Табиғи монополия


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚазаҚстан республикасы білім

жӘне Ғылым министрлігі

Қ. И. СӘтбаев атындағы ҚазаҚ ҰлттыҚ

техникалыҚ университеті

Экономика және минералды ресурстарды басқару кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Монополия

Қабылдаған: оқытушы Рустемова Ш.

Орындаған: Азбергенов Н.

ИСЭб-02-1қ тобының студенті

Алматы 2004

Жоспар

Кіріспе3

а) Монополия3

ә) Монополияның ұйымдық формалары3

Негізгі бөлім6

а) Монополистік бәсеке6

ә) Моноплистік бәсеке жағдайындағы нарық бағалары. Монополдық баға6

б) Монополиялық бағалар жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік механизмі6

в) Табиғи монополия6

г) Монополдық пайда6

ғ) Монополдық рента6

Қорытынды12

а) Антимонополдық әдістер. 12

Пайдаланған әдебиеттер тізімі14

Кіріспе

а) Монополия

ә) Монополияның ұйымдық формалары

Монополия (грек - mono - жалғыз, роlіо - сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады.

Монополияның мақсаты - рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.

Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құрылады және мынадай ұйымдық формалары бар:

Картель - шығарылып отырған өнім мен өткізу рыногын бөлу туралы келісім квотасы (саны) .

Синдикат - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.

Трест - монополияға енетін фирмалардың меншік өндіріс және өнімді өткізуге байланысты бірігуін айқындайды.

Концерн - қаржы орталығы бір, бірақ жалпы технологиясы кіріккен әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.

Конгломерат - басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген бірлестік.

Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал ХІХ ғ. басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагенттерге әсер етеді.

Монополия - кейбір өнімді сатуға немесе кейбір іс-әрекетпен айналысуға айрықша құқықты бөлу.

Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, үнемі өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополияның болмысы табиғи болады. Ал осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. ХХ ғ. дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. Кейін монополиялану процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады - картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, “парасаттылық” келісімдер , т. б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуаполия, билатеральдік моноплия .

Монопсония - белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы, сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.

Олигопсония - белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.

Олигополия - бұл да нарық құрылымынң типі. Бұнда бірнеше ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндіріс мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.

  • бірсалалық сауда - өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтың құрылымы;
  • ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым,
  • өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, “өндірістік пирамида” типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, әдетте “олигополия” деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорация әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.

Дуополия - белгілі тауарлардың тек екі жеткізуші болатын нарықтық құралым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мүлде болмайды Дуополия - бұл олигополияның ең жабайы түрі.

Билатералдық монополия (екі жақты монополия) - тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұлар бір-бірімен қарама-қарсылық сайысты болады. Мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.

Нарықтың негізгі түрлері

Сатып алушылар: Сатып алушылар
Сатушылар: Сатушылар
Сатып алушылар: Көп
Сатушылар: Бірнеше
Бір
Сатып алушылар: Көп
Сатушылар: Полиполия (толық бәсеке)
Олигополия (сатушылар - бірнеше, сатып алушылар - көп)
Монополия (сатушы - біреу, сатып алушы - көп)
Сатып алушылар: Бірнеше
Сатушылар: Олигосония (сұраныс олигопониясы)
Билатералдық олигопония (сатушылар мен сатып алушылар бірнеше)
Шектелген монополия (бір сатушы, бірнеше сатып алушылар)
Сатып алушылар: Бір
Сатушылар: Монопсония (сұраныс монопсониясы)
Шектелген монопсония (бірнеше сатушылар, бір сатып алушы)
Билатеральдық монопсония (бір сатушы және бір сатып алушы)

Негізгі бөлім

а) Монополистік бәсеке

ә) Монополистік бәсеке жағдайындағы нарық бағалары. Монополдық баға

б) Монополиялық бағалар жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік механизмі

в) Табиғи монополия

г) Монополдық пайда

ғ) Монополдық рента

Монополистік бәсеке. Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады. Біріншіден, бүгінгі жағдайда монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысының қалыптасуына елеулі әсер етеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекеттік мекемелерге, немесе, контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.

Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу; өнеркәсіптік-өндірістік тіресу, сауда-саттық тіресу (сайысу) .

Ғылыми-техникалық тіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:

  • жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану; ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.

Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшейуі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді - өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдерді бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ, бәсекелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиеленісе түседі.

Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғарғы бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.

Монополистік бәсеке жағдайындағы нарық бағалары. Монополдық баға. Еркін бәсеке кезінде баға көбінесе сұраныс пен ұсыныстың өзара әсерінің нәтижесінде қалыптасады. Монополистік бәсеке кезінде бұл процесс күрделі сипат алады. Монополиялар басым болғанда, стихиялық нарықтың реттеу монополиялар мен мемлекет жүргізетін басқарумен ұштасады. Егер монополия тауарларды өткізуге құқық алса, ол тауарларды мейлінше көп сатып, барынша мол пайда түсіруге тырысады. Бірақ тауарды қосымша бір данасын сату сұраныс қанағаттанған сайын бірте-бірте азая беретін табыс әкеледі. Осы қосымша дананы сату үшін бағаны төмендеті керек, өйткені нарықтың сатып алу қабілеті шектелген болады. Бұл сәтті, монополия тауарларды барынша жоғары бағамен сатпайды, ол сатудың көлемі мен өнімнің бірлігінің бағасының оптималдық ұштасуын қамтамасыз ететін, сөйтіп пайданың барынша мол көлеміне жеткізетін, бағамен сатылады.

Монополдық баға - берілген сұраныс жағдайында монополиялардың белгілі өнім көлемін өткізе алатын ең жоғары баға.

Нарықты бәсеке монополиялық бағаның шекарасын белгілейді. Жоғары шегі, монополиялық жоғары пайда алуды қамтамасыз ететін баға дәрежесімен жән өндіріс көлемінің арақатынасымен белгіленеді.

Монополиялық бағаның төменгі шегі. Бұл әдеттегі пайдадан артық қосымша пайда әкелмейтін төмен баға болады. Монополиялық пайданың тауар бағасындағы үлесі монополистің өнімдеріне сұраныстың икемділігінің көлемімен байланысты болады. Осы көрсеткіш Лернердің индексі деп аталады. Бұл индекс мына формула арқылы есептеледі:

Е=Pm-Pжб/Pm,

Мұнда Pm - монополиялық баға; Pжб - жетілген бәсеке бағасы; Е - ұсыныс икемділігі.

Монополиялық бағалар жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік механизмі. Нарықтық тепе-теңдік механизмінің монополдық баға жағдайында қалыптасуына мынадай алғышарттар ықпал етеді:

  • әр түрлі себептерге байланысты, тауарлар нарығында фирма-монополист түрінде жалғыз өндіруші, немесе бір-бірімен өзара келісім шарт жасау арқылы бірнеше фирма-монополистердің бірлестігі пайда болып және солардың біртұтас фирма болып әрекет етуінің нәтижесінде монополия пайда болады;
  • нарықта осы тауардың көп тұтынушылары болады, ал олардың біреуі жекеленіп нарықтық бағалардың қалыптасуына елеулі әсер ете алмайды;
  • өндіріс жағдайында байланысты фирма-монополистің үлес шығындары елеулі көлемде төмен болады, ал өндірісінің көлемі жоғары болады. Осының арқасында фирма бәсекелестерін нарықтан ығыстырып шығарады және осы нарықты өзіне толық қаратады;
  • жекелеген тұтынушылардың нарықтық бағаға әсер етуге мүмкіндігі болмайды. Сондықтан олар монополистер ұсынған бағаға жүгінуге мәжбүр болады. Өз жағынан монополист барынша жоғары пайдамен толық өтетін өнімдер көлемін және оның бағасын таңдап белгілейді.

Осылардан мынадай методологиялық қорытынды жасауға болады: монополдық нарыққа талдау жүргізгенде тек нарықтағы фирма-монополистің нақты іс-әрекетімен айналысу керек.

Табиғи монополия. Кейбір салаларда жеке өндіруші монополист болады, ол басқа бірнеше өндірушілерге қарағанда өнімді аз шығындар жұмсап шығарады (газ, мұнай, алтын өндірістері) - бұл табиғи монополия. Осындай салардағы монополдықты жойып демонополизация жүргізу, өнімге кететін шығындарды күрт өсіріп, бағаны жоғарылатып, жалпы еңбек өнімділігін төмендету мүмкін. Бұндай демонополизация жүргізу тиімді болмайды.

Демонополизация туралы әңгіме болғанда есте болатын бір жағдай: барлық дамыған елдерде шығарылған өнімнің басым көбі өте үлкен кәсіпорындарға келеді. Мысалы, АҚШ-та өнеркәсіп саласында шешуші ролді 200 ірі корпорациялар атқарады. Кішігірім кәсіпорындары туралы жеке айтқан жөн: корпорацияға қарайтын кәсіпорындары өндірістің кешендердің негізін құрайды. Осы кешендер маңайында қаптаған кішігірім кәсіпорындары болады. Олар осы корпарациялардың ұсақ құралдарға деген қажеттерін қамтамасыз етеді. Заң жүзінде осы ұсақ кәсіпорындары өз алдына жеке шаруашылық болғанымен ақиқатында олар корпорациядан тәуелді болады.

Монополдық пайда - монополдық бағамен өндіріс шығындарының айырымы . Кәсіпкер монополдық пайда алады, еегер ол монополист болса және нарыққа бақылау жүргізе алса, бәсекелекстерге жол бермесе, немесе баға жоғарылағанда өнім өндіруін шектей алатын болса.

Өндіріс көлемінің азаюы, бағаның тым артық бәсекелілігі, ресурстардың қайта бөлінуі, монополдық пайданың негізі болып табылады. Осымен бірге жетілмеген бәсеке жағдайында факторлар ұсынысына шек қойылуы мүмкін. Факторлардың саналы түрде жасанды тапшылығын тудырудың нәтижесінде түскен табысты монополдық пайдаға жатқызуға болады.

Ұзақ мерзімдік интервалда, тұрақты шығындардың көлеміне тоқтаусыз түзету енгізу мүмкін болғанда өнімнің қандайына болмасын сұраныс жоғары икемді болғанда, монополдық пайда алу өте күрделі мәселеге айналады және егер қысқа мерзімдік интервалда фирма таза шығындарға ұшырауы мүмкін болса, ұзақ мерзім интервалында фирма шығынсыз қызмет етуге тиісті. Егер ұзақ мерзім бойы орта шығындар өтелмесе фирма нарықтан кетуге мәжбүр болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополия ұғымы және оның жетілмеген бәсекелі рыноктағы орны
Қазақстандағы табиғи монополиялар
Монополия мен табиғи монополия
Мемлекеттік монополия
Монополияға қарсы заңдар
Рынок құрылымы және рыноктағы монополия табиғаты
РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ РЫНОК
Табиғи монополия және ондағы фирмалардың iс-әрекетi
МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасында монполияға қарсы реттеу және оның экономиканың тұрақты дамуындағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz