Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы 5
1.1 Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 5
1.2 Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары 7
2. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау 9
2.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 9
2.2 Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері 12
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 19

Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы
өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер
мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару
стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін,
шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді
қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және
өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып
табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік
барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған
қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің
шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды
қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның
мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-
экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын
кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне
үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық
мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам
өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және
қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль
атқарады.
Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі
инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында,
жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру,
сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда
маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың
қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады
және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар
беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға
септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға
жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын
табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда
негіз болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың
кәсіпорын қызмтіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып
табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей
сұрақтарға жауап беруді көздейді:
кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
кәсіпорындардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық
тәуекелдердің әсерін анықтау.
Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық,
қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.
Курстық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың
еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде
жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.

1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы

1.1 Кәсіпорын табысының экономикалық мәні

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір
күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас
бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып
табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның
есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы
болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-
шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен
басым болатын жағдайын білдіреді.
Біз білетіндей, кәсіпорын табыстары оларды алудың және қолданудың
сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:
негізгі қызметтен алынған табыс;
өзге де табыстар.
Негізні қызметтен алынған табыс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен
және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат кірістерін қамтиды.
Өзге табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен
қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.
Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей
мәселелерді атап көрсетеді.
Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар
орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек кәсіпорын әлі табыс алған
жоқ. Бұл мәселе кәсіпорынның өндіріс барысына салынған, алайда әлі бітпеген
капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың сәйкес
келмеуінен туындайды.
Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар
орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда кәсіпорынның балансында
табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық
борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорынның
өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
Кәсіпорын өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар
сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-
шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда кәсіпорын ақша
қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік
төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы – бухгалтерлік есепте
табыс көрсетілген кәсіпорын банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай
кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз
активке салумен сипатталады. Нәтижесінде кәсіпорынның өтімділігі жойылады
да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
Кәсіпорынның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты
қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда кәсіпорынның табысы емес,
қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе
инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де
кездеседі.
Кәсіпорын нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды
есептік табысты көрсетеді. Мысалға, кәсіпорын қандай да бір өндірістік
активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін
ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында
кәсіпорын зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер
ішінде ай сайын табыс көрсетіледі.
Кәсіпорынның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының
жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы
гудвилл немесе фирманың құны деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл
көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни кәсіпорынды бөлшектеп сатқан жағдайда
оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға
болады.
Табыспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде
ғалымдар мынадай қорытындыға келді: бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс
қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз
кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп
қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі – тауарлар мен
қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі – капиталдың
жұмыс істеуінің нәтижесі деп қарастырылады.
Табыстың осындай екі түрлі тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму
алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін
маңызды:
салықтарды есептеу үшін;
кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.
Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу
үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз
болып табылады.
Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, табыс ұғымына
келесідей анықтама беруге болады. Табыс деп тауарды өткізу, қызметтер
көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады.
Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар
және басқа да қаражат кірістері кәсіпорынның пайдасын арттырады.
Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит
бойынша әдістемелік нұсқаулығында табыс ұғымы келесідей түрде анықталады.
Табыс дегеніміз – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді.
Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан
Республикасы Президентінің заңдық күші бар Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп беру туралы №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай
дейді:Табыстар – бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе
міндеттемелердің азаюы болып табылады.
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін
емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және
әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын
қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.

1.2 Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары

Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей,
жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген
болатын. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде
төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның қозғаушы
күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін
анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген
кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика
кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып
табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және
кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр
кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат
көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға
деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа
мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал
салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.
Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының ролі оның атқаратын
функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды
категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.
Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш
болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген
деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда,
бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы
жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір
табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің,
қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері
қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері
кәсіпорынның өзіне байланысты болса, кейбіреулері кәсіпорынның қолынан
келмейтін шаралар болып табылады.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың
қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық
шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс кәсіпорындардың басты
мақсаты деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің
экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің
игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада
қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де)
байланысты.
Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар
жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында
қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму
перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша
шешімдер қабылдайды.
Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін
өнімнің қозғаушы күші болып табылады.
Тағы да айта кететін жағдай – табыс кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік
игіліктерінің көзі болып табылады.Салықтарды, дивидендтерді және басқа да
бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын
табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік
жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.
Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып
табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ
экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде,
бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген
мақсаттарына бағытталады.
Сонымен, кәсіпорынның табысы – оның экономикалық және әлеуметтік
дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік
қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық
экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен
тұжырымдайды:
акционерлік меншікті арттыру;
табысты арттыру;
басқарушылық сыйақыларды арттыру;
әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі
мақсаты – кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып
табылады деген тұжымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым
акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Кәсіпорынның басқа мақсаттары да
оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар
алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.
Кәсіпорын мақсаттарын бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден
ақылға қонымды. Табысты арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді
міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру – ұзақ мерзімді
мақсат болып табылады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі табысқа да,
келешектегі табысқа да мүдделі.

2. Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау

2.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық
қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық
назарды осы көрсеткішке аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді (қызметтерді,
жұмыстарды) өткізуден алған табыс. Ол қаржылық шаруашылық қызметтің
нәтижелері туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар
мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын, сату және
баға шегерімдерін алып тасталып көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлесті өнімдер мен тауарларды өткізуден
түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен
және басқа да факторлармен анықталады.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар
өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы
керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі,
ауыспалы тауарлық-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын
жағдайлар да кездеседі.
1-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспанының негізделуін
тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.

1-кесте

Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының
негізделуін бағалау

мың теңге
№ Көрсеткіштер Есептік бағасы
1 Өткізілмей қалған дайын өнімнің нақты қалдығы 8 360
2 Тауарлы өнім шығару 29 000
3 Өткізілген өнімнің жыл соңындағы қалдығы 15 940
4 Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 + 2 – 3) 21 420
5 Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс 20 850
6 Ауытқуы (4 – 5) 570

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың
теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген
өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден
түсетін табыс 20850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21420 мың
теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас
еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын
өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, есеп айырысу
құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын
өнімнің қалдықтарының мөлшерден тыс өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметі көңіл
аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты
өткізілмей қалуы немесе, басқа себептерге байланысты сұарнысқа ие болмауы
мүмкін. Бұндай жағдай заттық нысандағы өнім өндіруші кәсіпорындарды орын
алады. Қызмет көрсетуші және жұмыстар атқарушы кәсіпорындарда қоймадағы
өнім қалдықтары бола алмайды.
Табыстылықтың екінші абсолюттік көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді
өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде
өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік
құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор - өндірістік өзіндік құн, сол
себепті оның төмендеуі табыстың көлеміне көп әсерін тигізеді. Шаруашылық
жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі
жолы – материалдық шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл,
әсіресе, шикізат құнының үлесі өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып
келетін өңдеу салаларында қызмет ететін кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Кәсіпорын табысының артуы тек өнімнің өзіндің құнына ғана емес, сондай-
ақ, өткізілген өнімнің көлеміне, өнім бірлігінің бағасына байланысты
болады. Осы факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін талдау кестесін
құруға болады.

2-кесте

Кәсіпорынның жалпы табысы

мың теңге
№ Көрсеткіштер Жоспа Нақты сатылымға Нақты
бойынша жоспар бойынша
1 2 3 4 5
1 Өнімді өткізуден түскентабыс20 850 19 745 23 179
2 Өнімнің өндірістік өзіндік 16 435 15 741 16 996
құны
3 Жалпы табыс (1 – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметіндегі табыстың маңызы және функциялары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Қаржылық жағдайды басқару
Қаржы нәтижелерінің түсінігі және теориялық аспектілері
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны. Факторлық талдау әдісі
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштері
«Экономикалық талдау» пәні бойынша теориялық материал
Қаржылық мониторингі қағидаттары
Экономикалық қаржыны басқару
Пәндер