Минералдық шикізаттар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰТУ

КАФ: “ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР”

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: “Қазіргі заман экономикасындағы минералдық

шикізаттардың ролі”.

Тексерген: э. ғ. к. доцент

Кабулбеков. М

Орындаған: Баймұратов. А

Тобы: ГГ- 00- 1к

АЛМАТЫ 2003

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ4

Экономика туралы түсінік. 4

Минералдық шикізаттар. 5

Минералдық шикізаттардың Қазақстан экономикасындағы орны. 8

Кәсіпорындағы экономикалық ресурстар. 9

Экономикадағы өндірістің орны. 11

ҚОРЫТЫНДЫ. 14

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 15

КІРІСПЕ

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорындағы минералды шикізат көзі болып табылады. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.

Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер, бухгалтерлер кәсіпорында өндірілетін минералдық шикізаттар түрлерін, қорларын және даму жолдарын терең білгендері жөн.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Экономика туралы түсінік.

Экономика - кең мағынада белгілі бір қоғамның экономикалық құрылысын және базисін сипаттайтын қоғамдық-өндірістік қатынастардың жиынтығы. Экономиканың мазмұнын анықтайтын элемент - өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік қатынас. Меншіктің сипаты қандай болса, қоғамның экономикасы да сондай болмақ. Капитал және меншік буржуазия қоғам экономикасының негізін құрайды, ал қоғамдық меншік - социализм экономикасының негізі. Қай құрылыстың болмасын экономикасы адам қоғамының түрлі даму сатысындағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде қалыптасатын адам қарым- қатынасын қамтиды. Оларды меңгеретін бұл қатынастар мен заңдар саяси экономия пәні болып табылады. Экономика ұлттық-мемлекеттік және дүниежүзілік болып бөлінеді.

Тар мағынада алғанда халық шаруашылығын, сондай-ақ оның салаларының экономикасында экономика деп түсінеміз. Салалық экономика өндірістің бір саласының өзіне тән даму заңдылығын зерттейді, шаруашылық жүргізудің неғұрлым тиімді және ұтымды жолдары мен тәсілдерін ашады, ұйымдастыру әдісін ғылыми дәлелдейді.

Минералдық шикізаттар.

Минералдық шикізат - жер қыртысында органикалық немесе анорганикакалық жолдармен жаралған және өнеркәсіп салаларында қолданылатын табиғи минералдық түзілімдер. Қатты (рудалар, бейруда шикізаттар, көмір), сұйық (мұнай, су), газ (табиғи жанғыш және инерттік газдар ) күйлерінде кездеседі.

Минералдық шикізат геологиясы жер қыртысының бүкіл тарихын-

да үздіксіз өтетін экдогендік, экзогендік процестер нәтижесінде тарала- ды. Магмалық заттар (түрлі құрамды балқымалар, сұйық, газ тәрізді ерітінділер) түрінде жер қыртысының жоғарғы мантиясында не жер беті жыныстарының мүжіліп, шайылып бір орынға жиылуынан қалыптасады. Магма жер қыртысына еніп, суынғанда түрлі құрамды интрузиялар түзі- леді. Магмалық кендердің жаратылуы осы интрузияларға байланысты.

Интрузиялардың негіз құрамдылармен Cr, Fe, Ti және платиниодтар- дың рудалары, сілтілермен Р, Та, Nb, Zr сирек жер элементтерінің руда- лары, гранит пегматиттері мен слюдалар, дала шпаттары, асыл тастар, Ве, Li, Cs, Nb байланысты келеді. Минералды шикізаттардың шөгінді кендері көне теңіздердің, көлдердің, өзендердің түбінде жиылады, әр түрлі қабаттар, иірімдер түрінде кездеседі. Қорымды кендер химиялық әрекеттерге берік, бағалы, ауыл металдар мен минералдардың (алтын, платина, алмас және т. б. ) жағалаулық шөгінділерде жиылуынан қалыптасады. Көне және қазіргі үгілу қыртысымен байланысты үгілу кендерінің мысалына уранның, мыстың, сап күкірттің инфильтрациялық, темірдің, никельдің, марганецтің, каолиннің қалдық кендері жатады.

Метаморфогендік кендер жоғарғы температура мен қысым әсерінен түрлі тау тау жыныстары қасиеттері өзгеруінен жаралады.

Қазақстан жерінде минералдық шикізаттардың осы аталған типтерінің бәрі кездеседі. Минералдық шикізаттар кендерінің ашылу ықтималдығын болжау және олардың орналасу заңдылықтарын анықтап, өндірістік келешегін бағалау үшін сол өңірдегі белгілі кендердің өзара байланысы, бұлардың геологиялық құрылысы мен геологиялық тарихының басты сипаттары, осы ауданның геохимиялық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық ерекшеліктеріндегі байланыстар зерттеледі. Аумағында кендердің белілі түрлері ғана орналасқан, географиялық және геологиялық жағынан өзгелерден біршама оқшау жатқан территория пайдалы өазындылар провинциялары деп аталады.

Пайдалы қазынды провинцияларының қалыптасуы геосинклинальдар мен платформалаодың типі, бұлардың геологиялық жасы пайдалы қазындылардың дәуірі, геологиялық дамудың геосинклинальдық, платформалық этаптарындағы сатылардың толықтығы және мұнда магмалық, метаморфтық, шөгінді жыныстар формацияларының тарағандығы, эрозияның тереңдігі т. б. бойынша анықталады. Пайдалы қазындылардың рудалы провинциялары рудалы облыстарға, бұлар рудалы аудандарға, олар рудалы өндірістерге, руда өндірістері рудалы кендерге, соңғылары руда денелеріне бөлінеді. Өзгелерден басым келетін тау жыныстарының формацияларына және бұлардағы пайдалы қазынды кендерінің түріне байланысты пайдалы қазынды провинциялары фемикалық, сиалдық типтерге ажыратылады.

Минералдық шикізаттардың Қазақстан экономикасындағы орны.

Қазақстан экономикасында өнеркәсіптік өндірістің басты салалары энергетика (энергетика, қара және түсті металлургия, химия, құрылыс) дамуының негізі болып табылатын минералдық шикізаттардың немесе пайдалы қазындылардың жер қойнауындағы жиынтығы. Өндіріс салаларында қолданылуына байланысты минералдық шикізаттар отындық-энергетикалық ( мұнай, табиғи газ, қазба көмірлер, уран рудалары, жанғыш тақта тас, шымтезек), рудалық ( хромиттер, бокситтер, темір мен марганец, мыс, қорғасын-мырыш), химиялық шикізаттар ( фосфориттер, апатиттер, ас тұзы, калий ) , құрылыс материалдары, әшекей және асыл тастар, техникалық тастар (мәрмәр, гранит, яшма, агат, тау хрусталы, корунд, алмас т. б. ), жер асты сулары болып ажыратылады.

Осындай минералдық шикізаттар қоры біздің елімізде орасан зор қа-лыптасқан. Мысалы, Сарыарқада, Солтүстік Қазақстанда, Кенді Алтайда,

Торғайда, Қаратауда түсті металдардың, қара металдардың, асбестің, бок-ситтің, хромиттің, көмірдің ірі кендері бар. Батыс Қазақстан мұнай мен газға бай. Темір рудаларының барланған қоры Кеңес одағындағы ресурстарының 40 % - тейі, біздің жерімізде шоғырланған. Тас тұзы, боксит, құрылыс материалдарының айтарлықтай ресурстары ашылды.

Пайдалы қазындылардың минералдық ресурстарының басқа табиғи байлықтардан айырмашылығы - бұның пайдаланған қорының орны ешуақытта қайтадан толмайтындығы. Сондықтан пайдалы қазындылардың барлық түрін тиімді және комплексті пайдалану маңызды проблема болып саналады.

Кәсіпорындағы экономикалық ресурстар .

Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған экономикалық экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық ресурстар дегеніміз - тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдардың өндіретін ресурстары. Түрліше барлық ресурстарды әртүрлі көзқарастарға сәйкес топтастыруға болады:

1. Материалдық ресурстар-жер немесе шикізат материалдары және капитал.

2. Адам ресурстары - еңбек және кәсіпкерлік қызмет.

Жер ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар, егістік жерлер, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары.

Капитал немесе инвестициялық ресурстар ұғымы - тауар өндіру және қызмет көрсету, оларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға арналған барлық өндірістік құралдары (ғимараттар, құрылыс, жабдықтар және т. б. ) .

Өндіріс процесін және өндіріс құрал-жабдықтарының қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп аталады.

Еңбек - ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл-ой қабілеттілігін көрсетеді.

Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір қасиетке ие: олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің, пайдалы қазба байлықтардың, өндіріс құралдарының, жұмыс қолдарының белгілі бір шегі болады.

Ресурстардың сирек кездесетіні салдарынан өндірістің өнімі де мардымсыз болып, осыдан қоғам тауарлар мен қызмет көрсетудің мәселесінің барлығын шеше алмайды.

ӨНДІРІСТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОСЫЛУЫ

ЖЕР ЕҢБЕК КАПИТАЛ

Жер-бұл өндірісте пайдаланатын Еңбек-бұл адамның өндірістегі Капитал-

табиғи ресурстар. қабілеті мен дағдысы. бұл өндірісте

пайдаланатын қаржы.

Кәсіпкерлік қабілеті

Өндірістің бұл факторы жер, еңбек, капитал ресурстарын

бір кәсіпорында біріктіреді.

Кез-келген кәсіпорынның өндірістік-экономикалық іс-әрекеті өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан басталады. Көрсетілген ресурстар оларды пайдалануда қандай міндет жүктесе, солай уақытына қарай бір-бірімен айрықшаланады.

Экономикадағы өндірістің орны.

Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрғын үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.

Өндіріс бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды-жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірістеріне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелігі дамып жетіле түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Портландцемент өндіруде жүретін процестер кептіру және қыздыру зонасындағы процестер және қолданатын шикізат материалдар олардын қасиеттері
Химиялық өндірістің шикізаттары
Шикізат, материалдық және отын - энергетикалық ресурстары
Қазіргі заман экономикасындағы минералдық шикізаттардың ролі
Химия өндірісінің шикізаттары
Клинкер минералдарының гидротациялық жылу мөлшері
Өнеркәсіптің шикізаттық ресурстары
Минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау
Минералды тыңайтқыштар және оларды қолдану
Портландцемент өндіру үшін шикізат материалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz