Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Макро-микроэкономика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы

Орындаған: Исабек Г. Қ.
Тобы: ЭК
04 К1

Тексерген: Жұмабеков Х. Е.

Алматы, 2006

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде
пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде
жалпы капиталдық салымдар деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша
жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (
өндірістік капиталдық салымдар) , тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдини ққұрылысқа
( өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелер, кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге
жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге жақын
келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның
мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді.Ресурстардың бөлінуі әкімшілік
жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге
асатындықтан,инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар
екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады.Жоспарлық экономика
жағдайында инвестициялар ағымындағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен
ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді.Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылмайды,берілген терминдер ұқсас емес.Капиталдық салынымға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең.Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған
елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы
қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады.
Инвестиция термині латынның investire – жұмылдыру сөзінен алынған.
Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол
Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның нақты
капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар,
өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвес-тицияландыру немесе
капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген
құнды қағаздарды немесе меншіктің кез-келген түрін сатып алу
инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа ьіреуі
дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал
қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: Нақты инвестицияларға әдетте
қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді,
мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестицияға қағазда
жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар
сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі
бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың
үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады.Қаржылық
инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне
едәіур дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-
бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияеы табыстың тұтынуға
жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді.Инвестициялық ресурстар инвестициялдық
іскерліктің капиталдық құнының табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі
алынатын нақты объектіліеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғылық инвестицияландыру экономикалық
ресурстарды олашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Капиталдық салым процессінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз
бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық
игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез-келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандайда
табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын
әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық
міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекел мен;
қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Инвестициялардың жіктелуі

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде
мынылар қолданылады:
1. инвестициялардың түрлері
2. ақша құралдарын салу обьектілері
3. инвестицияландыруға қатысу сипаты
4. инвестицияландыру кезеңі
5. меншік түрлері
6. инвестордың қатысу түрлері
7. тәуекел дәрежесі
8. ұдайы өндіріс түрлері
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
• Ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды
қағаздар;
• Жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
• Авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды
құндыоықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
• Жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да
мүліктік құқықтар;
• Қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хау емес)
ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе
ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық
сауаттылық.
2. Құралдардың салыну обьектілері бойынша инвестициялар былайша
бөлінеді:
• Нақты нвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы,
яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс
капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге
салынатын салым. Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға,
қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған
құралдар;
• Материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар
белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен
шығындар;
• Қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша
құралдардың салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктік
салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі
түрлерге бөлінеді:
• Тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын
салу обьектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі.
Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне
тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге,
инвестицияландыру обьектілірін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім
өндірісіне;
• Жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді
орналастыратын және аккумуляциаландыратын түолі қаржылық делдалдар
арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай
делдалдар инвестицияландыру обьектілерін басқаруға қатысады, ал
алатын табычтарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын
құнды қағаздарға салынатын салынымдары портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге
бөледі:
• Қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар(;
• Ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
• Азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
• Мемлекеттік, ол түлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет
көздерінен қкаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
• Қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе
шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену
(шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
• Инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
• Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы
немесе басқа да құгды қағаздар түрінде алу;
• Табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да
мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• Тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа
мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп
саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды
анықтайды, бұл қауіпсіз қойылы инвестициялық тәуекел нүктесін санау
ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
• Тәуекелді инвестициялар. Инвестицияларен байланысты тәуекл немесе
белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным обьектісі сияқты
факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі
кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың
мерзіміне және жоьаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді,
сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін
шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын
төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау
және т.б.). дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы
мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік
табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
• Жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып
жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпоындардың, ғимараттардың салынуы;
• Шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс
қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс
кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет
етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
• Шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру – моральды тұрып
қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы
жаңа өнімнің шығарылуынң профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық
немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
• Техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың,
өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық
деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық
жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-
жақты бағалау үшін қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл кәсіпорынның шаруашылық
қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып
отыратын, өзіндік логикаға ие обьективті процесс, себебі инвестициялар
өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы
тұтынудан бас тартуды біодіреді. Сол себептен инвестициялық процесс
кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, огы таңдау
төмендегілерге байланысты:
▪ Кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
▪ Жалпы даму стратегияры;
▪ Инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
▪ Құралдардың салу обьектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық
тартымдылығы.
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз
бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы
болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардптарын бағалауды
үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір
стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені
және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға
бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды
іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы
тиіс. Инвестициялық жоспарлардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процессті
білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және
жекелеген сигменттер аралығындағы конъюктурасын болжауға негізделген. Бұл
стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде
қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі.
1.3.1. – кестеде белгігі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен
үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдеріндегі нақтыланған ұзақ мерзімді
мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіліенген нормаларға және пайда
көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын
ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын
төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және
т.б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік
ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл
бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономикалық,
құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.

1-кесте
Сатылары
Страте-гияПайда болуы Өсуі Жетілуі ЕскіруіПайда
сы болуы
Жалпы Нарыққа еніп,Нарық Іс-әрекеттің Пайда нормасын
бекітілу сегментінің салалық сақтау және
процесінде кеңеюі, диверсификацияіс-әрекеттің
өмір сүру іс-әрекет сы, пайданың бағыты мен
диверсификацияқол жеткен нысандарының бір
сы мен нормасына уақыттық
пайданың қолдау жасау жаңалануының
жоғары қаржылық
қарқынмен тұрақтылығы,
өсуін дәстүрлі
қамтамасыз ету іскерліктің
масштабтарын
сақтау
Инвести-циБастапқы Өндірістің өндірістің Жаңа құрылыс пен
ялық нақты және нақты техникалық өндірістің қайта
инвестицияныңқаржылық қайта құрылуына нақтылы
жеткілікті инвестиция қамсыздандырылмасштабты
көлемін масштабтарыныңуы және кең инвестициялан-дыр
қамтамасыз кеңеюі масштабты у
ету қаржылық
инвестицияланд
ыру

Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік
аппараттардың моральдік және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың
төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл
нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті
инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және
неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.
Ал табыстылықтың салымның орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ететін
активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың іріктеліп, жүзеге
асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдаумен
іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен айрықшаланатын
инновациялармен байланысты.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да,
потенциялды стратегиялық инвесторлың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде
жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді.
Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі
серіктестердіңтүсінушілігімен ортақ мүдделерін есепке алуға және
инвестициялық обьектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның
инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.

Қазақстан экономикасының инвестициялық стратегиямының дамуы

Экономиканың жаңа сапалы жағадайы, яғни, құлдыраудан тұрақтануға және
болашақтағы экономикалық өсуіне өтуіне, капитал құраушы инвестициялардың
жоғары тиімділігімен жалғасатын жоғары инвестициялық белсенділік болып
табылады. Жалпы ұлттық өнім көлемінің 1-ке өсуін қамтамасыз ету үшін,
өндірістік инвестиция көлемін, кем дегенде 3-ке көбейту қажет.
Біздің республкамызда экономикалық өсу мен құрылымдық қайта құрулардың
нақты алғы шарттары әлі де құрыла қойған жоқ. Инвестициялық орта-
трансформациялық құлдыраулардан үлкен әсер алды, сонымен қатар,
инвестициялардың қысқаруы жалпы ұлттық өнім динамикасымен салыстырғанда,
жылдам қарқынмен жүреді.
Ұлттық экономикамыздың көрінісінің нәтижесі болып өте терең
инвестициялық дағдарыс көрінеді. Осыған байланысты, Қазақстанда негізгі
капиталға келетін жалпы инвестициялар мен жалпы ұлттық өнімнің қаншалықты
деңгейде екенін қарастыра кету жөн болар.
Біздің республикамыздың жағадйын басқа елдердің мәліметтерімен
салыстырыр болсақ, Қазақстандағы инвестициялық дағдарыстың тереңдігі Ресей
және басқа да көптеген бұрыңғы одақтық елдерге қарағанда, жоғары болып
табылады. Егер, салыстырмалы түоде көрсете кетсек, мысалы, ТМД-ны тұтас
алғанда, 1995 жылы инвестициялар мөлщері реформаға дейінгі деңгейде – 32,
Украинада – 26, Қызғызстанда – 37, Өзбекстанда – 54, ал ЖҰӨ мөлшері
сәйкесінше – 58, 44, 50 және 82 құрайды.
Инвестициялар шикізатты іздеумен және өңдеумен айналысатын салалардың
дұрыс дамуына, экономиканың нақты сеаторының дамуына, оның тұрақты болуына
көмектесу үшін бағытталуы қажет.
Инвестициялардың болашағына елдегі жалпы экономикалық және саяси
жағдайлар, ішкі сауда жағдайы, ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамы,
технология және ғылым саласындағы жаңа ашылулар, шикізат пен материялдың
жаңа көздерін табу, халық сұранысының құрылымдық өзгерістері, олардың
табыстарының мөлшері, талғам мен сән, ұлттық дәстүрлер және тағы басқа да
жағдайлар елеулі әсерін тигізеді.
Жаңа экономикалық стратегияны таңдау немесе оны өзгерту инвестициялық
стратегияның негізгі бағыттарын қайта қарау мен одан шығатын инвестициялық
саясат, ол, ең алдымен, жаңа инвестициялық мехонизмді болжаумен
байланыстырылуды қажет етеді. Сондықтан, инвестициялық стратегия мен
саясатындағы өзгерістер, жай ғана капитал мен инвестициялармен шектеле
қоймайды, мұндай процестер көбінесе, өтпелі, әлі тұрақталмаған экономикалы
елдерде сипатты болады.
Инвестициялық процесс жаңа сипат алуы қажет; пайдалылық тиімділігі
капитвл мөлшерінің бірлігіне төмендейді, ал инвестициялық саясат жеке
өндіріс ғана емес, сонымен қатар, елдегі ірі кешенділік қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталады. Осы кезде, өндірістік құрылым да өзгереді:
жалпы мөлшер шеңберінде жинақтар, таза қорланудың төмендеу есебінен
толтырылуы үлесі жоғары болады. Осы кезде мемлекет масштабындағы
жоғалтылған капитал тек толтырылып ғана қоймайды, ол экономиканың басқа
салалары менорталарында жаңа технологиялық негізде қайта құрылуы мүмкін.
Мұндай жағдайда шет елдік компаниялар жағынан бәсеке итермелейді.
Ұлттық компаниялар, сақталынып келе жатқан ауыр қаржылық жағжайға
қарамастан, өндіріс шығындарын, энергетикалық және ресурстық мөлшерін
қысқарту мақсатында, несиелер мен шет елдік капиталды қолдану арқылы ірі
жаңарту бағдарламаларын жүргізу қажеттілігі туындайды.
Инвестициялық процесс, қатысушылары қызмет ететін шаруашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау
Инвестициялық қызметтің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық аспектілері
Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі
Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік
Компаияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
Инвестициялық жобаны бағалау
Инвестициялардың жіктелуі
Ақшалай бағалы қағаз
Пәндер