің арасында ғана емес, жалпы үздіктердің бірі деп танылған жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Зейнетақы жүйесін реформалау 2000 жылға қарай зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар бойынша жиналған берешектің барлығын өтеуге мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту зейнетақымен қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін жасауға бағытталған. Егер осы шаралар қабылданғанға дейін Қазақстан ең төменгі зейнетақы мөлшері бойынша ТМД елдерінің бәрінен алда, зейнетақының орташа мөлшері бойынша Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен деңгейлес болса, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейі бойынша Қазақстан кеңестен кейінгі кеңістіктегі елдер ішінде ең жоғары орынға шықты. Базалық зейнетақы төлемімен қоса алғанда ең төменгі зейнетақы мөлшері бүгінде 70 АҚШ долларын құрайды, ал зейнетақының орташа мөлшері 90 АҚШ долларынан артық. Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қазірдің өзінде көптеген елдер қызығушылық білдіруде, жүйенің жұмыс істеу процестерін зерттеп, бақылауда. Яғни, еліміздің зейнетақы жүйесін талдау, баға беру мен ерекшеліктерін анықтау - курстық жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәні мен артықшылықтарына, оның моделдері мен проблемаларына шолу арқылы зейнетақы жүйесінің ел экономикасындағы орнына талдау жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері болып келесілер саналады:

  • жинақталған зейнетақы жүйесінің экономикада алатын орнын зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің даму ерекшеліктерін көрсету;
  • Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің даму перспективаларын анықтау.

Курстық жұмыстың пәні - бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесі, ел экономикасын инвестициямен қамтамасыз ететін, сол арқылы барлық ойлардың дамуына әсер ететін бірден бір жүйесі болып табылады.

Курстық жұмыстың объектісі болып, Қазақстанның қаржы жүйесі, оның ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда дамығандығы, айқын және мемлекеттің араласуынан қорғалғандығы. Қаржы секторын дамытудың жемісті болуы елдің кредиттік рейтингін жоғарылатуы.

Еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне айтарлықтай қаражат жинақталды. Ағымдағы жылдың 1 қарашасында ол 844, 1 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл ақша бүгінде еліміздің қаржы нарығында белсенді жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып 1998 жылы Қазақстан зейнетақылық реформаны жүргізуді бастады. Соңғы 10 жылда зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4, 6 есе ұлғайды. /3, 3 б. б. /

2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары жөнінде салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (бұдан əрі - шот) саны 8 536 102 болды. 2006 жылы міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар (алушылар) шоттарының саны 922 733-ға немесе 12, 12% - ға өсті. /4, 4 б. б. /

Курстық жұмыстың ақпараттық негіздері болып негізінен - жинақтаушы зейнетақы жүйесі қызметін реттейтін заң (20. 06. 1997 жылы қабылданған №136-1 «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз етілу туралы» заңы), Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы (Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі, 18. 01. 2006), оқулықтар (Ілиясов Қ. Қ, Құлпыбаев С. «Қаржы»), мерзімді басылымдар («Қаржы-қаражат» журналы, «Егеменді Қазақстан», «Айқын» газеттері) болды.

І Жинақталған зейнетақы жүйесінің экономикада алатын орны

1. 1 Жинақталған зейнетақы жүйесінің мәні

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі - ел экономикасын инвестициямен қамтамасыз ететін, сол арқылы барлық ойлардың дамуына әсер ететін бірден бір жүйе болып табылады.

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы зейнетақымен қамтамасыз етудің аясында негізгі субъектісі ретінде мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларын, зейнетақы активтерін басқару компаниялары және костодиан-банктердің пайда болуына, дамуына жағдай жасады.

Ең қысқа мерзімде құрылған және 1998 жылдан жұмыс істеп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықты әлеуметтік қорғауға барынша үлес қосуда. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының саны 2005 жылғы қаңтарда 6 миллион адам болды. Бұл - экономикалық белсенді халықтың 80 пайызы.

Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қорлары ірі институттық инвесторларға жатады. Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 540, 8 млрд. теңге. Бұл ІЖӨ-нің 8 пайызын құрайды. Барлық инвестицияланған зейнетақы активтері отандық компаниялардың бағалы қағаздарына және банктік депозиттерге орналастырылады.

Зейнетақы реформасының мақсаты, бағыты біреу-ақ - қарттарды әлеуметтік қорғау және экономикалық дамуға әсер ету. / 3, 2 б. б. /

Нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде зейнетақы қорлары ең қуатты, сенімді және тұрақты жұмыс жасайтын әлеуметтік-қаржы институттары болып табылады. Қазірде шетелдік тәжірибе көрсеткендей, бірқатар елдер өз зейнетақылық жүйелерін реформалау арқылы Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өтуде, бұл осы жүйенің ел экономикасында маңыздылығының тиімділігінің дәлелі болып табылады.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Жолдауында айтарлықтай қысқа уақыт аралығында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөнінде аса маңызды міндетті алға қойды. Мұндай ғаламат жоспар біздің республиканың ғана емес, әлемдік даму тарихында некен-саяқ. Назар аударарлығы, бұл міндетті шешу, ең алдымен, экономикалық даму саласындағы басымдықтарды іске асыруға негізделген. Өйткені, елдің дүниежүзілік рыноктардағы бәсекеге қабілеттілігінің нығаюы оның экономикасының сапалық тұрғыда өрлеуі мен әлемдік шаруашылық жүйесіне кірігуі жағдайында ғана мүмкін болмақ.

Экономикалық реформалар жетістіктерінің куәсі 2002 жылғы ІҚЖ консультанттарының бағалауы болып табылады. Бұл туралы елбасымыз өз кітабында былай деп үзінді келтірген: «Қазақстан экономикалық тұрғыдан дамуда өте жоғары айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осы жетістікре нәтижесінде қазіргі таңда ІҚЖ ұзақ уақытты кезеңдер мен ресурстарды қажетсінбейді», - дейді.

Елбасы зейнетақы беру жүйесі мәселесіне ерекше негізде көңіл бөлген: әр елдегі осы сала бойынша институт жұмыстары бойынша зерттеу жүргізген комиссия жұмысына тоқтала келе, бірте-бірте жинақтаушы зейнетақы қоры принципіне өтуді анықтайтын отандық экономистердің қабылдаған зейнетақы қоры принципіне өтуді анықтайтын отандық экономистер қабылдаған зейнетақы жүйесінің реформалаудағы концепциясын іске асыруды көздейді. Дәл осы принцип рынок жүйесінің барлық талаптарына жауап беретін жаңа жүйенің стратегиялық бағыты болып табылады. /1, 3 б. б. /

Міне, осындай образбен елімізде зейнетақы реформасы жүргізілген еді. Ол - мемлекеттік зейнетақы жүйесін және зейнетақымен қамтамасыз етуді сақтайды, әрі аталмыш жүйені енгізеді.

Сонымен, жаңадан құрылған зейнетақы жүйесін бағалай отыра, мынадай маңызды фактіні естен шығармау керек: жинақтаушы зейнетақы қор құралы тек сақталып, көбейіп қана қоймай, Қазақстан экономикасына да қызмет етеді. Осылайша зейнетақы активтері экономика секторы ретінде мемлекеттік емес бағалы қағаздарды инвестрлеу, екінші деңгейдегі банктер үшін депозиттер құралы болып енгізілді. Бұл ақша ресурстары ел экономикасының кредиттері үшін қолданады. Бұл бағыттағы жүргізілген жұмыстарға ой жүгірте қарасақ, осы атқарылған іс-шаралардың бір сәтте, бір-ақ қадаммен жасалмағандығына көз жеткізуге болады.

  1. Зейнетақы жүйесінің үлгілері, мәселелері

Зейнетақымен қамтамасыз етудің көптеген модельдері бар. Олар: «Беверидж», «Бисмарс», «аргентина», «швед», «латын америка», «жапон», «қытай», «аргентина-швед» т. б. ішінде зейнетақымен қамтамасыз етудің ұлттық моделінің негізі зейнетақылық сақтандыру (міндетті және ерікті) әлеуметтік зейнетақы, жеке зейнетақылық сақтандыру, жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтау болуы қажет. Көптеген модельдер ішінде зейнетақымен қамтамасыз етудің негізгі теориясының постулаты негізінде, мемлекеттік реттеу және нарықтық өзін-өзі реттеу критерийлерінің қатынасына сәйкес үш зейнетақылық модельдер ұсынылады: мемлекеттік модель, аралас (ұжымдық-индивидуалды) және жеке модель. Қандай зейнетақылық қамтамасыз етудің құқықтық институттары басты роль атқаратындығына қарай, модельдер өзара ерекшелінеді.

Мемлекеттік модельде азаматтарға өмірлік зейнетақыны мемлекет беру керектігі айтылады. Мұнда бюджет арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету маңызды орын алады.

Аралас модель - балансталған ұжымдық индивидуалды зейнетақылық сақтандыру болып табылады.

Зейнетақылық сақтандырудың жеке моделі - индивидуалды қорғалуды білдіреді. Мұнда мемлекет тек қана әлеуметтік зейнетақы төлеуді және заң қабылданып, сол бойынша осы жүйе барлық адамдарға міндетті болады. Осы жүйенің қызмет етуін қамтамасыз ететін реттеуші және институционалды инфрақұрылым құрылады.

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің аралас және жеке моделдерін ендіру қажет.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнетақылық сақтандырудың нарықтық, тармақталған және көп деңгейлік жүйесі болуы тиіс. Бұған тән сипатты белгілер: көпсубъектілік және олардың теңдігі, әлеуметтік тәуелділіктің әрбір түрінің жеке есепке алынуы, зейнетақылық жарналардың дифференциациясы т. б. зейнеткерлердің құқықтарына кепілдеме беру және олардың тұрақтылығын қолдау механизмдерін қалыптастыру үшін зейнетақы жүйесін қаржылық қамтамасыз етуге мемлекет және негізгі әлеуметтік субъектілердің балансталған қатысуының жаңа тәртібін және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау бойынша ғылыми құрылғыларды әзірлеу қажет.

Ұлттық зейнетақылық жүйенің негізі ретінде міндетті зейнетақылық сақтандыру принциптерінде құрылған аралас салидарлы-индивидуалды зейнетақылық жүйені ұсынамын. Мұндағы жаңалықтың мәні зейнетақымен қамтамасыз ету тәжірибесіне әр түрлі нысандағы сақтандыру механизмдерінің өндірілуінде. Таратумен қатар мұнда жеке жауапкершілік (зейнетақылық жарна мөлшерін және сақтандыру кезеңін есепке алады), тиімді жүктеме және салидарлы жауапкершілік қарастырылады. Мұндай модель тәуекелді зейнетақы жүйесінің жағымды жағына 3 әлеуметтік субъектілер: жұмыскерлер, жұмыс берушілер мемлекет жауапкершіліктері мен мүдделерін біріктіруге мүмкіндік беретін қорғаудың ұжымдық нысанын қолдану сонымен қатар аралас зейнетақылық сақтандыру құрамына жинақтау және тарту принциптеріне құралған зейнетақылық сызба (схема) енеді.

Қазақстанда тек жинақтаушы принцип қызмет етеді. Жинақтаушы принцип артықшылықтарына әрбір азаматтардың өз шоттарына жарнаның аударылуын қадағалауы, инвестициялық капиталдың қалыптасуы жатады.

Бөлу принципінің артықшылығына жоғары инфляция және қаржылық дағдарыс жағдайында қызмет етуге қабілеттілігі жатады. Зейнетақы мөлшері табыстылық нысанына байланысты болмайды. Осылайша жинақтаушы принцип жақсы экономикалық жағдайда жақсы зейнетақымен, нашар экономикалық жағдайда нашар зейнетақымен қамтамасыз етеді: ол бөлу принципі қандай экономикалық жағдай болсын қанағаттанарлық зейнетақымен қамтамасыз етеді деп айтуға болады. Сонымен қатар зейнетақы жүйесінде проблемалар да жоқ емес. Зейнетақылық қамтамасыз етудің басты проблемасы болып зейнетақы жүйесінің конструктивті ұлттық моделдің жоқтығы табылады.

Халықтық қорларға сенімінің бірден қалыптаспауы да проблемалар қатарына жатады. 2000 жылдан бастап қана жинақтау зейнетақы жүйесінің қатысушылары көбейе бастады. 2000 жылдың 1 шілдесінде салушылардың саны 3359 мыңға дейін жетті. Бұл көрсеткіш 1999 жылмен салыстырғанда 12, 2-ке көп. Ерікті зейнетақы жарналарын салушылардың да санының өсуі байқалады. 10 мың жеке тұлға және 43 заңды тұлға 2003 жылы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша міндетті зейнетақы жарналарын салушылар саны 5, 399 млн. Адамдарды құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 0, 8 млн-ға өскен.

Қазақстанда жинақтау зейнетақы қорларының қаржы нарығының жеткіліксіз дамуы, инвестициялаудың жоғары деңгейіндегі тәуекелділігі және заңдылық базасының жетілмегендігінен инвестициялық қызметінің мүмкіншілігі шектелген. Зейнетақы қорлары клиенттердің сенімділігін көбейту үшін ірі қаражатты институтпен келісім жасап ол институт келешекте зейнетақыны төлеп тұруға кепілдік. /6, 89-93б. б. /

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін қалыптастырған кезде, оны әзірлеушілер көбінесе жүйеге қаржылық тұрғыдан ғана қараған. Ал бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесі бірінші кезекте әлеуметтік қорғау жүйесі екендігін ұмытпауға тиіспіз. Модельдердің ерешеліктерін ескере отыра құрылған, жеке жинақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі - жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда.

  1. Бюджеттен тыс қорлардың қызметтері

Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып таблады.

Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.

Бюджеттен тыс қорлар - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланылатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.

Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардын жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалылығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың - Жол қорының, Әскери өндірісті конверсияла қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте тар мақсатты арналымы болды.

Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қордаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті - бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.

Экономикалық қорлар - экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар - бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.

Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.

Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары мыналар:

жарғылық қызмет;

артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау:

коммерциялық қызмет.

Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар - бұл, жоғарыда атап кеткенімдей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оператиті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.

Арналымы - мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды қаржыландыр:

  1. арнаулы мақсатты салықтар;

ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;

б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;

в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;

г) ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.

Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:

  • отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;
  • арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге;
  • зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызмет көрсетуге;
  • қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік әріптестерге беруге болады.

Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік органдарының - орталық, республикалық және жергілікті органдарының қарамағында болады.

Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:

  1. салық төлеуден босату;

ә) кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер болмайды) .

Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің сипатымен және ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әралуандығы мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы жағдайы әсер етеді.

Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әр түрлі болуы мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар және әзірленген және іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір бөлігі құрылтайшылық қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар мен қаржы рыногының қатысушылары болады. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларын қарастыру және оларды талдау
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы ақпарат
Қаржы жүйесінің мәні
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Бюджеттен тыс қорлар
Қаржы жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
Шаруашылық қызметінің аудиті
Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2004 - 2006 жылдардағы қызметін талдау
Қаржылық бақылаудың әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz