Монополияның және бәсекенің ұғымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
1. Монополияның және бәсекенің ұғымы 3
2. Нарықтың негізгі түрлері 6
3. Монополистік бәсеке 6
4. Монополистік бәсеке жағдайындағы нарық бағалары 7
4.1. Монополдық баға 7
4.2. Монополиялық бағалар жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік механизмі 8
5. Антимонополдық әдістер 10
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 13

Кіріспе

Монополия туралы сөз бастағанда қазіргі кездегі Кегок, Алматы
пауер консолидейтед сияқты біздің тәуелсіз Қазақстанның табиғи монополияға
ие компаниялары еске түседі.
Бiздiң дамуымыздың басты басымдығы экономика болып, ал экономикалық
өрлеуiмiздiң барынша жоғары қарқынына жету негiзгi мiндетiмiз болып қала
бермек. Өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi
дамытудың 2030 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiзуді қолға алып
отырмыз.
Бәсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында
емес, бәсекелестермен қатаң күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм, - деп
атап көрсетті Қазақстан Президенті таяудағы соңғы жолдауында.
Қазіргі кезде Қазақстан дүниежүзілік экономикалық қоғамдастыққа
интеграциялану процесін бастап отырған кезде бәсеке және монополия туралы
экономикалық терминдерді түсініп олардың жігін айыра алу өзекті болып
табылады.

1. Монополияның және бәсекенің ұғымы

Монополия (грек - mono - жалғыз, роlіо - сатамын) жеке өндіруші тауар
рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады.
Монополияның мақсаты - рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы
мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан
жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.
Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құрылады және мынадай
ұйымдық формалары бар:
Картель — шығарылып отырған өнім мен өткізу рыногын бөлу туралы
келісім квотасы (саны).
Синдикат — өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.
Трест — монополияға енетін фирмалардың меншік өндіріс және өнімді
өткізуге байланысты бірігуін айқындайды.
Концерн — қаржы орталығы бір, бірақ жалпы технологиясы
кіріккен әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.
Конгломерат — басты фирманың қызмет өрісімен өндірістік және
технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген
бірлестік.
Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал ХІХ ғ. басында
монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы
мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған акционерлік қоғамдар пайда болған,
табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған.
Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық
байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагенттерге әсер етеді.
Монополия — кейбір өнімді сатуға немесе кейбір іс-әрекетпен айналысуға
айрықша құқықты бөлу.
Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушы
деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға
және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін,
үнемі өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополияның болмысы табиғи
болады. Ал осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды
пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды
болады. ХХ ғ. дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. Кейін
монополиялану процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің,
ұйымдастырулық бастаманың күшейюімен байланысты болды. Монополияланудың
бірнеше формалары болады — картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру
мен жұтып қою, “парасаттылық” келісімдер, т.б. Осылардың негізінде
монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия,
олигопсония, дуополия, билатеральдік моноплия.
Монопсония — белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының
монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып
алуын шектей отырып, сатып алушы, сатушы табыстарының есебінен монополдық
пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып
табылады.
Олигопсония — белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық
құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының
есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.
Олигополия — бұл да нарық құрылымынң типі. Бұнда бірнеше ірі фирмалар
өнімнің басым көп бөлігінің өндіріс мен сатуын монополиялап алады және бір-
бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында
нарықтың үш түрі болуы мүмкін.
Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін рынок.
Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі - баға
лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың
бағаны осы рыноктағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын
білдіреді.
□ бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтың
құрылымы;
□ ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес
бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым,
□ өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде
болатын, “өндірістік пирамида” типтес корпорациялардың бірнеше
топтары үстемдік ететін нарық, әдетте “олигополия” деген термин өте
ірі әртараптандырылған корпорация әрекет ететін нарықты сипаттау
үшін қолданылады.
Дуополия — белгілі тауарлардың тек екі жеткізуші болатын нарықтық
құралым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы,
өндірістік квота туралы келісім мүлде болмайды. Дуополия — бұл
олигополияның ең жабайы түрі.
Билатералдық монополия (екі жақты монополия) — тауардың жалғыз
жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық
құрылым. Бұлар бір-бірімен қарама-қарсылық сайысты болады. Мұндай нарық
электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.
Рыноктық экономиканың негізгі ерекшелігі болып еркін таңдау: өндіруші
үшін өндірілетін өнімді таңдау еркі, тұтынушыға тауарды алуда, жұмысшыға
жұмыс орнын таңдау еркі айтылады. Бірақ еркін таңдау экономикалық табысты
өзінен-өзі қамтамасыз ете алмайды. Ал, оны бәсекелестік күресте ғана жеңіп
алады.
Бәсеке - бұл рыноктық экономиканың қатысушыларының арасындағы
тауарларды сатып алу және сату барысында, өндірістегі ең жақсы жағдайлары
үшін бақталастық.
Бәсеке - рыноктық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі формада
болады және әр түрлі жолдармен іске асырылады. Ол сала ішіндегі (біртектес
тауарлар арасында) және сала аралық (әр түрлі салалар тауарлары арасында)
бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.
Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына
қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту
немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана істей
алады.
Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететін
тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.
Рыноктық қатынастардың қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне
байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке рыногі деп бөлінеді.
Жеке фирмалардың өнім бағасына (базар нарқына) әсер етуі неғұрлым аз
болса, солғұрлым рынок бәсекелік деп саналады.
Жетілген бәсеке (еркін бәсеке рыногі) дегеніміз рынокта бір-біріне
тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең
мүмкіндіктері мен құқтары бар бәсекенің идеалды бейнесін айтады.
Жетілген бәсекені негізгі белгісі: әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге
шаққанда аз болғандықтан, ешқайсысының бөлшек бағаға әсері өте төмен
болады. Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі.
Жетілген бәсеке толық түрде болмайды. Оған тек жуық шамада жақындауға
болады. Еркін бәсеке деп XIX ғасырдың ортасында болған бәсекені шартты
түрде айтуға болады.
Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі
орындалмайтын рынокты атайды.
Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, олигополия,
таза монополия.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТП-ң әсерінен
өндірісті шоғырландыру жүріп жатыр, ол ірі және аса ірі кәсіпорындардың,
яғни монополияның құрылуына әкеп соқты.

2. Нарықтың негізгі түрлері

Сатып Сатушылар
алушылар
Көп Бірнеше Бір
Көп Полиполия (толық Олигополия Монополия (сатушы
бәсеке) (сатушылар — — біреу, сатып
бірнеше, сатып алушы — көп)
алушылар — көп)
Бірнеше Олигосония Билатералдық Шектелген
(сұраныс олигопония монополия (бір
олигопониясы) (сатушылар мен сатушы, бірнеше
сатып алушылар сатып алушылар)
бірнеше)
Бір Монопсония Шектелген Билатеральдық
(сұраныс монопсония монопсония (бір
монопсониясы) (бірнеше сатушы және бір
сатушылар, бір сатып алушы)
сатып алушы)

3. Монополистік бәсеке

Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты
өте күрделі болады. Біріншіден, бүгінгі жағдайда монополияның тұтынушылар
мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден,
монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысының қалыптасуына елеулі
әсер етеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек
түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы
байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекеттік мекемелерге,
немесе, контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар,
әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда
түсуін қамтамасыз етеді.
Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың
саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің
дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас
тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің
жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар. Дүкеннің жағымды
орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.
Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі
белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне
ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде
монополист - фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктық бағаны
шектелген түрде бақылай алады - бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін
көрсетеді.
Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері
мыналар: ғылыми-техникалық текетіресу; өнеркәсіптік-өндірістік тіресу,
сауда-саттық тіресу (сайысу).
Ғылыми-техникалық текетіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы
мына жолдармен жүреді:
— жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық
процестерді қолдану;
— ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді
сатып алып пайдалану.
Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің
күшейуі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополия туралы
Бәсеке күресі
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Жетілген бәсеке
Қазакстандағы экономикалық бәсеке
Монополия және монополиялық тепе-теңдік, Қазақстан Республикасының монополиялық нарығын реттеу
Ашық монополия
Монополия. Қазақстан Республикасындағы монополиялық реттеу
Монополия және монополиялық билік
Монополиялық бәсеке нарығы және монополиялық билік
Пәндер