Канаданың астанасы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы : «Канада экономикасы»
Тексерген:
Орындаған:
Астана 2007
Жоспар
І. Кіріспе
1. 1. Канада туралы түсінік . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім:
2. 1. Канаданың астанасы . . . 4
2. 2. Канаданың экономикасы . . . 6
2. 3. Канада мен Қазақстан арасындағы экономикалық қатынастар . . . 7
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 11
Кіріспе
Канада - Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі - 9970610 км2. Халқы 31, 0 млн. адам (1999) . Тұрғындардың 48%-ағылшын канадалықтан, 29%-ы француз канадалықтар, 23%-ы басқа да еуропа халықтары, 3%-ы үндістер мен эскимостар. Қала халқы 77, 9% (1996) . Ресми тілдері - ағылшын және француз тілдері. Тұрғындары христиан дінінің католик және протестант тармағын ұстанады. Канада парламенті - монархия. Британ достастығына кіретін федерация болғандықтан Ұлыбритания королі (королевасы) формальді түрде мемлекет басшысы болып табылады (1952 жылдан - Елизавета ІІ) . Ол Канада примьер-министрінің ұсынысымен 5 жыл сайын генерал-губернатор тағайындайды. Жоғары заң шығарушы орган - екі палатадан (Сенат пен Қауымдар палатасы) тұратын парламент. Сенат мүшелерін примьер-министрдің ұсынысымен генерал-губернатор тағайындайды. Үкіметі примьер-министр басқарады (1997 жылдан - Жан Кретьен) . Оған өте кең құқықтар берілген. Ол -Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы. Ел әкімшілігі жағынан 10 провинция мен 3 территориядан тұрады. Астанасы - Оттава қаласы, ақшасы - Канада доллары.
2. 1. Канаданың астанасы
Оттава - Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде орналасқан Канада мемлекетінің астанасы. Оттаваның халық саны 314 мың (1991), ал іргесіндегі қалаларды қосқанда 920 мың. Бұған дейін, яғни Канада еуропаның колониясы болмай тұрғанда Оттава үндістердің кездесетін және сауда жасайтын орны болды. 1800 жылы үш өзеннің: Ридо, Оттава және Гатиноның қиялысатын жеріне алғашқы қоныстанушылар келді; 1800 жылдан Массачутестен шыққан ағаш кесуші Филемон Райт, оның туыстары мен бір топ достары осы аймақта тұрақты мекендеп қалды. Олар бөренелерден баспана және тақтай тілетін жұмыс орнын салды. Қоныстың атын өзеннің бірінің атымен Оттава деп атады. Үндістердің тілінде Оттава - «Кездесетін жер» дегенді білдіреді.
1827 жылы Монреаль мен Онтарио көлін байланыстыратын ең қысқа жол - Оттава өзені және Онтария көлінің арасындағы каналдың құрылысы басталды. 1832 жылы канал салынып бітті. Бұл кезде Оттава 10 мыңнан аса тұрғыны бар «Ағаш қала» болатын. ХІХ ғасырдың ортасында Жоғарғы канада (Онтарио) Төменгімен (Квебек) бірікті. Астана таңдау мәселесі туды. Сөйтіп, 1857 жылы ағылшын корлевасы Викторияның жарлығымен, Оттава Канаданың астанасы болу құқығын иеленді.
Қала архитектурасы Оттава халқының ұлттық құрамының бейнесі тәрізді. Қаланың «Шато-Лорье» қонақүй қорғандарына ұқсап тұрса, парламент - дәлме-дәл, тек сәл кішірейтілген ағылшын парламентінің көшіпмесіндей.
Оттавада римдік-католиктік шіркеу Нотр-Дам, басқа да әдемі шіркеулер көп. Бейбітшілік мұнарасы - парламент кешенінің ең биік бөлігі. Ол Бірінші дүниежүзілік соғысты Еуропада қаза болған канадалықтарға арналған. Праламент алаңында ел бірлігінің символы - айналасында канадалық провинциялардың гербтері бар - Мәңгі алау жанып жатыр. Таңертеңгілік, Парламент төбешігінде, қарауылдардың ауысу рәсімі өтеді. Парламент ғимаратынан алыс емес жерде, Веллингтон-стритте ұлттық пресс-клуб бар. Клубқа Си-би-си және си-ти-ви ұлттық телекомпанияларының шолушылары, шетелдік газет, журналдардың корреспонденттері келеді. Бұл жерде ең соңғы жаңалықтар жайлы ақпарат алып, саяси пікірталастарға қатысуға болады.
Оттава - Канаданың ғылыми және мәдени өмірінің орталығы. Екі университет: Оттава және Карлтон университеттері бар. Адам, Жаратылыстану, Ұлттық ғылым мен техника, Пошта музейлерінің орны ерекше.
2. 2. Канаданың экономикасы
Канада - нарықтық қатынастар жоғары дәрежеде дамыған, индустриалды-аграрлы ел. Ұлттық табыс мөлшері жылына 583, 9 мрлд АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда 21860 доллар. Елдің табиғат байлықтары мол: мұнай, табиғи газ, көмір, мыс (әлемде 3-орында), никель (2-орын), қорғасын (5-орын), цинк (әлемде 1-орында), темір, алтын, уран, т. б. Экспортының 81%-ы АҚШ-қа шығарылады және негізінен автомобильдер, құрал-саймандар, ағаш өнімдері, қағаз, шикі мұнай, табиғи газ, аллюминий, мұнай мен тас көмір өнімдері, бидай өнімдерінен тұрады. Импорттың 76, 3% АҚШ-тан әкелінеді және негізінен автомобильдер, жолаушылар вагондары, компьютерлер, телекоммуникация құралдары, азық-түлік өнімдерінен тұрады. Халқының 73, 1%-ы тұтыну салаларында, 22, 8%-ы - өнеркәсіп, 4, 1%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Жерінің 4, 9%-ы ауыл шаруашылығына пайдаланылады, астық өнімдері өсіріледі және мал шаруашылығы жақсы дамыған. Негізгі сауда серіктестіктері: АҚШ, Батыс Еуропа Елдері, Жапония, Қытай, Мексика, Оңтүстік корея елдері мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылы 10 мәуірден бастап орнатылды. 1996 жылы 25 қыркүйекте 2 жақты салықтан босату жөнінде конвенцияға қол қойылды. 1998 жылғы сәуірде Елбасы Н. Ә. Назарбаев Вашингтонда Канада примьер-министрі Ж. Кретьенмен кездесті. Қазақстанда 30-ға жуық компаниялар жұмыс істейді. Оның ішінде ірілері «Харрикейн Кумкойль», «СНС - Левалин Интернэшил» мұнай-газ салаларында, «КАМЕКО», «Уран Эрц» уран экспорты жөнінде, «Вестерн комбайн», СП «Аквест» ауыл шаруашылығында тағы да сол сияқты. Сонымен қатар ғылым мен мамандар алмасу салаларында да көптеген келісімдер бар.
2. 3. Канада мен Қазақстан арасындағы экономикалық қатынастар
Урбанизациялау үрдістері жөнінен Қазақстанда үлгі алуға лайық елдер бар. Біздің Қазақстан үшін соның бірі, типті бірегейі алыстағы Канада елі деуге болатындай. Себебі, бұл елдің бізге арасы алыс болғанымен ұқсастығы көп.
Біріншіден, Канада да Қазақстан секілді жерге бай, ал сол жер көлігімен, есептегенде халқының саны шағын мемлекет. Ел аумағы 9976 шаршы шақырымды (бізден үш есе үлкен), халқының саны 30 милион адамды (бізден екі есе көп) құрайды. Қазақстанда 1 шаршы шақырымға 5, 5 адамнан келсе, Канадада 3 адамнан келеді.
Тағы бір ұқсастық жағы, Канада да табиғи шикізат көздеріне бай. Темір, металл, мұнай, тағы басқа пайдалы кен орындары өзінде ғана емес сыртқа шығарып сатуға молынан жетеді. Канада да біз секілді ірі индустриялық-аграрлық ел. Сыртқа бидай және басқа өнімдер экспорттаумен айналысады. Ал табиғи климаттық жағдайы біздің солтүстік өңірлерге келіңкірейді. Егер Қазақстан Қытай мен Ресей секілді екі алып елдің ортасына орналасса, Канада әлемдік держава АҚШ-пен көрші. Әрине, мұндай көршіліктің жақсылықтарымен қатар қолайсыздықтары да аз емес. Сондықтан канадалық саясаткер Пьер Трюдоның «біз өз саясатымызда пілмен қатарласа ұйықтаған тышқан секілді үлкен көршіміздің әрбір қимылы мен қозғалысын үнемі бағып отыруға мәжбүрміз. Өйткені піл қаншалықты бейбітсүйгіш әрі кеңпейілді болса да, оның ұйқыдағы күйінде бізге қарай аунап түсуінен құдай сақтасынан», деген сөзі көп жағдайдан сыр аңғартқандай.
Дегенмен, Канада осы қиын көпшіліктің өзін тиімді пайдалану арқылы АҚШ-тай алыптың экономикалық қуатынан өз тіршілігі үшін үлкен нәр ала білді. Соның нәтижесінде ол әлемдегі ең дамыған индустриялық-аграрлық елге айналды.
Осыдан екі жылдай уақыт бұрын «Қазақстан: Батыспен үн қатысу» атты халықаралық конференцияға қатысқан Қазақстан бұрынғы Примьер-министрі Жан Кретьен өзінің Қазақстандағы даму барысына айрықша ықылас қоятындығын айта келе мұның себебін былай деп түсіндірген болатын: «Бүгін сіздердің елдеріңіздің алдынан кешегі біздер секілді үлкен мүмкіншіліктер ашылып отыр. Сіздердің табиғи ресурстарыңыз бүкіл әлемнің назарыын өзіне аударды. Сіздердің географиялық орналасуларыңыз да ел экономикасын нәрлендіретіндей өте бір ұрымтал тұста тұр. Менің елім Канада өзінің АҚШ-пен көршілігін басты экономикалық артықшылығына айналдыра білді. Әрине, алыппен көрші болу оңай емес. Дегенмен, бүгінгі жаһандық экономикада халықаралық сауда мен оынң барлық тиімді жақтары туралы әңгіме қозғалып жатқанда географиялық орналасу жөнінде адасуларға орын болмауы тиіс. Оның үстіне сіздердің геосаясаттағы маңыздықтарыңыз екі көршілерден де әріде жатыр. Қарқынды дамып келе жатқан тағы бір алып ел Индиямен, ресурсқа бай Таяу Шығыспен жақын орналасуларыңыз, Орталық Азиямен көршіліктеріңіз әлемнің көз тіккен осы бір нүктесінде өте маңызды рөл ойнай алатындықтарыңызды білдіреді» деген еді.
Міне, осы Канада халықтың 80 пайызы қалаларда қоныс тепкен (ал бізде әзірге 53 пайызы ғана) . Канада урбандалудың жоғары деңгейіне жеткен ел. Біздегідей даласы кең болса да Канада халқы неге қалаларға шоғырланып алған? Бұл Қазақстан үшін де ой саларлық мәселе. Әрине, канадалық үлгіні, саяси жүйені, араласатын ортасы мен мекен еткен құрлығы бөлек ел. Сондықтан біз назар аударуға болатын кейбір мәселелерді ғана сөз етпекпіз.
Канаданың астанасы Оттава 1 милион адам мекендесе, елдің ең үлкені Монреальда 3 милион 200 мың, Торонтода 3 милион 100 мың, Ванкуверде 1 милион 850 мың. Эдмонтонда 1 милион, Калгириде 800 мың, Виннипегте 700 мың, Квебекте 700 мың тұрғын бар. Ел халқының 40 пайыздан астамы осы үлкен қалаларда қоныс тепкен.
Әлем елдерінде «қала» деген ұғым біртұтас өлшемдері қалыптаспаған. Көптеген елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінен тыс тұрғын және халық көбірек шоғырланған елді қала деп атайды. Біздің осы кезге дейінгі түсінігімізде көп қабатты үйлері мен мәдени-әлеуметтік ғимараттары мол кездесетін, ол үйлер бір орталықтан жылытылатын елді мекендер қала аталса керек еді. Ал енді дамыған батыста қала адамдары көпқабатты үйлерден қашып алдында жері бар бір-екі қабатты жеке үйлерге шығып жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz