Ақша айналысының сипаттамасы және оның заңы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І-бөлім. Ақша айналысы, оның заңы, ақша массасы 3
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы 3
1.2 Ақша айналысының сипаттамасы және оның заңы 4
ІІ-бөлім. Инфляция 7
2.1. Инфляция ұғымы және оның себептері 7
2.2. Қазақстандағы инфляциялық процестің дамуы 11
2.3 Инфляцияға қарсы саясат 12
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер тізімі 15
КІРІСПЕ
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді.
Ақшаның соңынан ерме – оған қарама-қарсы жүр, - депті әйгілі
миллиардер Аристотель Онассис. Ал халықтың көпшілігі бұл ұсынысты түсіне
білмейді, сондықтан бір тұрақты жұмысқа таскенедей жабысып, сонан түскен
жалақыны анда-мында жеткізе алмай күн кешеді. Неге? Әрине, жұрттың бәрі
байып кетуі мүмкін де емес, бірақ осы ақша туралы оқып-біліп, оның
заңдылықтарын түсініп жүрген жастарға қалталы, яғни ақшалы болу біршама
жеңілдеу, бірақ бұл үшін ойланып еңбек ету керек. Кімнің бай болғысы
келмейді – құдайы қаламайды, кімнің батыр болғысы келмейді – жүрегі
дауаламайды, - дейді біздің қазақтың асыл сөздерінде.
Ендеше осы бәріміз ұмтылатын ақша төңірегінде, оның қоғам
экономикасындағы айналымы мен ақша жүйесі жөнінде осы жұмысымда өзімнің
түсінгенімше сөз етпекпін.
І-бөлім. Ақша айналысы, оның заңы, ақша массасы
1.1 Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі
адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер,
өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн
дегеніміз -тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының
негізі - еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны
болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді
құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін
белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет - ол тауар өндірісі, яғни
өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек
тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір
тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы
көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық
талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта - нарықта, айырбас
кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Құн - тарихи категория. Құнның негізі - адам еңбегі. Құн - еңбектің
нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал
оның еңбек теориясының негізін қалаушылар ХVІІ ғасырдағы ағылшын экономисі
У.Петти, ХVІІ ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы ағылшын
бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті XIX ғ.
К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни
белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы
көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады.
Тауардың екі жағының - тұтыну құны мен құнының - қайшылықтары болғанымен,
ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.
Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа
жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам
дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық
отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім
шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі
тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар
болу үшігі өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату-
сатып алу кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені,
егер өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек
болғаны. Бұл біріншіден. Екіншіден, онын құнының бар екені дәлелденгені.
Міне дәл сатып алу-сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-
қайшылықтары шешіледі.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан
әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне
айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-
ақша пайда болды. К. Маркстың сөзімен айтқанда: "Айырбас құны, тауарлардан
бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол -
ақша" Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз,
ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен акша айырбас
процесінде бірін-бірі алмастырады жэне біріне-бірі теңгеріледі.
Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның
эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе
ақша деген тауар өндіру мен оны айрыбастау процесінде басқа тауарлардан
бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі - барлық тауарларға
ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.
1.2 Ақша айналысының сипаттамасы және оның заңы
Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар
өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың
арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамның еңбек бөлінісінің
тереңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен
байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі.
Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамның
өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-
қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және
жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-
қолсыз ақшалар айналысы кіреді.
Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған
банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет
етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық
банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене
бөлігі (10 %-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне
тиеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымынын
ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар
электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне
өтіп отыруынан байқалады. Айталық қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке
салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы,
жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған
жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байңалады.
Құн заңы және оның айналыс аясында пайда болу формасы, яғни ақша
айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық
формацияға тән болып келеді. Құн формаларының дамуына талдау жасай отырып,
К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.
Оның пікірінше, ақша айналысының заңының мәні ақшаның айналыс қызметін
атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын тауарлар бағасы ақша айналысының
жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген
тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының
жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.
Ақша айналысының заңы — тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың
санын (Ата) анықтайды.
Ата =
Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен
байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.
Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:
мұндағы Ақ — айналысқа қажетті ақша саны;
Стб — сатылатын тауарлар бағасының сомасы;
Нтб. — несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;
Мтс — міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы; г
Өтс — өзара өтелетін төлемдер сомасы;
Аос — айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа
саны.
Осындай жағдайларда айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының
шарттарына тәуелді болып келетін әр алуан факторлар ықпал етеді. Оның
біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ
шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер
бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:
• несиенің даму дәрежесі, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі
несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;
• қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;
• ақша айналысының жылдамдығы.
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына
жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген
қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста
қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа
қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығырылып отырады.
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз
ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда қолма-қол
ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.
Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен заңдары мынадай екі фактордың
өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік
және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі,
шаруашылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни
ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол
береді.
ІІ-бөлім. Инфляция
2.1. Инфляция ұғымы және оның себептері
Инфляцияның мазмұны мен оқыған әрбір оқулықта әр түрлі болып шықты.
Мысалы, "Ақша, несие, банктер" деген 1998 жылы, Мәскеуден шыққан көлемді
оқулықта: "инфляция, бағаның жоғарлағанын, тауардың жетіспеушілігінен және
тауар мен көрсетілген қызметтің сапасыздығынан шыққан ақшаның құнсыздануы,
оның сатып алу мүмкіншілігінің төмендеуі болып көрінеді",- делінген.
Менің ойымша, бұл анықтаманың басты кемшілігі, айналымдағы ақша
белгілерінің аса көбейіп кетуінің инфляцияға тигізетін әсері айқын көрініс
таппаған.
1999 жылы, Алматыда шыққан "Толық экономикалық, орысша қазақша
сөздікте" инфляция былай сипатталады: "Ақшалай табыстың тауарлар мен
көрсетілетін қызметтерден асып түсуі, рынокта қаржы активтерінің көбеюі
салдарынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі".
Бұл анықтамадан байқайтынымыз, ең басты мәселе табыстың өсуінде
сияқты. Соның, салдарынан айналымда ақша көбейіп кетеді деген ой туады.
Бірақ, бұл да толыққанды түсінік емес тәрізді. Әңгіме табыста емес. Ол
өскен жоқ, ал тауар мен қызмет жетпегендіктен, олардың сапалары төмен
болғандықтан, ұсыным азайып, сұраным көбейгеннен кейін, айналымда ақша
көбейген сияқты болып көрінеді.
Инфляция (латын. inflatio, аудармасы — қабыну, ісіну) — бұл
бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер
сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып
алу қабілетінің төмендеуі - деп жазыпты Мақыш С.Б. өзінің оқулығында.
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті
құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының
артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке,
шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық саясаты, онын
ішінде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына
байланысты факторлар жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі типі
болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы мынадай факторлардың әсерінен туындайды:
• әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық
салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін
артық болып қалады;
• мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни
мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет
тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
• несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық
банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
• импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында
тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;
• ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін
мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
• еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
• көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
• бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе
жалақының өсуі;
• энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
• алтынға;
• тауар;
• шетел валютасына.
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны
артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел
валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
Инфляцияны мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
1) Инфляциялық процестің сипатына қарай:
• ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін
өсуі байқалады;
• жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет
қатаң бақылау жасап отырады;
• инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
2) Таралу орнына қарай:
• локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
• дүниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық,
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
3) Бағаның өсу қарқынына қарай:
— баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
— орташа инфляция — баға тез қарқында жылына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz