Қазақстандағы инвестициялық саясат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1. Инвестиция: экономикалық мәні-мазмұны, экономикадағы орны 3
2. Инвестициялық ресурстарды жинау және өндіріске бағыттау механизмі 5
3. Қазақстан Республикасында ішкі қаржы ресурстарын өнеркәсіпте реальды
экономикаға тарту мәселесі 7
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер 12

Кіріспе

Инвестициялық процесс экономика жүйесінің қызмет етуінің негізгі
аспектілерінің бірі болып табылады. Ел экономикасын қалыптастыратын әділ
инвестициялық саясат қоғамды көптеген әлеуметтік күйзелістерден қорғауға
және оны жаңа сапалы даму сатысына шығаруға қабілетті.
Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық
өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық
үрдістерді белгілейді.
Бүгінгі күні, Республикада Мемлекеттік шектеулік саясаты нәтижесінде
макроэкономикалық тепе-теңдікке жетеміз, - деп айтуға болады. Мемлекеттің
экономикалық саясатының белгіленген деңгейіне жету барысында реформалардың
келесі кезеңі ұсынылып отыр. Бұл – экономикалық өсудің және құрылымдық
өзгерістердің кезеңі болмақ. Осы кезең Қазақстан халқына жіберілген
Мемлекет Президентінің жолдауында 2030 жылға дейін ұзақ мерзімді ең маңызды
мақсаты болып белгіленген, яғни “Экономикалық өсудің” іске асатын тұрақты
және өсімді қарқындарына жету ретінде (Н.Ә. Назарбаев, Қазақстан – 2030)
үлкен маңыз беріліп отыр. "Қазақстан — 2030" Стратегиясында мемлекеттің
ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі ретінде инвестицияларды ашық нарықтық
экономикаға тарта отырып экономикалық өрлеуге қол жеткізу көзделген. Ішкі
инвестицияларды тартудың ең мықты қозғаушы күші — әділ әкімшілікпен жүзеге
асырылатын анық, тиімді және қатал сақталатын заңдары бар ашық та либералды
инвестициялық саясат екені құжатта ерекше көрсетілген. Мұндай саясатты
қалыптастыру негізгі мақсаты тез арада экономикалық өсу мен жаңартуға
(модернизацияға) капиталдар, технологиялар және тәжірибені жұмылдыруда
жатыр. Сонымен, Республикамыздың экономикалық өсуі инвестицияларға тікелей
байланысты. Сондықтан дұрыс қалыптастырылған инвестициялық саясат, оның
бағдарларын нақты айқындау және тиесілі құқықтық қамсыздандыру мемлекеттің
маңызды міндеті болып табылады.
Менің жұмысым инвестициялар туралы. Осы жұмыста инвестицияның
экономикалық мәні және орны, Қазақстанда қалыптасып отырған инвестициялық
саясат, инвестициялық климат және т.б. экономикалық тұжырымдар
қарастырылады.

1. Инвестиция: экономикалық мәні-мазмұны, экономикадағы орны

Инвестициялар ретінде, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарына және экономиканың басқа салаларына капиталды салу нысанында
жүзеге асатын шығындардың жиынтығы деп түсінуге болады. Инвестициялық
қызметтің негізгі мақсаты кәсіпкерлік табыс немесе пайыз (%) алу болып
табылады.
Инвестициялардың көзі жаңадан жасалған құн немесе, басқаша айтқанда,
таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар)
оны өзінің табысынан (яғни өзін-өзі қаржыландару) және капиталдар нарығынан
(тартылған қаражаттар) шоғырландырады. Негізгі капиталды жаңартуға
инвестициялардың көзі амортизациялық аударымдар болып танылады.
Басқаша айтар болсақ инвестиция (лат. investio — киіндіремін) кез
келген сөздікте капиталды экономиканың салаларына өз елінде немесе шетелде
салуын айтады. Осыған орай инвестицияларды шетелдік (сыртқы) және отандық
(ішкі) деп те жіктейді.
Инвестициялар – экономика дамуының жоғары және тұрақты қарқынын
қамтамасыз етудің, ғылыми–техникалық прогрестің жетістіктерін енгізудің,
инфрақұрылымның дамуының маңызды факторы болып табылады.
Таза шығынның тұтынудан кейінгі компоненті - инвестиция. Инвестиция
бағыттары:
- жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;
- жаңа техника және технология, жаңа жабдықтар сатып алуға;
- шикізат пен материалдарды қосымша алуға;
- әлеуметтік нысаны және пәтер құрылысына. Осы бағыттарға байланысты:
- негізгі капитал инвестициясы;
- товарлы-материалдық қорлар инвестициясы;
- адам капиталы инвестициясы болып бөлінеді.
Бұдан басқа жалпы және таза инвестициялар болып бөлінеді.
Жалпы инвестициялар - ескі жабдықтың орнын басуға кеткен шығындар
(амортизация) + өндірісті ұлғайтуға кеткен инвестиция өсуі.
Таза инвестиция - негізгі капиталмен амортизация қосындысын
шегергендегі есептелген жалпы инвестиция. Егер таза инвестиция мөлшері
тұрақты болса, экономика өседі, дамиды. Егер таза инвестиция нольдік
мөлшерді құраса (жалпы шығынмен амортизация тең болса), онда экономика
статика шамасында болады. Егер таза инвестиция теріс мөлшерді құраса (жалпы
шығын амортизациядан төмен), онда іскерлік белсенділіктің төмендеуін
көрсетеді.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді,
ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына
тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы (яғни көзі
немесе инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы
анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы өндіріс
процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу
соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе
капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі — жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті
жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер
жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады
(мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т.б. жинағы). Алайда бұл адамдар
қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе
инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп
тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы
болады. Мұнда "жинақшы" мен инвестор сәйкес. Алайда, бір мезгілде кәсіпкер
де, жұмыскер де бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының рөлі едәуір,
сондықтан жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономиканың
тепе-теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.
Инвестиция қандай факторларға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап
өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына
немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді. Егер инвестордың
пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды.
Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау
кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және
мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Инвестор ақшасын
жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы мүмкін, немесе ақша ресурстарын
банкке орналастыруы да ықтимал. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда
нормасынан жоғары болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент
нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер күрделі
қаржыны іске қосады.
Инвестиция - бұл табыс алу мақсатында елдің ішіндегі жеке салаларға
және шетке ұзақ мерзімге мемлекеттік және капитал салымдарын айтады.
Инвестиция бағыттары:
- жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;
- жаңа техника және технология, жаңа жабдықтар сатып алуға;
- шикізат пен материалдарды қосымша алуға;
- әлеуметтік нысаны және пәтер құрылысына. Осы бағыттарға байланысты:
- негізгі капитал инвестициясы;
- товарлы-материалдық қорлар инвестициясы;
- адам капиталы инвестициясы бөлінеді.
Бұдан басқа жалпы және таза инвестициялар болып бөлінеді.
Жалпы инвестициялар - ескі жабдықтың орнын басуға кеткен шығындар
(амортизация) + өндірісті үлғайтуға кеткен инвестиция

2. Инвестициялық ресурстарды жинау және өндіріске бағыттау механизмі

Таза шығынның тұтынудан кейінгі компоненті - инвестиция. Инвестиция -
бұл табыс алу мақсатында елдің ішіндегі жеке салаларға және шетке ұзақ
мерзімге мемлекеттік және капитал салымдарын айтады.
Инвестиция бағыттары:
- жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;
- жаңа техника және технология, жаңа жабдықтар сатып алуға;
- шикізат пен материалдарды қосымша алуға;
- әлеуметтік нысаны және пәтер құрылысына. Осы бағыттарға байланысты:
- негізгі капитал инвестициясы;
- товарлы-материалдық қорлар инвестициясы;
- адам капиталы инвестициясы бөлінеді.
Бұдан басқа жалпы және таза инвестициялар болып бөлінеді.
Жалпы инвестициялар - ескі жабдықтың орнын басуға кеткен шығындар
(амортизация) + өндірісті үлғайтуға кеткен инвестиция өсуі.
Инвестициялардың соңғы мақсаты болып: жаңа технологияларды, алдыңғы
қатарлы техника мен ноу-хауды өндіру; отандық тауар өндірушілерді
мемлекеттік қолдау мен ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты
ауыстырушы өндірістерді дамыту; Қазақстан Республикасының шикізаттың
базасын рационалды және кешенді қолдану; менеджмент пен маркетингтің жаңа
әдістерін енгізу; жергілікті кадрлерді үздіксіз оқыту жүйесін енгiзу;
олардың мамандық деңгейін арттыру; өндірісті интенсификациялауды
қамтамасыз ету; қоршаған табиғи ортаны жақсарту.
Таза инвестиция - негізгі капиталмен амортизация қосындысын
шегергендегі есептелген жалпы инвестиция. Егер таза инвестиция мөлшері
тұрақты болса, экономика өседі, дамиды. Егер таза инвестиция нольдік
мөлшерді құраса (жалпы шығынмен амортизация тең болса), онда экономика
статика шамасында болады. Егер таза инвестиция теріс мөлшерді құраса (жалпы
шығын амортизациядан төмен), онда іскерлік белсенділіктің төмендеуін
көрсетеді.
Инвестициялардың технологиялық құрылымы негізгі капиталдың активті
элементтердің (құрал-жабдық, негізгі құралдар) шығындары оның пассивті
элементтеріне (ғимарат, құрылыстар) қатысумен анықталады.
Инвестициялардың тиімділігі әдетте белсенді элементтердің үлесі
өскенде артады.
Негізгі капиталдың заттай элементтердің (негізгі қор, тауарлы –
материалдық қорлар) артуымен қатар, материалды емес өндірістің күштердің
дамуына салымдар тез артуда, зиялылық өндірістің белсеңді элементі бола
бастауда. Капиталданған интеллектуалды меншік кәсіпорынның, негізгі
капиталына салым объектісі болуда.
Әлемдегі өндірісте халықаралық өзгерістер байқалуда, ол капитал
экспортының (сыртқы инвестициялар) қажеттілігінен туындаса, сыртқы
инвестициялар тура және портфельді болып бөлінеді:
- Тура инвестициялар кәсіпорынды басқаруға қатысу құқығын береді;
- Портфельді – бұл құқықты бермейді.

1. Схема

Инвестициялардың құрылымы

Қазақстандағы инвестициялық саясат

3. Қазақстан Республикасында ішкі қаржы ресурстарын өнеркәсіпте реальды
экономикаға тарту мәселесі

3.1. Қазақстанда ұжымдық инвестициялауды дамытудың негізгі бағыттары

Дамыған қор рыногын қалыптастыратын әділ инвестициялық саясат қоғамды
көптеген әлеуметтік күйзелістерден қорғауға және оны жаңа сапалы даму
сатысына шығаруға қабілетті. Жоспар бойынша Қазақстанда ұжымдық
инвестициялаудың әртүрлі нысандарының және ең алдымен барлық инвестициялық
қорлардың пайда болуы өзекті міндеттер болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қор рыногының
кәсіби қатысушыларымен бірлесіп Инвестициялық қорлар туралы Қазақстан
Республикасы Заңының жаңа жобасын дайындауда.
Осы заң жобасы Қазақстанда пайлық инвестициялық қорлардың пайда болуын
ұсынады. Бұл қорлар басқарушы компанияға сенімгерлік басқаруға берілетін
әртүрлі санаттағы азаматтардың және заңды тұлғалардың (пайшылардың)
ақшаларын біріктіру нәтижесінде пайда болады.
Пайлық инвестициялық қорлардың қызметі әлемдік практикада кеңінен
таратылуда және ұжымдық инвестициялаудың ыңғайлы нысанын білдіреді. Салымшы
қаражатын пайлық инвестициялық қорға инвестициялай отырып осы қордың
ережелеріне сәйкес басқарушы компания шығаратын пай, яғни атаулы бағалы
қағаздар сатып алады. Басқарушы компания салымшылардың біріктірілген
қаражатын пайда алу мақсатында әртүрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.
Салымшы сатып алған пай енгізілген қаражат шегінде оның пайлық
инвестициялық қордан пайда алуға қатысуын болжамдайды.
Пайлық инвестициялық қорлар ашық және жабық болып бөлінеді.
Ашық инвестициялық қордың пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзіне
тиесілі пайлардың барлығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Инвестициялық саясаттың модельдері
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы инвестициялық климат
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Инвестициялардың экономикалық мәні
Пәндер