Машиналы өндіріс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Бизнес колледжі

Реферат

Тақырыбы: Қоғамдық өндіріс және оның
тарихи түрлері

Орындаған: Кенжебек М.М.

1 эконом "А"

тобының студенті
Тексерген: Төлеубаева
М.К.

Алматы-2004

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
2. Негізгі бөлім 3
2.1 Экономикалық қатынастар 3
2.2 Адамдардың экономикалық әрекеттері және қажеттіліктері 6
2.3 Өндіріс факторлары, өндірістік функция 7
3 Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері 10
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16

КІРІСПЕ

Адам мен қоғам өмірінің негізінде шаруашылық қызмет өндіріс жатыр.
Өндіріс- бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып материалдық
және рухани игіліктерді өндіру процессі.
Игіліктер деп- қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттарды айтамыз.
Өндіріс 3 элементтің: адам еңбегі, еңбек затымен еңбек құралдары өзара
әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процесінің қарапайым
моменттері деп атайды.
Еңбек- бұл адамдардың материалдары, рухани игіліктер өндіруі мен
қызмет көрсетуіне байланысты мақсаты нәтижелі қызметі.
Еңбек заты-адамның дайын өнім өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер
ететін зат.
Еңбек құралдары-бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.
Игіліктер өндірісі біріншіден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын,
екіншіден өз шаруашылық қызметтері барысындағы адамдардың өзара қарым-
қатынастарын бейнелейді. Өзара қарым-қатынастың бірінші типін өндіргіш
күштер деп, ал екіншісін экономикалық қарым-қатынастар деп атаймыз.
Өндіргіш күштер- бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші)және
заттық (өндіріс құрал-жабдықтары)факторларының өзара әрекеті адам мен
табиғат қатынасының шешуші белсенді элементтері.
Ғылыми- техникалық революция өндіріс факторларын өзгертеді. Осылайша,
өндіріс құрал-жабдықтары информатика, электронды-есептеуіш және
компьютерлік техникамен байытылады. Өз кезегінде жұмыс күші құрылымында да
сапалы өзгерістер жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда болып,
жұмыскерлердің біліктілік және интеллектуалдық деңгейлері көтеріліп,
адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің ролі мен маңыздылығы арта түседі.

2. Негізгі бөлім

2.1 Экономикалық қатынастар

Экономикалық қатынастар - бұл адамдар арасында қызметтер мен
материалды рухани игіліктерді өндіру, өлу айырбастау мен тұтыну процесі
барысында пайда болатын қатынастар.
Өндірістік қатынастар біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын қарым-
қатынастар, екіншіден, өндірістік емес сферада қалыптасатын қатынастардан
тұрады.
Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру экономикалық
және әлеуметтік экономикалық болып бөлінеді.
Ұйымдастыру - экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің,
бөлінуі және айырбастылуының қалайша ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады.
Осы қатынастардың қалыптасуы мен даму тарихында 3 кезеңді бөліп
қарастыруға болады.
1. Еңбектің қарапайым кооперациясы;
2. Мануфактура;
3. Машиналы өндіріс;
Еңбек кооперациясы бір ғана адамның нұсқауымен біртектес жұмыс
атқаратын адамдарды біріктірді. Бұл бір адамның қолынан келмейтін жұмысты
атқару үшін көптеген адамдардың күштерін жұмылдыруға мүмкіндік бере
отырып, күмәнсіз экономикалық нәтиже берді.
Мануфактура (лат manes-қол, facere-жасау)- бұл да еңбек кооперациясы,
бірақ бір айырмашылығы мұнда өнімділікті едәуір арттыратын еңбек
бөліндісі бар. Мануфактура қол еңбегіне негізделген.
Машиналы өндіріс - еңбек өнімділігімен өндіріс тиімділігін арттыру
жолындағы келесі бір маңызды қадам. Ол өндіріс техникасымен технологиясын
түбірлі түрде өзгерте отыра, өндірістің жаңа технологиялық тәсіліне көшуге
себепші болды.
Әлеуметтік экономикалық қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарына меншік
формаларымен анықталатын өндіріс жағдайына байланысты адамдар арасында
қалыптасады. Меншік формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу, айырбас пен
тұтыну қатынастарының әлеуметтік экономикалық мазмұны туындайды. Бұл
қатынастың дамуы, меншік иелерінің жеке мүддесіне, сана- сезімдеріне қарай
жүзеге асырылады.
Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі
қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында ол 4 сатыдан өтеді:
өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Өндіріс - пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты. Оның
қоғамдық өнімінің қозғалысындағы орнына қарай экономистер әр түрлі бағыттар
ұсынады. Кейбір зерттеушілер пікірінше экономика тек айырбас болғанда
қалыптасады. Сол себепті тек айырбас пен бөлу шешуші сфераларға
жататындығын айтады.
Бөлу - өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.
Айырбас - бір өнімнің басқа өнімге айырбастау процесі. Бөлу мен
айырбас өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды.
Тұтыну - адамның қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілген игіліктерді
қолдануы.
Тұтыну 2 сипатта: өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін.
Өндірістік тұтыну дегеніміз - өндіріс процесінде өндіріс құрал-
жабдықтарымен жұмысшы күшін пайдалану ұдайы өндіріс негізін құрайды.
Өндірістік емес тұтыну - жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.
Жеке тұтыну - бұл адамдардың тамаққа, киімге, білімге, демалысқа
және т.б.қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну - қоғамның ғылымға, білімге, мәдениетке, басқаруға,
қорғанысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Өнімдерді тұтынған кезде, олар оң мағынада жойылады, яғни оларды
ұдайы өндіріп тұру қажет.
Ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің
жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс-бұл өндіріс процесінің
бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндіріс - ұлғаймалы
мөлшерде өндірісті жаңартылып отыруы.
Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара
тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды.
Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші - оның тиімділігі.
Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен
анықталады.

2.2 Адамдардың экономикалық әрекеттері және қажеттіліктері

Адамдар экономикалық әрекеттерін белгілі бір жағдайларда немесе
орталарда жүзеге асырады. Басты жағдайларға әлеуметтік (қоғамдық) және
табиғи (географиялық) орталар жатады.
1. Адамдардың әлеуметтік ортасы:
а) меншік қатынастары;
б) қоғамның әлеуметтік құрылысынан тұрады;

а) Меншік қатынастарына байланысты:
• адамның қоғамдағы алатын орны;
• қоғамдық өнімдегі адамның үлесі;
• қоғамдық өмірдегі адамның ролі т.б. анықталады.
Меншік формалары іскерлік белсенділікке әр қалай әсер етеді. Жеке
меншік, керісінше жеке мүдделі тұрғысынан анағұрлым нәтижелі еңбекке
жетелейді.
б) Қоғамның әлеуметтік құрылысы әлеуметтік заңдарға, яғни жұмыс
істейтін азаматтар, жұмыссыздар әр түрлі себептерге байланысты жұмыс
істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың жағдайын реттейтін құқықтық нормалар
жиынтығына негізделеді.
2. Табиғи ортаға табиғи және еңбек ресурстары мен басқа да өмір
сүру жағдайлары жатады.
а) Табиғаттың берген сыйлары табиғи ресурстарды құрайды.
Әлемде іс жүзінде барлық табиғи ресурстарға бай аса бай елдер бар. Олардың
қатарына Ресей, Қазақстан, АҚШ, Қытайды жатқызуға болады. Көптеген елдер
өздерінің экономикалық қызметін ресурстардың табиғи шектелгендігі
жағдайында жүзеге асырады. Барланып және шығарылған табиғи ресурстар
материалды өндірістің әр түрлі салаларында шикізатқа айналады. Өз кезегінде
шикізат материалдары қоғамдық өндіріске тартылып және онда сан мәрте
өңделгеннен соң ғана экономикалық ресурстарға айналады.
Қазіргі заманғы өнеркәсіп 75%-ке дейін зор көлемде шикізатты жұмсайды.
Бұл жағдай көптеген елдердің шаруашылық қызметін шикізатпен жабдықтаушы
елдерге тәуелді етеді. Сондықтан дамыған елдерде өнеркәсіптік және
тұрмыстық қалдықтарды пайдалану жолдары жасалуда. Бұл салада жұмыс істейтін
экономистер айналма эрасының туатындығын, яғни экономикада табиғи қорлар
жабдықтаудың резервті көздері ролін атқарып, ол басты шикізат материал
қалдықтарын өңдеп, ресурстар қайталанып қолданылады деп болжауда.
б) Табиғи ортаның екінші маңызды элементі - еңбек ресурстары. Олардың
материалдық немесе өндірістік сфераларда қамтылған бөлігі экономикалық
белсенді халықты құрайды. Батыстың дамыған елдерінде бұл барлық еңбек
ресурстарының 70 % -іне, ал дамушы елдерде - 45-55 % тең. Еңбекке жарамды
және жұмыс істемейтін халықтың ара қатынасын ескерудің маңызы зор. Оны
демографиялық ауырлық (жүк) деп атайды. Әлемде орташа шамамен 100 еңбекке
жарамды адам өз табыстарымен 70 бала мен зейнеткерлерді қамтамасыз етеді.
Барлық ресурстардың бір қасиеті бар: сиректігі немесе шектеулі көлемде
болуы.
Қажеттілік - бұл жеке тұлғаның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе
дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге талабы
(табиғи, әлеуметтік, рухани).
Адамдар қажеттіліктері сан алуан. Әдетте, қажеттіліктерді 3 топқа
бөледі: материалдық, рухани, әлеуметтік.
Алдыңғы кезекте, әрқашан материалдық қажеттіліктер, яғни киім, тамақ,
тұрғын үйге деген қажеттіліктер тұрады. Материалдық қажеттіліктер тауарлар
арқылы, сонымен қатар қызметтер (автомобиль жөндеу заңгерден кеңес алу
және т.б.) арқылы да қанағаттандырылады. Материалдық қажеттіліктер қатарына
фирмалар мен мекемелердің ғимараттар, құрылыстар, транспорт пен басқаларға
деген сұраныстарын жатқызамыз.
Рухани қажеттіліктер ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу,
адамгершілікті жетілдіру және т.б. барысында қанағаттандырылады. Кең
мағынада рухани азыққа адамның қабылдайтын барлық ақпарат түрлері жатады.
Қоғамның дамуана орай қоғамдық және ұжымдыққызмет формаларына қатысуға
байланысты әлеуметтік қажеттіліктерді кеңейту мен қанағаттандыру
мүмкіндіктері де өсуде. Олар материалдық та, рухани да болуы мүмкін, бірақ,
ең бастысы олар қоғамдық сипатта және көптеген адамдардың бірге өмір сүруі
мен ынтымақтасуы қажеттігіне байланысты.

2.3 Өндіріс факторлары, өндірістік функция

Адамдардың экономикалық қызметінің бастапқы мезеті өндіріс болып
табылады.
Өндіріс әр түрлі факторлардың өзара әрекеттесуін білдіреді, оларды 3
негізгі топқа бөлуге болады: еңбек, жер капитал.
Еңбек-бұл адамның өзіндік дене, интеллектуалдық және рухани күш-қуатын
жұмсау процесі, яғни жұмыс күшін тұтыну процесі.
Әрбір адамның жұмыс күші немесе еңбекке қабілеті болады. Еңбек жұмыс
күшін тұтынуды білдіреді.
Кез келген қоғамда еңбекке мәжбүрлеу бар. Ерте кезеңдерде бұл
экономикалық сипаттан тыс, яғни құлдың қожайынына тәуелділігінен көрінетін.
Экономикалық мәжбүрлеу жалданбалы еңбек категориясымен байланысты.
Жалданбалы еңбектің пайда болуы үшін екі шарт қажет: жеке бас
бостандығының болуы және өндіріс құрал-жабдықтарына меншігінің болмауы,
яғни өз ісін ашуға мүмкіндігінің болмауы. Осындай жағдайларда адам жұмысқа
жалдануға мәжбүр болады. Осы кездегі еңбекке түрткі болатын басты нәрсе
материалдық сыйақы алуға тілек немесе ынта.
Интенсивтілік - бұл уақыт бірлігіндегі жұмыс күшін жұмсау дәрежесімен
анықталатын еңбектің үдемелілігі.
Өндірістің екінші факторы - жер. "Жер" термині кең мағынада
қолданылады. Ол табиғаттың берген барлық пайдалы заттарын қамтиды, яғни
жер, су мен орман ресурстары, пайдалы қазбалар байлығы.
Жер әр түрлі мақсатта қолданылуы мүмкін Алайда, бірінші кезекте оның
ауыл шаруашылығында пайдалануы ескеріледі.
Жердің қасиеттерін табиғи - әуелде берілген және жасанды- суландыру,
мелиорация, тыңайту әдістері арқылы қалыптасқан қасиеттері деп екіге бөлуге
болады. Бұл жағдай жерден алынатын табыс-жер рентасына әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы
Технологиялық өндіріс әдісі
Ғылыми техникалық даму
Ғылыми техникалық прогрестің тиімділігі
Ғылыми - техникалық прогресстің өндірісте қолданылуы
Ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері
Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі
Инновациялық қызметтің нарық экономикасындағы орны
Лифт электр жетегінің өтпелі үрдістерін есептеу
Ғылыми техникалық прогрестің ерекшеліктері
Пәндер