Нарық механизміне мемлекеттің әсер етуі


ЖОСПАР
Кіріспе2
1. Нарықтың даму тарихы және теориясы3
1. 1 Қазақстандағы нарықтың даму тарихы3
1. 2 Қазіргі заман нарық теориясы және ондағы мемлекет ролінің көрініс табуы8
ІІ. Нарықтық экономикадағы мемлекет ролі12
2. 1 Нарықты ұйымдастырудың әдістері және оның өзекті үш мәселесі12
2. 2 Нарық механизміне мемлекеттің әсер етуі15
Қорытынды20
Пайдаланған әдебиеттер22
Кіріспе
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Мемлекеттің макроэкономикалық және микроэкономикалық процеске қатысуы осы процестің бөлінбейтін элементіне айналды. Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық экономика көлемінде жүргізіледі және ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан бүгінгі таңда өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.
Осыған байланысты экономика - мемлекет қарым-қатынастары қарама-қайшылықты мазмұнда қалыптасуда. Heгe? Себебі аталған қарым-қатынастардың екі жағы да қарама-қарсылықта бейнеленеді.
Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының мынадай үш себебін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, мұның қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің өзегі - бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Монополияның дамуы - нарықты экономиканың бәсекелестік бастамасын бұзады. Бұл макроэкономикалық проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді, қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді. Мұндай қатынасты тек мемлекеттің монополияға қарсы әрекеті ғана жеңе алады.
Екіншіден, нарық механизміне "пайдасы жоқ" өндіріс түрлері аз емес. Ең алдымен олар капиталдың орнын ұзақ мерзімде толтыратын өндірістер. Оларды меңгеру жекеменшік кәсіпорындарға біршама қиындықтар туғызады.
Үшіншіден, нарықтың өзін-өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сақтауға, ақша айналымын бақылауға және т. б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағыттайды.
«Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі» деген курстық жұмысымда мен нарықтың мәні мен ерекшеліктерін, нарықты мемлекеттік тұрғыдан ұйымдастырудың мәні мен оның өзекті мәселелерін, нарықтың даму тарихы мен теориясын, оның ішінде Қазақстан нарығының тарихын, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы қарастырдым.
Менің ойымша Қазақстанда нарықты дамыту жолы орта және шағын бизнесті дамыту. Ол үшін мемлекеттің рөлі өте үлкен.
«Нарық пен мемлекеттің екеуі де маңызды. Экономиканы осының немесе басқасының жоқ жағдайында басқару - бір қолмен шапалақтағанмен тең» - деп бекер айтылмаған.
1. Нарықтың даму тарихы және теориясы
1. 1 Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз.
Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуымен байланыстрады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте-мөте төмен болды, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлері жер ауып келген орыс шаруаларының, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасады. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.
Қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бұзылды. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақтың «Қазақстан және қазақтар» деген үлкен мақаласында мынадай деректер келтіріледі: «XIX ғасырлардың орта тұсында қазақтар арқылы отарлау өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кері әсер етті. Қазақтар алған байтақ жер бөліктері, көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен егін шаруашалығымен шұғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты. 1848 жылы жүз десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз жыл өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге егін еккен, бұл қырғыздардың бұрынғы егіннің 7 проценттейі ғана («Россия», 10 том, С-Петербург, 1913, 321 бет) . Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы егін шаруашылығы құлдырап кеткен». Осы бір ғана мысал нені көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді. Оны Т. Әбдіразақов көрсеткен мынадай мәліметтер де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 проценті қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 1913 жылы 5, 4 миллион пұт астық жинап, оның 4 миллион пұтын астық нарықтарына сатқан. Ал 1893 жылдың өзінде ғана Ақтөбе уезінде қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісі жарты еседей артық болған. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді деп қауіптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкімет тарапынан қорғау) нарық саясатын жүргізеді. Бұдан біз нарықты экономиканың негізгі белгілерінің бірі - бәсеке күресі Қазақстанда да болғанын көреміз.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгілі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті, киіз басып кілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы, сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылықтың ыдырауына, капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алмады. Оның негізгі себептерінің бірі - Қазақстанда өнеркәсіп дамуының артта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россияның отарлау саясатымен байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс алды, ал жергілікті капиталдың бүл саламен айналысуына бөгет жасалды. Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайданылады, кең байлықтарын алу қасақана теріс тәсілдермен жүргізіледі, олардың тек қана аса бай, қол күшімен ғана алынатын орындары пайданылады. Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ, сонымен бірге, қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейінгі дәуірдің өн бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойына да) аграрлы-шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді. Жерді зор көлемде тартып алу, отырықшылық ошақтарын талқандау, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау, қисапсыз алым-салық қазақ халқының экономикалық жағдайының құлдырауына, еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды. Осының бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып, оның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.
Қазірде тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр. Негізгі стратегиялық мақсат - демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болып табылады. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.
Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтыды. Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарларымен толтыру. 1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасында» былай деп жазылған: Жекешелендірудің негізгі мақсаты - мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеумен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтандырылған-жоспарлы экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Екінші негізінде (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жою жалғасты, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекомуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және валюта, капитал, жүмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік нарығын құру болды.
Үшінші кезең 5-10 жыл мерзімге созылып, ашық үлгідегі экономиканың шапшаң қарқын алып дамуымен сипатталады, соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсатына жетумен, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының нығаюымен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады.
1. 2 Қазіргі заман нарық теориясы және ондағы мемлекет ролінің көрініс табуы
Батыс елдерінің шаруашылық саласындағы саясатын анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді, шартты түрде, екі негізгі бағытқа бөлуге болады. Оның біріншілері - еркін нарықты және экономикаға мемлекеттік араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындарды либерализм (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын «неолиберализм» мектептерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридмен (1912 жылы туған) деп атайды. Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыс түрткі болды. Ол өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж. ) деген кітабындағы идеяларды «классикалық теория» деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталандыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады. Жұмыспен қамту процесінде мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж. М. Кейнстің жұмыссыздық туралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады. XX ғасырдың 30-шы-80-шы жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсиандықтың әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті. Оған Дж. М. Кейнстің ізбасарлары жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып, сонымен қатар нарықтың автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын. Өздерінің зерттеулерінде, олар, бірінші кезекте ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды. Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәуір бөлігін алып оның тиімді сұранымды және толық жұмыспен қамтуды қолдау үшін пайдаланады: экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жүмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады (зейнет ақы, жәрдем ақша, халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т. б. ) . Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады, оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттеп отырады.
XX ғасырдың 70-жылдарында болған экономикалық дағдарыс және кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндығы туралы идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін нарық идеясының өкілдері нарық механизмінің бәсекенің негізінде балансыланған өсуді, яғни сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз етуі мүмкін деп есептейді. Олар өзінің зерттеулерінде микроталдауды басшылыққа алады яғни, экономиканы оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан бастайды. Шын мәнінде, қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқан шаруашылық бірліктерінің жиыны болып табылады. Бұл экономистер мемлекеттің ролі еркін бәсекеге қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды. Олар экономикалық бостандықты, мемлекеттің экономикаға араласуының қажетсіздігін қоғамда болатын «табиғи, әмбебапты заңның» әрекетімен түсіндіреді. Мұндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға салынатын салық нарқын төмендету жолымен ұсынымды көтермелеу, мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары көзделген. Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды. Бір жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып, олар екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы дұрыс емес деп есептейді. Қорыта айтқанда, бұл мектепті жақтаушылардың пікірінше өндірісті ұлғайту мен дәулеттілікті арттырудың негізі жеке кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр. Бұған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның неоклассикалық синтез теориясы барынша айқын дәлел бола алады. Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономика мен микроэкономика арасындағы алшақтықты жояды. Реттемелі экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да «еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек қана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмайды» деп есептейді. Сонымен бірге «белгілі бір ақылға сиымды шекте» бәсекені қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. «Толық жұмыспен қамту» жағдайында «шекті пайдалылық», «шекті еңбек өнімділігі» теориялары түрінде көрінетін, сөйтіп Самуэльсон үшін күн мен табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип толықтай «заңды күш» алады.
Жалпы неоклассикалық синтезді жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол экономиканы реттеудегі мемлекеттің жетекші ролі жағдайындағы жоғарыда көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады. П. Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» ғылыми-техникалық революцияға, экономиканы реттеуде мемлекеттің, ірі корпорациялар мен кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шарт сияқты нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің негізгі жағдайларын да қосады. Бұндай ұсыныстардың мақсаты - мемлекеттік бақылауды күшейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсеңдету үшін әлеуметтік маневр жасау әдісін кеңінен қолдану.
Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеудің дүние жүзінде жинақталған бай тәжірибесін қолдану қажеттігі тұр. Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды. Біз үшін қазіргі басты міндет - әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар тобына қолдау көрсете отырып барлық азаматтар үшін кәсіпкерлік пен өзінің қабілетін еркін қолдануға мүмкіндік беретін әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономиканы құру және дамыту болып табылады.
ІІ. Нарықтық экономикадағы мемлекет ролі
2. 1 Нарықты ұйымдастырудың әдістері және оның өзекті үш мәселесі
Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың екі негізгі әдістері белгілі: әміршілдік және нарықтық. Шаруашылықты басқарудың бұл әдістері бір өндіріс шеңберінде бірге өмір сүре алмайды. Егер шаруашылықты басқару таза нарық құралына негізделсе, онда ол орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлау нарықты қабылдамайды.
Соңғы кездері экономиканы ұйымдастырудың үшінші әдісі деп әкімшілдік әдіспен нарықтық әдістің аралас болуын айтады.
Бұл әлі аз зерттелген, дегенмен әкімшілдік әдістен нарықтық әдіске көшу жолын жеңілдету деп есептеуге болады.
1-сурет. Экономиканы ұйымдастырудың әдістері
Шаруашылықты әміршілдік-әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру өндірушінің үстемдігіне негізделеді. Бұндай жағдайда, әрине, нарықтық механизм қажет емес. Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылық байланыстар орталық органдардың шешімі арқылы анықталады. Әміршілдік әдісте барлығы алдын-ала баланс құру арқылы есептеледі. Орталық органдар өздерінің қарамағындағы шаруашылықтарға не өндіру, кімге өндіру және қандай бағамен өндіру керек деген сұрақтарды бұйрық-нұсқау түрінде беріп отырады. Бұндай модельдің негізгі жұмыс істеу қағидасы: "неге мүмкіндігіміз бар, соны өндіреміз, бізде не бар, соны ал". Орталықтан бекітілген қорлар бойынша жоспарлап бөлу - экономиканы мұндай моделінің негізі болып табылады. Шаруашылықты әміршілдік әдіспен ұйымдастырудың бірнеше кемшіліктері бар. Біріншіден, экономиканы мұндай әдіспен ұйымдастыру күрделі халық шаруашылығының егжей-тегжейіне жете алмайды. Бұған уақыт факторы өте қатты әсер етеді. Себебі барлық шаруашылық мәселелерді орталықтан шешетін болсақ, шаруашылыққа байланысты сұрақтар кәсіпорыннан жоғары органдарға жеткенше, одан шешімін тауып қайтып келгенше жағдай қайта өзгеріп кетуі мүмкін, ал ол проблемаларды шешуді қиындатады. Екіншіден, жоспарлы тұтыну және өнімге бекітілген жоспарлы баға ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін өндіруге, ресурсты үнемдеуді жүзеге асыруға, өнімнің сапасын арттыруға, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік туғызбайды. Үшіншіден, тауар өндірушілерді материалдық ресурстар мен өнімдерден оқшаулау - қоғамдық өндірістің тиімділігінің төмендеуіне, оның даму қарқыны мен деңгейінің құлдырауына әкеліп соқтырады.
Нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген, онда шаруашылық субъектілерінің ешқайсысы шаруашылық сұрақтарды алдын ала, саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарықта кездеседі, сөйтіп өндірістің көлемі мен бағасын анықтайды. Басқаша айтқанда, нарықтық әдіске негізделген экономикада өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін (не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек?) шешу мақсатында әрекет етеді.
Не өндіру керек? Бұл жағдайда, тұтынушы бір немесе басқа тауарды сатып алуды таңдау арқылы өз белсенділігін білдіреді. Егер тұтынушы белгілі бір тауарлар түрін көп сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы тауар өндірудің көбеюін ынталандырады. Бұндай механизм біз бұрын ойлағандай экономикадағы бассыздық пен бұлдырлық емес, керісінше оның сынаудан өткен тәртібі болып табылады. Шаруашылықтың нарықтық механизммен әрекет етуі, бейнелеп айтқанда, автоматтандырылған сипатта болады: тауарға сұраным артса, баға өседі, онда тауар өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайтады және керісінше - сұраным азайып баға төмендесе оны азайтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz