Инфляция түсінігі
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Инфляция түсінігі 4
2. Инфляцияның себептері 5
3. Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері 9
4. Инфляцияның түрлері 11
5. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары 14
7. Инфляцияға қарсы саясат 15
8. Әміршілдік-әкімшілдік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері 18
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 21
Кіріспе
Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк
және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он үш жылдың шамасы болды.
Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға
жақын қадамдар жасау үстiнде. Біздің халық инфляция ұғымын жақсы біледі.
Өйткені ауызекі тілде сабан ақша, бір қап ақша кезі деп те жататыны
бар. Менің курстық жұмысым осы инфляция тақырыбына арналған.
Экономикалық құрылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп санайды.
Қазақстанның өткен он жылдығының ішінде инфляцияның біздің өмірімізге
қалай әсер еткенін біздің бәріміз білеміз. Және қазіргі кезде жыл сайынғы
жүріп жатқан инфляциялық процесс те біздің назарымызда. Инфляция ұғымы
әрбір адам өміріне әсер ететін болғандықтан бұл тақырып қызық та әрі
күрделі.
1. Инфляция түсінігі
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині
латын сөзі — inflati —(вздутие)— қампаю деген сөзді білдіреді. Инфляция
термині тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861—1865 жылдардағы азамат соғысы
кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі
процесін білдірген. XIX ғасырда бұл термин Англия мен Францияда колданыла
бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырда бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық
әдебиеттерінде 20 жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы — айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін
құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция
тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән "ғажайып" құбылыс
емес. Ол — күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок
шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір
проблемалардың бірі.
2. Инфляцияның себептері
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайдар да әсер
етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының
өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет
көрсету бағаларының өсуімен байланысты, 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-
ке, 1979 жылы — 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі
еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы
өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы
мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің
девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюнктурасының өзгеруі мен
сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т. б. байланысты. Демек,
бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Коньюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскенін инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе XIX—XX
ғасырдың бас кезіне тән "классикалық түрі") бағалардың динамикасы өзгеріп
отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия
фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың
тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай
құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің
жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне
көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс
материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын
өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі
тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі
ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.
Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса,
басқаша айтқанда "ақша станогы" белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша
массасы көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар — олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген
ақша массасының, өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа
мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигопиялық рынок. Ал
олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигопиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері
билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес
келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында "импорттық" инфляциянын қаупі
туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді.
"Импорттық" инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын
ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын
арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық
бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті
төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол "инфляцияны
күту" нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және
біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің
инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикага ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары
баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар— көкек 1992 жылы)
инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың
бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын
жоғарылатты. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі
бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны
күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан
түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Айталық Батыс Еуропада II дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция
көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда
инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының
арақатысы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т. б. факторлар себепші
болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы
инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция)
жатады, ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән
жағдай ЖҰӨ-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу және қаржы-
несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы
үлесінің аздығы және т, б. ерекшеліктер.
3. Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері
Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті
қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын
көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатысының бұзылуы
сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың
ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі
өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық
жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу
қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т. б. Осының салдарынан айналымға
тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте
жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар
ұсынысымен жауап бере алмай калады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем
қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның
жалпы деңгейі өседі.
Шығындар инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен
түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық
тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат
бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т. б.
болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар
бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс
инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.
XIX ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде
дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін рынок немесе бағаның
тұрақтылығы болмағанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы
кезеңдерінде де өндіріс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар
үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде өсуі XIX— XX ғасырдың
бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын
алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен
стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі,
4. Инфляцияның түрлері
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды
шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол
айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%-тен
аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны
экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық
саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz