Меншік экономикалық категория



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

Менеджмент және маркетинг кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Меншік және экономикалық жүйе

Орындаған: АиСУ-02-
2қ тоб. ст.

Сарыкулов Б.Дж.

Тексерген: оқытушы

Макенова Г.У.

Алматы 2004ж.

Жоспар
Кіріспе 3
Меншік экономикалық категория 4
Меншік және иемдену заңдары 5
Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары 7
Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері 8
Экономиканы реформалауда меншіктің орны 11
Қорытынды 14
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 15

Кіріспе

Меншік туралы алғашқы түсінік затты, игіліктерді елестетеді. Бірақ
меншікті затпен шатастырған дұрыс түсінік бермейді. Егер затты жеке
пайдаланбаса, меншік туралы сұрақта тумайды. Меншік субъектің осы затты
пайдалануға ерекше құқы барын сипаттайды. Меншіктің субъекті жеке адамдар,
олардың топтары, адамдардың бірлестіктерінің әр түрлі дәрежесі, мемлекет,
халық құрайды.
Сонымен, меншік туралы алғашқы тұжырым: меншік — материалдық және
рухани игіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдалану туралы адамдар
арасындағы қатынастар немесе, игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық
әдісі болып табылады. Меншік дегеніміз адамдар арасындағы материаддық және
рухани игіліктерді және оларды өндірудің шарттарын пайдалану туралы
қатынастар.
Меншік экономикалық қатынас болып адамзат қоғамының жаратыла бастаған
заманында қалыптаса бастаған. Еңбек етуге экономикалық және экономикалық
емес күштеудің барынша маңызды формалары, меншіктің әр алуан объектінің,
монополиялануына сүйенеді. Демек, антикалық өндіріс тәсілінде, экономикалық
емес күштеу құлға — тікелей өндірушіге — меншіктің бар болуына негізделген,
азияттық өндіріс тәсілінде, айтылған жағдай жерге меншіктің болуына
негізделеді; феодализмде — жеке өндірушіге және жерге меншіктің болуына
негізделеді. Еңбек етуге экономикалық күштеу өндіріс шарттарына меншіктің
болуынан, яғни, капиталға меншіктің болуынан туады.
Экономикалық қатынастардың кемелденген жүйесінде, меншік ең өзекті
өзара байланыстарды, олардың бір-бірінен тәуелділігін және экономикалық
болмыстың мәнін көрсетеді. Танып білу экономикалық құбылыстарды ашумен,
олардың бар екенін білумен бітпейді. Меншік қатынастарын зерттеу процесінде
құбылыстардың мәнін айқындап, солармен айналысу қажет. Гегель айтқандай,
болмыстың ақиқаты соның мәні болады. Құбылыстардың мәнінің қозғалысы,
болмыстан түсінікке көшуді сипаттайды. Осы жолмен біздің де өтуіміз қажет.
Мениіік -- өте күрделі және көп жақты құрылым, сегіз қырлы, бір сырлы
құбылыс. Бүл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа
меншіктің екі формасы мәлім - жалпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен
бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудін сипаты,
формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте күрделі өзара
әсер етеді.

Меншік экономикалық категория

Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, бұлардың
айырмашылықтары қарама-қарсылықка жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке
меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден.
Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін
көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштық хал-жәй
бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар
(өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншіктің бірнеше түрі
пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуалдық), бірлестік
(бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген,
мемлекеттік, трансұлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншіктің
мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен
анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық,
ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.
Айырмашылықтың мағынасы көп болады: кейбіреуі өзара алмасуға ауысуға
жол береді, басқасы бұны болдырмайды. Меншік түрлерінің айырмашылығы көп
түрлі болғанда, арақайшылықтарды меншіктің бір түрінің оның басқа түріне
ауысусқаны арқылы шешуге болады. Мысалы, отбасы меншіктің бірлестік
түрінен, үлестік түрге (баланың үлесін бөлу) айналуы және керісінше
(жұбайының меншігі — жасауы) — жалпы меншік болып қосылуы. Осы меншіктің
жеке объектері бірлестік пайдалануда (үй, пәтер), басқалары жеке,
индивидуаддық (жеке бастың заттары) пайдалануда болуы мүмкін. Егер
меншіктің түрлері арасындағы айырмашылықтар қарама-қарсылыққа дейін жеткен
болса, өзара алмасу жойылады. Өйткені бұл меншіктің формасының өзінің
күйреуі болып табылады. Мысалы, қоғамдық (халықтық) меншік жалпы меншіктің
түрлерінің біреуі болып табылады, ал ол, жеке меншікпен ара қатынастарының
көріністері қандай болмасын, өзінің карама-қарсылығы ретінде қатынасады.
Жекешелендіру деген меншіктің алмасуы, ауысуы, айналуы емес, ол
жалпыхалықтық меншікті жеке меншік етіп қайта кұру болады, ал
национализациялау керісінше процесс, яғни, жеке меншіктің — қоғамдыққа
айналуы, форманың ауысуы болып табылады.
Меншіктің формалары мен түрлерінің дамуы, әуел бастан, омірге қажет
мүліктерді өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы ландшафтың
(дегейдің) объектері ұзақ мерзім бойы кейбір этникалық топтардың (рудың,
тайпаның, қауымның) жалпы пайдалануында болып келді. Жеке меншік,
индивидуалдық пайдалану мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады. Жеке
қару-жарақ, аң мен балық аулау құралдары, қолөнер-кәсіпкерлік еңбек
құралдары, жеке меншікгің алғашқы объектері болды. Жеке меншікке көшу
мүмкіндігі тек жеке өндіріс қалыптасқанда пайда болады, яғни жеке отбасы,
индивид қауымнан, немесе осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің жеке күн
көрісін өзі қамтамасыз ете алатын болған жағдайда. Алдымен бұндай шарттар
қолөнер мен сауда-саттық ісінде пайда болады. Егіншілікте ұзақ мерзім бойы
семья-отбасылық қауымның ұжымдық еңбегі қолданылды, кейінде мұның орынын
ауылдың көршілес қауымы басты. Мұндай кауымға дуализм тән болады:
егістікке, жайылымға, орманға, суға жалпы меншік сақталса да, әр иемденуші
өзінің отбасы-семьясымен өзіне бөлінген, немесе, өзі игерген жерді жыртып
өңдейді. Жалпы және жеке меншік жалғыз мәннің әр түрлі көрінісі болып
мыңдаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келді. Бірақ, олардың рөлі мен
мағынасы, қоғам мен өркениеттіліктің әр түрлі типтерінің дамуында, бірдей
болмайды.

Меншік және иемдену заңдары

Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен
салыстыру қажет. Иемдену — затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі.
Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізгі, тамырлы
белгісін құрайды. Меншік және иемдену деген түсініктерді ажыратып,
әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық
қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену — көп дәрежелі күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс. Ол
шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды.
Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап
иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады — иемденуші
(табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар. Әр
елдердің экономикасындағы бұлардың рөлі бірдей болмаса да шаруашылықтың осы
типтері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Осы типтер өндірістің
натуралдық және тауарлық формасын алуы, немесе, екеуініңде қасиеттерін
қамтуы мүмкін. Сөйтіп, иемдену қатынастары өндіріс, болу және айырбаспен
толықтырылған болады. Индивидуалдық өндірістің қоғамдық өндіріске айналуы,
иемденудің құрылымының күрделілігін одан әрі көтеріп күшейтеді.
Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның
ынталарымен байланыста болатын, өндіріс құрайды. Халықтың әр түрлі
әлеуметтік топтары үшін, еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы
жүйенің жекеленген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы,
орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас және бөлу аркылы. Ал,
табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады.
Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс
әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұрақты
әсер етеді. Ал иемдену формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда,
өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір жағдайда иемдену формалары,
дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасанды түрде тоқтап
қалуы мүмкін. Иемдену әдісі меншіктің нақты түрімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Осындайда меншіктің объективтік заңдары мен иемдену заңдары әрекет етеді.
Санкт-Петербургтың мемлекеттік экономика жөне қаржылар Университетінің
ғалым-экономистерінің көзқарастары бойынша, меншіктің екі заңы және
иемденудің екі заңы болады. Бұлар жұбымен, тығыз байланыста бола отырып
әрекет етеді. Өзінің еңдегінің өніміне меншік заңы, меншіктің бірінші заңы
болып табылады. Осыған сәйкес келетін иемдену заңы: еңбек — иемденудің
тұңгыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды.
Меншіктің бірінші заңының негізінде натуралдық және жабайы тауар
өндірісі әрекет етеді. Бұнда иемдену екі жақты жүріп отырады: тікелей еңбек
арқылы және нарықтағы өз еңбегінің өнімінің айырбасы арқылы. Иемденудің
осындай жағдайында, жасалған өнімге меншік, иеленушінің тікелей еңбегінен
туады. Бұл еңбектік (еңбек жасаган) меншік болып табылады. Осы замандағы
нарық, шаруашылығының пайда болуы жалдама еңбек пен және капиталдың
әрекеттерімен байланысты болады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке
меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне – бөтен еңбектің
өніміне меншік заңына — көшуінің негізінде өтеді. Енді бұған — екінші заңға
иемденудің басқа, екінші заңы сәйкес келеді: тауар айналымы — ец бастапқы
иемдену әдісі. Ірі коғамдық өндіріс осы зандарға негізделеді. Бұндағы
иемденуде екі жақты жүреді, бірақ ол басқа формалар арқылы — тауар айналымы
және табыстарды болу арқылы жүреді.
Меншік заңының модификациясы қалай жүреді? Ұсақ өндіріс, индивидуалдық
өндіргіш күштер жағдайыыда, жұмыскерлердің өндіріс шарттарымен тікелей
қосылып, тіпті олардың бір-бірімен ұштасып, бірігіп кетуіне жол береді.
Бұнда меншік заңы еңбек пен меншіктің бірлігіне негізделеді. Ірі өндіріс
еңбек кооперациясының болуымен байланысты болады. Тарихи болмыс мынаны
көрсетеді: ірі тауар өндірісі жұмыскерлердің меншіктен шеттетілуінің
нәтижесінде пайда болған, бірақ олардың (жұмыскерлердің) жеке басының
еркіндігін сақталады. Таңғалдыратын жәй: осы процесс - өндірушілердің
меншіктен шеттелуі — адамдардың еркіндігін, оларда меншіктің болуымен
байланысты деп қаралатыны батыс елдерінде басталып, орын алған. Еңбек
нарығын дүниеге әкелген ағылшын шаруалары. Олар XVI ғасырда өздерінің
жерлерінен қуылған, олардың жерлері, тоқыма өндірісіне жүн қажет
болғандықтан қойлардың жайылымына айналған. Меншіктің екінші заңы еңбектің
меншіктен шектетілуіне негізделеді. Осы жағдайда жасалған өнімге меншік
мәселесі қалай шешілмек?
Экономикалық бағыттан (әңгіме еңбекке экономикалық күштеу туралы) бөтен
еңбекті иемдену тек тауар мен ақша ағымдарының айналыс сферасы аркылы
мүмкін болады. Сұраныс ұсыныстан артық болса, немесе, тауарлар мен
қызметтердің бағасы жасанды түрде жоғары белгіленсе, эквиваленттер еместер
айырбасталуы мүмкін. Осы жолмен өсімқорлық капиталы пайда болған. Айналым
шығындары беталды жоғарылатылса, алыпсатарлық жағдайлар көпес капиталынан
орын алады. Жалдама еңбекті өндіріс сферасында қолдану, қосымша өнімді,
тұңғыш рет экономикалық заңдарды бұзбай, осылардың негізінде, иемденуге
мүмкіндік берді.
Тауар айналымы зандарында сәйкес, өнімді жасаған жүмыскердің тауар
нарығында болуы міндет емес: нарықтың субъектері тауарлардың меншік иесі
болады. Иемдену шарттары өзгереді. Алғашқы кезде өнімге иелік етудің
негізін еңбек және өндіріс шарттарына өзіндік меншік болуы құрайтын еді.
Енді өндіріс шарттарының иемденушісі болудың өзі жеткілікті болады:
шеттелген жұмысшы күші капиталға жататын құрылымға айналып, жасалған өнім
соның (капиталдың) туындысы ретінде қаралатын болады.
Капиталға меншік, бөтен еңбектің бөтендігінен құтылуға және жаңа
құнды иемденуге жағдай жасайды. Жаңа құнның мөлшері, тауар айналымы
зандарын бұзбай, жұмысшы күшіне төлеген ақшалай эквиваленттен артық, жоғары
болады.
Еңбек арқылы иемденудің орнын, айналым арқылы иемденудің басқаны, жұмыс
істейтін индивидтердің меншігі түрінде пайда болған жеке меншікті, капитал
жасаған меншікке айналдырады. Меншіктің формасы бұрынғыдай болса да, оның
мазмұны өзгеше болады. Иемдену сипатының өзгеруі, меншіктің бір формасының
ішінде оның әр түрлі екі заңы және бұларға сәйкес, иемденудің заңдары
әрекет ете бастағанын көрсетеді.
Тауар өндірісіндегі айналым иемденудің жалғыз формасы болмасада,
негізгісі болып табылады. Бұл индивидуалдық және жалпы жеке меншік болуымен
белгіленеді. Егер өндірісте жалпы, біріккен капитал пайдаланылған болса,
онда айналым арқылы иемденген қосымша өнім, капиталға меншігі барлардың
арасында бөлінеді. Қажетті өнім, жалақы түрінде жалдамалы жүмыскерлердің
қарамағына түседі. Бұдан әрі табыс екінші, үшінші, т.т. бөлінуден өтеді.
Жалпы меншіктің субъектері бірбірімен иемденушілер болып қатынасқа
түседі. Бүл жағдайда жеке иемденудің негізгі формасы бөлуге көшеді. Бірақ
осы процеске меншіктің формасы өзгешелік енгізеді. Егер бұл жеке меншік
болса, онда айналым арқылы иемделініп қойған қосымша өнім бөлініске түседі.
Болудың өлшемінің қызметін капитал атқарады: субъектінің жалпы табыстағы
үлесі, оның индивидуалдық, капиталының салымының мөлшерімен белгіленеді.
Қоғамдық меншіктің субъектерінің осы меншікке құқықтары тең болады. Осы
жағдай табысты бөлу принципін белгілейді. Бұнда бөлудің өлшемі қызметін
еңбек атқарады. Бөлудің мына принципі жүзеге асырылады: еңбек адамдар
өмірінің негізі, сондықтан бөлу еңбекке сәйкес жүргізілу керек. Бұнда
айналым арқылы жүзеге асырылатын иемдену, иемденудің екіншілік дәрежелі,
туынды формасы болып табылады.

Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары

Меншік пен иелену қатынастарын, олардың өзара байланыстарын танып білу
өз кезегінде, меншіктің формалары мен түрлерінің арасындағы
айырмашылықтардың белгілерін және меншіктің бір түрінің екіншісіне айналу
механизмін білуге жол ашады. Бірақ меншіктің қандай түрінің шаруашылық
жүргізудің қандай формасын тілейтіні, меншік иелері мен басқа біреулердің
меншігін пайдаланушылардың арасында қандай қатынастардың орын алатындығы,
әлі мәлім болмайды. Осыларды білу үшін иемдену, пайдалану және жарлық ету
қатынастарының мазмұнымен танысу қажет.
Иемдену, біріншіден, толық меншік емес, және, екіншіден, иемдену
қатынастарындағы меншіктің объектері тікелей иелік ететін объекті болып
емес, олар иемдену қатынастарында шаруашылық жүргізудің шарты болып
қатысады. Сондықтан иелену қатынастары жүйесіндегі иемдену, пайдалану
жарлық ету меншікпен белгіленген туынды екіншілік қатынастарды көрсететін,
өндіріс шарттарына меншігі барлар мен шаруашылық жүргізуші субъектердің
арақатынастарын көрсететін категориялар болып табылады. Мысалы, банкир
өнеркәсіпшіге несиеге ақша капиталын береді. Бұл жағдайда банкирдің
капиталға меншігі сақталады, ал өнеркәсіпші капиталдың пайдаланушысына
айналады. Ол несие үшін банкирге колданған капиталға төлем ретінде, қарыз
процентін өзінің табысынан төлеуге міндетті болады. Осы тәрізді лизинг
(жабдықтар, техника арендасы), ғимараттар, пәтер, жер т.б. арендасы туралы
келісімдер жасалады. Осы келісімдердің барлығына ортақ, жалпы шарт —
олардың белгілі мерзімге жасалуы. Иемденуші заттардьң уақытша қожасы,
иемденушісі болып табылады.
Иемденудің меншіктен бөлінуі шаруашылық жүргізу практикасынан туып,
экономикалық өмірдің даму дәрежесінің жоғары формаларына көшудің маңызды
шартына айналады. Иемдену болмысы құқықтық келісім түрінде бекітіледі.
Меншік қатынастарын иемдену катынастарымен алмастыруға бола ма? Тарихқа
сүйенсек, экономикалық қатынастардың қалыптасу кезеңдерінде, меншік әлі
болмағанда, иемденудің болғаны анық. Мысалы, Ресейде ұзақ уақыт бойы жерге
жеке иемдену болсада, оған жеке меншік болмаған. Бірлестік (қауымдық) және
жеке мұрагерлік (княздардың, боярлардың вотчиналары) жер иемдену болған.
Монастырлерге жер учаскелері мәңгілік бөлінбес пайдалануға берілген.
XV—XVI ғғ. бос жерлерге, соңынан ел орналасқан жерлерге жарлық ету құқы
жоғарғы үкіметке көшеді. Осылай жерге мемлекеттік меншік пайда болады.
Иемдену, меншікпен салыстырғанда, қатынастың жабайы түрі. Бүгінгі
жағдайда, меншіктің екі формасының даму дәрежесінің нәтижесінде иемдену
меншік қатынастарына кіріп, жабайы қатынас түріне ие болды.
Егер меншік объектісі болып отырған заттың екі қасиетті - құны
(бағалылық) және тұтыну құны (пайдалылық) болатынын еске алсақ, меншік пен
иемденушінің арасындағы айырмашылық айқын көріне түседі. Заттың осы
қасиеттері, оны шаруашылықта пайдаланғанда, өздерін әрқилы көрсетеді.
Сондықтан, олар әр түрлі субъектілердің иемдену объектісі бола алады.
Иемденушінің меншігінің айырмашылығы: ол оның затты тұтынуға меншігінің
болуында, ал заттың осымен қатар бағалылығына оның меншігі болмайды.
Бұл айырмашылық меншік иесінің типтерін және меншік құқын айқындауда
маңызды рөл атқарады. Меншік иелері үш типке бөлінеді:
1. Потенциалдьщ (мұрагер) меншік иесі. Бұлар иемденуге
кіріскенде ғана нақты ақиқатты меншік иесіне айналды. Осы жағдай құқық
актісімен бекітіледі.
2. Меншік иесі заттың тұтынушысы (иемденуші). Иемденуші меншіктің
толық иесі емес. Ол заттың тұтыну құнына бағалылығына емес, жарлық етеді.
Сондықтан иемденуші затты сата алмайды, оны өсиет арқылы өткізбейді,
залогқа (кепілдікке) сала алмайды, сыйлық етіп жұмсай алмайды. Бірақ оның,
бөтен меншікті өзінің тікелей міндетіне сәйкес пайдалануға толық құқы
болады: өндірістік немесе өндірістік емес мақсатта қолданады. Иемденуші осы
затты қолдану нәтижесінде жасалған заттың, өнімінің қызметтердің меншік
иесі болады. Сонымен қатар, иемденуші, келісімге сәйкес, өзіне түскен
табыстың бір бөлігін меншік иесіне беруге тиісті.
3. Толық меншік иесі. Бұл заттың бағалылығының және оны тұтынудың
меншік иесі; меншікті иелігінен шығарып, оны басқа субъектіге беруге,
өткізуге құқы болады.
Нақты меншік болып анықталатын тұтыну, меншікке толық иеліктің өлшемі
қызметін атқарады. Қолдануы болмаған меншік иесіз меншік деп аталады.
Меншіктің тұтынылмауы меншік құқының толық жойылғанының дәлелі болып
саналады.
Толық меншік иесінің өзі, заттардың пайдалылығын өзі қолданып, өндіріс
жүргізе алады. Технология жағынан бұл әрекет тек ұсақ өндірісте ғана мүмкін
болады: шаруалардың шаруашылығында, қолөнерінде, қызметтер сферасында, т.б.
Ірі қоғамдық өндірісте, әдетте меншік шаруашылықпен айналысатын
субъектердің пайдалануына беріледі. Бұл жағдайда меншіктің бір объектін екі
субъект иемденеді, бұлардың өкілеттігі ажыратылады: меншік иесі заттың
құнына (бағалылығына) жарлық жүргізеді, иемденуші заттың пайдалылығын
қолданып өндіріс жүргізеді. Бұлардың әрқайсына меншік табыс әкеледі.

Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері

Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып
қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әр түрлі өркениеттер
өкілдері меншіктің табиғаты туралы және оның қоғам дамуындағы рөлі туралы
өз пікірлерін ортаға салып өткен.
Көнегрек әлемінің идеалына сүйене отырып, Платон идеалдық мемлекет
туралы ілімін дүниеге әкелген. Бұнда азаматтар өндіріс шарттарын бірлесіп
иемденеді. Жалпы меншіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік экономикалық категория ретінде
Меншік қатынастары және оның түрлері
Меншiк тарихи категория ретінде
ҚР-да меншік қатынастарын дамыту және жетілдіру жолдары
Меншік экономикалық категория түрінде
Нарықтық экономикадағы меншік
Меншіктің экономикалық мәні және мазмұны
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Мемлекет иелiгiнен алу – меншiк қатынастарын қайта құрудың шешушi бөлiгi
Пәндер