Қазақстан және дүниежүзілік сауда ұйымы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан және дүниежүзілік сауда ұйымы
Орындаған: Кусайинбекова А.
Тексерген: Мысаева Қ.
Алматы 2006
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін айқын сыртқы саясат жүргізе бастады. Тек осы кезден бастап қана Қазақстан әлемдік аренаға халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі ретінде шықты. 1991 жылдың соңына дейінгі екі апта ішінде Қазақстан тәуелсіздігін 18 мемлекет танып үлгерді, олардың ішінде Түркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкістан бар. Бұрыңғы одақтық республикалар бір-бірінің дербестігін мойындады. Қазақстан отарлық езгіден құтылып, әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болды.
Қазақстан тәіелсіздігін әлемнің басқа елдерінің тануы өте тез өтті. 1992 ж. наурызда Қазақстан ең ірі және беделді халықаралық ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқықты мүшесі болды. Сондай-ақ, Қазақстан Дүниежүзілік банктің, Еуропа қайта құру және даму банкінің, Халықаралық валюта қорының, ЮНЕСКО-ның мүшесі болды.
Әлемдік қауымдастықпен бірігуге қарай жасалған үлкен қадам Финляндия астанасы Хельсинкиде жасалды, мұнда Қазақстан КСРО мен СФРЮ (Югославия) ыдырағаннан кейін пайда болған басқа да елдермен бірге, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) қорытынды актісіне қосылды.
Өзінің қарамағына 140-қа жуық мемлекеттер біріктіретін Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) өзінше БҰҰ-ның сауда және экономикалық тұрғыдағы егізі болып табылады. Қазақстанның ДСҰ-на қосылуы Үкімет қызметінің басымдық берілетін бағыттарының бірі болмақшы.
Экономикасын жылдан жылға дамытып, нырықтық қатынастарды тереңдете түскен Қазакстан соңғы жылдардан бepi Бүкіләлемдік сауда ұйымына кipyre бекем бел байлап отыр. Әрине, әлемге әмірін жүргіп келе жатқан қатал қауымдастыққа оның барша заңдылықтарын сактай отырып кipуге және кipiгіп қана қоймай одан лайықты орын алу дегеніміз оңай шаруа емес. Өйткені ол ортада әлсіз мемлекеттерге экономикалық басқыншылық жасаудың жолдарын ежелден меңгерген, бес қаруы сақадай сай (кәсіпорындары технологиялық тұрғыдан әбден қаруланған деген мағынада) азулы елдер өмip сүреді. Олармен иық, тipеcтipiп, өз өнімдеріңді басқаларға саудалай аласын ба, жоқ әлде ешкімге өткізе алмай пұшайман күй кешесің бе? Бұл бір мәселе болса, екіншіден Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болып кірген соң оның саған жасайтын жеңілдіктермен қатар қоятын талаптары да болады. Соның ең үлкені басқа елдерге кедергісіз өнім өткізу мүмкіндігіне ие болған соң ендігі кезекте сол елдердің тауарлары мен өнімдері үшін өз есігіңді де айқара ашуға тиістісің. Мұндай жағдайда шетелдік тауарлардың тежеусіз уғылуы нәтижесінде осы уақытқа дейін еліміздің ішкі рыногында алаңсыз жұмыс імтеп келе жатқан кәсіпорындарымыз бен шаруашылықтарымыздың өз өнімдерін өткізе алмай күйзеліске түсу, тіпті банкротқа ұшырау қаупі пайда болады. Сондықтан Қазақстанға ДСҰ-на мүше болып кірмес бұрын жаңа технологияларды игеру, кадрларды оқыту және басқа да шараларды ұйымдастыру арқылы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру, қысқасын айтқанда жан-жақты әзірлік жұмыстарын жүргізу қажет болады.
Дегенмен сарапшы мамандардың пікірінше ДСҰ-на мүше болып кірудің Қазақстан үшін артықшылықтары көп. Біріншіден, біз осы уақытқа дейін де халықаралық рынокқа мұнай мен металл, астық экспорттап келе жатқан елміз. Еліміздің негізгі табыс көздері де осы өнімдер арқылы құралады. Демек ДСҰ-на мүше болып кірген жағдайымызда оларды өткізу жайы да едәуір жеңілдеп, табыс көлемі қазіргіден де арта түсуі мүмкін.
Екіншіден, біздің жеріміздің минералдық шикізат қорларына өте бай екендігі мәлім болып отыр. Егер тиімді де орынды пайдалана білсек, жер астында бұғып жатқан бұл байлық ондаған жылдардың ішінде Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің біріне айналдырып, халықтың тұрмысымен қатар білімі мен мәдениетінің жедел дамуына да жол ашпақ. Сондықтан қазіргі сәтте Қазақстан үшін әлемдік қауымдастыққа қарай кіріге түсудің маңызы зор екендігі туралы да жий айтылуда.
Үшіншіден, Қазақстан секілді алтын сандықтың үстінде отырған шағын ел үшін өзінің материалдық байлықтарын тиімді пайдаланудың ең дұрыс жолдарының бірі - оны мүмкіндігінше жеделдетіп интеллектуалдық игілікке айналдыру, яғни адамдардың сапалық тұрғыдан өсуіне қызмет еткізу. Индустриялық-инновациялық, аграрлық азық-түлік, ауылдық аумақтарды дамыту секілді маңызды мемлекеттік бағдарламаларды қабылдап және осы іске сүйеуші болатындамыту қорларын құруымен қатар ендігі кезекте білім беру ісіне қатты көңіл бөліп, оны әлемдік стандарттарға сәйкестендіруді қолға алғандығына қарап ел басшылығының осындай биік мақсатты көздеп отырғандығын аңғаруға болады. Енді міне, Елбасының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауы жарық көріп, адам ресурстарын дамытуға нақты бағыт ұсталды. Адамдардың денсаулығы мен білімін жетілдіруге, еңбек саласындағы бәсекелестік қабілетін арттыруға баса назар аударылды. Әрине, мұндай үлкен мәселені шешу үшін елімізге көп қаржы қажет болатындығы түсінікті. Ал ондай қаржыны біз өзіміздің ішкі қажеттілігімізді бірнеше есе орайтын артық өнімдерімізді, әсіресе қазба байлықтарымызды сыртқы рыноктарға кедергісіз саудалай алғанда ғана таба аламыз. Демек экономикасының әлі ашылмаған мүмкіндіктері өте зор деп саналатын Қазақстан өзінің жоғарыдағыдай негізгі мақсатына қол жеткізу үшін ДСҰ-на кіру мәселесін алдағы уақытта әйтеуір бір қарастырмай тұра алмайтындығы түсінікті. Білікті сарапшылар Қазақстан осы мәселеге жеделдетіп кіріскен жағдайда неғұрлым көбірек ұтысқа шығатын болады деп мәлім.
Бірқатар мамандардың айтысына қарағанда, еліміз үшін аталған ұйымға кірудің қолайсыз жақтары да аз емес. Ол қолайсыздықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың жұмысына көбірек қатысты болып отыр. Сондықтан еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі өзінің төралқа мәжілістерінде бұрыннан келе жатқан осы проблеманы жиі талқылап, оны шешу жолдарын пысықтап, іс барысын жіті қадағалап отырады.
Сарапшылардың пікірінше, отандық өңдеу кәсіпорындарының өнімдерінің қымбат болып отыруының бірнеше себептері бар.
Біріншіден, кәсіпорындардың басым көпшілігі өнімді арзандатуға мүмкіндік бермейтін ескі технодогиямен жұмыс істейді.
Екіншіден, кәсіпорындардың қолында жеткілікті айналым қаржысы жоқ. Бұл жағдай ауыл шаруашылығы шикізаттық өнімдері көптеп сатылатын маусым кезінде оларды қолайлы баға бойынша топтап сатып алуға мүмкіндік бермейді. Ал екінші деңгейдегі банктер беретін несиенің сыйақы ставкалары қымбат болғандықтан бұл жағдай өнім бағасына үлкен әсерін тигізеді.
Үшіншіден, өнімді стандарттау мен сертификаттаудың, сапаны басқарудың қазіргі жүйесі халықаралық стандартқа сәйкес емес. Қолданыстағы заңдарымыз да нарықтық экономика талаптарына толық жауап бермейді.
Төртіншіден, жоғары және орта арнаулы білімді кадрларымыздың біліктілігі төмен. Саңғы уақыттары маман жұмысшылардың жетіспейтіндігі де айқын сезіліп отыр.
Бесіншіден, отандық өңдеу кәсіпорындары үшін қосымша құнға салынатын салық әлі де болса жоғары болып отыр. Бұл жағдай кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыруға салқынын тигізуде.
Әрине, осы аталған проблемалар жайында Үкімет те қам-қарекетсіз отырған жоқ. Оларды шешудің жолдарын қарастыруда. Соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды мемлекеттік тұрғыдан қолдау мақсатында республикалық бюджет есебінен жылма-жыл қаржы бөлдіріп отырғандығын айтуға болады. Және ол қаржының көлемі де жылдан жылға ұлғайып келеді. Мәселен өткен жылға 935 миллион теңге бөлінсе, үстіміздегі жылға - 1536 миллион, 2005 жылға - 2121, 5 миллион теңге бөлу жоспарлануда.
Осындай көмек қолдаудың немесе кәсіпорын басшыларының өз талпыныстарының нәтижесінде ДСҰ-на кіру мәселесіне қазірдің өзінді едәуір дайындық жасап жатқандар да жоқ емес. Осылардың қатарында Ақтөбе облысының «Владимир», Қарағанды облысының «Құлагер», Алматы қаласының «Фудмастер компаниясы», «Маслодел», «Беккр и К», Солтүстік Қазақстан облысының «Молочный союз», «Молсервис», Қостанай облысының «ДЕП», «Рудный тері зауыты», Шығыс Қазақстан облысының «Самтекс», Жамбыл облысының «Юнчи», «Жүнді бастапқы өңдеу фабрикасы», Алматы облысының «Ақжол», «Жеміс-Фуд» секілді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен акционерлік қоғамдарын айтуға болады. Соңғы жылдары бұл кәсіпорындардың өнімдері ішкі рыногымызда барған сайын көбейіп, импорттық тауарларды ығыстыра түсуде. Дегенмен қазақстандық кәсіпорындардың басым көпшілігі әлі де болса көз алдындағы күн көріс жайын ойлап, тұтынушылардың қалтасындағы ақшаны көбірек қақшудың жолдарын қарастыруда. Олардың басшылары Үкіметке импорттық бәсекелес өнімнің кедендікғ алымдарын артырсса дегендей болашағы жоқ ұсыныстармен ғана шығады. Ал өз кәсіпорнын қазіргі замандық технологиямен жабдықтау, білікті кадрлар даярлау ісіне мән бере бермейді.
Сонымен «Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге Қазақстан әзір ме?» деген сұрақ туындайды. Менің ойымша, еліміз ұйымға кірген кезде көп те емес, аз да емес қиналады. Бірақ, өз мақсатына жете, дүниежүзілік аренада көрсетіп бір сатыға көтеріледі деп сенемін.
Үкіметтің басты қадамдарын БАҚ-нан көруге болады. Мысалы, индустрия және сауда министрі Ә. Жақсыбеков бастаған Қазақстанның үкіметтік делегациясы наурыздың 1-і мен 9-ы аралығында Женевада болып, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ережесі бойынша көпжақты және екіжақты келіссөздер өткізді. Екіжақты келіссөздерге серіктестер ретінде Еуропалық Одақ, АҚШ, Жапония, Канада, Австралия, Швейцария, Болгария, Латвия, Корея Республикасы, Бразилия, Куба және Мексика елдері қатысты. Тараптар қазақстандық рынокқа тауарлар мен қызметтер жеткізу ережесін талқылай келе, Қазақстанның нарықтық экономика мен сауданы ырықтандыру қағидаларын ұстануын және келіссөз үрдістерінің қарқынын арттыруға деген ынтасын атап көрсетті. Келіссөздер жүргізуші делегациялар сондай-ақ, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үрдісіне өз қолдауларын білдірді. Ал, ауыл шаруашылығы бойынша көпжақты келіссөздер ауқымында отандық аграрлық секторға қолдау көрсету шаралары, экспорттық субсидиялар мен Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейінгі жұмыс ережелеріне дайындалу мәселелері талқыланды. Наурыздың 4-інде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі Жұмыс тобының басшысы, Финляндия елшісі П. Химаненнің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда республиканың заңнамалық базасы мен сыртқы сауда режимін Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері мен қағидаларына сәйкестендіру жолдары талқыланды. Бұл кездесудің қорытындысы Қазақстанның ғалами сауда ұйымына мүше болуының негізгі алғышарттарын бекіту тұрғысындағы маңызды кезең болды. Сондай-ақ, сапар ауқымында министр Әділбек Жақсыбеков Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас хатшысы Супач Паничпакдимен кездесіп, Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы мәселелерін талқылады. Қазақстандық министр ел Үкіметінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге қарқынды дайындықта екенін және нақты саяси ұстанымын қуаттады. Әділбек Жақсыбеков сондай-ақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас хатшысының биыл Қазақстанға сапар жасайтындығына үміт білдірді (Қазақпарат) .
АСТАНА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006-жылы сауда саясатын дамыту орталығы құрылады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында үкіметтің 2006-2008-жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндамасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz